Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып "Сын есім және шырай категориялары"

Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып "Сын есім және шырай категориялары"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрленуі. Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Сын есімнің түрлену ерекшелігін, сөйлемдегі орнын түсіндіру арқылы сын есім туралы білімдерін кеңейту.

2. Дамытушылық: Алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар, флипчарттар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ:Заттың сапалық сыны ір кез бір дәрежеде бола бермейді. Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі. Яғни сапалық сын есімдерден белгілі қосымшалар арқылы шырай түрі жасалады. Мысалы:Сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар.

Үлкен- үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен, тым үлкен.

Сын есім


Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай

Шырайдың жасалуы:

  1. Сапалық сын есімнен жасалады.

  2. Сапалық сын есімдерге белігі бір қосымшалар жалғану арқылы және күшейткіш буын үстелуі н/е күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады.

Салыстырмалы шырай:Мысалы: Жақсы-жақсырақ, терең-тереңірек, ащы- ащылау.

Сапалық сын есімге жалғанып,салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:

  1. рақ,-рек,- ырақ,- ірек;

  2. лау,-леу,- дау,-деу,- тау,-теу;

Жекелеген сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:

  1. ғыл,-қыл,- ғылт,-қылт,-ғылтым,-қылтым.Мысалы: сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т.б.

  2. - шыл,-шіл,-шылтым,- шілтім.Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім т.б.

  3. ғыш,- ілдір. Мысалы: сарғыш, көгілдір т.б.

  4. аң,-қай,- ша,-ше. Мысалы: қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкшк, сұрша т.б.

64-жаттығу (шығармашылық тапсырма) Тапсырма: мәтінді өзіндік диктант етіп жазып, құрамынан сапалық сын есімдерді тауып, ерекшелігін анықтау.

65-жаттығу.Тапсырма: Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазу.

67-жаттығу.Тапсырма: Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар.

Үлгі: толық-толықтау-толығырақ-толықша.

Толық. Биік. Көк. Сұр.Жаман. Жеңіл. Тар. Мықты. Кіші. Қатты. Жақсы.

Тапсырма.Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып, жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.

Ақылды-от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу боз, тәтті, сүйкімді, тәртіпті, сылбыр, қышқыл, көкшіл, жасық, өткір, өжет, әдемі, сыпайы, мәдениетті, иманды.

69-жаттығу.Мәтінді дауыстап оқып шығыңдар.Балалардың портретін жасауға қатысып тұрған сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырып көшіріп жазыңдар.

Үйге тапсырма.70-жаттығу. Салыстырмалы шырайды көбірек пайдаланып, бірге оқитын жолдастарыңның салыстырмалы портретін жазып келу.Ережені оқу.

Бағалау.





Тексерілді:__________ Досманова А.

Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі, асырмалы шырай

Сабақтың мақсаты: білімділік Сын есімнің күшейтпелі,асырмалы шырайларын түсіндіріп, сын есімнен алған білімдерін кеңейту.

дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, іздене білуге бағыттау.

тәрбиелік: сөздің мағынасына мән беруге, білімін кеңейтуге, имандылыққа, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, өз ана тілін жете меңгеріп, өзге тілді үйретіп, қадірлей білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы, талдау.

Сабақтың барысы.І Ұйымдастыру кезеңі.ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаттығудың орындалу барысын тексеру.

Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты еске түсіру.

  • Сын есемнің түрленуі дегеніміз не?

  • Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІІ Жаңа сабақ.Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы

Сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы

Сапалық негізгі сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңғай, кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.

Биік-біп-биік

Ұзын-ұп-ұзын

Үлкен - үп- үлкен

Жақын-жап-жақын

Тамаша - тап-тамаша

Жақсы - жап-жақсы

Кіші -кіп-кішкентай

Тым үлкен

Өте тамаша

Аса жақсы

Тым кіші

Нағыз жүйрік, шымқай қызыл, оразан зор

Аса терең

Өте күшті

Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітеді: біп-биік, жап-жақсы) негізгі сын есемдеррмен дефис (-) арқылы жазылады.Тек ақ,көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірге жазылады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.Тапсырма: Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасап, сөйлем құраңдар.

Біп-биік, жап-жақсы, қап-қатты, теп-терең, жап-жарық, сап-сары, көкпеңбек, қып-қызыл.

Ү. Кім көп біледі ? (ойын)Тапсырма. Күшейткіш буындар арқылы құралған қос сөздерді кім көп тауып жазса, сол озып шығады. Олар қандай сөз табы болады?

Тап - (5 сөз)

Ап - (6 сөз)

Жап - (10 сөз)

72-жаттығу (ауызша)Тапсырма: Сөйлемдерді оқып, құрамындағы күшейтпелі шырайды көрсетіңдер. Жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

73-жаттығу.Тапсырма: Берілген күшейтпелі шырайды қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазыңдар.

Үлгі: өте ауыр жүк, ең тамаша ойын алаңы, тым әлсіз адам, тіпті қысқа жіп, сап-сапы жапырақтар, орасан зор күш, ап-аласа үй, әп-әдемі бала, кіп-кішкентай қыз.

Сабақты бекіту.74-жаттығу.Тапсырма: Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңдар.

Түп- түзу қайыңдар. Кеп-кең көшелер. Біп-биік үйлер. Өте ұзын көше. Тым ыстық күн. Тұп-тұщы су. Мөп-мөлдір бұлақ. Өте таза жер.

Сабақты қорытындылау

  • Күшейтпелі шырай дегеніміз не?

  • Күшейтпелі шырай қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.

Үйге тапсырма:75 жаттығу. Тапсырма: Өздеріңмен бірге жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы «Өте зейінді оқушы» деген атпен шағын шығарма жазып келу.76-жаттығу.Тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағыналық ерекшелігіне, шырай түріне ажыратып жазу.

Бағалау.


Тексерілді:______Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың мақсаты: білімділік:Сын есімдердің сөйлемдегі қызметімен таныстыру, практикада дұрыс пайдалана білуге дағдалындыру.

дамытушылық: шапшаңдыққа, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдаландыру.

тәрбиелік мақсаты: Отанын, елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Сын есім қалай түрленеді. Мысал келтір.

  • Шырай дегеніміз не?

  • Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Күшейтпелі шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІ. Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.

Сын есімдердің сөйлемдегі қызметі

Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш

Зат есімнің орнына жүріп, зат есімнің қызметін атқаратын заттанған сын есім атау септігінде тұрып кім? не?сұрақтарына жауап беред.

Жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы болады.

Әдетте сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.

Етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болады.

Заттанып келіп табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде заттанып, толықтауыш болады.

Жақсы –ісімен жақсы

Айнала күндізгідей жап-жарық.

Ашық аспан.

Аяулым бұл сөзді жақсы естіді.

Аққа Құдай жақ.Жақсыны құрметте. Білімдіден шыққан сөз.

69-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп, сын есімдердің астын сызыңдар. Қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын атап көрсетіңдер.

70-жаттығу. (ауызша) Негізгі және туынды сын есімдерді тауып, сын есім тудыратын жұрнақтарды естеріңе сақтаңдар.

71-жаттығу.Өлең жолдарындағы сын есімдерг талдау жасаңдар. Сол сын есімдерді қатыстыра отырып, сөйлем құраңдар.

«Сыңарын тап» ойыны.

Мысалы:1.Әдепті бала-арлы бала

(Әдепсіз бала-сорлы бала)

2.Батыл жігіт жол бастар,

...... ........... ............

3.Көз қорқақ, ................

4. Өнерсіз қыздан без,

..... ........ .............

83-жаттығу.Туынды сын есімдердің жұрнағын дефис (-) арқылы бөліп жазып, олардың қай сөз табынан жасалғанын түсіндіріңдер. Сын есімдермен сөйлем құраңдар.

Сабақты қорытындылау.

  • Сын есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?

  • Сын есімнің негізгі қызметі не себепті анықтауыш делінген?

Үйге тапсырма. 73-жаттығу. 71-беттегі тапсырманы орында.





Тексерілді:______Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Пысықтауға арналған жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:І. Білімділік:Оқушылардың сын есім туралы білімдерін деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы тереңдету.

ІІ. Дамытушылық:Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік: Адамгершілікке,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.1. 87-жаттығу.

2. Сын есімді қатыстыра отырып, жыл мезгілдеріне шағын шығарма жаз.

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

І деңгей тапсырмасы. Қаттырақ, еріншектеу, көлеңкелеу, ақшылт сөздерін пайдаланып, салыстырмалы шырайға мысалдар құра.

ІІ деңгей тапсырмасы. Сөйлемдерді оқып, құрамынан сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қойып, мағыналарын анықта.

Қызыл тал мен ақ қайыңның қырау басқан ұзын бұтақтары жылтырап күнмен шығылысады. Таза ауа, салқын Алатаудың қойнауынан, биік басынан ақырын есіп, баяу шалқыды. Қалың орман, сазды батпақтарды күртік қар басқан. Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде қызғылт күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Бұл кезде Абайдың де денесі іріленген, жауырынды, сүйекті боп қалған екен. (М.Әуезов).

ІІІ деңгей тапсырмасы.Сұрғылт, дымқыл деген сын есімдері бар Абайдың өлеңін жатқа жаз.

ІҮ деңгей тапсырмасы. Сызбадағы күшейтпелі шырайды қатыстыра отырып, досыңның портретін жаз.

Берілген сөз

Синонимдес сөз

Антонимдес сөз

Жап-жақсы

Үп-үлкен

Сеп-семіз



Шығармашылық жұмыс.Мәтінді оқып, «Атамекен» деген ұғымды қалай түсінетініңді әңгімелеп бер. Атамекен

Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жаұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл оысндай көріністі көз алдыңа келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.

Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар- бәрі көзіңе оттай басылады. Тіпті басқа жердің балаларымен қосыла қалсаң, арасына аздап өтірік қосып аулыңды мақтап жібересің. Осының соншалықты қымбат, сүйкімді болуының сыры неде? Өйткені бұл сенің туған жерің, балалық бал өмірің өткен жер. Сондықтан бұл саған соншалықты ыстық, соншалықты қымбат, соншалықты сүйкімді.Осылайша ойлап жатып, ұйықтап кетіппін.

Сабақты қорытындылау.

Блиц – турнир

Қай қатар бір минутта қанша сұраққа жауап бере алатынын тексеру.


І қатар

1. боз (сын есім)

2. ерінбе (етістік)

3. оқулық (зат есім)

4. икемсіз (сын есім)

5. әсерлі (сын есім)

6. бүркіт (зат есім)

7. суретші (зат есім)

8. әдеміле (етістік)

9. көшеді (етістік)

10. тәтті (сын есім)

11. толқиды (етістік)

12. айнадай (сын есім)

13. байқадым (етістік)

14. сайрады (етістік)

15. мейірімді (сын есім)

16. ақылдас (етістік)

17. жүйрік (сын есім)

18. сенгіш (сын есім)

19. жүгіріп келемін (етістік)

20. айбатты (сын есім)

ІІ қатар

  1. оқушы (зат есім)

  2. ойнап жүр (етістік)

  3. бойшаң (сын есім)

  4. инабатты (сын есім)

  5. әндет (етістік)

  6. алғыр (сын есім)

  7. тазала (етістік)

  8. гүлдей (сын есім)

  9. жазушы (зат есім)

  10. ойлан (етістік)

  11. кең (сын есім)

  12. шақырды (етістік)

  13. сәнді (сын есім)

  14. таулы (сын есім)

  15. оқып жатыр (етістік)

  16. достас (етістік)

  17. дәмді (сын есім)

  18. балдай (сын есім)

  19. ойнағысы келеді (етістік)

  20. сарғыш (сын есім)

ІІІ қатар

  1. сыйлық (зат есім)

  2. еріді (етістік)

  3. үтікте (етістік)

  4. күйші (зат есім)

  5. көк (сын есім)

  6. қараңғы (сын есім)

  7. қызылша (зат есім)

  8. суытты (етістік)

  9. бұлттанды (етістік)

  10. бұлбұл (зат есім)

  11. аппақ (сын есім)

  12. ақылды (сын есім)

  13. әдеттен (етістік)

  14. білгіш (сын есім)

  15. жұлдыз (зат есім)

  16. талапты (сын есім)

  17. мұздай (сын есім)

  18. жылынды (етістік)

  19. шыдамсыз (сын есім)

  20. зәулім (сын есім)

Үйге тапсырма.Осы мәтіннің желісімен өзің туып-өскен ортаң жөнінде әңгімелеп, суреттеп шағын мақала жаз.

Бағалау.



































Тексерілді:______Досманова А

Автор
Дата добавления 22.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров3794
Номер материала ДВ-003208
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх