Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыҚазақ тілінде оқытылатын "Балбөбек" ересек тобының "Алтын күз" ертеңгілігінің сценариі

Пальчиковая гимнастика на казахском языке на тему "Числа"/ саусақ гимнастикасы қазақ тілінде "Сандар"

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
772
10
04.02.2025

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 7
Покупателей: 41

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Сундетова Аида Биржановна. Инфоурок является информационным посредником

Пальчиковая гимнастика “Числа” предназначена для детей дошкольного возраста. Она помогает детям запомнить числа от 1 до 5, развить мелкую моторику, координацию движений, память и речь. Гимнастика проводится в игровой форме: дети проговаривают рифмованный текст и одновременно выполняют движения пальцами, соответствующие числам. Это способствует лучшему усвоению материала и делает обучение веселым и увлекательным. Для кого предназначена: • Дошкольники (3–6 лет) • Воспитатели детских садов • Родители для занятий с детьми дома • Логопеды и специалисты по развитию речи Цель работы: • Развитие мелкой моторики • Закрепление знаний о числах • Улучшение координации движений • Формирование речевых навыков • Развитие памяти и внимания Жұмыстың атауы: Саусақ жаттығуы “Сандар” Сипаттама: “Сандар” атты саусақ жаттығуы мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған. Бұл жаттығу балаларға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды есте сақтауға, ұсақ моториканы, қимыл үйлесімділігін, есте сақтау қабілетін және сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Жаттығу ойын түрінде өтеді: балалар тақпақты қайталап, саусақтарымен сандарға сәйкес қимылдар жасайды. Бұл сандарды оңай үйренуге көмектесіп, оқуды қызықты әрі тартымды етеді. Кімге арналған: • Мектепке дейінгі балалар (3–6 жас) • Балабақша тәрбиешілері • Балалармен үйде жұмыс істейтін ата-аналар • Логопедтер мен сөйлеуді дамыту мамандары Жұмыстың мақсаты: • Ұсақ моториканы дамыту • Сандар туралы білімді бекіту • Қимыл үйлесімділігін жақсарту • Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру • Есте сақтау мен назарды дамыту Бұл жаттығу балаларға сандарды тез әрі оңай үйренуге көмектеседі, оларды қолдарымен сезініп, ойнап үйренеді!

Краткое описание методической разработки

Пальчиковая гимнастика “Числа” предназначена для детей дошкольного возраста. Она помогает детям запомнить числа от 1 до 5, развить мелкую моторику, координацию движений, память и речь.

Гимнастика проводится в игровой форме: дети проговаривают рифмованный текст и одновременно выполняют движения пальцами, соответствующие числам. Это способствует лучшему усвоению материала и делает обучение веселым и увлекательным.

Для кого предназначена:
• Дошкольники (3–6 лет)
• Воспитатели детских садов
• Родители для занятий с детьми дома
• Логопеды и специалисты по развитию речи

Цель работы:
• Развитие мелкой моторики
• Закрепление знаний о числах
• Улучшение координации движений
• Формирование речевых навыков
• Развитие памяти и внимания

 

Жұмыстың атауы: Саусақ жаттығуы “Сандар”

Сипаттама:
“Сандар” атты саусақ жаттығуы мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған. Бұл жаттығу балаларға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды есте сақтауға, ұсақ моториканы, қимыл үйлесімділігін, есте сақтау қабілетін және сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Жаттығу ойын түрінде өтеді: балалар тақпақты қайталап, саусақтарымен сандарға сәйкес қимылдар жасайды. Бұл сандарды оңай үйренуге көмектесіп, оқуды қызықты әрі тартымды етеді.

Кімге арналған:
• Мектепке дейінгі балалар (3–6 жас)
• Балабақша тәрбиешілері
• Балалармен үйде жұмыс істейтін ата-аналар
• Логопедтер мен сөйлеуді дамыту мамандары

Жұмыстың мақсаты:
• Ұсақ моториканы дамыту
• Сандар туралы білімді бекіту
• Қимыл үйлесімділігін жақсарту
• Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
• Есте сақтау мен назарды дамыту

Бұл жаттығу балаларға сандарды тез әрі оңай үйренуге көмектеседі, оларды қолдарымен сезініп, ойнап үйренеді!

Развернуть описание

Қазақ тілінде оқытылатын "Балбөбек" ересек тобының "Алтын күз" ертеңгілігінің сценариі

Скачать материал

«Алтын күз»

ертеңгілігінің сценариі

Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.Балалар мен қонақтарда мерекелік көңіл-күй орнату.Балаларды ән салуға,би билеуге,тақпақ айтуға бейімдеу.Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.Ата-аналар қауымымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.

Қатысушылар: Балалар,тәрбиешілер,Күз ханшайымы,қоян.

Музыкалық зал мерекеге сай безендірілген.Сазды әуен ойнап тұрады.Балалар тәрбиешімен бірге кіріп,орындықтарға жайғасады.

Тәрбиеші: -Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар,ұстаздар және балалар.Біздің  «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Балалар бүгін бізге қонаққа Күз ханшайымы қонаққа келіпті.Бәріміз қарсы алайық. (Күз ханшайымымен амандасу)

Күз ханшайымы: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен Күз ханшайымы боламын.Сендерге алыс жерден келдім.Мені күз патшасы жіберді.Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым,ол жақтан сендер сияқты балаларды  кездестірдім.Олар өте ақылды балалар екен,менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс-жидектер бердім.Сендер менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: –Иә!

Күз ханшайымы: -Олай болса бастайық. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,   Шықса-жасыл,

Түссе-сары.          Бұл не?

Балалар: -Жапырақ!

Күз ханшайымы: -Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар!Мен өзіммен алтын жапырақтарымыды ала келдім.Әр жапырағымда тапсырмалар бар.Егер де тапсырмаларды орындасаңдар,сыйлықтарды аласыңдар.

Тәрбиеші: -Әрине,қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең,тақпақ,жұмбақтар шеше алады.Сіз жайғасып отырып,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы,бүгін біздің музыкалық залымыз қандай әдемі болып кеткен. Ал біз қолымызға не ұстап келдік?

Балалар:–Жапырақтар.

Тәрбиеші: -Осы жапырақтардың түстері қандай?

Балалар:  –Сары, қызғылтсары, жасыл.

Тәрбиеші: -Ендеше, жапырақпен биді тамашалайық.

«Жапырақтармен би»

Тәрбиеші: -Біздің балалар биден басқа тақпақтарды да жақсы айтады.

Тақпақтар

Ағылшын өлеңі

Тәрбиеші: -Күз ханшайымы,балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: -Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Тәрбиеші: -Қане,балалар,осындай молшылық, Күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды,ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.

Ойын «Кім жылдам?»

Тәрбиеші: -Күз ханшайымы,балалардың ойынына баға беріңіз.

Күз ханшайымы: -Жарайсыңдар,балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар.Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.

Жұмбақтар

Жазда інге тығылып,      Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,     Әкелді әжем бір күні.        Бұл не?           (Сәбіз)

Жайлы,жұмсақ төсегім,  Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар,  Оны қалай шешемін?       Бұл не?           (Орамжапырақ)

Қалың киім ұнатады,       Шешіндірсең жылатады  Бұл не?           (Пияз) 

Боламын мен дәмдеуші    Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен              Мен пайдалы адамға                                (Картоп) 

 

Күз ханшайымы: -Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар.

Тәрбиеші: -Ал енді Күз ханшайымы,біздің қонақтарымызды да сынап көрейік, жарайды ма? Қазір менімен ойын ойнайсыздар.Бұл ойын «Қай жеміс?»  деп аталады.Ойын шарты бойынша сіздер көздеріңізді жұмып,үстел үстіндегі жемісті жеп,қай жеміс екенін айтасыздар.(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер тұрады)

Ойын «Қай жеміс?»

Күз ханшайымы: -Қандай тамаша ойын,мен де сендермен бір ойын ойнағым келеді.Ол ойынның аты «Күзбен хоровод» деп аталады,бұл менің үшінші тапсырмам болады.

Ойын «Күзбен хоровод»

Тәрбиеші: -Қане,Күз ханшайымы,сен шаршаған шығарсың.Отыр, кішкене демалып ал.Ал біздің балаларымыз саған арнап әдемі өлең айтып береді.

Өлең «Күз тамаша»

Тәрбиеші: -Қалай Күз ханшайымы,саған біздің өлең ұнады ма?

Күз ханшайымы: -Әрине ұнады,өте әдемі өлең екен.

(Сол уақытта бір жылаған дауыс естіледі,залға қоян кіреді)

Тәрбиеші: -Ой балалар,мынау Қоян ғой.Ол неге жылап отыр екен,қане сұрайықшы.

-Не болды саған Қоян, неге жылап отырсың,біреу сені ренжітті ма?

Қоян: -Жоқ, ешкім мені ренжіткен жоқ, бірақ қазір күз мезгілі, жаңбыр жиі жауады,күн суық.Менің көңіл-күйім түсіп кетті.

Тәрбиеші: -Қоян ,сен жылама, одан қайта бізбен бірге күз мерекесін тойла.Ал біздің балалар саған әдемі өлең атып береді.

«Не грусти» өлеңі.

Тәрбиеші: -Қалай,қоян,саған өлең ұнады ма?

Қоян: -Иә,өте ұнады.Әдемі өлең екен.

Тәрбиеші: -Ендеше, біздің балаларымыздың тағы бір өнерін тамашала.

«Жапырақтың құлауы» («Листопад» танец с полотнами)

Тәрбиеші: -Қалай,Қоян,көңілің көтеріліп қалды ма?

Қоян: -Әрине,қыздар қандай керемет биледі,менің көңілімді де көтерді. Бірақ мен де құр қол келген жоқпын, өзіммен бірге қолшатыр алып келдім.Сол себептен мен қазір балаларды қолшатырмен би билеуге шақырамын.

«Қолшатырмен би»

Тәрбиеші: -Қандай керемет би екен Қоян, ал біздің балалар биден басқа жаңбыр туралы тағы әдемі өлең де біледі, қане тыңдайықшы.

«Жаңбыр» өлеңі

Тәрбиеші: -Міне,балалар біздің «Алтын күз» атты мерекеміз де аяқталуға таяп қалды.Біз қонақтарымызбен қоштасуға тура келеді. Күз ханшайымымы,Қоян,сіздерге біздің мерекеміздің қонағы болғандарыңызға көп рақмет! Келесі кездескенше қош,сау болыңыздар!

Күз ханшайымы: -Рақмет сендерге,балалар, сендер өте ақылды,өнерлі балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды орындадыңдар,сондықтан мен де сөзімде тұрып,сендерге сыйлықтарымды таратайын.

Қоян: -Мен де сендерге рақметімді айтамын,балалар.Менің көңілімді көтеріп,керемет мереке сыйладыңдар! Сау болыңдар балалар!

Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет,         Артта түссін тойланып

                                 Сау болыңдар,балалар,    Келгенше жыл айланып!

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінде оқытылатын "Балбөбек" ересек тобының "Алтын күз" ертеңгілігінің сценариі"
Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 345 745 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 29.10.2019 291
    • DOCX 17 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кадыркулова Акмоншак Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кадыркулова Акмоншак Жумабаевна
    Кадыркулова Акмоншак Жумабаевна

    Учитель начальных классов

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70906
    • Всего материалов: 41

    Об авторе

    Категория/ученая степень: Первая категория
    Я в 1994 году окончила педагогический колледж имени Мағжана Жумабаева в г.Петропавловске, по специальности-воспитатель в дошкольных организациях,в 2001 году окончила Северо-Казахстанский государственный университет, по специальности-учитель начальных классов. Сейчас я работаю учителем начальных классов в КГУ "Тобольская общеобразовательная школа отдела образования района Беймбета Майлина" Управления образования акимата Костанайской области. Общий стаж работы на данное время составляет 27 лет.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 322 540 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Ключевые аспекты эффективного финансового управления предприятием

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы и процессы логистики

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоции и отношения: как управлять собой и понимать других

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека
Смотреть ещё 5 938 курсов