Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілінен ашық сабақ "Абылай хан"

Қазақ тілінен ашық сабақ "Абылай хан"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан.

Сабақтың мақсаттары.

1.Білімділік: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан туралы мәлімет бере отырып, оның қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін кеңейту;

2.Дамытушылық: Оқушылардың тілдік қорын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөйлеу шеберліктерін ,танымдық қабілеттерін арттыру;

3.Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ елінің азаттығы үшін күрескен ұлы ханды үлгі тұтып, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Абылайханның суреті, «Абылай- қазақтың ұлы ханы» бейнетаспа, «Көшпенділер» фильмінен үзінді. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: оқу, баяндау, мәнерлеп жатқа оқу, сұрақ-жауап, синтаксистік талдау, іздену,бейнематериалмен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың эпиграфы: Туған елді сүю парыз,

Сүю үшін тарихын білу парыз.

Сабақтың барысы: 

I.Ұйымдастыру кезеңі:

(Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару)
II.Жаңа сабаққа дайындық:

- Балалар біз қай мемлекетте тұрып жатырмыз?

- Қазақстан қандай ел?

- Енді осы тәуелсіз еліміздің тарихына үңілейік. Қазақ деген ел болсын деп, қазақ деген ұлт болсын деп алғаш қазақ хандығын құрған кімдер?

- Еліміздің азаттығын, ұлан-ғайыр жеріміздің бүтіндігін сақтап қалу үшін күрескен қандай қазақ хандарын білесіңдер?

III.Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

-Бүгінгі сабағымыз үш жүздің басын қосып, жоңғар шапқыншылығынан қазақ елін сақтап қалуға өз үлесін қосқан қазақ халқының ұлы ханы Абылай ханға арналады. Абылай ханның қазақ халқының тарихында алатын орны мен ерлігі туралы мәлімет аламыз.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. Абылай хан – үш жүздің басын біріктірген хан. Абылай  хан (  Әбілмансұр)  ұлы   мемлекет  қайраткері,  қолбасшы  және 

дипломат.   Абылай  20  жасында  қан  майданда  ерлігімен  танылған.    

Әбілмансұр  жекпе  жекке   шығып,  қалмақтың  бас   батыры,  қоңтажы Қалдан  Сереннің  жақын  туысы Шарышты  өлтіреді  атасының аруағын  шақырып,  жауға  «Абылайлап»ат  қойған  Әбілмансұр   жеңісті  ұрыстан  соң,  Орта   жүздің  сұлтаны  деп  танылып,  қазақ  даласындағы  ең  беделді  әміршілердің  біріне  айналады.Абылай  өмір  жолын  ат  үстінде    жорықтарды   өткізіп,   Арыс  өзені  жағасында  қайтыс  болды.  Сүйегі 

Түркістан  қаласындағы  Қожа  Ахмет  Иассауи кесенесінде жерленген. 

2. «Абылай- қазақ халқының ұлы ханы» бейнетаспа тамашалау.

3.Бұқар жырау-Абылайдың кеңесшісі. Әрі кеңесшісі, әрі ақылшысы Бұқар Абылай туралы жырау былай жырлаған:

Хан Абылай атандың

Дүниеден шықпай мініңіз

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың.

4. Абылайдың түсі. (Бұқар жыраудың түсті жоруы)

5. Абылай ханның ұрпақтары.

1)Ш.Уәлиханов-Абылайдың шөбересі, қазақтың тұңғыш ғалымы. Абылай хан туралы зерттеуде шөбересi, ғалым Шоқан Уәлихановтың жинастырған материалдарының алатын орны ерекше. Шоқан: «Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған» деп атап көрсетті.

2) Шот-Аман Уәлиханов-Абылайдың шөбересі, сәулетші, Елтаңбаның авторы.

6.Мағжан Жұмабаев Абылайды «Алаштың арыстаны Абылай ер» деп жырлаған. Абылай әділдікпен хандық құрды,
Тірлікте Абылай аты ұран болды.
Абылай ел бірлігін берік ұстап,
Халқының дербестігін сақтап қалды.

7. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі.

«Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған. Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды» деп атап көрсеткен болатын.

8. Жаңа сөздермен жұмыс.

Шапқыншылық

Қарым-қатынас

Сақтап қалу

Хан көтеру

Біріктіру

Берілген сөздерге синонимдер қарастырып, сөз тіркесі, сөйлем құрастыру.

9.2-тапсырма.

«Абылай хан» мәтінін оқып, талдау.

V.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1. 3-тапсырма.

Мәтінді оқи отырып сөйлемдерді аяқтаңдар.

2. 4-тапсырма.

Берілген сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

VI.Жаңа сабақты бекіту кезеңі:

1. 5-тапсырма.

Ел басқаратын адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек және қандай қасиеттер болмауы керек.

2.Абылай ханның мұражайы.

Абылайханға арналған ескерткіштер, әдеби кітаптар.( І.Есенберлиннің

« Көшпенділер» трилогиясы.

3. «Көшпенділер» фильмінен үзіндіні тамашалау.

VII.Сабақты қорытындылау:

- Абылай бүкіл өмірін неге арнады?

- Абылайды қай жылы хан көтерді?

- Абылай қайда жерленген?

VIII.Үйге тапсырма:

1.«Абылай хан» мәтінін мазмұндау.

2.7-тапсырма, өлеңдерді жаттау.















































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-490163
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>