Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Рабочие программы / Қазақ тілінде "ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АССОРТИ" (7-8 сынып)

Қазақ тілінде "ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АССОРТИ" (7-8 сынып)



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Географиялық ассорти

Мақсаты:

Оқушыларға “Білім алудағы Кембридж тәсілі” арқылы тапсырмалар орындата отырып, жаңашыл, ізденімпаз, заман талабына сай білімді дағды қалыптастыру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.



Жүргізуші: Құрметті мектеп ұстаздары кешімізге қош келдіңіздер.

Байқау мақсатына айтылғандай бізде тек бір мақсат – жаңа әдістерді қолдана отырып, жаңашыл, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті тұлға дайындай алатын ұстаздардың дағдысын қалыптастыруға көмек беру.


Жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев «2050 Жолдауында» айтылғандай «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы, барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды ”


/”Қазақстан – 2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, Ақорда, 2012 ж/


Жүргізуші: Бүгінгі кеште әділ баға беріп, жеңімпаздарымызды анықтайтын әділқазылармен таныстырайық;

1. Мектеп директоры:

2. Оқу ісінің меңгерушісі:

3. Педагог ұйымдастырушы:


Жүргізуші: кешіміздің бөлімдері

1. Әр топ өздерін таныстырады

2. Өлең сөздің патшасы

3. Актерлер сайысы

4. Постермен жұмыс

5. Ашылмаған сырлар

* Әр қайсысы өзіне ұнаған фигураларды таңдайды. Түстер бойынша 2 топқа бөлінеді.

Топтарға әріптер беріледі сол әріптерден өз топтарының аттарын тауып партаға жазып қояды.

* 1-топ: “ПАРАСАТ”

* 2-топ: “ДАРЫН”

Топтар 3 минут ішінде таныстыру шығарып өздерін таныстырады

жүргізуші: «Өлең сөздің патшасы» бөліміне кезек берейік. Әр топқа сөздер беріледі сол сөздерді қатыстыра отырып, өлең құрайды.

1-топ. Тау, Матай, Шоқан, Шаңқанай Ана

2-топ. Табиғат, су, аспан, жер.

жүргізуші: келесі кезекті «Актерлар» екі топқа конверт беріледі сол конверттегі саяхатшыларға шағын көрсетілім көрсетеді.

1-топ. Ф.Магеллан

2-топ. Х.Колумб


Жүргізуші: 4-бөлім: «Постермен жұмыс»


Бұл бөлімде әрбір топ «Мәдениет » түсінігін қалай түсінетінін постерге бейнелейді. Мұнда қиялға шектеу жоқ, өлең жолдарын, сызбалар немесе сурет салуға болады.


Жүргізуші: «Ашылмаған сырлар» бөліміне кезек берейік.

География саласында барлық жерлерді тұтастай зерттеп ашылған дейміз , бірақта әлі күнге дейін құпиясы мұхит тұбінде жатқан сырлар бар екен. Мысалы : Бермуд ұшбұрышы.

Тапсырма: екі топқа ортақ тапсырма. Бермуд ұшбұрышының құпиялары неде? Деген сұраққа топтардың барлық мүшелері жауап беруі тиіс.

Көрермендермен ойын.

«Ыстық орындық» ойыны көрермендерге 5 түрлі түсті қалпақ беріп, ішінен бір қалпақты таңдап, ыстық орындыққа шақырамыз. Кейіпкерімізді таныстырамыз. Кейіпкеріміз география ғылымының доқторы, професор, Мұхит аралдарын зерттеуші, Антарктида материгіне бір күнде үш рет барып қайтқан деп таныстырамыз. Қалған көрермендер тілші ретінде кейіпкерімізге сұрақтарын қояды.

Әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз. Номиация бойынша оқушыларды марапаттаймыз.
















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.11.2016
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров10
Номер материала ДБ-336186
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх