Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Қазақ тілінен ашық сабақ.Тақырыбы: Ұиысу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілінен ашық сабақ.Тақырыбы: Ұиысу

библиотека
материалов

Сутбаев Абубакир

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

17 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері. Қиысу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: сөздердің байланысу түрлерін таныту, жасалуы мен ерекшеліктері жайлы білім беру:
2. Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру, бірін - бірі сыйлауға, отаншылдыққа тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, алған білімді қолдана және талдай білуге үйрету.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жаттығулармен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы сызба, кесте, оқулық
Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары;

1.Синтаксис дегеніміз не? Синтаксис сөзі қай тілден алынған?

2.Сөз тіркесі дегеніміз не?

3.Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер неше түрлі тәсіл арқылы байланысады?

4. Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.

Сәйкестендіру тест:

Ізгілік кілті ---------Шылау арқылы
Көпір арқылы өту ----Интонация арқылы
Абай - ақын --------Орын тәртібі арқылы
Жастық шақ ------------Жалғау арқылы

Жаңа сабақ; Сөздердің байланысу тәсілдері. Қиысу.

Сөздер сөйлемде әр түрлі ыңғайда, әр түрлі сипатта байланысады. Сөз тіркесінің құрлысы сөздердің байланысу түрлеріне қарай айқындалады. Байланысу түрлеріне қарай сөз тіркесінің құрлысы мынадай болады;

Қиыса байланысқан сөз тіркестері (қиысу)

Матаса байланысқан сөз тіркестері (матасу)

Меңгере байланысқан сөз тіркестері(меңгеру)

Қабыса байланысқан сөз тіркестері (Қабысу)

Жанаса байланысқан сөз тіркестері (Жанасу)

Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрін қиысу дейміз.
Қиысу – бастауыш пен баяндауыштың арасындағы жақ жағынан байланыс. Ол – сөйлемнің негізі екі жақты байланыс арқылы көрінеді. Сөздердің жіктеліп барып қолданылуы қиысу болып табылады. Мысалы: Ашынған әйел мән – жайын айтады.
Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Олар бірінші космонавттар. Сіз оқытушысыз. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл — Шолақсай,

І жақ: мен оқи - мын ----------------- біз оқимыз
ІІ жақ: сен оқи - сың ------------------ сендер оқисыңдар
сіз оқи - сыз ----------------------------- сіздер оқисыздар
ІІІ жақ: ол оқи - ды -------------------- олар оқиды

Топтық тапсырма.

І топ «Астана»

ІІ топ «Ауылым- алтын бесігім»

ІІІ топ «Білім-адамның қанаты»

ІҮ топ «Бақытты отбасы»

Оқулықпен жұмыс

226-жаттығу. Мәтінді оқып шғып, әрбір сөйлемдегі сөздердің қиыса байланысқан түрін көсетіңдер. Сөз тіркесініңәрбір сыңары қай сөз табынан болып тұр?

Үлгі: біреу алып кете берді: біреу-белгісіздік есімдігі алып кете берді- күрделі етістік.

Сергіту сәті;

Оқушылардың бүгінгі өткен сабақтан не алғандығын анықтаймыз.

Үйге тапсырма: 230 - жаттығу
































Пәні : Қазақ әдебиеті 7-класс
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран»

Сабақтың мақсаты:
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру.
Міндеті:
1.Баллада туралы білім беру,Өлең мазмұнын игеру.
2.Биіктік, адалдық,ұлт туралы түсініктерін кеңейту.оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу,ойын анық жеткізуге жетелеу.
3.Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу.Халқымыздың
асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.

Сбақтың түрі: Жаңа сабақ.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: түсіндіру,сұрақ -жауап,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Ақын өмірі.
2.Шығармашылығы.

3.Ой шақыру.
а)Қыран қандай құс?
- Жыртқыш құс, тыныс алу мүшесі жақсы дамығандықтан биікте ұша алады, көзі өткір.
ә) Қазақстанның қай жерлерін мекен етеді.
- Таулы аймақта, таудың ұшар биігіне ұя салады.
б)Халқымыз не себепті қыранды қасиетті құс санған?
- Жеті қазынаның бірі,Ерлерді қыранға теңеген, себебі тек биікте ұшады, өлексе жемейді,адамға жаманшылығы жоқ.
в)Мемлекеттік рәмізіміз-туда қыран не себепті бейнеленген?
- Еліміз әрқашан тек биіктен көрінсін, Қырандай тәуелсіз, намысшыл, адал болайық деген ұғым бар.
Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.
Сонан соң бірнеше оқушы оқиды.
Ой талқы.
-Не түсіндік?
-Қыран қандай?
- Өзін -өзі өлімге итерген қандай күш?
-"Қыранша өмір сүргенің қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген" деген жолдарды қалай түсінесің?
4.Топтастыру.

І-ІІ топ Қыран құстың қасиеттерін топтастыру.

ІІІ-ІҮ топ Қадыр ақынның өмірі мен шығармашылығын топтастыру

5.Топтық жұмыс.

Қадыр ақынға немесе Қыран құсқа 4-5 жол өлен шығару.
Бағалау.
Үйге тапсырма:

Қ.Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы.“Кәрі Қыран” өлеңінен 5 шумақ жаттау









Автор
Дата добавления 25.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров66
Номер материала ДБ-053776
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх