Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілінен ашық сабақ "Қазақстан Республикасының Президенті"

Қазақ тілінен ашық сабақ "Қазақстан Республикасының Президенті"


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Президенті»
Мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

2.Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивті әдіс, проблемалық сұрақтар,сын тұрғысынан ойлау, сұрақ- жауап, іздену, сұхбаттасу, пікірталас. Сабақтың көрнекілігі: Елбасы туралы слайдтар , бейнетаспалар, «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» презентация . Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. II. Білімді тексеру кезеңі:

-Қазақ елі қандай маңызды мерекені атап өтуге дайындалуда?

-Қазақ елі тәуелсіздігін қай жылы алды?

-Еліміздің тәуелсіз, егеменді ел болуына өз үлесін қосқан ірі қоғам қайраткерін атаңдар.

Ел болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағың жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

III. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

Бүгінгі сабағымызды « Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ. Осы жолда мен бойымдағы қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...» деп елі үшін аянбай тер төгіп жүрген тұңғыш Президентімізге арнаймыз

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1.Әлжан ананың Райымбек батырдың басына келіп түнегенде көрген түсі туралы .

Құрсақты болады екенсің, шекесі торсықтай ұл табады екенсің, өмірі күреспен өтеді екен”, – дейді. Алла анамыздың тілегін беріп, дүниеге болашақ Президентті әкеледі.Айтса айтқандай, Нұрсұлтанның өмірі ел үшін,болашақ үшін күреспен өтіп келеді.

2. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы» презентация.

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі Әбіш, шешесі Әлжан қарапайым адамдар болған. Әжесі Мырзабала Нұрсұлтан есімін берген.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы техникалық оқу орнын бітірген.

1967-1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

1977-1984 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы,

Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы болды.

1984-1989 жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды.

1990 – жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Президенті болды.

1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда республика азаматтарының 98,7 пайыз қолдауына ие болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2010- жылы 15 –маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. 3. Президент лауазымы туралы.

Қазақстанда президенттік лауазым КСРО-ның ыдырауы қарсаңында енгізілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды. Президентті (лат. – алда отырған, бастауыш) мемлекет басшысы деп жариялады.

4. Жаңа сөздермен жұмыс.

Заңнамалық- законодательный

Атқарушылық- исполнительный

Соттық- судебный

Кепіл-грант

Тағайындау- назначать

5. «Қазақстан Республикасының Президенті» мәтінін оқып, талдау.

6. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

- Қазақстандағы мемлекеттік билік ҚР Конституциясының қай бабында айтылған?

-Республикада мемлекеттік билік қалай жүзеге асады?

-Мемлекеттік биліктің қандай тармақтары бар?

V. Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі: 1. 3- тапсырма. Төмендегі сөйлемдердегі бос орындарды толтырып жазып, синтаксистік талдау жасаңдар.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басқарушысы болып табылады.(хабарлы, жай, жақты, жайылма, толымды) Елбасы- Қазақстан Республикасы Конституциясының, адамдары мен азаматтарының құқықтары мен бостандығының кепілі.

2.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлт болашағы туралы айтқан пікірі.

«Менде қазақтың елдігін,Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ!» «Қасиетті қазақ жері – ата –бабаларымыздың даңқты тарихынатының тұяғымен жазып кеткен жер» «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

3. Нұрлы жол- болашаққа бастар жол. Біз жалпыұлттық идеямыз- Мәңгілі Елді бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық

VI.Бекіту кезеңі 1. Елбасының бастауымен Қазақстанның бағындырған белестері.

1. Тәуелсіздік

2. Мемлекеттік тіл

3.Мемлекеттік рәміздер

4.Ата Заң

5.Ұлттық теңге

6. Шекара

7. Астана

8. Семей полигоны

9..Шет елдегі қазақтар

10.Спорт Азиада -2011, Лондон Олимпиадасы

2.«Сандар сыр шертеді»
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады
1991 жылы 1 -желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
1995 жылы 28 - қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды. VII. Үйге тапсырма: VIII. Сабақты қорытындылау:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қазақ атымызды көкке көтеріп, намысты ұл, инабатты қыз, айбынды ел болуға ұмтылайық!»

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-348982

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG