Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілінен рефлективті есеп

Қазақ тілінен рефлективті есеп

Скачать материал

Астана қаласы

Ю. Гуров атындағы № 6 гимназия

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Куленова Жанар Хасенқызы

 

Қазіргі таңда мұғалімдер арасында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білім беруде барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы айтылған жаңа әдістемелер арқылы сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы, оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, сын тұрғысынан ойлау қабілетін, шығармашылық іскерлігін қалыптастыру өзін-өзі әділ бағалай білуге үйрету, оқушылардың таланты мен қабілетін ашу, оларды оқыту барысында дамыту болып отыр. Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып, түсіндіріліп, пысықталып, балаға білім негіздері қалыптастырылады. Соның нәтижесінде, қалай оқу керектігін үйреніп, еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияға құзырлылық танытатын оқушы қалыптасуы керек. (Нұсқаулық 6-бет.) Оқу баланың өмірінің бір кезеңі, оның өмір сүріп жатқан ортасы.

Мұғалім оқушының жан дүниесіне кіре отырып сабақ өткізуі тиіс. Сонда ғана, сындарлы оқытудың негізінде оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалану, адамгершілік қасиеті, қызығушылығы, танымдылық деңгейі қалыптасады. Заман талабы сабақта мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында бір-біріне деген сенімділік, сыйластық, достық қарым-қатынас қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асуы (Нұсқаулық 6-бет) деп тұжырым жасауға болады. Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда да тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн.

5 «б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Оқу құралдары» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты оқушылардың «Оқу құралдары» тақырыбы төңірегінде сөйлей білу, тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс қолдана білу. Сабақтың міндеттері оқу құралдары туралы жаңа сөздерді меңгерту, толық түсінік беру, грамматикалық тақырып бойынша   алған білімдерін тереңдету; оқушылардың шығармашылықпен   жұмыс жасауын арттыру; оқушының өз оқу құралдарын ұқыпты қарауға және оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сабақты бастамас бұрын сынып шеңбер құра отырып, өз есімінің алғашқы әрпіне сын есім атайды. Одан әрі бүгінгі сабақты қандай көңіл-күйде бастайтындықтарын «Біздің көңіл-күйіміз» атты плакатқа смайликтер арқылы көрсетті.

Үй тапсырмасына берілген мектептері жайлы шағын мәтіндерін, мақал-мәтелдерін, диалотарын сұрап шықтым.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушылар жыл мезгілдері бойынша топтарға бөлінеді. Сабақ тақырыбын жұмбақтар арқылы ашады. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізіп болған соң, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. Оқулықпен жұмыс жүргізген кезде, 1-тапсырмада берілген сөздердің мағынасын ашып, сөйлем құрастырады. 2-тапсырмада  Е. Елубайдың өлеңін әр топқа бөліп бердім, мәнерлеп оқыды. Әр оқу құралының қызметі қандай екенін айтып берді. оқытудың жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Топтық жұмыс арқылы әркім өзінің түсінген мәліметін ұсынады, әр оқушыдан түскен идеяларды пайдаланып, оларды мұқият қорыту, бірге ойлану арқылы оқушылар бір келісімге келудің нәтижесінде жаңа сабақ жөнінде түсінгендерін айтып шығады. Келесі кезеңде бірнеше оқушы тақта алдында сөздерді тәуелдесе, кейбір оқушылар ребус шешіп отырды. Сабақ соңына бес жолды өлең стратегиясы берілді.

            Әр топ өз тапсырмаларын толық орындап болған сайын бағалау парақтарына бағаланып отырды. Бірінші жауап берген топқа барлығы жақсы деп бағаласа, екінші топтан шыққан Әмірдің жауабына оқушылардың бағалауы екі топқа бөлінді; жақсы және орташа. Ал үшінші жауап берген Дмитрийді жақсы деген бағамен бағалады. Бұл сабақтада оқушылар емін - еркін сөйлеуге бейімделіп келе жатқанын байқадым. Себебі, Александраның берген жауаптары тиянақты болды. Бағалау парағын талдай отырып, өз білімдерін бағалады. Оқушылар бағалау кезінде бағалау парғындағы барлық бағаларды қоса отырып ортақ бағаны шығарды. Оқушылар өз-өзін, топ оқушыларын асыра бағалап жіберген, алдағы уақытта бағалау критерилерін дұрыс түсіндіріп әділ бағалауды ұсындым. Нақты бағаны журналға қойдым. Сабақ барысында ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлілігі маңызды орын алды, соның ішінде топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылды. Білім берудегі ең басты қағида -оқушыларды үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып , өзін-өзі дамытуға жетелеу, сонымен қатар, мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс . Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады ( Нұсқаулық. 32-бет ) деген теорияға сүйене отырып, және бағдарламаның модульдерін қолдана отырып болашақта оқушылардың білімін мұғалімнің шеберлігімен мейлінше жоғары деңгейге жеткізуге болады деп ойлаймын.

 

            Сабағымда сәтті өткен тұстары оқушылар топта жақсы жұмыс жасап,сабаққа белсенді қатысқандары, шығармашылық жұмыс. Сәтсіз өткен түстары кейбір оқушылар жаңа ақппаратты әр топқа түсіндірген сәтте шамалы қиналып қалды, сұрақтар қойган кезде қателер жіберді.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен рефлективті есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 824 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.06.2016 739
    • DOCX 17.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куленова Жанар Хасеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куленова Жанар Хасеновна
    Куленова Жанар Хасеновна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15081
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе