Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілінен сабақ жоспары "Көнерген сөздер" (5-сынып)

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Көнерген сөздер" (5-сынып)

Скачать материал

Пәннің атауы: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер

Сабақтың мақсаты:

                                Білімділік: көнерген сөздер туралы оқушыларға ізденте отырып,  көнерген сөздердің мағынасын ашуға, сөйлем ішінде тура, ауыспалы мағынасында қолдана білуге үйрету, көнерген сөздер түрлерін меңгерту.

                                Дамытушылық: сөз мағынасын ашу, суреттер бойынша сөз атауларын табу, өз бетінше іздену арқылы оқушылар ойын дамытып, тілдік танымын, қызығушылығын арттыру.

                                Тәрбиелік: ана тілін сүюге, сөздік қордың мол мұрасын еркін пайдалануға баулу, ұлттық дәстүрден нәр алып, халық азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық (авторлық), интерактивті тақта, ойынды жүргізуге арналған аннимациялық суреттер, дыбысты жауаптар  мен бейнежазулар

Сабақтың түрі: «Алтын орда» интерактивті ойын сабағы

Сабақтың әдістері: түсіндіру,ойын түріндегі ауызша тапсырмалар, сурет бойынша жұмыс, жазбаша жаттығулар, ауызша әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың болжамды нәтижесі: көнерген сөздерді мағынасына қарай талдап аша алатын, көнерген сөз түрлері жайлы тілдік дағдысы бар, сауатты тұлға қалыптастыру

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мазмұны

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың назарын сабаққа аудару/ Біз бүгін тас түйін жиналып, сарбаздарша нық әрекеттермен «Алтын ордаға» барамыз.

-Кім біледі, «Алтын орда» деген не?

(тарихпен байланыс)

-Ол тарихта болған хандық атауы; орда деген қамал, тұтас мемлекет, қала ұғымын білдіреді.

 

Үй тапсырмасын тексеру

-Дұрыс, ендеше, сапарға жиналуымыз үшін үйде қалатындарға үй тапсырмасын орындап береміз.

Бірдей сөздерден әр түрлі сөйлем шығу себебі неде? (ой мен қосымшаның жалғануында)

Берілген сөздермен сөйлем құрап жазу керек.

Біз,ауыл, маң, ағаш, қалың, өс.

Кеш, ауыл, жан, биік, төбе, бас, жина, қызық, ойын, ойна.

Өткен сабақты қорыту

-Бұл сөздер сөздік құрамға ене ме?

 

-Ал сөздік қорға ше?

-Иә, себебі сөздік құрам дегеніміз- тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.

-Иә, себебі сөздік қор дегеніміз тіліміздегі бұрыннан қолданылып келе жатқан , жалпыға бірдей түсінікті сөздер.

Жаңа сабаққа

Кіріспе

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Міне, біз енді өткенге көз салып, алға жылжуға дайынбыз. Ендеше, «Алтын орда» сапарына кеттік.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көнерген сөздер

Бұл сабақта көнерген сөз бен оның түрлерін меңгеріп алуға ұмтылайық.(Электронды оқулықтан оқыту, тыңдату)

Электронды оқулықтан көнерген сөз деген не екенін оқып, тыңдайды. Қайталап айтады.

Мысалдарын оқиды.

Мағынаны ашу

Тас қақпа

-Міне, алдымыздан тас қақпа көрінді, балалар.Сендердің  «Алтын ордаға» барар жолдарыңда аяулы аталарың, балалар ақыны-М.Әлімбаев ақ жол тілеп, сауалдар беріпті.Жауап беріп байқайық, бұл сөздерді ата-әжеден сұрап келу тапсырылған.

(ата- анамен байланыс, іздену)

 

Тұқылдық (сиыр мүйізі)

Мұрақ (хандар қалпағы)

Наруан (түйе жүнінен тоқылған кілем)

Созақ (садақтың адырнасы)

Ғалисан (өнерлі, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт)

Баран (қара түс)

Пыран (батырдың сауыты)

Сұмқұла (арам шөп)

Сәру  (шынар тұқымдас ағаш)

(оқушылар өлеңдете жауап беріп, сол сөздердің үстін басқанда, астынан суреттері шығу керек, соңғы сөзді айтқанда қақпа ашылады, музыка ойнайды))

Күміс қақпа

- Күміс қақпа тапсырмасын қараңдар, балалар.

149- жаттығу Оқушы тапсырманы оқиды. Мына мақалдардағы көнерген сөздерді теріп жазыңдар, олардың сипатын анықтаңдар.

Асаба, ханша, қараша үй, отарба, мырза, құл, сауыт, патша.(мағыналарын түсіндіреді: асаба- тойды басқарушы, қазір де қолданып жүрміз, ханша- хан қызы, қараша үй- кедейдің қара киізбен жабылған үйі, отарба- пойыз, мырза- бай-манап, құл- малай, сауыт- батырдың оқ өтпес киімі, патша- ел басқарушы, хан)- бұлар тарихта болған оқиғаларға байланысты атаулар болғандықтан, тарихи сөздер деп ойлаймын.

 

Осы мақалдардың соңғы екеуі қандай мақсатта жұмсалады? Кім мағынасын аша алады?

(тіл дамыту)

- Мұндағы сауыт, патша көнерген сөздері ауыспалы мағынада жұмсалып тұр.

1.- Ынтымақ- оқ өтпес сауыт. Себебі бірлігі бар елді жау алмайды, бірлігі бар жандарды дау да алмайды.Ынтымақ деген-  бірлік, ауызбіршілік. Ендеше, ынтымақ бар жерде қиындықтың бәрін жеңуге болады.

2.-Бақа- көлінде патша, балық-  суында патша, жігіт- елінде патша.Шынында, әркімге өзінің туған жері қымбат болса, туған ел үшін өзінің азаматы  қымбат.Сондықтан әркім өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болғаны дұрыс.Ұлтан- құл, қызметші деген сөз.

 

- Тағы бір тапсырмасы бар екен, 150- жаттығу

150- жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.(1 оқушы) Мәтіндегі  көн ыдыс, піспек, саба деген атаулар қандай ұғымды білдіреді?- ыдыс атаулары.Олар сөздік қордың қай тобына жатады?- көнерген тұрмыстық заттар атауына, яғни архаизмдер.(жауабы дыбыспен берілуі керек)

 

 

- Ал мына көне ыдыстар атауларын білесіңдер ме? Сәйкестендіріп байқайықшы.

(суретпен жұмыс, сәйкстендіру тесті)

Абажа      айран пісетін ағаш ыдыс

Қауға      тағам сақтайтын сандық

Қанар      су тартатын шелек

Күбі         үлкен қап

(жанына суреті қойылады)

Алтын қақпа

- Міне, алтын қақпаға да жеттік.Тапсырмаларын қарайық.

(қосымша тапсырма, электронды оқулық)

Электронды оқулықтан тапсырма орындау

v Көнерген сөздерді түріне ажыратып жазыңдар.

Жамбы, қызыл отау, биқасап, кездеме, абдыра, жорық, қылыш, сауыт, дулыға, байпақ, жадағай, бекініс, дуан, аға сұлтан, адалбақан

v  Көнерген сөздерді табыңдар.Мағынасын түсіндіріңдер.

Мойнында салдырмақ қарғысы бар. (қарғы- иттің мойнына тағылатын бау) Баршын татқан әйел көрпе жамап отыр. (баршын- егде, кәрілеу)  Жиынға барлық старшындар тегіс келетін болды. (старшын- старшина, ел билеушілер мансабы) Жекжаттар биқасаптан көйлек киіп, киіт берісті.(жекжат- туыс, биқасап- қымбат мата, киіт- құдалар беретін киім- кешек, мата, орамал)Жамалдың атқа мінер босанғанын естіген ояз бастығы  шабарманға сүйіншісін берді.(атқа мінер- ұл, ояз бастығы- уезд  бастығы, облыс әкімі, шабарман- хабаршы)

v  Архаизм сөздермен сөйлем құрап жазыңдар.

Бақсы, дуанбасы, дулыға, желек, саптама

- Желек –жас  келіншектің басына тағатын орамалы.

Саптама- етік. Саптама етік, сары ала киім киген сарбаздар ауыл ішіне толып кетті.

 

Алтын орда- мектеп

-Алтын орданың құрметті қонақтарына осы орданың кітапхана қызметкерлері сауал қойып, қонақкәде жасауды сұрайды.(суретті бейнетапсырмалар)

- Мына киімді қалай атаған? Кімдер киген?- Дулыға, батырлар киген

-Ер- азаматтың бұл жабдығы қалай аталған?- қорамсақ

-Мына қарудың атауын білесіңдер ме?- айбалта

-Қазақтың үй тұрмысындағы қажетті заттың атауын кім біледі?- адалбақан- киім ілгіш(дұрыс жауабын  кітапханашылар өздері айтады, оқушылар салыстырады)

 

Сабақты қорыту

- Балалар, біз алтын орда- мектебіміздің нағыз білімгерлері екенімізді бүгінгі сабақ барысында әбден таныттық. Енді осы білген- түйгенімізді жинақтап , жадымызға ұмытылмастай етіп түю үшін келесі тест тапсырмаларына жауап беріп көрейік.

Тест тапсырмалары электронды оқулықтан беріледі.

(жауаптары бірнеше оқушыдан сұралады, бір бай адам  қапшық құшақтап отырады да, дұрыс жауапты тапсаң, теңге суреті мен дыбысы шығады, дұрыс болмаса, өкінген дыбыс шығады)

Көнерген сөздер деген қандай сөздер?

             А)қолданыстан шығып қалған сөздер

             В)қазір қолданып жүрген сөздер

             С) мағынасы жуық сөздер

             Д) мағынасы қарама- қарсы сөздер

Тарихи сөздер деген қандай сөздер?

              А) тарихқа байланысты қолданылған көне атаулар

              В) тұрмысқа байланысты қолданылған көне атаулар

              С) қазіргі қолданып жүрген сөздер

             Д)сыпайы сөздер

Архаизм сөздерді қай топ қатарына жатқызамыз

              А)Табу

              В)Омоним

              С)Көнерген сөздер

              Д)Синоним

Көнерген сөздер қатарын табыңыз

               А)Алма, кітап

               В)Айбалта, найза

               С)Меридиан, экватор

               Д)Аренда, серіктестік

  Көнерген сөзді табыңыз

               А)Оқырман

               В)Барымта

               С)Бастапқы

               Д)Қоңырау

  Көнерген сөздерді тап

              А)Қымыз, шұбат

              В)Сәуір, апрель

              С)Уәзір, болыс

              Д)жомарт,сараң

 

Оқушыларды бағалау

Сабақ барысындағы жауаптары бойынша талдап, бағалау

 

Үйге тапсырма

153- жаттығу. Түсіндіру, күнделікке жазғызу (мектеп суретінен сыртқа шығатын лента- стрелка қойып, жанына үйдің суретін салып, ішіне үй жұмысын 153- жаттығу деп жазу)

 

 

 

 

 

 

 

 

Стрелка: вправо:      153- жаттығуDSC_6078

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен сабақ жоспары "Көнерген сөздер" (5-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 518 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 5815
    • DOCX 48.1 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имакова Лаура Оспановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Имакова Лаура Оспановна
    Имакова Лаура Оспановна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14289
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 203 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек