Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Қазақ тілінен ашық сабақ: 7 сынып Ұлттық тағамдардың ерекшеліктері

Қазақ тілінен ашық сабақ: 7 сынып Ұлттық тағамдардың ерекшеліктері

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдардың ерекшеліктері. 7 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлттық тағам түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: ұлттық тағамдар туралы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: қазақ халқының ақ дастарқанын қадірлеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

 Көрнекілігі: ұлттық тағамдардың суреттері, үлестірмелі материалдар, тірек-сызбалар, мәтіндер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3.грамматикалық жаттығу. Тілді жаттықтыру

  Танымдық ақпарат

 

Ұлттық тағамдар ерекшеліктері. топтық жұмыс 1

 

Қазақта ұлттық тағамдар  алуан түрлі. Еттен түрлі тағамдар жасайды. Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Етін жеп, сорпасын ішеді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая дайындайды. Қуырдақ қуырады. Суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды, майы тоңазымайды. Жылқының еті өте сіңімді болады.

 Модульдік лексикалық минимум

Лексический минимум модуля.

ұлттық тағамдар

национальные блюда

сусындар

напитки

қымыз

кумыс

шұбат

верблюжье молоко

бесбармақ

мясо по-казахски

қуырдақ

жаренное мясо

шұжық

шужык

 

1топ Ұлттық тағамдар .

Қазақша ет, шұжық, қуырдақ, қазы, қарта, сүр ет, бүрме, кеспе.

 

2. Лексикалық минимум модульдегі сөздерден, өзіңізге шығармашылық жұмысыңызда қажет болатын сөздерді жазыңыз.

Құймақ, шелпек, күлше, кеспе, қазы, қарта

3. «Ұлттық тағамдар» тақырып бойынша  әңгімелеңіз.

 



2 топ Құймақ

Қазақтың ұлттық тағамының бірі – құймақ. Ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосады. Ыстық майға пісіреді. Оның көлемі дөңгелек болады. Құймақ дәмді, тәтті тағам.

 

4. Шығармашылық тәжірибеңіздегі сөздерді жіктеңіз.

мен аспазбын, сен аспазсың, ол аспаз, біз аспазбыз, сендер аспазсыңдар, олар аспаздар.

 

Оқу машығын қалыптастыру.

Постановка навыков чтения.

2. Мұғалімнің нұсқауына байланысты сөздердің айтылуын дұрыс оқыңдар.

 

ABCDEF-режимдік диалог – жаттықпалар.

Диалоги-тренинги в режиме ABCDEF.

A – ақпарат алмасу (обмен информацией).

· Сұрақтар бойынша ақпарат алмасу диалогын құраңыз.

Составьте диалог – обмен информацией по вопросам:

- Қазақтың қандай ұлттық тағамын білесің?

- Бесбармақ, қуырдақ, кеспе, қазы, қарта.

- Қандай ұлттық сусындарды білесің?

- Қымыз, айран, шұбат.

- Қазақтың басты ұлттық тағамы қалай аталады?

- Ет.

B – келісу (выражение согласия).

· «Иә» сөзі мен сабақ лексикасын қолдана отырып, «келісу» диалогын құраңыз.

Составьте диалог-согласие, используя лексику  урока и утвердительное слово «иә».

- Сен ұлттық тағамдарды білесің бе?

- Иә, ұлттық тағамдарды білемін.

- Саған ұлттық тағамдар ұнай ма?

- Иә, маған ұлттық тағамдар ұнайды.

- Сен ұлттық тағамдардан бесбармақ тағамын ұнатасың ба?

- Иә, мен ұлттық тағамдардан бесбармақ тағамын ұнатамын.

C – түсінбегеніңді қайта сұрау (переспрос).

«Түсінбедім, қайталап жіберіңізші» фразасы мен сабақ лексикасын қолдана отырып, «Ұлттық тағам» туралы қайталап сұрау диалогын құраңыз.

Составьте диалог-переспрос с использованием лексики урока и фразы «Түсінбедім, қайталап жіберіңізші» на тему «Национальные блюда».

- Сіздің сүйікті ұлттық тағамыңыз қуырдақ па?

- Иә, менің сүйікті ұлттық тағамым қуырдақ.

- Түсінбедім, қайталап жіберіңізші, сүйікті ұлттық тағамыңыз қуырдақ па?

D – күмән білдіру (выражение сомнения).

· «Бәлкім, солай болар» фразасы мен сабақ лексикасын қолдана отырып, «Ұлттық тағамдар» тақырыбына «кумәндану» диалогын құраңыз.

Составьте диалог-сомнение с использованием лексики урока и фразы «Бәлкім, солай болар» на тему «Национальные блюда».

- Қазақтың басты ұлттық тағамы ет пе?

- Бәлкім, солай болар.

- Ол ұлттық тағамға жатады ма?

- Мүмкін, солай шығар.

- Қымыз, айран, шұбат – қазақтың ұлттық сусындары ма?

- Бәлкім, солай болар.

- Олар ұлттық сусындарға жатады ма?

- Мүмкін, солай шығар.

E – қарсылық білдіру, жоққа шығару (возражение, отрицание).

· «Жоқ, бұл мүмкін емес, сіз қателесесіз» фразасын қолданып «Ұлттық тағамдар» туралы ақпарат тақырыбына қарсылық білдіру немесе жоққа шығару диалогын құрыңыз.

Составьте диалог-возражение или диалог-отрицание с использованием лексики урока и фразы «Жоқ, бұл мүмкін емес, сіз қателесесіз» на тему «Национальные блюда».

- Қуырдақ – бұл сусын.

- Жоқ, бұл мүмкін емес, сіз қателесесіз. Ол ұлттық тағам.

- Айран – бұл ұлттық тағам.

- Жоқ, бұл мүмкін емес, сіз қателесесіз. Ол ұлттық сусын.

F – әрекетке түрткі салу (побуждение к действию).

· Модуль сөздігі мен тақырыбына өзіңізбен сөйлесіп отырған адамды «Ұлттық тағам туралы айтыңызшы», «Ұлттық тағамдар туралы не білесіз?» диалогы арқылы әрекетке түрткі салыңыз.

Побудите к действию своего собеседника, используя в своей речи лексику и тему модуля  «Ұлттық тағам туралы айтыңызшы», «Ұлттық тағамдар туралы не білесіз?».

- Ұлттық тағамдарды айтыңызшы, оларға нелер жатады?

- Ұлттық тағамдарға қазы, қарта, жая, бесбармақ, кеспе, қуырдақ жатады.

- Жылқының етінен не дайындайды?

- Жылқының етінен қазы, қарта, бесбармақ дайындайды.

Үйге тапсырма: Ұлттық тағамдар туралы эссе жазып келу.















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.09.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров691
Номер материала ДA-031793
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх