Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Конспекты / Қазақ тілінен сабақ жоспары 8 сынып Менің сүйікті әлеуметтік желім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Қазақ тілінен сабақ жоспары 8 сынып Менің сүйікті әлеуметтік желім

библиотека
материалов

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті әлеуметтік желім.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту. Байланыстырып  сөйлеуге үйрету.

Табыс критерийі:

  1. Ғаламтор мен Е-mail поштаның шығу тарихын білемін.

  2. Танымал әлеуметтік желілерді білемін.

  3. Өз ойымды қазақ тілінде еркін жеткізе аламын.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, А-3 парақтары, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер.

Әдіс-тәсілдері: АКТ, СТО, тест, топтық жұмыс, критериалды бағалау, диалогтық оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту.

С А Б А Қ Т Ы Ң   Б А Р Ы С Ы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут): Сәлемдесу, түгендеу.

  2. «Қызығушылықты ояту» кезеңі:

А) Сөздік жұмысы (6 минут): Тақтада берілген сөздер бойынша дыбыстық жаттығу (хормен қайталату). Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырып, аударма сөздіктердің көмегімен өздеріне аударту:

Компьютерлік желі - ?                             Ақпаратты табу - ?

Байланыс - ?                                             Ұялы телефон - ?

Әлеуметтік желі - ?                                  Зиян - ?

Ғаламтор - ?                                             Құпия сөз - ?

Хаттасу - ?          (Сөздерді қалай аударғандарын тексеру).

Б) «Ой шақыру» (2 минут): Енді ойланыңдар, бұл сөздер қандай тақырыпқа жатады? «Ассоциация»: «Е-mail пошта» сөздерін естігенде көз алдарыңа не елестейді? Оқушылардың жауаптарынан кейін: Енді сендер қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін?Оқушылардың жауабынан соң сабақтың тақырыбы, мақсаты, табыс критерийлері хабарланады.

  1. Үй жұмысын тексеру (8 минут): «Менің Е-mail поштам» модулі бойынша тесттің сұрақтарына жауап береді.

Тексеру. Партада отырған жұптар бір-бірімен дәптер ауыстырып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Тест кілттері мен бағалау критерийі тақтада көрсетіледі:

1в. 2с. 3а. 4д. 5в. 6е. 7с. 8в. 9с. 10е. 11в. 12в. 13д. 14е. 15а.

«5» - 13 – 15 дұрыс жауап             «3» - 6 – 9 дұрыс жауап

«4» - 10 – 12 дұрыс жауап             «2» - 0 – 5 дұрыс жауап

 

  1. «Мағынаны тану» кезеңі. Сыныпты отырған варианттары бойынша екі топқа бөлу.

1-ТАПСЫРМА. «Миға шабуыл» (7 минут). Тақтада компьютер мен ұялы телефондардың суреттері:

        

Төмендегі сұрақтардың жауабын жылдам тапқан топ жалаушаны көтереді. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Қай топтың ұпайы көп болса, сол – жеңімпаз:

  1. Суреттерден нені көріп тұрмыз?

  2. Ұялы телефонның пайдасы қандай?

  3. Компьютердің пайдасы қандай?

  4. Олардың зияны бар ма?

  5. Компьютер мен телефонның қайсысы кішкентай?

  6. Олардың ортақ белгісі қандай? (екеуі де ақпарат құралы)

  7. Әлеуметтік желі деген не?

  8. Интернет компьютерлік желісі қайда, қашан пайда болды? (1952, Америкада)

  9. «Е-mail пошта» деген не?

  10. Электронды пошта қашан пайда болды? (1965ж.)

  11. Электронды поштаны пайдалану үшін не керек?

  12. Қандай танымал әлеуметтік желілерді білесіңдер?

  13. Электронды поштаны кімдер ойлап тапты? (Ноэль Моррис және То Ван Влек)

  14. Егер компьютер мен интернет болмаса не болар еді?

  15. Компьютерге тіл бітсе не айтар еді?

Ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықтау.

  1. Сергіту кезеңі (3 минут). Көз жанарына арналған. Слайдтағы шарды мойынды бұрмай, көз жанарымен ғана бақылау.

2-ТАПСЫРМА (6 минут). Сурет қиындылары арқылы үш топқа бөліну.

Барлық топтарға бірдей тапсырма. Тақтада берілген суреттерді логикалық байланыстырып, әңгіме құрастыру:

       

Тексеру. Әр топ өз әңгімесін оқып, бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:

  1. Әңгімеде сурет атауларының қамтылуы – 1 ұпай

  2. Логикалық байланыс – 1 ұпай

  3. Сөздердің орын тәртібі – 1 ұпай

  4. Әңгіменің көлемі – 1 ұпай

  5. Сөз байлығы – 1 ұпай

  6. «Ой толғаныс» кезеңі. 3-ТАПСЫРМА (7 минут)

Төменде берілген тақырыптар бойынша топтар кластер құрастырып, әңгімелеп береді:

1-топ: «Интернеттің пайдасы мен зияны»

2-топ: «Менің сүйікті әлеуметтік желім»

3-топ: «Электронды пошта»

Тексеру. Топтар тақтаға өз жұмыстарын алып шығып, қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ашылуы – 1 ұпай

  2. Түсіндіре алуы – 1 ұпай

  3. Сөз байлығы – 1 ұпай

  4. Сауатты сөйлеуі – 1 ұпай

  5. Жұмысты безендіруі – 1 ұпай

  6. Басқа топтарды тыңдай білуі – 1 ұпай

  7. Бағалау (2 минут). Топ жетекшілері бағалау парақшаларына топ мүшелеріне баға қояды. Бағалау критерийлері (әр критерийге бір ұпай) :

Критерий

1-оқушы

2-оқушы

3-оқушы

4-оқушы

5-оқушы

Білімі

Белсенділігі

Жауапкершілігі

Сөйлеу білуі

Сауаттылығы

Сыпайылығы

 

 

 

 

 

 Үйге тапсырма (1 минут).

  1. Кері байланыс (2 минут).



Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Конспекты
Просмотров457
Номер материала ДВ-315298
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх