Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілінен сабақ жоспары. Тақырыбы: "Дауысты дыбыстар". 5 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақ тілінен сабақ жоспары. Тақырыбы: "Дауысты дыбыстар". 5 сынып

библиотека
материалов

5-сынып

Қазақ тілі

Қаршығақызы Таңшолпан

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Жаңақала мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру, дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата білуге, тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту, тақырыпқа байланысты дұрыс сөйлем құрастыра білуге, сауатты жаза білуге үйрету. Сонымен қатар дауысты дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін айрықша ұғындыру.

2. Дамытушылық: орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу. Яғни, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру және өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Сауаттылыққа, жаңалыққа жақын, бірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа, жан-жақты болуға үйрету, қазіргі ғылым мен техника жетістіктерінің пайдасын білуге талпынысын дамыту.

3. Тәрбиелік: дауысты дыбыс әріптерінің емлесін дамытып жазу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, қосымша мәліметтер бере отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту. Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу. Білім мен тәрбиесі ұштасқан саналы шәкірт тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру (модульді оқыту)

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру

Сабақтың  көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі қағаздар, презентация

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Тәртіпке шақыру. 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. 
Көңіл-күйлерін қалай? (Тамаша) 
Ендеше сабақты өткізейік жаңаша, 
Сұраққа жауап берейік таласа. 


Оқушылардың көңіл-күйін тексеріп, олардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

- Балалар, қазір қандай сабақ?

- Қазақ тілі сабағы.

- Олай болса, әдеттегідей бір-біріміздің қолымызды қысып, жақсы тілектерімізді айтайық.

-Ақылды бол!

-Инабатты бол!

-Өтірік айтпа!

-Шыншыл бол!

-Үлкеннің алдын кеспе!

-Ата-анаңды сыйла!

Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, мен сендердің сабаққа қаншалықты дайын екендеріңді байқау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.

- Әріп деген не?

- Сөз неден құралады?

- Сөйлем неден құралады?

- Сөйлем деген не? Сөйлемнің басы қалай жазылады? Соңынан не қойылады?

- Дауысты дыбыстарды ата?

(Балалардың жауаптары тыңдалып, мадақталады).

2. Үй тапсырмасын тексеру: 242-жаттығу. (Бұл жаттығудың тақырыбы Әліпби деп аталады. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазады. А. Байтұрсыновтың айтайын деген ойын түсініп, өз беттерінше талдап, мазмұнын айтып береді).

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлінеді. Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар жуан дауыстылар дейміз. Олар: а, о, ұ, ы, у. Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дейміз. Олар: ә, ө, ү, і, е, э, и, у. У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан, әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады. Жақтың кең ашылуы арқылы ашық дауыстылар жасалады. Олар: а, ә, о, е, ө, э. Жақтың тар ашылуы арқылы қысаң дауыстылар жасалады. Олар: ы, и, і, у, ұ, ү. Езудің кейін  тартылуы арқылы езулік дауыстылар жасалады. Олар: а, е, ә, ы, і, и, э. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы еріндік дауыстылар жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у.

(Оқушылар, сіздерге жаңа сабақ түсінікті болды ма, бұл тақырып турасында қандай түсінбеген сұрақтарыңыз бар?)

4. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру.

Ізденімдік деңгей бойынша жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)



Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең – қанат, сүті дәрі,

Еті тамақ. (Жылқы)



Әкесі – тышқан,

Шешесі – құстан. (Жарқанат)

2-жаттығу. Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.

Ашу, білу, қазу, сену, жазу, қу, беру, ілу, жолығу, кезу, сызушы, жу, көну, қону.

Үлгі: жуан у дыбысы: тану, қазу; жіңішке: ілу, кезу.

3-жаттығу. Төмендегі жұмбақтардың шешуі қай әріп екенін табыңдар.

1. Әнде бар, 2. Жаңада бар,

Күйде жоқ. Ескіде жоқ.

Сәнде бар Танада бар,

Биде жоқ. (Н) Ешкіде жоқ. (А)

3. Жерде жоқ, 4. Шөлде бар,

Отта бар. Суда жоқ.

Барда жоқ, Көлде бар,

Жоқта бар. (О) Буда жоқ. (Ө)

4-жаттығу. Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, еріндік пен езулік дауыстылар аралас келген сөздерді өзінше бір бөлек топтап жазыңдар.

Бота отырып шіреніп,

Борсық айдап кемені.

Бытпылдақтан бір елік,

Бура мініп келеді.



Ләңгі тепті бір барыс,

Лашын киді сулықты.

Лепіргенде жолбарыс,

Лезде ащуға булықты. («Әріптестер әлемінде» кітабынан.)

5-жаттығу. Қай жағынан оқысаңдар да белгілі бір мағынаны білдіретін 10-15 сөз теріп жазыңдар.

Үлгі: түс-сүт, сақ-қас.

6-жаттығу. Е дыбысынан басталатын бірнеше жер-су атын тауып жазыңдар.

Үлгі: Ертіс, Екібастұз, Еділ,...

7-жаттығу. Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты немесе бірдей дауыссыз болып келетін 10 сөз тауып жазыңдар.

Үлгі: алма, іні, ынталы.

8-жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек (қайталағанын алмай) теріп жазыңдар және сол дыбыстардан басталатын бір-бір сөз ойлап, атаңдар.

Жұмбақ жолдас

Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі! Қайда барсам, қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді, жүгірсем жүгіреді, жатсам жатады. Бірақ үндемейді.

Ертеңгілік, кешкілік үлкейіп, өсіп кетеді. Түсте тырбиып, ергежейлі болады. Жарықта жанымнан қалмайтын жолдасым қараңғы болса, ғайып болады да кетеді.

Сендерде ондай жолдас бар ма? (А. Байтұрсынов)

Жұмбақтың шешуіндегі дауысты дыбыстарға сипаттама беріңдер.

9-жаттығу. Барлық дауысты дыбыстардың емлесін қайталап түсіндіру, сол арқылы кез келген бір әріптің емлесіне мысалдар жаздыру. Мысалы:

И әрпінің емлесі

Ибалы, игеру, игілік, иекті, идіру, иесіз, икемді, илану, илеу, иманды, инабатты, инелі, исіну, иілгіш, иіру, иірім, иіс, киік, ие, дүние, бие, би, нәтиже, жиырма, тарих, қасиет, мәдениет, Жәмила, емтихан, сиқыр, шипа, дидар, көкжиек, кимешек, риза, құпия, т.б.



Шығармашылық тапсырмалар.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойып көшіріңдер.

Үлгі: Әл...де б...лса с...лқын, б...рл...қ ж...рд... қ...р б...с...п ж...т...р. Әлі де болса салқын, барлық жерді қар басып жатыр.

"Кім жүйрік "ойыны. Көңілді шумақтарды оқу.

1-бір                                                                                      2-екі

Же1 екен 1қазан                                                    Баласына ж2ріп

Кей1 жемді 1қазан                                                Ұрсып жатыр К2лік

1-ақ сәтте қойды жеп                                           2леніп с2ріп,

Естіп 1 кез дү1ді                                                   алып қапсың "2лік"

Жағадағы  тү1ді                                                     2ншілей "2ңді"

Паналауға жүгірді.                                               көрсетпе! - деп ж2ді.

2- тапсырма. Айтылуы жағынан бір-бірімен ұйқасатын бірнеше сөз теріп жазыңдар.

Үлгі: түлкі-күлкі, тас-бас, аяқ-таяқ, ауыр-бауыр.

3-тапсырма. Тек бір дауысты дыбыстан ғана басталатын сөздерден сөйлем құрау.

Үлгі: Өгіз өткелден өтпей өкірді.

4-тапсырма. Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар бірнеше сөз тауып жазыңдар.
Үлгі: ырас
-рас, Сарарқа-Сарыарқа т.б.

5-тапсырма. Адасқан әріптер.

а) І, м, б, л, і білім

К, р, е, м, т, е, е керемет

К, т, е, м, е, т, е текемет

С, ұ, з, а, т ұстаз

Ғ, м, л, ы, а ғалым

ә, і, п, р әріп

о, у, ш, қ, ы оқушы

ә) Білімді мыңды жығар. Фонетикалық талдау.

Мыс: Оқжетпес – Көкшетаудағы ең әдемі тау.

6-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, дауысты дыбыстың астын бір, дауыссыз дыбыстың астын екі рет сызыңдар.

Аққу

Аққу – қорғауға алынған мойны ұзын жыл құсы. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес. Қауырсыны тығыз, әрі үлпілдек, шымқай ақ түсті.

Ол ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көлдің жағасына салады. Оның бір ерекшелігі өлгенше жұптарын жазбайды.

Халқымыз аққуды киелі құс санап, оған ешуақытта оқ атпайды.

(«Қазақстан» энциклопедиясы)

«Аққу» мәтінін сызбаға түсір

hello_html_3ba8d3f2.jpghello_html_m4c1e044e.gif

 

Сергіту сәті. Сұрақ-жауап:

 а/ Қазір жылдың қай жыл мезгілі?

ә/ Көктемде неше ай бар? Олар қандай?

б/ Қазір қандай ай?

в/ Наурыз айында қандай мерекелер болады?


 Кесте бойынша әңгіме құрастыру.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Оқыта үйрету ойынын ойнау: «Даналық ағашы».

hello_html_m634b3daa.gif hello_html_62f8395a.jpg

а) Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Оқушылар дауысты дыбысқа тән барлық қасиеттері мен түрлерін жапыраққа жазып, ағашқа іліп қояды. Сонан соң барлығы қайталап оқиды.

б) "Алтыбақан"сөзіндегі дыбыстарды пайдаланып, сөздер құрау.

Үлгі: алты, алтын, ала, т.б.

6. Сабақты қорыту.

Мен бұл сабақ жоспарын жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық (Қосымова Г., Дәулетбекова Ж.) пен диктанттар мен мазмұндамалар жинағын (Қыдырниязова А.) басшылыққа алу негізінде құрастырдым.

Мұндағы жаттығуларлар мен шығармашылық жұмыстар, тапсырмалар мен өзге де дамыта оқыту жұмыстары оқушылардың жас ерекшелігіне, таным-түсінігіне сай құрастырылып, олардың ойлау қабілеттері мен ой-қиялына ерекше әсер етті деп есептеймін. Өйткені, сабақ жоспарында оқулықта берілген барлық деңгейлік тапсырмалар мен теориялық түсініктер сараланып, сол ерекшеліктердің басты элементтері қолданылды.

Жалпы, әдістеме негізінде құрылған бұл сабақ жоспары дауысты дыбыстардың қазақ тіліндегі алатын орнын, олардың түрлері мен ерекшеліктерін нақты көрсетіп, оқушылардың тарапынан қызығушылық тудыра білді және сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

Оқушыларға айтар тілек: 

Жақсыларға жақын бол, 
Отбасыңмен тату бол. 
Ата – анаңның көзі бол, 
Сөнбейтұғын нұры бол. 
Кім болсаң да әйтеуір, 
Бірліктің туын көтерер 
Адамзаттың бірі бол, 
Туған елдің ұл, қызы бол! 

Үйге тапсырма беру:

«Фонетика» деген сөзге сөзжұмбақ, ребустар құрастыру.

Бағалау. (Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтау, сабақтан тыс қалған оқушылардың зейіні мен қызығушылығын ояту).

 



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-041782

Похожие материалы