Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі зат есім

Қазақ тілі зат есім



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifМаңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Илясова Алма

Қазақ тілі 2 «Ғ»- сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім. 322 - 327 - жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру, сұрақ қоя білуге, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Сондай - ақ зат есімді сөйлем ішінде таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөйлемдер құрату арқылы сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, жануарларға қамқорлыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру
Түрі: танымдық сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын, суретпен жұмыс, өзіндік және топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: суреттер, қима суреттер, слайд.

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайраңдаған достарыма сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Ұстаздарым сіздерге сәлем!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
319 – жаттығуды оқыту, ережелер сұрау арқылы тексеру.(тест)
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау..
ІV. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
ә/ Кестемен жұмыс.
2. Оқулықпен жұмыс.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады
Жып - жылтыр боп жатады.
- Өлең жылдың қай мезгілі туралы? (Қыс)
- Енді қыс сөзіне сұрақ қояйық. ( не? – қыс )
- Бұл ненің атауы?
- Мезгіл аты.
- Мезгіл атауларына да не? деген сұрақ қойылады екен.
322 - жаттығу. 1. Қыс айларының аттарын пайдаланып, сөзжұмбақ шешейік.
2.« Қыста» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрау.
- Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын ата?
- Қар, аяз, боран, мұз.
- Сұрақ қояйық, қай сөз табына жатады?
- Бұл сөздер де не? сұрағына жауап бергендіктен зат есімге жатады.
3. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу: қыс /көркем етіп 1 жол жазу/.
323 - жаттығу.
1. Суретпен жұмыс.
2. Тапсырма: а/. Мәтінді оқу, ат қою.
ә/ Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу.
б/ Алғашқы және соңғы сөйлемдерді көшіріп жазу.
Құндыз – ғажап қызық аң. Құндыздың терісі аса бағалы.
3. Өмірмен байланыстыру, тіл дамыту.
«Құндыз бөрік, құндыз жаға, құндыз ішік, құндыз тон» тіркестерімен таныстыру, ауызша сөйлем құрату.
4. Пайымдау: Құндыз – мемлекеттік қорғауға алынған, «Қызыл кітапқа» енгізілген.
324 - жаттығу. а/ Өлеңді жаттау, жатқа жазу. ә/ Зат есімдерді табу. б/ Авторы жайлы түсінік
4. Сергіту сәті: «Кім жылдам сұрақ қояды?»
Қима суреттермен жұмыс:
1. Түрлі мамандық иелерінің суреттері (егінші, малшы, құрылысшы, дәрігер, ұстаз, шахтер.
2. Жануарлар, жәндіктердің суреттері.
Ереже құрастыру.
Шығарған ережелерін оқулықпен салыстыру.
325 - жаттығу. «Ұсталар» ойыны.
- Суреттегі заттарды кімдер пайдаланады?
- Сендер сол затты пайдаланушы ұста ретінде, заттың атауын қатыстырып сөйлем құраңдар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру, есте сақтау.
бұрғұ – бұрғы сүргү – сүргі қайрағ - қайрақ
326 - жаттығу. «Кім зерек?» ойыны.
Оқы, әр жұптағы сөздерге сұрақ қой. Сұрақтың әр түрлі қойылу себебін дәлелде.
ағаш – ағаштар, қыз – қыздар, перде – перделер, мұғалім – мұғалімдер, бүркіт - бүркіттер сатушы - сатушылар

V. Сабақты бекіту: Тест жұмыс.


VI. Қорытындылау. Сұрақ - жауап арқылы.
- Зат есім дегеніміз не? ( ереже, мысал келтіру)
- Сөз таптары дегеніміз не? ( ереже, мысал келтіру)
- Қазақ тілінде басқа да қандай сөз таптары бар?
- Қандай тапсырма қиындық келтірді?
- Не үйрендік?

VII. Үйге тапсырма:
327 – жаттығу. Ұста туралы әңгіме құрау.
1. Үй тапсырмасын түсіндіру: өз ісінің шеберін ұста дейміз.
2. Ереже жаттау.
VIII. Бағалау. Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.





















Жаңаөзен қаласы №18 орта мектеп





Ашық сабақ










Қазақ тілі






Тақырыбы: Зат есім


Өткізген; 2 «Ғ» сынып жетекшіс: Илясова А.




151


2015-2016 оқу жылы




Сызбаның орнына кім? не? сұрағына жауап беретін сөзді қой.

Мал, егін, би, күй, ән, жылқы, қой.



Ші шы












  1. Сөз құрамына талда дәрігерлер

  2. Жұрнақ дегеніміз не?










  1. Бүгін қар жауды. Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдыр.

  2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?








  1. Сөйлем дегеніміз не?
    2. Түбір сөз дегеніміз не?































ТЕСТ -------------------------------

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі -,,,,,,,

А) түбір В) жалғау С) жұрнақ

2. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
А) жалғау В) буын С) жұрнақ

3.Түбірлес сөздер қатарын белгіле
А)оқулық, оқушы В) кітап, оқулық С) оқушы , шәкірт

4.Сөз мағынасын өзгертпейтін қосымша атауын белгіле

А) жалғау В) жұрнақ С)қосымша

5. Түбірге қосымшалардың жалғану ретін көрсет

А) түбір+ жалғау+ жұрнақ В) түбір + жұрнақ + жалғау

6. Түбір сөзді белгіле
А) орын В) бастық С) атақты

7. Зат есімді тап
А) бесік В) көк С) оқыды

8. Зат есімнің сұрағын тап
А) Қандай? В) Кім? Не? С) Неше?

9. Жалқы есімді тап
А) ағаш В) Алатау С) тау

10. Жалпы есімді тап

А) оқлық В) Ыбырай С) Құлагер




ТЕСТ ----------------------------------

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі -,,,,,,,

А) түбір В) жалғау С) жұрнақ

2. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
А) жалғау В) буын С) жұрнақ

3.Түбірлес сөздер қатарын белгіле
А)оқулық, оқушы В) кітап, оқулық С) оқушы , шәкірт

4.Сөз мағынасын өзгертпейтін қосымша атауын белгіле

А) жалғау В) жұрнақ С)қосымша

5. Түбірге қосымшалардың жалғану ретін көрсет

А) түбір+ жалғау+ жұрнақ В) түбір + жұрнақ + жалғау

6. Түбір сөзді белгіле
А) орын В) бастық С) атақты

7. Зат есімді тап
А) бесік В) көк С) оқыды

8. Зат есімнің сұрағын тап
А) Қандай? В) Кім? Не? С) Неше?

9. Жалқы есімді тап
А) ағаш В) Алатау С) тау

10. Жалпы есімді тап

А) оқлық В) Ыбырай С) Құлагер






























Сызбаның орнына кім? не? сұрағына жауап беретін сөзді қой.

Мал, егін, би, күй, ән, жылқы, қой.



Ші шы













Сызбаның орнына кім? не? сұрағына жауап беретін сөзді қой.

Мал, егін, би, күй, ән, жылқы, қой.



Ші шы



















































13. Терме диктант
Мақсаты: Зат есімді теріп жазу
Қыс
Күн суық. Жерде қалың қар жатыр. Үлкен кісілер де, балалар да жылы киім киген. Демалыста мұз айдынға барамыз. Коньки тебеміз. Қыс қарымен көрікті.






- Балалар мына гүл күлтешелеріндегі сөздерді оқып сұрақ қойыңдар.
/НАН, ҚҰС, АДАМ, ӨСІМДІК, ЖАҢБЫР, АРАЛ/
Айналадағы дүниеге табиғаттағы заттар, табиғи құбылыстар, адам қолымен жасалған (дүниелер жататынын дүниетану сабағынан білеміз). Олай болса гүл күлтешелеріндегі сөздерді басты белгілеріне қарай жинақтайық.
Слайд нан - тағам, жаңбыр - құбылыс атауы, құс, өсімдік, адам - зат атауы
Балға - тұрмыста қолданатын зат атауы, табиғатқа қатысты атау жер - су атаулары. т. б.- деп топтауға болады. Осы жазғандарыңа қарай отырып, біз қай сөз табы туралы айтқалы отырмыз?
- ЗАТ ЕСІМ
-- Жарайсыңдар
--/Зат есім ережесін шығару/
ЗАТ ЕСІМ /мағынасына қарай/ Жалқы есім, Жалпы есім
/тұлғасына қарай/ Негізгі, Туынды

Кітаппен жұмыс
1 - тапсырма Мәтінді оқыңдар.
Шоқан Уалиханов
Шоқан Уалиханов - ұлы ғалым, ағартушы, философ, жиһанкез. Ол Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Кейін Көкшетауға көшіп барып, балалық шағы Сырымбет тауының етегінде өткен. Әкесі Шыңғыс аға сұлтан болған.
Топтық жұмыс
1) От тобы - жалпы есім
2) Су тобы - жалқы есімді
3) Күн тобы - негізгі және туынды зат есімді тауып жазыңдар
2 - тапсырма Жеке жұмыс
Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің астын сыз.
Құндыз - ғажап қызық аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне керемет үйшік жасайды. Құндыздың терісі өте бағалы.
3 - тапсырма. Мәтіндегі ҚҰНДЫЗ сөзін бес жолды өлеңмен
өрнекте.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров115
Номер материала ДВ-452855
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх