Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілінен дидактикалық материалдар

Қазақ тілінен дидактикалық материалдар

Скачать материал

 

Қазақ тілі

 

 

 

1 -сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Авторлары: Павлодар қаласының №18 ЖОМ қазақ тілі мұғалімдері

                     Айдарова Гүлсім Ақылбекқызы

                     Ахатова Тендік Сағидоллақызы

                     Иманғалиева Бибігүл Қалымқызы

                     Жақыпова  Ғайнигүл  Манатайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

1 Сынып

         Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»,  «Білім беру туралы» заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2001-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысумен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжібириесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленген.

          Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылды. Атап айтқанда: басты мәселе – пәндік сөйлесім әрекеттеріне тән, тілдік және мәдени-танымдық құзыреттіліктер мен қатысымдық (коммуникативтік), проблемалардың шешімін табу, ақпараттық түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік тудыру.

               Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сыныптарында «қазақ тілі» пәнін оқытудың жалпы мақсаты – қарапайым және бастапқы деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту.

Әлеуметтік-тұрмыстық ая бойынша құрастырылған тақырыптар: «Ертегі тыңдайық», «Ойын»,  «Дене мүшелеріне қатысты бұйрықтар», «Алфавиттік  жұмбақтар», «Ойыншықтар. Робот», «Отбасы туралы мақал- мәтелдер».

Оқу-еңбек аясында: «Сөмкеңде не бар?», «Біздің мектеп»,  «Ас дәмді болсын!», «Мектепте жүзу  бассейні бар ма?», «Спорт зал», «Мәреге жет», «Сандардың көршілерін ата»,   «Көшіріп жазу», «Санамақ».

Әлеуметтік-мәдени ая бойынша: «Үзіліс», «Мен сүт ішемін», «Жүр, асханаға кеттік», «Қалада».

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая

 

1-сабақ. Танысу

 

Сөздік:

Әке – отец                                                          сіңлі – младшая сестра

Шеше – мама                                                     аға – старший брат

Ана – мать                                                         іні – младший брат

Отбасы – семья                                                 әпке –старшая сестра

Менің - мой, моя моё

 

1-тапсырма. Мәтінді тыңда, оқы.

 

Сәлем! Менің атым – Айнұр.  Менің отбасым үлкен емес. Менің әкем, шешем (анам), сіңілім бар.

 

2-тапсырма. Суретке қара, біліп ал.       

 

 

                        

 

Мынау кім?       Мынау әкем.

Мынау кім?       Мынау шешем.

Мынау кім?        Мынау мен.

 

2-тапсырма. Қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жаз.  

 

Мен.........жақсы көремін

Мен.......... жақсы көремін

Мен.........жақсы көремін

 

Қажетті сөздер: әкемді, анамды, ағамды, әпкемді, сіңлімді, інімді

 

3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, жаз және өзіңді осы үлгі бойынша таныстыр.

 

Мынау - мен.

Менің атым - Серёжа.

Менің тегім - Иванов.

 

2-сабақ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер.

    

 1-тапсырма. Мақалды түсініп, жаттап ал.

 

«Отан - отбасынан басталады»

·         Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер.

·         Жақсы әке  жаман балаға қырық жылдық ризық.

·         Жаман да болса ағамыз, Жақсыны қайдан табамыз.

 

 

2-тапсырма. Аудармасы берілмеген сөздердің аудармасын қойып көшіріп жаз және жаттап ал. 

                                     

Дядя – көке                                              

Отец –

Суп – көже

Бабушка -

  

 

3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.

 

Көрші атам

 

                          Күнде үйдің қасынан,

                          Көрші атамды көремін.

                         Жүгіріп кеп асыға,

                         Оған сәлем беремін.

                                      (Қ. Толыбаев).

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сабақ. Ертегі тыңдайық (Шалқан)

 

Сөздік:

Шалқан - репка

Күшік - щенок

Мысық - кошка

Тышқан - мышка

Тартады - тянут

 

1-тапсырма. Суретке қара, таныс.

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма.Үлгі бойынша сөйле.

 

 

 

 

3‑тапсырма. Тыңда, ойлан. (Ертегіні тыңдау)

 

4-сабақ. Адамның  дене мүшелеріне қатысты бұйрықтар.

- Балалар орындарыңнан тұрыңдар.

- Балалар орындарыңа отырыңдар.

- Арман, оң қолыңды көтер.          

- Әсел, сол қолыңды көтер.                    

- Арман, екі қолыңды көтер.

- Әсел, тақтаға шық.

- Мақсат, оң аяғыңды көтер.

- Маржан, сол аяғыңды көтер.

- Әсел кітабыңды аш.

- Маржан, дәптеріңді жап.

- Айдар, сен тұр.

-Мақсат, сен отыр.

- Арман, сен отыр.

Отырыңдар балалар!

 

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына сан есім қойып жаз.

Неше?     .... қол

                .... саусақ

                .... аяқ

 

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына аудармасын қойып, жаз және жаттап ал.

 

Бровь қас                                              Палка таяқ                                      Раньше - бұрын

Голова - ... .                                             Нога -  ... .                                          Нос -  ... .

 

 

3-тапсырма. Оқы, аудар.

 

Көзбен көреді

Мұрынмен дем алады.

Құлақпен естиді.

Қолмен ұстайды.

Аяқпен жүреді.

 

5-сабақ. Ойын.

 

Мақалды жатта.

 

Күш – бірлікте

 

Сөздік

Орын - место

Енді  - теперь

1-тапсырма. Досыңа орындат.

 

 

 

2-тапсырма. Мұғалім бұйрығын орында.

Үлгі:

 

- Аня, орыңнан тұр.

- Санжар, партадан тұр.

 -Әсел, жүр.

- Санжар, енді орныңа отыр.


3-тапсырма. Сергіту

 

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық.

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып қалайық.

 

 

6-сабақ. Алфавиттік жұмбақтар

 

1-тапсырма. Отбасы немесе дене мүшелеріне байланысты сөздер шығатындай етіп көп нүктенің орнына қажетті әріпті қой.

Қандай әріп керек?

.....та                                    .....же

...ға                               о....басы

...ні                                с....ңл..

...ол                            а....қ

 

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма.

 

Ойлан, тап, сөйле. «Бір әріп бойынша бес жауап».

  1. Жабайы құс -
  2. Қыз баланың аты -
  3. Үй құсы -
  4. Ұл баланың аты -
  5. Санның атауы -

 

 

3-тапсырма. Керекті әріпті қойып, жаз.

 

    і                    а                  һ              а                  а     

К – тап,            - ке,     жи   - аз,         - уыз,          - на.

   ы                    ә                  х              ә                 ә

4- тапсырма. Өлеңді оқы.

«А» мен «Б»

А дегенің –ана ғой,

Ана деген - дана ғой,

«Б» дегенің - бала ғой,

Анаң егер жұмсаса, тез арада бара ғой.

                                                                                      

 

 

 

 

 

 

7-сабақ. Ойыншықтар. Робот.

 

Сөздік

Ойыншық – игрушка

Секіртпе – скакалка

                                                                         Текше – кубик

 

1-тапсырма .Мәтінді тыңда,оқы.

 

Айдананың ойыншықтары көп. Олар: секіртпе, қуыршақ, доп, қоншық және робот. Айдана ойыншықтарын жақсы көреді. Ол роботпен ойнайды.

 

 


 

2-тапсырма. Оқы, есіңе сақта.

 

                                              Мынау -  доп.  Мынау – қуыршақ.  Мынау–қонжық.  Мынау - қоян.    Мынау – секіртпе

     

     3-тапсырма. Ұқсас сөйлем құрастыр.

Доп

Қызыл доп

Қызыл доп алдым

Мен қызыл доп алдым

4-тапсырма. Жақшаны ашып қазақ тіліне аударып сөйле.

Менің (красный) добым бар.

Менің (синий)  шелегім бар.

Менің (жёлтый) шарым бар.

 

 

                                              ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая.

 

8-сабақ. Үзіліс

 

Сөздік

 

Үзіліс – перемена

Шықты – вышли

Қоңырау соғылды – зазвенел звонок.

 

 

1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.

 

Үзіліс

       Бұл біздің сынып. Ол бірінші қабатта. Сыныпта үстел, парталар, орындықтар, тақта бар. Қазір қазақ тілі сабағы. Қоңырау соғылды. Сабақ аяқталды. Балалар үзіліске шықты.

 

 

2 – тапсырма.  Сұрақтарға жауап бер.

 

-Сынып нешінші қабатта?

-Сыныпта не бар?

-Қазір қандай сабақ?

-Балалар қайда шықты?

 

3 – тапсырма.  Сөйлемдерді жаз.

 

   Біздің сынып .... қабатта. Терезеде .... тұр.

Оқушылар .... шықты.

 

Керекті сөздер: гүл, үзіліске, бірінші.

 

 

9-сабақ. Жүр асханаға кеттік

 

Сөздік

 

Жүр, кеттік – пошли

Сорпа – бульон

Шырын – сок

 

1 – тапсырма. Мәнерлеп оқы.

Асхана

 

          Мынау – асхана. Біз асханаға келдік. Орындықтарға отырдық. Мен сорпа, нан, шырын сатып алдым. Марат ботқа нан, сүт сатып алды. Сүт пайдалы тағам.

2 – тапсырма. Асханада  қандай  тамақтар бар? Сөйлесуді аяқта.

 

-          Мынау не? – Бұл ....

-          Ол қандай? – Ол таза, .....

-          Нешінші қабатта?  .... қабатта

-          Асханада қандай тамақтар бар?

-          Асханада ....,  ...,  ...,  ..., бар.

 

 

10-сабақ. Ас дәмді болсын!

 

 

Сөздік

                                                 Пышақ  - нож

                                                 Қасық - ложка

                                                 Шанышқы - вилка

                                                 Ботқа - каша

                                                 Жу  - мой, помой

 

 

 

 

1 – тапсырма.

 Асханада

 

      Мынау асхана. Бұл біздің асхана. Асханада үстел, орындықтар бар.

Үстелде пышақ, қасық, шанышқы жатыр. Мен ботқа жедім.

 

 

2 – тапсырма.  Оқы, есіңе сақта.

 

Ас ішер алдында қолыңды жу.

Перед едой помой руки.

 

 3 - тапсырма.  Өлеңді оқы.

 

Бір тамақты пісіріп,

Бір тамақты түсіріп,

Апам ылғи жүреді,

Жадырайды, күледі.

Он жетіге толамын

Мен де аспаз боламын.

                                 

11-сабақ. Мен сүт ішемін

 

Сөздік

 

Ішемін - пью

Жеймін – кушаю, ем.

Тұз –соль

 

                                    

 

1 – тапсырма.  Сөйлесу.

 

     -Бұл не?

 - Бұл –азық-түліктер.

- Қандай азық-түліктер.

- Нан, май, шай, сүт.

- Оларды қайда сатады?

- Оларды дүкенде сатады.

- Сен не сатып аласың?

- Май, нан, кәмпит сатып аламын.

 

 

2– тапсырма. Сөйлеп үйрен.

 

 Мынау – сүт.                                                                Мынау кәмпит.

 Мен сүт ішемін.                                                           Мен кәмпит жеймін.

 Мен сүтті жақсы көремін.                                          Мен кәмпитті жақсы көремін.

       

3 – тапсырма. Оқы ойлап.

Жұмбақ.

Өзі ащы,

Бірақ,

дәмді етер асты.

 

12-сабақ. Қалада

 

Сөздік

кең – широки

алаң – площадь

ескерткіш – памятник

саябақта – в парке

көше – улица

 

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқы, түсін.

 

            Біз Павлодар қаласында тұрамыз. Павлодар – үлкен қала. Көшелері кең. Қалада алаңдар, ескерткіштер, кинотеатрлар, саябақтар бар. Біз қаламызды жақсы көреміз.

 

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

 

- Сен қай қалада тұрасың?

- Қала қандай?

- Қалада не бар?

 

3-тапсырма.  Сөйлемдерді толықтырып, жаз.

 

            Павлодарда  (3) кинотеатр бар. Қалада (42) мектеп бар. Бізде (2)  университет және (1) инстутит бар.

 

4-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастыр.

 

Үлкен                         қала

Кең                             көше

Әдемі                         алаң

Көрікті                       ескерткіш

 

 

ІІ. Оқу – еңбек аясы

 

13-сабақ. Сөмкеңде не бар?

 

Сөздік

 

 Сөмкеңде -  в сумке

Не бар?  -  что есть?

Ұқыпты -  аккуратный (-ая)

 

 

1 – тапсырма. Мәтінді тыңда, түсін.

 

?          ?

 

 

     Мен бірінші сыныпта оқимын. Мынау - сөмке. Менің сөмкемде оқу құралдары бар. Олар: оқулықтар, дәптер, күнделік, қалам, сызғыш, қарындаш, өшіргіш. Мен ұқыптымын.

 

 

2 – тапсырма. Сөйлеуді оқы.

 

- Мынау не?

- Бұл сөмке.

- Сөмкеде не бар?

- Сөмкеде оқу құралдары бар.

- Оқу құралдарын ата.

- Оқу құралдары: оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, күнделік.

 

3 – тапсырма.  Өлеңді  мәнерлеп оқы.

 

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

                                           

                                 

14-сабақ. Біздің мектеп

 

Сөздік

 

Сан  рет - несколько раз

                                                             Аула - двор

                                                              Досым  - мой друг

                                                              Қоңырау -  звонок

 

 

1-      тапсырма.   Мәтінді тыңда, түсін.

 

 

Мынау – біздің мектеп. Мектеп таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды. Аулада спорт алаңы бар.

 

2 – тапсырма.   Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып жаз.

 

   Мынау – (школа)

   Мектепте (дети) оқиды

   (Звонок) соғылды

   (Ученики) сыныпқа кірді

   (Урок) басталды

   Бұл (казахский язык) сабағы

 

3 – тапсырма. Мәнерлеп оқы. Жатта.

 

    Мектебім айтар әнім,

    Сан рет қайталадым.

    Өзіңнен алғанымды,

    Өзіңе қайтарамын.

                                    (М. Мақатаев.)

 

15-сабақ. Мектепте жүзу бассейні бар ма?

 

Сөздік

 

Жүзу -  плавать

                                       Жүзу бассейні -  плавательный бассейн

            Жүземін - буду плавать

                                                                        Бірақ - но

 

 

 

1 – тапсырма. Түсініп оқы.

 

 

       Мен бос уақытта кітап оқимын. Мектептің спорт алаңында футбол ойнаймын. Мен суда жүзуді жақсы көремін. Бірақ біздің мектепте жүзу бассейні жоқ.

 

 

2 – тапсырма. Сұхбатты оқы, жолдасыңмен сөйлес.

 

 

- Мынау не?                                          - Бұл  - бассейн.

- Бассейн қаңдай?                                 - Бассейн үлкен,таза.

- Бассейнде кімдер бар?                       - Бассейнде балалар жүр.

- Олар не істеп жүр?                             - Олар жүзіп жүр.

 

                                            

                                                           

                                        

16-сабақ. Спорт зал

 

Сөздік

 

Дене шынықтыру сабағы - урок физкультуры

Жаттықтырушы - тренер

Жаттығу - упражнение

Жүгіремін - бегаю

Секіремін – прыгаю.

 

 

 

1 – тапсырма.  Мәтінді оқы.

Спорт зал.

 

      Біздің мектепте спорт залы бар. Спорт залы жарық, әдемі, үлкен.  Мен дене шынықтыру сабағында  жүгіремін, секіремін. Жаттықтырушы жаттығу жасауға үйретеді.

 

 

2- тапсырма.  Ұқсас сөйлем құрап жаз.                                                                                                   

 

 Қызыл доп.                                                                                                              

       Қызыл доп алдым.                                                                                                                                                                                                  

       Мен қызыл доп алдым.                                                                                            

                                                                                                                

                                                                                                                                                                                                                                                           

17-сабақ. Мәреге жет

 

Сөздік

мәре – финиш

көк жүзінде – на небе

доға – дуга

жер жүзінде – на земле

болжайды – предпологает

 

1-тапсырма.  Берілген тапсырмаларды орында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2-тапсырма. Жұмбақты оқы, шеш.

Жұмбақ

 

Көк жүзінде көп доға,

Жер жүзінде жоқ доға.

Көзбен көріп болжайды,

Қолмен ұстауға болмайды.

 

 

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.

...же, ..ріп, ..ке, ..ліппе, ...теш, ..демі.

 

4-тапсырма. Ойын ойнаңдар.

«Әріптерді білесің бе?»

            Тақта екіге бөлінген, қазір екі топқа бөлініп қазақ тіліне тән тоғыз дыбысты тақтаға кезекпе-кезек шығып, жазыңдар. Тез әрі дұрыс жазған топ жеңіске жетеді.

 

 

18-сабақ. Сандардың көршілерін ата

Сөздік

көрші – сосед

таң – утро

түтін – дым

самғау – парить

 

1-тапсырма. Сандардың көршілерін ата, жаз.

 

 

2-тапсырма. Жұмбақ өлеңді мәнерлеп оқы, шешуін айт.

 

Гауһарда бар,

Гүлнәрда жоқ.

Жауһарда бар,

Сәуледе жоқ.

 

3-тапсырма. Сергітуді жаттап алыңдар.

 

Аппақ болып таң атып,

Түтін көкке ұшады.

Торғай қағып қанатын,

Самғап биік ұшады.

 

4-тапсырма. Жұмбақты оқы, шеш, жаз.

Көп басты, бір құйрықты,                                                   

Лапылдап аузынан от шықты.                                             

 

 

19 –сабақ. Санамақ

Сөздік

 

Санамақ – считалка

Жасырынбақ – прядки

 

1-тапсырма. Өлеңді оқып, ойнаңдар.

 

Жасырынбақ ойнайық,

Бірден бастап санайық.

 Бір,

       Екі,

             Үш,

                   Төрт,

                            Бес... – деп,

Санамақты жалғайық.

Көзді ашып, жасырынған баланы

Іздеп, тауып алайық.

 

2-тапсырма. Өлеңді оқып, дәптерге жаз.

 

Бас бамағым бауға барды,

Сұқ саусағым суға барды.

Ортан қолым орақ орып,

Аты жоғым ағаш жарды.

Жұмсамапты алақаным

Тек шынашақ балапанын

 

3-тапсырма. Санамақты жолдасыңа оқы.

 

                Он саусақ

 

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

 

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

 

Үш саусағым орамды...

Жүгіртеді қаламды.

 

Өнерлі екен оң саусақ...

Қала саусақ,жол саусақ..

 (М.Әлімбаев)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. А. Қайырбекова. Оқулық «қазақ тілі» 1 сынып  Алматы  «Атамұра»2008

2. А. Қайырбекова. Оқулық «қазақ тілі» 1 сынып  Алматы  «Атамұра»2005

3. «Балдырған» 2009ж. №1

4. «Балдырған» 2010ж. №6

5. «Балдырған» 2012. №3

6.  М. Саңсызбайқызы,  Г. Көшенқызы  «Баланы отбасында санауға үйрету»

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен дидактикалық материалдар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 267 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2015 6105
    • DOCX 6.5 мбайт
    • 67 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримова Салтанат Айтбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каримова Салтанат Айтбайкызы
    Каримова Салтанат Айтбайкызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72492
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе