Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілінен бақылау жұмыстары

Қазақ тілінен бақылау жұмыстары

Скачать материал

Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН

МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ

АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау диктанттары

5-11 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар қ., 2013 ж.

 

 

Түсінік хат

 

        Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.

        Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Әр диктанттан кейін деңгей  бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді. 

          Барлығы әр сыныпқа 7 бақылау жұмысы ұсынылып отыр.

 

Сынып

Алғашқы, аралық, жылдық

Бақылау жұмысы

5-11

І

ІІ

ІV

І

ІІ

ІІІ

ІV

Барлығы

1

1

1

1

1

1

1

7

 

  Диктантты бағалау нормалары:

«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;

«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.

 

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:

«5» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;

«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;

«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;

«2» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

 

5 - сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан 4 – сыныпта алған білімдерін тексеру

 

                                                                 Күз.

 

          Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазір күз мезгілі. Күн салқындады. Суық жел соқты. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түсті. Бақтарда түрлі жемістер мен көкөністер пісті. Біз бақшадан асқабақ, қызанақ, алма, алмұрт жинадық. Әпкем қырыққабат тұздады. Шешем алма мен алмұрттан тосап қайнатты. Біз күз мезгілін ерекше жақсы көреміз.

 

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 46сөз)

 

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

  І нұсқа                                        ІІ нұсқа

 

ІІІ деңгей. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.

     Қазан                                                Жеміс

 

ІІ деңгей. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар

Сынып, адам, әже, ата                                Мұғалім, аға, кісі,мектеп.        

 

І деңгей

Күз мезгілі туралы диалог құрастырыңыздар. (3-4 сұрақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған  І тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан І тоқсанда алған білімдерін тексеру

 

Біздің отбасымыз.

 

         Менің атым – Маржан. Мен бесінші сыныпта оқимын. Біздің отбасымызда сегіз адам бар. Менің атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам және сіңлім бар. Атам мен әжем – зейнеткерлер. Әкем- жүргізуші. Шешем – мұғалім. Үлкен ағам университетте оқиды. Кіші ағам мектепте оқиды.

        Біздің көршіміз қарт кісі. Ол өте бауырмал. Біз көршімізбен тату тұрамыз.

 

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Диктанттар жинағы , Ж.С Қалиева, 50 сөз)

                

 

 Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

    

 І нұсқа                                                 ІІ нұсқа

 

ІІІ деңгей

Берілген сөзге дыбыстық талдау жасаңыздар.

Мұғалім                                   көрші

 

ІІ деңгей. Төмендегі сөздерді септеңіздер.

Әже                                               ата

І деңгей

Отбасы туралы 3-4 мақал-мәтел жазыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған  ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

 Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан  алған білімдерін тексеру

                                               

Астана.

 

   Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.

          Астананың символы - Бәйтерек. Бәйтерек - әсем,  биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана – ең сұлу, жас қала. Астанада зәулім ғимараттар салынып жатыр. Бас қалада біздің еліміздің ұлы тұлғалардың, билердің ескерткіштері бар.

          Астана күннен – күнге гүлденуде. Астананың болашағы зор.

 

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы Ж.С Қалиева, 51 сөз)

                   

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

    І нұсқа                                             ІІ нұсқа

 

ІІІ деңгей. Берілген сөзді тәуелдеңіздер

Астана                                                   қала

 

ІІ деңгей. Мәтіннен көптік  жалғауы  жалғанған сөздерді теріп

жазыңыздар.                                 

 

І деңгей

«Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбына диалог

 құрастырыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан І  жартыжылдықта  алған білімдерін тексеру.

Қыс.

 

        Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертен сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртінемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Содан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.

 

(Диктанттар жинағы 5-9,Ж.С.Қалиева, 51сөз,)

 

 

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

  І нұсқа                                                      ІІ нұсқа

 

ІІІ деңгей. Етістіктерді болымсыз түрге қойып жазыңыздар

Бер,жатта, айт, ойла, сөйле.                          Орында, жаз, жүр, отыр, тұр

 

ІІ деңгей

Сан есімдерді сөзбен жазыңдар.

25, 325, 11, 95, 684                    35, 452, 22, 97, 846                                 

 

І деңгей

Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру

 

Наурыз

 

         Наурыз айының 22-сінде көптеген мұсылман елдерінде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Наурыз – жыл басы. Бұл күні жұрт таза, жаңа киімдерін киіп, үй-үйге қыдырады. Бір-біріне деген ақ тілегін білдіреді. Әр үйде дастарқан жайылып, жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже пісіріледі.

         Бар табиғат оянады. Бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.

 

 

(«Қош келдің, Наурыз» кітабынан 49 сөз)

 

   

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

  І нұсқа                                                      ІІ нұсқа

 

ІІІ деңгей. Етістікті өткен шақта жіктеңіз

тойлау                                                        пісіру

 

ІІ деңгей

Есімдік түрін анықтаңыз, бір есімдікпен сөйлем құрастырыңыз

Мен, біреу, ешкім                                    Барлық, әрбір, олар                                 

 

І деңгей

Наурызда айтылатын тілектерді жазыңыздар.

 

 

 

 

 

 

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқу жылы бойы өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру.

 

Қазақ тілі сабағында

 

      Біз биыл бесінші сыныпта оқып жүрміз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тіл – қазақ, неміс, ағылшын тілдерін оқиды.

    Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз.

 

 (Диктанттар жинағы, 4-11, Ж.С.Қалиева,46 с. )                     

 

 Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

І нұсқа                                                        ІІ нұсқа

 

ІІІ деңгей

Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.

І. Сыныпта, айында, оқушылары, мектептің

ІІ. Сабақтары, тілдерінде, тақырыпқа, сабақта

 

ІІ деңгей

 

І нұсқа. Берілген етістікті осы шаққа қойып жіктеңіздер. Оқу                                            

ІІ нұсқа. Берілген етістікті өткен шаққа қойып жіктеңіздер. Сөйлеу       

 

І деңгей

Оқу-білім туралы 3-4 мақал – мәтел жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған IV тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын тексеру, білімдерін бақылау.

 

Жаз

 

         Биыл жаз өте ыстық емес, жаңбыр жиі жауып тұр. Егін де, көкөніс те, жеміс те мол. Мен атаммен, әжеммен бақшада көп еңбек етемін. Атама жеміс ағаштарының бұтақтарын көтерісіп, қияр, қызанның жапырақтарын байлаймын. Өсіп келе жатқан жемістерді суарамын. Әжеме шөп жұлуға  көмектесемін.

         Шілде, тамыз айында қарақат, бүлдірген,құлпынай піседі. Алма мен сары, қара өріктерді де осы айларда жинаймыз.

 

(Диктанттар жинағы, 5-9, Ж.С.Қалиева,52 с. )                     

 

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей

Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, септігін анықтаңыздар.

 

ІІ деңгей

Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.

І нұсқа                                                       ІІ нұсқа

Ағаштарының, атаммен                       Әжеммен, өріктерді

 

І деңгей

 Өзіңе ұнайтын жыл мезгілі туралы шағын әңгіме жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

 

6 - сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.

 

Мақсаты:  Өткен  оқу жылында  қазақ тілі пәнінен 5- сыныпта меңгерген білімдерін  тексеру.

 

Отбасы - сыйластық ортасы.

 

          Отбасы - сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық берік болады. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарса, ана отбасына нәр беруші адам. Сондықтан бала өмір бойы ата-анасының еңбегін, жақсылығын сыйлауы тиіс.

          Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі. Кішіпейілдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.

                                                                                                             (55сөз)

(Орыс сыныптарына  арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды 2007оқу  жылы)

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа                                                                             ІІ нұсқа

ІІІ деңгей. Берілген сөздерді септеңдер.

    Мінез.                                                                                     Еңбек

 

ІІ деңгей. Берілген сөздерге синонимдік қатар жасап, сөйлем  құраңдар.

  Көркем.                                                                              Халық.

 

І деңгей. Отбасы туралы 5,6 мақал - мәтелдер жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған I тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың  сауатты жазу деңгейін тексеру, І тоқсанда өтілген  лексика- грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде  игергендігін  тексеру. Берілген тапсырмалар  бойынша  оқушылардың біліктілігін  анықтау.

 

Зергерлік дүкенінде

      Сақина, сырға, білезік, алқа, жүзік – шеберлікпен жасалатын сәндік бұйымдар. Олар асыл металдар, бағалы тастардан жасалады. Зергер жасаған ерекше бұйымдар өте құнды болып есептеледі. Мұндай бұйымдарды зергерлік дүкенінен сатып алуға болады. Зергерлік дүкеніне кіргенде, керемет сұлулық әлеміне бөленесін. Алтыннан, күмістен жасалған әшекейлер еріксіз көз тартады. Дүкен сөрелерінен гауһар, маржан, меруерт, сумоншақтарымен әшекейленген түрлі бұйымдарды  көріп, тиісті  бағасына сатып алуға болады.

                                                                                                                                                                                                          (59 сөз)

( Орыс сыныптарына  арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды .2007оқу  жылы)

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа                                                                             ІІ нұсқа

ІІІ деңгей. Берілген сөздерге  фонетикалық талдау  жасаңдар.

                         Сұлулық.                                                 Гауһар.

 

ІІ деңгей.  Берілген  зат есімдерден қатыстық сын  есім  жасаңдар:

І нұсқа. Зергер, баға, көңіл.

ІІ нұсқа. Сән, әшекей, ажар.

 

І деңгей. «Зергерлік  дүкенінде»  тақырыбына байланысты, берілген  үстеулерді қолдана  отырып, 3-4 сөйлем  құрастырыңдар. (Биыл, көп,  бүгін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған IІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын және сауаттылықтарын тексеру.

 

Туған күн кеші.

 

     Кез келген адамның өмірінде бақытты кездері аз болмайды. Сонын бірі - адамның дүние есігін ашқан күні.  Туған күн , әдетте , отбасы мерекесі ретінде атап өтіледі. Арнайы дастарқан жасалып, шақырылған жақын жолдастары, туыстары жиналады. Туған күн иесін құттықтап, әр түрлі сыйлықтар ұсынылады. Жолдастары, құрбы-құрдастары ақ тілектерін білдіреді. Кештің соңы көңілді әнге, биге, жарасымды әзіл күлкіге айналады.

     Туған күн – адам өміріндегі ерекше күндердің бірі.

                                                                                         (61 сөз)

(Орыс  сыныптарына арналған 7 сынып  оқулығы Т. Артыкова, Г.  Ермекбаева. Атамұра  2012 оқу жылы)

 

Лексика-грамматикалық  тапсырмалар

І  нұсқа                                                             ІІ  нұсқа

ІІІ  деңгей. Берілген  сөздерді тәуелде.

Туған  күн                                                            Жолдас

 

ІІ деңгей. Мәтіннен сын  есімдерді  тауып,  олардың  қай мағыналық  топқа жататындығын анықтаңдар.

 

І деңгей. 

 

 Досыңның  туған  күніне  құттықтау жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен     жартыжылдықта алған  білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың  қалыптасуын  және мемлекеттік стандартқа сай  болуын   тексеру.     

                                                         

Астана- болашағы үлкен қала.

 

     Астана-болашағы үлкен қала. Ол- әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Өзеннің бір жағалауында - бұрынғы қала. Ол да жедел жаңарып жатыр. Екінші жағалауында- жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт- дәстүрді білдір еді.   Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық – Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар.Астана қаласы- жаңа Қазақстанның белгісі.

                                                                                                                                              (60сөз)

(Орыс  сыныптарына арналған 8 сынып  оқулығы Т. Артыкова, Г.  Ермекбаева. Атамұра  2012 оқу жылы)

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

І нұсқа                                                                             ІІ нұсқа

ІІІ деңгей. Бастауыш пен баяндауыштың арасына тиісті  тыныс белгісін қойыңдар.

 Мектеп  кеме, білім  теңіз.       Қазақстанның астанасы  Астана қаласы

 

 

ІІ деңгей.  Берілген сөздер мен сөз тіркестеріндегі ықпал түрлерін анықтаңдар.

         Көп бала,  тасжол, сөзсіз.                           Досжан, көк аспан, айтып бер.

 

І деңгей.  Берілген тақырыптар  бойынша ой  толғау  жазыңдар. «Астана- арман қала»  немесе «Астана- бас қала»

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты:  Өтілген «Етістік шақтары», «Етістік райлары» тақырыптары бойынша  оқушылардың  алған  білім, білік  деңгейлерін және  сауаттылығын  тексеру. 

 

Қазақ тілі сабағында

 

       Біз биыл  6-сыныпта оқып жүрміз.  Қазақ тілі сабағы аптасына  бес рет болады. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді. Біз сабақта мәтінді оқып, мазмұнын айтамыз. Бір-бірімізге сұрақ қойып, жауап береміз. Түрлі тақырыптарға диалог құрастырамыз. Диктант, мазмұндама, шығарма жазамыз. Сабақта көбінесе  ауызша сөйлеуге тырысамыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырамыз. Өлеңдерді жаттаймыз. Фонетикалық, синтаксистік талдау жасаймыз. Біздің мұғалім өте білімді, тәжірибелі адам. Қазақ тілі сабағы  маған өте ұнайды.                                                                                                                                               

                                                                                                                        (65 сөз)

(Орыс  сыныптарына арналған 7 сынып  оқулығы Т. Артыкова,

Г.Ермекбаева. Атамұра  2012 оқу жылы)

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа                                                                             ІІ нұсқа

ІІІ деңгей. .  Берілген   етістіктерді өткен шақта жікте.

Жаттау                                                                                Құрастыру

 

ІІ деңгей.  Берілген   етістіктерді рай түрлеріне  қойып  жазыңдар.

І нұсқа. Жаттау, ұнату, құрастыру ( І жақта)

ІІ нұсқа. Жаттау, ұнату, құрастыру ( ІІжақта)

 

Ашық рай

 

Бұйрық рай

Шартты рай

Қалау рай

 

 

 

 

                                        

 

І деңгей.

«Менің сүйікті пәнім» шағын  әңгіме жазу.

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған IV тоқсандық бақылау жұмысы.

 

 Мақсаты: :  Өтілген  тақырыптары  бойынша  оқушылардың  алған  білім, білік  деңгейлерін және  сауаттылығын  тексеру. 

 

Сенбілік

 

    Біздің мектепте әр апта сайын сенбілік өткізіледі. Мектеп оқушылары бұл іс-шараға белсене қатысады. Әр сыныптан екі-үш оқушы, көбінесе қыздар, сыныпты тазалауға қалады.

    Бастауыш сынып оқушылары мектептің ауласын жинайды, сыпырады, жасыл желектерді  суарады. Ал жоғары сыныптың оқушылары көше бойын сыпырады, кейде ағаш отырғызады. Оқушылар сенбілікке еңбек құралдарымен келеді. Біреуі – сыпырғыш әкелсе, екіншісі- күрек, үшіншісі шелек әкеледі. Біз сенбілікте тәртіп сақтап, берілген тапсырмаларды тиянақты орындаймыз.                                                                                                                                                       

(65 сөз)

(Қазақ тілі 6 сынып. Дидактикалық  материалдар  Ж.Нығмет,  Ф.Төрегелдиева)

 

Лексика-грамматикалық  тапсырмалар:

І нұсқа                                                          ІІ нұсқа

ІІІ деңгей. Мәтіндегі  етістіктерді  теріп жазыңдар.

 

ІІ  деңгей. Берілген  етістіктерден қалау  рай, бұйрық  рай  жаса

 қатысамын,                                                          тазалаймын

 

І деңгей. Сөйлем  мүшелеріне  талдау  жасаңдар

1  сөйлем                                                                             2 сөйлем

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты:  Оқушылардың  қазақ тілі пәнінен жыл бойы  алған  білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың  қалыптасуын  және мемлекеттік стандартқа сай  болуын   тексеру. 

    

        Шахмат үйірмесі

 

    Ағам жасынан шахмат ойынына  құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол күн сайын үш- төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы- болашақта шахмат ойынының шебері болу.

    Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын босқа өткізбей, өзінің сүйікті ісіне  арнады. Ол әрбір жеңісін мақтан тұтады және болашақта шахмат  шебері   болатынына сенімді.

                                                                                                                        (63 сөз)

(Орыс  сыныптарына арналған 7 сынып  оқулығы Т. Артыкова,

Г. Ермекбаева. Атамұра  2012 оқу жылы)

 

                                                                                                                                                      

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа                                                                             ІІ нұсқа

ІІІ деңгей. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрастыр.

       Ақыл, қасиет                                                                 Ой, ұстам

 

ІІ деңгей.  Мезгіл, күшейткіш, мекен үстеулердің түрлерін ажыратып, сөз тіркесін құраңдар.

     Жоғары, кеше, өте                                            аса, биыл, алдында

 

І деңгей.  Берілген тақырып  бойынша  шағын әңгіме  жазыңдар.

«Мектеп үйірмелері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

 

7 - сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған алғашқы  бақылау жұмысы

 

Мақсаты: 6-сыныпта  өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін нақтылап тексеріп, қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

 

                                    Дене шынықтырудың пайдасы.

 

    Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.

    Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар.  Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес. (63 сөз)

(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-69 бет).

 

   Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Асты сызылған есімдікті септеңіз.

І нұсқа. Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді

ІІ нұсқа. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді.

 

ІІ деңгей. Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз.

І нұсқа. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс.  

ІІ нұсқа. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.

    

І деңгей. Үйірмелер туралы шағын әңгіме жазыңыз.

І нұсқа. «Спорт үйірмелері».

ІІ нұсқа. «Мектептегі үйірмелер».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы

 

Мақсаты: Оқушылардың тоқсан көлемінде алған білім деңгейлерін, өтілген        материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындап, білімдерін бағалау, сауатты жазуға баулу.

 

                                                      Жайлау.

 

   Жайлау-шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Елімізде жұртқа танымал атақты Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы деген жайлаулар бар.

   Қарқара жайлауы үстімен Ұлы жібек жолы өтетін. Осы жерде ертеде атақты жәрмеңке болады екен. Қазіргі күндері бұл жерде малшылар тойы өтеді. Ат бәйгесі, қыз қуу өткізіледі. Балалар гүл теріп, көбелек қуып, суға шомылады.

   Таулы жайлауларда қарақат, таңқурай, долана өте көп болады. Тау бөктері мен жазық далаларда бүлдіргеннің бірнеше түрлері өседі. (68 сөз).

( Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-103 бет).

 

   Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемдегі етістікті өткен шақта жіктеңіз.

І нұсқа. Қазіргі күндері бұл жерде малшылар тойы өтеді.

ІІ нұсқа. Жазық далаларда бүлдіргеннің бірнеше түрлері өседі

 

ІІ деңгей. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.

І нұсқа. Жайлау-шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс.

ІІ нұсқа. Таулы жайлауларда қарақат, таңқурай, долана өте көп болады.

    

І деңгей. Демалу, жазғы, қолайлы, балалық сөздерін қолданып, тақырыпқа сәйкес сөйлемдер құраңыз.

І нұсқа.  Демалу, жазғы.

ІІ нұсқа. Қолайлы, балалық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың жартыжылдықта алған білімдері мен сауаттылығын тексеру. Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын анықтау.

 

Домбыра.

 

     Домбыра-қазақтың халық аспабы. Қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді.

    Домбыра-қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптардың бірі. Өзіне тән ерекшелігі-ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Домбыра мен күйдің орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Дауысы қоңыр, құлаққа жағымды. (66 сөз).

(Интернет желісінен. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. org@nlrk.kz. Design by Aysarov Shukhrat © 2009).

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған етістікті  рай түрлеріне ажыратыңыз.

І нұсқа. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді.

ІІ нұсқа. Аспап үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады.

Үлгі:

Ашық рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Қалау рай

 

 

 

 

 

ІІ  деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған зат есімді морфологиялық талдау жасаңыз.

І нұсқа. Домбыра мен күйдің орындалуы арасында тығыз байланыс бар.

ІІ нұсқа. Аспап үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады.

 

І деңгей. Ұсынылған тақырыптар бойынша диалог құраңыз.

І нұсқа.  Ұлттық аспаптар.

ІІ нұсқа. Халық әндері.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы

 

Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін  нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

 

                                                 Бөрік.

 

  Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік, жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады. Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген. (69 сөз)

(Интернет желісінен. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. ұлттық бас киімдері)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді тәуелдеңіз.

І нұсқа. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі.

ІІ нұсқа. Күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.

 

ІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді құрамына қарай талдаңыз.

І нұсқа. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды.

ІІ нұсқа. Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп.

 

І деңгей. Ұсынылған тақырыптар бойынша шағын әңгіме жазыңыз.

І нұсқа. Тымақ

ІІ нұсқа. Шапан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың тоқсан көлемінде алған білім деңгейлерін, өтілген        материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындап, білімдерін бағалау.

 

                                 Тазалық – денсаулық кепілі.

 

      Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып,  тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Екінші-күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін сақтау  керек. Тамақ ішер алдында қол жууды ұмытпаңдар, оны әдетке айналдырыңдар.

   Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою керек. Азық-түлік және ыдыс-аяқтар жабық ұсталуы тиіс. (65 сөз).

(Интернет желісінен. Қыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы. www.kyzdar-alippesy.kz.)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен қос сөздерді тауып, түрін анықтаңыз.

І нұсқа. Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою керек.

ІІ нұсқа. Азық-түлік жабық ұсталуы тиіс.

 

ІІ деңгей. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.

І нұсқа. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып,  тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек.

ІІ нұсқа. Екінші-күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін сақтау  керек.

 

І деңгей. Өзіңнің денсаулығыңды сақтауға қатысты ойыңды баяндау мәтіні түрінде жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған  ІV тоқсандық бақылау жұмысы

 

Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақтылап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

 

Тілім менің.

 

     Менің ана тілім-қазақ тілі. Ол-халқымның тілі. Ол-киелі, қасиетті. Мен ана тіліммен мақтанамын. Оның құдіретін, қасиетін танытқандар қаншама!

   Тілім Әміре боп шет елдерде шырқалды. Махамбет боп көк аспанда саңқылдады. Құрманғазы, Дина болып күймен күмбірледі. Нұрсұлтан боп күллі дүниені аралады. Аспанда Роза әнімен қалықтады. Бекзат пен Ермахан ептілігімен әлемді таңғалдырды. Олимпиада көгінде Әнұранмен елімнің байрағы желбіреді. Менің елімді танытар ұландар-сендер! Тіліңді, халқыңды, еліңді сүйіңдер! (66 сөз).

(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-60 бет)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді фонетикалық талдау жасаңыз.

І нұсқа. Оның құдіретін, қасиетін танытқандар қаншама!

ІІ нұсқа. Оның құдіретін, қасиетін танытқандар қаншама!

 

ІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған етістікті жіктеңдер.

І нұсқа. Бекзат пен Ермахан ептілігімен әлемді таңғалдырды.

ІІ нұсқа. Мен ана тіліммен мақтанамын.

 

І деңгей. Тілге байланысты 3 мақал-мәтел жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, жыл бойы өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау. Тапсырмалар арқылы қазақ тілінен алған білімдерін тексеру. Сауатты жазуға баулу.

 

Интернеттiң негiзгi қосымшалары.

 

   Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.

   E-mail-электрондық пошта.  Желі тұтынушылары арасында  мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен  жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды  жеткізе аласыз. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін  теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен,  сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен  араласуға болады. (63 сөз).

(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев.  kaz.osh-18.kz )

 

 Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен тұйық етістігін тауып, етістіктің үш шағына қойыңыз.

 І нұсқа. Желі тұтынушылары арасында  мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.

ІІ нұсқа. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен,  сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен  араласуға болады.

Үлгі:

Нақ осы шақ

Келер шақ

Жедел  өткен шақ

 

 

 

ІІ деңгей. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.

І нұсқа. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.

ІІ нұсқа. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін  теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны.

 

І деңгей. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңыз.

І нұсқа. «Интернет құрылысы»

ІІ нұсқа. «Электронды пошта»

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

 

8 - сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан 7 – сыныпта алған білімдерін тексеру

Тұсаукесер тойы

 

      Тұсаукесер тойы сәби тәй-тәйлап жүре бастағанда өткізіледі. Алдымен, тұсаукесер күні белгіленеді. Тұсаукесер тойына арнайы қонақтар шақырылады. Жиналған көпшілік арасынан сәбидің тұсауын кесетін адамды тағайындайды. Ол адамның жүрісі жылдам, қимылы тез, епті кісі болу керек. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланысты арнайы «тұсаукесер» сыйлығы беріледі.

      Жақсы тілектер айтылады. Тұсауын кесетін адам ала жіпті кеседі. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер» жыры шырқалады.

(71 сөз)  («Қазақтың салт-дәстүрлері»)

 

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемдегі  сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар:

Тұсаукесер тойы сәби тәй-тәйлап жүре бастағанда өткізіледі.

ІІ деңгей. Морфологиялық талдау жасаңыздар.

 

І нұсқа. Тұсаукесер тойына арнайы қонақтар шақырылады.

ІІ нұсқа. Тұсаукесер тойына арнайы қонақтар шақырылады

 

І-деңгей. Отбасы туралы мақал-мәтел жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру

Ата-ана

 

       Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті. Ананың өз балаларына «ақ сүтімді ақтады» деуі үлкен баға.

   «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелеріне қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

(80 сөз)

(Интернет желісінен)

 

 

    Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

                    

III деңгей

 

1. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

2. Бірінші сөйлемдегі жұрнақтарды ажыратыңдар.

 

II деңгей

 

1.                                                                                                                                   Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар.

ІІ нұсқа. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті.

 

I деңгей

«Ата - ана» мәтінін әрі қарай өз ойларыңнан жалғастырып жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

Қонақты қарсы алу, күту рәсімі

 

Қазақ  халқының әдеті бойынша сырттан келген жолаушы ат үстінде тұрып: - Үйде кім бар?- деп сұраған.

Егер таныс адам болса немесе қонақасы беруден қысылмайды-ау деп ойласа, атынан түседі. Содан соң сол үйдің жастары мен балалары қонаққа сәлем беріп қарсы алып, есік ашып, үйге кіргізеді. Қонақ үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі.

        Қыздар мен келіндер көрпе жайып, қонақты құрметпен төрге отырғызады. Әдетте төрге жолы үлкен бас қонақ отырады. Қонақ шөлдеп келсе, қымыз береді. Содан кейін шай береді. Арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой сойған. Дастарқан басында домбыра тартады, ән салады.

(87 сөз) (Ш.Д. Әбдиевадан) 

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Мына сөздерге сөз тудырушы жұрнақ жалғап, сын есімдерді жасап, сөз тіркестер құраңдар.

Халық, адам, ой, бала.

 

ІІ деңгей. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Дастарқан басында домбыра тартады, ән салады.

ІІ нұсқа. Әдетте төрге жолы үлкен бас қонақ отырады.

 

І деңгей. «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» атты әңгіме құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

Менің Қазақстаным.

       Менің Отаным- Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Бұл-еркін адамдар елі. Қазақстан-таңғаларлық әдемі жер. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Әмудария өзендері және шетсіз-шексіз дала жатыр.

      Қазақстан әртүрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар,бұл-сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар. Біздің Қазақстанда Азия мен Европаның қалаларынан қалмайтын Астана,Алматы және Павлодар сияқты көрікті қалалар бар.

    Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін,Астананы көшіру шешімі қабылданды. Қазақстанда жаңа астана пайда болды. Қаланың атауы жаңаша-Астана деп аталды.

                                                                                 ( 85 сөз)

                                                                   « Жаңа толқын»  Астана-2007 жыл.

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ-деңгей.  Диктант мәтіні бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

ІІ-деңгей. Берілген сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа.

 Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан.

ІІ нұсқа.

Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар,бұл-сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар.

І-деңгей. Отан, туған жер туралы жатқа өлең жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан тоқсанда алған білімдерін тексеру.

Есентай Ерботин

          Есентай Ерботин 1940 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында колхозшы шаруаның отбасында дүниеге келген. 1959 жылы онжылдық мектеп бітіріп, әскери қатарға шақырылған. Есентай Ерботин Қарағандыдағы педагогикалық институтың филология факультетін 1967 жылы бітіріп, біраз уақыт ауылда мұғалім болады.

Әдебиет мұғалімі Е.Ерботин енді өзін журналистика саласында байқап көргісі келеді де облыстық «Қызыл ту» газетінде және кейіннен Павлодар облысындағы Қазақ радиосының тілшісі болып жұмыс істейді.

Есентай Ерботин көптеген кітаптардың авторы, ақынның «Серік пен Берік», «Менің досым», «Далаға саяхат» сияқты шығармалары оқырмандарға таныс. Еңбектерінің бірі – «Балалар бала болғанда» атты жинағы

(85 сөз) (Интернет желісінен)

 

 

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Мәтіннен бір-бірімен байланысты екі жай сөйлем алып, сол екеуінен бір сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңдар.

 

ІІ деңгей. Берілген сөздердің антонимін тауып, сөйлем құрастырыңдар.

І нұсқа. жиі, бітірді

ІІ нұсқа. Тұңғыш, дүниеге келу.

   

І деңгей. «Менің сүйікті жазушым» деген тақырыпқа эссе жазыңдар.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

Дос көлі

 

     Айнадай жарқырап Дос көлі жатыр. Көлдің суы мөлдір. Егер үйрек сүңгіп кетсе, судың астынан қайда бара жатқаны көрінеді. Көлдің батысында « Кең шалғын» сайы бар. Ол сайда жидек пен жуа өседі. Жуа мамырдың аяғында піседі. Сабағының жуандығы саусақтай. Піскен кезде,сабағының басы қоңырланады да,бүршік атады. Сол кезде оның қышқылтым дәмі, иісі қандай тамаша!

     Жидек шілдеде піседі. Дәмі өте тәтті. Күн көрмей қалың шалғынның арасында өскен оның үлкендігі бармақтың басындай,түсі бозғылт. Ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайды.

       Сол күндер есіме түскенде,мен сені аңсап сағынамын, Досым!

                                                                                              ( 85 сөз)

                              (С.Мұқанов), Алматы « Рауан» 1997 жыл,оқулық 10 сынып

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ-деңгей. Диктант мәтінінен сын есімдерді теріп жазып, талдау жасаңдар.

ІІ-деңгей. Диктант мәтінінде берілген етістіктерді тұйық формада жазып,

2 сөзді септеңдер.

І-деңгей. Берілген сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерге лексикалық  талдау жасаңдар.

І нұсқа

Сол кезде оның қышқылтым дәмі,иісі қандай тамаша!

ІІ нұсқа

 Күн көрмей қалың шалғынның арасында өскен оның үлкендігі бармақтың басындай,түсі бозғылт

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан тоқсанда алған білімдерін тексеру.

Электронды пошта

          Электронды пошта – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар. Адамдар бүгінде электронды поштаны пайдаланады. Ол кәдімгі байланыс құралдарынан әлдеқайда ыңғайлы, әрі жылдам. Оған дүние жүзінің басты-басты электрондық байланыс агенттерінің бәрі қосылған. Онда да жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, мекенжайлар мен хаттар бар. Электронды хат санаулы секундтар ішінде жеткізіледі.
          Электронды поштаның пайда болуын 1965 жылы жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк – технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды.

(82 сөз) (Интернет желісінен)

 

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей.  Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.

 

ІІ деңгей. Берілген сөйлемді синтаксистік талдау жасаңыз.

 

І нұсқа. Адамдар бүгінде электронды поштаны пайдаланады.

ІІ нұсқа.Электронды хат санаулы секундтар ішінде жеткізіледі.

І деңгей.

«Интернет желісі не үшін қажет?» деген сұраққа өз ой ларыңды жазыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

 

9 - сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай  білу және сауатты жазуларын қадағалау.

 

Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас

 

Адамзат  жаралғалы бері, ана тілі адамгершілік айнасы болып келеді. Ана тілі - әр халықтың  өзінің  төл белгісі. Өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу қажет. «Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас», - деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді қырғыз ақыны Сарноғаев айтқан. Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де  сүйе біледі.

«Ақын болу – міндет емес, азамат болу - парызың», - дейді. Азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. Біздің  халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай.  Тіліміздің байлығын  ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіл байлығы -  рухани байлық.

                                      (Қазақ тілі мен әдебиет журналы 5/2005, 92 сөз)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей.

Мәтіннен тәуелдік және септеулік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның жағы  мен септігін анықтаңдар.

 

ІІ  деңгей.

Берілген сөйлемге синтаксистік талдау  жасаңдар.

1 нұсқа - Ана тілі - әр халықтың  өзінің  төл белгісі.

2 нұсқа - Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де  сүйе біледі.

 

І деңгей.

Ана тілі тақырыбына 4-5 мақал – мәтел жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Мемлекеттік  білім стандартының орындалу барысын тексеру

 

Үлкенді сыйлау

 

Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз  басқа адамдарды да сыйлай алмайды.  Ата-ана баланы дүниеге  келтіріп, өмір  береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді.  Есейген  бала  ата-анаға қамқоршы болуға  жараса – жігіт  болғаны. Ата мен ананың  қартайғанда бойынан күші  қайтады. Бірақ  олардың ақылы,  көпті көрген  тәжірибесі отбасына үлкен көмегін  тигізеді. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отыру керек. Ата-ананы  сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.

                                                         (9с. Қазақ  тілі оқулығы.95 сөз)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей.

 Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар, олардың шағын анықтаңдар.

 

ІІ деңгей.

Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа:  Ата-анасын сыйламайтын3 ұл мен қыз  өзгеге де сыйлы болмайды                                                          

ІІ нұсқа: Ата-ананы  сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды3.

 

І деңгей. «Үлкенге- құрмет, кішіге-ізет» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай  білу және сауатты жазуларын қадағалау

 

Әбілхан Қастеев

 

Әбілхан Қастеев қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, кескіндемешісі, қоғам қайраткері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушысы. Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған. 1929 жылы Алматыға келіп, Хлудовтың студиясына қатысады, бейнелеу өнерінің негізін үйренеді. Әбілханның суретшілік мұрасы өте бай. Оның мыңнан астам туындылары бар. Қастеевтің суреттері табиғат, ескі және жаңа тұрмыс, халықтың өмірі, дәстүрі туралы.

Әбілханның Абайдың, Жамбылдың, Шоқанның кескіндерін жасады. Дарынды суретшінің қазақ халқының тұрмысын бейнелеген туындылары «Колхоз тойы»,, «Жайлаудағы радио», «Соңғы хабарлар», «Сүт фермасы», т.б. Көптеген суреттерінің бас кейіпкерлері – еңбек адамдары.

Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болды. Алматыда оның атында көркемсурет училищесі және мемлекеттік көркем галереясы бар.

(Парасат журналы, 19-бет, 2012 жыл №9,96 сөз)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Бірінші сөйлемнен туынды зат есімдерді көшіріп, құрамына қарай талдаңдар.

 

ІІ деңгей. Мәтін мазмұны бойынша 3-4 сұрақ құрастырыңдар.

 

І деңгей. «Жергілікті суретшілер» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы.

                            

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай  білу және сауатты жазуларын қадағалау, грамматикадан алған білімдерін жүйелеу

 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы

 

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.

Мұражай экспозициясы 7 залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы.

Қазіргі кезде мұражайда 47 мыңнан астам экспонат бар. Жыл сайын мұражайды 32 мың келуші тамашаласа, 110 астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 мұражайға шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге Павлодар өңірінің ақын-жазушылары шығармашылығына арналған мектеп бағдарламасымен сәйкестендірілген 50 астам тақырыптық дәрістер жүргізіледі.

(Интернет желісі. 96 сөз)

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. 

Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, түрлерін анықтаңдар

 

ІІ  деңгей.

Берілген сөздерді қалау райда тәуелдеңдер.

1нұсқа – ашу                                2 нұсқа – өткізу

 

І деңгей.

Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту,тыңдай  білу және сауатты  жазуларын қадағалау

 

Теледидар.

 

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радиосигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар, түрлі-түсті, ақ ала, кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі - бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын біруақытта күшейту және түрлендіру. Теледидар- ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. 20 ғасырдың соңында теледидардың ертеден қолданылып келген кинескопты түрінің орнына, сұйық кристалды, плазмалы түрлері пайда болды. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидардың ең озық түрі болып саналады. 

     (Парасат журналы, 10-бет, №1, 2013 жыл, 87 сөз)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Мәтіндегі  күрделі сөздерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңдар.  

 

ІІ  деңгей. Берілген сөздердің синонимдік, антонимдік қатарларын жазыңдар

Күшейту, ақ, ерекшелігі, сұйық, пайда, озық.

 

І деңгей.

Мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраулы сөйлем құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту,тыңдай  білу және сауатты  жазуларын қадағалау

 

Тілшілер

 

Қазақ баспасөзі. Тұңғыш қазақ журналистері. Бүгін мұның бәрі де тарих.

Алғаш қазақ тілінде 1870 жылы 10 мамырда  Тәшкенде  «Түркістан уәлаяты» газеті шықты. Қазақтың алғашқы журналистері  1888 жылдары Омбыда шығып тұрған «Дала уәлаяты» газетінде жұмыс істей бастаған. Қазақтың  тұңғыш  журналистері: Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамед Сұлтанғазин,  Рахымжан Дүйсебаев  деген кісілер болған.

Нағыз үлкен журналист Мұхамеджан Сералин еді. Ол «Айқап» журналын шығарған. Журнал қазақ өмірін насихаттайды.

Ахмет Байтұрсынов әйгілі «Қазақ» газетінің бас редакторы болды.

Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші Нәзипа Құлжанова болса, жастар газетін – Сара Есова, әйелдер журналын Ләзиза Серғазина басқарған.

Журналистердің қоғам өміріне сіңіретін еңбегі көп. Әлбетте, олар әрқашан халықпен бірге.

                                                               (98 сөз «Қазақ әдебиеті» газетінен)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей.  Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.

1 нұсқа. Алғаш қазақ тілінде 1870 жылы 10 мамырда  Тәшкенде  «Түркістан уәлаяты»3 газеті шықты.

2 нұсқа.   Ахмет Байтұрсынов әйгілі «Қазақ» газетінің бас редакторы3 болды.

 

ІІ  деңгей. Мына сөйлемдерге синтаксистік  талдау жасаңдар.

1 нұсқа.  Нағыз үлкен журналист Мұхамеджан Сералин еді. Ол «Айқап» журналын шығарған. Журнал қазақ өмірін насихаттайды.                                   

2.нұсқа.  Журналистердің қоғам өміріне сіңіретін еңбегі көп. Әлбетте, олар әрқашан халықпен бірге

 

І деңгей. Қазақ тілінде шығатын облыстық газеттер туралы шағын әңгіме құрастырыңдар.

 

                              

 

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: бағдарлама бойынша стандарт талаптарының орындалу деңгейін анықтау.               

Мамандық таңдау.

        Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», - дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады.  Мамандықтың түрі көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. Сөзбен өрнек салатын жазушы болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына  қарай бейімделе бастайды.  Өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. Сондықтан бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.

                                               (Ж.С. Қалиева. Диктанттар жинағы 2007ж. 96 сөз)

 

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңдар.

 І нұсқа.Адам, өнер, қабілет.

ІІ нұсқа. білім, бала, қанат.

 

ІІ деңгей.

Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

 

1 – нұсқа.  Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына  қарай бейімделе бастайды.

2 - нұсқа. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.

 

І деңгей.

 «Болашақ мамандығым» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңдар.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

 

10 - сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: 9-шы сыныптағы өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.

Ақ қайың.

      Ақ қайың, сұлу қайың – ол табиғат көркі ғана емес, үлкен шаруашылық маңызы бар, шипалық қасиеті де мол ағаш түрі. Қайыңның көктемгі шырынының қадір-қасиетін халық сонау ерте заманнан бері білген. Оны басы айналып, қаны азайған адамдар дәрі ретінде пайдаланған.

      Көптеген елдерде қайың сөлін өндірістік, емдік мақсатта пайдаланады.               Ал Қазақстанда ше? Шалқар даланың төсінде жайқала өскен қайыңдарды тек қана отын үшін, әр түрлі үй-жиһаздарын жасауға қажетті ағаш материалы үшін пайдаланады.

      Қазақстан аймағында өсетін қайыңның көлемі сегіз жүз мың гектар жерді алып жатыр. Осы табиғаттың байлығын тиімді пайдалансақ, бұл халық шаруашылығына орасан зор пайда келтірер еді. (93 сөз)

 

(Ж. С. Қалиева  «Учебная книга» Қарағанды 2005 111-бет.)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

1.Мәтіндегі сөздердің септік жалғауларын ажыратыңдар.

2. Берілген етістікті үш жаққа қойып, келер, өткен шақта жіктеңдер:

I нұсқа – пайдалану (келер шақ)             II нұсқа –білу (өткен шақ)

                                                                                                                                                                              3. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:Осы табиғаттың байлығын тиімді пайдалансақ, бұл халық шаруашылығына орасан зор пайда келтірер еді.      

 

4. Мәтіннің мазмұнын ашатын 5 сұраулы сөйлем құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: 1-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.                                                   

Диктант         

          Ата-бабамыз отбасындағы тәрбие ісіне терең мән берген. Есі кіре бастасымен-ақ  ұл мен қызды жеке дара тәртіп тезіне салып, өнегелі болуға үйреткен. Тілі шыға бастаған баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тіл алғыш етіп баулыған. Әже тәрбиесінде өскендер – нағыз бақытты адамдар. Болашақ бастаулары соларда жатыр ғой. Әже тәрбиелеген бала ақылмен де, сезімтал және еңбекқорлығымен де ерекшеленіп тұрады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

         Даламыз қандай кең болса, оның жазылмаған моральдік кодексі да сондай көп. «Балаңды бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла. Жетіден он беске дейін құлынша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра» деген  әр сөйлемде ұлағатты ұғым, астарлы ой жатыр. Осы даналық қағиданың философиялық мәні тым терең. (103 сөз)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

1.    

Мәтіннен туынды сөздерді теріп жаз, оларды құрамына қарай талдаңдар.

 

2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге    

    морфологиялық талдау жасаңдар:

 I нұсқа –Дастарқанға ең алдымен нанды қой, өйткені нан – дәм басы.

  II нұсқа – Нансыз өмір жоқ, сондықтан нанды жерге тастама, рәсуа етпе. 

 

3. Ас, тағам туралы 3-5 мақал-мәтел жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: 2-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.                                                   

Қаныш Сәтбаев.

     Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.

     Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.

       Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған. (96 сөз)

(Диктанттар жинағы 10-11 сынып. Қостанай 2004 8-бет.)

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

1.   Берілген сөздердің синонимін, омонимін жазыңдар.

І нұсқа: Белгілі, еңбек, жүз, аты.

ІІ нұсқа: Көмек, бас, кітап, жаз.

2.     Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:

I нұсқа – Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын.                                                                                                                                 II нұсқа –Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.

 

3. «Қазақстанның белгілі ғалымдары»деген тақырыбынаэссе жазыңдар.

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты:1, 2-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.                                                    

 

Бата мен тілек

      Бата мен тілек егіз қозыдай ұғым. Тілек дегеніміз  –  бата, бата  –  тілек. «Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын», «Жақсы жатып жайлы тұрыңыз» деген тіркестерде бата да, тілек те бар.

  Бата мен тілек –  негізінен адам баласына жақсылық ойлау. Ол жас ұрпақты бірлікке, әділеттікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Бата ризашылық тілек-ниетінің көрінісі ретінде айтылады. Сапарға шығарда жанашыр үлкен адамнан бата алады: «Сапарың оң болсын, сәтті жол болсын, басыңа бақ қонсын», т.б.Іштей тілеу әрбір адамның сеніміне де байланысты. Ол «құпияны» әркім біле бермейді. «Біреуге жамандық тілегенше, өзіңе амандық тіле» - дейді қазақ мақалы. Бата беруді үйрену өмірге өте қажет. (98 сөз)

(Диктанттар жинағы 10-11 сынып. Ж.С. Қалиева, Қостанай 2004. 26-бет)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

1.   Сызбаға сәйкес сөз тіркесін теріп жазыңдар, олармен сөйлем құраңдар.

І нұсқа. Зат есім+етістік

ІІ нұсқа. Сын есім+зат есім

 

2.   Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:                                                                                I нұсқа –  Бата мен тілек жас ұрпақты бірлікке, әділеттікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді.                                                                                                        II нұсқа –  Сапарға шығарда жанашыр үлкен адамнан бата алады.

 

 

3. «Бата, тілек» сөздерін пайдаланып құттықтау жазыңдар.

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: 3-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.                                                   

Оқырманың мол, ұлағатың зор болсын, «Ұлан»!

«Ұлан» газетінің қалың оқырмандары мен жас тілшілері газеттің мерейлі мерекесін қарсы алды.

Газет шыға бастаған күннен бері жас буынның өмірдегі бағыт сілтер кеңесшісі, қол ұшын берер кеңесшісі, ой бөлісер сырласы болып келеді.

Талай-талай атақты еңбек адамдары, мәдениет пен өнер қайраткерлері, озық ойлы саясаткер мен ғалымдар осы газет арқылы дүние танып, қанаттанды.

С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезовтен бастап, бүгінге дейінгі барлық атақты жазушыларымыз, Қ.Сәтбаев пен Ө.Марғұланнан бастап, бүгінге дейін барлық көрнекті ғалымдарымыз осы газет бетінде балаларға арналған көркем дүниелер, мақалалар жазды.

Газеттің бүгінгі жауапкершілігі мен парызы бұрынғыдан әлдеқайда зор. Ол білімді, іскер, қайратты ізбасарлар тәрбиелеуге көмектесуі шарт. (95 сөз)

 

(Өмірбаева К.О. Диктанттар жинағы – Ақтөбе – 2008 ж. 19-бет)

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

1.                                                                                                   Берілген етістіктерді есімшеге айналдырып септеңдер.

І нұсқа:  Болады, таныды.

ІІ нұсқа: Жазды, бастады.

 

2.   Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа: Талай-талай атақты еңбек адамдары, мәдениет пен өнер қайраткерлері, озық ойлы саясаткер мен ғалымдар осы газет арқылы дүние танып, қанаттанды.

ІІ нұсқа:Газеттің бүгінгі жауапкершілігі мен парызы бұрынғыдан әлдеқайда зор

 

3. «Көп тілді білу –  заман талабы»тақырыбына эссе жазыңдар.

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: 4-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.                                                   

 

                 Диктант.

 

Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», - дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. Сөзбен өрнек салатын жазушы болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.(103 сөз)

 

   (Диктанттар жинағы 10-11 Ж.С. Қалиева, Қостанай 2004. 32-бет)

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

1.Мына есімшені септеңдер:

 I нұсқа  –  алған

II нұсқа –  іздеген

2     Берілген сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып, оған синтаксистік талдау жасаңдар. 

І нұсқа:Мамандықтың түрі көп,  ...  .

ІІ нұсқа: Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу үшін,  ...  .

 

3. «Мен оқитын газет-журналдар» тақырыбына диалог жазыңдар.

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты:Оқу жылы бойы өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.                                                   

Кедей ауылы.

 Аршалының қалың құзының қақ ортасында отырған бір ауылға кез бола кеттік. Тау елін көргенім де осы еді, көзіме бір түрлі жат көрінді. Бас-аяғы екі-үш қора екен,үшеуі үш төбешіктің басында,бұзылған мол сықылданып тұр. Малдары қалай күн көретінін білмеймін,қора маңында бір шошақтан артық шөп көрінбейді. Оның  өзіне де мал тісі тиген тәрізді емес, төңірегін талмен  қоршай,  төбесін таспен бастырып тастапты.

 Не де болса,осы ауылдан ат шалдырып аттануға көңіліміз кетті. Ортада тұрған тас қораға  қарай ойыстық. Жолдағы үйге-ақ түсе салайық деп едім,жолдасым болмады. Келген үйіміздің есік алдында қара кер ат байлаулы тұр.

Тер қатып қиналған мал тәрізді.Төрт аяғын бауырына алып бүріскен, қырып алар қызыл жоқ. Сүйегі арса-арса, дірдек-дірдек етеді.  (112сөз)

 

  (Ғ.Мұстафин)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей.  Берілген сөздерге  морфологиялық талдау жасаңдар

І нұсқа    Келген үйіміздің есік алдында қара кер ат байлаулы тұр.

ІІ нұсқаҚасына біз де атымызды байлап,қораға ендік.  

 

ІІ деңгей. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа       Тау елін көргенім де осы еді, көзіме бір түрлі жат көрінді.

ІІ нұсқаМалдары қалай күн көретінін білмеймін,қора маңында бір шошақтан артық шөп көрінбейді.

І деңгей. Мәтінге сүйеніп «Туған жер», «Табиғат» тақырыптарына мақал-мәтелдер жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

 

11 - сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.

                                                                                                             

Мақсаты: 10-сыныпта  өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

 

Банк қызметі туралы не білеміз?

 

   Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

     Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады.

     Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.

     Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме.

     Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.

     Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

    Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.

                                                                                                               (106 сөз)

(С. Дюсебаев.  Қазақ тілі, Сборник диктантов. Алматы «Мектеп» 2011, 54 бет)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей.  Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа.     Өндіріс керек болса, банк те керек.

ІІ нұсқа.    Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

ІІ деңгей.  Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа      Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

ІІ нұсқа     Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады.

І деңгей.   Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңдар.

І нұсқа      «Менің болашақ мамандығым»  ІІ нұсқа     «Сүйікті мамандығым»

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы.

                                                                                                              

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

 

Жібек жолы

 

     Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастап керуен жолы ретінде қолданыла бастады. Қытай мен Батыс елдерін байланыстыратын бұл жол -Жетісу.

       Сауда жолының бойын көшпелі және жартылай көшпелі сақ тайпалары мекендеген. Біздің заманымызға дейінгі  І ғасырдың соңында мұнда Рим әйнегі және ақшасы, Қытай жібегі, айнасы мен жылтыр ыдыстары, еуропалық, ирандық мүліктер келіп жеткен.

      Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында Тараз сияқты түрлі қалалар мен қалашықтар пайда болды. Оларды салған жергілікті егіншілікпен айналысатын халықтар еді.

      ҮІІ ғасырда Жібек жолы бұрынғыдан  да  жандана түсті. Жетісуда қалалар көбейді. Жібек жолы ХІҮ ғасырға дейін өмір сүрді.

                                                                                                                  (96 сөз)

(С. Дюсебаев. Қазақ тілі, Сборник диктантов. Алматы «Мектеп» 2011. 25-бет)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар.

ІІ деңгей. Екі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып, талдаңдар.

І нұсқа:   Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастап керуен жолы ретінде қолданыла бастады. Қытай мен Батыс елдерін байланыстыратын бұл жол – Жетісу.

ІІ нұсқа: Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында Тараз сияқты түрлі қалалар мен қалашықтар пайда болды. Оларды салған жергілікті егіншілікпен айналысатын халықтар еді.

І деңгей. Біріккен сөздер  мен етістіктің келер шағын қолданып, монолог    құрастырыңдар.

                 «Қонақ үй»                                       «Ұшақпен саяхат жасау» 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Жаңа Астана

         Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан бұрыңғы Ақмола қаласы жаңа мәртебеге ие болды. Ол – Қазақстанның жаңа астанасы. Мәртебесіне сай аты да Астана болып өзгерді. Мұнда күрделі құрылыстар жүріп жатыр. Қаланың орталығындағы Елбасының резинденциясы ерекше көзге түседі. Оның басты ерекшелігі – ғимараттың төбесі кәдімгі қазақ үйінің шаңырағы сияқты.

         Астанадағы жаңа ғимараттар мен әсем үйлерді салуға шетелдік фирмалар мен қоғамдар көп көмек көрсетті. Мысалы, қаланың ортасындағы бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйін Түркияның «Исот» фирмасы салған. Ал түріктің «Финтрако» компаниясы «Қазақойыл» ұлттық мұнай-газ компаниясының ғимаратын салды. Қаланың көркендіруге Қазақстанның барлық облыстары көмек берді. 

                                                                                                                  (90 сөз)

 

(Қазақ тілінен жазба жұмыстар. С.Ч. Тұрсынғалиева «Арман-ПВ» баспанасы, Астана 2008. 72-бет)

 

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей. Мәтіннен етістікті теріп жазып, оны болымсыз түріне айналдырыңдар.

ІІ деңгей. Берілген сөйлемді  құрмалас сөйлемге айналдырып, оған синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа      Мәртебесіне сай аты да Астана барлық болып өзгерді, ...   .                          ІІ нұсқа      Қаланың көркендіруге Қазақстанның облыстары көмек берді, ...  .

І деңгей.  «Павлодар қаласындағы қонақ үйлер», «Алматы қаласындағы қонақ   үйлер» туралы монолог құраңдар.  Жазылған мәтіннен үстеу түрлерін анықтаңдар.

 

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: І жартыжылда өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Қостанай

Қостанай – ежелден қалыптасқан жер атауы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздегі мән-мағынасы сақталған төл атау. Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан Ұлытаудың басында Асан атаның бәйбішесі Тана әже жерленген. Оның басындағы ескерткішті халық Ақмешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді. Ал Асанның осы Тана әжедей туған батыр ұлы Абат туралы аңызға айналды. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.

Қостанай қаласының бұрыңғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған. Олай болса, қала аты да қыпшақтың егіз қызының атымен аталған.   

                                                                                                        (98 сөз)

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Ж.С.Қалиева «Учебная книга» Қарағанды, 2005)

 

Тапсырмалар

ІІІ деңгей. Мәтіннен есімшелерді теріп, оларға толық морфологиялық талдау жасаңдар.

ІІ деңгей. 1. Белгіленген сөзге лексикалық талдау жасаңдар.

І нұсқа. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді.

ІІ нұсқа  Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.

2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.

ІІ нұсқа. Қостанай қаласының бұрыңғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған.

І деңгей.  «Туған жердің керемет қалалары» тақырыбына эссе жазыңдар.

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Театр

Театр – өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің алдында актерлер күшімен бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Театрдың тарихи жағынанан қалыптасу, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір, тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және орнықты мәдениетімен тығыз байланысты.

Театр – халықты саяси және эстетикалық жағынан тәрбие берудің, адамгершілік пен ізгілікке баулудың аса маңызды құралы.

1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып, даму кезеңінде қойылған Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Бейімбет Майлиннің «Неке қияр» және тағы басқа спектакльдері ерекше орын алды.  

                                                                                                         (94 сөз)

(Қазақ тілі 9-сынып 125-б. Алматы «Атамұра», 2009)

                      

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Мәтіннен сын есімдерді теріп, оның түрлерін анықтаңдар.

ІІ деңгей. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. 1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды.

ІІ нұсқа. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып, даму кезеңінде қойылған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Б. Майлиннің «Неке қияр» спектакльдері ерекше орын алды.

І деңгей. Етістіктің келер шағын қолданып, монолог құрастырыңдар.

            «Опера театры»                                       «Драма театры» 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.

                                                                                                           

Мақсаты: ІV тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Техника ғасыры

 

ХХІ ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі. Ғылым мен техниканың даму халық өміріне де өзгерістер әкелді. Адамдардың үйде де, жұмыста да, оқу орнында да жиі қолданатындары – компьютер. Ол күнделікті қажеттілікке айналды.

Әлемге әйгілі «Майкрософт» компьютер корпорациясының басшысы – Билл Гейтс. Билл Гейтс компьютерлік бағдарламалар жазды. Оның табысы өте жоғары. Ол қазір дүниедегі ең бай адам. Оның есепшотына әрбір минут сайын жарты миллион доллар түседі екен. Билл Гейтс ми күшін ақылмен қолданып, бүкіл әлемге әйгілі болды. Шындығында, ол аса талантты әрі іскер адам.

Қазіргі кезде интернет, электрондық пошта ешкімге де таң емес. Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың. Интернетті қолданылатын адамдар саны он миллион асады. Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді ғой!

Компьютер жұмыстың сапалы да жылдам жүруіне үлкен ықпал етеді.

                                                                                                     (121 сөз)

(Қазақ тілі,  8-сынып 101-бет.  Алматы «Мектеп», 2004)

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей. Белгіленген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа.     ХХІ ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі.

ІІ нұсқа.    Билл Гейтс ми күшін ақылмен қолданып, бүкіл әлемге әйгілі болды. 

ІІ деңгей. Екі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып, оған синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Билл Гейтс компьютерлік бағдарламалар жазды. Оның табысы өте жоғары.

ІІ нұсқа. Қазір кезде интернет, электрондық пошта ешкімге де таң емес. Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.

І деңгей. Есімше мен көсемшені қолданып, монолог құрастырыңдар.

            «Қалта телефоны»                                       «Е-маил пошта» 

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты:11-сыныпта  жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

 

Компьютерде ақпараттар қалай сақталады?

 

        Компьтерге еңгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – жады. Жад процессорға орнатылады. Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған. Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас. Алайда олардың айырмашылығы үлкен. Адам жадында қайбір нәрселер ұмытылуы немесе шатасуы мүмкін болса, компьютер жадында барлық нәрсе сол қалпында және тұрақты сақталады.

       Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және тұрақты жадыдан құрылады. Жады компьютердің қатты табақ жадында болады. Оның сыйымдылығы үлкен болғанмен, ақпараттарға толып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін бір тәсіл бар. Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек. Ал өзімізге керек болғанда, дискетті ендіріп, компьютерге ашып оқу бұйрығын береміз.

       Компьютер жадында нұқсан келтіретін жағдайларды естен шығармау керек.

Кейбір шағын көлемді бөгде бағдарламалар өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді. Оны ақпараттық вирус деп атайды. Керексіз ондай вирустар компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады.    

                                                                                                               (115 сөз) (А.Мамырова.  Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп» 2011 ж. 90 бет)

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей     1. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

І нұсқа        Ақпараттарды,  жадында, береміз, бұзуға

ІІ нұсқа       Қабілеті, сақталады, мәліметтерді, шығармау

2. Фразеологиялық тіркестердің мағыналарын  анықтаңдар.

Жүрегінің түгі бар -                       Төбе шашы тік тұрды -

Таяқ тастам жер -                           Қой аузынан шөп алмас -

ІІ деңгей. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған.

ІІ нұсқа  Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек.

І деңгей.  Тақырыпқа байланысты да, әрі, де, сондықтан, немесе, алайда жалғаулықтарымен 4-5 сөйлем құрастырыңдар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-256 бет.

2.     Диктанттар жинағы. Қасабекова Қ., Қасымова Б. Алматы: «Ана тілі» 1993.-184 бет.

3.     Тіл ұстарту мәтіндері. Ж.Д.Адамбаева Алматы: «Рауан» 1997.-205 бет.

4.     Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев.  kaz.osh-18.kz

5.     Интернет желісінен. Қыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы. www.kyzdar-alippesy.kz.

6.     Малая энциклопедия этикета. – М.: «РИПОЛ КЛАССИК», 2000. – 640б.                                                                                                       

7.     http://etiket.net.ru/Сыйлықтар.

8.     Интернет желісінен. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. org@nlrk.kz. Design by Aysarov Shukhrat © 2009

9.     Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.-25б.

10.  Интернет желісінен. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. ұлттық бас киімдері

11.  Адамбаева Ж. Диктанттар жинағы. 4-11 класс. Алматы: «Рауан», 1993

12.  Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. Алматы: «Мектеп», 2002

13. Ысқақов Ә. Қазақ тілін оқыту. Алматы, 2002 

14. Адамбаева Ж. Тіл ұстарту мәтіндері. 5-11 сынып. Алматы: «Рауан», 1997

15. С. Дюсебаев.  Қазақ тілі, Сборник диктантов. Алматы «Мектеп» 2011,  54 бет.

16. С. Дюсебаев. Қазақ тілі, Сборник диктантов. Алматы «Мектеп» 2011.  25-бет.

17. Қазақ тілінен жазба жұмыстар. С.Ч. Тұрсынғалиева «Арман-ПВ» баспанасы, Астана 2008. 72-бет

18. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Ж.С.Қалиева «Учебная книга» Қарағанды 2005

19. Қазақ тілі 9-сынып 125-б Алматы «Атамұра» 2009

20. А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы «Мектеп» 2011. 37-бет

21. Қазақ тілі.  8-сынып 101-бет.  Алматы «Мектеп» 2004

22. А.Мамырова.  Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп» 2011 ж.            90 бет.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен бақылау жұмыстары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 31707
    • DOCX 271.5 кбайт
    • 271 скачивание
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуркин Ринат Амантаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нуркин Ринат Амантаевич
    Нуркин Ринат Амантаевич
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50975
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 203 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов