Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілінен 7-сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар

Қазақ тілінен 7-сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мундуинова Асем Ерболатовна

Павлодар облысы,

«Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі» КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


7-сынып

Қазақ тілі пәні бойынша

деңгейлік тапсырмалар


І деңгейлік тапсырма


Өлеңді мәнерлеп оқып, есімшелерді тап.


Қой

Қорасында маңыраған,

Қозысымен жамыраған,

Қозысынан айырылса,

Аппақ, қою сүті бар,

Ақ шағала құрты бар,

Ақтылы қой жануар!


ІІ деңгейлік тапсырма

Берілген сөйлемнен негізгі етістік пен туынды етістікті теріп жаз.


Балапанның жүнін жұлғылап, жеп қоя ма, ол жағын көрген емес. Балапандарынан айырылып қан жұтты. Кейінгі жылы бұл да балапанның амандығын ойлап, сан қилы амал қолданып көрді. Алдыңғы жылы қалың орман ішіндегі елеусіз қожыр тасқа ұя салған. Балапаны да желпініп ұшуға айналған. Қырсық болғанда, балапанды ұшыруға күн тымық болды. Жел тұруын тосып бірер күн кешеуілдеп қалғанда, елең-алаңда тағы да осылар келіп ойран салды. Олар аттанғанда, қаңыраған ұя балапанның иісі ғана қалған болатын.


ІІІ деңгейлік тапсырма

ІІ деңгейде берілген мәтінді қалай аяқтар едің?


7-сынып

Қазақ тілі

І деңгейлік тапсырма

Төмендегі мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мазмұндарына талдау жаса және жаттап ал.

Есімшені тауып, тәуелді, септе және жікте.


Қатарынан озатын ұл биікте жүреді,

Ез атанып тозатын ұл иықта жүреді.

Ат қадірін білмеген

Есек етер көлігін.



ІІ деңгейлік тапсырма

Етістіктің шақ түрін анықта.


Бұлағы әр бұтадан бастау алып, сыдыр қағып жатқан Асусай аңғарын талай көш шырмаған. Жаз – жайлауға, күз – күздеуге көшіп, қой айдап өтетін кең кемер ауылдан басталып, сонау көк майса Майтөбеге жалғасады. Осы терең сайдың табаны қос қапталып жамырай аққан мың сан бұлақ басын құрап барып, еңіске құлайды да, бара-бара үлкен Ұзынағаш өзенін құрайды. Ал осының сонау ақ басты болып тауға тірелер тұйығы текшеленіп барып бітеді.


ІІІ Деңгейлік тапсырма

Есімшенің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықта.


Көзінің тірісінде ескерткіш орнатылған адамдар тарихта бірлі-жарым, ал жылқы баласында мұндай атақ-даңққа жеткен жалғыз Абсент қана. Бірақ қазақ жылқысы мен ақтеке тұқымынан өсірілген, дүниежүзінде Қазақстанның даңқын жайып, елдің мерейі болған Абсент өмір бойы өз жерімізде қалды. Одан талай ұрпақ тарады.



7-сынып

Деңгейлік тапсырмалар


І деңгейлік тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқып, есімшелерді тап.


Қой

Қорасында маңыраған,

Қозысымен жамыраған,

Қозысынан айырылса,

Аппақ, қою сүті бар,

Ақ шағала құрты бар,

Ақтылы қой жануар!


ІІ деңгейлік тапсырма

Берілген сөйлемнен негізгі етістік пен туынды етістікті теріп жаз.


Балапанның жүнін жұлғылап, жеп қоя ма, ол жағын көрген емес. Балапандарынан айырылып қан жұтты. Кейінгі жылы бұл да балапанның амандығын ойлап, сан қилы амал қолданып көрді. Алдыңғы жылы қалың орман ішіндегі елеусіз қожыр тасқа ұя салған. Балапаны да желпініп ұшуға айналған. Қырсық болғанда, балапанды ұшыруға күн тымық болды. Жел тұруын тосып бірер күн кешеуілдеп қалғанда, елең-алаңда тағы да осылар келіп ойран салды. Олар аттанғанда, қаңыраған ұя балапанның иісі ғана қалған болатын.


ІІІ деңгейлік тапсырма

ІІ Деңгейде берілген мәтінді қалай аяқтар едің?



7-сынып

Қазақ тілі

І деңгейлік тапсырма

Төмендегі мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мазмұнына талдау жаса және жаттап ал.

Есімшені тауып, тәуелді, септе және жікте.


Қатарынан озатын ұл биікте жүреді,

Ез атанып тозатын ұл иықта жүреді.

Ат қадірін білмеген

Есек етер көлігін.



ІІ деңгейлік тапсырма

Етістіктің шақ түрін анықта.


Бұлағы әр бұтадан бастау алып, сыдыр қағып жатқан Асусай аңғарын талай көш шырмаған. Жаз – жайлауға, күз – күздеуге көшіп, қой айдап өтетін кең кемер ауылдан басталып, сонау көк майса Майтөбеге жалғасады. Осы терең сайдың табаны қос қапталып жамырай аққан мың сан бұлақ басын құрап барып, еңіске құлайды да, бара-бара үлкен Ұзынағаш өзенін құрайды. Ал осының сонау ақ басты болып тауға тірелер тұйығы текшеленіп барып бітеді.


ІІІ деңгейлік тапсырма

Есімшенің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықта.


Көзінің тірісінде ескерткіш орнатылған адамдар тарихта бірлі-жарым, ал жылқы баласында мұндай атақ-даңққа жеткен жалғыз Абсент қана. Бірақ қазақ жылқысы мен ақтеке тұқымынан өсірілген, дүниежүзінде Қазақстанның даңқын жайып, елдің мерейі болған Абсент өмір бойы өз жерімізде қалды. Одан талай ұрпақ тарады.



7-сынып

Қазақ тілі

Деңгейлік тапсырмалар


І деңгейлік тапсырма

Етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жаса.


Ішінде Мөңке, Дос, Рай бар. Балықшылар күн қабағына қарап, көңіліңдегі қорқынышын айта бастады:

  • Байқайсыңдар ма, күн бұзылып барады-ау.

  • Иә, түрі жаман.

  • Сөз жоқ, дауыл болады.

  • Жасыратын несі бар. Мұз әлсіз.

  • Жел арқадан шықса, аяқтай мұзды алады да кетеді.


ІІ деңгейлік тапсырма

Есімше тұлғалы етістіктерді тауып, оларды тәуелде, септе, және жікте.


Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,

Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.

Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,

Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.


ІІ деңгейлік тапсырма

Етістіктің шақ түрін анықта.


Бұлағы әр бұтадан бастау алып, сыдыр қағып жатқан Асусай аңғарын талай көш шырмаған. Жаз – жайлауға, күз – күздеуге көшіп, қой айдап өткен кең кемер ауылдан басталып, сонау көк майса Майтөбеге жалғасады. Осы терең сайдың табаны қос қапталынан жамырай аққан мың сан бұлақ басын құрап барып, еңіске құлайды да, бара-бара үлкен Ұзынағаш өзенін құрайды. Ал осының сонау ақ басты болып тауға тірелер тұйығы текшеленіп барып бітеді.


7-сынып

Қазақ тілі


Деңгейлік тапсырмалар


І деңгейдің тапсырмалары:

1) Сөйлем дегеніміз не?

2) Синтаксис дегеніміз не?

3) Сөз тіркесіне түсінік бер


ІІ деңгейдің тапсырмалары:

  1. Төмендегі сөз тіркесінен басыңқы мен бағыныңқы сыңарын анықтап, бағыныңқы

сыңарға сұрақ қой

Осы үй, шам жағылды, ауылдың баласы, оқылған кітап, ауылдан алыстай бергім

келді, теріс қарап отырған қыз


  1. Берілген сөз тіркестерінің қайсысы жай тіркес, күрделі сөз тіркесі және тұрақты

тіркес екенін ажырат

Міз бақпау, қыпша бел, жеңіл жүк, қара торы бие, болат найза, тіс жармады


ІІІ деңгейдің тапсырмалары:

  1. Сөздің байланысу тәсілдеріне не жатады? Сызбаға түсіріп, мысал келтір

  2. Қиысу дегеніміз не?

  3. Төмендегі сөйлемдерден қиыса байланысқан сөз тіркесін теріп жаз

Шәкет сырнайын әперді. Отырғандар аузын ашып аңырады. Әнші жіберді. Лебізі

құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты. (Ж.Аймауытов)


7-сынып

Деңгейлік тапсырмалар


І деңгейдің тапсырмалары:

1) «Сөйлем» мен «синтаксиске» ұғымына түсінік бер

2) Сөз тіркесін құрып, бағыныңқы сыңарға сұрақ қой. Құрылған сөз тіркесіңде жай тіркес, күрделі тіркес пен тұрақты тіркестер қолданылсын.

3) Сөз тіркесі дегеніміз не?


ІІ деңгейдің тапсырмалары:

  1. Сөздің байланысу тәсілдеріне не жатады? Сызбаға түсіріп, мысал арқылы дәлелде

  2. Берілген сөйлемдерден сөз тіркесін анықтап, сөздің байланысу тәсілдерін ажырат


ІІІ деңгейдің тапсырмалары:

  1. Қиыса байланысқан сөз тіркесіне мысал келтір

  2. Қиысу дегеніміз не?

  3. Төменде берілген сөйлемдерден қиыса байланысқан сөз тіркесін анықта

Жас қыз атып тұрды. Үлкені бой жеткен қыз екен. Ол сыпайы қозғалып, теріс қарап

отырып киіне бастады. Бұрымы толық, шашы қою көрінді. Мен шешінейін деп қайыс белбеуімді ағыта бергенде, қойнымдағы көк ала кәмпиттерім домалап-домалап жерге түсті. Домалақ ащы құрт тіпті әрірек кетті. (Ғ.Мүсірепов)


7-сынып

Деңгейлік тапсырмалар


І деңгейдің тапсырмалары:

1) Сөйлем, синтаксис, сөз тіркесі ұғымдарына түсінік беріп, мысал келтір.

2) Жай тіркес пен күрделі сөзді, тұрақты тіркесті бір-бірінен қалай ажыратасың? Салыстыр


ІІ деңгейдің тапсырмалары:

  1. Сөйлемнің байланысу тәсіліне не жатады? Мысал арқылы дәлелде

  2. Қиыса байланысқан сөз тіркесіне түсінік бер. Мысал келтір


ІІІ деңгейдің тапсырмалары:

  1. Мәтіннен сөздің байланысу тәсілін анықта

...Жалпақ жаз. Сай-салада сағым ойнаған саршаның тамызы. Саясыз жайлаудың жан

жануары көлге тығылып қана сая табады. Күн көзінің өзі де күн ұзын көлге шомылып жанын сақтайтындай... (Ғ.Мүсірепов).


  1. Мәтіннен қиыса байланысқан сөз тіркесін теріп жаз

Қазақ баласы атының оттағанына қарсы болғаны бар ма, мен оның ауыздығын алдым.

Шабдар байтал тұғжыңдап қар тепкен сайын ер-тоқымы иығына қарай жылжи түседі. (Ғ.Мүсірепов)




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров155
Номер материала ДБ-030084
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх