165802
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыҚазақ тілінен сабақ әзірлемесі тақырыбы "Кірме сөздер"

Қазақ тілінен сабақ әзірлемесі тақырыбы "Кірме сөздер"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сабақтың тақырыбы Кірме сөздер

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: басқа тілден енген сөздер туралы түсінік беру;

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, жүйелі сөйлей білуге баулу;

б) тәрбиелік: тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар бойындағы адамгершілік құндылықтарды жетілдіру.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған технология.

Ұжымдық жұмыс

Сұрақ-жауап


Сабақтың көрнекілігі: кірме сөздерге арналған кесте, суреттер, компьютер, слайд.


Оқу нәтижесі: Балалар кірме сөздерді ажырата білу және қолдана білуге үйрету, оқушыларды бірлесе отырып білім алуына дағдыландыру. Оқулықтан негізгі идеяны табуға үйрету.


Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.

Сабақтың барысы:

Жылы лебіз тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Егеменді елдің бетке ұстар азаматы бол

Олай болса, балалар, сіздерді сүйкімділер, білімділер, мейірімділер тобы деп 3 топқа бөлгім келіп отыр. Топқа кімді топ басшы етіп сайлаймыз?

Балалар, біздің сабағымыз қызықты өту үшін сабағымызға дүниедегі ең әдемі адам қатысып отыр екен. Оны көру үшін тек қана өте жақсы тапсырма орындаған оқушы көре алады. Басқа балаларға не көргенімізді айтпаймыз. Сабаққа жақсы қатысып отырайық.


Қызығушылықты ояту


Интерактивті тақтадағы суретке назар аударайық


Ненің суреті бейнеленген?

Кітап, дәптер Нөкер, жарлық Кәмпит, тәрелке


Бүгінгі өтетін тақырыбымыз, балалар, кірме сөздер екен


Мағынаны тану


Жаңа сабақ.

Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады. Дүние жүзіндегі түрлі – түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір - бірімен қарым – қатынаста болады да, бір-біріне сөз аусыады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты.

Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.

Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ – Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме сөздердің саны өте көп.


I тапсырма:


3 минут ішінде кірме сөздер туралы қосымша мәліметті талқылауға беремін. Ноутбуктегі мәліметпен танысады.

I топ

Араб, парсы тілінен енген сөздер:

адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т.б.

Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды.

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

II топ

Монғол тілінен енген сөздер:

А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б.

Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б.

Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.

Жер – су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғалымдардың пікірінше Тарбағатай монғолдың «тарбаған» (суыр) деген сөзінен шыққан, «тай» тау деген сөз. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «суырлы тау» деп түсіндіріледі. Алтай «заңғар тау, алып тау» деген сөзден шыққан дейді.

Зайсан көлінің аталуы ол аштыққа ұшыраған көптеген адамдардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен байланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, мейірман» деген мағынаны білдіреді.

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).


III топ

Орыс тілінен енген сөздер:

А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.

Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.

Тарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды.

Араб, парсы, монғол тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы қалпын мүлде - өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, біржола кірігіп кеткен. Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба, гимн – әнұран.

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).


Әр топ өз аргументтерін айтады.

Әдебиетші, геогроф-тарихшы, орыс тілі маманы толықтырады.


II тапсырма:

Оқулықпен жұмыс

Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып, дәптерімізге жазайық.


I топ


Кірме сөздер

Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері

Ғұлама

Ғалым, оқымысты

Шайыр

Суырып салма ақын


(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

II топ


Кірме сөздер

Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері

Пұл

Ақша, қаржы

Пешене

Жазмыш, тағдыр



III топ


Кірме сөздер

Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері

Ғибрат

Үлгі, өнеге

Сарбаз

Жасақшы, қол,әскер


Мына кірме сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар: білім, адам, құн, талап, сабақ, Толағай, самауыр, телефон.

Оқу үйренумен санаға қонатын ақиқат жайлы түсінік.

Үйренбей білім бітпес. (мақал.)

Ойлау, сөйлеу қабілеті бар, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білетін қоғам мүшесі.

Адамнан үлкен ат жоқ,

Наннан үлкен ас жоқ. (мақал.)

Ерте кезде кісі өлтірген адам тарапынан төленетін айып, мал, төлем.

Өлтірген адам үшін құн төледі.

Белгілі бір затқа тән баға, ақы.

Сен оған жеріңнің құнын түгел төлейсің.

Ынта, ықылас, ұмтылушылық

Арман еткен баланың қайырмайық талабын.

Міндет, жауапкершілік

Әдебиет өскен сайын оқу, үйрену талаптары да тереңдей беруге тиіс.

Мектеп жүйесінде өтілетін пән және сол пәндерден оқушыларға берілетін тапсырма

Мұғалім әдебиетсабағында баланы әсемдікті ұғынуға, қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынастың сырын түсінуге үйретеді.

Толассыз соғатын жел

Тоқтамай соққан толағай,

Толастар мезгіл жеткен дүр.

(Көнерген сөз)

Түгі жоқ, тап-тақыр жалаңаш

Тау толағай көрінер тасы кетсе

Шай қайнатуға арналған оттығы іш жағынан орналасқан металл ыдыс

Әңгіме қызып отырғанда сары самаурын да быжылдап келіп қалды.

Техникалық аспаптап арқылы алыстан сөйлесетін құрал.


IIIтапсырма:

«Ең биік мұнара» салады. Ең көп кірме сөз жазады және тапқан сөздерінее синоним сөз туаып жазады, соның мұнарасы биік болып есептеледі.


I топ

Ас-тамақ, ар-ұят, дос-құрбы, қас-жау, емтиқан-сынақ, сабақ-дәріс, дәуір-ғасыр, ұстаз-мұғалім, перзент-нәресте, шәкірт-оқушы

II топ

жәшік-қорап, лампа-шам, малақай-бас киім, галош- аяқ киім, сот-төреші, пима- етік, тарелке-ыдыс

III топ

Аймақ-өңір, нөкер-уәзір, жарлық-устав, жасақ-әскер


Араб-парсы тілінен енген сөздер:

1.Ұзақ өмір сүріп, тілде көп әрі жиі қолданғандықтан, әрбір жаңа сөз бұрыннан тың мағына тудыруга үйытқы болып келе жаткан жұрттың бәріне танымал сөздер деп есептеледі. Мысалы: ас, бақыт, ар, дүние, шаруа,,ол, дос, зат, қас, батыр, г. б. -*

2. Жалпыхалыкқатаныс, әрітүсінікті бола отырыпшаруашылық пен өндірістің, түрлімамандықтыңбелгілібірсаласындабасым жұмсалатыитерминдіксипаталғанарнаулысөздер. Мысалы: емтихан, үкім, шарт, зейін, акнар, мәлімет,_кұн, мата, сабак, мұғалім, ғалым, аспап, есеп, арыз, киял, дәуір, табиғат, дәлел, маусым, т. б.



IV тапсырма:

5 минуттық эссе жазу

Қазақ тіліде кірме сөздер болмаса, тіл байлығы болар ма еді?



Мағынаны тану

Семантикалық карта


Мысалдар

Тура мағына

Омоним

Синоним

Көнерген сөз

Көп мағыналы

Ауыспалы мағына

Табу

Дисфемизм

Эвфемизм

Жаңа сөз

Кірме сөз


Күннің көзі






+







Уәзір




+









Әдемі, көрікті, сұлу



+










Ара


+











Ерке бала







+






Кілт





+








Боқмұрын








+





Сөзуар









+




Сөмке











+


Саяжай










+



Әдебиет











+


Аймақ











+



Бес жолды өлең жазу

Үйге тапсырма:

173-жаттығу

Мәтіннен, араб-парсы тілінен енген сөздерді тауып жазыңдар

Бағалау













































Оқушының аты-жөні

Ереже шығару

Оқулықпен жұмыс

Деңгейлік тапсырма «Ең биік мұнара»

Эссе жазу

Семантикалық карта

Өзін-өзі бағалау

Бірін-бірі бағалау

Қорытынды баға

















































Пай, пай, сөзі мен сазы келіскен ән екен.

Критериалды бағалау шкалалары:

Рет саны

Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпайы

1

Ереже шығару

Оқушы мысалдардың анықтамасын толық тұжырымдай алады

Оқушы мысалдардың анықтамасын жартылай тұжырымдай алды

Оқушы мысалдардың анықтамасын толық тұжырымдай алмады

1


0,5


0

2

Оқулықпен жұмыс

Жаттығу жұмыстарындағы мысалдарды толық топтап жаза алды Жаттығу жұмыстарындағы мысалдарды жартылай топтап жаза алды

Жаттығу жұмыстарындағы мысалдарды толық топтап жаза алмады

1


0,5


0

3

Деңгейлік тапсырма

«Ең биік» мұнара

Мағыналы көп кірме сөзді уақытқа сай жаза білді

Кірме сөздерді жартылай жазды

Кірме сөздер жаза алмады

1


0,5



0

4

Эссе

Эсседе сөздердің түрлері толық қамтылған, жүйелі жазылған.

Эсседе сөздің түрлері толық қамтылған, бірақ байланыс жоқ.

Эсседе сөздердің түрлері жартылай қамтылған, жүйелі жазылған

Эссе мүлде жазбаған

1



0,5




0

5

Семантикалық карта

Салыстыру кестесін толық толтырды

Салыстыру кестесін жартылай толтырды

Салыстыру кестесін жаза алмады

1

0,5

0


Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру:

Жинаған ұпайларының қосындысы

Баға

5

4

3

2-0

"5"

"4"

"3"

"2"












Общая информация

Номер материала: ДВ-520102

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и Охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.