Қазақ тілінен "Біріккен сөздер" тақырыбы

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Мақсаты: 1. Біріккен сөздер тақырыбын ашу.
                  2. Жаттығулар арқылы біріккен түбірді ажырата білуге үйрету.
                  3. Сауатты жазуға және тез ойлап пайымдауға, шығармашылыққа 
                       бейімдеп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: анализ -синтез, сұрақ жауап, баяндау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:
                                   А) түгендеу.
                                    Ә) оқу құралдарының орында болуын қадағалау.
1) Үй жұмысын тексеру:
              Қос сөздер тақырыбының мән мағынасын сұрап, сөздіктерін тексеру. Жазып келген сөйлемдерін тексеру.
2) Үй жұмысын қорыту:
3) Жаңа сабақ:
а) Мысалдан бастап түсіндіріледі.
                  Балалар саңырауқұлақ теріп әкелді.
ә) Ерекшелігі:
1. Екі немесе үш түбірден бірігеді.
2. Бір ұғымды білдіреді.
3. Күрделі сөздер қатарына жатады.
4. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.
5. Кейбір біріккен сөздердің құрамы бастапқы түбір қалпын сақтамай, дыбыстық өзгеріске ұшырап айтылып жазылады.
Мысалы: әкел (алып - кел)
                 бүгін (бұл - күн)
                 биыл (бұл -жыл)
                 апар (алып -бар) т.б.
б) Ережесі оқушылардың өздерін қатыстырып, шығарылады.
     Екі немесе үш түбірден бірігіп, бір ұғымды білдіретін сөзді біріккен сөз дейміз.
    Жаңа сабақ қорытылып, жаттығу жұмыстары жүргізіледі.               Жаттығу жұмыстары.
115-жаттығу. Мақсаты: Түбірлері сақталып, біріккендерін бір бөлек, түбірлері сақталмай дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккендерін бір бөлек жазу.
  Түбірі сақталған.                          Дыбыстық өзгеріс.
Қарабай, Белгібайұлы                   Бегәлі, күздігүлі, әнеугүні, қожагелді
116-жаттығу. (ауызша)         
117-жаттығу орындату.Мақсаты: Жаттығуда берілген сұрақтарға жауап беру.
Үлгі: 2 не 3 сөзден біріккен қандай жер, су, планета, географиялық атауларды білесіңдер?
Ақтөбе, Шымкент, Сарыаз, Алакөл, Темірқазық т.б.
Карточкамен жұмыс.
         1.Мәтін құрастыру
         2.Деңгейлік тапсырманы орындату.
3.Біріккен сөздерге арналған ребустарды шешу.

4.Венн диаграмасын құру.
Біріккен сөз бен қос сөздер.
        5. Ти кестесін құру.
        6. Красворд шешу.
    1 )Мектепте оқушының алатыны- білім
    2 )Септік атауы-ілік
3) Сан есімнің түрі-реттік
4) Өзен-көл атауы-Іле
5) Ауру атауы-көкжөтел
6) Болашақ синонимі-келешек.
7) Ағаш түрі-емен
    8) Түйе түрі-нар
«Миллион кімге бұйырады» ойыны
     1)Морфология саласы нені зерттейді?
а. тіл дыбыстарын            с. сөздіктерді
в. сөз құрамын                  д. бастауышты            200 тг.

2)Білім,білімпаз қандай түбір.
а. түбірлес сөздер             с. біріккен сөздер
в. қос сөздер                      д.қысқарған сөздер     500 тг.

3) Кемпірқосақ ненің атауы?
а. кісі атауы                       с. географиялық атау
в. ән атауы                          д.ойын атауы               1000 тг.

4) Бала-шаға қандай сөзге жатады?
а. біріккен сөз                   с. қайталама қос сөз
в. түбір сөз                        д. қосарлама қос сөз    2000 тг.  

5) Алтыбақан ненің атауы?
а. кісі атауы                       с. географиялық атау
в. ән атауы                          д.ойын атауы               5000 тг.

6) Қыстау деп қай кезді айтады?
    а. күз                                   с. көктем
в. жаз                                  д.қыс            10 000 тг.
Жұмбақтарды шешу.
     1)Әкесі-тышқан,                     2) Тарбаң, тарбаң, тарбиған түрі бар 
   шешесі құстан.                     жаман жарбиған. 
          (Жарқанат)                                                   ( Тасбақа)

3) 1 ақынның атында 2 түбір, 4 буын төртеуі де бітеу буын, мұны тауып, қанекей, кім айтар екен кім бұрын?
                                                                      (Сұлтанмахмұт)
4) Құйрығы 1 қылп етті құла құлын жылт етті.
                                                                      (Сарышұнақ)
         5)Алғашқы буыным
Көшті бастар ұлыным,
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бірлігін.
Екеуін қоссаң ірімін-
Көп аңдарды дүрімін.                        (Жолбарыс)

Сабақ аяқталып, үйге тапсырма беріледі.      
1) Біріккен сөз ережесі мен ерекшелігі.
2) 118- жаттығу

Краткое описание материала

Қазақ тілінен "Біріккен сөздер" тақырыбы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Аязбекова Зауреш Каримовна

учитель

  • На сайте: 10 лет и 10 месяцев
  • Всего просмотров: 8979
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 8979
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Аязбекова Зауреш Каримовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Более 60 ИИ-инструментов для учителей

Создавайте рабочие листы, презентации, картинки, тесты, получайте ответы на любые вопросы и многое другое!

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: