Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілінен "Қызықты мәліметтер" тақырыбына сабақ жоспары. 6сынып

Қазақ тілінен "Қызықты мәліметтер" тақырыбына сабақ жоспары. 6сынып

Скачать материал

6 сынып     Қазақ тілі         30.04.16 жыл

Тақырыбы: Қызықты мәліметтер.
Мақсаты:
Білімділік. Қызықты мәліметтер арқылы оқушылардың  өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық. Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып ажырату, ойын жылдам жеткізуге, еске сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жануарлардың суреті.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша түсініктерін байқау.

1.      Үй тапсырмасын тексеру.

2.      Қорытынды жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Қызықққа қызығушылар
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар
Біз бүгін  қызықты мәліметтермен таныс боламыз. Жер бетіндегі өз ерекшеліктерімен белгілі жануарлармен таныс боласыңдар.
Сонымен сабағымызды бастайық! Біздің қызықты мәліметтеріміз « ЕҢ ЕҢ ЕҢ» деп аталады.

1.      Әр топқа мәтін беріледі. Алгоритм бойынша орындау. 1. Оқу. 2. Аудару. Жаңа сөздермен жұмыс. 3. Мәтін ішінен күрделі сөздерді теріп жазу. 4. Бір сөзге фонологиялық талдау жасау.
Ең алып кесіртке – Варан
Бұл алып кесірткені ғалымдар 1912 жылы Индонезияның Малай топ аралдарына жататын Комодо аралынан тапты. Оның денесінің ұзындығы 3 - 4м, салмағы 150 - 250 кг жетеді. Ол жақсы жетілген құйрығының көмегімен жабайы бұғы, шошқаларды соғып өлтіре алады. Саны сирек болғандықтан МСОП – тың Қызыл кітабына тіркелген.
Ең алып қосмекенді – Саламандра
Саламандра – құйрықты қосмекенділер ішінде жер бетінде көбірек тараған. Дене тұрқы 25 - 28см, аяқтары қысқа, алдыңғы аяғында 4, артқы аяғында 5 саусақ. Реңі ашық сары дақтары бар жылтыр – қара түсті. Күндіз ормандағы мүктердің арасында тығылады. Қорегіне түнде шығады. Қорегі шұбалшаң, жалаңаш шырыш. Суда да, құрлықта да көбейеді.
Ең алып жылан – Анаконда
Анаконда айдаһарлар тұқымдасына жататын, дене тұрқы 10м асатын ең алып усыз жылан. Анаконданың үш түрі бар. Олардың бәрі де торпиктік Оңтүстік Америкада мекендейді. Су тарыла бастаған кезде су түбіндегі балшыққа батып шала жансар күйге көшеді де, келесі жаңбыр жауғанға дейін жата береді. Орташа ұзындығы 5 - 6м. Түрлеріне қарай тірі туатындар мен жұмыртқа салатындар да кездеседі.
Ең алып жануар – Піл
Африка пілінің салмағы – 705 тонна, бойының биіктігі 4м. Сахара шөлінің оңтүстігіндегі кең байтақ аймақтарында мекендейді. Африка пілінің күрек тістері аталық пілде де, аналық пілде де болады. Піл сүйегіне қызығып ертеректе көп аулап Солтүстік Африкада мекендейтін пілдер қазір жойылып кеткен. Бұл піл түрін сақтап қалу үшін хайуанаттар бағында ұстап қамқорлық жасау шаралары қолға алынған.
Ең алып құс – Страус
Қазіргі кездегі тіршілік ететін барлық құстардың ішіндегі ең ірісі - африкалық түйеқұс страус. Биіктігі 270см, салмағы 50 - 90кг. Төс сүйегі жалпақ, қыры болмайды. Аяқтары ұзын, жуан, екі саусақты болады. Қанаттары ұшуға жарамағанымен түйеқұс қатты жүгіргенде кілт бұрылу үшін руль қызметін атқарады. Дүние жүзінің көптеген елдері Африка түйеқұсын дәмді еті, бағалы жұмыртқасы, сәнді қауырсыны үшін өсіреді
ІҮ. Қорытынды жасау.

            Ү. Бағалау.

ҮІ.Үйге тапсырма: Көлдер мен шөлдер, сарқырамалар туралы қызықты мәліметтер тауып, презентация жасау.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 178 008 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 1544
    • DOCX 14.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Избастинова Бакитжан Шахманқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 253730
    • Всего материалов: 65

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Особенности взаимодействия психологов и педагогов в образовательной среде

Перейти к трансляции