Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-сыныбына арналған шығармашылық тапсырмалар.

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-сыныбына арналған шығармашылық тапсырмалар.

Скачать материал

 

              

«№ 9 орта мектебі» КММ

 

 

 

Қазақ тілінде оқытатын  мектептердің 2-сыныбына арналған шығармашылық тапсырмалар.

 

Дайындаған: Нуксарина А.К.

Зырян қаласы

2013

 

        Түсініктеме.

Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат-өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. 
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.Олар: 
1)Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; 
2)Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жайында болу; 
3)Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру;
Оқушының іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз –оқушының ойлай білуге үйрету болып табылады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпестен бұрын соған үйреткен дұрыс. Ойлап үйрену үшін оқушының зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту керек. Білім негізі-бастауышта екені ешкімге құпия емес. Оқушыны қазіргі нарықтық заманға лайықты, білімді етіп тәрбиелеуде бастауыш сыныптан бастап жүргізілетін жұмыстарға да аса мән берілуі керек. Сондықтан ұсынылып отырған «Қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ұштауға арналған тапсырмалар» атты әдістемелік құрал  бастауыш 2-сынып оқушыларының ой-өрісін, қиялын, шығармашылығын  дамытуға зор үлес тигізетін құрал.

     Бұл дидактикалық материалда жинақталған тапсырмалар оқушылардың танымдық дүниесін, логикалық ойлауын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына, жаңаша ойлап, айналаға жаңаша көзқараспен қарауға көмегін тигізеді.ұсынылып отырылғын  «Ұйқасын тауып ойнаймыз», «Өлең құрау» сияқты тапсырмалар баланы өзі үшін жаңалық ашып, өз күшін сезінуге, сөздік қорларын молайтуға, қажетті сөзді қажетті жерінде айтуға мүмкіндік береді. «Ертегі құрау» тапсырмалары оқушының ой-қиялын дамытуға, байланыстырып сөйлеуге, монологтік тілінің дамуына үлес қосады, ғажайыптар жайлы қиялдауға , әлемнің тылсым құпияларын ашуға ұмтылыс тудырады. «Жалғастыр» тапсырмалары оқиға желісін сақтай отырып, жүйелі түрде мәтін құрауға баули түседі. Мұнда оқушылар оқиғалардың бір-бірімен сатылай, тізбектей байланысатындарын байқап, соны өз беттерінше топшылап үйренеді. «Үстел үстіндегі карта» ойыны  оқушыларды тапқырлыққа, табанасты ойланып сөйлеуге үйретуге көп көмегін тигізеді. «Себебін айт» тапсырмалары оқушылардың ештеңенің жайдан-жай болмайтындығын, кез-келген оқиғаның белгілі бір себептерге байланысты екенін ұғынып, соның себебін табуға барлық күш-жігерін жұмсауға, шығармашылық танытуға жетелейтін жұмыс. «Мен кіммін?» ойыны арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, жан-жануарлар тіршілігі жайлы, оларға қамқорлық қажеттігі жайлы тереңірек ойлануларына зор үлес қосады. Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілік қасиеттерінің дамуына жол аша түседі. «Артық сөз» ойыны оқушылардың кез-келген заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтарға бағынатындықтарын өздері үшін жаңалық ретінде ашауға көмектеседі. Кез-келген сөзге ассоциация жасау оқушылардың ұғымдардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты анықтауға неғұрлым көбірек байланыс ашуға талпындырып, шығармашылыққа баули түсері сөзсіз. Тіл сабақтарын меңгеру оқушылардан түрлі шығармашылық қабілеттерді қажет етеді. Бұл жинақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз ісіне сын көзбен қарауға, өзіндік пікір айтуға, ой еркіндігінемүмкіндік беріп, өз бетіммен дұрыс шешім қабылдауға үлес қосады.

 

 

 

 

 

Шығармашылық тапсырмалар

Оқушылардың сөз саптауларына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына «Ұйқасын тауып ойнаймыз» ойынының тигізетін пайдасы зор.

 Ұйқас құрау( ұйқастың бірінші жолы беріледі, екінші жолын оқушылар өздері құрайды)

Шаң тозаң лас,                        Әсем сабақ оқыды.

Болмасын класс.                     Дина кілем тоқыды.

 Аспанда күн бар,                   Өте ақылды есек

 Жерде гүл бар.                       Шығарыпты есеп.

Қолыңда алма,                       Көңілді жүр,

Түсіріп алма.                          Жадырап жүр.

 

 

 

 

 

 

2. Жұмбақ құрау.( заттардың атауларын беру, оқушылар ұйқасын келтіре отырып, заттың негізгі белгілері арқылы сөзді жасырады)

1. Күндіз басыңда тұрады,

    Түнде ілулі тұрады (бас киім)

2. Ащы емес тәтті,

    Бос емес қатты. (қант)

3. Қыста да мұз,

    Жазда да мұз. (балмұздақ)

4. Ауыңа әкеп салғанды,

    Күні бойы шайнайсың.

    Шайнасаң да қанша,

    Бәрібір жей алмайсың.( сағыз) Жұмбақ құрауды алғаш жеңіл түрінен бастап, кейін күрделендіре беруге болады. Жұмбақ құрастыру оқушылардың ой-қиялын, дүниетанымдарын өрістете отырып, алғырлыққа, зеректікке, шешендікке баулудың ұтымды құралы.

3. Жалғастыр.(Әңгіменің немесе ертегінің сюжетін бастап беру, ал оқушыларға аяқтауды тапсыру.Оқиға желісін бұзбай жалғастыруды талап ету.)

Мысалы :  «Бір күні Әсет мектептен келе жатыр еді, жолда мияулаған мысық даусы естілді.» -деп әңгімені бастап беруге болады. Бірнеше оқушы тізбектей отырып жалғастырады. Әр бала өз шығармашылығын қосады.

«Әсет дауыс шыққан жаққа қарай жүгіріп барды. Екі бала мысықтың мойнынан сым темірмен байлап сүйреп жүр екен. Оның жаны ашып кетті» -деп тоқтаса, келесі оқушы «Әсет балалардың жанына жүгіріп барып, мысықты босатуларын өтінді. Балалар оңай келіспеді. Әсеттің өзін батпаққа итеріп жіберді.» деп тоқтайды да , келесі оқушы «Әсет бой бермеді. Қайтадан тұрып мысықты босатып алуға жүгірді. Мұны  көшеде өтіп бара жатқан ағай көріп, Әсетке көмекке келді. Балалар қашып барап, алыстан Әсетті мазақтап, күліп тұрды. Әсет өз ісіне қуанып, кішкене мысықты үйіне алып кетті »- деп аяқтаулары мүмкін. Мұндай жұмыстар оқушының ой-қиялын ұшқырлығын күшейтете түседі.

4. Үстел үстіндегі карта. ( Ойынға екі немесе үш команда қатыса алады. Үстел үстіне карта тәрізді қатталып бірнеше суреттеріс қаратылып қойылады. Суреттерде не бейнеленгені балаларға жұмбақ.Мұғалім команда мүшелерінің біреуіне карталардың біреуін суыруын ұсынады. Ойынның шарты бойынша , оқушы суретке қарап жіберіп, сол бойда әңгіме бастауы керек. Яғни белгісіз бір әңгіменің бірінші сөйлемін бірінші суретті парақшаны суырған бала шығарады.ал,қалғандары болса әңгіме желісін үзіп алмау үшін,мұқият көңіл қойып,өз кезегінде келгенде әңгімені ары қарай жалғастырып әкетуге дайын отырады. Мысалы: кірпі, алма, құс –деген суреттер бергенде мынадай нәтиже болуы мүмкін.

1-оқушы: Орманда бір кірпі келе жатыр.

2-оқушы: Ол бір алма тауып алды.

3-оқушы: Оны көріп қалған ұшып бара жатқан құс көріп оған қарай төніп келді- деп кете береді.

5. Ертегі құрау.

Оқушыларға ертегі құрауға тапсырма беру арқылы олардың қиялын, ой –өрісін, логикасын дамытуға болады. ертегі құрауға тапсырма берген кезде де оны сан түрлі етіп түрлендіруге болады.

1)Мысалы: ертегінің басын беріп ары қарай жалғастыруға тапсырма беруге болады.

«Ер жігіт» деген тақырыпта ертегі құрауға берген кезде ертегінің басын былай беруге болады.

«Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты. Олардың перзент дегенде жалғыз қыздары бар екен. Оның аты Алтын екен. Бір күні Алтын тасы мен әжесіне көмектесу үшін орманға отын әкелуге кетіпті де содан қайтып қайтпапты.......................»  деп ертегіні бастап, ары қарай жалғастыруды ұсынуға болады.

2) Әр түрлі тақырыптарға еркін түрде ертегі құрауға болады.Мысалы: «Ұшқысы келетін ит», «Құрғақта тұратын балық», «Аң патшасы – қоян» , «Роликші торай» , «Саққұлақ үкі» сияқты түрлі тақырыптар беруге болады.

3) Кез-келген ертегіні беріп, осы ертегі кейіпкерлерін қатыстырып тың жаңа ертегі құрауға ұсынуға болады. Барлықтарына ең таныс «Бауырсақ» ертегісін беріп, ертегі кейіпкерлері Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкілерді қатыстырып тың жаңа ертегі құрауға болады. Мысалы: «Бірде ата мен апа ең соңғы ұндарын қырып отырып, бауырсақ пісірді. Оны суытуға терезеге қойып еді, зеріккен Бауырсақ терезеде отырып өзінің әжесі мен атасының қиын жағдайын көріп қатты қиналды. Енді оларға қалай көмектесудің жолын іздестіре бастады. Өзінде ондай дәрмен жоқ.» ( осылайша жалғастыра отырып, сол кейіпкерлердің ата мен әженің бақытты болуына жағдай жасағандары туралы құрауға болады). 

6.Өлең құрау.

Өз беттерімен өлең құрауға үйрету шығармашылықты дамытудың бірден бір жолы.Өлең құрау кезінде алғашқы бунақ, шумақ, тармақ ұғымдары түсіндіріледі. Бұл жастағы оқушыларға өлеңді өз беттерімен құрау әрине қиын. Дегенмен өлең құрауды сатылы түрде үйрете отырып нәтижеге жетуге болады.

1)Өлеңнің  алғашқы 3 жолын беріп, 4-жолын өздеріне құрату.

Туған жер алтын бесігім,

Әлемге мәшһүр есімің.

Алыстан аңсап жетемін,

....................................... ( өзіңде түлеп өсемін)

2) Өлеңнің екі жолынан кейбір сөздерін алып таста, қалауларынша жазу.

  Ыстық қой шіркін туған жер.                       Мен оның күнін сүйем

  .............................  қуған жер                        .................... ботаңмын.

Аялайсың сен бізді,                                          Құрметтеп оны өтемін,

.................................думан жер.                      .....................     Отаным.

Зыряным алтын мекенім.                               Апатайым анашым         

..............................өтемін.                               ..............    данасың.

Қияға қанат қақсам да,                                  Сүйем жалғыз өзіңді

.........................жетемін.                                   .................. панасың.

3) Оқушылардың өз шығармашылығына келетін болсақ

Дала біздің көрікті,                                     Біздің сынып әдепті

Гүлден бұрым өріпті.                                 Балалары осындай

Қуансын деп көктемде                               Шеттерінен бәрі епті

Балаларға беріпті                                        Бәрі дағы дос сондай.

7. Оқушылардың қиялы-шығармашылығын дамыту үшін жүргізілетін жұмыстардың бірі -  «Мен кіммін» ойыны. Бұл ойында балалар өздерін белгілі бір жануардың орнына қойып соның атынан сөйлейді.

Мысалы, өзін мысықтың орнына қойып соның атынан сөйлеген оқушының жауабы мынадай болуы мүмкін.

« Мен мысықпын. Менің қожайыным өте ақылды, мейірімді жақсы адам. Мен үнемі сүт,ет, нан, арнайы мысыққа арналған Вискаспен қоректенемін. Үнемі жылы пештің түбінде ұйықтаймын. Мені ием өте жақсы көреді, ешқашан ұрмайды, соқпайды. Мен оның үйін тышқандардан қорғаймын. Олар менің қас жауым.Мен ойнағанды ұнатамын. Менің арманым мені кішкентай балалар тектен текке жұлмаламаса дер едім. Маған қойылған қандай атқа болса да ренжімес едім

 8. Шығармашылық қабілеттерінің көтерілуіне. Ойларын дәл айтып, дәлелдей білуге үйренулеріне көп септігін тигізетін жұмыстың бірі – «Себебін тап» деген ойын.

Мысалы оқушыларға «Үйдегі электр шамдарының бәрі сөніп қалды. Ол неліктен?» деген сұраққа оқушылардың жауаптары неше түрлі болуы мүмкін.

-Қатты жел соқты.

- Электрді үнемдеу үшін арнайы сөндірілді.

- Найзағай түсті.

- Біреу байқамай электр бағанын машинамен соғып кетті.

- Электр станциясы бұзылып жұмысын тоқтатты – деген сияқты түрлі дәлелдер ұсынуы мүмкін.Сол сияқты «Ақтөс қатты үрді,неге?» «Аулада ән салған құстар көрінбейді,неге?», «Ағаштар жапырақсыз қалыпты, неге?», «Айнала қап-қараңғы,неге?», «Жердің бәрі су, лай, не болған?» -деген сияқты түрлі оқушылардың ой – өрісін дамытатын сұрақтарды қоюға болады.

 

9. Барлық құбылыстар, заттар белгілі заңдылыққа бағынатынын анықтауға бағытталған «Артық сөз» ойыны да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға  септігін тигізеді.Берілген сөздер қатарынан артық сөзді табу, заңдылығын түсіндіру.

Үстел, шкаф, орындық, нан, керуерт.

Айран ,сүт, май, құрт, шырын, ірімшік.

Мектеп, сабақ, су, карта, тақта, сынып.

Футбол, ләңгі, қуыршақ, волейбол, баскетбол.

Гүл, жасыл шөп, бәйшешек, құстар, аяз.

Қар, боран, қыс, ыстық, боран, аяз.

10. Өз пікірлерін дәлелдеуге, заттардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратуға «Ассоциация табу» тапсырмасының да берері мол.

Кез-келген сөздері беріп ассоциация құратуға болады. Мысалы. «Астана» сөзіне оқушылар – ақ қала, аппақ, биік үйлер, Бәйтерек, Пирамида, Думан деген сияқты ассоцияция келтіреді.

Көктем – жылы күн, ашық аспан, келеген құстар, ұя жасаған құстар, еріген қар, төлдеген мал,еңбектенген адамдар.

Наурыз – жаңару, жақсылық тілеу, мереке, наурыз көже, әдемі киінген адамдар, көңілді күй,бата, салт-дәстүр

Ана – жылылық, мейірім, шуақ, сүйіспеншілік, аялы алақан, жаныңды жадырату, тыныштық, сабыр.

Сондай-ақ осы тапсырманы суретті ассоциация құрауға да беруге болады.мақал-мәтелдерге де осындай асоциация таптыруға болады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-сыныбына арналған шығармашылық тапсырмалар." Смотреть ещё 4 961 курс

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ тілінде оқытатын мектептің 2-сыныбына арналған шығармашылық тапсырмалар жинағы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ұштауға көмектесетін әдістемелік құрал. Мұндағы берілген тапсырмаларды әр сабаққа ыңғайлап жүйелі қолданса, оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, сөздік қорлары молаяды. Сондай-ақ шешен, ұтқыр байланыстырып сөйлеуге үйренеді.Бұл дидактикалық материалда жинақталған тапсырмалар оқушылардың танымдық дүниесін, логикалық ойлауын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына, жаңаша ойлап, айналаға жаңаша көзқараспен қарауға көмегін тигізеді.ұсынылып отырылғын  «Ұйқасын тауып ойнаймыз», «Өлең құрау» сияқты тапсырмалар баланы өзі үшін жаңалық ашып, өз күшін сезінуге, сөздік қорларын молайтуға, қажетті сөзді қажетті жерінде айтуға мүмкіндік береді. «Ертегі құрау» тапсырмалары оқушының ой-қиялын дамытуға, байланыстырып сөйлеуге, монологтік тілінің дамуына үлес қосады, ғажайыптар жайлы қиялдауға , әлемнің тылсым құпияларын ашуға ұмтылыс тудырады. «Жалғастыр» тапсырмалары оқиға желісін сақтай отырып, жүйелі түрде мәтін құрауға баули түседі. Мұнда оқушылар оқиғалардың бір-бірімен сатылай, тізбектей байланысатындарын байқап, соны өз беттерінше топшылап үйренеді. «Үстел үстіндегі карта» ойыны  оқушыларды тапқырлыққа, табанасты ойланып сөйлеуге үйретуге көп көмегін тигізеді. «Себебін айт» тапсырмалары оқушылардың ештеңенің жайдан-жай болмайтындығын, кез-келген оқиғаның белгілі бір себептерге байланысты екенін ұғынып, соның себебін табуға барлық күш-жігерін жұмсауға, шығармашылық танытуға жетелейтін жұмыс.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 864 154 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 1065
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуксарина Альмира Кабдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 12464
    • Всего материалов: 12

Оформите подписку «Инфоурок премиум»

Вы сможете бесплатно проходить любые из 4961 курс в нашем каталоге.

Перейти в каталог курсов

Мини-курс

Эмоционально-волевая сфера и социальная адаптация подростков

3 ч.

699 руб. 399 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

699 руб. 399 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовая система, инфляция и экономическое развитие: основные аспекты и взаимосвязи

2 ч.

699 руб. 399 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 4 961 курс
Подарки