Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілінен ашық сабақ "Астана қаласына саяхат"

Қазақ тілінен ашық сабақ "Астана қаласына саяхат"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласына саяхат. Бастауыш.

Сабақтың мақсаты:

  • Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, бастауыштан алған білімдерін тереңдету.

  • Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір –біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
     

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер,слайд


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

4. Тіл дамыту сәтін өткізу.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.


Үй тапсырмасы:

Балалар сендерге бүгінгі сабаққа Астананың көрікті жерлері туралы мәліметтерді жинақтап келу тапсырмасы берілген болатын. Өздеріңнің тапқан мәліметтеріңді қайталай отырыңдар. Қазір жаңа сабақ барысында үй жұмыстарың да тексеріліп отырады.


ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: «Астана қаласына саяхат»


-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Еліміздің үлкен, әсем қаласына саяхатқа шығамыз. Қай қалаға саяхат жасайтынымызды анықтап алу үшін мына сөзжұмбақты шешіп алайық.

Сөзжұмбақты шешу.

А)Қазақ халқының музыкалық аспабы.

Ә)Қазақстан Республикасының елбасы кім?.

Б)Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

В)Қазақ халқының ұлы ақыны.

Г)Ас атасы ... Ғ)Қазақстан Республикасының рәмізі.


Сөзжұмбақ

Д

О

М

Б

Ы

Р

А



Н

Ұ

Р

С

Ұ

Л

Т

А

Н

Т

О

Қ

Т

А

Р




А

Б

А

Й



Н

А

Н



Е

Л

Т

А

Ң

Б

А



Қандай сөз шықты? (Астана)

Ендеше, сендермен Астана қаласына саяхатқа шығамыз.Сабақтың тақырыбын дәптерлеріңе жазыңдар.

-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?

-Карта.

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.


Саяхат картасы

1. Вокзал

2. Бәйтерек

3.Пирамида

4.Ақ Орда

5. «Думан»

6. «Хан шатыры»


-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?

( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)

Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сол себепті мен өзіме әр қатардан көмекшілер тағайындаймын. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады.

-Балалар біз Астананың вокзалына келдік. Саяхатымызды 1-ші аялдама вокзалдан бастаймыз. Тақтаға қараймыз.

1-аялдама «Вокзал» Сөздік алқабы. Алдымен жаңа сөздерді тыңдайды. Содан кейін тізбектеп оқиды және сөздермен сөз тіркесін және сөйлемдер құрайды

ғимарат- здание

аялдама-остановка

көрікті-красивий

жаға-берег

орталық-центр

ойын-сауық орталығы — развлекательный центр

Сөз тізбегі.Сөз тіркесі тізбегі .Сөйлем тізбегі.

2-аялдама. «Бәйтерек»

1. Мәлімет беру.

Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы — Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі — 97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.

2. Тапсырма. Астана мәтінімен жұмыс.

Алдымен мәтінді тыңдайды. Содан кейін тізбекпен оқып шығады. Мәтіннің мазмұнын түсінгенін «Даналық ағашы» ойыны арқылы білетін боламыз. Бұл ойында оқушылардың алдында Экскурсовод қыз тұрады. Мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығып, әр оқушы мәтін бойынша сұрақ жазады. Ол жазылған сұрақтарын Экскурсовод қызға береді. Кейін сол сұрақтарға өздері кезекпен жауап береді. (Астана туралы қысқаша мәлімет.)

Астана.

Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды. Ол «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған, үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. «Бәйтерек» — Астана символы.Сонымен қатар думан ойын сауық кешені бар.

«Думан» ойын – сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, «Джунгли» балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар. «Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 -ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.


3-аялдама «Пирамида»

Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Тапсырма

Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік. Неғұрлым тез орындасаңдар, соғұрлым тез келесі ғимаратқа жететін боламыз. Сендерге сәттілік тілеймін!

«Астана» мәтінінен бастауыштың сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп,дәптерлеріңе жазып алыңдар.Электронды жүйеден бастауыштың анықтамасын тыңдап, қайталап айту.

Дәптерге жазған жауаптарын әр топтан бір-бір оқушы оқиды.


4-аялдама «Ақ Орда»

«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында ҚР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.

Тапсырма

«Ақ Орда» бізге сандық сыйға тартып отыр.Бұл – жай сандық емес, сиқырлы сандық.Ал енді осы сандықтың сұрақтарына жауап беріп, келесі ғимаратқа жетейік.

« Cиқырлы сандық» . Сандықтан сандар жазылған асықтарды алып, жасырынған сұрақтарға жауап беру.

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

2.Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.

3.Бәйтеректің ұзындығы қанша?

4.Бастауыш дегеніміз не?

5.Бастауыштың сұрақтары қандай?

6.Отан,туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

-Балалар, біз сендермен төртінші аялдамадан өттік. Барлығымыз шаршаған шығармыз. Олай болса, бір сергіп алайық.


Сергіту сәті (Интербелсенді тақтаға қарап орындау)


5- аялдама «Думан» (Мәлімет беру)

«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны.

Тапсырма

Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын – сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты. Адасқан сөздерді орнына қойып ,жазып, синтаксистік талдау жасаңдар. (Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, Қазақстанның, аймағында.) Бұл тапсырманы 1-ші деңгейдің оқушысы тақтада орындайды,қалғандары дәптерлеріне жазып отырады.


6-аялдама «Ханшатыры»

Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200-дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындары өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.

Тапсырма

Міне, біз соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Ендеше, «Ханшатыры» аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.

Деңгейлік тапсырмалар:


III-деңгей: Дыбыстық талдау жасау (ғимарат)

II-деңгей: Септеу (Астана)

I-деңгей: Жіктеу (Саяхатқа шық)


Бекіту:

-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.

-Саяхат сендерге ұнады ма?

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік. Ал енді балалар қаламызға қайту үшін біз қазір сіздермен топтық жұмыс орындаймыз.

I-топ: Бес жолды өлең құрастырады (Астана)


II-топ: Астана тақырыбы бойынша кластер сызбасын жасаңдар.


Үйге тапсырма: I-деңгей: 1.Астана мәтінін мазмұндау

2.Шығарма жазу «Астана-арман қала»


II-деңгей: 1.Астана - диалог

2.Септеу- кешен

III-деңгей: 1.Аялдама аттарының өзіңе ұнағанын мазмұнда

2.Дыбыстық талдау – саяхат.

Бағалау: Әр қатардағы көмекшілер бағалайды.


Аты-жөні

Үй тапсырмасы

1-аялдама

2-аялдама

3-аялдама

4-аялдама

5-аялдама

6-аялдама

Сөзжұмбақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров171
Номер материала ДВ-478488
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх