Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілінен ашық сабақ "Жануарлар бағы" (4-сынып)

Қазақ тілінен ашық сабақ "Жануарлар бағы" (4-сынып)

  • Другое

Название документа ЗООБАК.ppt

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаты: оқушылардың жануарлар туралы білімдерін бекіту, жүйелеу, ауызекі сөй...
ЗООБАҚ
2-тапсырма. 175-бет. Сурет бойынша әңгіме құра.
Мәтінді оқы, әңгімеле. 5-тапсырма. 176-бет.
«Адасқан әріптер» ойыны.
“Сыңарын тап”-сөз тіркестерінің дұрыс сыңарын табу.
 «Дұрыс сөйлем құра»
-маймақ, орманда тұрады; - құйрығы ұзын, қу; - терісі ақ, сұр болады, қорқақ;...
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
1 из 9

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Мақсаты: оқушылардың жануарлар туралы білімдерін бекіту, жүйелеу, ауызекі сөй
Описание слайда:

Мақсаты: оқушылардың жануарлар туралы білімдерін бекіту, жүйелеу, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, қоршаған ортаға, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

№ слайда 2 ЗООБАҚ
Описание слайда:

ЗООБАҚ

№ слайда 3 2-тапсырма. 175-бет. Сурет бойынша әңгіме құра.
Описание слайда:

2-тапсырма. 175-бет. Сурет бойынша әңгіме құра.

№ слайда 4 Мәтінді оқы, әңгімеле. 5-тапсырма. 176-бет.
Описание слайда:

Мәтінді оқы, әңгімеле. 5-тапсырма. 176-бет.

№ слайда 5 «Адасқан әріптер» ойыны.
Описание слайда:

«Адасқан әріптер» ойыны.

№ слайда 6 “Сыңарын тап”-сөз тіркестерінің дұрыс сыңарын табу.
Описание слайда:

“Сыңарын тап”-сөз тіркестерінің дұрыс сыңарын табу.

№ слайда 7  «Дұрыс сөйлем құра»
Описание слайда:

«Дұрыс сөйлем құра»

№ слайда 8 -маймақ, орманда тұрады; - құйрығы ұзын, қу; - терісі ақ, сұр болады, қорқақ;
Описание слайда:

-маймақ, орманда тұрады; - құйрығы ұзын, қу; - терісі ақ, сұр болады, қорқақ; - мойны ұзын, биік жануар; - балық жейді, суда жүзеді, ақ; - жыртқыш, сұр, орманда тұрады; - кішкентай, сары, жаңғақ жейді;

№ слайда 9 Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
Описание слайда:

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Название документа ашык сабак.doc

Поделитесь материалом с коллегами:

«№17 орта мектеп»КММ















Ашық сабақ

Тақырыбы: Хайуанаттар бағында














Мұғалім: Ерғасымова А.Т.











Риддер қаласы 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың хайуанаттар бағында мекендейтін жануарлар туралы білімдерін пысықтау, жүйелеу.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, әңгіме құрауға дағдыландыру, сауатты оқу, сауатты жазуларын қадағалау

Тәрбиелік: жануарларға қамқор болуға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың тегі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ – жауап, іздендіру, ойын

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайд

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (2 мин)

(оқушыларды сабаққа даярлау, сынып тазалығына мән беру)

-Сәлеметсіңдер ме!

Кім кезекші?

Сабақта кім жоқ?

Қай жыл мезгілі?

Аптаның қай күні?


2.Үй тапсырмасы (5 мин)

Оқушылардың жануарлар туралы жаттаған өлеңдерін сұрау, соған байланысты салған суреттерін көру, бағалау.

- Жарайсыңдар. балалар. Барлығың тиянақты үй жұмысына дайындалыпсыңдар. Балалар, кім айтады? Жануарларды қалай топтастырамыз? (үй жануарлары, жабайы аңдар)

Қане, бабалар үй жануарлары мен жабайы аңдар атап шығайық. Ол үшін екі топқа бөлінейік. 1-топ үй жануарларын, 2-топ жабайы аңдарды жазып берсін.(тақтаны екі бағанға бөліп қоямын).

Кәне, тексеріп көрейік.

Үй жануарлары: сиыр, жылқы, түйе, қой. ешкі, мысық, ит, шошқа.

Жабайы аңдар: қоян, қасқыр, түлкі, піл, аю, арыстан, жолбарыс, керік, маймыл, тиін, жылан, зіл.

-Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығы қандай?

Үй жануарлары үйде тіршілік етеді. Үй жануарларын адамдар асырайды. Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді. Жабайы аңдар өздері қоректерін тауып жейді

-Үй жануарларының пайдасы бар ма?

-Аңдардың пайдасы қандай?

-Жарайсыңдар, балалар. Бүгін біз жабайы жануарлар туралы толық білу үшін хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз. Хайуанаттар бағы дегеніміз зоопарк.

3.Негізгі бөлім (2мин)

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту,дәптерлеріне жазғызу

Сабақтың мақсаты хайуанаттар бағына саяхат жасап, аңдар тақырыбын кеңінен ашу. Сабақта әр түрлі ойындар ойнаймыз, тапсырмалар орындаймыз.

-Балалар, сендер хайуанаттар бағында болдыңдарма?

-Қандай аңдарды көрдіңдер?

Иә, дұрыс айтасыңдар хайуанаттар бағында ..... жануарлар тіршілік етеді. Сирек кездесетін, азайып бара жатқан жануарларды да хайуанаттар бағынан көре аламыз.

Балалар хайуанаттар бағында мынадай жағдай болыпты.Тасбақа адасып кеткен екен. Егер біз берілген тапсырмаларды дұрыс орындасақ, адасқан тасбақа өз үйіне барады.

Адасқан тасбақаны хайуанаттар бағына қалай апарамыз? Ол үшін мына тапсырманы орындайық.

Сурет бойынша жұмыс (5мин)

2-тапсырма. 175-бет. Сурет бойынша әңгіме құра(жазбаша).

Біз хайуанаттар бағына бардық. Хайуанаттар бағында әр түрлі жануарлар бар. Олар: аю, піл, маймыл, жолбарыс, арыстан....... Аю қоңыр. Піл үлкен. Керік ұзын. Зообақта өте қызықты. Бізге ......,...,...,...,ұнады.

-Жарайсыңдар, балалар. Балалар, мына қызыққа қараңдаршы аңдарда адамдар секілді ауырып қалады екен. Мына тұрған ақ аюдың тісі ауырып қалыпты. Егер біз берілген тапсырманы орындасақ аюдың тіс ауруының жазылуына көмектесеміз.

«Адасқан әріптер» ойыны. (3мин) Әріптерді дұрыс орналастырып, аңның атын оқу керек.

  1. я,н,қ,о

  2. р,ы,қ,а,с,қ

  3. і,к,л,ү,т

  4. н,а,т,с,ы,р,а

  5. с,ы,р,а,б,л,о,ж

  6. л,п,і

  7. к,і,р,е,к

  8. н,а,л,ы,ж

  9. л,ы,м,й,а,м

  10. а,қ,а,б,с,а,т


"Жануарларды білесің бе?" сергіту ойыны. (2мин)

- Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек, ал жабайы жануарды естігенде қолымызды жоғары көтеріп ,екі рет шапалақтау керек.

Мысалы: жолбарыс,әтеш, түйе, жылқы, ешкі, аю, лақ, кірпі, қоян, ит, тиін, тауық, жылан, маймыл, мысық, сиыр, арыстан, қасқыр, жолбарыс, ешкі, т,б.


Өмірде балалар, аңдарда өзара ренжісіп, бір-біріне өкпелеп қалады екен. Мына өкпелеген, ренжіген керікті үйіне апару үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.

Мәтінмен жұмыс (8мин)

5-тапсырма. 176-бет.

Әлемде көптеген жануарлар бар. Біздің ғаламшарымыздағы ең ірі жануар-көк кит. Жер бетіндегі ең ірі, ауыр салмақты жануар-піл. Зіл-пілден кейінгі ең алып жануар. Оның салмағы-3.5 тонна, күндік азығы -75 кг. Әлемдегі ең биік жануар-керік, оның бойы 5-6 метр. Ең жүйрік аң-гепард. Әлемдегі ең үлкен құс-африкалық түйеқұс. Ал құстардың ішіндегі ең кішкентайы-колибр. Оның салмағы-1,5гр. Әлемдегі ең ірі қоңыз-дровосек, ең ірі көбелек-агриппина.

-мәтінді оқу;

-Мәтінде қандай аңдар кездеседі?

-өз тілдерінде әңгімелеу;

-сұрақтарға жауап беру (6-тапсырма)

Ең ірі жануар қайсы?

Ең ауыр салмақты жануар?

Ең биік жануар?

Ең жүйрік аң?

Ең үлкен құс?

Ең кішкентай құс?

Ең ірі қоңыз?

Ең ірі көбелек?


«Ұшты-ұшты» сергіту ойыны. (2мин)

-Балалар, ойынның ережесі: мұғалім оқушыларға аңдар мен құстардың атын айтады.Оқушылар шатаспай қай аңның не құстың ұшатын –ұшпайтынын дәл тауып көрсету керек.Қателескен оқушы айып төлейді.

-Ұшты-ұшты,торғай ұшты! (Қол көтеріледі)

-Ұшты-ұшты,түлкі ұшты! (Қол көтерілмейді)

-Ұшты-ұшты,қарға ұшты! (Қол көтеріледі)

-Ұшты-ұшты,қасқыр ұшты! (Қол көтерілмейді)

-Ұшты-ұшты,сауысқан ұшты! (Қол көтеріледі)

-Ұшты-ұшты,піл ұшты! (Қол көтерілмейді)

-Ұшты-ұшты,қарлығаш ұшты! (Қол көтеріледі)

-Ұшты-ұшты,қоян ұшты! (Қол көтерілмейді)

-Ұшты-ұшты,бұлбұл ұшты! (Қол көтеріледі)

-Ұшты-ұшты,тырна ұшты! (Қол көтерілмейді)


Балалар, қазір қай мезгіл екенін білесіңдерме? Иә, қыс мезгілі. Күн суық болғандықтан тоңып қалған екен. Тоңып қалған қоянды жылы үйіне қалай апарамыз?

«Сыңарын тап» ойыны. (4мин). Сөз тіркестерінің сыңарын дұрыс тауып айту керек.

Жабайы               қорқақ

               Ұсақ                      балықтар

               Сұр                        қасқыр 

               әдемі                      ит 

                қу                          тотықұс

               ақ                           түлкі

               хайуанаттар          аю

              үлкен                     піл

              түрлі                       түсті

қоян бағы


Хайуанаттар бағында балалар, тиіннің болатынын білесіңдер.Тиіннің тамақ ішкенге тәбеті болмай жүр екен. Егер біз берілген тапсырманы дұрыс орындасақ тиін тамағын ішпекші.

«Дұрыс сөйлем құра» (3мин)

1.Бардық,зообаққа,біз

2.Аю,үлкен,онда,бар.

3.Ұнады, маған,керік

4.Хайуанаттар, өте, бағында, әдемі.

5. Биік, керік,жануар.

6.Ең, жануар, піл,алып


Балалар, сонымен біз аңдарға әр түрлі жағдайларда көмек бере отырып, олардың хайуанаттар бағында бір-бірімен табысуына жол аштық. Біз көмектескен аю, піл, тасбақа, қоян, керік өздерінің достарымен бірігіп тату-тәтті өмір сүрмек.

4.Сабақты бекіту (слайд бойынша) (2мин)

Қандай аң? тауып көр:

- маймақ, орманда тұрады;

- құйрығы ұзын, қу;

- терісі ақ, сұр болады, қорқақ;

- мойны ұзын, биік жануар;

- балық жейді, суда жүзеді, ақ;

- жыртқыш, сұр, орманда тұрады;

- тікені бар, саңырауқұлақ жинайды;

- кішкентай, сары, жаңғақ жейді;

(аю, түлкі, қоян, керік, ақ аю, қасқыр, кірпі, тиін)

5.Қорытынды. (2мин)

-Қандай аңдарды білесіңдер?

-Аңдар қайда тіршілік сүреді?

-Хайуанаттар бағында қандай жануарлар болады?

-Ендеше балалар, біз жануарларға қамқорлықпен қарап, қорғауымыз керек.

6.Үйге тапсырма (2мин)

Сүйікті жануары туралы әңгіме жазу                                       

7.Бағалау (3мин)

Оқушыларды бағалау, алғыс айту

-Сау болыңдар!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров356
Номер материала ДВ-422695
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх