Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен аралас сабақ жоспары "Сан есім. Дара және күрделі сан есім" ( 6 - сынып)

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен аралас сабақ жоспары "Сан есім. Дара және күрделі сан есім" ( 6 - сынып)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып: 6 «а»

Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Сан есім. Дара және         күрделі сан есім.

Сабақтың мақсаты:

1.    Білімділік.Сан есім, дара және күрделі

сан есім туралы түсінік.Мәтіннен

дара, күрделі сан есімдерді таба білу.

2.    Дамытушылық.Есте сақтау және ойлау қабілетін, дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Сыни ойлау мен жазу арқылы тіл  байлықтарын, ойлау ,өз беттерінше жұмыс жасау  қабілеттерін дамыту.3.Тәрбиелік: Топтық, жұптық жұмыс жасау барысында адамгершілік қасиеттерін дамыту, туған жерді сүюге, халықтың киелі сандарға қатысты ұғымдарынан  тағылым алуға, инабаттылыққа баулу,уақыттың қадірін біліп,оны орынды жұмсай білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту стратегиялары /түртіп алу,жұптасып сурет салу стратегиялары, семантикалық карта/,сұрақ-жауап,жеке,жұппен,топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет,сурет,

Сабақтың көрнекілігі:оқушылардың шығармашылық  жұмыстары,сандар,үлестірмелі кәртішке,проектр

-Сәлеметсіңдер ме,балалар,отырыңдар!

-Сыныпта кім кезекші?

/Кезекші арқылы түгендеу/

Психологиялық дайындық.

-Балалар, экранда  ненің суреті шықты?

1-слайд Күннің

Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.

-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.

2-слайд.

Қайырлы күн, достым,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын!

-Бүгінгі сабағымыз ерекше,бізге қонақтар келіпті.

«Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.Сендердің білімді де,зерек оқушы екендеріңе куә болсын!

-Мен де сендерге сәттілік тілеймін.

2.Үй тапсырмасын тексеру.        

-Ендеше,үй тапсырмасын тексеріп алайық,балалар!

-ҮЙГЕ НЕ БЕРІЛДІ?

Кезекшілер сөйлейді.

-Жақсы.Орындадық па?!

/Оқушылар жауабы/

-Олай болса,алдымен,мен 6-сыныпқа өткен тақырыптан теориялық білімдерін тексеру үшін мынадай үлестірмелі кәртішке бермекшімін.

-Таңдаңыздар! Бұл тапсырманы  дәптерге бүгінгі күнді жазып, яғни « қарашаның жиырма сегізі,сынып жұмысы» деп

-Ал,мырзалар,алғаш сөз кезегі өздеріңізде.

/Оқушылар жауабы/

/“Еркін жазу ”стратегиясы бойынша үй жұмысы сұралады./Бұл стратегия бойынша «Егер де мен ...» атты тақырыпта тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу/

-Өте жақсы.  «Арман - адамға қанат бітіреді» деп жатады,болашақта сендерден «ұлағатты ұстаз», «мейірімді дәрігер» «елімізді қорғаушы полицей қызметкері» шығады деп сенемін,оны жазған шығармаларыңнан аңғаруға болады.Және тұрақты тіркестерді  дұрыс қолданып,ойларыңды жеткізе білдіңдер.

-Ал,осы тұрақты тіркестер дегеніміз не еді?

Оқушы жауабы

I. Қызығушылықты ояту кезеңі.

 -Бүгін осы тұрақты тіркестер сияқты халық даналығының,көрегендігінің ,тіл байлығының алтын қазынасы боп саналатын мақал-мәтелдер туралы сөз болмақшы.Мақал-мәтелді,біз, сендермен әдебиет сабағынан танысқан болатынбыз.

-Олай болса,есімізге түсірейікші мақал-мәтел дегеніміз не?

Оқушы жауабы

II. Мағынаны тану кезеңі.

3-слайд/БББ/

- Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?

- Оны білу үшін  оқулықта берілген «Мақал-мәтел» мәтінін  оқып көріп,өздеріне  білетіндеріңді, білмейтіндеріңді  анықтау жазып,жауаптарыңызды жазбаша орындайсыздар!

мақсатында маркировка кестесімен /БББ/ жұмыс жасайсыңдар.ДӘПТЕРЛЕРІҢДІ АШЫП,БҮГІНГІ КҮНДІ ,ЯҒНИ 28 ҚАРАША СЫНЫП ЖҰМЫСЫ ДЕП ЖАЗЫП,ДӘПТЕРГЕ ОРЫНДАЙСЫЗДАР!

-«МЫҢ ҚОСШЫҒА БІР БАСШЫ».Сондықтан жұмыс тобында топ басшысын сайлап алып,іске кірісіңіздер.Бұл айтылғандар 6-сынып сіздерге «алтын сырға».

2.Үй тапсырмасын тексеру          
-Сіздердің жауаптарыңызды тыңдауға кезек ЖЕТТІ. Балалар көркем шығармадан сын есім қатысқан 4 сөйлемнен өздеріңе ұнаған бір сөйлемді оқып,талдап  беріп,теориялық сұраққа жауап бересіздер.

- Кім бастайды?Кімнің батылдығы басым екен?

4-СЛАЙД/САНДАР/

I. Қызығушылықты ояту кезеңі. -Балалар,назарларыңды  тағы да экранға аударыңдар,нені көріп тұрсыңдар?

7      3           40

9      12           13       

-Оқушылар:-Сандарды?

Мұғалім:-Осы сандарға қатысты қандай халықтық ұғымдарды білесіңдер?

 1-оқушы:-«Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына,жеті күн,жеті жұрт,жеті жоқ,жеті жұт,жеті ғашық сөздері пайда болған.

2-оқушы:14 ғасырда өмірге келген Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиетіне,киелі жағына мән беруден туған болу керек.

3-оқушы:13жас отау иесі.

4-оқушы: «Тоғыз жолдың торабы»

3-оқушы: он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген.

4-оқушы:3 арсыз,3 жұт

1-оқушы:-Иә,өлген адамның жетісін беру,жеті шелпек пісіріп,еске алу және «Жетіге келгенше

жерден таяқ жерсің», «Жеті атасын білмеген жетесіз» сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал-мәтелдер бар.

2-оқушы: 40 санына байланысты «Қызға қырық үйден ,ұлға 30 үйден тыю» мақалы бар.

3-оқушы:Халқымыздың қасиет тұтатын -киелі сандар.

Мұғалім:-Дұрыс айтасыңдар,бұлар  халқымыздың құрметтейтін сандары.

-«Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз» демекші, осы сандар туралы білімімізді толықтыру үшін үйге шығармашылық тапсырма : білдіретін ұғымдарын толықтырып «киелі сандар» атты кітапша жасап әкелесіңдер.Орындау уақыты:1 апта.Тапсырма қиын емес пе?

II. Мағынаны тану кезеңі./мақсаты айтылады./

-Ал,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы сан есім, дара және күрделі сан есім туралы түсінік болмақ.Сабағымыздың мақсаты дара мен күрделі сан есімдердің ара-жігін ажырата алу. Бірақ бұл тақырыппен бастауыш сыныптан бері таныс болғандықтан,білімдеріңді тексеру мақсатында оқулықта берілген «Сан есім» және «Дара және күрделі сан есім» тақырыбын оқып, «Түртіп алу» /INSERT/стратегиясы бойынша анықтайсыңдар.Келістік пе?

«V» -білемін

«+» -білмеймін

«-»- мен үшін жаңа ақпарат

«?»- мені таң қалдырды

 

 

 

 

 

 

8-слайд /мақал-мәтел туралы/

-Ал,сіздердің жұмыс топтарыңыздан кім сөйлейді?

/Оқушылар жауабы БББ кестесі бойынша тыңдалады/

-Жақсы балалар,жазғандарыңды мұқият тыңдасам,бүгінгі жаңа сабақты білетіндеріңді аңғаруға болады.

-Мен сендерге де үйге шығармашылық тапсырма бергім келіп тұр. «Мақал-мәтелдер»  жинағын жасап,оның ішіне ең қызықты, ең қысқа мақал мен мәтелдерДІ КІРІСТІРІҢДЕР!

9-слайд/суреттер/   СУРЕТПЕН ЖҰМЫС

- Мына суреттерге назар аударып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей,  қандай мақал –мәтелдер айтуға болатындығын  бірлесіп  табыңдар.

 

Оқушылардың  «түртіп алу» стратегиясы бойынша жауаптары тыңдалады.

-Сіздердің жұмыс топтарыңыздан кім сөйлейді?

-Рақмет,сіздердің де  сан есімді жақсы білетіндеріңізді айтып отырсыздар,

-Сонымен,кейде сан есімдер зат есімсіз-ақ жұмсала береді.Ондайда сан есім әрі заттың санын,мөлшерін білдіріп тұрады.Мысалы,Тоқсаннан әрі кетті,жүзге де асты/Жамбыл/ деген сөйлемде тоқсаннан,жүзге деген сан есімдер әрі заттық ұғымды/тоқсан жастан және жүз жасау/,әрі оның мөлшерін,санын білдіріп тұр.

-«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей,ал,қанекей жауаптарыңызды тыңдап көрелік.Мүмкін жаңа мақал-мәтел туып қалған шығар.

 

/Оқушылардың жауабы тыңдалады/

-Осы мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанмен,бір-біріне туыс болғанмен өзара ерекшеліктері бар екенін айтып жатырмыз.Бүгінгі сабағымыздың мақсаты екеуінің өзара ерекшеліктерін пысықтау.Ендеше білімімізді пысықтау үшін жаттығу жұмысын орындасақ,қалай қарайсыздар?!

127-ЖАТТЫҒУ. Мақалдарды-бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар. «Ұжданы ақтың жүзі ақ» деген мақалдағы «ақ» сөзінің қандай мағыналарды білдіріп тұрғанын айтыңдар. /оқушылар жауабы/

/түсіндірме сөздік дәптермен жұмыс/Тақтамен жұмыс-дәптермен жұмыс/жазбаша-ауызша/

3.Қорытындылау.

-Жақсы ,балалар!енді сіздер, мақал мен мәтелдің ара-жігін ажырату білімдеріңді тексеру үшін  «венн диаграммасымен»

III. Ойтолғаныс.

-Жаттығумен жұмысты бастайық.

158- жаттығу.Берілген тірек сөздерді қатыстырып,сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құраңдар. Кітаппен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жұмыс.

Сатылай кешенді талдау

 -«Бір адам-самал.екі адам-амал,үш адам-жамал,төрт адам-қамал» демекші,сіздер,бұл жаттығуды«Жұптасып сурет салу» стратегиясы бойынша орындаңыздар.Және грамматикалық тапсырма:бір сан есімге сатылай кешенді талдау жүргізулерің керек.-Жұмыс тобы, іске сәт!

Топ басшысы жұмыс тобын құрып таныстырсын/жазушы,суретші,идея беруші,реттеуші/

,яғни мақал мен мәтелдің дара,ортақ қасиеттерін жазасыңдар.

-Алдымен,жеке, кейін топпен жұмыс жүргізесіңдер.

5-сынып оқушыларының жұмыс тобы шығып жауап береді.-Сері жігіттер,сөз кезегі өздеріңізде!

4.Бағалау.

-Рақмет,енді жұмыс тобының басшысы бағалау парағын негізге алып, топ мүшелерін бағаласын.Өйткені,бағалауға кезек келді.

5.Үйге тапсырма:-Күнделіктеріңе үй тапсырмасын жазып алыңдар.

                125-жаттығу.

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

159- ЖАТТЫҒУ.Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.

Кітаппен жұмыс.Дәптермен жұмыс.Тақтамен жұмыс.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жұмыс.

Бүгінгі сабағымыздың қорытындысы ретінде «Семантикалық картамен» жұмыс жүргізесіздер.Алдымен,жеке, жұппен, кейін топпен жұмыс жүргізесіздер.

4.Бағалау.-Сөз кезегін  жұмыс тобының басшысына береміз.

5.Үйге тапсырма. 161-жаттығу. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып», «Біздің қала» және т.б. тақырыпта шағын шығарма жазып келу.Сан есімдерді құрамына қарай талдау.



















"Ертегіші" сайыс сабақ 5-сынып

Жарияланды 2-01-2016, 11:36 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Әдебиеттен «Ертегіші» атты сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеру, қадағалау бағалау мақсатында сайыс өткізу. Топтық жұмысқа баулу, өзара және өзін - өзі бағалауға үйрету
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Күтілетін нәтиже: топта жұмыс жасайды; білімдерін көрсетеді; ертегілерді түсінеді; шығармашылықтарын танытады
Сайыс барысы:
Сайыс кезеңдері:
1. «БӘЙГЕ»
2. «Алтын балық»
3. «Ертегіні дұрыс орналастыр»
4. «Сандар құпиясы»
5. Кері байланыс жүргізу
6. Марапаттау
- Ең алдымен, оқушылар сайыс сабағымызды бастамас бұрын, сіздермен шағын сергіту сәтін өткізгім келіп тұр. Сергіту сәтіміз «Күннің көзі күлімдейді» деп аталады.
Сыныпты топқа бөлу. (Сынып топқа мақалдың екі жартысын қосу арқылы 3 топқа 4 адамнан бөлінеді)
Ендеше сайысымызды бастайық
1 тур «БӘЙГЕ»
Кезең шарты: Ертегі мазмұнына сәйкес қойылған сұрақтарға тез, жылдам және дұрыс жауап беру қажет. Әр дұрыс жауапқа топ 10 ұпай алады.
1. Ертегінің түрлері /қиял - ғажайып, хайуанаттар, шыншыл/
2. Мына сөзді жалғастыр: 8 қызым бір төбе... /Кенжекейім бір төбе/
3. Бапы хан кім? /жер асты хандығы/
4. Перінің қызын ата /Бекторы/
5. Адамның жаманы /Жаман/
6. «Аяз би» ертегісінде жақұтқа не болды? /құрт жейді/
7. Тазша бала қай ертегінің кейіпкері? /Қырық өтірік/
8. Қойшы баланың әкесі /Мергенбай/
9. Ер Төстік жер астынан шыққанда кіммен төбелесті? /Шойынқұлақ/
10. Кендебайдың жылқысы /Керқұла ат/
11. Кенжекей Ерназарға қайда тоқтама дейді? /Сорқұдыққа/
12. Ерназар жалмауыз кемпірге Төстіктің несін тастап кетеді /кездік/
13. Төстік пен Шойынқұлақ төбелескенде Төстікке кім көмектеседі? /Күңке/
14. «Аяз би» ертегісінде хан кімнің баласы болып шықты? /наубайшының
15. «Қырық өтірік» ертегісі қандай ертегі? /шыншыл/

Кезеңді қорытындылау
2 тур «Алтын балық»
Кезең шарты: Оқушылар балық аулауға барады. Әр балықтың артында 10, 20, 30 ұпайлы сұрақтар жасырылады. Дұрыс жауап берген топ сәйкесінше ұпай алады.
10 Меңді сұлудың жасы нешеде? /35/
10 Ханның неше уәзірі болыпты? /40/
10 Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты? /сиыр/
10 Хан Жаманға қандай тағам бергізді? /нан/
20 Кендебайдың әкесінің аты кім /Қазанғап/
20 – Ой, оңбаған - ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың?» - кімнің сөзі /Ханның кіші қызы/
20 Кендебайда бие қандай құлын туады /алтын құйрықты құндыз жүнді/20
30 Желаяқ ол кім?
30 Ер Төстіктің жары? /Кенжекей/
30 Сорқұдықтың басында не жоғалып кетеді? /құба інген/
30 Кенжекей Ерназардан нелерді сұратады? /Шалқұйрық құба інген ақсырмалы сауыт/
Кезеңді қорытындылау
3 тур «Ертегіні дұрыс орналастыр»
Кезең шарты: Оқушылар «Аяз би» ертегісін мазмұнына сәйкес дұрыс орналастырулары қажет. Әр дұрыс сәйкестікке 10 ұпай беріледі
Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. 2
Жаманның сертке берік болуы. 5
Жаманның Барсакелмеске баруы. 7
Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 1
Хан тағына отырған Жаман. 10
Ханның Жаманды уәзіретуі. 3
Меңдінің Жаманды таңдауы. 4
40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6
Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8
Ханның Жаманды сағынуы. 9
Кезеңді қорытындылау
4 тур «Сандар құпиясы»
Кезең шарты: Оқушылар берілген сандарды ертегілермен байланыстырулары қажет. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
40, 9, 8, 3
Кезеңді және түгел ойынды қорытындылау
Кері байланыс
- Ал енді, оқушылар, сайысымызды қорытындылап болған кейін сіздерден бүгінгі ойын туралы пікірлеріңді білу мақсатында «Жеміс ағашы» атты кері байланыс жүргізгім келіп тұр. Пікірлеріңді еркін жеткізе қойыңдар.
Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау





























Қазақ тілі. 5 сынып 

Сабақтың тақырыбы: Қайталау-білім анасы. 
Сабақтың мақсаты: білімділгі: оқушылардың қазақ тілінен өткен 
білімдерін бекіту, төрт жалғаулыққа жаттығулар 
орындау; 
дамытушылығы: ауызша,жазбаша жаттығулар 
орындай отырып,оқушылардың сауаттылығын , 
тілдік қорларын,сөздік қорларын молайту; 
тәрбиелігі: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, 
адамгершілікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жарыс сабақ. 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 
Психологиялық дайындық. 
-Бүгін бізде ерекше күн.Біздің сабағымызда қонақтар отыр. Бүгінгі сабақта өз білімімізді тартынбай көрсетуге тырысайық. 
Сәттілік тілеймін. 
2. Сабақтың ұраны. 
Гүлденген Қазақстан тұрағымыз, 
Перелески орта мектеп білім ордамыз. 
Арманымыз жетелейді болашаққа, 
Мемлекеттік тілді білу ұранымыз. 

3.Қазақ тілінен өткен тақырыптарға қысқаша шолу. 


Жеке-жеке талдау (ауызша) 
4 слайд. Бүгінгі сабағымыз топтар арасындағы жарыс сабақ. 
І-топ. «Көптік жалғау» 
ІІ-топ. «Тәуелдік жалғау» 
ІІІ-топ. «Жіктік жалғау» 
Әр топ бір-біріне сәттілік тілеу.(приветствие) 
І-топ –Сәттілік тілейміз! 
ІІ-топ- Талаптарыңызға нұр жаусын! 
ІІІ-топ- Күндеріңіз көңілді болсын! 
Бүгінгі сабақта әр топ дұрыс жауаптарына Смайлик жинаймыз.Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз. 
5 слайд. Сабақ кезеңдері: 
1. Мәтінмен жұмыс. (мәтінді оқып,орыс тіліне аудару) 
2. Жалғаулар елінде. 
3. Сергіту сәті. 
4. Сөзіңіз қалай? 
5. Тестілеу. 
6 слайд. 
1-тапсырма.Мәтінмен жұмыс. (оқып,орыс тіліне аудар.) 
І-топ. 
Менің досым. 
Менің досым бар.Оның аты-Нұрлан. Ол бесінші сыныпта оқиды. Нұрланның ата-анасы-дәрігер.Нұрланның ағасы және қарындасы бар. Оның ағасы-студент. Қарындасы мектепте оқиды. Нұрланның үйі мектептен алыс емес. Нұрланның бөлмесі кең және таза. 
ІІ-топ. 
Менің Қазақстаным. 
Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақстан-менің Отаным.Біздің еліміз тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның қалалары көп. Қазақстанның жері бай.Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Біздің елордамыз –Астана. 
ІІІ-топ. 
Мен ұқыпты баламын. 
Менің атым –Арман.Мен бесінші сыныпта оқимын. Біздің сыныпта он жеті оқушы бар. Мен сабақты жақсы оқимын. Кешке үй жұмысын орындаймын. Үй жұмысын орындауға анам,ағам көмек береді. Мен ұқыпты оқушымын. 
7 слайд. 
2-тапсырма. І-топ. «домбыра» 
ІІ-топ. «машина» 
ІІІ-топ «оқушы» сөздерін септеу,дыбыстық талдау жасау,буынға бөліп,буын түрін ажырату . 
8 слайд. Сергіту сәті. (көзге арналған) 
9 слайд. 
3-тапсырма. І-топ. «дос» 
ІІ-топ. «Отан» 
ІІІ-топ. «ауыл» сөздерін сөздерді ауызша тәуелдеу. (жекеше,көпше) 
10 слайд. 
4-тапсырма. Сөздерді жіктеңдер. 
І-топ. тұрмын 
ІІ-топ. ұшқышпын 
ІІІ-топ. дәрігермін (жекеше,көпше) 
11 слайд. 
5-тапсырма. Сөз құрамына талдау. 
а) І-топ. дәрігерлеріне 
ІІ-топ. суретшілермен 
ІІІ-топ.оқушылардан 
ә) Дұрыс сөйлем құрап жаз. 
І-топ. Мектепке,Әйгерім, жатыр,келе. (Зат есімді тап) 
ІІ-топ.Үлкен,табиғатта,басталды,өзгерістер. (сын есімді тап) 
ІІІ-топ.Таза, біз,демалдық ауада.(есімдікті тап) 
12 слайд. Тестілеу. 
1.Қазақ тіліне ғана тән неше дыбыс бар? 
а) 5; ә) 7; б)3; в) 9 
2. Кімде? Неде? қай септіктің сұрағы? 
а)барыс; ә) ілік; б) жатыс; в) көмектес 
3.“Етістік” – бұл: 
а)наречие; ә) глагол; б) местоимение; в) союз 
4. “Жеңіл” сөзінің антонимін тап: 
а) ауыр; ә) төмен; б) жоғары; в) ала 
5. “Мұғалім” сөзінің синониміндерін белгіле. 
а) кітап, оқулық; ә) дәптер, қалам; б) ұстаз,оқытушы; в) зат,пән 
6.Заттың атын білдіретін сөздерді ....... дейміз. 
а) сын есім; ә) зат есім; б) есімдік; в) етістік 
7.Жұрнақ арқылы жасалған сөзді белгіле: 
а) намыс; ә) сиыр; б) достық; в) жаз 
13 слайд. Тексеру. (бағалау парағын толтыру) 


Жауаптары: 
1) в - 5 ұпай 
2) б - 5 ұпай 
3) ә - 5 ұпай 
4) а - 5 ұпай 
5) б - 5 ұпай 
6) ә - 5 ұпай 
7) б - 5 ұпай 
30 – 35 ұпай “ 5 “ 
20 – 25 ұпай “ 4 “ 
10 – 15 ұпай “ 3 “ 
Оқушының аты-жөні (Ф.И.) тапсырмалар ұпай саны 
(баллы) бағасы 
(оценка) 
1 2 3 4 5 6 7 


14 слайд. Рефлексия. 
-Не ұнады? 
-Сабаққа кімдер жақсы қатысты?т.б. 
Әр топ өздерінің жинаған Смайликтерін санап,жеңімпаз топты анықтау. 
15 слайд. Жарайсыңдар,балалар! 



























Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров353
Номер материала ДВ-359058
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх