Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Қазақ тілін үйретуде ата-аналарды қатыстыру"

"Қазақ тілін үйретуде ата-аналарды қатыстыру"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:






Баяндама



hello_html_5f2ed8b.gif














«Қазақ тілін үйретуде ата-аналарды қатыстыру»


Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік тілге оқыту мәселесі мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Елбасымыз «Тіл болашағы-балабақшада»деген тұжырымдамасын үнемі айтып келеді.

Балалар бақшасындағы екі тілдік оқыту баланың қазақ және орыс тілдерін қатынас құралы ретінде тәжірибелік меңгеруін ұйғарады.

Ушинский жазған екен : «Халық тілі-тарих аумағынан да алыс бастау алатын барлық рухани өмірдің ең күшті,еш-қашан да солмайтын және мәңгі бүршік жаратын түсі.

Тілде барша халық және оның барлық Отаны рухтанады».

Тілді үйрену-оңай жұмыс емес,алайда бір ғана тілді білетін адамнан бірнеше тілді білетін адам екі есе рухани жағынан бай болып келеді.

Бұл мәселенің шешімін бала тұлғасының өзіндік дамуы мен өзіндік қалыптасуына бағытталған әрекетінде білім мазмұнының мәдени-тарихи материалмен қанығуынан,білімділік –тәрбиелік үрдіске жүйелі тұрғыда ұйымдастыруынан көреді.

Қажетті аспектілердің бірі болып табылатын:

* Ата-аналармен қарым-қатынас.

«Қазақ тілін» оқыту негізінде бүгінгі таңда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың бірнеше түрлері алға қойылып ,іске асуда.

Қазақ тілі оқытушысының негізгі мақсаты:

Ересек және мектепке даярлық топтарында балаларды

қазақ тілінде ауызша сөйлей білуге үйрету:қарапайым сөздік құралдарды пайдалана отырып,айналадағылар-

мен қарым-қатынасқа түсуді үйрету,сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға жаттықтыру т.б. болғандықтан,

бұл міндеттері мен мақсатының іске асырылуына от-басының араласуының қаншалықты маңызы бар екені

түсінікті.

Қазақ тілін үйретуде ата-аналарды қатыстырудың негізгі мақсаттары:

*Тілге деген тиянақты ,мүдделі көзқарасты және құрмет сезімін қалыптастыру.

*Ата-аналарды балалары үйренетін тілдің әлем мәдениетімен таныстыру.

*Ата-аналарды,балаларды қазақ тіліне деген қызуғышылықтарын тудырып, қазақ тілінде сөйлеуге,араласуға тарту.

*Ата-аналармен бірлесіп балаларды тілді құрметтеуге

Отанды сүюге ,ұлтаралық достыққа тәрбиелеу.


Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің

балабақшамызда ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда.

1.Ата-аналар мен педагогтың үздіксіз қарым-қатынасы(диалог).

2.Қазақ тілін үйренуде кеңестер беру.

3.Жылжымалы мұқабалар жасау.

4.Бірлескен ойын –сауық кештер,ертеңгіліктер ұйым-дастыру.

5.Ата-аналарға арналған «Қазақ тіліне қалай қарай-сыз?»сауалнамалар.

6.Ата-аналарды білім беру үрдісіне қатыстыру.

7.Пікірталастар.

8.Ақпараттық стендтер жасау.

9.Көрнекілік насихат.

10.Көрмелер ұйымдастыру.



Қазақ тілінің мұғалімі мен тәрбиешінің іс -әректін толық талдау үшін мектепке дейінгі мекемеде тоқсан сайын балалардың тілді үйрену деңгейінің диагностикасы жасалады.Сонда да көптеген жағдайларда балалардың көбінде тілдік орта жоқ-сабақтан тыс ұйымдастырылған жұмыстар,ал бұл болса өте қатты қажет болып саналады.Бұл іс -әрекет тиімді жүзеге асырылуы үшін қазақ тілінің мұғалімі,тәрбиеші,ата-аналар тығыз байланыста жұмыс істейді.Ата- аналарды дидактикалық ойындармен,жаттығулармен,әндер және өлеңдердің

мәтіндерімен таныстырамыз,содан барып олар үй жағдайында фонетикалық жаттығулар мен сөздерді қайталайды,бекітеді.

Отбасында қазақ халқының дәстүрлеріне сүйініп тәрбие беруге байланысты ұйымдастырылған «Ұлттық ойындар арқылы балаларды тәрбиелеу»атты пікірталастар,мереке- лік шаралар өтті.

Тілдер күніне орай ата-аналар мен балаларына арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты білім сайысы өткізілді.

Балабақшамызда өтетін барлық мерекелік ертеңгіліктерде басқа ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде тақпақ,ән айтып,қазақ халқының билерін билеп,ата-аналарын қуантады.

Балабақшада ата-аналар педагогтың басты көмекшісі деуге болады.Ата-аналардың көмегімен жасалған көрмелер, «Отбасы-алтын ұям»атты қабырға газеттер байқауы,балаларға арналған қазақ әдебиетінің кітапха

насы,қазақ тілі бұрышы,ақпараттық стендтер жасал-

ды.


Атқарылған жұмыстардың қорытындысын жүзеге асыра отырып,біз мынандай шешімге келдік,мектепке дейінгі жастағы балаларды қазақ тіліне оқыту бойынша әрі қарай

жаңа әдістер мен тәсілдер іздеу.

Жұмыс өзінің оң нәтижелерін береді дегенге сенімдеміз.










Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров240
Номер материала ДВ-468988
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх