Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Қазақ тілінен "Қиысу" тақырыбындағы сабақ жоспары

Қазақ тілінен "Қиысу" тақырыбындағы сабақ жоспары

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Талдау жұмыстары (Сөз тіркесі бойныша)

Күні: 03.04.2013

Класы: 7

Сабақтың мақсаты:Сөз тіркесі синтаксисін қайталап, бүкіл алған білімдерін бекіту.

1) Сөз тіркесінің өзіне тән ерекшеліктерін, сөздердің байланысу тәсілі мен түрлерін синтаксисін бекіту.

2) Сөз тіркесіне синтаксистік талдау жолдарын меңгерту, сөйлем ішінен сөз тіркестерін рет-ретімен талдату, анализ шығара білдіру, өз ойын дәлелді жеткізуге машықтау, көркем сөйлеуге үйрету, топпен дұрыс жұмыс істеуге бағыттау.

3) Оқудың маңызын түсіндіре отырып, ешуақытта одан жалықпауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, анализ-синтез, салыстыру, тексеру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныппен амандасу
2.Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесім
3.Оқушыларды сабаққа бейімдеу
Балалар, жылда неше мезгіл бар?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Бір жылда неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Бір айда неше күн бар?
-Қазір айдың қай күні?
-Аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның қай күні?

4.Класты топқа бөлу.
Мұғалім сөзі: дұрыс , балалар, бүгінгі сабағымыз сәрсенбінің сәтінде, қонақтар арасында өтпекші. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен белгілі, сондықтан да бәріміз де осы шараға қош келіппіз!

2.Үй тапсырмасы тексеру.

  1. Оқушыларды топ-топқа бөліп, «Сабақ оқудан жалықтың ба?» тақырыбында ой қозғау.

  2. құраған сөйлемнен сөз тіркестерін тауып, түріне қарай ажырату.

3.Қызығушылықты ояту (кестемен жұмыс)

Мысал

Күрделі сөз

Тұрақты тіркес

Сөз тіркесі

Үйде қалды

 

 


Көз салды

 


 

Ауыл сырты


 

 

Жұмыс басы болды

 


 

Асылды тұқым

 

 


Жәрдем етті


 

 

Таяқ жеді

 


 

Күзгі күн

 

 


Жек көрді


 

 

Еңбек етті


 

 

Үлгілі студент

 

 


Көмек берді


 

 

Қуанышы қойнына сыймады

 


 

Қабылдау бөлмесі


 

 

Апта сайын


 

 

Қырғи қабақ болу

 


 

Жауап берді


 

 

Ас мәзірі


 

 

Абай көшесі


 

 

 4. Ой-толғаныс кезеңі

Үш топқа бірдей бір сөйлем оқылады. Оқушылар сол сөйлемнен сөз тіркесін рет-ретімен табады.

Дарынды да, талантты оқушылардың оқу мен тәрбиесінде ешқандай кемшілік болмауы тиіс.

  1. Кемшілік болмауы тиіс

  2. оқу мен тәрбиесінде болмауы тиіс

  3. ешқандай кемшілік

  4. оқушылардың оқу мен тәрбиесінде

  5. талантты оқушылардың

  6. дарынды оқушылардың

5. Карточкамен жұмыс

Берілген мәтіннен қиыса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

(Шағын мәтін үлгілері таратылады).

6. Оқулықпен жұмыс.

230-жаттығу. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, байланысу тәсілін көрсетіңіз.

аламын деп

жиып аттанды

қарай жүреді

қариясына жорытады

7. Қорытындылау кезеңі

  • Дұрыс сөйлемнің алдына «Д», қате сөйлемнің алдына «Қ» белгісін қойыңыз.

1. ( Д ) Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

2. ( Қ ) орын тәртібі – еш қошымсасыз шылау арқылы байланысуы

3. ( Қ ) есімді сөз тіркесі – басыңқы сөздің сын есімде, сан есімде, етістікте келуі

4. ( Д ) қиысу – бастауыш пен баяндауыштың байланысуы

5. ( Д ) интонация – сөздердің еш қосымшасыз байланысуы

6. ( Қ ) синтаксис – тізбек, рет деген мағынаны білдіреді

7. ( Қ ) күрделі сөз тіркесі – кем дегенде екі сөздің тіркесі

  • Жоба қорғау

Сөз тіркесін біз қалай түсінеміз?

(терминге түсінік беріп, постер жасау)

8.Үйге тапсырма.

«Сөйлем сөз тіркесінен құралады» деген тақырыпта шағын баяндама жазу.


9. Бағалау кезеңі.

Общая информация

Номер материала: ДБ-005059

Похожие материалы