Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Қазақ тілінен олимпиадалық тапсырмалар жинағы (4 сынып)

Қазақ тілінен олимпиадалық тапсырмалар жинағы (4 сынып)



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Название документа Саденова Л. ?аза? т_л_ олимпиадалы? тапсырмалар.doc

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Қазақ тілінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиадалық тапсырмалар жинағы


«Бозанбай орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі: Саденова Л.С.


Аннотация

Мақсаты: Білімнің тереңдігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен олимпиадалық тапсырмалар жинағы ұсынылып отыр.

Міндеті: 4 - сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және бағдарламалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру, мазмұнын тереңдету.

Болжамы: Егер оқушыларды тек қана математика пәнінде ғана ойландырып қоймай, қазақ тілі пәнінен де ойландыратын тапсырмаларды орындатсақ шығармашылық қабілеттері , логикалық ойлау қабілеттері артып, дарындылықтары айқындала түседі. Олар өмірде тез, әрі дұрыс шешім қабылдауға бала жастан бейімделеді.

Күнделікті өмірде адамдар күрделі мәселелер шешімін оңай тауып жатады, ал кейбіреулер жай тапсырмалардың шешуін таппай тығырыққа тіреліп қалады. Дұрыс шешім қабылдау үшін жағдайды дұрыс бағалауды қалай үйренуге болады? Өмірде жетістіктерге жету үшін адам баласы қандай қасиеттерге ие болуы қажет? Сол қасиеттерді қалай дамытуға болады?

Ол үшін мектеп жасынан баланы ізденімпаздыққа ұмтылдырып, шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, танымдық қабілеттер мен басқа да қасиеттерді оқушының бойындағы қабілеттері мен икеміне қарай дамытуға болады.

Ең бастысы жеке –дара өз бетімен ойлануға баулу керек., дұрыс шешім қабылдаудың әр түрлі жолдарын іздестіру керек. Бұл қасиеттер мен дағдылар баланың өмірде үлкен жетістіктерге жетуіне көмектеседі. «Қазір және әрқашан өзің үшін жұмыс істе!» - міне, логикалық тапсырманың негізгі тақырыбы осы. Ойлау мен тіл бір –бірімен тығыз байланысты. Ойлау қызметі негізінде ойды дамыту, тексеру, салыстыру, жіктеу, ең бастысын белгілей алу, дәлелдеу, пікірін айту, жазу, өзгемен хабарласу және жауап бере алу.

Аталған тапсырмалар жинағы 4 - сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және бағдарламалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру, мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді.


Білімнің тереңдігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен ойландыратын логикалық, олимпиадалық тапсырмаларға жете көңіл қойылады.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының жалпы ой - өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық, дарындылық қабілеттері ұшталып, шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай, дәлелдей білуіне мүмкіндік жасалады.

Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Қазақ тілінен 4- сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар жинағы оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.























Мазмұны

Кіріспе

  1. 4 – сынып оқушыларын олимпиадаға дайындауға арналған тапсырмалар

1. 1. Логикалық тапсырмалар

    1. Фонетика бөлімі бойынша тапсырма

    2. Лексика бөлімі бойынша тапсырмалар

    3. Синтаксис бөлімі бойынша тапсырмалар

    4. Морфология бөлімі бойынша тапсырмалар

1. 5. Логикалық тапсырмалардың жауабы

Әдебиеттер тізімі








hello_html_m1f6edb5a.png

















    1. Логикалық тапсырмалар



  1. Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан құралған жеті құстың атын тауып жаз.

  2. Алфавиттің 7 - әрпінен басталатын сөзге жұмбақ құрастырып жаз.

  3. Төмендегі дауыстылардың қатысуымен жасалған сөздер ойлап жаз.

Дәрілік өсімдік ... а...а...а...

Құс атауы ...а...а...а...

Жәндік ...а...а

Үлкен қап ...а...а...


  1. Қыстырма сөздерді қатыстырып 3 сөйлем құрап жаз.

  2. Бірінші буыны ашық буыннан тұратын, екінші буыны бітеу буыннан тұратын бес кісі атын тауып жаз.

  3. Өлеңнің ұйқасын тауып жаз . Осы өлеңді қара сөзбен жазып , мәтін құра.


Бастауы білімнің

Балам менің таң қалып,

Әліппені ...

Сөз құраған әр ...

Білім нұрын ...


Асыл сөзін тілімнің

Бойға құйған ...

Нақ бастауы ...

Қырық екі ...

Әли Ысқақов

  1. Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан құралған 7 адамның атын жаз.


  1. Метаграмманы шеш. Осы сөзге фонетикалық талдау жаса.




Метаграмма

Мені қалтаңа саласың,

Әмиянға да тығасың.

Егер «ы» -ны «і» - ге ауыстырсаң,

Орманнан тез табасың.

(Шешуі ...)

  1. Мына жұмбақталып берілген біріккен сөздің атын тап: (екі түбірден бір біріккен сөз шығады)

Адамның дене мүшесінің атауы ...

Ыдыстың атауы ...

Біріккен сөзді сөз құрамына талда.


  1. Мына жұмбақталып берілген біріккен сөзді тап, сөз құрамына талда:

Өзі қатты өлі табиғат денесінің атауы ... , қосмекенді ...


  1. Аталған біріккен сөз туралы сипаттау мәтінін құрап жаз.

  2. «Асық ойнаған озар» тақырыбына әңгіме құрап жаз. Таңдаған үш сөйлеміңді сөйлем мүшесіне талда.

Әріптердің орнын ауыстырып, мына сөздерден сөз құрап жаз:

Пікір –

шырша –

қалам-

алма-


  1. Әріптерді орнына қойып, сөз тіркестерін құрастыр. Оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Ы Л С А ЕЖӘ ______________________

ЗҮТУЗЫСЫҚ ______________________

ҚУЫСҮНК ______________________


14. Мына әріптер айнаға қарағанды жақсы көреді екен. Неге екенін тауып көрші.

Т М Х Ж Ф П Н А І Ү Ұ О Ө Ш

15. «Ана» сөзіне 5 жолды өлең құрап жаз. (Синквейн) Осы сөзге фонетикалық талдау жаса.

16. «Көктем маған несімен ұнайды» тақырыбына шағын эссе құрап жаз. Бірінші сөйлеміңдегі сөздерді сөз құрамына талда.

17. «Жаңбыр» сөзіне ассоциация жаз. Осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз. (Жаңбыр дегенде ойыңа не келеді соны жаз)

18. «Ана» сөзіне ассоциация құрап жаз. Осы сөзді пайдаланып, жайылма сөйлем құрап жаз.

19. «Мен не жазарымды білмей отырмын» ... деп бастап еркін тақырыпқа шығарма жаз. Жазған шығармаңда үш қыстырма сөз болсын. Соңғы сөйлеміңді сөз табына, сөйлем мүшесіне талда.

20. «Жер» сөзіне бес жолды өлең құрастыр және фонетикалық талдау жаса.

21. Көп нүктенің орнына антоним сөзді қойып мақалды аяқта.

1. Ағаш кессең, ұзын кес,

... оңай

Темір кессең, ... кес,

... оңай.

22. Берілген сөйлемді сөз табына және сөйлем мүшесіне талда.

Біз өзімізге берілген тапсырманы жақсы орындап шықтық.

23. Мына сөздердің баламасын тауып жаз:

Бармағын тістеді -

Ереуіл атқа ер салу -

Инемен құдық қазғандай -

Кежегесі кейін тарту –

Мұзға отырғызу –

Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.

24. Берілген сын есімдерден зат есім жаса:

Дәулетті –

Қу –

Ажарлы –

Үлгілі –

Айлакер –

25. Қызанақ сөзінің ортасында не бар?

26. Пайымдау мәтінін құрап жаз.

27. Шығармашылық жұмыс

Гүрілдеді, оқып отыр, ашылды, жүзді, шомылды

  1. Осы сөздерді қатыстырып жалаң сөйлем құрап жаз.

  2. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.


28. Анаграмма - бір немесе бірнеше сөздердің әріптерін кері оқу.

Кері оқығанда да, сол сөз шығатын үш сөз ойлап тауып жаз. Мысалы: «нан» сөзін қері оқысаң да сол сөз шығады.

29. Логогриф

Желкеде тұрағы,

Үнемі ойлап тұрады.

Қоссам егер бір буын

Ел басқарып шығады.


Логогрифтің шешуі болған сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Сөйлемді сөз таптарына талда.



30. Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады. Сан есімнің түрін анықта.

Ер жігіт ... күнде ... кісілік,

... күнде ... кісілік.


29. Сөзжұмбақ шешейік

Бұл сөзжұмбақта ұлттық бұйымның бірі жасырылған

hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gif


hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gif

1 11














hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gif

2

3

4



5

6

6

7


8


9

10


11


12


1. Жұмсақ ойыншық жасағанда ішіне не саламыз?

2. Жүнді әжелеріміз немен иіреді?

3. Үлескіде пайдаланылатын құрал.

4. Илеуге келетін еңбек құралы

5. Қолымызға ине кіріп кетпеу үшін саусағымызға киетін құрал?

6. Үй жићазы.

7. Жылдың қай мезгілінде ағаш отырғызады?

8. Қысы - жазы бір түсті ағаш.

9. Тігу үшін қажетті құрал-жабдық.

10. Қағаз бір-бірімен дәл бүктелсе не дейміз?

11. Қағазды, матаны немен қиятын құрал.

12. Еңбек сабағына қажетті құрал..


Сөзжұмбақтың шешімі болған сөзді сөз құрамына талда.


30. Сөзжұмбақты шеш . Шешкен сөзіңе фонетикалық талдау жаса, сөз құрамына талда.



hello_html_m24cc9cac.gif

Қ

hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gif

1

Ұ

hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gif2

С

hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m1e43f8fa.gif

3

Т

hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gif

4

hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gif

А

hello_html_m1e43f8fa.gif5

hello_html_m24cc9cac.gifhello_html_m24cc9cac.gif

Р

hello_html_m1e43f8fa.gifhello_html_m24cc9cac.gif6 1

1. Суда жұбын жазбай жүретін ең әдемі достыққа берік құс.

2. 4500 м.шың кұзды тауда мекендейтін еті тәтті, «Қызыл кітапқа» енген құс.

3. Әдемі, көрікті, даусы мысықтың даусындай құс.

4. Сөйлей алатын, қолға үйретілген құс.

5. Су тазалығын сақтайтын санитар құс.

6. Жұмыртқасында секпілі бар, «Қызыл кітапқа» енген құс.









1.2.Фонетика


Тапсырмалар


1. Фонетика дегеніміз не? Ол нені тексереді?


2. а) әріп саны дыбыстан артық үш сөз тауып жаз.

б) дыбыс саны әріп санынан артық үш сөз тауып жаз.



3. Дыбыс саны мен әріп саны тең келетін сөздердің астын сыз.


Жаңғақ, қоян, жеті, қою, көктем.


4. Мұнда қандай сөз шифрленген:


73974614542 ? Шифр: 2-к; 3-е; 7-б; 1- ш: 5- л: 4-і ; 9-й; 6-т.


5. Сөздерді алфавит ретімен жаз.


Саңырауқұлақ, фабрика, бидай, өсімдік, құжат, түлкі, бақыт.


6. Қай сөзде қатаң дауыссыз дыбыстар ғана бар?


Тарих

жауынгер

пысық

қымыз

көгершін


7. Қай сөзде әріп және дыбыс саны бірдей?


Альбом, подъезд, қияр, поэзия, алма.


8. Қай сөз дұрыс жазылған?


А) Миуа

Б) хайюуанат

В) биуақ

Г) диюана


9. Сөздерді алфавит ретімен жаз. «Бұлғын» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Момын, дұшпан, жақұт, аю, ірімшік, бұлғын, экскаватор.




10. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.


Вал...с, біл...ір, май...ыл, жу...ан, ір...іт, а...лдау, қоше...ет, паро...оз.


11. Тасымалдауға болмайтын бір дыбысты буыны бар жеті сөз жаз. Буын түрлерін анықта.


12. Орфоэпия дегеніміз не?


13. Орфография дегеніміз не?


14. Берілген сөздердің айтылуын бағанға жаз.


Жазылуы

Айтылуы

Құндыз


жазса


Көнбіс


күндіз


Жас шағында



15. Тасымалдауға болатын сөздердің тасымалдау тәсілін жазып көрсет.


Пияз, ана, құрылысшы, Отан, фильм, бақыт, факс, қолбасшы.


16. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды ретімен жазып шық.


17. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге және қандай болып бөлінеді? Жазып шық.


18. Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырып сөз құрап жаз.


Шаршы, алаша, үркек, салақ.


19. Ашық және қысаң дауыстыларды жаз.


20. Еріндік және езулік дауысты дыбыстарды жаз.


«Бәйшешек» сөзіне фонетикалық талдау жаса.




21. Алдыңғы буыны да, соңғы буыны да ашық буын болып келетін бес сөз тауып жаз. Мысалы: а – са, ...


22. Екі дыбыстан құралған жеті тұйық буынды сөз тауып жаз. Мысалы: аң, ән ...


23. Екі бітеу буыннан құралған төрт сөз жаз. Мыалы: көлшік, ...


24. Тұйық буындарды тауып, екі дыбыстан құралған тұйық буынның астын бір, үш дыбыстан құралған тұйық буынның астын екі сыз.


Астық, олжа, өткір, ұрттау, ыстық, артық, алпысыншы, ерттеу, ерітінді, елгезек, аңқау, еркелік, еркіндік, естілу, еңбектену, ынталы.


25. Тасымалдауға болмайтын он сөз жаз.


26. Бастапқы буыны - тұйық, екінші буыны бітеу буын болатын үш сөз тауып жаз.


27. Үш дыбысты тұйық буынды сөз тауып жаз. Мысалы: ант, ...


28. Барлық буыны бітеу буын болып келетін екі буынды алты сөз тауып жаз.


29. Сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз. Ашық буындарды тауып, астын сыз.

Әже, кеме, көмір, желке, жеміс, жаға, тағалау, қамыс, қоға, қалашық, кеңсе, алты, жеті, өкпе, көлеңке, терезе, ұйқы.


30. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген әріптердің тиістісін қойып жаз.

  1. н – м: от жа...бады, шам сө...беді, бір жа...бастап жату, жа... басына бөлгенде, кү...батыстан, жел тұру, кү... бағыс егу.


31. Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А Өскемен, Астана, Жезқазған, Тараз, Семей, Шымкент

Ә) Әли ,Сәуле, Райхан, Айзере, Қарашаш

Б) Қарындаш, кітап, өшіргіш, сызғыш

А) __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________



32. Өлең шумағын ұйқастырып жаз. Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.


Тиін

Мен - тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы ...

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы ...

Нұрхан Жанаев



Жуан

Жіңішке

Қатаң

Ұяң

Үнді

...................

...............

................

.................

.................


33. Қосарлы у дыбысына аяқталған қимылды білдіретін бес сөз тауып жаз.

34. Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.

Уәде, ауыл, уыс, бояу, жетеу, ашыту, құру, қуаң, қулық, жету, улы, астау.

Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________

35. Кестені толтыр.

Дhello_html_m2cc3c521.gifауысты у Дауыссыз у

Ашыту Уәде

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________

36. У әрпі сөз басында келетін 5 сөз тауып жаз.


37. Сөздерге қосымша жалғаңдар. Олардың біріне қосымшаның жуан, екіншісіне жіңшке жалғану себебін түсіндіріңдер.

Су, ту, бу, кесу, кему, өндіру, оқу, жату, тоқу, өру, тігу.





Лексика


  1. Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп бер.

Атамекен

сандық

құймақ

поезд

құсбегі

парта

нағашы

Үлгі:

«Екі жақта түсініктеме күнделігі» стратегиясы


Мағынасын ашатын сөз

Түсініктеме

Парта

Ағаштан жасалған оқушының мектептегі отыратын орны, жұмыс үстелі
















  1. Табиғаттағы белгілі бір зат ұғымының атын жаз және қандай ұғымды білдіретенін яғни мағынасын анықта. 5 жолды өлең жаз.


Бір зат есім

Екі сын есім

Үш етістік

Төрт сөзден тұратын сөйлем яғни ойды ойды түйіндеу

Бір синоним сөз


  1. Сөздерді мағыналарына қарай топтастырып жаз.

Әдемі, ұғымтал, келбетті, жеті, зерек, ұстаз, сұлу, алғыр, ажарлы, қабілетті, көркем, отыз, мұғалім, тоқсан, оқытушы.







  1. Тұрақты тіркестердің мағынасын балама сөздермен ашып жаз.

Мысалы: Мұзға отырғызып кету – алдау.


  1. Қой аузынан шөп алмас –

  2. Жүрек жұтқан -

  3. Тіс жармау –

  4. итжанды-

  5. қабырғаңмен кеңес –


  1. Қарсы мәндес сөздер жаз.


Қатігез – қымбат -

Сұйық – жылы -

Қалың – көрікті -


  1. Күрделі сөздерді жасалу жолдары мен жазылу ерекшеліктеріне қарай топтастырып жаз.

Балабақша, хош иіс, құрт – құмырсқа, тоғызқұмалақ, өнеркәсіп, көзбе –көз, көкжиек, жан –жануар, қосаяқ, ашық аспан.


  1. Қос сөздердің сыңарын тауып жаз.

Жыбыр – жап -

Тау – жүн -

Қолма – бала –


  1. Жұмбақтарды оқып шығып, көп нүктенің орнына тиісті қос сөздерді қойып жаз. Жұмбақтың шешуін тап.


Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,

Пышақ тисе , ... боп жарылар.


( )

Екі семсер айқасқан,

... шайқасқан.

( )


  1. Сөздерді сөз құрамына талдап, тиісиі сызықпен сыз.

Қызғаншақ, ақылсыз, көлшік, жылқышылардан, балақайдың, басқарушы, түйіншек, әсемпаз, әскери, ұйымшылдық, қалашыққа, ойыншық.







1.3. Синтаксис бөлімі бойынша тапсырмалар


  1. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қой.

Біз мұражайға барамыз

Біз мұражайға барамыз ба

Алақай біз мұражайға барамыз

  1. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз. Сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

Бұлт торлады. _______________________________

Күн күркіреді. _______________________________

Жаңбыр жауды. _______________________________

Күн ашылды. _______________________________

Балалар ойнады. _______________________________


  1. Болымсыз етістігі бар үш сөйлем құрап жаз.

  2. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.

Қарагөз алма жинауға көмектесті. Аспанда бұлт қоюланып кетті. Сіркіреп қатты жаңбыр жауды. Ол жиған алманы үйге тасыды.

  1. Екінші, төртінші сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

  2. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап жаз.

Күз келді. Малшылар қыстауға көшті.



Қар қапалақтап жауып кетті. Біз музейге бармадық.

___________________________________________________________________

  1. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз. Сөйлем мүшесіне талда.

Күз келіп қалды. Ағаштың жапырақтары түсе бастады. Егін жиналды. Түскен өнім астық қоймаларына жеткізілді.




  1. Төмендегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастырып жазыңдар.


Жазғы каникул аяқталды. Жаңа оқу жылы басталды. Оқушылардың кейбіреулері жазғы каникулда қайда барғаны не көргені жайында шығарма жазды. Енді бір оқушылар оқыған көркем әдебиеті бойынша шығарма жазды.




  1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тап. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.


Балаларын шомылдырған аю


Күн тымырсық ыстық еді. Аңшы өзен бойын жағалап бара жатты. Әлден уақытта ағаш арасында бір нәрсе салдыр –гүлдір етті. Аңшы әлде не деп сезіктеніп терекке шықты. Жан –жағына қараса аю келе жатыр екен. Жанында екі баласы бар. Балалары еркелеп енесінің алдын кес- кестейді. Аю өзеннің жиегіне келіп балаларының біреуін жауырынынан тістеді де суға сүңгітіп алды. Бала аяқтарын тырбаңдатып жұлқынды барылдап бақырды. Бірақ енесі оны босатпады тағы бір – екі рет суға сүңгітіп алды.


  • Әрбір жай сөйлемнің баяндауышын тап.

  • Ертегіні өзің одан әрі жалғастырып жаз.


  1. Жұмбақтарды шеш. Сөйлем мүшелерінің астын сыз. Олардың байланысын сызбамен көрсет.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. ( )


Жерді де мекен етеді,

Көлді де мекен етеді.

( )

Жерге түскен айдай

Секеңдеуі көп - ті.

Тура тептім таймай,

Ұстап көрші ...

( )


Мұз үстінде жүреді,

Мұздай суда жүзеді.

Бұл не десең ағайын?

Оның аты ...

( )



  1. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемдерге айналдырып жаз.


Екеуі екі есекке мініп алып, өзен бойынан шөп шауып әкелді. (С.Б) Шешесі алманы қақ бөліп , жарты алмадан бөліп берді. (В. Сухомлинский)


  • Қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтап, олардың дара, күрделі болуын түсіндіріңдер.


12. Суретке қара. Сөйлем құрап жаз.

А) Дара мүшелері бар сөйлем құрап жаз.

hello_html_2111161.jpgӘ) Күрделі мүшесі бар сөйлем құрап жаз.





13. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр.




hello_html_49befd05.jpg


А) Дара мүшесі бар сөйлем құрап жаз.

Ә) Күрделі мүшесі бар сөйлем құрап жаз. Осы сөйлемдерді қатыстырып, бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрастырып жаз.




  1. Өлең жолын толықтыр.

Алатаудың аясында

Алма терді ...

Алуан бала арасында

Артта қалмай ...


  1. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойып, астын сыз.


Ормандағы қарағай терек қайың гүлдене бастады.


16. Құрамында бірыңғай мүшелері бар 3 сөйлем құрап жаз.



17. Жұмбақтарды шеш. Шешуіндегі сөздерді қатыстырып құрамында бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрап жаз.



  • Инесі жоқ, жібі жоқ,
    Өрмегі жоқ, тіні жоқ.
    Бірақ шілтер тоқиды.
                                       (...............)

  • Жанды қос тау бірге тұр,
    Арасында  – қыл көпір.
                                           (……….)

* Үй ішінде үйі,
Жем тасиды жиі.
                                      (……….)


  1. Жұмбақтың шешуінен нені аңғардың, олар туралы не айта аласың? Өзіңді жұмбақ шешуіндегі заттың орнына қойып, шағын әңгіме құрап жаз.


  • Мен ...

  • Мен ...

  • Мен ...


19. Венн диаграммасын сызып жұмбақ шешуіндегі әр заттың ерекшелігін жаз, ортақ қасиеттерін анықта.


20. Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Бірыңғай мүшелерді тауып, астын ирек сызықпен сыз

hello_html_m4523a54.jpg


  1. . Сюжетті сурет бойынша сөйлем құрастыр.

* Осы сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді жеке –жеке өздеріне қатысты сөйлем мүшесімен байланыстырып жаз.

* Осы сөйлемдегі бірыңғай мүшелерге көптік жалғау жалғап жаз

.

hello_html_m5d49cd1c.jpg

  1. Сурет бойынша бірыңғай мүшелерден соң шылаулар қойып, сөйлемдер құрап жаз.

hello_html_m2f30e4e8.jpg





Морфология

  1. Сәйкестендіру тесті

1. Кім? Не? 1. Әлия, Сырдария, Мойнақ

2. Кімдер? 2. Қарагөз, Әли, тау, бұлақ

3. Нелер? 3. инженерлер, дәрігерлер

4. Жалқы есім түр: 4. қобыз, гүл, су

5. Жалпы есім түрі: 5. кітаптар, үйректер


  1. Сөйлемдерден атау септігіндегі зат есімдерді теріп жаз. Оларға ілік септік жалғауларын жалғап жаз. Сөз құрамына талда.


Әли әжесімен Астанаға барды. Өсімдік сусыз тіршілік ете алмайды. Анам қымыз ашытты.


  1. Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?


Жақын қалды көмбе,

Бұл жерге оны көмбе!


  1. Сәйкестендіру тесті


1. Қандай? 1. зейінді

2. Қай? 2. қызыл ала

3. Күрделі сын есім 3. шеткі

4. Туынды сын есім 4. әдемі


  1. Төмендегі сөздерді септеп жаз.

А. с. Тиін әнші жол

І. с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.












  1. Сөйлемді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне талда.

Шаруа қожайыны бізге егіндерін көрсетіп келеді.


  1. Отыр, кел етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.


  1. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.


  1. Қарашаш, бара жатты, мен, фермаға, Айым. 2. Алдынан, бір, бөдене, олардың, ұша жөнелді. 3. Келді, жерге, бөдене, жерге, олар. Жұмыртқа, бес, жатыр, ұяда. 5. Жұмыртқаны, олар, алмады.


Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

  1. Мақалды түсініп оқып, көп нүктенің орнына болымсыз етістікті тауып жаз.. Мақалдың мағынасын түсіндіріп жаз.


Бәлелі жерді ... ,

Басыңа іс түссе ...


  1. Заттардың қандай әрекеті бар?


Үлгі:

Доп – домалайды, секіреді, ұшады, серпіледі

Бұлақ суы – сылдырап, жүгіріп, ойнақшып, мөлдіреп ағады.

Дәрігер –

Күн-

Оқушы-


  1. Зат есімді септеп, тәуелдеп, жіктеп жаз: немере


  1. Жіктеу есімдіктерін септеп жаз.


  1. Қарсы мәндес сын есімдер жаз.


Қарт - жеңіл –

Алғыр - тәртіпті –


  1. Сөйлемді сөз табына, сөйлем мүшесіне талда.


Бүгін Оспан кеш батарда Смағұлға барып, екеуі бір түрлі бола қалды. (М.Әуезов)



Әдебиеттер тізімі:

  1. Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» , Алматы , «Ана тілі» , 1991 жыл

  2. Ә. Табылдиев, Дәрімбекова З. «Алғашқы қоңырау» , Алматы , «Балауса» 1993 жыл

  3. С. Рахметова «Кіші жастағы оқушылардың жазу тілін дамыту» , Алматы, 1978 жыл

  4. Ө. Тұрманжанов «Қазақ мақал – мәтелдері» , Алматы «Ана тілі» ,1993

  5. «Қазақ тілі дидактикалық материалдар» , Алматы, Атамұра, 1999

  6. К.Ерешева, Ұ. Ботабаева, Р. Муханова «Қазақ тілінен сын жұмыстары», Алматы, «Өлке» баспасы, 2010

  7. Тұрағұл Қоңыров « Тұрақты теңеулер сөздігі» , Алматы, «Арыс» , 2007









































































































28




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Білімнің тереңдігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен ойландыратын логикалық, олимпиадалық тапсырмаларға жете көңіл қойылды. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді. Оқушының жалпы ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтауын дамытады, дарындылық қабілеттері ұшталып, шыңдалады.

Аталған тапсырмалар жинағы 4 - сынптағы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және бағдарламалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру, мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді. Жинақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылды.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров7274
Номер материала 283809
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 месяц назад
Саденова Л.С. Көп рахмет!!! Шығармашылық табыс тілеймін.
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх