Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Социальному педагогу / Конспекты / Қазақ тілінен диктант : "Қоштасу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Социальному педагогу

Қазақ тілінен диктант : "Қоштасу"

библиотека
материалов

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім:А.Байтурина

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоштасу»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға баулу, лексикадан алған білімдерін бекіту.,

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге, туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бақылау

Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс-тәсілі: жазба жұмысы, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, жануартану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

II. Оқушыларды диктант мәтінімен таныстыру; жазу


Қоштасу

Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ боп, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан боп, көшкен құстан айықпады.

(С.Бақбергенов, 145 сөз)

IV. Сабақтың аяқталуы.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздердің термин сөздермен жақындығы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың кәсіби сөздер туралы білімдерін кеңейту,жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларға деңгшейлік тапсырмалар беру арқылы талдау жасау дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Диалект сөздер туралы түсінік.

2. 196-жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Суреттер топтамасындағы 17- суретке қарап, диалект сөздерді қатыстырып мәтін құра.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне белгілі бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Кәсіби сөздерді үлкен екі салаға бөлуге болады

  1. Қолөнершілікке ( ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, т.б.) қатысты сөздер: пышқы, ( араның бір түрі), шербек (үлкен ара), ыңғыру (ағаш оятын құрал), тышуыр (бұрап кесетін құрал), пәрбі (ағаш оятын тескіш ), атауыз( шеге суырғыш), т.б.

  2. Ауыл шаруашылығына (мал , стық, балық, аңшылық, бау – бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша) байланысты сөздер: 1) мақтаға қатысты қоза ( мақта өсімдігі), шит (мақтаның тұқымы), терімші(мақта теруші), балдаң (мақтаның сабағы); 2) жүгері түрлері: дүмбі,пәшік,сота,т.б. 3)қауын аттары: әңгелек, жәмше, торлама, т.б. 4) қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т.б.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей

1.Кәсіби сөздер деген не?

2.Кәсіби сөздің айырмашылығы неде?

ІІ деңгей

  • Төмендегі сөздерден балық шаруашылығына байланысты айтылған сөздерді бір бөлек, мақта шаруашылығына байланысты байланысты сөздерді бір бөлек жаз.

Жылым, сүзекі, қауашақ, қоза, қозапая, қорма, шөктірме, көсектеу, шит егу, азна, күнжара.

ІІІ деңгей

  • Қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер жаз және олардан сөйлем құрап көр.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

198–жаттығу

1.Мәтінде қандай тұрмыстық заттар аталған?Осы сөздерді кәсіби сөздерге жатқызуға бола ма?

199-жаттығу

  • Мәтінге ат қойыңдар.Термин сөздерді пайдаланып шағын мәтін құраңдар.


200-жаттығу

  • Берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.

2. 201-жаттығу





Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: А.Байтурина

Сабақтың тақырыбы: Терминдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың термин сөздер туралы білімдерін кеңейту, жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың термин сөздерді ажыратуы арқылы қисынды ойлауларын дамыту, деңгейлік тапсырма беру арқылы лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.

2. 198 -жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Шығармашылық жұмыс

  • «Біздің Байқоңыр» атты тақырыпқа ойтолғау жазу.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Термин сөздер днгеніміз - ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.

Терминдер жеке бір ұғымды білдіретін болғандықтан, бір мағыналы болып келеді. Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалады.

1. Басқа тілден енген сөзге қазақ тілінен тілінен балама табу: 1)жергілікті және көне сөздер алынған: кеден –таможня, егемен –суверенитет, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, ғарыш – космос.

2)тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай –аэропорт, төл құжат- паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран – гимн.

2. Тілімізге орыс тілі арқылы кеоген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат,куб, коэффициент т.б. химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат,т.б. география терминдері: глобус, карта,т.б. лингвистика терминдері: синоним, антоним, дисфемизм, диалект, т.б.

Термин сөздерді өз орнымен дұрыс қолданып сөйлеу әрі білімділікті, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей

  • Кәсіби сөздерге мысалдар жаз.

  • Мәтіндегі термин сөздердің астын сыз.

Белоктың құрамына азот бар органикалық заттар жатады. олардың құрамы өте күрделі және әртүрлі. Олар организмде аса күрделі қызметтер атқарады.

ІІ деңгей

  • Термин сөздердің басты ерекшелігін айт және мысал келтір.

  • Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолы туралы айт.

  • Жезқазған аймағының экологиялық жағдайы мәз емес. Екі бұйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей палегоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөлшектері мен атом қалдықтары – тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей палегоны радиоактивті заттарды төңірекке сіңірді.

ІІІ деңгей

  • Термин сөздерді қатыстыра отырып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты шығарма жазу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

191-жаттығу

  • Математика, тарих, география, химия пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді теріп жаз.

199 –жаттығу

  • Мәтінен термин сөздерді теріп жаз.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Термин сөздер туралы түсінік.

192-жаттығу

2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін

кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.




1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы: 24.05.14

Сабақтың тақырыбы: Төреқұл мен Ағыбай арасындағы достық

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі

Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесінің сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:1.Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы мәлімет

2. « Бауырлар» өлеңін жаттау.

ІІІ. Білім тексеру: Сұрақ жауап:

  • Тұманбай Молдағалиевтің бұл өлеңі кімдерге арналады?

  • Т. Молдағалиев әлемнің әр түпкіріне шашырап кеткен қандас бауырларымызға нендей өтініш, тілек білдіріп отыр?

ІV Жаңа сабаққа дайындық 1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.

Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы – тарихи шығармалардың да шебері.

1.Әңгімені байыптап оқып шығу.

2.Әңгімені бөлімдерге бөліп ат қою, жоспар құрау.

VІ. Түсінік тексеру: 1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мән берді?

  • Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?

  • Төреғұл Ағыбайларды қалай қарсы алды?

  • Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?

  • Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған әрекетін, жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?

  • «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын» деген сөзді қалай түсінуге болады?

VІІ.Жаңа сабақты бекіту. Ержанның қырғыз, қазақ халықтарына туыстығы туралы ойларын мәтінен тауып оқу.

  • Қозыкүреңге байланысты Төреқұл әңгімесін мазмұндау.

  • Әңгімедегі Қозыкүреңнің өзін – өзі жаратып, дайындалуын тауып оқу.

  • Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін мазмұндау.

  • Әңгімеде портреттік суреттемелер бар ма? Мысал келтір.

  • Әңгімеден теңеу сөздерді табу.

VІІІ.Сабақты қорыту.1.Бағалау: 2. Үй тапсырмасын беру

1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы 2.Мінездеме .










Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Конспекты
Просмотров3215
Номер материала ДВ-227002
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх