175087
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт ООО «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілінен ашық сабақ "Туған тілде сыры терең жаным бар..."

Қазақ тілінен ашық сабақ "Туған тілде сыры терең жаным бар..."

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Туған тілде сыры терең жаным бар...»

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушылардың өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;

2.Дамытушылық: Тіл әуезділігін, көркемдігін көрсететін нақыл сөздер, мақал- мәтелдер арқылы оқушының дүниетанымын , ой-өрісін дамыту;

3. Тәрбиелік: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да, парасатты азамат етіп тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: оқу, баяндау, мәнерлеп оқу, ой қозғау, іздену,

сұрақ- жауап , тіл әлеміне саяхат жасау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, « Тілім- тұғырым» бейнетаспа,Тіл туралы презентация, «Ана тілім» өлеңі бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Оқушылардың білімін тексеру:

- Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

- Олар қай тілді сөйлейді?

III. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

- Бүгінгі сабағымызда ана тілі туралы түрколог ғалымдардың, белгілі қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен, пікірлерімен танысысамыз.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:« Тілім- тұғырым» презентациясы.

1.Тіл туралы мұғалімнің сөзі.

- Тіл –қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ана тілі бізге анамыздың ақ сүтімен беріледі. Өз ана тілін қадірлеу, қастерлеу әр азаматтың борышы. Тіл- халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі.

2.Тіл туралы ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздері мен пікірлері.

Игі істің басы- тіл,

Тәрбие басы –тіл. (М.Баласағұн)

« Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны саутты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.» (М. Әуезов)

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-

бүкіл ата- бабамызды, тарихымызды ұмыту.» (Б. Момышұлы)

3. Қазақ тілін зерттеген ғалымдардың пікірлері.

«Қазақтардың тілі жатық та шешен , әрі өткір, көбіне іліп - қағып сұрақпен жауап беруге таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді.» ( В.В.Радлов)


«Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері.» (П.М. Мелиоранский)

4. «Тіл туралы» Заң туралы мәлімет беру.

1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» Заң қабылданды.

1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң екінші рет қабылданды

2007 жыл « Мемлекеттік тіл» жылы болып жарияланды.

5. Жаңа сөздермен жұмыс.

Берілген сөздерге синонимдер қарастыру.

Сыр – құпия; ғұмыр – өмір,наныңдар – сеніңдер;суырып алу- жұлып алу

6. «Туған тілде сыры терең жаным бар...» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіру.

V.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1. 2- тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

III- деңгей. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

II- деңгей. Етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына айналдырыңдар.

I –деңгей. Сан есімдерді теріп жазып, түрлендіріңдер.

2. «Қазақ тілі еліне» саяхат.

1) Мақал- мәтелдерді аяқтап, мағынасын түсіндіру.

Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді)

Барлық пәле... (тілден)

Тіл жетпейтін...(түпкір жоқ)

2) Жылдар сөйлейді. Осы жылдары қандай жаңалықтар болды?

1989ж,1993ж, 1997ж, 2007ж.

3. Ой қозғау (Өз ойларын ортаға салу)

Менің ана тілім....

Қазақ тілі...

Мемлекеттік тілді...

VI.Бекіту кезеңі:

1. Ата- бабаларымыздың аманаты.

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тілім- арым, иманым,

Аманат, саған, аманат! (М.Әлімбаев)


Дүниеде қазақ деген ел барда - қазақ тілі мәңгі жасай береді.

(Н.Ә. Назарбаев)

2. 7 жасар ақан Жамбыл Дүйсеновтің «Ана тілім» өлеңін бейнетаспадан тамашалау.

VII.Үйге тапсырма:

1.«Туған тілде сыры терең жаным бар...» жаттау.

2. 3- тапсырма. Мақал- мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіру.

VIII. Сабақты қорытындылау:

  • Ана тілі туралы қандай жаңа ақпарат алдаыңдар?




Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог-библиотекарь
Курс профессиональной переподготовки
Библиотекарь
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного ВУЗа»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление процессом по предоставлению услуг по кредитному брокериджу»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.