Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ГРАММАТИКАНЫҢ РӨЛІ

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ГРАММАТИКАНЫҢ РӨЛІ

Скачать материал

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ГРАММАТИКАНЫҢ РӨЛІ


Алдекеева Асия Берикова

«№5 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебі»

Тараз қаласы

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлға аралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс. Бастауыш сыныптағы балаларды алдымен ана тілінің сөздеріндегі  барлық дыбыстарды ажырата біліп, оны дұрыс айтуға үйрету үшін, сөздің, дыбысты талдауына жүйелі түрде жаттықтыру қажет. Бұл дұрыс жазуға үйретуге және ауызекі  сөйлеуде маңызы бар фонетикалық естудің дамуына көмектеседі. Баланың  тілінде кемшілік болса, онда тиісті педагогикалық әдіспен және логопедпен бірге отырып мектепке келген күннен бастап, оны бір қалыпқа келтірумен айналысу қажет. Егер мектепте оқыған кезде балаға фонетикалық,  лексикалық және грамматикалық жағынан тиісті талап қойылса онда олардың тілі тез жетіледі.  Тілдің мектепте сабақ ретінде өтілудің маңызы зор. Балалар сөйлеудің сөйлеммен, сөйлемнің сөзден,  сөздің -  буыннан және дыбыстан құралатынын үйренеді.  Мектеп оқушылары сөзбен буыннан әрбір дыбысын жеке бөліп, жеке дыбыстардан сөз құрастырып үйренеді.

Мемлекеттік тіл саясаты және білім бағдарламасының аясында қазақ тілін меңгертуде грамматиканың орны ерекше.Тіл білімділігі грамматикалық заңдылықтарды білмей ойыңды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткізу мүмкін емес екен. Мен бұрынғы сыныптарымда балалардың тілін дамытуды және грамматикалық заңдылықтарды екі бөлек қарастырып қазақ тілін оқытуда көптеген кедергілерге тап болдым. Грамматиканың қатысынсыз бейтарап сөздер жай ғана бытыраңқы жеке - жеке ұғымдарды білдіретіні сөзсіз. Демек грамматиканы толыққанды тілдік қатынас құралы деп қарастыруға болады.Бірақ үйрететін тілдің ауқымындағы грамматикалық жүйе туралы білім, ережелер, категориялар, ұғымдар туралы білімдер сол тілді меңгергендіктің көрсеткіші бола алмайды. Оқып отырған тілде шынайы комуникациялық тілдесімге түскенде ғана сол тілде сөйлеу сауаттылығына жетуге болады. "Лингвистикалық  заңдылықтар мен грамматтикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір- бірімен байланысқа түспесе белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғаны мен, ой түсініксіз  болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да іске аспайды".

Грамматикалық тіл үйренудегі негізгі және шешуші фактор екендігін түсінбей қазақ тілін қазақ халқының болмысын және шынайы өмірді танытудың іргетасын құраушы ретінде меңгерту мүмкін емес. Грамматика - 1. Тілдегі сөздердің өзгеруі мен түрленуін, сөздердің тіркесуі және сөйлем құрастыру заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы;2. Тілдің дыбыстық жүйесін. Сөз құрылымын, байланысу ережесін  үйретеді. Грамматикалық  категория - формалары  бір  бірінен  ажыратылатын бір тектес грамматикалық құбылыстардың  жиынтығы. Грамматикалық мағына - сөздің сөйлемдегі басқа сөздермен қарым - қатынасқа түсуі нәтижесінде туатын мағына.Грамматикалық тәсіл - сөз арасындағы әр түрлі қатынастарды, грамматикалық мағыналарды білдіру жолдары. Грамматикалық  форма - тілдегі  сөздің  лексикалық  ұғымына қосымша мағына үстейтін тұлға,морфема. Қазақ тілін үйренуге грамматика маңызды  рөл атқарады, қазақ тілін қарым-қатынас құралы  ретінде  оқытуда  грамматика сөйлеуді үйретуге  қызмет етеді және қолданбалы мәнге ие болады.Себебі ол оқушылардың:
-Бір - бірімен сөйлесімді дұрыс құрастыра алуына;-айтылған сөзді дұрыс түсінуіне;-қажет болғанда сөйлесімнің құрылымын саналы түрде бақылап, талап етілген грамматикалық форма мен құрылымды саналы түрде таңдай алуы керек.
Тілдік материал оқыту мақсаты мен оқушылардың білім деңгейіне ұсынылады.
Қазақ тілін оқытуда ұзын- сонар күрделі де қиын ережелерді жаттаудан аулақ болып, сөйлесім мен тілдесімді жүзеге асыратын тілдік қатынастың негіздерін меңгертткен жөн.
Кез келген ереже сөйлеуді үйретуге қызмет етіп, тілдесу, пікірлесу үшін оқытылғанда ғана басты мақсат орындалады.
Грамматиканы күрделі лингвистикалық құбылыс ретінде оқытпай, қазақ тілінде сөйлеу құралы ретінде оқыту фукционалдық сауаттылыққа жетудің алғы шарттарының бірі болып табылады.
Сөйлеу деңгейінен төмен бірліктер де оқу пәні бола алады.Коммуникативтік бірліктермен қатар сөйлемдер айтылған пікір немесе мәтін, сондай - ақ мұғалім тарапынан қосымша түсіндіруді қажет ететін, ал оқушы тарапынан саналы түрде түсініп, сабақта жаттығуды  қажет ететін, мәтін құраушы элементтер де оқу пәні бола алады.Грамматиканы оқыту - бұл мұғалімнің оқушыны толық коммуникативтік байланысқа түсірудің методикалық құралы. Тіл үйренуші оқушылардың пайдалануы барысында коммуникациялық акт тудырып отырған тілдік бірліктер мен әрекеттер оқытудың  обьектісі болып табылады.Қазақ тілін оқытудың мақсаты  мен заңдылықтары, мазмұны, формасы мен оқыту әдістері болып табылады. Тілді оқытудың мазмұны тілді үйрету барысында нені оқыту керек, қандай мәселеге басты назар аудару керек екенін анықтайды.
Тілдегі грамматикалық құрылымды сипаттаудың тағы бір тәсілі - мазмұнынан сол мазмұнды білдіру құралдарына қарай сипаттау. Онда бір мағынаны бірнеше грмаматикалық формалар жүйесімен беруге болатыны белгілі. Қазақ тілін мемелекеттік тіл ретінде оқытуда граматиканы беру алдымен оқыту сатысына сәйкес айқындалған тілдік минимумға негізделуі тиіс. Бұл ретте оқыту әдістемесі лингвистикамен  тығыз байланысты. Дегенмен грамматиканы ұсынуда лингвистикалық және әдістемелік талаптар бір-бірімен сәйкес келмейді.  Лингвистикада теориялық ережелер  берілсе, дидактикалық граматикадағы білімдер оқушылардың жас және психологиялық  ерекшелігін, әлеуметтік тәжірибесін және басқада ерекшеліктерін  ескере отырып сұрыпталады. Нақты бір ойды білдіретін сөйлемнің құрылымдық сызбасы пайдаланылады.  Грамматикалық құбылыстар бірден толық көлемде емес, оқу материалын біртіндеп кеңейту арқылы жинақталып, нақты кезеңнің мақсатына сай шағын көлемде меңгертуге ұсынады. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда грамматиканың маңызы зор болғандықтан оқушылардың грамматикалық  дағдысын дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады.Грамматикалық дағдының бірнеше түрі бар: айтылымның грамматикалық дағдысы: коммуникативтік емеурінді ауызша білдіруде грамматикалық құбылыста автоматты түрде пайдалануды білдіреді. Форма құраушы және оны пайдаланушы грамматикалық дағдыларды сөйлеудегі морфологиялық дағдылар сөйлемдегі сөздерді автоматты түрде орналастыру дағдысын синтаксистік сөйлеу дағадылары дейміз. Тілді оқушының қарым-қатынас құралы ретінде дұрыс қолданылуына мүмкіндік тудыру - қазақ тілін оқытудағы басты мақсаттардың бірі болып табылады. Сол үшін оларда сөйлесім дағдысы болуы керек, ал сөйлесім дағдысын қалыптастыру оның сөздік қорының мол болуына, грамматикалық бірліктерді бір-бірімен байланыстыра алуына және оны сөйлемде, мәтінде дұрыс қолдана білу дағдылармен біліктеріне байланысты.Қазіргі заман талабы -әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да мектепте оқу үрдісінің негізгі мақсаты - әртүрлі педагогикалық  әдіс-тәсілдермен  жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады.


Пайдаланылған әдебиет:

1.  Оразбаева Ф. тілдіқ қатынас: теориясы және әдістемесі.-Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспа кабинеті, 2000. 30 б.

2. Қазақ тілінің сөздігі.- Алматы: Дайк-Пресс,  1999.-35 б

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ГРАММАТИКАНЫҢ РӨЛІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2016 1546
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдекеева Асия Берикова. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алдекеева Асия Берикова
    Алдекеева Асия Берикова
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4646
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 955 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 653 человека

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе