Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Қазақ тілінен факультативтік курс, 5-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілінен факультативтік курс, 5-сынып

библиотека
материалов

«Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 23 орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекеме

«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында

мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі қаралды. ӘБ жетекшісі

_________ Г.Сыдыбаева ________Н.Койшибекова ________Г.Кощегулова

« ___»______ 2015ж. « ___»______ 2015ж. хаттама №1

« ___»______ 2015ж.

Факультативтік курсының жұмыс жоспары

«Сөз сапасы»

(курстың аты)

5 «А»

(сынып)

2015-2016

(оқу жылы)

Койшибекова Назгуль Канабековна

(жетекшінің аты- жөні)

Талдықорған қ.,2015 ж.

2015-2016 оқу жылы

жоспар пән бірлестігінде қаралды

Хаттама № 1 26.08. 2015 ж.

Пән бірлестігінің жетекшісі:

Г.Кощегулова

І Түсінік хат

Мектептің негізгі деңгейіндегі 5-сынып қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында лексикология мен фонетика бөлімі бойынша курс оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады.

Ана тілінде оқытылатын курстың мақсаты оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлерін меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады.

Курс бағдарламасы бойынша барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады.

Лексикология тарауы бойынша мақсаты, зерттелуі және лексикалық элементтің дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалатындығын, сол арқылы белгілі мағынаны жалпыға білдіру дәстүрі пайда болатындығын оқушыға меңгертіледі.

Қазақ тілінің сөз байлығын лексикология ғылымының заңдылығына байланысты зерттегенде, біріншіден, мән- мағынасын, екіншіден, шығу тегін, үшіншіден, қарым-қатынас жасаудағы қолдану аясын, төртіншіден, экспрессивті-стильдік қызметін жан-жақты тексереді.Сондықтан лексикология «сөз туралы сөз», сөздердің бүтін жиынтығы жайында ғылым екендігін ұғындыру.

ІІ Курстың мақсаты:

  • Оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту

  • Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныту

  • Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тереңдету

  • Әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту

  • Тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру

  • Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.

  • Сөз мағыналарын, фонетикасын зерттеу.

ІІІ Курстың міндеттері:

  • Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

  • Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

  • Оқушыны зейінді ұстау;

  • Пәнаралық байланысты сақтау;

  • Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);

  • Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау

  • Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

ІV. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Лексика және грамматика саласында тілдік білімдерін меңгеруі тиіс:

  • сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады;

  • сөздік құрам түрлерін меңгереді, контекстегі қолданылу ерекшеліктерін талдайды, ауызша және жазбаша жанрларда шығармашылықпен қолданады;

  • жаңа сөз тудырудың тәсілдерін біледі, оларды бір-бірінен ажырата алады;

  • тілдік ұғымдардың мәнін ашатын диаграммалар, кестелер құрастырады, оны таратып түсіндіреді.

  • Өз бетімен оқи білуі, түсінуі және түрлі мәтіндерді талдай білуі тиіс. Қажетті ақпаратты ала білуі және оқығандарына баға бере білуі тиіс:

  • мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, оларды тілдік қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолданады;

  • оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айтады, тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасап, мәтін құрайды.

  • сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік, көпмағыналылық сипатын жанр түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады;

  • әдеби нормамен монолог, диалог түрінде пікірлеседі.

V. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілі лексикологиясы» Ә. Болғанбаев

2.«Сөз өнері» М. Балақаев, Р. Әміров, Ө Айтбаев

3.«Қазақ диалектологиясы» Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев

4.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы

2010 № 1, 2

5.«Қазақ тілі» оқулығы Г. Қосымова, Ж. Даулетбекова

«Сөз сапасы» факультатив курсының бағдарламасы.

(Аптасына- 1 сағат, жылына- 34 сағат)

Р/с

Тақырыбы

Сағаты

Күні

1

Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері

1

04.09

2

Сөз. Сөз туралы түсінік

1

11.09

3

Сөздің шығу тарихы

1

18.09

4

Сөзжасам

1

25.09

5

Сөз құрамы

1

02.10

6

Қосымша

1

09.10

7

Сөздің мағынасын зерттеу

1

16.10

8

Тілдік метафора

1

23.10

9

Сөздің көп мағыналылығы, полисемия

1

30.10

10

Омоним

1

13.11

11

Омонимдік сөздікпен жұмыс

1

20.11

12

Синоним

1

27.11

13

Синонимдік сөздікпен жұмыс

1

04.12

14

Антонимдер

1

11.12

15

Табу. Табу сөздерінің шығу төркіні

1

18.12

16

Эвфемизм, дисфемизм

1

25.12

17

Шығармашылық жұмыс

1

15.01

18

Бақылау жұмысы

1

22.01

19

Тіл білімінің фонетика саласы

1

29.01

20

Фонетиканы сатылай комплексті талдау

1

05.02

21

Түбір сөзге фонологиялық талдау

1

12.02

22

Буын жігіне сәйкес тасымалданбайтын сөздерге фонологиялық талдау

1

19.02

23

Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру

1

26.02

24

Үндестік заңы

1

04.03

25

Дыбыс үндестігі

1

11.03

26

Ілгерінді ықпал

1

18.03

27

Кейінді ықпал

1

01.04

28

Тоғыспалы ықпал

1

08.04

29

Буын үндестігі.

1

15.04

30

Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер

1

22.04

31

Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерге фонологиялық талдау

1

29.04

32

Орфография және орфоэпия

1

06.05

33

Шығармашылық жұмыс

1

13.05

34

Сынақ тапсырма

1

20.05

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 04.09.

Сабақ №1

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты:

«Сөз қыры» факультативтік курсының мақсат пен міндеттерімен таныстыру ,оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, слайд, стикер, кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер. 

Әдісі:

сөз жарысы, мақал- мәтел құрау. 

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл- күйлерін көтереді.

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

  1. Кіріспе сөз. «Сөз сыры» факультативтік курсының мақсат пен міндеттерімен таныстыру

Мектептің негізгі деңгейіндегі 5-сынып қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында лексикология бөлімі бойынша курс оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады.

Ана тілінде оқытылатын курстың мақсаты оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлерін меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады.

Курс бағдарламасы бойынша барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады.

Лексикология тарауы бойынша мақсаты, зерттелуі және лексикалық элементтің дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалатындығын, сол арқылы белгілі мағынаны жалпыға білдіру дәстүрі пайда болатындығын оқушыға меңгертіледі.

Қазақ тілінің сөз байлығын лексикология ғылымының заңдылығына байланысты зерттегенде, біріншіден, мән- мағынасын, екіншіден, шығу тегін, үшіншіден, қарым-қатынас жасаудағы қолдану аясын, төртіншіден, экспрессивті-стильдік қызметін жан-жақты тексереді.Сондықтан лексикология «сөз туралы сөз», сөздердің бүтін жиынтығы жайында ғылым екендігін ұғындыру

  1. Курстың мақсаты:

Оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту

Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныту

Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тереңдету

Әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту

Тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру

Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.

Сөз мағыналарын зерттеу.

  1. Курстың міндеттері:

Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

Оқушыны зейінді ұстау;

Пәнаралық байланысты сақтау;

Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);

Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау

Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

Тіл дамытуға арналған жаттығулар.

  1. Өлеңнің ұйқасын табу: (слайд ) 
    1. Жағасында бұлақ, жайылып жүр ....(лақ). 
    2. Айбат шағар алыстан , аң патшасы ...(арыстан). 
    3. Тым ойыншыл пысық , мияулаған .... (мысық). 
    4. Тыным таппас ебелек, гүлге қонар ....(көбелек). 

    1. Бата алмас түлкі, үсті тікен ....(кірпі). ( слайд ) 
    2. Өзінше ноян, қорқақ кім ....(қоян). 
    3. Жұртқа аян , улы жәндік ....(шаян). 
    4. Ұқсамайды басқаға, тарғыл түсті...(тасбақа). 

    1. Шоқыр жерден тауып, жемді көрсе.... (тауық). (слайд) 
    2. Басы ұлпа аппақ, бақта өсер... (бақбақ). 
    3. Құйрығы он қарыс, бұл айбатты ....(жолбарыс). 
    4. Келе жатыр жұмысқа ұзын мұртты ...(құмырсқа). 

  2. «Сөздің көркі – мақал» демекші берілген сөздерден мақал-мәтел құрап ой-өрісімізді кеңейтейік. (слайд) 
    1 топқа: ауыз, көз, су, туған жер, бала. 
    2 топқа: жігіт, отан, оқу, гүл, батыр. 
    3 топқа: кітап, әке, бір тал, тіл, еңбек. 

  3. Ақындық өнерімізді байқайық. (слайд) 

    --------------------------------------------------жүреміз 
    --------------------------------------------------күлеміз 
    ---------------------------------------------------сыйлаймыз 
    ---------------------------------------------------тыңдаймыз. 

III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің, не үйрендің?, не білгің келеді?

ІҮ Үй тапсырмасы: «Сөз қыры» мақсат, міндеттері туралы түсінік. Әр сөз табына 3 сөзден жазу.Дәптер әкелу

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 11.09.

Сабақ №2

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы:

Сөз. Сөз туралы түсінік.

Мақсаты:

1.Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру.

2. Сөз  белгілі бір заттың,құбылыстың,сын-сапаның,т.б. атауы екенін ұғындыру, сөздің өзіне тән мағанасы болатынын байқату.

3. Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, слайд, стикер, кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер. 

Әдісі:

сөз жарысы, мақал- мәтел құрау. 

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

Әлемдегі бар  дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы: бұлттар-су тамшыларынан, орман- ағаштардан тұрады.Біздің сөйлеу тіліміз- сөйлемдерден, ал сөйлем неден құралады? Мұғалім, ең алдымен, оқушылардың сөз туралы не білетіндерін тексеріп,бұрын  айтылған ұғымдарды еске түсіреді.

-Қазір мен сендерге бір қызық өлең оқып берейін, тыңдаңдар, сонда ғана бұл сұраққа жауап бере аламыз.

                   Теңіз де тартылады,                       Жер болып тау шөгеді,

                    Мұхит да сарқылады.                  Жайқалған бау семеді.

                    Құлайды орман- тоғай,                Көз жастан қақ қалады...

                    Қирайды орда- сарай.                   Сонда не сақталады?

                                                                         Мәңгілік ...(сөз) қалады.

Дыбыстар

Сөздер

Сөйлем

Т,ү,й,е,м,а,л,д,ы,ң,ү,л,к,е,н,і

Түйе

Мал

үлкен

Түйе- малдың үлкені.

Дербес тұрғанда мағынасы жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады.

Әрқайсысы  белгілі бір мағынада айтылады.Дыбыстардан құралады, буынға бөлінеді.

Белгілі бір ойды бейнелейді.Сөздердің саны әр түрлі болады.

Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен.

  Оқушылардың бұл білім, дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

  1. Бес  болсын  алар  бағамыз,

    Білімнен бақыт табамыз.

    Өнер-білім көп тоқып,

    Өсе берсін санамыз,-

деп, білім, білік дағдымызды көрсете отырып, жоғарыдағы кестеге оқушылардың назарын аударып, сөз туралы мағлұматтарды еске  түсіріп, қорытынды жасау:

-дыбыстар сөз жасайды;

-сөздер бегілі бір мағынада айтылады;

-сөздегі дыбыс өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді;

-сөз- белгілі бір заттың атауы;

-сөздерден сөйлем құралады.

  2) Сергіту сәті.

1.     Көл  жағасында  өсетін шөп  (құрақ).

2.     Адамның дене мүшесі    (құлақ)

3.     Сүттен жасалатын тағам  (қатық)

4.     Ыдыс   (қасық)

1

2

4

3

3)Карточкамен жұмыс

Сабақта пайдаланылатын үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері:

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

                                     №1

Еңбексүйгіш.......

Ерте шығып.....,                    (құмырсқа, жұмысқа)

Жазда астық...,

Толтырады ас.....                  (тасиды, үйді)

Қыстай тыныш....,

Рақатқа.....                              (жатады, батады)

(Н.Жанаев)

  № 2

Төменде берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құра.

Келді, ала, өрістен, бұзау, мал, мөңіреді, шықты,Қанат, алдынан, 

малдың.                                

Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрап жаз.

                         №3

1.Жадыраның көйлегі бар.(қызыл)

2.  Далада жел соқты (қатты)

3.Бағдаршамның көзі бар (үш)

4)Сабақты қорытындылау.

Төмендегі кесте арқылы сұрақ- жауап әдісімен ережені оқушылардың өздеріне қорытындылатады:

                                  заттың

Сөз-                          сапаның                             атауы.

                                  қимылдың

III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің, не үйрендің?, не білгің келеді?

ІҮ Үй тапсырмасы: «Сөз» тақырыбына эссе жазу

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты:18.09.

Сабақ №3

Мұғалім:Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Сөздің шығу тарихы.

Мақсаты:

Оқушыларға сөздің, жазудың шығу тарихы жайында білім қалыптастыру

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, слайд, стикер, кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер. 

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

Жазу – адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін,

мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі.

Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды.

Адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді:

1 Пиктографиялық жазу

2 Идеографиялық жазу

3 Буын жазуында

4 Дыбыстық жазу

Alta petroglyphs.jpghttp://www.vestnik-kafu.info/pics/2_67/image001.jpghttp://www.vestnik-kafu.info/pics/2_67/image003.jpg

1.Пиктографиялық жазу – жазудың ең көне түрі. Мұнда хабарлануға тиісті

оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Пиктограммалық жазу суреттерге

негізделген жазу. Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды. Бұл жазуды

әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады.. Пиктограммалық жазудың

таңбалары пиктограммалар деп аталады;

2.Идеографиялық жазу - жекелеген сөздерді, морфемаларды шартты

таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр

таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың мысалдары: иероглиф жазу,цифр (сан).

3. Буын жазуында - сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді.

Бұған жапон, үнді, т.б. жазулары жатады.

4.Дыбыстық жазу (әріп жазуы) – жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Әріптер белгілі жүйеде қолданылған.

Қазақ халқы 1920 жылдан бастап, мұсылман дінінің таралуымен бірге келген

араб әліпбиін қолданды.

1920 жылдан бастап қазақ жазуы қай әліпбиге негізделген?

-1926 ж. Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиін қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес жеңілдетіп, “төте жазу” әліпбиін жасады.

1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, 1940 жылдан бері орыс кириллицасына негізделген әліпбиін қолданылады.Бұл әліпбийді құрастырушы А.Байтұрсынов.

Әріптердің баспа да, жазба да нұсқасының бас әріп, кіші әріп түрлері болады.

Әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар.

Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

Тақтаға жазу. Қазақ тілінің төл әріптері нешеу?

Қай әріптер тек орыс тілі енген кірме сөздерде кездеседі?

Барлығы қанша дыбыс бар?

Қосарлы дыбыстардан тұратын әріптерді жазу.

Сонымен қазақ жазуы қандай әліпбилерді қолданып келді?

Латын жазуы

Barlıq adamdar twmısınan azat jäne qadir-qasïyeti men kuqıqtarı teñ bolıp dünïyege keledi. Adamdarğa aqıl-parasat, ar-ojdan berilgen, sondıqtan olar bir-birimen twıstıq, bawırmaldıq qarım-qatınas jasawları tïis.

Араб жазуы

بارلىق ادامدار تۋمىسىنان ازات جانە قادىر-قاسيەتى مەن كۇقىقتارى تەڭ بولىپ دۇنيەگە كەلەدى. ادامدارعا اقىل-پاراسات، ار-وجدان بەرىلگەن، سوندىقتان ولار ءبىر-بىرىمەن تۋىستىق، باۋىرمالدىق قارىم-قاتىناس جاساۋلارى ءتيىس.

Кирилл жазуы

Барлық адамдар тумысынан

азат және қадір-қасиеті мен кұқықтары тең болып

дүниеге келеді. Адамдарға

ақыл-парасат, ар-ождан

берілген, сондықтан олар

бір-бірімен туыстық

,бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

-Үш әліпби негізінде берілген сөйлемді жазып,мағынасына назар аударайық. Бұл сөйлемдердегі қазақ тіліне тән әріптердің астын сызып шығыңдар

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

2) Деңгейлік тапсырмалар.

- Үш деңгейде берілген тапсырмаларды орындап, осы тапсырмалар арқылы баға аласыңдар. Үш деңгейдің де тапсырмасын 7-мин ішінде орындап үлгерген оқушы «5» алады, 1-2-деңгейді ғана орындаған оқушы -«4» , ал тек 1-деңгейінің тапсырмасын ғана орындаған оқушы «3» алады. Сондықтан бүгінгі бағаларың сендердің жылдамдықтарың мен білімдеріңе байланысты. Іске сәт.

І.деңгей. Тест тапсырмаларын орындау.
1. Қай тіл білімінің саласы дыбыстарды зерттейді ?
А) лексика; В) морфология; С) фонетика; D) синтаксис

2. Әліпби қай тілден енген сөз?
А) орыс; В) грек; С) араб; D) латын.
3. Сөздің ең кішкене бөлігі қалай аталады?
А) дыбыс; В) сөз; С) сөз тіркесі; D) сөйлем.
4. Дыбыстың жазбаша таңбасы қалай аталады?
А) әріп ; В) пиктограмма; С) иероглиф; D) буын.
5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп, қанша дыбыс бар ?
А) 37, 12; В) 42,37; С) 25,12; D) 42,33.
ІІ.деңгей. Берілген қала аттарын әліпби тәртібімен тізіп жазу.

Қызылорда, Ақтау, Қарағанды, Орал, Семей, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Тараз, Шымкент, Маңғыстау.

ІІІ.деңгей. Дыбыстар туралы 1-2 әріпті жұмбақ шығару.

III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің,

не үйрендің?, не білгің келеді?

ІҮ Үй тапсырмасы: Сөздің шығу тарихы конспект

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 25.09.

Сабақ №4

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Сөзжасам

Мақсаты:

оқушыларға сөзжасам туралы түсінік беру, сөздердің мағынасын түсініп, жасалу жолдарын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру ; оқушыларды ұқыптылыққа, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу; оқушыларды қосымшалар, тағы басқа тәсілдер арқылы арқылы сөздердің жасалу жолдарын ажырата алу дағдыларын арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың жабдығы:

тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Әдісі:

түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

Ұжымдық жұмыс.

Жаңа материалды меңгерту

  • «Сөзжасам» дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Ойла дегенде ой деген сөзге – ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс-әрекетін білдіретін жаңа сөз (ойла)жасалған. Мал деген сөзге -шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам мәтіндегі жаңа мағыналы сөз (малшы) жасалған. Бес және атар деген екі сөздің бірігуінен жаңа мағыналы бесатар сөзі жасалған, ол – мылтықтың бір түрі.

  • Кәрі және жас деген сөздердің қосарлануы арқылы (кәрі-жас) бүкіл жұртшылық дегенді білдіретін жаңа мағыналы сөз жасалған.

  • Тілімізде қол деген сөз бар: бастапқы мағынасы – дене мүшесінің атауы, кейінгі мағынасы – әскер (қол).

  • Айғыр және жуа сөздерінің тіркесуінен (айғыр жуа) өсімдіктің атын білдіретін жаңа мағыналы сөз туған.

  • Жаңа сөз тудырудың бірнеше тәсілі бар: жұрнақ арқылы, екі сөзді біріктіру арқылы, екі сөзді қосарлау арқылы, екі сөзді тіркестіру арқылы жасалады.

  • Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып бөлінеді. Жоғарыдағы келтірілген мысалдар – туынды сөздер. Ал түбір сөзге сөздің бастапқы мағынасы жатады: ой, мал, бес, ат, кәрі, жас, бала, айғыр, т.б.

Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз – сөздің сыртқы түрі өзгермей – ақ, жаңа мағыналарға ие болуы. Мысалы, Ақ: 1) ақ (ағу – бастапқы мағына); 2) ақ (ақ жіп, ақ сүт – түсті білдіретін бастапқы мағына); 3)ақ – жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы). Айдар: 1)ерекшелікті көрсету үшін әскери бас киімнің үстіне жасалатын бөлігі (бастапқы мағына); 2) баланың шашын алғанда, көз тимесін деп маңдай шашын не төбе шашын әдейі алмай қалдырған оның шоқ шашы (бастапқы мағына); 3) баспасөзде , телерадиохабарларда берілетін жаңа тақырыптар (жаңа мағына).

Қазақ тілінде осындай жолмен жасалған сөздерге көп мағыналы және омоним сөздер жатады.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

  1. Топтық жұмыс

І топ .Мына сөздердің қайсысы түбір, қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.

ІІ топ. Мәтінді көшіріп жазып, әр түрлі тәсілмен жасалған туынды сөздердің астын сызыңдар.

ІІІ топ. Мәтіндегі туынды сөздерді табыңдар. Олардың қалай жасалғанын айтыңдар.

  1. Терме диктант жазу.

Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер

көп – ақ. Енесей қашуға жөнелген бір топ аттарды қуа жөнеліп еді,

мойнынан оқ тиіп,Енесейдің аты омақаса құлап, Енесей жерді сүзе құлады. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып қызып алған тың атты тоса берді.

  • Сөзжасам дегініміз не?

  • Жаңа сөз тудырыдың қандай тәсілдері бар?

  1. Серпілмелі сұрақтар арқылы түсінік тексеру

  • Сөзжасам деген не?

  • Түбір сөз деген не?

  • Туынды сөз деген не?

2)Жаттығу-бекіту жұмысы.

А)Өзіндік жұмысы. Мына сөздердің қанша мағынада жұмсалатынын табыңдар.

Ә) Ұжымдық жұмысы. Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгерістер болатынын түсіндіріңдер.

III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің, не үйрендің?, не білгің келеді?

ІҮ Үй тапсырмасы: Сөз құрамына қарай талдау.

Сөздің жасалуы.

Түсінік тексеру

1) Сұрақ - жауап

Уақыты: 02.10.

Сабақ №5

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Сөздің мағынасын зерттеу.

Мақсаты:

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы туралы   мағлұмат  беру, алған білімдерін, іскерлік дағдыларын   тексеру, таным белсенділігін арттыру.              

Сабақтың жабдығы:

слайд-шоу, интерактивті тақта,  компьютер, т.б.

Әдісі:

Сұрақ-жауап, ұжымдық оқыту, оқулықпен жұмыс, шығармашылық  жұмыс, талдау, баяндау, зерттеу, т.б.       

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Сабақтың ұраны:             «Білекті бірді жығады,

                                    Білімді мыңды жығады.» Сыныптың сабаққа қатысы. 

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

 1. Үй тапсырмасын тексеру.

 2.Жаңа сабақ:  

Сөздің мағынасын зерттеу.

Сыныпты екі топқа бөліп, әр топқа  зерттеу тақырыптарын ұсыну.

1-топқа.  Сөздің тура мағынасы

2-топқа. Сөздің ауыспалы мағынасы

Әр топ зерттелген тақырыптары бойынша постер құрып, қорғайды.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

1.) «Ой қозғайық!»  Мына мақал-мәтелдерден ауыспалы мағыналы сөздерді табыңдар. 

Анамның тілі – аяулы үні.

Ата – асқар тау,

 Ана – бауырындағы бұлақ,

 Бала – жағасындағы құрақ.

Тіл – көңілдің кілті.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

2). Кезекті жаңылтпаштарға берейік. Жаңылтпаш ішінен тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді табайық.

1. Ағаны бала ағаламағаны,             2. Жасыл көктем,

Бала ағаны бағаламағаны.                Жасыл жіппен

Ағаны бала бағаламағаны,               Жақсы тіккен.

Әдепті бала бола алмағаны.             Жібек көрпе жамылдырды.

                                                            Жасыл өңге малындырды.

3) «Тапқыр болсаң, тауып көр». (Қайсысы қай мағынада?)

1. Тәтті  ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.

2. Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.

3. Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.

4. Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ. 

5. Алыс арман, алыс туыс, алыс жер.

«Интервью»   (Сұрақтарға жауап)

1. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына ма?                           ИӘ            немесе            ЖОҚ

2. Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын  екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдануды тура мағына ма?

ЖОҚ         немесе          ИӘ

3. «Терең білім» тура мағынада ма?            ИӘ       немесе       ЖОҚ

4. «Ыстық су» ауыспалы мағынада ма?     ИӘ       немесе       ЖОҚ

ІҮ Үй тапсырмасы: Лексикалық талдау жасау

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 09.10.

Сабақ №6

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Тілдік метафора.

Мақсаты:

Оқушылардың тілдік метафораны ажырата білу қабілетін, дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, «Метафора» тақырыбында презентация

Әдісі:

Сөздік, практикалық, көрнекілік

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

-Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - тек білімде ғана екенін ұғынған жанға бүгінгі күн талабы - жоғары.

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

1)Үй тапсырмасын тексеру.

2) Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.

3) Ұжымдық жұмыс.

Метафора жайында материалдар жинақтап келген оқушы презентациялар арқылы сыныпқа түсінік береді.

Метафора  сыртқы және ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, кимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр.

Метафораға келесі сипаттамалар тән: метафора әлемді тану мен ойлаудың құралы, метафора фундаментальды мәдени құндылықтарды көрсетеді немесе мәдени-ұлттық дүниетанымға негізделеді.

Б. Х. Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «біріншісі-белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі-халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар. Бірақ екеуінің ашық ара-жігі жоқ, өйткені, жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтың дәстүрлі метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең таралуы мүмкін».

Дәстүрлі метафоралар жақсы таныс нәрселер мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болады.

Мысалы:

Ошақ бұтын күзетіп отырған қарт анасынан басқа қол ұшын берер ешкімі жоқ;

Қыздар – қыран-топан;

Уәдесінде тұрмай, аяқ астынан айнығаны ;

Кірер ауыздағы кіп-кішкентай кабинетте күж қара кісі отыр ;

Әйтеуір торай көздің қарашығына қуақы күлкі ұшқындады ;

Олардың күнделікті қолданылуына байланысты қасиеті солғындап, тұрақты сөз айшығы ретінде жұмсала береді. Дәстүрлі метафоралар сол тілде сөйлейтін халықтың тіршілігі мен тұрмыс күйіне, өмір сүрген ортасына, дүниетанымына тікелей байланысты болады.

Б. Хасанов дәстүрлі метафоралардың фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге, қанатты сөздерге желі болатындығын атап көрсетеді.

«Дәстүрлі метафоралар – меншіктік авторы жоқ халықтық қазына, оны кез келген қаламгер сөзінен табуға болады, олар бірте-бірте бейнелілік қасиеті солғындап, омонимге айналуы мүмкін, тіпті тұрақты сөйлеу штампына айналуы мүмкін»,-дейді ғалым Хасанов.

Ал индивидуалдық метафора – өмірдің кейбір жағдайларынан берілген субьективті баға, өзіндік тұжырым, бұл метафоралардың авторы болады.

Мысалы:

Бар білген-cоңына соңына мына сілбу іздің қимылынан сөлекет бірдеңе сезе ме, қалай?;

Мына іш пыстыратын сылбарлық реніш шақырғандай әлденеге ұқсай ма?;

Мамандығына сәйкес бір жұмысқа табан іліктіргесін той жабдығына әзірлене бермек;

Қарауытып бүйе аяқтанып алған қалың қас үрпі-түрпі;

Ішінен тынып, өз қасіретіне өзі уланып жүр;

Ендігі кезекте, метафора туралы қысқа тұжырымдарды сараптай кетейік:

Метафора - тілді, мәдениетті, ғылым мен өмірді, бүкіл әлемді бір жерге тоғыстырады.

Метафора - танымның әмбебаптығы болып табылады, әлемді метафора арқылы бейнелеуді қазіргі психологтар адамның мәдениетіне сәйкес, адамның шығу тарихымен байланыстырады.

Метафора – барлық тілге тән, тілдің әмбебап құбылыстарының бірі. Метафораның әмбебаптығы кеңістік пен уақытта, тілдің құрылымы мен қызметінен көрінеді.

Метафора - мағынаның ауысуы – сөздер мен сөз орамдарының ұқсастығы, сәйкестігі бойынша қолданылуы.

Метафора мәселесі көбінесе стилистикалық құрал ретінде немесе көркем шығарма тәсілі ретінде қарастырылады.

Ғалымдар метафораны кей кезде әлемді түсінуге көмектесетін фундаментальды сезім дейді, олар метафораны шындықты (реальность) бейнелейтін құралға балайды.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

Метафора, оның түрлері жайында конспект жаздырту.

ІҮ Үй тапсырмасы: Көркем шығармадан метафораларды теріп жазу.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 16.10.

Сабақ №7

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Сөздің көп мағыналығы.

Мақсаты:

1.Оқушылардың сөздің көп мағыналығы жайында білімдерін тереңдету және ББД қалыптастыру

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, слайд.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл- күйлерін көтереді.

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Сабақтың мақсат- міндеттерін хабарлау.

  3. Сөздің көп мағыналығы жайында оқушылардың білімін тиянақтау, тереңдету.

Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Мысалы:  аспан, бұлт, жер – заттың атауы

                  Жақсы, жылы, биік – заттың сапасы

                  Бару, келу, оқу – қимылдың атауы

Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын  екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдануды ауыспалы мағына  немесе туынды мағына деп атайды.  

Мысалы: Аяқ – дене мүшесі. Қанат аяғымен доп тепті. (Тура мағына) 

            Аяқ – «соңы» деген мағына бере алады. Ол келгенде жұмыстың аяғы еді. 

            (Ауыспалы немесе туынды мағына)

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

1.) «Әрекет»   (Жаңа сабақты бекіту жұмыстары.)

- Балалар, әдебиет сабағынан жақсы білеміз, ауыз әдебиеті дегеніміз не? Түрлері қандай?

- Ауыз әдебиеті дегеніміз – халқымыздың ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан -  ұрпаққа жеткен халық туындысы. Түрлері: Тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, ертегілер, мақал-мәтелдер, т.б.

- Ендеше, біз бүгінгі сабағымызды «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша жүргіземіз. «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз.  Кім айтып бере алады?

(Қысқаша мазмұны айтылып өтеді.)

-Оқушылар, біздің сыныптағы электрондық поштамызға дәл осындай жаңа хат түсіпті.  Хат мәтіні мынадай: 

-Кәне, оқушылар атай мен әжейге көмек берейік. Ертегідегі бауырсақты түлкі жеп қойса, бүгінгі бауырсаққа көмек беріп, атай мен әжейді қуантайық. Ол үшін бүгін бізге үлкен білім керек болып тұр. Бауырсақ орман жаққа кетіпті. Түрлі аңдарға кездесіпті. Олардың көп тапсырмасы бар екен. Алдымен қасқырға жолықса керек.

Қасқырдың тапсырмасы: Бет, құлақ, кілт, терең, ақ сөздерінің тура және ауыспалы мағынасын тауып, басқа сөздермен байланысқа түсіріп , тіркес құра.   

-Балалар, бауырсақ енді аюға кездесіпті.

Аюдың тапсырмасы: 

1. Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді, сөз  тіркестерін тауып астын сызыңдар. Өлең авторы туралы не білеміз?

     Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

  Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

     ...Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

    Ол -  ақынның білімсіз бейшарасы.

-Бауырсақ үшін аюдың да тапсырмасын орындадық. Енді қоян не айтар екен?

Қоянның тапсырмасы:

А) Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып, ұйқастырып қойыңдар.

1. Ой маржанын тере білген,

     Әр жазушың, әр ақының.

     Әр сөзіңді емемін мен, 

     Ана сүті –  .................(ана тілім)

2. Тіл – ырысың, өрісің де,

     Тіл – көктегі ғажап күнсің мен үшін де-

     Ғажап күнсің мен үшін де – 

     Бабам тілі - .................(қазақ тілі)

3. Мекендеген портфелімді

     Беттері аппақ - ақ көңілді.

     Қызаратын қатем үшін

     Кірлетпеймін   ............(дәптерімді)

Ә) Мына сөйлемдегі ауыспалы мағынада тұрған сөзді табыңыз.

-Оқушылар, бауырсақ ормандағы ең айлакер , қу түлкіге кез болыпты.Осы түлкінің қолына түсірмей,  аман-есен атай мен әжейдің қолына тапсырайық. 

Түлкінің тапсырмасы: 

А)  Интертақтада үш сурет берілген. Сол суреттерді қатыстырып тілге байланысты сөз тіркесін немесе сөйлем құра.

1. Қазақ тілі – жүрек үні.

2. Қазақ тілі – жұлдыздай мәңгі жарқыра!

3. Қазақ тілі – алтын күнсің шуақ шашқан биіктен!

Қорытынды. –Ал, жақсы, балалар, бәріміз аңдар тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық. Әрине, оған біз білімімізбен қол жеткіздік. Ендеше, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген осы болса керек. Біз бүгін қуаныштымыз, атай мен әжейге үлкен көмек жасадық.  

ІҮ Үй тапсырмасы: Көп мағыналы сөздермен сөз тіркес жазу

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 23.10.

Сабақ №8

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Омоним.

Мақсаты:

Омоним сөздерді бір –бірімен салыстыра отырып,

анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру.

Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығы ұқсастығын

анықтау. Оқушылардың  танымын кеңейту, тез қабылдауға жол ашу,

өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін  арттыру.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың жабдығы:

суреттер ,  интерактивті тақта,қоржын, кеспелі карточкалар.

Әдісі:

сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырма,

топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

а) кезекшімен сұхбаттасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару

ә) психологиялық ахуал

Мен бүгінгі сабағымызды эпиграфпен бастағым келеді.

«Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатына біле-біле»

Міне , балалар, алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін

көп оқып, іздене білуіміз керек. Ендеше бір-бірімізге сәттілік

тілеп сабағымызды бастайық!

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

І. Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.

1.     Марат  атты суар

2.     Ол нысананы көздеп тұрып атты.

-    Тақтаға жазылған осы екі сөйлемдердегі  атты жазылуын және қай сөз табы екенін салыстырыңдар.

Осыдан қандай ой түйдіңдер? – оқушыларға сұрақ қойдым.

Оқушылар: - біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағыналары

басқа-басқа сөздер омонимдер, - деп жауап береді.

  Оқушылардың  көп мағыналы сөздер мен  омонимдерді ажырата

білу  білім- біліктерін тексеру мақсатында «Кім  жылдам?» ойынын

жүргіздім.

   Ойынның шарты. Сыныпты екі  топқа бөліп, 1- топты «Көп

мағыналы сөздер» 2 – топты «Омонимдер»  деп аталды.

Үстелден   кеспе кағаздарды тауып, қоржынға  жинауы керек.

Сөздің  төркіні,

Істің төркіні

Мысалы :  1) «Көп мағыналы сөздер»  қоржынына салу

Кітапқа қара ,

Қара етік

  2) «Омонимдер» қоржынына салу

  Ойын соңында кеспе карточкаларды дұрыс жинаған  топты мадақтау.

  Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ұқсастығы,

айырмашылығы Венн диаграммасы бойынша оқушыларға анықтаттым

Көп мағыналы сөздер

мағыналары бір-біріне

жақын, ұқсас болып,

бір ғана сөз

табына жатады.

Сыртқы                Омонимдер

тұлғалары        дыбысталуы

жағынан,          біркелкі,бірақ

дыбысталуы   мағыналары

жағынан           басқа-басқа  

 ұқсас                      болып

                    келеді.Бір сөз

                     табына да,әр басқа

                     сөз табына да              

                      қатысты  болады.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

1) Жаттығу-бекіту жұмысы

а) 2-3 оқушыға тыйым сөздерді оқыттым.

ә) осы сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін

сөздер бар-жоғын анықтау.

б) Осылардың ішінде өздері біліп, орындайтын тыйым сөздерді талдау

2)Деңгейлік тапсырмалар  орындау

І деңгейлік тапсырма- берілген мәтіннен омонимді табу.Жаз өтіп, күз келді. Аманжол үй жұмысын жазды. Ол ауруханадан жазылып шықты.

ІІ деңгейлік тапсырма   -  қол, қыс, сіңір сөздерінің омонимдік

мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құрау

ІІІ деңгейлік тапсырма-    берілген тақырыптардан  шағын әңгіме  

Жазу немесе өлең шумақтарын құрау. Тақырыптары: «Менің анам», «Сабақ үстінде»

ІҮ.Сабақты қорытындылау     

Ойды жинақтау мақсатында «Топтастыру әдісі» арқылы  өз білімдерін

  тиянақты қорытындылау.

Омонимдер

Әр түрлі сұрақтарға                                   Дыбысталуы бірдей

жауап береді

III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің,

не үйрендің?, не білгің келеді?

ІҮ Үй тапсырмасы: Омоним сөздермен 5-6 сөйлем құрастыру.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 30.10.

Сабақ №9

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Омонимдік сөздікпен жұмыс.

Мақсаты:

Оқушыларды омонимдік сөздікпен жұмыс істеуге үйрету, жаттықтыру

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, слайд, стикер, кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер. 

Әдісі:

сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырма,

топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл- күйлерін көтереді.

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

1) Өткенді пысықтау :

1.Омоним дегеніміз не?

3) Омонимдік сөздікпен таныстыру.

1. Омонимдер дегеніміз не?          

2.көп мағыналы сөздерден омонимдердің қандай айырмашылығы бар?      

3.Мәтін дегеніміз не?                    

4.Ауызша тіл дегеніміз не?                                     

5. Мәтін дегеніміз не?

6.Лексика нені зерттейді?

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

1)Омонимдік сөздікпен жұмыс

  • Омонимдік сөздікті пайдалануға жаттықтыру.

  • Омонимдік сөздікті пайдалана отырып, «Күзгі демалыста» тақырыбына эссе жазу.

2-Барлық сөздер омоним бола ала ма?

Тақтамен жұмыс : 

         1) Сөздің оң жақта бір бөлігі,сол жақта екінші бөлігі берілген.екі бөлікті қосып,күрделі сөз жасау.Сөз мағыналарын түсіндіріп көру.

            бел                          құлақ

            қырық                    қосақ

            саңырау                  аяқ

            кемпір                    қазық

            темір                      бақа

            тас                          беу

     2) Оңынан оқылса да,солынан оқылса да өзгермейтін үш әріптен тұратын он сөз ойлап жазу ( а-дан басталмайтын болсын)

               Нан       қақ            көк     тұт               іні

               шаш      кек           тот      сұс               құқ

   3)  Берілген буындардан сөз құрап жазу.

найзағай       ұршық             көше           терезе            орындық         жалау        балапан

4) Оңнан солға қарай оқылса да,солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін 5 әріптен тұратын 7 сөз ойлап жазу.

ІҮ Үй тапсырмасы: Сөздіктен 10 омоним сөз теріп жазу.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 13.11.

Сабақ № 10

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Синоним.

Мақсаты:

оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.

проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ - жауап, ізденушілік, зерттеушілік іс - әрекеттері, ойын түрлері.

  1. Омонимдер туралы қайталау.
    - Омонимдер дегеніміз не?
    - Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы неде?
    2. Әзіл өлең құрастыру. Өлең шумақтарында міндетті түрде омоним болуы керек.

1. Зат есімдер
Кім?
Мұғалім
Ұстаз
Педагог
Оқытушы

2. Сын есімдер
Қандай?
қадірлі
қастерлі
құдіретті
құрметті

3. Етістіктер
Не істеу?
күту
кідіру
аялдау
тосу

4. Үстеулер
Қашан?
жуырда
таяуда
жақында
жуықта

-Әр бағанадағы сөздерге сұрақ қойып, бір - бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып, синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығару және оны кітаптығы ережемен салыстыру.
Мағыналары бір - біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы
синонимдер деп аталады. Синонимдер мынадай белгілерге орай топтастырылады:
- Балалар, өзіміз көріп отырғандай, тақтада жігіт пен таудың суреті берілген. Оларды бір - бірімен салыстырып көрейік. Аласа бойлы жігіт, бойшаң жігіт; биік тау. Осы сөздерді биік жігіт, бойшаң тау деп қолдануымызға бола ма екен? (оқушылар өз ойын айтады)
- Сонда, балалар, бұдан түйетініміз, синонимдердің өзін де дұрыс мақсатқа сай қолдануымыз керек екен.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

 1. Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны.
Бұл кім?
Ұстаз, мұғалім, оқытушы
Адам, кісі. жан, пенде
Ер бала, жігіт, ұл
Қарт, кәрі, қария
Нәресте, сәби, бөбек, бала, перзент
Бұл не?
Тамақ, ас, тағам, дәм
Қандай көңіл күй?
Қуану, шаттану, мәз болу
Өкіну, опық жеу, бармағын тістеу
2. Сергіту сәті. Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты, Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті балаларының барлығы бір үйде тұрыпты. Олай болса сертіту сәтін «Тату сөздер» деп атап, сол байдың 5 ұлына және 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық.
(Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем, Ару)
3.Тест жұмысы.
1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер
2.
«Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
В) Атақ
С) Дәулет
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт
В) Дос
С) Кісі
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау
В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
С) Көне, жаңа, ескі

ІҮ Үй тапсырмасы: Синоним сөздермен 5-6 сөйлем құрастыру.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 20.11.

Сабақ №11

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Синонимдік сөздікпен жұмыс

Мақсаты:

Синонимдік сөздікпен жұмыс істеуге үйрету, жаттықтыру

Сабақтың жабдығы:

Синонимдік сөздік 

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

1) Өткенді пысықтау :

1.Синоним дегеніміз не?

2.Омоним дегеніміз не?

3.Бағалы,құнды,қымбат сөздері омоним сөздер ме,әлде синонимдер ме?

 2)   Жаңа сабақты түсіндіру.

Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады.Мысалы : биік пен бойшаң өзара синонимдер болғанымен,тау сөзімен тіркескенде бірінің орнына бірі қолданылмайды : биік тау деп айтылғанмен,бойшаң тау деп айтылмайды.Кәрі,қарт деген синонимдердің кәрі сөзі адамға да,малға да қатысты сөздермен тіркесе береді де,ал қарт сөзі, адамға қатысты сөздермен ғана байланысқа түседі : қарт адам деп айтуға болса,қарт жылқы деп ешқашан да айтылмайды.

3) Синонимдік сөздікпен таныстыру.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

1) Синонимдік сөздікпен жұмыс

  • Синонимдік сөздікті пайдалануға жаттықтыру.

Синонимдік сөздікті пайдалана отырып, «Күз» тақырыбына эссе жазу.

2.Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
1 - қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс, тума, ағайын, туған - туыс, жекжат - жұрағат, жамағайын/
2 - қатарға «Данышпан» сөзі /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/
3 - қатарға «Азайту» сөзі /Алу, кеміту, шегеру, қысқарту/
Мәтінді оқып шығып, ондағы ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін табыңдар.
Ғажап – ғажайып, керемет, керім, таңғажайып;
Шақ – кезінде, уақытында;
Қараулық – әділетсіздік;
Уәде – уағда, серт, ант;
Айла – амал, тәсіл;
Жан – адам, кісі, пенде.

3. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына биыл 140 жыл (оқушылардан Ахмет Байтұрсынов және оның шығармашылығы туралы сұралады) А. Байтұрсыновтың өлең шумақтарынан үзінді беріліп, ондағы синоним бола алатын сөздерді табу жұмысы орындалады.
Талапты жастың бірі – сен бір балам,
Келіпсің дәмің айдап Қаратайдан.
Қаңбақтай жел аударған ажырапсың,
Ел - жұрттан, туысқаннан кейін қалған.
Талапты – ізденімпаз, ынталы, талапшыл;
Ажырау – айырылу, бөліну;
Ел - жұрт – жұртшылық, көпшілік;
Туысқан – туыс, ағайын, тума, туыстас.

2) Білімді бекіту :  

1. Синоним дегеніміз не?

2.Омонимдер дегеніміз не?

  3.Семіру,сөзінің синонимін тап.

4.Уәде сөзінің синонимін тап.

ІҮ Үй тапсырмасы: Сөздіктен 6 сөз алып, солармен сөйлем құрастыру.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 27.11.

Сабақ №12

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Антонимдер

Мақсаты:

антонимдердің қарсы мәндес сөздердің жұбынан тұратындығы,антонимдердің көп мағыналы сөздерге, синонимдерге, омонимдерге қатысы, олардың ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі жеткізудің мәні жайында игерту;

эвристикалық әдіс, практикалық жаттығулар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

  • Сәлемдесу,сыныпты ұйымдастыру;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Сыныптың, оқушылардың дайындығын байқау;

  • Психологиялық дайындық жасау.

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

І. Өткенді қайталау

Сұрақ-жауап:

- Синоним дегеніміз не?

- Қандай сөздер синонимдік қатарға жатады ?

- Синоним сөздердің белгілері қандай ?

-Синоним сөздердің қолдану ерекшілігі қандай ?

- Синонимдер мен омонимдердің айырмашылығы қандай?

IІ. Мақсат қою және сабақтың тақырыбын хабарлау

- Бүгінгі сабақта антонимдер, олардың өзіндік ерекшеліктері жайында білімдеріміздің тереңдетеміз.

1.Тақтада берілген сөздерге қарсы мәндес сөздер келтіру арқылы оқушыларды қорытынды жасауға жетелеу.

Қатты- , терең- , қара- , суық- .

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізеді.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

Өткенді бекіту.

1. Төмендегі мақал-мәтелдерден антонимдерді табу.

Көз қорқақ, қол батыр. Білімді мыңды жығады, білімсіз мыңды жығады.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2.Ұжымдық жұмыс

Мәтінді көшіріп жазып, ондағы әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимдерін табу.

Сергіту сәті. Дене мүшелеріне байланысты жаттығулар

3.Өзіндік жұмысы

Берілген мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке- жеке топтастырып жазыңдар. Ізгілік- зұлымдық.

-Антонимдер дегеніміз қандай сөздер ?

- Антонимдердің қолдану мәні ?

- Антонимдер сөздер көбірек қайда кездеседі ?

ІҮ Үй тапсырмасы: Антоним сөздері бар мақал-мәтелдер тауып жазу.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 04.12.

Сабақ №13

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Табу. Табу сөздерінің шығу төркіні.

Мақсаты:

Табу сөздердің анықтамасы, қазақ халқының өмірінде кең тарағандығы, қолдану себебтері жайында игертуазақ халқының ырым-тыйымдары арқылы тәрбиелеу; салыстыра алу қабілеттерін, байқағыштық қасиеттерін, сөйлеу мәдениетін,оқушылардың сөздік қорын дамыту.

Сабақтың жабдығы:

дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар

Әдісі:

түсіндірмелі, практикалықжаттығулар,талдау, сұрақ-жауап.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

  • Сәлемдесу, сыныпты ұйымдастыру; оқушыларды түгендеу;

  • Сыныптың, оқушылардың дайындығын байқау; психологиялық дайындық жасау.

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

1.Табу сөздер туралы түсінік беру:

Табу индонезия тіліндегі «тыйым салу» деген мағынадағы сөзден шыққан, тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.

Ал енді тіл біліміндегі анықтамасын жазып алыңыздар:Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу д.а.

Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі.Табу сөздердің көпшілігі әр түрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған.

Мысалы:1.қазақтың ескі әдет-ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туға-туыстарын өз атымен атамайтын болға;./46- беттегі мәтінді оқыту./

2.екінші түрі қатал табиғи құбылыстарға, жай түсудің апатынан сақтанып, жайдың атын атамау үшін оны «жасыл» д.а.;

3.жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, қасқырдың атын тура атасақ, естіп малымызға шабады деп сескеніп, оны «ұлыма» д.а.;

4. түрлі аруларға байланысты қалыптасқан, шешек ауруының атаудан қорқып, оны «қорасан» д.а.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

1.Сұрақ-жауап:

- Табу қандай сөзден шыққан ?

-Табу дегеніміз не? Тіл біліміндегі анықтамасы қандай ?

- Табу сөздері неге байланысты туындаған ?

- Табу сөздері қазірге кезде тілімізде кездесе ме қалай ойласыздар ?

- 2.Жаттығу-бекіту жұмыстары

а/ Өзіндік жұмысы.

б/ Өзіндік жұмысын тексеру,бағалау.

Сергіту сәті. Дене мүшелеріне байланысты жаттығулар.

в/ Ұжымдық жұмыс.Берілген мәтіндегі тыйым сөздерді оқыту, есте сақтату. Тыйым сөздердің «Табуға» жатпайтынын дәлелдету.

ІҮ Үй тапсырмасы: Табу сөздерді қолдана отырып, 7 сөйлем жазу.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 11.12.

Сабақ № 14

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Эвфемизм, дисфемизм.

Мақсаты:

Эвфемизм мен дисфемизм сөздердің анықтамасы, бір –біріне қарама-қарсы құбылыс екені жайында игерту; қазақ халқының ырым-тыйымдары арқылы тәрбиелеу; салыстыра алу қабілеттерін, байқағыштық қасиеттерін, сөйлеу мәдениетін,оқушылардың сөздік қорын дамыту.

түсіндірмелі, практикалық жаттығулар,талдау, сұрақ-жауап.

1.Эвфемизм мен дисфемизм сөздер туралы түсінік беру:

Эвфемизм мен дисфемизм грек тілінен енген термин сөздер. Эвфемизм (сыпайлап айту). Бір затты не құбылысты, я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалын тіл білімінде эвфемизм д.а.Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан.

Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айту амалынтіл білімінде дисфемизм д.а.Олар әдеби тіл үлгісіне жатпайды.

Дисфемизммен сөйлейтін адамдарды мәдениеті төмен, әдепсіз адамдар деп есептемейді.Бұлар көркем шығармада, көбенесе, ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде кездеседі.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

1.Сұрақ-жауап:

- Эвфемизм мен дисфемизм қандай тілден енген ?

- Эвфемизмнің мағынасы қандай ? Тіл біліміндегі анықтамасы қандай ?

- Олар неге байланысты туындаған ?

-Дисфемизмнің мағынасы қандай ? Тіл біліміндегі анықтамасы қандай ?

-Оларды қолданылған адамдар қандай адамдар болып табылады?

- 2.Жаттығу-бекіту жұмыстары

а/ Өзіндік жұмысы.

-Берілген мәтіннен эвфемизм мен дисфемизмдерді теріп жазу.

б/ Өзіндік жұмысын тексеру.

в/ Ұжымдық жұмыс

Берілген сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазу.

ІҮ Үй тапсырмасы: Эвфемизм, дисфемизм сөздерін қолдана отырып мәтін жазу.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 18.12

Сабақ № 15

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Шығармашылық жұмыс.

Мақсаты:

   Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру; оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;  оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер. 

Әдісі:

шығармашылық, практикалық жаттығулар,талдау, сұрақ-жауап.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Психологиялық сәт:
1 - слайд. Тақтада қыс көрінісі.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстағы табиғат құбылыстарын атаңыздар?
- Қар жауу, мұз қатады, аяз түседі, боран соғады, қырау қатады, дала ақ мамыққа оранады.
- Жақсы олай болса орынымыздан тұрайық, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілей отыра, мына өлең жолдарын хормен айтамыз,
- Біз қандаймыз, қандаймыз,
Жаңа туған қардаймыз.
Ақпыз, пәкпіз, тазамыз,
Біз білімді баламыз.

Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.

1/ Өзіндік жұмысы.

«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша флипчарт арқылы тест тапсырту.

  • 100%-95 балл алса- «5»

  • 94%-75 балл алса - «4»

  • 74%-50 балл алса - «3»

  • 49%-төмен балл алса -2

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

1.Ұжымдық жұмыс.

-Оқушылар, біз қыста қолымыз тоңбау үшін, қолымызға не киеміз? /Қолғап./Ендеше Сіздермен «Сыңарын тап» ойын ойнаймыз. Ойын шарты: мына қолғаптардың сыңарлары әр жерде жатыр. Әр қолғаптың үстінде түбір сөздер жазылған, қолғаптың сыңарын дұрыс табу арқылы қосымша жалғап жазу керек.

2. Жұптық жұмыс.

Түбір сөзге жалғанған қосымша жуан, жіңішке болып келу себебі неде? Жұптағы біреуі жуан қосымшалы сөйлемдерді жазады, ал екіншісі жіңішкелі қосымшалы сөйлемдерді жазады.
Қыс... қар жауады. Күн суыта бастайды. Жер... мұз қатады. Кейбір құс... жылы жаққа ұшып кетеді. Қыс.. ұйықтайтын аңдар күз.. бастап бойына май жинайды. Май оларды қысқы аштық... да, суық... да қорғайды.

1.«Қыс» мезгілі жайында шығарма жазу.

ІҮ Үй тапсырмасы: Ойтолғау жазу.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 25.12.

Сабақ № 16

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:

Сабақтың тақырыбы :

Бақылау жұмысы

Мақсаты:

оқушылардың көп мағыналы сөздер, омонимдер,синонимдер , антонимдер жайында білім, білік, дағдыларын тексеру,бағалау;оқушыларды жауапкершілікке, өзін- өзі бақылауға,өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеу;оқушыларды көркем жазуға, сауаттылыққа жетелеу .

Сабақтың жабдығы:

үлестірмелі қима қағаздар .

Әдісі:

Бақылау жұмысының тапсырмалары

  • Полисемия дегеніміз не?

  • Қандай сөздерді көп мағыналы сөздер дейміз ?

  • Сөздер әр түрлі мағынаға қай кезде ие болады ?

  • Көп мағыналы сөздердің ерекшілігі қандай ?

  • Омонимдердің ерекшіліктері қандай?

  • Синонимдер, олардың басты белгілері жайында не білесіңдер ?

  • Антонимдер, олардың қолданылу мәні қандай?

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

- Бүгінгі сабақта көп мағыналы сөздер, омонимдер,синонимдер , антонимдер жайында білімдеріңізді бағалау мақсатында бақылау жұмысын болады.

1)Берілген сөздердің тура мағынасын табу.

Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті... . ; ашық мінез, ашық әңгіме, ашық ... .;өткір ой, өткір сөз, өткір ... ; қалың ағаш, қалың ел., қалың ... .

2)Сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, тіркес жасау.

Ауыр, қиын, терең, таяз, жүрек, қисық, құлақ.

3)Омонимдерді бір бөлек, көп мағыналы сөздерді бір бөлек теріп жазу.

Ауыр жүк, ауыр сөз,ауыр мінез ;қара шаш, балапанға жем шаш; кеш батты,суды кеш ; есікті аш, аш мал ; жылы сөз,жылы су, жылы жүз; көздің жасы, адамның жасы; әдемі жаз, ыстық жаз; арыстан ақырды, ақырды тазала.

4)Сөздердің синонимдерін келтіру.

Ұқты- , қуанды- ,апыл-ғұпыл- ,

тіл қатқан жоқ- , зәресі ұшты- ,тыйды- , кеңесті- , оқымысты- ,

көмек- .

5)Мақал- мәтелдегі айтылмай тұрған антонимді тауып жазу, олар қай сөзбен антонимдік мағына құрап тұрғанын анықтау.

Арқаның ұзыны жақсы,

Әңгіменің ... жақсы.

Дұшпанға тастай қатты бол,

... балдай тәтті бол.

Ақыл дос, ашу...

Ақымақ ішкен- жегенін айтады,

... көрген- білгенін айтады.

Өз білмегенінді кісіден сұра,

Үлкен болмаса, ... сұра.

Көп сөз күміс,

... сөз алтын.

ІҮ Үй тапсырмасы: Сөз туралы түсінік.Әр сөз табына 3 сөзден жазу.

Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың жаңа сөздер туралы білім бере отырып түсініктерін кеңейту.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

На правах рекламы

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Тіл құдіретін таныта отырып, оқушының сөздік қорын байыту, ойындар арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, ой қозғау, түртіп алу, эссе жазу, автор орындығы, 5 жолды өлең.
Сабақтың көрнекілігі: топшамалар, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
(Оқушыларды тренинг арқылы 3 топқа бөлемін.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Түртіп алу» стратегиясы арқылы оқушылардың өткен сабақтағы білімдерін бекіту, яғни берілген мәтіннен көнерген сөздерді теріп алу.

І топ. Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді, жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйырған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай.

ІІ топ. Сыбан, Тобықты, Керей, Уақ, болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты. Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткенді. Мұндайлық айналма пәленің ашық аты — “недоимке”, “қарашығын” және биыл түскен “түңдік басы”.

ІІІ топ. Жырдан көнерген сөзді тап
Бадана көзді кіреуке
Жауға қарсы жетпеген,
Жел айырдың оғы өтпеген,
Сатуға басын сұрасаң,
Мың ділдә да жетпеген. ( «Ер Тарғын»)
Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген…
Барабан соғып, шың қағып. («Қобыланды»).

2. «Ой қозғау» тапсырмадан соң оқушыларға сұрақтар қойылады.
- Көнерген сөздер дегеніміз не?
- Нешеге бөлінеді?
- Архаизм дегеніміз не?
- Историзм дегеніміз не?
- Мысал келтір.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Неологизм – (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа сөздер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе - сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады.

Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спуткик деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т. б. сөздер жатады.
Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау – бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай (жарық жақсы түсу үшін төбесі мен қабырғалары шыныдан жасалған көкөністер өсіретін орын), қызанақ, орамжапырақ, қаудан, дернәсіл, үлескі, өскін, жасуша, ағза және т. б.
Тақтамен жұмыс.
166 - жаттығу.

І топтан 1 оқушы шығып, мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазады.
167 - жаттығу.
ІІ топтан 1 оқушы шығып, мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазады.
ІІІ топтан 1 оқушы шығып, төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жаз.
Мектеп, карта, телевизор, аялдама, кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз, ғарыш, әмбебап, желтоқсан айы, сынып, қорғаушы, сұраныс, тапсырыс, асаба, оқушы, ұстаз.
Сыныппен жұмыс. «5 минуттық эссе»
1) Ата заң, әнұран, елтаңба, рәміз, зейнетақы, даңғыл, елбасы, елорда сөздері Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қолданысқа енген сөздер. Осы сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шағын эссе жазу. («Автор орындығына» шығарып оқыту.)
2) Төлқұжат, сынып, сазгер, елтаңба, заңгер, әуежай, отбасы, ғарышкер, теледидар, үнтаспа, үнпарақ, дереккөз, мұрағат, бағдаршам, мұражай, жеделхат, балмұздақ, оқулық, ұшақ, жолсерік, тоңазытқыш, ермексаз сөздерінің орысша аудармасын табу.
Тапқыр болсаң, тауып көр (жеке оқушылармен жұмыс)
№1
Қазақ тілін жаңа үйреніп жүрген Дымбілместің білмейтін сөздерін айтып бер
Мен...................... ұшқанын көрдім. Ол маған қатты ұнады. Мен өскенде.............................. болуды армандаймын.
№2
Жылыжай, қызанақ, орамжапырақ, түйнеме сөздерін қатыстырып сөйлем құраңыз.
№3
Сөйлемдерден неологизмдерді табу.
1. Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1854
Номер материала ДВ-520136
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх