Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілінен "Ұлы тұлғалар" тақырыбына сабақ жоспары

Қазақ тілінен "Ұлы тұлғалар" тақырыбына сабақ жоспары



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ұлы тұлғалар ( көптік жалғау)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлиханов, ұлы ақын Абай Құнанбаев, ірі ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсаринның өмірі, қызметі, шығармашылық жолдары жайында мағлұмат беру

Дамытушылық: қазақтың ұлы ғалымдары жайындағы білімдерін дамыту, ұлы ғалымдардың еңбектерін өз бетінше оқып үйренуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: білім, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұлы ғалымдардың еңбектерін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, интерактивті әдіс, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер, тақырыптық слайд, интерактивті тақта, шығармалары мен еңбектері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. амандасу

2. оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уәлиханов

2. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай Құнанбаев

3. Ағартушы, педагог - Ыбырай Алтынсарин

Оқушыларды үш топқа бөлу арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу, ол үшін әр топқа қосымша әдебиеттер, шығармалары мен еңбектерімен танысуға беру.

І топ

Шоқан Уәлиханов туралы не білетіндерін айта отырып, мәтінді тұсініп оқып,тапсырмаларды орындау.

ІІ топ

Абай Құнанбаев туралы білгендерін айта отырып, мәтінді тұсініп оқып,тапсырмаларды орындау.

ІІІ топ

Ыбырай Алтынсарин ағартушы, педагог екенін оның еңбектері арқылы дәлелдеп, мәтінді тұсініп оқып,тапсырмаларды орындау.

Қорытынды

Тақырыптық слайд негізінде оқушыларға қазақтың ұлы тұлғаларының портреттерін, оқыған оқу орындарының суреттерін көрсете отырып, негізгі ой-түйін жасау.

IV. Бекіту

Жаңа тақырыпты толықтыру тесті арқылы бекіту.

Толықтыру тесті.

Шоқан Уәлиханов .........жылдары өмір сүрді.

Шоқан ........... жылы Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсті.

Абайдың шын есімі ..............

Абай Құнанбаев .................. жылдары өмір сүрді.

Ыбырай Алтынсарин ............ жылы дүниеге келді.

V. Бағалау

Үй тапсырмасы бойынша ауызша жауап берген, топпен жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

VI. Үй тапсырмасын беру

Жаттау


Ұлы тұлғалар 6 сынып Қазақ тілі



  1. Мәтінді түсініп оқып, жалқы есімді, көптік жалғаулары бар сөздерді теріп жазып, құрылысына қарай талдау.

ШоқанУәлиханов (1835 -1865)
Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от –жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты.
Шоқан 1847 жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған.
1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз , Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады.
 Абай Құнанбаев (1845-1904) Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.

  1. Толықтыру тесті.

Шоқан Уәлиханов .........жылдары өмір сүрді.

Шоқан ........... жылы Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсті.

Абайдың шын есімі ..............

Абай Құнанбаев .................. жылдары өмір сүрді.

Ыбырай Алтынсарин ............ жылы дүниеге келді.




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-322296

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>