Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілінен ашық сабақ "Қысқарған сөздер"

Қазақ тілінен ашық сабақ "Қысқарған сөздер"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

6а сынып Қазақ тілі .


Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1. Қысқарған сөздер туралы білім қалыптастыру

2. Күрделі атаулардың әр түрлі жолдармен

қысқартылатындығын меңгерту.

Тәрбиелілік: 1. Мысалдар мен жаттығулар арқылы көркем

шығармаларды оқуға қызықтыру,оқушының сезі-

мін ояту, жақсы мен жаманды айыра білуге тәр-

биелеу.

  1. Оқушыларды елжандылыққа, инабаттылыққа,

әдемілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:

  1. Оқушылардың сөздік қорын байыту. Жарыстыру,

ойын әдістері арқылы сабаққа қызығушылығын дамыту. Ой-өрісінің кеңеюіне жол ашу.


Сабақтың әдістері: Түсіндіру, өзіндік ізденіс, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, ойын әдістері.


Сабақтың көрнекілігі: Interakniv тақта, кеспе плакат, тест сұрақтары, карточкалар.


Пәнаралық байланыс: тарих пәні.




Сабақтың барысы


I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу және оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Қажетті материалдардың болуын қадағалау.


II. Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру кезеңі:

  1. 97-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, қос сөздердің арасына дефис қойыңдар. Үлгі: Қызыл армияның шабуылы үсті-үстіне үдей түсті.

  2. 99-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Қос сөздердің түрлерін анықтап, олардың қандай жолмен жасалғандығын айтыңдар.

  3. Тест тапсырмалары:

I нұсқа.

1. Біріккен сөзді табыңыз:

а) ұзынды-қысқалы; ә) итмұрын; б) демеуші;

2. Туынды сөзді көрсетіңіз:

а) алыстан; ә) үсті; б) қуырдақ;

3. Күрделі сөзді көрсетіңіз:

а) білім; ә) жаздай; б) биыл;

4. Қос сөздің жасалу жолын табыңыз:

а) шылау арқылы; ә) сөздің тіркесуі арқылы; б)сөздің қайталануы арқылы;

5. Қос сөз қай сөз табынан, табыңыз:

Ақиқат өзін-өзі ақтап алар.

а) зат есім; ә) есімдік; б) есімше;


II нұсқа.

  1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді табыңыз.

а ) зейнетпен; ә) зейнетті; б) зейнеткер;

2. Бірге жазылатын күрделі сөзді көрсетіңіз.

а ) Балқан көлі; ә) тас бақа; б) бала шаға;

3. Күрделі сөзді табыңыз

а ) ер-тұрман, сексен алты, ауылшаруашылық;

ә) шөпшек, АлМУ, келбетті;

б) саржайлау, өмір жетпіс

4. Зат есімнің жасалу жолын табыңыз: Көкшетау

а ) туынды түбірден жасалған;

ә) бірігу арқылы жасалған;

б) қысқару арқылы жасалған;

5. Сөз тудырушы жұрнағы бар сөзді табыңыз

а ) биыл, оп-оңай;

ә) орманға, күні кеше;

б) жасау, жазушы;



  1. Алған білімдерін бекіту, тиянақтау.

3. «Кім білгіш» ойыны.

Сөзжасамнан өткенді қайталау сұрақтары:

  1. Түбір мен қосымша. Мысал келтір.

  2. Қос сөз деген не? Неше түрі бар? Мысал келтір.

  3. Қайталама қос сөз қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.

  4. Қосарлама қос сөз қалай жасалады? Мысал келтір.

  5. Біріккен сөз деген не? Оның емлесі.



  1. Жаңа білім қалыптастыру кезеңі.

Балалардың назарын тақтаға аударып, кесте арқылы қысқарған сөздердің жасалу жолы мен емлесін түсіндіру.

Рет

саны

Қысқарған сөздердің жасалу

жолы

Мысалы

1.

Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады.

БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы

ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер

Достастығы

2.

Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен

құралады.

ҚазМИ Қазақстан медицина институты

АлМУ Алматы мемлекеттік

университеті

3.

Күрделі атаулардың құрамында-

ғы бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп қолданылады.

атком-атқару комитеті

педколледж-педогогикалық колледж

4.

Техника түрлерінің (машина, ұшақ, трактор, т.б.) маркаларын білдіретін шартты белгілер.

ГАЗ-51, ТК-154, ИЛ-86, АН-247

Ол ГАЗ-53 көлігімен шөп тасыды.

5.

Әр түрлі өлшемнің атауы.

См, кг, км, га, мм, ц, т.

1кг бал жинау үшін ара он тоғыз млн гүлге қонады.




Қысқарған сөздердің емлесі

Қосымша дефис арқылы жазылады.

Қосымша бірге жазылады.

Жазылмайды.

БҰҰ-на

ҚазМИ-на

ТУ-154-пен

колледжге

Кг-ның


Күрделі атаулардың белгілі бір тәсілдермен қысқартылып алынуын қысқарған сөздер деп атаймыз.


    1. Алған білімдерін бекіту.

I топ II топ


1-тапсырма.

Плакатта әріптер тізілген. Сол әріптерді пайдалан отырып, оқушылар қысқарған сөздер тізбегін құрайды. Қай топ белгілі уақыт ішінде көп қысқарған сөз тапса, сол топ жеңіске жетеді.

2-тапсырма.

103-жаттығу. Төмендегі қысқарған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап айтыңдар. Қысқарған сөздердің толық атауын жазыңдар. Үлгі: см-сантиметр.

VI. Қалыптасқан білімді қорытындылау.

Оқушыларға сиқырлы таяқша ұсынамын. Сиқырлы таяқшаны ұсына отырып бүгінгі сабақтан « не білдің?» сұрағына жауап айтуларын сұраймын.



  1. Үй тапсырмасын беру.

Баспасөз материалдарынан қысқарған сөздерді тауып, жинау. Қандай жолмен қысқарғандығына назар аудару. Дәптерге көшіріп жазып келу.

102-жаттығу.Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркестері мен сөйлем құрастыру.


  1. Бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуын ескере отырып, және үй тапсырмасын орындауларына назар аудара отырып тиісті бағаларын қою.
























Күні: Пәні: Сыныбы:



Сабақтың тақырыбы: Синонимдер


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту. Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.


Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы


Сабақтың әдісі: проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ-жауап, ізденушілік, түсіндіру


Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаз, сурет, interactiv тақта


Пәнаралық байланыс: әдебиет


Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, қажетті материалдардың болуын қадағалау.

  2. Үй тапсырмасын сұрау. Өздері оқыған өлең кітаптарынан, газет журналдардан омонимдері бар жаңылтпаштар мен өлең шумақтарын тауып жазу. «Омонимдер» тақырыбы бойынша үлестірмелі қағазбен сабақты қалай меңгергендігін сұрап білемін.

  3. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты меңгерту слайдтарға жазылған мысалдарды оқи отырып, түсіндіруден басталады. Келтірілген мысалдар арқылы синонимдердің бір сөз табынан ғана болатындығын, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратындығын түсіндіремін.

Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейтіндігін, кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болатынын төмендегі мысалдар арқылы түсіндіремін.

hello_html_72d50d51.gifhello_html_72d50d51.gifhello_html_72d50d51.gifhello_html_72d50d51.gifҚарт кәрі биік бойшаң




Адам адам мал тау адам


Суретпен жұмыс.

  1. Қой бағып тұрған кісінің суреті көрсетіледі де оның кім екендігі сұралады. Оқушылар қойшы, бақташы, шопан деп жауап береді де , ол сөздердің өзара синонимдес екендігі түсіндіріледі.

Сұрақ: Қойлар қайда жайылып жүр?

Жауап: Өрісте, жайылымда немесе тауда, беткейде.


  1. Дәрігердің суреті көрсетіледі.

Сұрақ: Бұл кім?

Жауап: Дәрігер, емдеуші, ақ халатты абзал жан т.б.

Сұрақ: Ол кімді емдейді?

Жауап: Ол ауру дамды, науқасты, дімкәс адамды, сырқат, дертті адамдарды емдейді деп жауап береді.

Дәл осындай жұмыс оқушылардың ойлануына, білгенін есте сақтауларына көмектеседі.


Венн диаграммасы:

Омонимдер

Өзіне тән белгілері:

А) айтылуы бірдей;

ә) әр сөз табынан болады, соған орай атқаратын қызметтері де әртүрлі болады.

Ортақ қасиеттері:

А) тіліміздегі сөздердің қолданылу аясының кең екенін көрсетеді;

ә) сөз байлығын көрсетеді;

б) көркем әдебиетте, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең жолдарында көркемдік әдіс ретінде жұмсалады.

Синонимдер:

Өзіне тән қасиеттер:

А) айтылуы бөлек, мағыналары жақын сөздер;

ә) бір сөз табына қатысты болып, бір ғана сөйлем мүшесінің

қызметін атқарады.








Зат есімдер

Кім?

Сын есімдер

Қандай?

Етістіктер

Не істеу?

Үстеулер

Қашан?

мұғалім

ұстаз

педагог

оқытушы

тәрбиеші

қадірлі

қастерлі

құдіретті

құрметті

қадірменді

күту

тоқтау

кідіру

аялдау

тосу

тез арада

жуықта

таяуда

жуырда

жақында


Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер мағыналық жақтан жақын, өзара мәндес болуымен бірге, барлығының бір сөз табына қатысты сөздерден жасалуы шарт. Әр түрлі сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатарды жасау үшін оның құрамына енетін сөздердің барлығы да не бірдей зат есімнен, не бірдей сын есімнен, не бірдей етістіктен, не бірдей үстеуден болуы керек. Синонимдік қатарлар ір сөз табының құрамында бар.

Әр бағанадағы сөздерге сұрақ қойып, бір бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып, синонимдерлің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығарып, кітаптағы ережемен салыстырамын. Енді сол айтылған қорытындыны слайдқа жазылған сөйлемдер арқылы дәлелдеу.

  1. Абырой да, бақ та, атақ та, даңқ та бәрі осы егістікте.

  2. «Қырық өтірік» ертегісінде Тазша бала өжет, тапқыр, шешен әрі ақылды кейіпкер.

  3. Ата-анамыз бізді жан аямай бағады, өсіреді, тәрбиелейді.

  4. Айшылық,алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.


  1. Жаңа сабақты бекіту.

71-жаттығуды орындау. (ойын түрінде орындалады)

Әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасау. Бұл тапсырманы орындау үшін үш қатарға бір синоним сыңарын беріп, синонимдік қатарлармен толықтыру тапсырылады.

1-қатарға «туысқан» сөзі.

2-қатарға «данышпан» сөзі.

3-қатарға «қаймығу» сөзі.


71-жаттығуды сынып болып талдау.

а) екі, үш оқушыға мәтінді оқытамын;

ә) Ғажап, шақ, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тапқызамын.

Ғажап- ғажайып, ғажаби, керемет, ғаламат, таңғажайып

Шақ- тура, дәл

Уәде- пәтуа, уағда

Айла- шарғы, китұрғы, қулық, амал

Жан-кісі, адам,пенде


  1. Үй тапсырмасын беру.

72,73- жаттығу. Мәтіннен синоним табу.


  1. Сабақты қорыту. Оқушыларға «Бүгін біз не білдік?», «Қандай тақырыппен таныстық?» деген сұрақтар қойып мысалдар келтіртемін.

  2. Білімді бағалау. Сыныпта белсенділік танытып,тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.












































Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кейіпкерлердің портретін, мінездемесін, іс-әрекетін, психологиялық жай-күйін, ішкі монологін беру арқылы романның идеясын тереңірек ашу.

Тәрбиелілік: Кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді ашу арқылы оқушыларды дамгершілікке, ізгілікке, жан тазалығына, жан сұлулығына тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін дамыту. Ойлау көкжиегін кеңейту.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау әдістері

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: интерактивті тақта, слайдтарға түсірілген №1,2,3,4,5,6 тірек сызбалары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих



Сабақтың барысы


I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


II Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы сұрақтар беру арқылы сұралады.

Сұрақтар:

  1. «Қамар сұлу» романының жазыған уақыты қай кезеңге жатады?

  2. Романның тақырыбы?

  3. «Қамар сұлу» романының көтерген мәселесі.


III Үй тапсырмасын пысықтау

«Қамар сұлу» романы өзінің тақырыбы мен мазмұны жағынан әлеуметтік роман. Романның негізгі идеясын жазушы әрқилы тағдырлар, адам бейнелері арқылы ашуға тырысады. Оның кейіпкерлерінің көзқарасын әртүрлі адамдардың қақтығыстары негізінде жіктеледі. Бір заманда екі түрлі көзқарастың пайда болуы, олардың арасындағы тартыс суреттеледі.


VI Жаңа білім қалыптастыру кезеңі


«Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі


hello_html_m6946815c.gif











hello_html_m10e79f8a.gifhello_html_5b4747a1.gif


hello_html_492649dd.gifhello_html_m5f7f47ef.gif




Қамар

Ахмет Омар Ескішіл

топ өкілдері:

Нұрым, Қалтан, Оспан.




Қамар портреті:

Толықсып толып тұрған сәні қандай?

Еріткен іші бауырыңды көзі қандай?

Жайтаңдап жанкүйдірген көзі қандай?

Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі

Нұрлы жүз жан-жағыңа сәуле шашып,

Бойының мінсіздігі онан асып....

Балауыз балбыраған тәні қандай?

Ақыл-ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай?

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай?

Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,

Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді,

Ең арты жүрсе дағы аяқ басып.

Ахметке жазған хатынан үзінді:

Хұп алдым ықыласыңды, замандасым,

Белгілі сенен жақсы таба алмасым.

Сонда да үмітіңді үз, менен түңіл,

Доп емес әркім қағар менің басым


Сен шыда күйіп тұрсың бірақ отқа

Болсаң да қандай қызу жалын шоқта.

Аузың айтып, аржағың біліп тұр ғой,

Екі оттың арасында тұрғам жоқ па?!


...............

Жан құрбым сабыр етші, жанымды алмай

Күйіп тұрған жаныма жалын салмай.

Не сенен, не өзімнен жол табылса,

Қалатұғын ойым жоқ саған бармай.

Тіпті жоқ сенен өзге сүйген кісім

Мағлұм бір аллаға үшпу ісім.

Хатыңды көрген қайран болып,

Жол таппай құр қайнайды іші-тысым.


Қамардың молдаға жауабы:

Не болар, соған барып менің халім,

Барады ішке сыймай қайғы зарым.

Өмірімді сол жауызға қор қылғанша

Өлтір жұртым қолыңнан, адал қаным!

Бармаймын матасаң да , байласаң да

Кәрі итті алтын жағып майласаң да.

Өлемін осы арада оны көрмей

Көнбеймін бұғаулатып айдасаң да.


Қамардың Ахметке жазған хатынан үзінді:

Әрине, өзің теңсің, малың шашар,

Халің жоқ және дағы алып қашар.

Болса да басың бұлбұл, аяқ дүлдүл,

Біреуге кісі тапшы аяқ басар.

Ақыл ой, сын сымбатта маған теңсің,

Шыбыным шын сүйгенім жалғыз сенсің.

Ту бие, қара саба болмаған соң

Икемге менің елім қайдан көнсін.


Қамар:

М.К.- А,құдай, жасты жасқа қор қылғаның,

Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның.

Біреуге алтын, гауһар, бақыт беріп,

Астына жұрт билеген хан қылғаның.

Біреуге мал мен бақты үйіп беріп,

Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның

Біреуге Аплатондай білім беріп,

Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның.

Қыздарын теңге бермей, малға беріп,

Қазақты қара көңіл аң қылғаның.

Мейлі, доңыз болсын, қоңыз болсын,

Малдыны кісімсітіп паң қылғаның.

Көрсетіп құдіретіңнің шеберлігін

Пенденңнің миы жетпес таң қылғаның.


Психологиялық жай – күйі:

«Ахметті сүйемін-ақ, сүйгенім үшін осынша күйемін-ақ, ал енді, шыдадым.... Қараландым. Күні ертең ел-жұртым екеумізді екі айырып жіберді... Онда не болдық? Қосылуға қарар таппаған көңілңміз айырылысуға неғып шыдатады? Әке, ағаларым болса, мен оған бермек тұрсын бұл жазғанын сезсе де, бұл күнімізді өзімізге көп қылады ғой?!» -деді.



Ахметтің Қамарға жазған хатынан:

Көп жүрдім шыдайын деп. Іштен жанып.

Кейде солай, кейде бұлай ойға қалып.

Амалсыз арды түйіп, қалам алдым,

Кеткен сқң ғашық оты бойымды алып.

Ойнайық аз ғана күн дәурен өтпей,

Тұрғанда басыңыздан билік кетпей.

Шығаршы жүректегі шын сырыңды.

Жаутаңдап екі сөзді мөлдіретпей.

Талпынып қол сермедім ұқан құсқа.

Болса да жетер ме депқолым қысқа.

Көзге күйік көріндің, іш күйдірдің,

Мейірімсіз отқа салдың, бұл дұрыс па?

Ақ тұйғын талпынбай ма теңге қарай,

Басын кессе бара алмас көлге қарай

Дауасы сырқатымның жалғыз сенсің

Талпындым жаным үшін елге қарай.


Ахмет:

«...Ойдағым келді ме, жылы жауап берді ме, Қамар мені сүйді ме, Сүйгендіктен күйді ме?»

Малдылық, маскүнемдік, қарын тоқтық,

Деуші едім неге керек сыпыра боқтық.

Қазақтың қаны жаны сонда екен ғой

Діңкемді құрттың міне, әттең, жоқтық.


Қамар:

- Жан досым, Ахметпісің, жанымбысың? Қайдан...? Қайдан келдің? Қайда жүрдің? «Қарағым» дейтін Қамарыңды көргелі келдің бе? Міне, Қамарың! Көр! Көр!.....міне......міне!...»

Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар,

Амалсыз бәріне де көнген Қамар.

Айдай әлем аузының суын құртып,

Арманда арсыздардан өлген Қамар.

Құдайға бүгін алса арманым жоқ,

Түксиген, түк сақалға барғаным жоқ.

Қорлықта қосыла ламай кетсем дағы,

Әйтеуір жүзін көрмей қалғаным жоқ.


Қамар монолігі:

- Уай, дүние!... Арманда кеткем қыршын жаным-ай!... Қазаққа мұнан былай жарық көрсет.... Қанағат бер, құдайым-ай!


Ахмет:

Кетіп ем күйік қылмай сенен қашып,

Шыдамай тағы клдім жаным ашып.

Астында алты қырдың жүрсем дағы,

Өртедің іш бауырымды, қайран ғашық!

Сені кім отқа салды шырылдатып,

Қойыпты тамағыңды қырылдатып,

Құтырған көк төбеттей арс-арс етіп,

Бақсыны кім әкелген ырылдатып.



Ахмет портреті: жасы жиырма бесте оқыған, ақыл, ой зеректігінің үстіне сұңқарды баласындаі бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ақын, жарып салма өткір.


V Алған білімдерін пысықтау

Кйіпкерлерді портреті, мінездемесі, іс-әрекеті психологиялық жай-күйі, монологі арқылы көз алдына елестету.


VI Қорытындылау.

«Қамар сұлу» романының идеясы сол замандағы қазақ қызының ауыр тағдырын көрсету, әйел теңдігін көтеру. Оқыған, көрікті, ақылды, көкірек көзі ояу Қамардың заманынның кертартпалығына шырмалып қалуы және сол заманның кертартпа әрекетіне көндігуі.

-Уай, дүние!... Арманда кеткен жаным-ай! Қазаққа мұнан былай жарық көрсет.... Қанағат бер, құдайым – ай!

VII Бағалау

Оқушыларды үй тапсырмасын орындап келулеріне байланысты, сабақ барысында қатысып отыруларына қарай бағалаймын.


VIII Үй тапсырмасын беру

«Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі. Омар бейнесін кеңінен ашып келу.







































Хаттама №2


2008 жылы 15 қазан күні филологиялық пәндер бірлестігінің отырысы болды.


Қатысуға тиісті: 6

Қатысқаны – 6


Күн тәртібінде

  1. Оқушыларға ғылыми білім берудің әдіс-тәсілдері.

  2. Оқу кабинеттеріндегі картотекалық жүйелерді толықтыру.

  3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын жылдамдату.


Тыңдалды

  1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Құмарбекова Г.Қ. сөйледі.

Мәлімдемеші өз сөзінде «Оқушыларыға ғылыми білім берудің жаңа әдіс- тәсілдері» және олардың бірлестік мұғалімдері сабақтарында қолданылуы туралы сөз қозғады.

..... Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа-сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері яғни жаңашыл сабақ.

Жаңа дәуірдің жан-жақты дамыған адамын тәрбиелеу оңай емес, ол үшін мұғалімге үлкен ізденудің, оқытуды ізгілендіру аспектілерін пайдаланып жүзеге асырудың мәні зор.

Осыған орай жаңашыл идеялар көптен шыға бастады. Сол жаңашыл педогогтардың идеясымен жұмыс істей білу-әр педогогқа қойылатын талаптардың бірі.

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педогогикалық күрделі құбылыстарды идеялық, адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаашыл ойлау дағдысын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болу керек.

Оқушылардың дүниетанымдық қасиеті, ізденгіштікпен мәселелерді шеше білуі үшін, ойлау қабілетін активтендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана білудің маңызы зор.

Жаңашылдықпен жұмыс істеу, оқытуды ізгілендіру нәтижесінде мұғалім төмендегідей жетістіктерге жете алады:

  1. Жан-жақты дамыған заман талабына сай адам тәрбиелеп шығу.

  2. Оқыту, білім берудегі білім сапасын көтеруге қол жеткізу.

  3. Оқушының дүниетанымдық қасиетін дамыту.

  4. Сын тұрғысынан ойлауды көздейтін ойшыл азамта тәрбиелеу.

Жаңа технология бойынша оқыту кез-келген ұстазға сапалы білім беруге мүмкіндік береді.....»

Дей келіп мәлімдемеші бірлестіктегі әрбір мұғалімнің жаңашыл әдістер мен тәсілдерді қолдануы туралы айтып өтті. Мұғалімдер сабақтарынан орын алған ынтымақтастық технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы т.б. оқытудың әдістері мен тәсілдерінің оқушыларды білімге тартудың бірден бір жолы екенін, дегенмен ол әдістер мен тәсілдерді күнділікті пайдалану нәтижесін сарапқа салып отыру қажеттілігін айтып өтті.


  1. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша әрбір пән мұғалімдері өз кабинеттеріндегі картотекалық жүйелердің есебін берді.

2007-2008 оқу жылында жасалған үлестірмелі карточкалар, сызба кестелер демонстранциялық құралдар мен оқу әдістемелік құралдардың есебін мәлімдей келіп, 2008-2009 оқу жылына жасалған жаңа толықтырудың жоспарларын ортаға салды.

Әрбір оқу кабинетінің жоспары талқыланып, картотекалық жүйелерді жасаудың кемшіліктері мен оларды жөндеудің, жаңа толықтырулардың барысы талқыланды.


  1. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын қалай арттыру керектігі жөнінде бірлестік мүшелері ой бөлісті. Ең алдымен, сабақтың қызықты, мазмұнды өткізілуін оқушының білімге деген құштарлықтарын арттыру керектігі айтылды. Тынбай жұмыс жасай отырып, оқушылардың білім сапасын көтеетіндіктерін айтып өтті.

Жаңа оқу жылы көлеміне жоспарланған оқу әдістемелік шараларға қайта назар аударылып, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатындағы жұмыстардың мазмұнды өткізілуіне назар аударылды. Оқу әдістемелік бағытта жас мұғалімдердің сабақтары назардан тыс қалмауы және әрбір сыныптағы үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізілу барысы мезгіл-мезгіл есепке алынып отыру қажеттілігі айтылды.


163 орта мектептің филология бірлестігінің 2008 жылғы 15 қазан күнгі кезекті отырысы қаулы етеді:

  1. Дарынды оқушыларыды дайындау әр пән мұғалімдеріне жүктелсін.

  2. Пән кабинеттерінде картотекалық жүйе толықтырылсын.

  3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жандандырылсын.









Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдерден өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді.

Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер ағарту саласының алдына көптеген міндеттер қойып отыр. Әсіресе, білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін ескерген стандарттардан бас тартып, жоғарғы оқу орындарында қабылдау жүйесі өзгеріп, білім деңгейі басқаша бағаланатын болды. Бұл өті кқңілге қонымды әрі тиімді шара. Ол біріншіден, дарынды балаларға жол ашты, олардың білім көрсеткіштерінің нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік берді, екіншіден, әрбір мектеп ұжымыныңмұғалімдерінің өз мүмкіндіктеріне жауапкершілікпен қарауына, көтеріңкі бағалардың көлеңкеде қалуына себептігін тигізді. Сонымен қатар Президентіміз бастап жүргізіп отырған саясатқа, демократиялық сипат беріп, қоғамдық оң көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.

«XXI-ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»-деп Президенттіміз Н.Ә.Назарбаевтың білім беруге ерекше мән беруі, даму үрдісін қадағалап отыруы оның нақты дәлелі. Сондықтан білім беру көп нұсқалы, деңгейі әр түрлі, кәсіби әрқилы жүйенің жинақтығы ретінде сипатталатын нарықтық экономика заманында болашақ мамандарды кәсіби қызметке дайындау, оларды өз мүмкіндіктерін ең жоғарғы тұрғыда қоғам игілігіне жұмсап, шығармашылық, ізденімпаздық қабілетін арттырып, іскерліктерін дамытып, сапалы да саналы еңбекке тәрбиелеу-қазіргі ең маңызды міндеттердің бірі. Міне, осындай маңызды мәселелерді іске асыруда модульдік технологиялық әдістемелерді, тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланудың алатын орны ерекше.

Модульдік-интерактивтік оқытудың педогогикалық-психологиялық негізі-баланың психологиясын зерттеуден басталады. Баланың неге оқығысы келмейді?-деген сұрақты қоймас бұрын адам не үшін өмір сүреді?-деген сауалға жауап ізделік. Болашақ үшін-деген жаттанды сөздерді естиміз. Ал сол баланың өзіндік өмірі, өз қажеттілігі болатындығын үнемі естен шығарып аламыз.

Қазір білімнің бұрынғы мағынасы өзгеріп, жаңа түрмен алмастырылды; өзін-өзі дамытушы, өзектілендіруші, танытушы және өз мақсатын жүзеге асырушы тұлға-балаға қарай бағытталады. Бұл жаңа буын парадигмасы-модульдік интерактивті оқыту технологиясы деп аталады. Модуль деген қандай да бір жүйенің дербес бөлігі. Модульдік интерактивті оқыту бірінші орынға білім білік дағдысын емес, баланың білім арқылы жеке тұлға ретінде дамуын қояды.

Бұл технологияның елуден астам түрі бар. Бұл технология алдына бес мақсат қояды:

  1. Жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру.

  2. Жеке тұлғаның танымдық процестерін дамыту.

  3. Жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін дамыту (ойлау арқылы жүзеге асады).

  4. Жеке тұлғаның белсенді тіл қорын дамыту.

  5. Жеке тұлғаның оқуға деген ішкі ынтасын дамыту.

1-мақсат. Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Психолог Фридман қажеттіліктің 23түрін анықтаған. Бұл технология негізінен психолог Маслоу бес негізгі қажеттілігін алады. Бұл қажеттілік пирамида деп аталады.

1. Бұл қажеттілікке тамақ, ауа, ұйқы жатады.

2. Баланың ішкі қобалжу жағдайын тудыру.

3. Баланың өзі деігейлік тапсырманы таңдап алады. Бала шамасына қарай тапсырманы орындайды («Сен ақылдысың, бірақ бүгін ақымақтық жасадың!»)



5hello_html_640f103f.gif.Өзін-өзі көрсету



4.Сүйіспеншілік



3.Сыйлау қажет



2. Қауіпсіздік қажет


1. Физиологиялық


  1. Баланың өзін-өзі ашып беруі.

  2. Актуализация-өзектендіру. Баланың өзі әрекет ететіндей жұмыс ұйымдастыру.

2-мақсат: Танымдық процеске: ес, зейін, ойлау, қабылдау, елестету жатады. Жалпы ақпаратты есте сақтау үшін жеті рет оралу керек. Әрекет кезінде кері 13-14 рет оралу. Бала естиді, жазады, айтады. Шағын топ 5-6 баладан тұрады.

3-мақсат: Ерікті зейін қалыптасса есте жақсы сақталады. Баланың ойлауы мен танымдық қабілеттерін дамыта ойлау арқылы қалыптастырамыз.

4hello_html_m8c156c1.gifhello_html_m406f5bd.gifhello_html_mbea6f02.gif-мақсат:




Қалай айналдыру керек?

Ол үшін сөйлеу керек.

Тілдік орта ұалыптастыру.

Бірін-бірі тексеру.




5-мақсат: Ішкі ынта жоғары болады, егер бала өз күшіне сенсе ол осыған бағытталған.

Дәстүрлі педогогикада негізгі бірлік сабақ. Бұл технологияда сабақ үш бөлімнен тұрады.

1. Кіріспе бөлім

1-2сағат


8% өзгерісті 2бөлімге енгізуге болады

2. сөйлеу бөлімі

5 сағат

  1. қорытынды бөлім

(бақылау)

1-2 сағат

Сөйлеу бөлімінде кіріспе бөлімі алынады. Сөйлесу бөлімінің бір сағаты кіріспе бөлімінде берілген тақырыпты мәтінді оқып, үйренуге бағытталады. Үшінші сабақтан бастап үш деігейлі тапсырма беріледі. Әр деңгей көлемін үш түрлі бағалау.

Сөйлесу бөлімінде бағалар ынталандыру үшін қойылады.

Қорытынды бөлімінде бір деңгей тапсырма беріледі. Қорытынды бөлімінде бақылаудың екі түрі енгізіледі. Бірінші, міндетті тест, екінші пәннің ерекшелігіне байланысты мұғалімнің өзінің таңдауы бойынша диктант, сынақ, мазмұндама, шығарма.

Тіл сабақтарында бұл технологияны қолданғанда біршама жетістіктерге жетуге болады.Оқушыларға қиын тиетін тақырыптарды баланың қабілетіне қарай ыңғайластырып беруге, баланың қызығушылығын арттыру үшін ойын түрлерін пайдалануға, белсенді тіл қорларын дамытуға болады.

























Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақ қыздарына тән сөз сөйлеу мәнері


Мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, мәнді де мағыналы, әдемі де әсерлі сөйлеу білуге тәрбиелеу. Қыз бала бойына қазақ қыздарына тән нағыздылықты сіңдіру.


Сабақ көрнекілігі: сөз сөйлеу мәнеріне байланысты жазылған қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, кітаптар

Өткізілу әдісі: әңгімелесу

Өткізілу орны: сынып бөлмесі

Өткізілу уақыты:



Барысы


I. Кіріспе бөлім

Мұғалім сөзі:

Құрбың келсе күлгейсің,

Әдеппенен жүргейсің.

Салмақпен сөз сөйлеп,

Жақсы болып жүргейсің.

Дүниеге тіршілік әкелуші әйелдің махаббатын, ұнату, сүю сезімдерін, мінезенің, жан дүниесінің иірімдерін шебер өрнектеген, адамгершіліг, зеректігі, парасаттылығы, нәзіктігі мен ұлылығын жырлауды өзіні шығармашылық мұратына айналдырған Ғабит аға МҮсрепов қазақ әйелдері туралы былай деген екен: « Қазақ әйеліне тән ерекше мінез бар. Мүмкін мен соны о бастан іштей қабылдаған шығармын».Ал, жалпы қазақ қызына тән қасиеттер талай әнші, жыршыларға өнер арқауы болған. Сондай көпке ортақ дүниелердің иелері қыздарымыздың өзіне тән қандай асыл қасиеттері мен әдептілік мәнері бар екен, сол туралы бүгінгі сабағымызда сөз қозғасақ.

Қазақ салтында үлкеннің атын атаму, оны сыйлау әдептілік, көрегендіктің бір үлгісі болып саналады да, ондай қылық ризашылық сезімін тудырады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тараптарынан оған лайық ықылас білдіруге талпынған, сонан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым қатынас орнаған. Ол әдетке айналып, әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде олардың алдын орып арындап кетпей, инабат, ізет таныта білу, жөн-жоба, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді іркіп ұстау сияқты қасиеттер халықтың дәстүрі мен тәлімінде ілгереден жалғасып, ұласып белгілі бір қалыпқа келіп жатады. Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын «кешіріңіз, ғафу етеңіз, мүмкін болса, қажет деп тапсаңыз, мақұл көрсеңіз, рұхсат етсеңіз, қалауыңыз білсін» тағы да басқа сөздер адамның әдептілігін білдіріп, тілге сыпайылық рең беріп, ізеттілікті білдіреді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін , адамгершілік әдептілігін паш етіп тұрады. Естіген құлаққа майдай жағады. «Шырағым, қарағым, шырақ, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, жеңеше,жезде, балдыз, нағашы, жиен» тәрізді қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның жанына жағымды жылы сөздер оның көңіл-күйінің пернесі тәрізді. Жылуы мол, жан жадыратар шуақты сөздердің мағынасын « Сіз-деген сөздің сынығы, сен-сөздің анығы» деген мақалдан да аңғарамыз.


II. Негізгі бөлім

Тәрбие сағатымыздың негізгі бөлімі оқушылар арасындағы «Сөзі райлының жүзі шырайлы» тақырыбындағы диспут-сөз таластырумен жалғасады. Сөз таластыруда талқылынатын басты мәселелер:

  1. Қазақ қызына тән сөйлеу мәнері.

  2. Адам тән сұлулығы мен ғана емес жан сұлулығымен де ерекшеленеді.

  3. Қазіргі қыздардың сөз мәнері қалай?


III. Қорытынды бөлім

1-оқушы:

Адамзат туы ар болар,

Әділдік соған нар болар

Жадыңа тұтсаң осыны

Жақсылық саған жол болар.

Қасыңның жолы тар болар

Құрдасыңа қуаныш бол,

Сырласыңа сынақ бол,

Жылағанға жұбаныш бол,

Туысыңа тұнық бол,

Ықыласқа иық бол,

Ана алдында аласа бол,

Ар алдында биік бол.



2-оқушы:

Әдепті адамның ісі де, сөзі де жылы леп жайып тұрады. «Сөзі райлының жүзі шырайлы», «Жақсының сөзі өлшеп пішкендей, жаманның сөзі түйеден түскендей», «Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер» деген нақыл сөздер осыны меңзейді. Үлкенді сыйлау- халқымыздың әдеп салттары бойынша ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Әр қыз балаға, бойжеткенге осы туралы ойланып жүру қажет.



163 мектеп







Баяндама


Тақырыбы: Шығармашылық шыңы - ізденіс



















Орындаған:Құмарбекова.Г.Қ.








Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров690
Номер материала ДВ-414049
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх