Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Қазақ тілінен оқушыларды ҰБТ-ға әзірлеу жолдары

Қазақ тілінен оқушыларды ҰБТ-ға әзірлеу жолдары



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қазақ тілі пәнінен оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге әзірлеудің тиімді жолдары.

«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Саньязова Бекзат Қабдуалиевна.

Мектеп оқушыларының қазақ тілінен жақсы білім көрсеткішін байқатуы бір ғана жылдың еңбек нәтижесімен өлшенбейді. Мұғалім оқушылардың жылдар бойы әр тақырыпты сапалы игеруін қадағалап, барлық өткізген сабақтардың оқушы есінде қалатындай етіп, түрлендіре жүргізуі ҰБТ-ға дайындық кезінде орасан көмегі тиеді. Әрине, сабақтарда сатылай кешенді талдауды жүйелі жүргізу пәннің сапалы игерілуін қамтамасыз етеді. Себебі, сабақ сайын фонетика, грамматика, лексика тарауы қайталанып отырылуы олардың білім беріктігін қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарға нәтижелі ықпалдастыруды басшылыққа алып, оқушылардың білімді өзіндік игеруге бағыттаудың тиімділігі жоғары екендігі байқалды.

Оқушылар бірнеше жыл көлемінде қазақ тілі пәнінен ҰБТ нәтижесінде жоғары көрсеткіш байқатып келеді. Өз тәжірбиемде, ең алдымен, оқушыларды психологиялық дайындауға тырысамын. Олардың бойында барлық сұрақтарды шеше алуға дайын болуға және өзіне деген сенімділікке баулимын. Мұндай жұмыстар дайындалушылар үшін өте маңызды, себебі өзіне сенімсіз оқушы ешқашан жақсы нәтиже байқата алмайды.

ҰБТ-ға әзірлік жоспарын екі жылға жасай отырып, дайындықты 10-сынып оқушыларымен бастауды іс-тәжірбиемде көп жылдар бойы қолданып келемін. Оқушылар арасынан өзара көмек кеңес топтары құрылады. Олар жақсы игерген тақырыптарды бір-біріне түсіндіруге, тапсырмаларды талқылауға көмек көрсетеді. Мұндай жұмыстар олардың ынтымақтастығын арттырып, мұғалімнің де жұмысын жеңілдетуге қолайлы жағдай туғызады. Яғни, аралық тестілеу жазғанда жіберілген қателер қай топтың жіберген кемшілігі екені талқыланады. Барлық мұғалімдер сияқты фонетика тарауынан бастап барлық тақырыптардың теориясын сынақ түрінде тапсырған оқушылар дайындық кезеңінде тақырыптық және жалпы тест жұмыстарын орындайды. Сондай-ақ, сабақтарда сәйкестік жұмыстарын, семантикалық кесте, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар, постерлер мен кластерлер құрастыру, ауызша журнал, тақырыптық топтық газет шығару, миға шабуыл және стикер сұрақтарын жасау тәрізді көптеген тапсырмалар беріледі.

ҰБТ-ға әзірлік кезеңінде сөздердің мағынасын түсінбеу салдарынан негізінен лексикалық тақырыптардан қателер кететіні байқалды. Сондықтан, «Арыс» баспасынан шығарылған 12 тарау, 6 мың сөзден тұратын «Тұрақты теңеулер сөздігін» (Алматы, 2007), осы баспадан шыққан «Диалектология сөздігін» оқушылармен жүйелі қарастырамыз. Аталған сөздікте реестрлік сөздердің географиялық орны, әдеби тілдегі баламасы берілген. Сондай-ақ, 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркестерінен құралған «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» де жиі қайталап отыру қажеттігі анықталды.

Қазақ тілі пәнінде тағы бір қиындық туғызатын тақырып синтаксис тарауындағы салаластар мен сабақтастар болып табылады. Бұл тақырыптарды қайталауда көбіне мысалдармен қайталауға және оңай тәсілмен табу жолдары қарастырылады. Мысалы: ыңғайлас салалас: Биыл жайлауда болдым және ағамның үйіне бардым. Оспан жүгіре жөнелді, мен де артынан ілестім. Менде әрі құжат жоқ, әрі үйдің нөмірі жоқ. Қарсылықты салалас: Баянның даусы жақсы, бірақ ол өлең  айтуға ұялады. Менде ондай өнер бар деп ойламаймын, дегенмен биді өнерім жеткенше билеп беремін. Себеп-салдар салалас: Менің кім 
екенімді Жұмабайға айтып берді, сондықтан ол менімен қысылмай сөйлесті. Біз кешке мектепке барамыз, өйткені онда салтанатты кеш болады. Талғаулы салалас: Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе біз қоштасамыз. Түсіндірмелі салалас: Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Өз жөні бар әркімнің: аққу – көкте, көбелек – шөпте. 

Сабақтастарды түсіндіруде шартты бағыныңқы сабақтастар алдына «Егер» сөзі арқылы оқу, қимыл-сын сабақтаста 1-сөйлем алдынан «қайтіп? қалай?» сұрақтарын қою, қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер арасына «бірақ» сөзін қойып қарастыру, себеп бағыныңқы сабақтас сөйлем алдына «себебі» сөзін қойып оқу, мезгіл сабақтастың бағыныңқы сөйлемі алдына «қашан?» сұрағы арқылы қарастыру жұмыстарыжүргізіледі.

Оқушылардың аралық тестілеу және тапсырмалар кезеңдерінде әрқайсының жіберген қателеріне орай «Менің қателер кестем» атты қосымша дәптерлері жүйелі жүргізіліп, білім олқылықтары оң бағанға ереже және мысал түрінде жазылып отырылады. Мұндай жұмыс олардың бір емлеге байланысты бірнеше рет қате жібермеуден сақтандырады.

Қазақ тілінен ҰБТ-ға әзірлеудің тиімді жолдары:

  • оқытудың тиімді тәсілі ретінде «оқушы-оқушы» қатынасын жүзеге асыруға бағытталған өзара кеңес сабақтарын ұйымдастыру;

  • негізгі мектеп курсы бойынша теориялық материалдың толық игерілуін қамтамасыз ететін сынақ сабақтар өткізу;

  • аралық тестілеулер нәтижесін талқылап, мониторингісін шығару арқылы оқушылардың жылжу динамикасын есепке алу;

  • типтік қателерді есепке алып, талдау жұмыстарын жүргізу;

  • оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмаларды жүйелеу;

  • оқушылардың шығармашылығын, білім беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған сыныптан тыс сабақтар мен танымдық ойындарды, пәндік үйірмелерді ұйымдастыру;

  • «қиын сұрақтар» сәттерін апта сайын жоспарлау;

  • интернет материалдарын қолданып, қашықтан тестер шешу. (Test.kz. ; Mektep.kz. ; BilimLant.kz т.б. сайттар)

Тесілеу барысында оқушылар 11-сынып бойынша берілген сұрақтардан қателер жіберіп жатады. Сондықтан, сабақ барысында келесідегідей сұрақтарды қарастырамыз:

  1. Тіл дегеніміз не?

  2. М.Балақаев тіл мәденеитінің жоғарғы формасы деп нені атады?

  3. Шешендіктану «риторика» деген не?

  4. Шешендік сөз (ораторство) деген не?

  5. Шешендік сөз қандай талаптарға жауап беру керек?

  6. Бұрынғы билердің шешендік сөздері мен қазіргі заман шешендік сөздерді жақындастыратын қандай факторлар бар?

  7. Шешендік сөз сөйлеушінің санына қарай қандай түрге бөлінеді?

  8. Монолог деген не?

  9. Диалаог деген не?

  10. Полилог деген не?

  11. Шешендіктің алғашқы б.з.б.V ғ.отаны.

  12. Софистер деген кімдер?

  13. Шешендіктанудың негізін қалаушылар кімдер?

  14. Софистердің мақсаты қандай болды?

  15. Шынайы сөздің теориясын жасаушылар кімдер?

  16. Шешендік өнер туралы «Федр» диалогінің авторы кім?

  17. Шешендік туралы Платонның ойларын дамытушы б.з.б. 384-322ж.ж. өмір сүрген ғалым.

  18. «Риторика» еңбегінің авторы.

  19. «Риторика» неше кітаптан тұрады?

  20. Цицерон шешендік сөздегі қандай ұғымды жоғары бағалады?

  21. Марк Фабий Квинтилианның 12 кітаптан тұратын шешендіктің теориясы мен практикасы мәселесін талдаған кітабы қалай аталады?

  22. Софистердің ішінде Олимпте сөйлеген сөзі үшін кімге алтын мүсін қойылды?

  23. Ресейде шешендік өнер теориясы қай ғасырда қалыптаса бастады?

  24. Епископ Макарияның оқулығы және М.И.Усачевтің оқулықтары қалай аталды?

  25. Орыс тілінде риторика оқулығын арнайы жазған оқымысты кім?

  26. 1748ж. басылған «Шешендікке қысқаша басшылық» еңбегінің авторы кім?

  27. Харьков университетінің ректоры, Ресей ғылым академиясының мүшесі И.С.Рижский еңбегі қалай аталды?

  28. А.Ф.Мерзляковтың еңбегі қалай аталды?

  29. «Дәріс оқушыға кеңес» туындысының авторы кім?

  30. Орыстың ұлы сыншылы В.Г.Белинский қандай мақаласында шешеннің тұлғасы туралы айтылған?

  31. «Асқақтық қайда болса, қарапайымдылық та сонда» деп жазған орыстың ұлы жазушысы кім?

  32. Қазақтың ұлттық шешендіктану ғылымының тамыры кімнің еңбектерінен басталды?

  33. Әбу Насыр әл-Фараби еңбегі қалай аталады?

  34. XI ғасырдағы шығыс педагогика тарихындағы әйгілі шығарма.

  35. «Тауарих хамса» еңбегінің авторы.

  36. Ж.Баласағұн еңбегі.

  37. «Дуани лұғат ат-түрк» еңбегінің авторы кім?

  38. А.Йасауи еңбегі.

  39. А.Йүгінеки еңбегі.

  40. Қазақ халқының ұлттық шешендіктану бастаулары қай ғасырдан басталды?

  41. XI-XIIIғасырла бастау алған қазақтың шешендік өнерінің көшбасшылары.

  42. XIV-XVғ.қазақ шашандерінң өкілдері кімдер?

  43. Қазақтың аты аңызға айналған үш биі.

  44. Би деген кімдер?

  45. Шоқанның пайымдауынша шешендік сөздер қай ханның тұсында туып дамыған?

  46. «Жеті жарғы» қай қалада жасалған?

  47. Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан ақын-жыраулар.

  48. Қазақ шешендік өнерінің даму тарихын неше кезеңге бөлеміз?

  49. Қазақтың төл шешендік өнері туралы тұңғыш ой пікір білдірген ғалым кім?

  50. Абай нешінші қара сөзінде қазақ шешендігіне қойылатын талаптар туралы айтқан?

Ең бастысы, мұғалім әр оқушыны жеке тұлға ретінде ала отырып, талмай, шаршамай, үздіксіз, уақытпен санаспай еңбек етуі қажет. Сонда ғана жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеріміз күмәнсіз.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-380556

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>