Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / "Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім" (әдеби кеш)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім" (әдеби кеш)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім»

Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігіне арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау:

Көрнекілігі: безендірілген зал, интерактивті тақта, т.б.

Барысы:

Жүргізуші: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының аясында өткізіліп отырған «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер.

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.

Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. Сонымен қатар президентіміз 22 – қыркүйекті – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі деп жариялады. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. Ал, 2007 жылы «Мемлекеттік тіл жылы» деп жариялады. Бүгінгі кешімізде көркемсөз сайысын өткіземіз. Бұл сайысқа 5,6,7 – сыныптардан оқушылар алынды. Сайысымызды ең алдымен «Адай күйімен» бастасақ.

«Адай күйі» Ортада 6 «в» сынып оқушысы: Бөлеген Маңғыстау.

Жүргізуші: Ана тілім, жүрегісің анамның,

Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды ұмытқаным емес пе?

Ана тілім егер сені ұмытсам. Ендігі кезекті 5 – сынып оқушыларының тіл туралы жаттаған өлең шумақтарына береміз.

5 «а» Хайтбаева Айдана

5 «ә» Жолдасова Қамарсұлу

5 «б» Орынова Айнұр

5 «в» Атажан Дильназ

5 «г» Жетесова Жансая

5 «ж» Оразбай Аңсаған

5 «е» Хожабай Тұрлыбек

5 «з» Ғани Фариза

Жүргізуші:

Тілім – арым, ол менің мақтанышым,

Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.

Тіл – адамның қаруы, қазынасы,

Туғанбыз соны баста сақтау үшін.

Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,

Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.

Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,

Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.

Ән: «Ананың тілі – аяулы үні» Орындайтын:

Жүргізуші:

Ана тілім, дана тілім ол менің

Сол арқылы суреттеймін шежіренің өрнегін.

Дағдарысқа ұшыраса ол егер,

Онда менің сол мезетте демім тоқтап, өлгенім.

Ғасырлардың қойнауынан сыр тартқан,

Ана тілім – таусылмайтын жыр дастан.

Ана тілім – салт – дәстүрім ол менің,

Ұрпақтардан ұрпақтарға жалғасқан. Келесі кезекте 6 – сынып оқушыларына береміз.

6 «а» Сабитова Дильназ

6 «ә» Алдабергенова Әсел

6 «ғ» Каналбаев Олжас

Жүргізуші: Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Ендігі ортаға 10 «б» сынып оқушысы Бертімбаев Ғабитті шақырып, кереметтей термесімен кешімізді әрі қарай жалғастырсақ.

Жүргізуші: Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз ,

Ой түбінде жатады деп сонау ХУ ғасырда Асан қайғы атамыз айтып кеткендей небір ақын – жазушыларымыз өздерінің тіл туралы ойларын қалдырып кеткен. «Әрбір саналы ,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу – мәдениетсіздік». «Мен ана тілімде жазып, ойымды ана тілінде білдіріп қана қоймай, тіпті, түсімді де қазақша көремін» деген екен Ғабит Мүсірепов.

Тілім менің – ерлігім де елдігім,

Кемеңгерім, шешендігім кеңдігім.

Тілім менің – мөлдірлігім пәктігім,

Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.

Ортада «Қазақ биі».

Жұргізуші: Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнен

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген

Сол тілменен бірінші білгізілген:

«Ана» деген сүйгендік сөз ән менен.

Кешімізді әрі қарай 7 – сынып оқушылары жалғастырады.

7 «ә» Исмайлова Динара.

7 «б» Табанбаева Салиха

7 «г» Дүйсебаева Айдана

7 «ғ» Жұмабаев Нұрқасым.

Жүргізуші: Қазақ тілі – бай тіл, ырғақты, теңеу – бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық. Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын естен шығармайық.

Бүгінгі кешімізде 5, 6, 7 – сыныптар арасында өткен тіл туралы жаттаған мәнерлеп оқу сайысының өз қорытындысын қазылар алқасы шығарамын дегенше ортаға 9 «б» сынып оқушысы ________________________________ шақырамыз.

Ән: «Қазақстан». Орындайтын:

Жүргізуші: (Қазылар алқасы өз шешімін айтады)

Қазағымыз осылай қазақ болған,

Сүрінбестен өтіп ек азап, тордан.

Талай жас қыршынынан қиылған,

Елімізді құтқарам деп мазақ болған.



Жырлаймын қазақ тілім қазағым деп,

Өмірді көрсем-дағы азабы көп.

Шала қазақ атанса тілді білмей,

Қазақ үшін сол нағыз азап індет.



Мұхтарша зар илеген арыс барма?

Қазағым-ау бойыңда намыс барма.

Басқа ұлттар үйренсе қазақ тілін,

Сенде мұндай ерліктен қалыс қалма.



Бұл сөзімді көпшілік ойланыңдар,

Азия барысына айналындар...

Ұрпақтарың сыналар шақ туған да,

ҚАЗАҚ ДЕГЕН АТАУҒА САЙ БОЛЫҢДАР!

Осымен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.





Автор
Дата добавления 30.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров390
Номер материала ДБ-060559
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх