Инфоурок Другое ПрезентацииҚазақ тілінен презентация "Сабақтас құрмалас сөйлем"

Қазақ тілінен презентация "Сабақтас құрмалас сөйлем"

Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен презентация "Сабақтас құрмалас сөйлем""

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері, жасалуы.

    1 слайд

    Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері, жасалуы.

  • Не өзі өртеніп өледі, не біреулер өлтіреді. 
Осы уақытқа дейін қанша адаммен...

    2 слайд

    Не өзі өртеніп өледі, не біреулер өлтіреді.
    Осы уақытқа дейін қанша адаммен кездесті, бірақ мұндай арайлы маңдайды әлі көрген жоқ.
    Үзіліс кезі еді, Тұрар коридорда қаннен-қаперсіз келе жатқан.
    Қоңырау соғылды, сабақ басталды.
    Ол сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітап таба алмады.
    Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.
    Уақытым болмады, сондықтан мен келе алмадым.
    Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.
    Жас ұрпаққа жақсы білім мен тәрбие беру керек, өйткені олар – елдің келешегі.
    Сені сағынғаным сонша - түсіме жиі кіресің.
    Қонақтар түгел келді,- сен жоқсың.
    Мен жігіттің көзіне туралап қарап едім, аңғармады.

  • Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінш...

    3 слайд

    Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысатын сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
    Биыл қыс суық болғанымен, қар аз жауды.
    Бағыныңқы басыңқы.
    , .


  • 4 слайд

  • Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері.     Шартты бағыныңқы     Қарсылықты бағының...

    5 слайд

    Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері.
    Шартты бағыныңқы
    Қарсылықты бағыныңқы
    Себеп бағыныңқы
    Мезгіл бағыныңқы
    Қимыл-сын бағыныңқы
    Мақсат бағыныңқы

  • Шартты бағыныңқы 
сабақтас құрмалас сөйлем.Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің шарт...

    6 слайд

    Шартты бағыныңқы
    сабақтас құрмалас сөйлем.
    Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің шарты болып келетін сабақтасың түрі.
    Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше?
    Мысалы: Не ексең, соны орасың. Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес.

  • 7 слайд

  • 240- жаттығу.       Абай үлкен үйге түсті де, шешелерімен амандасып бол...

    8 слайд

    240- жаттығу.
    Абай үлкен үйге түсті де, шешелерімен амандасып болған соң көші- қон жайын айтты. Ұлжан солай көшерміз деп, қыстауда қалдыратын жүктерін, қоймаларын сайламаған екен. Шыңғыстағы ел бауырға көшпей, жайлауға касығып отыр. Көңіл қаншалық аласұрса да, Абай амалсыз көнді. Бірақ осы аз күннің ішінде Құнанбайдың Жігітек жерінен Бөкеншіге қоныс әперіп отырғанын айтып, Байдалы ырық бермеді. Кәмшат жайы осындай күйіп жүрген күндерге дәл келген соң, Бөжейдің рақымсыз боп жүргені рас.

  • 242- жаттығу. Әр түрлі жасалу жолдарын пайдалана отырып, сабақтас құрмалас с...

    9 слайд

    242- жаттығу.
    Әр түрлі жасалу жолдарын пайдалана отырып, сабақтас құрмалас сөйлемдер құрыңдар.

  • 251- жаттығу. Шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз...

    10 слайд

    251- жаттығу. Шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.
    Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді. Аңшылар қосттарына келсе, Абай қасында қонақ бар екен. Құрмаш пен әжесі шақырса- келеді. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тү\ұрмақ еді. Көз көрмей, көңіл сенбек емес. Осы интернаттар ашылмағанда, консерваторияға скрипкашы, пианист қазақ балаларын даярлап беру мәселесі шешілмек емес.

  • 253- жаттығу. -й, -йынша тұлғалары арқылы жасалған шартты бағыныңқы сабақтас...

    11 слайд

    253- жаттығу.
    -й, -йынша тұлғалары арқылы жасалған шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрыңдар.

  • Үйге тапсырма:244- жаттығу. (250-бет)
255-жаттығу:  (252-бет)

    12 слайд

    Үйге тапсырма:
    244- жаттығу. (250-бет)
    255-жаттығу: (252-бет)

  • Қарсылықты бағыныңқы 
сабақтас құрмалас сөйлем.Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне...

    13 слайд

    Қарсылықты бағыныңқы
    сабақтас құрмалас сөйлем.
    Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама- қарсы болып келетін сабақтастың түрі.
    Сұрақтары: қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? не етпестен?
    Мысалы: Оған сөз бергенмен, ертеңіне уәделі жерге келмеді.

  • 14 слайд

  • Себеп бағыныңқы 
сабақтас құрмалас сөйлем.
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себ...

    15 слайд

    Себеп бағыныңқы
    сабақтас құрмалас сөйлем.

    Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіретін сабақтастың түрі.
    Сұрақтары: неліктен? не үшін? несі үшін? не себепті? не деп?
    Мысалы: Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.

  • 16 слайд

  • 17 слайд

  • Мезгіл бағыныңқы 
сабақтас құрмалас сөйлем.
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің ме...

    18 слайд

    Мезгіл бағыныңқы
    сабақтас құрмалас сөйлем.

    Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі.
    Сұрақтары: қашан? қай кезде? қашаннан бері?
    Мысалы: Айман барғанға дейін, той аяқталып қалды.

  • 19 слайд

  • Қимыл- сын бағыныңқы 
сабақтас құрмалас сөйлем.
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде...

    20 слайд

    Қимыл- сын бағыныңқы
    сабақтас құрмалас сөйлем.

    Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс- қимылдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрі.
    Сұрақтары: қайтіп? не етіп? қалай?
    Мысалы: Ол өзі сөйлемей, ағайындарының сұрағына жауап беріп отыр.

  • 21 слайд

  • Мақсат бағыныңқы 
сабақтас құрмалас сөйлем.
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ой...

    22 слайд

    Мақсат бағыныңқы
    сабақтас құрмалас сөйлем.

    Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіретін сабақтастың түрі.
    Сұрақтары: не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып?
    Мысалы: Өзін шаршатпайын деп, үйге кіріп демалды.

  • 23 слайд

  • 202- жаттығу.	Сейіт құр сараң жымиғаны болмаса, шырай берген жоқ. Жаманмен до...

    24 слайд

    202- жаттығу.
    Сейіт құр сараң жымиғаны болмаса, шырай берген жоқ. Жаманмен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп. Аспанды жапқан тұтас бұлт сиреп, ара- тұра жұлдыздар көріне бастады. Қасқыр енді мұның айқайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті. Артыма жалт қарасам, екі жігіт аттарын байлап жатыр. Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келген еді.

  • 25 слайд

  • 26 слайд

  • 27 слайд

  • 28 слайд

  • 223- жаттығу.	Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба? Не шөп, не е...

    29 слайд

    223- жаттығу.
    Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба? Не шөп, не егін жинаудың түк белгісі жоқ. Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. Әлде мұның даусын өзеннің күркірі бұзып естіртпейді, әлде жұмбақты қыз қырсығып айтпайды. Не мына Әбдіні қолымызға шығарып бер, не болмаса кепіл бол.

  • 206- жаттығу.	Ақылдасып көріп еді, Ербол да тыңнан ешнәрсе тапқан жоқ. Айдаға...

    30 слайд

    206- жаттығу.
    Ақылдасып көріп еді, Ербол да тыңнан ешнәрсе тапқан жоқ. Айдағаны бес ешкі,- ысқырығы жер жарады. Мен жігіттің көзіне туралап қарап едім, аңғармады. Рязанов үйінде екен, бірақ оны қабылдамапты. Деев пен Жұмабай Қарсақбайға дейін енді қайтып ешқандай оқиғаға душар бола қойған жоқ, әйткенмен өлердей шаршап келіп жетті. Өгіз мұзды суға басқысы келмей көп тартысып еді, Ербол ырыққа көнбеді.

  • 203- жаттығу. 
Көркем шығармадан 5 ыңғайлас салалас сөйлем жаз, талда.
209...

    31 слайд

    203- жаттығу.
    Көркем шығармадан 5 ыңғайлас салалас сөйлем жаз, талда.
    209- жаттығу.
    Көркем шығармадан 10 қарсылықты салалас сөйлем жаз, талда.

    Үйге тапсырма:

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрмалас сөйлем.

Екі не одан да көп жай сөйлемдердің мағыналық және интонациялық тығыз бірігіуі арқылы күрделі ойды білдіруге қызмет ететін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемде кем дегенде екі предикативтік орталық болады (жай сөйлемде бір ғана предикатиивтік орталық бар), яғни екі я одан да көп жай сөйлемдерден тұрады. Соған орай оның мазмұны да күрделі болады.

Мысалы: Бар көлікті, шабынды қолы тартып әкетті де бала-шаға жаяу қалды. (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемде екі түрлі жай баяндалып тұр: бір оқиға шабынды қолының бар көлікті тартып әкетуі туралы болса, екіншісі – бала шағаның жаяу қалуы жөнінде (ал жай сөйлемде бір ғана оқиға баяндалады). Сонымен бірге ол сөйлемде бастауыш, баяндауыштан құралған предикативтік орталық екеу (шабынды қолы тартып әкетті және бала-шаға жаяу қалды).

Құрмалас сөйлемге бірігуші жай сөйлемдер әдеттегі жай сөйлемдерге сырттай ұқсас болғанымен, өзара әрі мағыналық, әрі интонациялық тығыз бірлік құрап тұрады. Осыған орай құрмалас сөйлемді құрайтын бөлшектерді жай сөйлемдер демей, предикатив сыңарлар деп атаған орынды.

Құрмалас сөйлемнің предикатив сыңарларын байланыстыратын тәсілдер мыналар:

1)Интонация: Тоймай жер әлек, тойғыза алмай нар әлек (Ғ. Мұстафин).

2)Жалғаулық (кейде септеулік) шылаулар: Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес (Б.Майлин). Қойдың құты Шыңғыс болған соң, көо елдің жақсы қыстау іздегенде шығатыны да сол Шыңғыс (М. Әуезов).

3)Алғашқы предикатив сыңарының баяндауышының тиянақсыз тұлғасы: Сен тілмен айтсаң, мен жүрекпен айттым. Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақ болып, өзі жалғыз кіріп еді (М. Әуезов).

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне және құрамына қарай салалас, сабақтас және аралас болып 3-түрге бөлінеді.

Салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы предикативты сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, интонация және жалғаулық шылаулыр арқылы байланысатын құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы:

Көп балалы үйдің шаң- шұны көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ (С. Мұқанов). Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді (Ғ. Мүсірепов).

Салалас құрмаластың жасалу жолдары. Салалас құрсалас сөйлемнің предикатив сыңарлары мынадай жолдармен байланысады:

А) Интонация арқылы жалғаулықсыз іргелесе байланысады. Мысалы: тиын- тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. Біздің пойыз Қазан вокзалына келіп тоқтауы – ақ мұң екен, солдаттар қаптады да кетті (Ш. Мұртазаев).

Ә) Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Буланбайдың жауаптарына көңілі тыңшыққандай болды да, Ушаков қазақ жұмыскерлерінің көмірді қалай жатқандарын біраз қарап тұрды. Біресе аспанға өрлеп көрінбей кетеді де, біресе төмен қарай ағады (Ғ. Мүсірепов)

Презентацияда сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері, жасалу жолдары баяндалған.Жаттығу жұмыстары берілген.

Бағыныңқы сыңарының басынқыға мағыналық қарым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас мезгіл, шартты, қарсылықты, себеп, мақсат, амал бағыныңқылы болып алты түрге бөлінеді

Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы сыңары басыңқыдағы іс, оқиғаның мезгілін білдіретін сабақтас құрмаласты мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқы сыңары қашан?қашаннан бері? Қашанға шейін? Сұрауларының біріне жауап беріп, баяндауыштары жатыс жалғаулы, -ша, -ше тұлғалы және соң, кейін, шейін, сайын, бері шаруалары мен шақта, кезде, уақытта сөздері тіркесінен есімшелерден, шартты рай жұрнақтарынан, -ғалы, -гелі, -а, -е көсемше тұрғаларынан жеке –ысымен,-ісімен тұлғалы сөдерден жасалады.

Шартты бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы сыңары басынғыдағы іс, оқиғаның шартын білдіретін сабақтас құрмаласты шартты бағыныңқылы сабақтас дейміз. Бағыныңқы сыңары қайтсе? Не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше? сұрауларының біріне жауап беріп, баяндауыштары шартты рай, -й, -йынша, -йінше тұлғалы етістіктерден, жатыс септік жалғаулы есімшеден жасалады.

Шартты бағыныңқылы сабақтастарды шарты райдан жасалған түрлерінде кейде үтірдің орына сызықша қойылады. Ол басыңқы сыңары бастауышсыз келіп, толымсыз жұмсылған жағдайда болады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқылы, басыңқы сыңарлары бір-біріне қарама-қарсы мәнде келетін сабақтас құрмаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқылы сыңары қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? Сұрақтарының біріне жауап беріп, баяндауышы көмектес жалғаулы, -ша, -ше жұрнақты есімшеден, рай тұлғасынан және көсемшенің –а, -й тұлғаларынан жасалады.

Себеп бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқылы сыңары басыңқыдағы іс, оқиғының себебін білдіретін сабақтас құрмаласты себеп бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқы сыңары неліктен? не себептен? неге? деген сұрақтардың біріне жауап беріп, баяндауыштары –дықтан, -діктен күрделі қосымшалы немес соң шылауы тіркескен есімшеден, -ып, -й тұлғалы көсемшеден жасалады.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқылы сыңары басыңқыдағы іс, оқиғаның мақсатын білдіретін сабақтас құрмаласты мақсат бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқылы сыңары не үшін? не мақсатпен? Деген сұрауларға жауап беріп, баяндауыштары тұйық етістікке үшін шылауының тіркесуі арқылы, -мақ, -мек жұрнақты етістікке болып көмекші етістігінің шартты, қалау, 3-жақтағы бұйрық райлы етістіктерге тіркесіп келуі арқылы жасалады.

Амал бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы сыңары басыңқыдағы іс, оқиғының қалай орындалғанын білдіретін сабақтас құрмаласты амал бағыныңқылысабақтас дейміз.

Бағыныңқы сыңары қалай? қайтіп? Сұрақтарына жауап беріп, баяндауышы көсемшенің –ып, -іп, -а, -е, -й тұлғалары арқылы және өткен шақ есімшеге –дай, -дей тұлғалары жалғануы арқылы жасалады.

Көп бағыныңқылы сабақтас. Бірнеше бағыныңқылы сыңары бір сабақтас құрмаласты көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейді.

Көп бағыныңқылы сабақтастар бағыныңқыларының өзара және басыңқымен байланысын сыйпатына қарай жараспалы және сатылы болып бөлінеді.

Бағыныңқылары басыңқымен тікелей байланыса алатын түрін жараспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейді.

Бағыныңқылы біріне-бірі сатыланып барып, ең соңғы бағыныңқымен байлансытарын түрін сатылы көп бағыныңқылы сабақтас дейді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 727 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2015 10059
    • PPTX 181 кбайт
    • 98 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турагулова Балжума Темирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48180
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе