Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы

Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ СОР_Қазақ әдебиеті_5кл.pdf

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

 

Қазақ әдебиеті  (оқыту қазақ тілінде)

5-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9сыныптары) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.  

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. 

 

 

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

  

 

 

 

             

Мазмұны 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР     4

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау....................................................... 4

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР............ 10

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау............................................. 10

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР............ 16

      «Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау...................................... 16

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР............ 20

      «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............................................. 20

 

 

             

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Тақырып 

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы,

«Қобыланды батыр» жыры

 

Оқу мақсаты

А/И2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау Б/С2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

 

Бағалау критерийі 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының

деңгейі

 

Білім алушы

      Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды

      Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды 

 

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

 

1-тапсырма

Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың негізгі ойын, көзқарасын анықтаңыз.

 

 Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері туралы айтқанына талдау жасаңыз. 

Асан қайғының сыны

Қандай қасиеттер туралы айтады?

Автор қандай адам?

Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола алмас», - деген екен.

 

 

Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.

 

Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», - депті.

 

Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» - депті.

 

Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас!» - деп жүріп кетіпті.

 

 

 

2-тапсырма

«Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.

 

«Қобыланды батыр» жырындағы батыр

бейнесінің ерекшелігін

сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері

Ортақ белгілері 

(ұқсастықтары)

 

Қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін

сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл 

Білім алушы

Шығармадағы автордың  бейнесіне талдау жасайды.

 

1

шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтайды;

1-қасиет

2-қасиет

3-қасиет

4-қасиет

5-қасиет

 

 

1

1

1

1

1

үзінділер бойынша автор бейнесіне 3-5 сөйлеммен қорытынды жасайды;

1

Шығарма

кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды.

2

жырдағы батырдың әрекеттері және оны  сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

1

қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттайды;

1

 

екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табады.

1

Барлығы                                                                                                                                     9   

 




«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

«Қобыланды батыр» жыры

Оқу мақсаты

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау 5.А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығарманың басты тақырыбы  мен негізгі ойын анықтайды

      Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

«Екі жақты түсіндірме күнделігі» арқылы «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Кестенің сол жағына мәтіннен тақырыбы мен идеясына байланысты (шығарма бойынша) үзінділер жазыңыз. Оң жағына үзінділердің түсіндірмесін өз сөзіңізбен жазыңыз.

Жырдан  үзінді  (цитата)

Түсіндірме

(неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды болды)

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы

 

Идеясы

 

2-тапсырма

Жырдан  төмендегі сөздердің тура мағынасын анықтаңыз, жазыңыз.

Ауыспалы мағыналы сөз

Тура мағыналы сөз

Бейнелеуіш құрал түрі

Қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты.

 

 

Жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті.

 

 

Арыстанның апандай аузын көреді.

 

 

Қараңғылық серпіліп жүре бергенде...

 

 

Құстай ұшып, құйғытып барады.

 

 

7

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың басты тақырыбы  мен негізгі ойын  анықтайды

1

жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділер табады;

1

үзінділердің мағынасын өз сөзімен айтады;

1

үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

1

Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады

2

берілген сөздердің тура мағынасын анықтайды;

1

бейнелеуіш құрал түрін анықтайды.

1

Барлығы

 

 

5

8

 

 



2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт»

Оқу мақсаты

5.А/И1. Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу 5.Б/С3 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады

      Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасап, әдеби эссені жүйелі жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

 «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінен цитаталар келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұл мен ағасының образдарын салыстырыңыз.

Кейіпкерлер

Кейіпкерлер іс-әрекетінен цитаталар

Екі кейіпкердің образдарына  салыстыру (айырмашылығы мен ұқсастығына) жасаңыз. 

Қыпшақ Сейітқұл

 

 

Сейітқұлдың ағасы

 

 

2-тапсырма 

Суреттерге назар аударып, «Атымтай Жомарт» туралы әңгіме үзіндісін оқыңыз. Осы шығармадағы автордың ойын жалғастырып, «Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?» тақырыбында әдеби эссе (сөз саны - 60-70)  жазыңыз.

 

 

«Атымтай Жомарт» әңгімесі

1

   «Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:

– Жомарт, құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйте тұрып, өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың

10

 

2

мағынасы не? – деп.  Жомарт айтты дейдi:...»

 

 

3

 

 

4

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді  ажыратады

1

шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табады;

1

Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына  талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады

2

эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдайды;

1

эссе құрылымын, сөз санын  сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны -60-70);

1

стильді (көркем әдеби) орынды қолданады.

1

Барлығы

 

 

4

11

 



«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекеті арқылы образын ашу

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын сипаттайды

      Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша жеткізеді

Білу және түсіну

Орындау уақыты

1-тапсырма

15-20 минут

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз (2-3 сөйлем).

Кейіпкер портреті 

(Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары

Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау

Жапанға біткен жапырақ, Жамылсаң тоңар ма екенсің? Жазғы шыққан бүлдірген,

Сұғынсаң тояр ма екенсің?

 

Бадана көз, тоғыз тор, Сауыт киер ме екенсің? Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің?

 

Тұлпар атты жаратып,

Құйрық-жалын таратып,

Сырты қырлы, жүзі алмас, Сапы асынар ма екенсің?

 

Тең құрбымен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып, Керсеніне бал құйып,

Өмірде сүрер ме екенсің?

 

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің, Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің, әлі, жетерсің.

 

13


2-тапсырма

Өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, жетім бала Ақтан жасқа (50 сөз көлемінде) хат жазыңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

1

мәтіндегі кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдай отырып, 2-3 сөйлеммен қорытып жазады;

1

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

2

шығармадан алған әсерін сипаттап жазады;

1

хат құрылымын сақтап жазады;

1

сөз санын  (50 сөз) сақтайды.

1

Барлығы

 

 

4


 



3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Оқу мақсаты

5. Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Шығарманы сюжеттік желісі бойынша ретімен орналастырады

      Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді

Білу және түсіну

Орындау уақыты

1-тапсырма

15-20 минут

Шығармадағы сюжеттер желісіне қарай оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.

Оқиғалар

Реті

Өле-өлгенше бұл дүниеден шешесін мың бейнеден іздесе де мәңгі бақи таба алмай, арманда өтетін шығар…

 

Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Қалидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес.

 

Қали костюмге көз қиығын немқұрайды тастады да, миығынан күлімсіреді.

 

Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді.

 

Орындық арқалығын желкесіне жастап, басын артқа тастап жіберді де, көзін жұмды.

 

Ауыл есіңде ме? Көкем, мен… Қалғұты… тау, қалың орман есіңде шығар?

 

Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін...

 

Мереке қарсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді.

 

2-тапсырма

Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақ

Жауап

 

Қали Манап әкелген костюмді неге киіп көрмеді?

 

 

Қали балалар үйінде немен айналысады?

 

 

Манап неліктен Қалиды балалар үйіне тапсырған еді?

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың сюжеттік желісі бойынша реті мен орналастырады

1

шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін белгілейді;

1

Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді

2

берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап береді.

1

1

1

Барлығы

 

4

 



«Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5. А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

5.Б/С 2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат жазады, құрылымын сақтайды

      Өмірмен байланыстырады

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Ақынның «Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім...» деген өлең жолдарындағы басты ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, замандастарыңызға арнап хат жазыңыз. Шынайы өмірмен байланыстырыңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат  жазады, құрылымын сақтайды

1

хат құрылымын сақтайды;

1

кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізеді;

1

негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына  өмірден  дәлелдер келтіреді;

1

қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырады;

1

Өмірмен байланыстырады

шынайы өмірмен байланыстырады.

1

Барлығы

5

 



4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?" әңгімесі

Оқу мақсаты

Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Әдеби шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады

Білу және түсіну

Орындау уақыты

Тапсырма

15-20 минут

«Автор           орындығын»            пайдаланып,             «Нағыз          әже      қайда?»          әңгімесі бойынша кейіпкерлер атынан мәнерлеп, жатқа үзінді оқыңыз.

Нұсқау: Білім алушылар жасырылған кейіпкерлер атын таңдап алады. Өзіне тиесілі кейіпкерді рөлге ене отырып, дауыс нақышына салып, мәнерлеп (монолог) жатқа оқиды.

Кейіпкерлер:

1.      Ая (автордың 1-қызы)

2.      Райхан (автордың 2-қызы)

3.      Азат (автор)

4.      Жолдас (досы)

5.      Азаттың әйелі

Мысалы: Азаттың әйелі (Жақсы кісілер. Тіпті айтары жоқ, оңды адамдар. Асты-үстімізге түсіп, жандары қалмай жүгіріп жүр. Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.)

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа  айтады

1

жасырынған кейіпкерді таңдайды;

1

кейіпкер рөліне енеді;

1

үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады.

     1

Барлығы

 

 

3

 



«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау Б/С 3.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды

      Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

1-тапсырма

15-20 минут

«Мексика ұлы» әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суретпен сәйкестендіріңіз. 

 

«Мексика ұлы» әңгімесі бойынша үзінділер

Суреттер

А

 Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана шиыршық атып  тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол «ә» дегеннен-ақ Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп жіберді. Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды. 

1    

Ә

Дауыл толқынтқан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңға келе жатқан Дэнни Уордты көрді.

2

Б

Спайдер Ховерти Ривераның тоқыма көйлегін басынан сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Рас, бұлшық еттері оның бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай қалды.

3   

В

Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Жұдырықтар дауылы күрт тынды да, Ривера рингте жалғыз қалды. Дэнни, қаһарлы да даңқты Дэнни шалқасынан түсіпті. Ол теңселіп барып немесе тізерлей барып, жайлап жантая құламады, мұрттай ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы баудай түсірген екен. 

Джек Лондон. «Мексика ұлы»  http://bilimland.kz/ 

4   

2-тапсырма

Кейіпкерге сыни тұрғыдан баға бере отырып, 35-40 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды

1

әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) ажыратады, суретпен салыстыру арқылы анықтайды;

1

берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіреді.

1

Кейіпкерді

ерекшелігіне талдайды

2

кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады.

1

1

1

Барлығы

 

 

 5

23


 




Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды. 

Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т.2,94. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ СОЧ_Қазақ әдебиеті_5кл.pdf

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық  бағалаудың спецификациясы

 

5-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

Мазмұны

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты................................................................................ 3

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар.......................................... 3

3. Күтілетін нәтижелер........................................................................................................................... 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі............................................................................................................. 4

5.  Жиынтық бағалауды өткізу ережесі................................................................................................... 5

6.  Модерация және балл  қою................................................................................................................ 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ......................................... 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ....................................... 10

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ....................................... 13

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ....................................... 19

 

 

             

1.  Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

 

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. 

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 

  

 

2.  Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

             

 «Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы  (5-9 сыныптар) 

 

3.  Күтілетін нәтижелер

1)                       әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әр түрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;

2)                       ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;

3)                       әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени ісшараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;

4)                       оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әр түрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің ісәрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;

5)                       көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әр түрлі жоспарлар құру үшін; әр түрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;

6)                       оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.

4.  Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары ның деңгейі 

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Түсіну және жауап беру 

Білу және түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-                      әдебиеттің даму кезеңдерін, шығармалардың мазмұнын біледі; - әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді

біледі;

-                      өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі;  - ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін түсінеді;

-                      әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді;

-                      түрі мен жанрын, шығарманың

тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді.

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Анализ және интерпрета ция

 

Қолдану 

 

 

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

-                      хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындайды; 

-                      жазбаша әңгіме құрастырады, диалог дайындайды;

-                      кейіпкерге мінездеме береді, пікір дайындайды, мәтін құрастырады, көркем шығармаларды бағалайды; 

-                      пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысады;

-                      білім, білік және дағдыларды қолданады;

-                      терминдер мен ұғымдарды, шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады.

Қысқа жауапты қажет ететін

ашық

сұрақтар 

 

Бағалау және салыстыру

Жоғары деңгей дағдылары

 

-                      өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдайды;

-                      түрлі жанрдағы шығармаларды, тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет ерекшеліктерін салыстырады;

-                      шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін стильдік ерекшеліктерді талдайды; - әлем әдебиеті туындыларымен салыстырады;

-                      фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстырады; 

-                      жоспар  құруда, мәтін құрастыруда білім, білік, дағдыларын жинақтайды;  - құндылықтарды басқа да халықтардың құндылықтарымен байланыстырады; - композициялық, стильдік тұтастығын, тілдік ресімделуін бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

 

5.    Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.   

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.   

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.  

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. 

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.  

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.  

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

 

6.    Модерация және балл  қою

 

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

             

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 

Жиынтық бағалауға шолу  1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім 

Тақырып 

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Түсіну және жауап беру

«Керқұла атты Кендебай»

ертегісі 

 

«Қобыланды

батыр» жыры

 

Асан          қайғы 

«Асан қайғының жерге             айтқан

сыны»

Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен

сюжеттік дамуын сипаттау

 

Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

 

Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекеті арқылы  образын ашу

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

5

 

Анализ және интерпретация

А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

 

А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Қысқа жауапты қажет ететін ашық

сұрақтар 

 

 

10

Бағалау және салыстыру

Б/С1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

 

Ұзақтығы: 40 минут 

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны:  20 Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

 

Жиынтық бағалаудың  құрылымы

             

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған. 

 

 




Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

 

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

1.    «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбын атаңыз. 

А. әділдік 

В. батырлық

С. махаббат Д. ынтымақ

[1]

2.    Батырлар жыры әдебиеттегі қандай  жанрға жататынын анықтаңыз.

А. драмалық 

В. лирикалық

С. трагедиялық Д. эпостық

                                                                                                                                                                                                                [1]

3.    «Бұл не қылған дауыс?» деп, Қобыландының Естемістен сұраған сұрағына Естемістің жауабын табыңыз.

А. ... Бұл сапарға бармасын, Бұл олжадан алмасын.

В. ...Тақымға салып сүйретіп, Қабырғасын күйретті.

С. ...Теңгені атып түсірген, Құртқаны сұлу сол алар. Д. ...Көктім Аймақ патшасы, Кезекті бұған береді.

[1] 4. « - Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны - өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды...» деген үзінді ертегінің қай бөлігі екенін анықтаңыз.

А. Кендебайдың аралға баруы.

В. Кендебайдың биені күзетуі.

С. Баланың ата-анасымен қауышуы.

Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы.

[1]

5.                  «... Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз», - дейді. Әңгімедегі қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңыз.

А.хан

В. кемпір

С. екі бала

Д. жетім бала

[1]

6.                  Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі ерекшеліктерді анықтаңыз, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

7.                  Қарлығаның Қобыландыға көмектесуі дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

8.                  Кендебай батырдың бойынан қандай ерекшеліктерді көре алдыңыз? Өз көзқарасыңызды 34 сөйлеммен білдіріңіз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

9.                  Шығармада «Асан қайғы Желмая мініп желдіртіп,Сарыарқаны аралап жүргенде жерге айтқан сындары мынау екен...» делінген. Асан қайғының жерге айтқан сындарымен келісетіндігіңізді немесе келіспейтіндігіңізді білдіре отырып, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

10.              «Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті...» деген үзіндідегі ертегіге тән сипаттарды анықтаңыз. Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

11.              «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызындағы автор идеясын анықтап, сараптама жасаңыз. 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды дәлелдеп, жазба жұмысын жазыңыз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

 

№ 

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

В

1

 

2

Д

1

3

С

1

4

В

1

5

В

1

6

Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі сыншылдық қасиеттерін анықтайды. 

1

 

 

Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

7

Қарлығаның іс-әрекетіне баға береді. 

1

Өз көзқарасын білдіріп, 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады.

1

8

Кендебайға мінездеме береді.

1

Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

9

Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді.

1

Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

10

Ертегіге тән сипаттарды анықтайды. 

1

Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.

1

11

Шығармадағы автор идеясын анықтайды.

1

Жазба жұмысында Асан қайғының жерге айтқан сындарына сараптама жасалынады. Жерлердің шаруаға жайлы, жайсыз жақтарын айтқан тұстарын анықтайды, аңыздан мысал келтіріп, дәлелдейді. 

Мәтіннен дәлел келтіреді.  

1

Аңыздағы Асан қайғының жерге айтқан сынын сараптайды.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысының көлемін сақтайды.

1

9

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 

Жиынтық бағалауға шолу 

 

2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы 

Бөлім 

Тақырып 

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Түсіну және жауап беру

Дулат

Бабатайұлы «О,

Ақтан жас,

Ақтан жас»

 

Ыбырай

Алтынсарин

«Қыпшақ

Сейітқұл»

 

«Атымтай

Жомарт», «Дүние             қалай етсең табылады?»

Т/Ж1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы  образын ашу 

 

Т/Ж4. Көркем шығармалар дан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

5

 

Анализ және интерпретация

А/И1 Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарамақарсы  суреттеулерді табу.

 

А/И3. Шығармадағы тілдік

бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Қысқа жауапты қажет ететін ашық

сұрақтар 

 

 

10

Бағалау және салыстыру

Б/С3. Шығарма дағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

 

Ұзақтығы: 40 минут 

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны:  20 Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

 

Жиынтық бағалаудың  құрылымы

             

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған. 



Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

1.«Дүние қайтсең табылады» әңгімесінің негізгі идеясын анықтаңыз. 

А. еңбекті сүю

В. елді қорғау

С. байлықты табу

D. туған жерді аялау

[1]

2. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.» Берілген үзіндідегі асты сызылған сөз тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыз.  А  артта қалмау

 В. баяу жүрмеу

 С. ешқайда бармау

 D. ешкімге жеткізбеу           

            [1] 3. «Бадана көз, тоғыз тор

Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сөздер қандай көркемдегіш құрал екенін анықтаңыз.

А. кейіптеу

В. метафора

С. теңеу

D. эпитет

[1]

 

4. «... Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады.» Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.

А. «Атымтай Жомарт»

В. «Дүние қайтсең табылады?»

С. «Қыпшақ Сейітқұл»

D. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

[1]

 

5. «...Ісім нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки сол дүкеннің иесі болдым, - деді.» Үзінді әңгіменің қай бөлігіне жататынын анықтаңыз. А басталуы

В. дамуы С. шешімі

D. шиеленісі

[1]

 

6.   «О, Ақтан, жас, Ақтан жас» өлеңінде жігіттің даңқын шығарып, оны мақсатына жеткізетін бір жол бар...» Автор пікіріне қолдау білдіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

_____________________________________________________________________________

[2]

7.   Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер еткенін тұжырымдап, өз пікіріңізді

3-4 сөйлеммен білдіріңіз.

_____________________________________________________________________________

[2]

8.   Автор өлеңді неліктен Ақтан жасқа арнаған, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.

_____________________________________________________________________________

[2]

9.«Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды..» Сейітқұлдың бұл іс-әрекетіне баға беріп, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

_____________________________________________________________________________

[2]

10. «...әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi.» деген Атымтай Жомарттың айтқан ойына 3-4  сөйлеммен өз пікіріңізді білдіріңіз.  _____________________________________________________________________________

[2]

11.«Антон өміріндегі тіленшіліктің зияны мен еңбекпен тапқан байлықтың пайдасы» туралы негізгі ойға қатысты өз көзқарасыңызды тұжырымдап, (сөз саны - 80-90) эссе  жазыңыз. 

_____________________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

 

№ 

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1

 

2

Д

1

3

С

1

4

С

1

5

С

1

6

Өлеңнен дәлелдер келтіреді. 

1

 

 

Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

7

Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің берген ақылын анықтайды.

1

Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.

1

8

Өлең идеясын анықтайды.

1

Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

9

Қыпшақ          Сейітқұлдың іс-әрекетіне             баға береді.

1

Өз көзқарасын 3-4   сөйлеммен білдіреді.

1

10

Атымтай Жомарттың пікірін сараптайды.

1

Өз пікірін 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

11

Шығармадағы басты мәселені анықтайды.

1

Тіленші Антонның еңбек ету арқылы байлыққа кенелуі туралы автор идеясын анықтайды. Идеяға қатысты өз көзқарасын білдіре отырып, эссе жазады.

Мәтіннен дәлел келтіреді.  

1

Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысының көлемін сақтайды.

1

 

 

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 

Жиынтық бағалауға шолу 

13

 

3-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы 

Бөлім 

Тақырып 

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Түсіну және жауап беру

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,  «Адамдық диқаншысы»

өлеңі 

 

 «Б.Соқпақбаев «Менің атым

Қожа» хикаяты

 

М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

 

 

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

5

 

Анализ және интерпретация

5.А/И2. Эпикалық шығармадағы автор

бейнесін анықтау

 

А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарамақарсы  суреттеулерді табу

Қысқа жауапты қажет ететін ашық

сұрақтар 

 

 

10

Бағалау және салыстыру

Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

 

Ұзақтығы: 40 минут 

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны:  20 Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

 

Жиынтық бағалаудың  құрылымы

             

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған. 

 

 


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

1.    Ақын «Егіннің бастары» өлеңінде адамның  әрекетінен  нені тұспалдайтындығын табыңыз. А. мінезін

В. сымбатын

С. киімін

Д. шашын

[1]

 

2.    «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер...» деген кімнің сөзі екенін табыңыз.

 А. Жантас

 В. Жанар

 С. Даулет Д. Сұлтан

                                                                                                                                                                                                                [1]

 

3.    «Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

 Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,               

Көңілін көгертуге құл халықтың...» деген өлең жолдарынан ақынның нені үндегісі  келетінін аңғаруға болады?

А. халықты еңбек етуге  

В. халықтың мінезін өзгертуге

С. халықты сауатты болуға

Д. халықтың болашағын ойлауға

[1]

 

4.    «Мұғалімдердің алды тысқа шығып үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің түбінен өтіп барады. «Қадыров түбінде адам болатын бала» деді...» кімнің сөзі екенін табыңыз.

А. Ахметов 

В. Михайлова

С. Майқанова Д. Оспанов

[1]

 

5.    М. Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесінде оқиға желісінің қалай аяқталатындығын табыңыз. А. Қали ағасымен қимай қоштасты.

В. Манап інісімен қоштасып, вокзалға қарай кетті.

С. Інісі мен ағасы арасындағы әңгіме жарасымын тапты. Д. Манап інісін балалар үйінен өзімен бірге алып кетті.

[1]

 

6.    «Бауыр» әңгімесінде Манап інісіне әкесінің қазасы жайында салт-дәстүрді қалай сипаттап

жеткізетіндігі           жайлы           өз           ойыңызды           3-4           сөйлеммен            білдіріңіз.   

____________________________________________________________________________ 

____________________________________________________________________________

[2]


7.    «Әй, Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойыңда кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатырау...» Қожаның Сұлтан жайлы айтқан үзіндісін оқиғаға қатысты дәлел келтіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. 

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

8.    «Егіннің бастары» мысалындағы автордың «... Қалпы емес, тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам» деген ой түйініне өз көзқарасыңызды 3-4  сөйлеммен білдіріңіз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

 

9.    Неге Ахмет Байтұрсынұлы өзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды? Өз ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

 

10.«Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың мінез-құлқы, өмірге көзқарасы жайлы не айтар едіңіз? Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[2]

 

11.«Қайтсін кіндігі бір болса да, өскен ортасы басқа. Адам жаңа қалпақ екеш қалпақты да байқап-байқап киеді. Жер астынан шыққан желім батырдай жабыса кеткен ағасын жатсынып отыр ғой...» Манаптың осы ойына өз көзқарасыңызды білдіріп,  100-120 сөз көлемінде эссе жазыңыз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

 

№ 

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1

 

2

Д

1

3

Д

1

4

С

1

5

В

1

6

«Бауыр» әңгімесінде Манап інісіне әкесінің қазасынан кейін басына зират тұрғызғанын әңгімелейді.

Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

Қазақ салт-дәстүрлері жайлы (әке қазасын еске алу, басына құран оқу т.б.) білуі ескеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Тәкаппарлық мінез жөнінде айтуы мүмкін.

 

1

7

Қожаның Сұлтан жайлы айтқан  оқиғасына қатысты дәлелдер  келтіреді.

1

Өз ойын  3-4 сөйлеммен білдіреді. 

1

8

«Егіннің бастары» мысалындағы автордың «... Қалпы емес,

тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам» деген  ой түйінінде

1

 

адамның мінезі жайлы айтады.

 

 

 

 

 

 

Қалидың мінезіндегі өзгешеліктер (- Спасибо. Как тебе?) өз ана тілінде сөйлемеуі, тік мінезділігі т.б. дәлелдер келтіреді.

 

 

Өз көзқарасын 3-4  сөйлеммен білдіреді.

1

9

Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді.

1

Өз көзқарасын 3-4   сөйлеммен білдіреді.

1

10

«Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың мінезқұлқы, өмірге көзқарасы жайлы әңгіме бойынша дәлелдер келтіреді.

1

Өз        тұжырымын   3-4       сөйлеммен түйіндейді.

1

11

Шығармадағы басты мәселені анықтайды.

1

Эссе тақырыбында  балалар үйіндегі жетімдердің тағдыры басты мәселе ретінде қозғалады. Олардың өз туғантуыстарынан ажырап қалуының басты себебін анықтайды.

«Бауыр» әңгімесінен дәлелдер келтірілуі тиіс.

Мәтіннен дәлел келтіреді.  

1

Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Эссе көлемін сақтайды.

1

 

             

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 

Жиынтық бағалауға шолу 

 

4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы 

 

Бөлім 

Тақырып 

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Түсіну және жауап беру

Т.Нұрмағамбето в «Анасын сағынған бала» әңгімесі

 

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже

қайда?" әңгімесі 

 

Д.              Лондон

«Мексика     ұлы»

әңгімесі

Т/Ж3. Көркем

шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті

арқылы  образын ашу

 

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

5

 

Анализ және интерпретация

А/И2. Эпикалық шығармадағы автор

бейнесін анықтау

 

А/И3. Шығармадағы тілдік

бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Қысқа жауапты қажет ететін ашық

сұрақтар 

 

 

10

Бағалау және салыстыру

Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

 

Ұзақтығы: 40 минут 

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны:  20 Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

 

Жиынтық бағалаудың  құрылымы

             

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған. 




 

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

1. «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі Есмағамбеттің бала алдында өзін кінәлі сезіну себебін анықтаңыз.

 А. балаға шындықты айта алмауынан

 В. балаға қамқор бола алмауынан

 С. балаға дұрыс тәрбие бере алмауынан

Д. балаға берген уәдесін орындамауынан

[1]

2.Шығарманың «Мексика ұлы» деп аталу себебін табыңыз.

 А. ақша үшін, ақшаға негізделген жеңіл өмірі үшін 

 В. өмірге құштарлығы, ерлік пен адамгершілігі үшін

 С. қайтпас-қайсарлығын танытқаны, шеберлігі үшін

Д. елінің аянышты тұрмысы, аяққа тапталған ар-намысы үшін

 [1] 3. «Үстіне су жаңа ақ футболка киген төрт жасар шамасындағы ер бала арнайы тіреу ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы көлеңкесінің бір шетінде құммен ойнап отыр екен. Қолында ойыншық  күрек... ойыншық шелек...» үзіндіден кейіпкер бейнесін анықтаңыз.  А. Балмағамбет 

В. Есмағамбет

С. Сағынай  Д. Сержан

[1]

4.                  « Мексика ұлы» әңгімесіндегі Ривераның рингтегі басты қарсыласын табыңыз. А.  Дэнни

В.  Келли

С.  Роберт 

Д.  Росалью

[1]

5.                  «Өз ұлының төрі болғандықтан ба, шешей қала адамдарының ортасында, салтанатты дастарқанның басында еш қысылып-қымтырылатын емес. Жарықтық біздің әжелеріміз бұ кісінің қасында дүниеден түк қызық көрмей, бос өткен екен ғой әншейін...» осы үзіндіден кейіпкердің қандай сезімде болғанын анықтаңыз.

А. күйзелісін

В. қорқуын

С. қуанышын

Д. таңырқауын

[1]

6.                  «Нағыз әже» әңгімесіндегі «современный» әженің келбетін автор қалай сипаттайды?  Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

_____________________________________________________________________________ 

 [2]

7.                  Жазушы Ривера бейнесі арқылы оқырманға қандай ой тастайды? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.

_____________________________________________________________________________

[2]

8.                  Азат неліктен кішкентай қыздарына «әжені» көрсетуге уәде етті? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.

_____________________________________________________________________________

[2]

21

 

9.                  Автор әңгімеде айлакер, тәжірибелі ринг королі Дэннидің нокаут алғаннан соң көңіл күйін қалай суреттейді? Ойыңызды шығармадан дәлелдер келтіру арқылы 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

_____________________________________________________________________________

[2]

10.              «Бұл жолы оның бетінен әлденеше рет сүйді. Сүйіп болып Сержанның бетіне қараса, баланың екі көзінен жас сорғалап тұр екен...» үзіндідегі әңгіме кейіпкері не себепті осындай  көңіл күйде болды? 3-4 сөйлеммен сипаттаңыз.

__________________________________________________________________________

[2]

11.              «Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған. Сағынышым сары ормандай самсаған, Әке болып жүргенімді ұмытып. Әлі күнге еркелеймін мен саған» дегендей, әже туралы пікірлерге өз көзқарасыңызды білдіріп, 100-120 сөз көлемінде эссе жазыңыз.

_____________________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

№ 

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Д

1

 

2

Д

1

3

Д

1

4

А

1

5

Д

1

6

«Нағыз әже» әңгімесіндегі  «современный» әженің келбеті жайлы мәтіннен дәлелдер келтіреді.

1

 

 

Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

7

Шығарма сюжеті арқылы Ривера бейнесін талдайды.

1

Өз көзқарасын білдіріп, 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады.

1

8

Азаттың кішкентай қыздарына «әжені» көрсетуге берген уәдесі жайлы дәлелдейді.

1

Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

9

Айлакер, тәжірибелі ринг королі Дэннидің нокаут алғандағы күйін суреттейді.

1

Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

10

Үзіндіден әңгіме кейіпкерінің жай-күйін түсіндіреді.

1

Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.

1

11

Шығармадағы басты мәселені анықтайды.

1

Эссенің негізгі тақырыбы «әже» ұғымын түсіндіре алуы көзделеді. «Нағыз әже қайда» әңгімесін негізге ала отырып, берілген мәнмәтінмен

(контекспен) ұштастырылуы тиіс. Мәтіннен «әже» туралы деректер келтіруге болады.

Мәтіннен дәлел келтіреді.  

1

Шығармадағы көтерілген мәселені бүгінгі күнмен  байланыстырады.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Эссе  көлемін сақтайды.

1

 

22

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ФО_Қазақ әдебиеті_5кл.pdf

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)

5-сынып

Құрметті мұғалім!  Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.  

 Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.  

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз. 

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. 

 Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

1-тоқсан.......................................................................................................................................... 4

Бөлім: «Таза, мінсіз асыл сөз»..................................................................................................... 4

2-тоқсан........................................................................................................................................ 25

Бөлім: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»........................................................................................... 25

3-тоқсан........................................................................................................................................ 39

Бөлім: «Адамгершілік асыл қасиет»......................................................................................... 39

4-тоқсан........................................................................................................................................ 67

Бөлім: «Отбасылық құндылықтар»........................................................................................... 67

 


 

1-тоқсан

Бөлім «Таза, мінсіз асыл сөз»

Оқылатын шығарма                    «Керқұла атта Кендебай» ертегісі

тақырыбы  

Оқу мақсаты                                  Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы

мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі                        Білім алушы

Әдеби шығарманың сюжеттік дамуын жанрына

қарай баяндайды

Ойлау дағдыларының                  Білу және түсіну

деңгейі

1-тапсырма

Ертегінің сюжеттік желісі бойынша қарапайым  жоспар құрыңыз.

1.________________________________

2.  _______________________________

3.  _______________________________

4.  _______________________________

5.  _______________________________

6.  ______________________________

7.  _______________________________

2-тапсырма

Жұбыңызды жоспарыңызбен таныстырыңыз. Жоспар негізінде ертегінің сюжеттік дамуын әңгімелеңіз.

Дескриптор             Білім алушы

-      ертегінің мазмұны бойынша сөз тіркестерімен жоспар құрады; -        жоспар негізінде жұбына ертегіні әңгімелейді.

Оқылатын шығарма тақырыбы   

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Оқу мақсаты

Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шығарманың негізгі тақырыбын анықтайды

      Әдеби шығарманың  идеясын  өз көзқарасы негізінде жеткізеді

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Ертегіге сай тақырыпты белгілеңіз. А. Ердің атын ел шығарады.

В. Көз – қорқақ, қол - батыр.

С. Батыр туса, ел ырысы.

Д. Еңбек ерлікке жеткізер.

2-тапсырма

Шығарманың идеясын анықтаңыз.  Анықтаған идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.

             Бірінші  сөйлем:  «Менің  ойымша, ертегідегі басты идея - .....»

             Екінші сөйлем:  «Себебі,  мен  оны  былай  түсіндіремін   ….»

             Үшінші  сөйлем: «Оны   мына  фактілермен, мысалдармен дәлелдей  аламын … » Соңғы сөйлем: «Осыған  байланысты  мен   мынадай  қорытынды  шешімге келдім.... ».

Дескриптор                Білім алушы

-      берілген нұсқалардың ішінен ертегіге сай келетін тақырыпты белгілейді;

-      бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды; -          екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді;

-      үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты ертегіден  2 дәлел келтіреді;

-      төртінші   сөйлемде        идеяға             қатысты          өзіндік            тұжырым жасайды.

Оқылатын шығарма

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

тақырыбы     

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығармадағы негізгі кейіпкерлердің портретін жинақтайды

      Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды

      Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

 Мәтіннен өзіңізге тиісті кейіпкердің сипаттауларын іздеп тауып, портретін  жинақтаңыз. Кейіпкердің ертегідегі ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңыз (жұптағы бір оқушы - Кендебай, екінші оқушы – Керқұла образына талдау жасайды). 

 1-оқушы

Кейіпкер

Ертегідегі портрет

Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті

Кейіпкер образына қатысты көзқарас

 Кендебай

 Торсық шеке, аппақ ұл ....

1. Аң аулап, кедейлерді қарық қылыпты.

2.

3.

 

2-оқушы

Кейіпкер

Ертегідегі портрет

Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті

Кейіпкер образына қатысты көзқарас

Керқұла ат

 

1.

2.

3.

 

Дескриптор         Білім алушы

-      шығармадан өзіне тиісті кейіпкердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды; -         кейіпкердің ең маңызды 3 әрекетін анықтайды;

-      портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз пікірін 1 сөйлеммен жеткізеді.

Оқылатын шығарма тақырыбы  

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадан өзіне ұнаған эпизодты анықтайды

      Эпизодты мәнерлеп жатқа айтады

Қолдану

Тапсырма

Ертегіден өзіңізге ерекше әсер қалдырған эпизодты таңдап, жұбыңызға мәнерлеп жатқа оқыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадан әсер еткен эпизодты анықтайды;

-      эпизодты жаттайды;

-      жұбына үзіндіні мәнерлеп жатқа оқиды.


Оқылатын шығарма

тақырыбы    

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Оқу мақсаты

А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды

      Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады

Қолдану

Шығармадағы         кейіпкерлерге          қатысты        5          қарама-қарсы          немесе             салыстыра суреттеуді тауып, көркемдік түрін анықтаңыз.

р/с

Суреттеу

Қарама-қарсы немесе салыстыра  суреттеу

Бейнелеу түрі

1

Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты.

Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты.

Әсірелеу

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

Дескриптор         Білім алушы

-      шығармадан кейіпкерлерге қатысты бір суреттеуді анықтайды;

-      анықталған суреттеуге шығармадан қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табады;

-      суреттеулердің түрін ажыратады.

Оқылатын шығарма           «Қобыланды батыр» жыры

тақырыбы   

Оқу мақсаты            А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау Бағалау критерийі             Білім алушы

             Жырдағы автордың ойын білдіретін жолдарды табады

             Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды

Ойлау дағдыларының        Қолдану

деңгейі 1-тапсырма

Шығармадан баяндаушының көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді белгілеңіз. Осы үзіндіден баяндаушының көзқарасын «қос жазба» күнделігі арқылы түсіндіріңіз.

Мұғалімге нұсқау: 

-  екі кестенің сол жағына жырдан үзінділер жазылады, оң жағына түсіндірме жазылады.  

-  үзінді жырдан алынған тармақ немесе шумақтар, ал түсіндірмеде неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды  екенін түсіндіреді.

2-тапсырма 

Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жасаңыз.

... Артық туған Қобыланның

Ісі келді жөніне, Келмеді дұшпан шеніне,

Қалмақтан алған көп олжа,

Әділдікпен батырың

Жиып алып көп халқын,

Бөліп берді еліне, Пақыр, кедей, кеміне.

Кедейі байға теңеліп,

Риза болды бәрі де

Қобыланды сынды еріне…

Дескриптор         Білім алушы

-      жырдан баяндаушының көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді  анықтайды;

-      баяндаушының көзқарасына өз пікірін білдіреді;

-      үзінді арқылы автор бейнесін  анықтап, сөз тіркестері арқылы  жеткізеді.

«Қобыланды батыр» жыры

 

 

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Бейнелеу құралдарын анықтайды

      Анықталған бейнелеу құралдарының  мағынасына талдау жасайды

Жоғары деңгей дағдылары

Жырдан 5 бейнелеу құралын анықтап, мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Бейнелеу құралы кездесетін тармақтар

 Бейнелеу құрал түрі

 Мағынасы

...Құртқа сынды cұ л у ы ң Алтын тонға орады...

 эпитет

Құртқаның ханның қызына лайық  киінетіндігін көрсету 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор      Білім алушы

-      шығармадағы  5 түрлі бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды анықтайды;

-      5 бейнелеу құралының түрін ажыратады;

-      қолданылу мағынасын өз сөзімен жеткізеді.


«Қобыланды батыр» жыры

  

 

Оқу мақсаты

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Стратегия бойынша авторға хат жазады

      Хат мазмұнынан алған әсерімен бөліседі

Жоғары деңгей дағдылары

«РАФТ» стратегиясын негізге ала отырып, шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, авторға хат жазыңыз (100-120 сөз).

Р (роль) - болашақ ұрпақ

А (аудитория) - автор

Ф (форма) - хат

Т (тақырып) -  Отанға деген сүйіспеншілік

Дескриптор         Білім алушы

-      стратегия бойынша  болашақ ұрпақ атынан авторға хат жазады;

-      хат мазмұнында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі туралы жеткізеді;

-      шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;

-      хат құрылымын сақтайды.

«Қобыланды батыр» жыры

  

 

Оқу мақсаты

5.Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы  құндылықтарға қатысты эпизодтарды анықтайды

      Анықталған эпизодтар негізінде ертегінің тарихи құндылығына баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

Топта берілген құндылықтарға қатысты шығармадан бірнеше эпизодтарды анықтаңыз.

1-топ

Құндылық

 

 

Эпизодтар

 Отбасы

1.

 

 

2.

 

 

2-топ

Құндылық

 

 

Эпизодтар

 Отанды  қорғау

1.

 

 

2.

 

 

3-топ

Құндылық

 

 

Эпизодтар

 Адамгершілік

1.

 

 

2.

 

 

4-топ

Құндылық

 

 

Эпизодтар

 Достық

1.

 

 

2.

 

 

2-тапсырма 

Шығарманың тарихи құндылығын тиісті құндылықпен байланыстыра отырып, өзіндік баға беріңіз.

Дескриптор               Білім алушы

-      құндылықты танытатын эпизодтарды анықтайды;

-      шығарманың тарихи құндылығын өздеріне тиісті құндылықпен байланыстыра отырып, баға береді. «Қобыланды батыр» жыры

  

5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығарма кейіпкерлерінің бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажыратады

      Кейіпкерлердің қасиеттерін шынайы өмірдегі адамдармен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Шығармадағы бір кейіпкерге таңдау жасаңыз. Кейіпкердің бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін топтастырыңыз.

Кейіпкер

 

Жағымды қасиеттері

Дәлел

Жағымсыз қасиеттері

Дәлел

 

1.

2.

 

 

1.

2.

 

2-тапсырма

Өзіңіз таңдаған бір кейіпкердің бойындағы қасиеттерді қазіргі өмірдегі адамдармен салыстыра отырып бағалаңыз. 

Дескриптор          Білім алушы

-      кейіпкер бойындағы     жағымды,       жағымсыз       қасиеттерді анықтайды;

-      әр жағымды және әр жағымсыз қасиетке шығармадан 1 дәлел келтіреді;

-      шығарма кейіпкерлердің бойындағы анықталған қасиеттердің қазіргі өмірдегі адамдардың бойында кездесу/ кездеспеуін  салыстырады.

-      салыстыру арқылы кейіпкерге өзіндік баға береді.


Оқылатын шығарма тақырыбы  

«Қобыланды батыр» жыры

Оқу мақсаты

5.Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шығарманың тарихи құндылығын дәлелдейтін эпизодтарды анықтайды

      Анықталған эпизодтар негізінде жырдың тарихи құндылығына өзіндік баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

Шығарманың «тарихи құндылығын» көрсететін эпизодтарды ментальді картаға түсіріңіз.

2-тапсырма

Шығарманың тарихи құндылығына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. 

Дескриптор      Білім алушы

-      жырдан шығарманың тарихи құндылығын танытатын  4 эпизодты анықтайды; 

-      анықтаған эпизодтарын байланыстыра отырып, жырдың тарихи құнды мұра екендігін көрсететін пікір білдіреді.

«Қобыланды батыр» жыры

5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау Білім алушы

Шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды

Ойлау дағдыларының             Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Жырдағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін талдаңыз. Өз пікіріңізді білдіре отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра сипаттаңыз.

Кейіпкер

портреті 

(жыр бойынша)

іс-әрекеті

(жыр бойынша)

ХХІ ғасырда ....

(қазіргі өмірге сай өз пікірі)

Қобыланды

 

 

 

Құртқа

 

 

 

Қараман

 

 

 

Дескриптор          Білім алушы

-      жырдағы кейіпкерлердің портретін анықтайды;

-      кейіпкерлердің іс-әрекетіне 2 мысал жазады;

-      кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра отырып, өз пікірімен сипаттайды.

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

 

5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Білім алушы

Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын сипаттайды

Ойлау дағдыларының       Білу және түсіну деңгейі

Тапсырма

Топтағы өз рөліңізге қатысты берілген міндетті орындаңыз. 

2 баяндаушы - мәтіннің мазмұнын баяндайды.

2 сұрақ қоюшы - мәтін сюжетінің дамуына қарай сұрақтар қояды.

Тыңдаушылар - баяндаушыларды тыңдайды, сұрақ қоюшылардың сұрақтарына жауап береді.

Дескриптор             Білім алушы

-      аңыздың мазмұнын баяндайды;

-      сюжеттік дамуына қатысты  6 сұрақ дайындайды;

-      шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

 

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау Білім алушы

      Салыстыру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясына  талдау жасайды

Ойлау дағдыларының           Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Аңызда кездескен жер-су атауларын Қазақстанның тарихи кезеңдік картасынан (1карта) көрсете отырып, аңызда қай аймақтар туралы айтылғанына көз жеткізіңіз және Қазақстанның пайдалы қазбалары картасынан (2-карта) сын айтылған жерлердің ерекшеліктеріне аңыздағы мәтінмен сәйкес тоқталыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      аңызда айтылған жерлердің географиялық орнын картадан анықтайды;

-      елді-мекендерге қатысты айтылған сынды қазіргі ерекшелігімен салыстырады;

-      салыстыру бойынша шығарманың тақырыбын анықтап, сөз тіркесімен береді;

-      шығарманың негізгі идеясын 1 сөйлеммен жеткізеді.

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекеті арқылы образын ашу

Білім алушы

      Кейіпкердің  портретін сипаттайды

      Іс-әрекеті арқылы  кейіпкер образын талдайды

Ойлау дағдыларының           Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Берілген сурет бойынша Асан қайғының портретін сипаттап жазыңыз. Кейіпкер әрекетіне дәлел келтіріңіз. Әрекеті негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен талдаңыз.

Портреті

Іс-әрекеті

Аңыздағы образы

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      суретке мұқият зер салып, кейіпкердің портретін (бет-әлпеті, киімі) сөзбен сипаттайды;

-      кейіпкердің  іс-әрекетіне 1 дәлел келтіреді;

-      іс-әрекет негізінде кейіпкер образына 2 сөйлеммен талдау жасайды.


Оқылатын шығарма тақырыбы

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

Оқу мақсаты

5.Т/Ж4.Көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады

Қолдану

Аңыз мазмұны бойынша берілген суреттердің біріне таңдау жасаңыз. Аңыздан суретке сәйкес келетін үзіндіні тауып, жаттаңыз. Жұбыңызға  жаттаған үзіндіңізді мәнерлеп жатқа оқыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      бір суретке таңдау жасайды;

-      аңыздан суретке сай келетін үзіндіні табады;

-      үзіндіні жаттайды;

-      жұбына мәнерлеп жатқа айтады.

Оқылатын шығарма тақырыбы

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

Оқу мақсаты

5.А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Оқиға желісіндегі суреттеулерді белгілейді

Қолдану

Жұбыңызбен ақылдаса отырып, аңыз мазмұнынан салыстыра суреттеуге 2 дәлел, қарама-қарсы суреттеуге 2 дәлел табыңыз.

Салыстыра суреттеу

1-дәлел

2-дәлел

 

 

 

Қарама-қарсы суреттеу

1-дәлел

2-дәлел

 

 

 

Дескриптор                  Білім алушы

-      шығармадан салыстыра суреттеуге қатысты 2 дәлелді анықтайды;

-      шығармадағы  қарама-қарсы суреттеуге қатысты 2 дәлелді  анықтайды.

Оқылатын шығарма

тақырыбы         

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

Оқу мақсаты

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Қолдану

Асан қайғының жерге айтқан сындарын мұқият оқи отырып,  Асан қайғы бейнесін ментальді картаға түсіріңіз.

     дәлел

көріпкел

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадағы автор бейнесін ментальді картаға түсіреді; -           әр бейнеге аңыз мазмұнынан дәлел келтіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды

      Қолданылу мағыналарын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңыз. Аңыздағы қолданылу мағынасына талдау жасаңыз. 

Бейнелеу құралдары

Шығармадан дәлел

Аңыздағы мағынасы

Теңеу

 

 

Эпитет

 

 

Ауыспалы мағынадағы

сөз

 

 

Дескриптор                      Білім алушы

-      шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарына 1 дәлелден табады;

-      аңыздағы мағынасын түсіндіреді.

Оқылатын шығарма          Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан аңызы тақырыбы

Оқу мақсаты                                5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін

сипаттап авторға  хат, өлең жазу

Бағалау критерийі                      Білім алушы

Шығармадан алған әсерін сипаттап, пікірін жазбаша жеткізеді

Ойлау дағдыларының               Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Тапсырма

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы бойынша бірінші бағанға аңыз сюжетіндегі өзіңізге әсер еткен үзіндіні жазыңыз. Екінші бағанға үзіндіден алған әсеріңізбен бөлісіп, Асан қайғыға хат немесе бір шумақ өлең жазыңыз.

Дескриптор           Білім алушы

-      аңыз мазмұнынан ерекше әсер еткен үзіндіні анықтайды;

-      таңдалған үзіндіден  алған әсерімен бөліседі;

-      Асан қайғыға шағын хат немесе бір шумақ өлең жазады.

Оқылатын шығарма             Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

тақырыбы

 

Оқу мақсаты

5.Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шығарманың тарихи құндылығын дәлелдейтін эпизодтарды анықтайды

      Тарихи құндылығына  қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

Аңыздың тарихи құнды мұра екенін дәлелдейтін үш эпизодты анықтаңыз.

1-эпизод

2-эпизод

3-эпизод

 

 

 

 2-тапсырма  

Жерге айтқан сындарға қатысты анықталған эпизодтарды елді-мекендердің қазіргі географиялық          ерекшеліктерімен   байланыстыра         отырып,        шығарманың құндылығын дәлелдеңіз.

Дескриптор                Білім алушы

-      шығарманың тарихи құндылығына дәлел болатын 3 эпизодты анықтайды;

-      аңыздағы елді-мекендерді географиялық ерекшелігімен байланыстырады.

Оқылатын шығарма тақырыбы         Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

Оқу мақсаты            5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау Бағалау критерийі             Білім алушы

      Шығарма кейіпкерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды

Ойлау дағдыларының           Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

1-тапсырма www.mediakurs.kz/kz/video/329-aral_tengizi сілтемесі арқылы бейнематериалды көріңіз.

Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді деп ойлайсыз? Өз сөзіңізбен салыстыра бағалаңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      кейіпкердің ақпаратқа қатысты пікіріне болжам жасайды; -         жасалған болжам негізінде өзіндік баға береді.

2-тапсырма

Асан қайғы жерге айтқан сындарын осыдан VI-VII ғасырда айтқан екен. Айтылған  сындардың  біздің заманымызға тура сай келгеніне көз жеткіздік. Қалай ойлайсыз, егер көріпкел абыз ХХІ ғасырда өмір сүрсе, өзі баға берген жерлеріне қандай сын айтар еді? Асан қайғы болып, аңыздағы екі жерге қатысты сын жазыңыз.  

Дескриптор             Білім алушы

-      Асан қайғының сын айтқан екі жеріне таңдау жасайды;

-      ХХІ ғасырдағы Асан қайғының рөліне енеді;

-      таңдалған екі жерге қазіргі өмірмен байланысты сын жазады.

2-тоқсан 

Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы»

Оқылатын шығарма          Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» тақырыбы 

Оқу мақсаты            5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі                    Білім алушы

Өлеңнің сюжеттік дамуын баяндайды Ойлау дағдыларының        Қолдану

деңгейі

1-тапсырма

Өлеңнің сюжеттік желісі бойынша қарапайым  жоспар құрыңыз.

Жоспар

Кіріспе бөлім  ____________________________

Негізгі бөлім   ____________________________

Қорытынды  бөлім ________________________

2-тапсырма

Жоспар негізінде өлеңнің сюжеттік дамуын анықтаңыз.

Дескриптор        Білім алушы

-      өлеңнің мазмұны бойынша жоспар құрады;

-      жоспар негізінде өлеңнің сюжеттік дамуын анықтайды.

Оқылатын шығарма

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

тақырыбы   

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Негізгі кейіпкердің портретін жинақтайды

      Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған  маңызды әрекеттерін талдайды

      Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Кестеге Ақтанның кескін-келбетін бірінші бағанға, екінші бағанға ең маңызды 4  ісәрекетін жазыңыз.

Ақтанның кескін-келбеті

Ақтанның маңызды 4  әрекеті

 

 

 

 

        Дескриптор          Білім алушы

-

Ақтанның портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды;

-

Ақтанның ең маңызды 4 әрекетін ажыратады.

Оқылатын шығарма тақырыбы  

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Оқу мақсаты

5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп жатқа  айтады

Қолдану

Тапсырма

Өлеңнен орта көлемді шағын үзіндіні таңдап алып, жаттаңыз. Жаттаған үзіндіні жұбыңызға мәнерлеп жатқа айтып беріңіз. 

Дескриптор             Білім алушы

-      өлеңнен орта көлемді үзіндіні таңдайды;

-      үзіндіні жаттайды;

-      жұбына мәнерлеп жатқа айтады.


Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

    

5.А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы  суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығарма бойынша  суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды

      Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады

Қолдану

 Шығармадағы суреттеулерді анықтап, 6 қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табыңыз. Суреттеулерді кестеге толтырып, көркемдік ерекшелігін ажыратыңыз.

 

Салыстыра суреттеулер

Қарама-қарсы суреттеулер

Бейнелеуіш құралдар

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

6

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

-      шығармадан салыстыра суреттеулерді іріктейді;

-      анықталған суреттеуге өлеңнен қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табады;

-      суреттеулердің көркемдік түрін ажыратады.

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

   

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Автордың ойын, көзқарасын білдіретін  жолдарды табады

      Анықталған үзінділер негізінде автордың  образын талдайды

Қолдану

Өлеңнен автордың ойын, көзқарасын білдіретін үзінділерді белгілеп, кестеге толтырыңыз. Кестемен жұмыста автордың ойын, көзқарасын, үмітін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Өлең үзіндісі

Ақын үміті қандай?

Сен де жетер ме екенсің?

 

Шаруа жиып кенеліп, Бала сүйіп, мал жиып, 

Өмір сүрер ме екенсің?

 

Жетімдіктен өтерсің, Жетерсің, әлі жетерсің.

 

...

 

2-тапсырма 

Шығарма авторының бейнесін сипаттайтын түйінді ойыңызды бір сөйлеммен жеткізіңіз.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дескриптор             Білім алушы

-      өлеңнен автордың  ойын, көзқарасын анықтайды;

-      автор көзқарасына өз пікірін білдіреді;

-      үзінді арқылы автор бейнесін анықтап, бір сөйлем            арқылы жеткізеді.

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

   

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығармадан бейнелеу құралдарын анықтайды

      Анықталған бейнелеу құралдарының  мағынасына талдау жасайды

Қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Өлең мазмұнынан 4 бейнелеу құралын анықтап, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын сатылай кешенді талдау арқылы талдаңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      өлеңдегі 4 түрлі бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды анықтайды;

-      көркемдегіш құралдардың мағыналарын талдау арқылы жеткізеді.


Оқылатын шығарма тақырыбы   

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Оқу мақсаты

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадан алған әсерін сипаттап, жазбаша жеткізеді

Қолдану

Шығармадан алған әсеріңізді  сипаттап 4 сөйлем арқылы пікіріңізді жазыңыз: 1сөйлем: шығарманың сізге қалай әсер еткені туралы бір ой жазыңыз; 2-сөйлем: өлеңнен бір мысал келтіріңіз; 3-сөйлем: бір сұрақ қойыңыз; 4-сөйлем: сол сұраққа жауап беріңіз.

Дескриптор

Білім алушы

-      шығармадан алған әсерін бір оймен жеткізеді;

-      өлеңнен бір мысал келтіреді;

-      сұрақ қояды;

-      сұрағына жауап береді.

Оқылатын шығарма

тақырыбы    

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Оқу мақсаты

5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдап, эссе жазады

      Эссе құрылымын сақтайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Автор арнау өлеңінде басты кейіпкер Ақтанды ел мақсаты үшін жан аямай күресе алатын ер, батыр ретінде суреттеу себебін немен байланыстырасыз? «Ақын үміті» тақырыбында эссе жазыңыз (100-120 сөз).

Дескриптор      Білім алушы

-      өлеңдегі басты кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдайды;

-      кіріспе бөлімде Ақтан туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);

-      негізгі бөлімде автордың Ақтанды батыр ретінде суреттеу себебін  анықтайды (30 сөз);

-      Ақтанның қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз); -             қорытынды бөлімде Ақтанның бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз)

Оқылатын шығарма тақырыбы   

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын сипаттайды

Білу және түсіну

Топтағы өз рөліңізге қатысты берілген міндетті орындаңыз. 

2 баяндаушы - мәтіннің мазмұнын баяндайды.

2 сұрақ қоюшы - мәтін сюжетінің дамуына қарай сұрақтар қояды.

Тыңдаушылар - баяндаушыларды тыңдайды, сұрақ қоюшылардың сұрақтарына жауап береді.

2-тапсырма

Шығарманың  композициясын төмендегі жүйеге сай сипаттаңыз:

      Оқиғаның  басталуы –

      Оқиғаның дамуы Оқиғаның шиеленісуі – Оқиғаның  шарықтау  шегі –

      Оқиғаның  аяқталуы –

Дескриптор             Білім алушы

-      әңгіменің мазмұнын баяндайды;

-      сюжеттік дамуына қатысты 6 сұрақ дайындайды;

-      шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; -   шығарманың композициясын анықтайды;

-      шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды.

Оқылатын шығарма

тақырыбы         

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»,  «Атымтай   Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды

Білу және түсіну

Сызба бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.

Үлгі:

Дескриптор             Білім алушы

-      шығарманың тақырыбын анықтайды;  - шығарманың идеясын көрсетеді.

Оқылатын шығарма

тақырыбы      

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»,

     «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Әңгімедегі басты кейіпкердің  портретін сипаттайды

      Іс-әрекеті арқылы кейіпкер образын талдайды

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Берілген сурет бойынша кейіпкерлердің портретін сипаттап жазыңыз. Кейіпкер әрекетіне дәлел келтіріңіз. Әрекеті негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен талдаңыз.

Суреттер

Оқиғалар

Мінездеме

 

 

 

Дескриптор      Білім алушы

-      суретке мұқият зер салып, кейіпкердің портретін (бет-әлпеті, киімі) сөзбен сипаттайды;

-      кейіпкердің  іс-әрекетіне 1 дәлел келтіреді;

-      іс-әрекет негізінде кейіпкер образына 2 сөйлеммен талдау жасайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы  

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадан үзінділерді диалог арқылы мәнерлеп жатқа айтады

Жоғары деңгей дағдылары

Кейіпкерлер рөліне ене отырып, шығарма үзіндісі бойынша диалог құрыңыз. Диалог барысында сөздерді мәнерлеп жатқа айтыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      үзінді бойынша диалогке сенімді түседі; - сөздерді  мәнерлеп жатқа айтады. 

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы   

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»,      

«Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы  суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығарма бойынша  салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды

Қолдану

Жұбыңызбен ақылдаса отырып, аңыз мазмұнынан салыстыра суреттеуге 3 дәлел, қарама-қарсы суреттеуге 3 дәлел табыңыз.

Салыстыра суреттеу

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел

 

 

 

 

Қарама-қарсы суреттеу

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел

 

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадан салыстыра суреттеуге қатысты 3 дәлелді анықтайды;

-      шығармадағы  қарама-қарсы суреттеуге қатысты 3 дәлелді  анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай   Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадағы автордың  бейнесін анықтайды

Қолдану

Шығарма бойынша пікіріңізді білдіріңіз, мына сөйлемдерден басталуы тиіс:

Мен автор ретінде, әңгімені бұлай бастау себебім....

Мен автор ретінде, бұл әңгімедегі кейіпкердің әрекетін былайша түсіндірер едім... Мен автор ретінде, әңгімені былайша аяқтауым....

Дескриптор      Білім алушы

-      шығармадағы автор рөліне ене отырып, оның көзқарасын жеткізеді;

-      әңгімедегі кейіпкердің әрекетін түсіндіреді; -        автордың бейнесін жинақтап қорытады.

Оқылатын шығарма тақырыбы  

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағыналарын анықтайды

Қолдану

Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдарын тауып, белгілеңіз.  https://kk.wikipedia.org/wiki/ сөздігінің көмегімен сөздердің мағынасын анықтаңыз.

Қағаз бетіне қолдың суретін салыңыз, төрт саусаққа сөздіктің көмегімен суреттеу құралдарының мағынасы туралы жазыңыз. Кішкентай-шылдыр шүмекке сөздердің мағынасына немесе басқа да суреттеулерге қатысты сұрақтарыңызды жазыңыз. Жазып болған соң, қағазды бүктеп/умаждап басқа орындыққа лақтырыңыз. 

Сол жазбаны алған топ жұмыспен танысып, қойылған сұраққа жауап беруі тиіс.

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады; - мағыналарын  анықтайды; - сұрақтарға жауап береді. 

Оқылатын шығарма          Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»,

 тақырыбы 

«Атымтай  Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды

      Қолданылу мағыналарына қарай талдайды

Қолдану 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Әңгімедегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңыз. Әңгімедегі қолданылу мағынасына талдау жасаңыз. 

Бейнелеу құралдары

Шығармадан дәлел

Аңыздағы мағынасы

Теңеу

 

 

Эпитет

 

 

Ауыспалы мағынадағы

сөз

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      әңгімедегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады; - мағыналарын анықтайды. 

Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай  Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» əңгімелері

Оқу мақсаты

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадан алған әсерін сипаттайды

      Пікірін жазбаша жеткізеді

Қолдану

Шығарманы оқығаннан кейін қандай әсер алдыңыз? Сипаттап беріңіз. Осы сұраққа жауап ретінде бес жолды өлең жазыңыз.

1. зат есім 2. сын есім

3.  етістік

4.  сөйлем

5.  синоним Оқыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      шығарманы оқығаннан кейін алған әсерін сипаттайды.

-      ойын жинақтап, бес жолды өлеңмен жазбаша жеткізеді.

Оқылатын шығарма           Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»,

тақырыбы 

 «Атымтай   Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері

Оқу мақсаты

5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкердің құндылығын дәлелдейтін эпизодтарды анықтап, эссе жазады

      Эссе құрылымын сақтайды

Жоғары деңгей дағдылары

Сызба бойынша шығармадағы кейіпкердің өзіндік 3 құндылығын анықтап, сыни тұрғыдан пікіріңізді білдіріп, талдаңыз.

2-тапсырма

Сейітқұлдың бойындағы қасиеттерін негізге ала отырып, эссе жазыңыз (100-120сөз).

Дескриптор             Білім алушы

-      кейіпкердің өзіндік құндылығына  дәлел болатын 3 эпизодты   анықтайды;

-      кіріспе бөлімде Сейітқұл туралы өзіндік пікір білдіреді (20 -25   сөз);

-      негізгі бөлімде Сейітқұлдың  бойындағы адамгершілік   қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);

-      әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);

-      қорытынды бөлімде Сейітқұлдың бойынан өзіне үлгі  алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

3-тоқсан 

Бөлім «Адамгершілік асыл қасиет»

Оқылатын шығарма                     А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,  «Адамдық

тақырыбы                                      диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты                                   5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы

мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі                        Білім алушы

      Өлеңді сюжеттік дамуына қарай сипаттайды

      Композициялық құрылысына талдайды

Ойлау дағдыларының                  Қолдану

деңгейі 1-тапсырма

«Егіннің бастары» өлеңін композициялық құрылысына талдаңыз.

Композиция

Басталуы

 

Дамуы

 

Шиеленісуі

 

Шарықтау шегі

 

Шешімі

 

2-тапсырма 

Композиция бойынша өлеңді жұбыңызға өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Дескриптор         Білім алушы

-      шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылымына жіктейді;

-      жұбына өлеңнің сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.


тақырыбы 

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,  «Адамдық  диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шығарманың идеясына қатысты тақырып ұсынады

      Шығармадан идеяға қатысты бөлімді анықтау арқылы, өзіндік тұжырым жасайды

Қолдану 

Өлеңге басқаша тақырып қойып, себебін түсіндіріңіз.

Өлеңнің тақырыбы

Себебі

 

 

2-тапсырма

Өлеңдегі дәнге толы және дәні жоқ егіннің бастарын сипаттайтын жолдарды, өлеңнің идеясын ашуға тірек болатын шумақты анықтаңыз.

Дәні жоқ егіннің басы

Дәнге толы егіннің басы

Идеяға қызмет ететін шумақ

Өзіндік

тұжырымыңыз

 

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

-      шығармаға  басқаша атау ұсынады; 

-      атауды ұсынудың себебін 2 сөйлеммен түсіндіреді;

-      өлең мазмұнынан егіннің бастарын сипаттайтын жолдарды теріп   жазады;

-      өлеңнен идеяны ашуға негіз болып тұрған шумақты анықтайды; - анықталған шумақ негізінде өз пікірін бір сөйлеммен білдіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы 

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,  «Адамдық   диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс-əрекетін анықтайды

      Әрекет пен портрет негізінде кейіпкердің образына талдау жасайды

Қолдану

Топта тиісті кейіпкердің портретін және іс-әрекетіне қатысты сызба дайындаңыз. Сызба негізінде кейіпкер образын ашыңыз.

1-топ. Дәні жоқ егіннің басы

2-топ. Дәнге толы егіннің басы

3-топ. Бала

4-топ. Әке

Дескриптор             Білім алушы

-      өлеңнен кейіпкердің портретін және әрекетін  көрсететін жолдарды анықтайды немесе өлең мазмұны негізінде өз болжамдарын ұсынады;

-      анықталған портрет пен әрекеттер негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен ашады.

тақырыбы 

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,  «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Бағалау критерийі

Білім алушы

Шығармадан алынған үзіндіні мәнерлеп, жатқа оқиды

Қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Жұбыңызбен өлеңнен үзіндіні таңдап, рөлдік ойын арқылы мәнерлеп жатқа айтыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадағы диалогтен үзінді таңдайды;

-      үзіндіні жатқа оқып, рөлдік ойын арқылы көрсетеді.

Оқылатын шығарма тақырыбы

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,  «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5.А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Шығармадағы қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды

      Көркемдегіш құрал түрін ажыратады

Қолдану

Тапсырма

 Өлеңдегі қарама-қарсы суреттеулерді тауып, кестеге орналастырыңыз. Қарамақарсы суреттеулердің көркемдегіш түрін анықтаңыз.

Суреттеу

Қарама-қарсы суреттеу

Көркемдегіш құрал түрі

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадан  қарама-қарсы 4 суреттеуді табады;

-      анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы   А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, 

«Адамдық диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Шығармадағы мәселелер негізінде автор образын анықтайды

Қолдану

1-тапсырма

9 ромб әдісі бойынша шығармадағы автор МАҢЫЗДЫ және ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС деп санаған

мәселелерді анықтаңыз.  Жұбыңызға анықталған мәселелердің неліктен маңызды және маңызды емес екенін түсіндіріңіз.

Мысалы: адамдық, еңбек, бейнет, зейнет.. - МАҢЫЗДЫ; мал, есек, жасық .... -  ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС.

Анықталған маңызды аспектілер арқылы автор бейнесін сипаттаңыз.

Дескриптор       Білім алушы

-      өлеңнен автордың маңызды деп санайтын 6 аспектісін анықтайды;

-      3 маңызды емес аспектіні анықтайды;

-      анықталған маңызды аспектілер негізінде автор бейнесін 2 сөйлеммен сипаттайды. 2-тапсырма

Шығармадан автордың «МЕН» бейнесін көрсететін тармақтарды табыңыз.

Үлгі

МЕН қырға шықтым, МЕН құрға шықтым, МЕН тұқымын шаштым.... МЕН ....

Тармақтардың мазмұны бойынша автор бейнесін сын есімдер арқылы ашыңыз.

Дескриптор         Білім алушы

-      шығармадағы автордың «мен» бейнесін ашатын өлең тармақтарын табады;

-      тармақтар мазмұны бойынша автор бейнесіне қатысты сын есімдерді кластерге түсіреді.


тақырыбы   А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,

«Адамдық диқаншысы» өлеңі

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды

      Мағыналарына қарай талдайды

Қолдану

Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздер кездесетін тармақтарды табыңыз. Суреттеу құралының  мағынасын түсіндіріңіз. 

Ауыспалы  мағынадағы сөздер

Мағынасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор          Білім алушы

-      шығармадағы ауыспалы мағынада қолданылған сөз кездесетін

3 тармақты анықтайды;

-     әр тармақтың құрамындағы ауыспалы мағынадағы сөздің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы  А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, 

«Адамдық   диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға  хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Алған әсерін өз сөзімен сипаттап жеткізеді

Қолдану

Тапсырма

Төменде ұсынылған бір зат есімге таңдау жасап, бес жолды өлең құрастырыңыз.

Өлең құрылымындағы сөздер арқылы шығармадан алған әсеріңізді көрсетіңіз. Ұсынылатын зат есімдер: тәкаппарлық, адамгершілік, қасиет, үлгі

1.      зат есім

2.      сын есім

3.      етістік

4.      4 сөзді сөйлем

5.      синоним

Дескриптор             Білім алушы

-        берілген зат есімдердің біріне таңдау жасайды;

-        таңдаған зат есімге қатысты екі сын есім жазады;

-        зат есімге қатысты үш етістік жазады;

-        төрт сөзден тұратын сөйлем құрастыру арқылы әсерін жеткізеді;

-        таңдаған зат есімге мағыналас болатын бір зат есім жазады.

тақырыбы   А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, 

«Адамдық диқаншысы» өлеңі

5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Кейіпкерлердің бейнесіне қатысты үзінділерді анықтайды

      Үзіндіде берілген қасиеттерді  қазіргі өмірмен салыстыра отырып, көзқарасын білдіреді

Жоғары деңгей дағдылары

 Өлеңнен кейіпкерлер бейнесін айқындайтын өлең тармақтарын анықтаңыз.  Негізгі сөздерге өз сөзіңізбен анықтама беріңіз. Анықталған қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына қатысты көзқарас білдіріңіз.

Мәтіннен үзінді

Өз сөзіңізбен сипаттаңыз  ОЛ КІМ?

Қазіргі өмірде

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.

Көп білетін адам, ізденгіш әрі еңбекқор адамдар...

Мұндай адамдар тарихта ұмытылмайды, артында еңбегі, ашқан жаңалығы қалады...мысалы...

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, 

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. 

Күн көрісі үшін басқа адамның жұмысын

істейтін адам... барлық қара, қиын жұмыстарды атқарады...

Тарихи деректерге сүйенсек байлар құл ұстаған, малы, ақшасы, ішерге тамағы жоқ адамдар құлдыққа алынған. Бірақ қазір біздің елімізде құл деген жоқ....

Дескриптор           Білім алушы

-        өлеңнен кейіпкерлер бейнесіне қатысты 3 үзіндіні тауып жазады;

-        өлең тармағындағы  кейіпкер бейнесін ашатын кілт сөзді анықтайды;

-        кілт сөзге өз сөзімен сипаттама береді;

-        анықталған қасиеттердің қазіргі өмірде кездесуіне мысал келтіру арқылы  өз көзқарасын 2 сөйлеммен жеткізеді.

Оқылатын шығарма тақырыбы    А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, 

«Адамдық диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктеріне талдап, эссе жазады

      Эссе құрылымын сақтайды

Жоғары деңгей дағдылары

Шығармадағы бір кейіпкерді таңдаңыз. Таңдаған кейіпкеріңіздің бойындағы қасиеттерін негізге ала отырып, эссе жазыңыз (100-120сөз).

Дескриптор             Білім алушы

-        шығармадан бір кейіпкерді таңдайды;

-        кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);

-        негізі бөлімде кейіпкердің  бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);

-        әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);

-        қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз). тақырыбы  А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, 

«Адамдық диқаншысы» өлеңі

5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығарманың оқырманға берер әсерін анықтайды

      Өз көзқарасын білдіріп, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

 «А.Байтұрсынов өлеңдерінен алған әсерім қандай?» тақырыбында жазба жұмысын орындаңыз (100-120 сөз).  

Дескриптор             Білім алушы

-        кіріспе бөлімде мысал өлеңдердің адамгершілік қасиеттер туралы екендігіне тоқталады (20-25 сөз);

-        негізгі  бөлімде шығармадан алған әсері, неге ойландыруға жетелейтіні, тәрбиелік мәні туралы пікірін білдіреді (60-70 сөз);

-        қорытынды бөлімде өлеңдердің идеясы, тәрбиелік құндылығы жайлы ойымен қорытындылайды (20-25 сөз).

Оқылатын шығарма тақырыбы     Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты

Оқу мақсаты

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Кейіпкер әрекеті арқылы шығарманың тақырыбын анықтайды

      Шығармадағы автор идеясына дәлелдер келтіреді

Қолдану

Тапсырма

Берілген        кестеге           шығарманың           тақырыбына            дәлел болатын кейіпкерлердің әрекеттерін орналастырыңыз. Сол бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын бір сөйлеммен беріңіз.

Дескриптор             Білім алушы

-        шығармадағы 4 кейіпкердің бір-бір әрекетін таңдайды;

-        әрекеттер негізінде шығарманың тақырыбын сөз тіркесімен береді;

-        идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді.


Оқылатын шығарма тақырыбы     Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты

Оқу мақсаты                                         5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен

іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі                             Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекетіне талдау жасайды

      Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттайды

Ойлау дағдыларының                      Қолдану

деңгейі Тапсырма

Берілген үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықтаңыз және образын суреттеп сипаттаңыз.

Кейіпкердің портреті мен ісәрекеті

Бұл кім?

Кейіпкердің образын өз сөзіңізбен суреттеп сипаттаңыз 

Ох,            менің             шашым!

Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес.

 

 

Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді.

 

 

Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап –

сыпсыңдағыш  

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды;  - кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы                                                                              

Оқу мақсаты

5.А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды

      Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады

Қолдану

Тапсырма

Топта берілген кейіпкерлерге қатысты салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы суреттеулерді анықтаңыз. 1-топ. Қожа мен Жантас

2-топ. Анасы мен Майқанова

3-топ. Қожа мен Жанар

4-топ. Сұлтан мен Қожа

5-топ.  Оспанов және Майқанова

Дескриптор             Білім алушы

-      кейіпкерлердің арасындағы суреттеулерге шығармадан 3 дәлел табады;

-      дәлелдер бойынша салыстыра және қарама-қарсы суреттеулер екенін анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы      Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты

Оқу мақсаты

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану

Тапсырма

Шығармадан автордың өзі туралы жазылған эпизодтарын табыңыз. Сол арқылы автор бейнесін анықтап, мінездеме ұсыныңыз.

Сотқарлау, бірақ жаны таза кейіпкері туралы Бердібек Соқпақбаев былай деген екен (үнтаспа тыңдау): «Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, басымнан кешкенді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды». 

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадан автордың бейнесіне қатысты 5 эпизодты табады; - эпизодтар негізінде авторға мінездеме береді.

Оқылатын шығарма тақырыбы                                                                             

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадан  бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін сөйлемдерді табады

      Анықталған құралдардың түрін анықтап, мағынасын түсіндіреді

Қолдану

Тапсырма

Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін үзінділер табыңыз. Олардың қандай көркемдегіш құрал түрі екенін ажыратыңыз. Өз сөзіңізбен мағынасын түсіндіріңіз.

Бейнелеу, суреттеу құралдар кездесетін сөйлемдер

Қай кейіпкерге тән?

Көркемдегіш құрал түрі

Мағынасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадан   бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін

3 сөйлемді  табады;

-      олардың қай кейіпкерге қатысты екенін жазады;

-      анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды;

-      әр суреттеу құралының мағыналарын 1 сөйлеммен түсіндіреді.


 

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға  хат, өлең жазу

Білім алушы

     Кейіпкерден алған әсері туралы  кейіпкерге хат, өлең жазады

     Жазба жұмысының құрылымын сақтайды Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Тапсырма

Өзіңіз таңдау жасаған бір кейіпкерге хат жазыңыз. Хатта кейіпкерден алған әсеріңізді жүйелі жеткізу үшін төмендегі кестені негізге алыңыз (120-130 сөз).

Дескриптор                Білім алушы

-       шығармадағы бір кейіпкерге таңдау жасайды;

-       кіріспе бөлімде кейіпкермен амандасып, оның бойынан көре алған қасиеттері туралы жазады;

-       негізгі бөлімде кесте негізінде  шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкер бойынан көрген жақсылық немесе кемшіліктерін айтады;

-       қорытынды бөлімде кейіпкерімен қоштасады.

Оқылатын шығарма  тақырыбы  

Оқу мақсаты

5.Б/С2.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығарма кейіпкерлерінің бірін таңдаңыз. Кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз. 

                                               Шығармада...                                                              Қазір...

Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова Қазіргі уақытта мұғалім мен оқушы мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса арасында мұндай түсінбестік жоқ, берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, мұғалімдер оқушылардың білім алуы мен жанымның түпкірінде маздап жанған тәрбиесіне белсенді қатысып отырады, құпиямды Жанарға бір жөні келгенде мұғалімдер оқушыларды жамандамайды, ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол қатты ұрыспайды, тек ненің дұрыс, ненің

таныр еді...                                                                          бұрыстығын түсінуге көмектеседі, ата-

аналар да мектеп жұмысына қатысады...

Дескриптор             Білім алушы

-       бір кейіпкерге таңдау жасайды;

-       шығармадан кейіпкердің 3 әрекетіне таңдау жасап, кестеге орналастырады;

-       таңдалған әрекеттердің қазіргі өмірдегі көрінісіне дәлел келтіреді.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма


Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты

5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Білім алушы

             Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін түсіндіріп, эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары


«Қожа түбінде адам болатын бала» деген пікірмен келісесіз бе? Өз пікіріңізге шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттердің болу-болмауын талдап, эссе жұмысын жазыңыз (120-130 сөз).

Дескриптор             Білім алушы

-      берілген пікірге қатысты өз пікірін анықтайды;

-      өз ойына шығармадан дәлелдер келтіреді;

-      дәлелдер арқылы Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттердің бар-жоғын талдайды.


Оқылатын шығарма тақырыбы    Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты

Оқу мақсаты

5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығармадан алған әсерін  талдай отырып, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Төмендегі  жазбалардың негізінде шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, «Повестен кейінгі ой» тақырыбында өз пікіріңізді білдіріп, жазба жұмысын орындаңыз.

-      Қожа -  менің  сүйікті кейіпкерім;

-      Қожа - жаны таза бала;

-      Қожа -  түбі  адам болатын бала; - Қожаның болашағы жарқын.

Дескриптор             Білім алушы

-      жазбалар реті негізінде негізгі кейіпкерді ақтайды; -   әр жазбаға өзіндік көзқарасын білдіреді;

-      қорытындыда шығарма туралы  жалпы  тұжырым жасайды.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма


М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Білім алушы

             Шығарманың  сюжеттік дамуын ретімен орналастырады

Білу және түсіну


Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен қойып, жұбыңызға әңгімелеңіз.

Сюжет

Реті

Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытты сұрап, жаттығуға асығуы.

 

Аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы.

 

Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып, вокзалға бағыт алуы.

 

Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, директормен әңгімесі.

 

Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы тосырқаулық, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.

 

Дескриптор             Білім алушы

-      шығарманың сюжеттік даму ретін анықтайды; -        мазмұнын жұбына әңгімелейді.

     М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Білім алушы

             Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

             Идея      негізінде         шығарманың тақырыбын  анықтайды

Ойлау дағдыларының               Білу  және түсіну

деңгейі Тапсырма

Шығарманың идеясын анықтаңыз. Анықтаған идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.

             Бірінші  сөйлем:  «Менің ойымша, ертегідегі басты идея - .....»

             Екінші сөйлем:  «Себебі, мен оны былай  түсіндіремін   ….»

             Үшінші  сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей  аламын … »     Соңғы сөйлем: «Осыған  байланысты мен шығарманың тақырыбы ................деген шешімге келдім.... ».

Дескриптор             Білім алушы

-      бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды;

-      екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді;

-      үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты ертегіден  2 дәлел келтіреді;

-      төртінші сөйлемде идея негізінде шығарманың тақырыбына  қатысты өзіндік тұжырым жасайды.

  М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Білім алушы

             Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекетіне талдау жасайды

             Кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады

Ойлау дағдыларының                  Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Тапсырма

Кейіпкерлердің шығармадағы портреті мен әрекетіне өзіндік пікіріңізді білдіріңіз. Сын есімдер немесе мақал-мәтелмен образға қатысты тұжырым жасаңыз.

Кейіпкер

Менің пікірім...

Ой-тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал-мәтел

Директор - жасамыс, ақ сары әйел...

Директор кұжаттарды алдына жайып салып, қадағалап оқыды. Әр қайырма сайын басын бірде шайқап, кейде изеп, жігітті жылы шырайда тыңдаған директор саусақтарының буынын сыртылдатып үзіп отырды да, сөзге көшті…

Директорлар әдетте құжатқа өте жауапты қарайды. Сұхбаттасып отырған адамды мұқият тыңдау мәдениетін меңгерген...

Сауатты, жанашыр...

 

 

 

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-       3 кейіпкердің портреті мен іс-әрекетіне шығармадан айғақ табады;

-       анықталған әрекет немесе портрет арқылы кейіпкер бейнесіне өзіндік пікір білдіреді;

-       кейіпкер образын сын есім немесе мақал-мәтелмен тұжырымдайды.

М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

5.А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Білім алушы

             Кейіпкерлер арасындағы салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерге дәлел келтіреді

Ойлау дағдыларының               Қолдану

деңгейі Тапсырма

Шығармадан кейіпкерлер арасындағы суреттеулерді табыңыз. Олардың суреттеудің қай түріне жататындығын дәлелдеңіз.

Шығармадағы суреттеулер

Суреттеулердің түрлері

 

 

 

 

Дескриптор        Білім алушы

-      шығармадан кейіпкерлер арасындағы суреттеулерді табады;

-      салыстырмалы және қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады.


М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану

Тапсырма

Шығармадан            автордың      бейнесін         танытатын   эпизодтарды             кестеге             түсіріңіз. Анықтаған эпизодыңыздағы автор бейнесіне өз ойыңызбен пікір білдіріңіз. 

Эпизодтар

Менің пікірім...

Манап «Директор» деген алтын жазулы кабинетті тез тауып алды. Рұқсат сұрап, сыпайы кірген мұны басынан аяғына дейін шапшаң шолып шыққан жасамыс, ақ сары әйел орнынан тұрып, нақ алдындағы орындықты нұсқады. Бұл кабинеттің табалдырығын аттаған жан ең әуелі ашық қабақ пен жылы сөзді аңсап келетінін жақсы біле ме, директор саулығын, жол машақатын тәптіштеп сұрады....

Автор - баяндаушы, себебі оқиғаны баяндап үшінші жақта сөйлеп тұр. 

Лекіп сөйлеген директор жол ортада бөгеліп, інісін іздеп келген жігітке қараса, стол бетіне үңіліп, жылтыр тақтайды жанарымен сүртіп отыр екен. «Орынсыз мылжыңдап, түн қатып, түсі қашып келген қонағымды шаршатып алдым ба?» — деп ойлады ма, болмашы қызарып, күлімсіреді. Төмен қарап, көзімен жер сүзу Манаптың, қала берді Төрекелді тұқымының маңдайына жазылған қасиет екенін бір көрген директор қайдан білсін?...

Автор - сезімтал, бақылаушы, директордың Манапқа қатысты ойын жеткізуінен көрінеді.

Дескриптор      Білім алушы

-      шығармадағы автордың бейнесіне қатысты 3 эпизодты  анықтайды; -      әр эпизодтағы автор бейнесіне өз сөзімен сипаттама береді.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы 

      Шығармадан  бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін ойларды анықтайды

      Бейнелеу құралының түрі мен мағынасына талдау жасайды

Қолдану

Тапсырма

Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін сөйлемдерді табыңыз. Олардың  түрлері мен мағыналарына талдау жасаңыз.

Шығармадан үзінді

Бейнелеу, суреттеу құралының түрі

Мағынасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадағы  тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін 3 сөйлемді табады;

-      олардың  түрлерін анықтайды;

-      бейнелеу, суреттеу құралдарының мағыналарын талдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы      М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға  хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы 

      Стратегия бойынша авторға хат жазады

      Алған әсерімен бөліседі

Жоғары деңгей дағдылары

«РАФТ» стратегиясын негізге ала отырып, шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, авторға  хат жазыңыз (100-120 сөз).

Р - роль - оқырман

А - аудитория - автор

Ф - форма - хат

Т - тақырып - туыстық қатынас

Дескриптор          Білім алушы

-      стратегия бойынша болашақ оқырман атынан авторға хат жазады;

-      хат мазмұнында туыстық  сезім туралы жеткізеді;

-      шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;

-      хат құрылымын сақтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы    М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығармадағы  кейіпкерлердің тағдырын шынайы өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары  деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығармадағы кейіпкерлердің қазіргі күндегі өміріне өз ойыңызша болжам жасаңыз. Жасаған болжамдарыңызға шығармадан дәлел келтіріңіз.

Кейіпкер

Қазіргі өмірде

Неге олай болжам жасаймын?

Манап Төрекелдиев – соғыстан кейінгі ауыр жылдарда балалар үйіне тапсырған бауырын іздеуші жігіт.

 

 

Қали Төрекелдиев – балалар үйінде тәрбиеленуші Манаптың бауыры.

 

 

Виктория Ивановна – балалар үйінің директоры.

 

 

Эльжбета Сергеевна – балалар үйінің қызметкері.

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      шығарма кейіпкерлерінің қазіргі өміріне болжам жасайды;

-      болжамының себебін түсіндіреді;

-      шығармадағы кейіпкер әрекеттерімен байланыстырады.

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктеріне талдау жасайды

      Анықталған ерекшеліктерге шығармадан дәлелдер келтіреді

Жоғары деңгей дағдылары

Шығарма кейіпкерінің бірінің тұлғалық ерекшеліктерін талдаңыз.

Үлгі: Манап - еңбекқор, бауырмал, адал, әке алдындағы борышын өтеді, қамқоршы, бейнет көрген жігіт.

Анықталған қасиеттеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін сипаттап, эссе жазыңыз (120 -130 сөз).

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадан бір кейіпкерді таңдайды;

-      кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);

-      негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);

-      әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);

-      қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығармадан алған әсерін талдай отырып, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Жазушының «Бауыр» әңгімесі терең психологиялық сезімге құрылған. Шығармаға арқау болған адамдар өміріне зардабын тигізген, бауырлардың бір-бірінен еріксіз ажырап қалуына себеп болған Ұлы Отан соғысының ащы шындығы сізге қалай әсер етті?

Осы сұраққа жауап ретінде сыни хабарлама жазыңыз.

Дескриптор         Білім алушы

-      кіріспе бөлімде шығармадағы кейіпкерлер, шығарманың    тақырыбы мен идеясына тоқталады (20 -25 сөз);

-      негізгі  бөлімде шығармадан алған әсері, кейіпкерлер әрекетінің неге ойландыруға жетелейтіні, тәрбиелік мәні туралы пікірін

   білдіреді (60-70 сөз) ;

-      қорытынды бөлімде  отбасы құндылығы, оның маңыздылығы жайлы ойымен қорытындылайды  (20-25 сөз).

4-тоқсан 

Бөлім «Отбасылық құндылықтар»

Оқылатын шығарма тақырыбы Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығарманың жанрына қарай фабуласын, сюжеттік дамуын сипаттайды

Қолдану

Тапсырма

Шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтаңыз және оны сипаттайтын тақырып қойыңыз.

      Оқиғаның  басталуы –

      Оқиғаның дамуы Оқиғаның шиеленісуі – Оқиғаның  шарықтау шегі –

      Оқиғаның  шешімі –

Дескриптор             Білім алушы

-        шығарманың жанрына қарай фабуласын, сюжеттік дамуын анықтайды;

-        шығарманың сюжетін сипаттайтын тақырып қояды.

Оқылатын шығарма тақырыбы    Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Әңгімедегі негізгі тақырыпты анықтайды

      Идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

Қолдану

Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты анықтаңыз.

Әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтаңыз, сызбаға түсіріңіз.

Дескриптор              Білім алушы

-        берілген сурет нұсқаларының ішінен әңгімеге сай келетін тақырыпты белгілейді;

-        әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды;

-        анықталған сөздерді сызбаға түсіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы     Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын суреттеп сипаттайды

Қолдану

Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын төмендегі кесте бойынша суреттеп сипаттаңыз.

Ая туралы жазушы ойы

Менің ойым (суреттеп сипаттау)

Үні жасына лайық нәзік болғанымен, Аяның сөйлеу мәнерінде орнықтылық байқалады. «Райхан сенен екі жас кіші. Оны жылатпай қайта оған өзің көмектесе жүр», - деп  шешесі екеуміз құлағына құя бергендіктен де болар, Ая сіңлісінің қасында кейде өзін үлкен кісідей ұстауға тырысатын...

Меніңше, Ая Райханнан үлкен болғанымен де өзін әлі кішкентай сезінеді, шығармаға сүйенсек, ол сіңлісіне қарағанда неғұрлым ерке, талапшыл сияқты: «Папа, тағы да, бізге балабақшада мұндай ертегі айтпайды», «Ия, папа, сен мұның бәрін қайдан білесің?», «Әже деген кім?» деп бәрін тез-ақ сұрап, білгісі келіп тұрады...

Дескриптор      Білім алушы

-        шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін анықтайды; - кейіпкерлердің образын суреттеп сипаттайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы   Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадан үзінділерді пайдалану арқылы диалог, монолог құрастырады

Қолдану

Қима қағаздардағы үзінділерді оқып шығыңыз, мәнерлеп жатқа айтыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-        шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп жатқа оқиды.


   Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

5.А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы  суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Шығармадағы салыстыра суреттеулер мен қарамақарсы суреттеулерді талдайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Жоғары деңгей дағдылары 

Әңгімедегі кейіпкерлердің бойынан салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы суреттеулерді анықтаңыз. Суреттеулерді (салыстырмалы, қарама-қарсы суреттеулер) өз сөзіңізбен ұсыныңыз.

Үлгі:

... Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін. 

Әжесінің қолында тәрбиеленген, Әжесіне еркелеп өскен. 

 

 

Дескриптор      Білім алушы

-        шығармадағы суреттеулерді табады;

-        суреттеулерге талдау жасайды, өз ойын ұсынады;

-        кейіпкерлердің арасындағы  суреттеулерге шығармадан 2 дәлел табады;

-        дәлелдер бойынша салыстыра және қарама-қарсы суреттеулер екенін анықтайды.

   Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану

Тапсырма

Шығармадағы автордың бейнесін талдап, тұжырымдамалық карта арқылы анықтаңыз.

Үлгі:

Дескриптор             Білім алушы

-        шығармадағы автордың бейнесін талдайды;

-        шығармадағы автор бейнесін тұжырымдамалық карта арқылы анықтайды.

    Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Сіз автор ретінде осы шығарманы неліктен осылай бастадыңыз? Егер сіз автор болсаңыз осы шығарманы қалай аяқтар едің? деген сұрақтарға жауап дайындаңыз. Өз жауабыңызды «Автор орындығында» оқыңыз. 

Дескриптор             Білім алушы

-        шығармадағы автордың көзқарасы мен ойын талдайды;

-        автор орындығында автордың бейнесін сипаттап жеткізеді.


Оқылатын шығарма тақырыбы   Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдарын іріктейді

      Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды

      Анықталған бейнелеу құралдарын мағынасына талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Әңгімеден тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табыңыз, қарындашпен белгілеңіз. Тілдік құралдардың мағыналарын анықтау үшін түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасаңыз және тілдік құралдарды қолдану мақсатын анықтау үшін келесі сұрақтар тізбегіне жауап беріңіз: не? қайда (кімнің)? қашан?

Үлгі:  

Бейнелеу, суреттеу құралдары

Мағынасы

Не? қайда (кімнің)? қашан?

Бал-бұл жайнаған

 

-не? - жүздері;  кімнің? - балалардың; қашан? - әжемен кездесуді естігенде.

Көл-көсір етіп дастарқан жайған

 

- не? дастарқан;  қайда? - қонақта;  қашан? – қонақта болған кезде

 

 

 

 

 

 

Дескриптор         Білім алушы

-        шығармадағы ауыспалы мағынада қолданылған 4 тармақты анықтайды;

-        әр тармақтың құрамындағы сөздің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы   Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды іріктейді

      Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды

      Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Сен маған, мен саған. Шығармада кездескен бейнелеу, суреттеулерді теріп жазып алыңыз.

Суреттеулерді қима қағаздарға жазыңыз, жұбыңызбен қима қағазбен алмасыңыз.

Бейнелеу, суреттеулер мәтінде қандай мақсатта қолданылғанын мәтінге қарамастан мазмұндап, түсіндіріп беріңіз.

Дескриптор                Білім алушы

-        шығармадағы бейнелеу, суреттеу құралдарын табады;

-        бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы    Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға  хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Шығармадан алған әсері туралы жазбаша жеткізеді

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Шығармадан алған әсеріңізді білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің тізбегін жасаңыз.

Анықталған сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, шығармадан алған әсеріңізді сипаттайтын пікіріңізді жазбаша (хат немесе өлең) жеткізіңіз.

Дескриптор                Білім алушы

-        шығармадан алған әсерін сипаттайды;

-        хат немесе өлең жазады;

-        хат мазмұнында  шығармадан алған әсері туралы жеткізеді;

-        шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;

-        хат құрылымын сақтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы   Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін түсіндіріп, эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін концептуалды кесте арқылы талдаңыз. 

Үлгі:

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы (автор көзімен)

Адами қасиеті (автор көзімен)

Ана

 

 

2-тапсырма  Осы талдауға сүйеніп, ананың тұлғалық ерекшелігін түсіндіретін әдеби эссе жазыңыз (120-130сөз).

Дескриптор                Білім алушы

-        кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдайды;

-        кіріспе бөлімде ана туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);

-        негізі бөлімде ана  бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);

-        әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз); қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі  алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

Оқылатын шығарма тақырыбы     Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Әңгіменің сюжеттік дамуын сипаттайды

      Композициялық құрылымына талдайды

Қолдану

Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесінің композициялық құрылымына талдаңыз.

Композиция

Басталуы

 

Дамуы

 

Өрбуі

 

Шиеленісуі

 

Шарықтау шегі

 

Шешімі

 

1.  Оқиғаның басталуы - Ривераның рингке шығуы

2.  Оқиғаның дамуы - Дэннидің рингке көтерілуі

3.  Оқиғаның өрбуі - Ривера мен Дэннидің айқасы

4.  Оқиғаның шиеленісуі - Дэнни төрешінің қитұрқы әрекеттері

5.  Оқиғаның шарықтау шегі - Ривераның айласы

6.  Оқиғаның шешімі - Ривераның жеңісі

Құрылымы  бойынша шығарманы өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Дескриптор                Білім алушы

-      шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылымына жіктейді;

-      композициялық құрылымы бойынша әңгіменің сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.

Оқылатын шығарма тақырыбы       Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығарманың  негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды

Білу және түсіну

Тапсырма

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау үшін келесі кестеге мән беріңіз, шығарма сюжетіне сүйене отырып, сұрақтарға жауап беріңіз, кестеге түсіріңіз.

Үлгі:  

Қандай мәселелер көтерілді?

Шығармадағы мәселені ашатын үзінділер

Қандай үлгі-өнеге береді?

Ривераның туған елінің аянышты тұрмысы...

Шығарманың басындағы Ривераның Деннимен сайысқа түсер алдындағы туған елін көз алдына елестеткен тұсы...

Елін сүюге, өз халқының жарқын болашағы үшін күресуге, ...

 

 

 

Дескриптор              Білім алушы

-      шығарманың тақырыбы мен басты идеясын анықтайды; -         басты идеясын талдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы   Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс-әрекетін анықтайды

      Әрекет пен портрет негізінде кейіпкердің образына талдау жасайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығармадағы 2 кейіпкердің портретін және іс-әрекетін анықтап, шығармадан дәлел келтіріңіз.  

Шығармадағы кейіпкерлер

Қандай?

Шығармадан дәлел келтіретін үзінді

 

 

 

 

 

 

Дескриптор                Білім алушы

-      әңгімеден 2 кейіпкерді анықтайды;

-      кейіпкердің портретін және әрекетін  көрсететін жолдарды анықтайды;

-      анықталған портрет пен әрекеттер негізінде шығармадан 2 дәлел келтіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы  Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадан үзінділерді пайдалану арқылы диалог, монолог айтады

Қолдану

Шығармадан өзіңізге ұнаған үзіндіні таңдаңыз. Таңдалған үзіндіні өз сөзіңізбен мәнерлеп айтып беріңіз, айтылған мазмұнды үзіндімен салыстырыңыз, толық айтылғанына мән беріңіз.

Дескриптор                Білім алушы

-      әңгімеден үзіндіні таңдайды;

-      үзіндіні жатқа оқып, рөлдік ойын арқылы  көрсетеді.

Оқылатын шығарма тақырыбы   Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Әңгімеден өзіне ұнаған эпизодты анықтайды

      Эпизодты мәнерлеп жатқа айтады

Қолдану

Тапсырма

Әңгімеден өзіңізге ерекше әсер қалдырған эпизодты жаттап, жұбыңызға мәнерлеп жатқа оқыңыз.

Дескриптор                Білім алушы

-      әңгімеден әсер еткен  эпизодты анықтайды;

-      эпизодты жаттайды;

-      жұбына үзіндіні мәнерлеп жатқа оқиды.

Оқылатын шығарма тақырыбы   Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.А/И1.Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы  суреттеулерді табу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Әңгімедегі қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды

      Көркемдегіш құрал түрін ажыратады

Қолдану

Тапсырма 

Әңгімедегі қарама-қарсы суреттеулерді тауып, кестеге орналастырыңыз. Қарамақарсы суреттеулердің көркемдегіш түрін анықтаңыз.

Суреттеу

Қарама-қарсы суреттеу

Көркемдегіш құрал түрі

 

 

 

Дескриптор                Білім алушы

-      шығармадан  қарама-қарсы суреттеуді табады;

-      анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы   Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Білу және түсіну

Шығарма авторының бейнесін анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

-      Автор әңгімені неге «Мексика ұлы» деп атады? 

-      Жазушы Ривера бейнесі арқылы қандай ой тастайды? 

-      Шығарма мазмұнынан авторға қандай мінездеме беруге болады?

-      Шығармадан қандай әсер алдыңыз, сипаттап беріңіз? Жауаптарды келесі сызбаға түсіріңіз:

Дескриптор         Білім алушы

-      шығармадағы автордың бейнесін анықтайды; - автор бейнесіне сипаттама береді.

Оқылатын шығарма тақырыбы        Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

   Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды іріктейді

   Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Шығармадағы бейнелеу, суреттеу құралдарын табыңыз, топтастырыңыз.

Дескриптор                Білім алушы

-      шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады, топтастырады;

-      тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын талдайды, анықтайды.


 

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға  хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадан алған әсерін өз пікірімен жазбаша жеткізеді

Жоғары деңгей дағдылары

«Шығарма сізге қалай әсер етті?» деген сұраққа жауап ретінде ұсынылған бағыттың бірін таңдап, «Мені селт еткізген оқиға» деген тақырыпта авторға немесе кейіпкерге хат жазыңыз.

1.  Автормен сырласу.

2.  Кейіпкермен сырласу.

Хатты  қағазға түсіріңіз, «Автор орындығында» оқыңыз немесе сынып бұрышына іліңіз. Бір-бірлеріңіздің хаттарыңызды оқып, стикерде автор/кейіпкер атынан жауап жазып қалдыруға болады.

Дескриптор             Білім алушы

-      шығарма авторы немесе кейіпкерді таңдайды;

-      кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);

-      негізі бөлімде кейіпкердің  бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);

-      әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);

-      қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі  алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

  

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға  хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Меніңше...

Білім алушы

Шығармадан алған әсерін сипаттап, жазбаша жеткізеді

Жоғары деңгей дағдылары

Шығармадан алған әсеріңізді стикерге жазып жұбыңызға ұсыныңыз.

«Сыныптасыңыздың шығармадан алған әсерімен келісесіз бе?» және өз пікіріңізбен бөлісу үшін шығармадан алған әсеріңіз туралы «Меніңше...» деп басталатын оқырманға (сыныптасыңызға) хат жазыңыз.  Хатпен таныстырыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      оқырманға хат жазады;

-      кіріспе бөлімде оқырманмен амандасып, шығарма туралы жазады;

-      негізгі бөлімде кесте негізінде шығармадан дәлелдер келтіре отырып, алған әсерін айтады;

-      қорытынды бөлімде оқырманмен қоштасады.

  

5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығармадағы бір кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан келесі кесте бойынша талдаңыз. 

Кейіпкер

Мәтіннен мысал

Сіз берген мінездеме

Өмірде кездестірген ұқсас адам

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестеге түсірілген жазбаға сүйеніп, әдеби эссе жазыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-      шығармадағы кейіпкерді таңдайды;

-      кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдайды.

-      берілген пікірге қатысты өз пікірін анықтайды;

-      өз ойын дәлелдеу мақсатында шығармадан дәлелдер келтіреді;

-      кейіпкерге мінездеме береді;

-      кейіпкерге өмірде кездестірген ұқсас адамға мысал келтіреді.


Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды. 

Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т.9,24. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ СОР_Қазақ әдебиеті_5кл.pdf

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

 

Қазақ әдебиеті  (оқыту қазақ тілінде)

5-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9сыныптары) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.  

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. 

 

 

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

  

 

 

 

             

Мазмұны 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР     4

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау....................................................... 4

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР............ 10

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау............................................. 10

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР............ 16

      «Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау...................................... 16

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР............ 20

      «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............................................. 20

 

 

             

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Тақырып 

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы,

«Қобыланды батыр» жыры

 

Оқу мақсаты

А/И2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау Б/С2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

 

Бағалау критерийі 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының

деңгейі

 

Білім алушы

      Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды

      Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды 

 

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

 

1-тапсырма

Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың негізгі ойын, көзқарасын анықтаңыз.

 

 Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері туралы айтқанына талдау жасаңыз. 

Асан қайғының сыны

Қандай қасиеттер туралы айтады?

Автор қандай адам?

Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола алмас», - деген екен.

 

 

Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.

 

Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», - депті.

 

Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» - депті.

 

Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас!» - деп жүріп кетіпті.

 

 

 

2-тапсырма

«Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.

 

«Қобыланды батыр» жырындағы батыр

бейнесінің ерекшелігін

сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері

Ортақ белгілері 

(ұқсастықтары)

 

Қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін

сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл 

Білім алушы

Шығармадағы автордың  бейнесіне талдау жасайды.

 

1

шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтайды;

1-қасиет

2-қасиет

3-қасиет

4-қасиет

5-қасиет

 

 

1

1

1

1

1

үзінділер бойынша автор бейнесіне 3-5 сөйлеммен қорытынды жасайды;

1

Шығарма

кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды.

2

жырдағы батырдың әрекеттері және оны  сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

1

қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттайды;

1

 

екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табады.

1

Барлығы                                                                                                                                     9   

 




«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

«Қобыланды батыр» жыры

Оқу мақсаты

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау 5.А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығарманың басты тақырыбы  мен негізгі ойын анықтайды

      Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

«Екі жақты түсіндірме күнделігі» арқылы «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Кестенің сол жағына мәтіннен тақырыбы мен идеясына байланысты (шығарма бойынша) үзінділер жазыңыз. Оң жағына үзінділердің түсіндірмесін өз сөзіңізбен жазыңыз.

Жырдан  үзінді  (цитата)

Түсіндірме

(неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды болды)

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы

 

Идеясы

 

2-тапсырма

Жырдан  төмендегі сөздердің тура мағынасын анықтаңыз, жазыңыз.

Ауыспалы мағыналы сөз

Тура мағыналы сөз

Бейнелеуіш құрал түрі

Қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты.

 

 

Жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті.

 

 

Арыстанның апандай аузын көреді.

 

 

Қараңғылық серпіліп жүре бергенде...

 

 

Құстай ұшып, құйғытып барады.

 

 

7

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың басты тақырыбы  мен негізгі ойын  анықтайды

1

жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділер табады;

1

үзінділердің мағынасын өз сөзімен айтады;

1

үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

1

Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады

2

берілген сөздердің тура мағынасын анықтайды;

1

бейнелеуіш құрал түрін анықтайды.

1

Барлығы

 

 

5

8

 

 



2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт»

Оқу мақсаты

5.А/И1. Әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу 5.Б/С3 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады

      Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасап, әдеби эссені жүйелі жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

 «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінен цитаталар келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұл мен ағасының образдарын салыстырыңыз.

Кейіпкерлер

Кейіпкерлер іс-әрекетінен цитаталар

Екі кейіпкердің образдарына  салыстыру (айырмашылығы мен ұқсастығына) жасаңыз. 

Қыпшақ Сейітқұл

 

 

Сейітқұлдың ағасы

 

 

2-тапсырма 

Суреттерге назар аударып, «Атымтай Жомарт» туралы әңгіме үзіндісін оқыңыз. Осы шығармадағы автордың ойын жалғастырып, «Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?» тақырыбында әдеби эссе (сөз саны - 60-70)  жазыңыз.

 

 

«Атымтай Жомарт» әңгімесі

1

   «Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:

– Жомарт, құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйте тұрып, өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың

10

 

2

мағынасы не? – деп.  Жомарт айтты дейдi:...»

 

 

3

 

 

4

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді  ажыратады

1

шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табады;

1

Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына  талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады

2

эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдайды;

1

эссе құрылымын, сөз санын  сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны -60-70);

1

стильді (көркем әдеби) орынды қолданады.

1

Барлығы

 

 

4

11

 



«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен ісәрекеті арқылы образын ашу

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын сипаттайды

      Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша жеткізеді

Білу және түсіну

Орындау уақыты

1-тапсырма

15-20 минут

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз (2-3 сөйлем).

Кейіпкер портреті 

(Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары

Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау

Жапанға біткен жапырақ, Жамылсаң тоңар ма екенсің? Жазғы шыққан бүлдірген,

Сұғынсаң тояр ма екенсің?

 

Бадана көз, тоғыз тор, Сауыт киер ме екенсің? Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің?

 

Тұлпар атты жаратып,

Құйрық-жалын таратып,

Сырты қырлы, жүзі алмас, Сапы асынар ма екенсің?

 

Тең құрбымен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып, Керсеніне бал құйып,

Өмірде сүрер ме екенсің?

 

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің, Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің, әлі, жетерсің.

 

13


2-тапсырма

Өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, жетім бала Ақтан жасқа (50 сөз көлемінде) хат жазыңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

1

мәтіндегі кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдай отырып, 2-3 сөйлеммен қорытып жазады;

1

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

2

шығармадан алған әсерін сипаттап жазады;

1

хат құрылымын сақтап жазады;

1

сөз санын  (50 сөз) сақтайды.

1

Барлығы

 

 

4


 



3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Оқу мақсаты

5. Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Шығарманы сюжеттік желісі бойынша ретімен орналастырады

      Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді

Білу және түсіну

Орындау уақыты

1-тапсырма

15-20 минут

Шығармадағы сюжеттер желісіне қарай оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.

Оқиғалар

Реті

Өле-өлгенше бұл дүниеден шешесін мың бейнеден іздесе де мәңгі бақи таба алмай, арманда өтетін шығар…

 

Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Қалидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес.

 

Қали костюмге көз қиығын немқұрайды тастады да, миығынан күлімсіреді.

 

Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді.

 

Орындық арқалығын желкесіне жастап, басын артқа тастап жіберді де, көзін жұмды.

 

Ауыл есіңде ме? Көкем, мен… Қалғұты… тау, қалың орман есіңде шығар?

 

Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін...

 

Мереке қарсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді.

 

2-тапсырма

Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақ

Жауап

 

Қали Манап әкелген костюмді неге киіп көрмеді?

 

 

Қали балалар үйінде немен айналысады?

 

 

Манап неліктен Қалиды балалар үйіне тапсырған еді?

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың сюжеттік желісі бойынша реті мен орналастырады

1

шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін белгілейді;

1

Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді

2

берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап береді.

1

1

1

Барлығы

 

4

 



«Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5. А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

5.Б/С 2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат жазады, құрылымын сақтайды

      Өмірмен байланыстырады

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Ақынның «Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім...» деген өлең жолдарындағы басты ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, замандастарыңызға арнап хат жазыңыз. Шынайы өмірмен байланыстырыңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат  жазады, құрылымын сақтайды

1

хат құрылымын сақтайды;

1

кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізеді;

1

негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына  өмірден  дәлелдер келтіреді;

1

қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырады;

1

Өмірмен байланыстырады

шынайы өмірмен байланыстырады.

1

Барлығы

5

 



4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?" әңгімесі

Оқу мақсаты

Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа  айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Әдеби шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады

Білу және түсіну

Орындау уақыты

Тапсырма

15-20 минут

«Автор           орындығын»            пайдаланып,             «Нағыз          әже      қайда?»          әңгімесі бойынша кейіпкерлер атынан мәнерлеп, жатқа үзінді оқыңыз.

Нұсқау: Білім алушылар жасырылған кейіпкерлер атын таңдап алады. Өзіне тиесілі кейіпкерді рөлге ене отырып, дауыс нақышына салып, мәнерлеп (монолог) жатқа оқиды.

Кейіпкерлер:

1.      Ая (автордың 1-қызы)

2.      Райхан (автордың 2-қызы)

3.      Азат (автор)

4.      Жолдас (досы)

5.      Азаттың әйелі

Мысалы: Азаттың әйелі (Жақсы кісілер. Тіпті айтары жоқ, оңды адамдар. Асты-үстімізге түсіп, жандары қалмай жүгіріп жүр. Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.)

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа  айтады

1

жасырынған кейіпкерді таңдайды;

1

кейіпкер рөліне енеді;

1

үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады.

     1

Барлығы

 

 

3

 



«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Оқу мақсаты

А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау Б/С 3.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды

      Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

1-тапсырма

15-20 минут

«Мексика ұлы» әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суретпен сәйкестендіріңіз. 

 

«Мексика ұлы» әңгімесі бойынша үзінділер

Суреттер

А

 Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана шиыршық атып  тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол «ә» дегеннен-ақ Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп жіберді. Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды. 

1    

Ә

Дауыл толқынтқан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңға келе жатқан Дэнни Уордты көрді.

2

Б

Спайдер Ховерти Ривераның тоқыма көйлегін басынан сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Рас, бұлшық еттері оның бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай қалды.

3   

В

Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Жұдырықтар дауылы күрт тынды да, Ривера рингте жалғыз қалды. Дэнни, қаһарлы да даңқты Дэнни шалқасынан түсіпті. Ол теңселіп барып немесе тізерлей барып, жайлап жантая құламады, мұрттай ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы баудай түсірген екен. 

Джек Лондон. «Мексика ұлы»  http://bilimland.kz/ 

4   

2-тапсырма

Кейіпкерге сыни тұрғыдан баға бере отырып, 35-40 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды

1

әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) ажыратады, суретпен салыстыру арқылы анықтайды;

1

берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіреді.

1

Кейіпкерді

ерекшелігіне талдайды

2

кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады.

1

1

1

Барлығы

 

 

 5

23


 




Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды. 

Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т.2,94. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ СОР_Қазақ тілі және әдебиеті_7 кл.pdf

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)

7-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.  

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

 

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

             

Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу

– үлкен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ................................................................. 4

«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... 7 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 11 «Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы»  бөлімі бойынша жиынтық

бағалау ........................................................................................................................................... 11

«Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.» тақырыптары бойынша

жиынтық бағалау .......................................................................................................................... 15

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 18

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........... 18

«Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»,

«Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»» бөлімдері бойынша жиынтық

бағалау ........................................................................................................................................... 22

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 25

«Жастықтың оты қайдасың?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .......................................... 25

«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері

бойынша жиынтық бағалау ......................................................................................................... 28

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

 

Оқу мақсаты

Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау      

А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Негізгі ақпаратты анықтайды

      Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады

      Мәтіндегі оқиғаны дамытады

 

Ойлау дағдыларының           Қолдану деңгейі                                       

Орындау уақыты                  15-20 минут

 

Тапсырма Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

                                                                                                                                                                   

Үш тіл – заман талабы

 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз.

 Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз.

  Жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында

70-орында.

                                                                                                                                                                      

1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

A. Тіл туралы

B.  Өнер-білім туралы C. Еңбекқорлық туралы

D. Адамгершілік туралы

 

 

2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

A.     22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.

B.     Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.

C.     Біздің планетамызда 5651 тіл бар. 

D.     Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.

3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.

A.      әңгіме

B.      сұхбат

C.      ертегі

D.      мақала 4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.

(+ белгісімен белгілеңіз).

ақпараттар

дұрыс

бұрыс

1

Әрбір адам өз ана тілін сүюі, құрметтеуі тиіс.

 

 

2

Жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді.

 

 

5.    Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы сөйлесіңіз. Жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз.

      Өнер алды – қызыл тіл.

      Көп сөз -  күміс, аз сөз - алтын.

      Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

6.    Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз.

Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

      Қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда.

      Лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала.

      Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз.

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Негізгі ақпаратты анықтайды.

1-4

мәтіннің не туралы екенін анықтайды;

1

мәтіннің негізгі идеясын табады;

1

мәтіннің түрін ажыратады.

1

мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпараттарды анықтайды.

1

Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады.

Мәтіндегі  оқиғаны дамытады.

5-6

мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастырады;

1

тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді;

1

сөйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашады;

1

термин және  неологизмдермен сөйлемдер құрастырады.

1

Барлығы

8


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Негізгі ақпаратты анықтайды

Мәтіннің не туралы екенін анықтауда, негізгі идеясын табуда қиналады.

Мәтіннің не туралы екенін анықтау мен негізгі идеясын табуда қателеседі.

Мәтіннің не туралы екенін анықтайды, негізгі идеясын табады.

 

Мәтіннің түрін ажырату мен мәтін бойынша дұрыс не бұрыс ақпараттарды анықтауда қиналады.

Мәтіннің түрін ажырату мен мәтін бойынша дұрыс не бұрыс ақпараттарды анықтауда қателеседі.

Мәтіннің түрін ажыратады, мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпараттарды анықтайды.

Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады

 Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастыруда, термин және  неологизмдермен сөйлемдер құрауда қиналады.

Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастыруда,

термин және  неологизмдермен сөйлемдер құрауда қателеседі.

Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастырады.

Термин және  неологизмдермен сөйлемдер құрайды.

Мәтіндегі  оқиғаны дамытады

Тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап беруде және сөйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашуда қиналады.      

Тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап беруде және сөйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашуда қателіктер жібереді.       

Тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді. Сөйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашады.           

6


«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық

 

бағалау

Оқу мақсаты

О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну

ТБ1.2. Салыстырмалы,         күшейтпелі,   асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады 

      Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды, презентация жасайды

      Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады

Ойлау дағдыларының 

деңгейі                                        Қолдану

                                                     Жоғары деңгей дағдылары

 

Орындау уақыты                      15-20 минут

 

1-тапсырма 

Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Төмендегі ермек істер (хобби) мен олардың пайдалы жақтарын сызба арқылы сәйкестендіріңіз.

 

Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?

 Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз», - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай  іспен айналысса болады?

      Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады. 

      Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.

      Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б.

      Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз.

      Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз.

      Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, жаттығулар жасаңыз.

                       

 

            Тоқыма тоқу  

 

Таза ауамен демаласың

 

Спортпен айналысу тапсырма.        2-

 

Көңіл күйің көтеріледі

                                                        

 

 

Блог жүргізу

 

Қызықты деректер жинайсың

 

 

 Гүл өсіру

 

Денің сау болады

 

 

2-тапсырма

«Бос уақытымды қалай өткіздім?» сұрағына шартты белгілермен жауап беріңіз, кестені толтырыңыз.

 

 

Не істеуді жоспарладыңыз?

Не істедіңіз?

 

Қанша ісіңіз ертеңге қалды?

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

  

 

3-тапсырма 

Д.Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы бойынша мәліметтерді жинақтап, «Робинзонның 1 күні» тақырыбында презентация жасаңыз. Шырай түрлерін

(салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) қолданыңыз.

 

 

             

8

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады. 

 

 

1-2

оқылған мәтін мазмұнын анықтайды;

1

ақпараттарды сызба арқылы сәйкестендіреді;

1

 

сұрақққа шартты белгілермен жауап береді.

1

 

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды.

Презентация жасайды.

 

 

 

 

3

 

«Робинзон Крузо» романынан мәліметтерді жинақтайды;

1

 

тақырып бойынша презентация дайындайды;

1

 

презентация талаптарын толық сақтайды;

1

 

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда тиімді қолданады.

 

 

1

 

Барлығы

 

 

7

 


«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер»  бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

 

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

 

Төмен

Орта

 

Жоғары

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады. 

 

Оқылған мәтін мазмұнын түсінуде, ақпараттарды сызба арқылы сәйкестендіру мен 

сұрақққа шартты белгілер арқылы жауап беруде қиналады.    

Оқылған мәтін мазмұнын түсіну ақпараттарды сызба арқылы сәйкестендіру мен 

сұрақққа шартты белгілер арқы жауап беруде қателер жібереді.

де,

лы

Оқылған мәтін мазмұнын түсінеді, ақпараттарды сызба арқылы сәйкестендіреді,  сұрақққа шартты белгілермен жауап береді.          

 

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды.

Презентация жасайды.

«Робинзон Крузосы» романынан мәліметтерді жинақтау мен тақырып бойынша презентация дайындауда, презентация талаптарын сақтауда қиналады.

 

«Робинзон Крузосы» романынан мәліметтерді жинақтау мен тақырып бойынша презентация дайындауда, презентация талаптарын сақтауда қателеседі.

 

 

 

«Робинзон Крузосы» романы-нан мәліметтерді жинақтайды, тақырып бойынша презентация дайындайды, презентация талаптарын толық сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда қиналады.

 

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда қателіктер жібереді.

 

 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда тиімді қолданады.

 

                

10

 


2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы»  бөлімі бойынша жиынтық

бағалау

Оқу мақсаты                         Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау   

Бағалау критерийі               Білім алушы

      Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады

      Автор берген мінездемені анықтайды

      Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі                                  Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты                15-20 минут

1-тапсырма  

Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді өзгелердің пікірімен салыстырыңыз. 

Ұлы Жібек жолы

Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. 

Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. 

       Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. 

       Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.        Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған.  Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.

2-тапсырма

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз, өзгелердің пікірін тыңдаңыз, салыстырыңыз. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыз.  «ПОПС» формуласы: 

      Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

      Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

      Үшінші сөйлем  «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

      Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

3-тапсырма

Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін табыңыз. Бегабат Ұзақов 

«Жантаза» (әңгімеден үзінді)           Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.

         «Тіршілік неткен тұрлаусыз еді!  - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың...»

          Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.

          Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.

4-тапсырма Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. Кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз.

Кейіпкердің аты

Кейіпкердің  жасы, түрі,  сыртқы келбеті

Кейіпкердің  мінезі, қылығы, ішкі жан-дүниесі

Кейіпкердің іс-әрекеті

 

 

 

 

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Өз пікірін өзгелердің  пікірімен салыстырады.

1-2

мәтіннің тақырыбын анықтайды;

1

өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады;

1

пікір білдіреді, салыстырады (ПОПС формуласын қолданады).

1

Автор берген мінездемені анықтайды.

Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды.  

3-4

шығармадан кейіпкерге берілген автор мінездемесін табады;

1

кейіпкердің сыртқы келбетін суреттейді;

1

кейіпкердің мінезін, қылығын, ішкі жан-дүниесін анықтайды;

1

кейіпкердің қарым-қатынасын, ісәрекетін сипаттайды.

1

Барлығы

7


«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)   Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

Бағалау критерийі

 

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Өз пікірін өзгелердің  пікірімен салыстырады.

Мәтіннің тақырыбын анықтау мен өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыруда, пікір білдіруде қиналады. 

Мәтіннің тақырыбын анықтауда, өз

пікірін өзгелердің пікірімен салыстыру мен  пікір білдіруде қателіктер жібереді. 

Мәтіннің тақырыбын анықтайды, өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады, пікір білдіруде

ПОПС формуласын қолданады. 

Автор берген мінездемені анықтайды.

Шығармадан кейіпкерге берілген автор мінездемесін табуда қиналады.      

Шығармадан кейіпкерге берілген автор мінездемесін табуда қателеседі.    

 Шығармадан кейіпкерге берілген автор мінездемесін табады.          

Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды. 

Кейіпкердің сыртқы келбетін суреттеуде, кейіпкердің мінезін, қылығын, ішкі жан дүниесін анықтау мен кейіпкердің қарымқатынасын, іс-әрекетін сипаттауда қиналады.          

Кейіпкердің сыртқы келбетін суреттеуде, кейіпкердің мінезін, қылығын, ішкі жан дүниесін анықтау мен кейіпкердің қарымқатынасын, іс-әрекетін сипаттауда қателеседі.        

Кейіпкердің сыртқы келбетін суреттейді, кейіпкердің мінезін, қылығын, ішкі жан дүниесін анықтайды, кейіпкердің қарымқатынасын, іс-әрекетін сипаттайды. 

14


«Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.» тақырыптары бойынша

 

жиынтық бағалау

 

Оқу мақсаты

 

О1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу

Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер  түрінде берілген ақпаратты тиімді қолданады

      Күрделі сөздерді дұрыс жазады

      Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады

      Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады

 

Ойлау дағдыларының          Қолдану

деңгейі                                     Жоғары деңгей дағдылары

 

Орындау уақыты                  15-20 минут

 

1-тапсырма

Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастырыңыз.

 

70%

60%

50%

40%

30%

20%

10% 0%

Қандай спорт үйірмелері үйіңізге жақын орналасқан? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          10%                                                                        

 

бокс залы стадион        хоккей       тренажер бассейн     теннис алаңы      залы       корты

футбол

алаңы

 

2-тапсырма

Берілген күрделі сөздерді дұрыс жазып, түрлерін ажыратыңыз.

 

Кербез сұлу, ағайын туысқан, бүгін, ТМД, қараторы, ұл қыз, бел-беу, киім кешек, см, таң ертең, ҚазМҰУ, пед-колледж, қолөнер, Ақан сері, күнде күнде, құлақ-салды, білезік, ауылаймақ, нұрлы жол, АҚШ.

 

 

 

 

Сөз тіркесі

Қос сөздер

Біріккен сөздер

Қысқарған сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма

Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойыңыз. 

 

-     Негізінде жағдайымыз онша жақсы емес.     

-     Тыңда  дала  Жамбылды.

-     Алақай келгенің жақсы болды. 

-     Пай-пай  Нұржан-ай тіліңіз қандай ащы! 

-     Сапарың  құтты  болсын қарағым!

-     Менің ойымша бұл дұрыс шешім.                      

 

4-тапсырма

Берілген жай сөйлемдермен ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырыңыз.

 

A.  Далада жел соғып тұр. Сiркiреп жаңбыр жауып тұр. 

B.   Ән басылып қалды. Гитара сазы тоқталған жоқ еді.

C.   Сабақ бізге ұнағаны соншалық. Уақыт өткенін білмей қалыппыз.

 

5-тапсырма

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Қазіргі сән туралы менің ойым» тақырыбында эссе жазыңыз. Күрделі сөз түрлері мен оқшау сөздерді дұрыс жазыңыз. 

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер  түрінде берілген ақпаратты тиімді қолданады.

 

 

1

 

берілген диаграммадағы ақпаратты ажыратады;

1

 

диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастырады;

 

1

Күрделі сөздерді дұрыс жазады. Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады.

 

2-3

күрделі сөз түрлерін ажыратады;

1

күрделі сөз түрлерін дұрыс жазады;

1

 

оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.

1

Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

 

 

4-5

салалас құрмалас сөйлем түрлерін құрастырады;

1

 

тақырыптық эссе жазады;

1

салалас құрмалас сөйлем түрлерін орынды қолданады.

 

1

Барлығы 

 

 

8

 

 


«Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

         Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

 

Төмен

Орта

Жоғары

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер  түрінде берілген ақпаратты тиімді қолданады.

Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастыруда қиналады. 

Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастыруда қателеседі.

Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастырады.

Күрделі сөздерді дұрыс жазады. 

Күрделі сөз түрлерін ажырату мен жазуда қиналады. 

Күрделі сөз түрлерін ажырату мен жазуда қателеседі.  

Күрделі сөз түрлерін ажыратады, күрделі сөз түрлерін дұрыс жазады.            

Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады.

Оқшау сөздердің тыныс белгілерін қоюда қиналады.

Оқшау сөздердің тыныс белгілерін қоюда қателіктер жібереді.       

Оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады. 

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін құрастыру мен тақырыптық эссе жазу барысында қолдануда қиналады.      

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін құрастыру мен тақырыптық эссе жазу барысында қолдануда қателеседі.

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін құрастырады, тақырыптық эссе жазады, салалас құрмалас сөйлем түрлерін орынды қолданады.

17


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

7.А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен

сызбаларда берілген  ақпаратты  сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

Білім алушы

      Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтайды

      Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты сипаттайды

деңгейі          

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты                     15-20 минут

1-тапсырма 

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.

Домбыра

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын

Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.

Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:

Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.

Қадыр Мырза Әлі

2-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

1.      Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?

2.      Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?

3.      «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті туралы?

4.      «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?

5.      «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай түсінесіз?

3-тапсырма

Суреттерді пайдаланып, «Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?» тақырыбында сөйлесіңіз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.

 

 

 

 

      Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу?

      Жастардың арасында ғаламторға тәуелділік бар ма?

      Ғаламтор тәуелділігінен қалай құтылуға болады?

      Ғаламтор мәдениетін білеміз бе?

 

4-тапсырма

Төмендегі кесте мен диаграммада берілген ақпаратты өз сөзіңізбен сипаттаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтайды.

 

 

 

1-2

өлең мазмұнын ашады, не туралы екенін айтады;

мазмұны бойынша сұрақтарға жауап

береді; негізгі ақпараттарды анықтайды.

1

 

1

1

 

Мәтіндегі деректерді қолданады. Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

 

 

 

3

оқылған мәтін мазмұны бойынша баяндайды;

мәтінде көтерілген мәселені анықтайды; негізгі деректерді белгілейді; көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді;

суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сөйлейді; сұрақтарға толық жауап береді.

1

 

1

1

1

1

1

Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты сипаттайды.

 

 

4

кестеде берілген ақпаратты сипаттайды;

 

1

диаграммада берілген ақпаратты сипаттайды.

 

1

Барлығы 

 

 

11

 


«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты  ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)  Білім алушыны аты-жөні ________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтайды.

Өлең мазмұнын түсіну мен не туралы екенін айтуда, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде, негізгі ақпараттарды анықтауда қиналады. 

Өлең мазмұнын түсіну, не туралы екенін айтуда, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде, негізгі ақпараттарды анықтауда қателіктер жібереді.

Өлең мазмұнын түсінеді, не туралы екенін айтады, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, негізгі ақпараттарды анықтайды.   

 

 

 

 

 

 

Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізуде, суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сөйлеу мен сұрақтарға жауап беруде қиналады.      

Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізуде, суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сөйлеу мен сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. 

Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді, суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сөйлейді, сұрақтарға толық жауап береді.

Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты сипаттайды.

Кесте мен диаграммада  берілген ақпаратты сипаттауда қиналады.

Кесте мен диаграммада  берілген ақпаратты сипаттауда қателеседі.

Кесте мен диаграммада  берілген ақпаратты толық сипаттайды.

21


«Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»» бөлімдері бойынша жиынтық

бағалау

 

 

Оқу мақсаты

7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу

7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу  

7.ТБ1.5. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ,  мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының

деңгейі

 

Білім алушы

      Мәтіндегі деректерді қолданады

      Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді

      Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданады  

      Шақ түрлерін, қалау райдың қызметін ажыратады

      Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша және жазба жұмыстарда қолданады

 

Білу және түсіну

Қолдану

 

Орындау уақыты                      15-20 минут

 

1-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз, негізгі деректерді белгілеңіз.

 

Жастар және ғаламтор

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған сөзінде: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», - деген болатын. Бүгінгі тақырыбымыз – мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономика, ғылым мен білімнің дамуына, жеке адам мен қоғамның, әсіресе жастардың өмірі мен қауіпсіздігіне күшті әсер ететін ҒАЛАМТОР жайында болмақ. 

 Біраз уақыт бұрын Гуглдың негізін қалаушы Эрик Шмидтің «Жаңа сандық дәуірі» атты кітабы шықты. Бұл кітап – Интернет пен оның төңірегіндегі технологияларды сараптай келе, қоғам, мемлекет пен бизнестің болашағына жаңа көзқарас ұсынады.

 Шмидтың айтуынша, адамзат Интернетті өз қолымен жасаса да, оның табиғатын терең түсінбейді. Интернет -  адам өміріне керемет пайдалы құрал, бірақ оның зияны да айтарлықтай көп. Тексерілмеген ақпарат, дәйексіз пікір, кез келген адамды ретсіз қаралау, дәлелсіз жала жабу – соның басы ғана. Онлайн алаяқтықтың түр-түрін жасауға болатын, ұят пен абыройды ұмытқан ойын-сауық табуға болатын, бұзақы да, баскесер қылмыскер де еркін кіріп, басқаларға ақыл айтатын, ешкім бақыламайтын, қадағаламайтын орта іздеген адам Интернетке келеді.  Ал бұл жастардың болашағын бұзады..... 

 

 

 

 

 

2-тапырма

Көтерілген мәселе туралы өз ойыңызды дәлелдеп жеткізіңіз.

3-тапсырма Суреттерді пайдаланып, осы оқиға туралы баяндап, алыстағы досыңызға хат жазыңыз. Хатта теңеулер мен метафораны қолданыңыз. Етістіктің шақтарын дұрыс пайдаланып, қалау райды қолданыңыз.

Жағдаят.

Сіз ата-анаңызбен бірге ұлттық аспаптар оркестрінің концертіне бардыңыз.

Концерт ұнады ма/ұнамады ма? Неліктен? Қандай сезімде болдыңыз?  

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі деректерді қолданады.

Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

1-2

мәтін мазмұнын баяндайды;

мәтінде көтерілген мәселені анықтайды; негізгі деректерді белгілейді; көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді;

суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сөйлейді; сұрақтарға толық жауап береді.

1

1

1

1

1

1

Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданады.  

3

суреттерді пайдаланып, досына хат жазады;

1

теңеулерді қолданады;

1

метафораны қолданады;

1

Шақ түрлерін ажырата-ды, қалау райдың қызметін біледі. Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады.

етістіктің шақтарын дұрыс қолданады;

1

қалау райды орынды қолданады.

1

Барлығы

 

 

11

23


«Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

 

Білім алушының аты-жөні_________________________________________

 

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

 

Төмен

Орта

Жоғары

 

Мәтіндегі деректерді қолданады

 

 

Оқылған мәтін мазмұнын түсіну мен баяндауда, мәтінде көтерілген мәселені анықтап, негізгі деректерді белгілеуде қиналады. 

Оқылған мәтін мазмұнын түсіну мен баяндауда, мәтінде көтерілген мәселені анықтап, негізгі деректерді белгілеуде қателер жібереді.  

Оқылған мәтін мазмұнын түсінеді, баяндайды, мәтінде көтерілген мәселені анықтайды, негізгі деректерді белгілейді. 

 

Жазба жұмыстарында теңеу

мен метафораны қолданады  

 

Суреттерді пайдаланып, досына хат жазуда, жазылымда теңеулер мен метафораны қолдануда қиналады.

                                                        

Суреттерді пайдаланып, досына хат жазуда,

жазылымда теңеулер мен метафораны қолдануда қателеседі.

                                                       

Суреттерді пайдаланып, досына хат жазады,

жазылымда теңеулер мен метафораны қолданады.

                                                    

Шақ түрлерін ажыратады, қалау райдың қызметін біледі

 Шақ түрлерін ажырату мен қалау райдың қызметін анықтауда қиналады.

 

Шақ түрлерін ажырату мен қалау райдың қызметін анықтауда қателеседі.    

Шақ түрлерін ажыратады, қалау райдың қызметін ажыратады.

Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады

Жазылымда етістіктің шақтары мен қалау райды қолдануда қиналады. 

 

Жазылымда етістіктің шақтары мен қалау райды қолдануда қате жібереді. 

 

Жазылымда етістіктің шақтары мен қалау райды орынды қолданады. 

 

 

 

24

 


 

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

Жастықтың оты қайдасың?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Оқу мақсаты

7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау 7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды

      Диалогке қатысушылар «сөйлеуші      тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады

 

Ойлау дағдыларының          Қолдану

деңгейі                                         

Орындау уақыты                    15-20 минут

 

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, ойды жалғастырып, оқиғаны дамытыңыз.

 

 Бір күні Қожанасыр бақшада жұмыс істейді. Түс мезгілі болатын. Қожанасыр түскі астан кейін ағаштың астында демалады. Ағашта өсіп тұрған өрік пен жердегі асқабақты көріп: «Осы табиғатқа таң қаламын. Өрік ағашы өте үлкен. Бұтақтары, жапырақтары өте мықты. Бірақ жемісі өте кішкентай әрі жұмсақ. Асқабақтың сабағы мен жапырағы өте әлсіз. Ал жемісі өте үлкен әрі қатты. Бұл дұрыс емес. Өйткені өрік пен асқабақтың жемісі ауысып кеткен», - деп ойланады. Дәл сол кезде басына өрік келіп түседі. Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді .................. 

Жауабы: 

 Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді: «Осыдан былай табиғатқа тіл тигізбеймін. Табиғаттағы барлық нәрсе өз орнында. Егер өріктің орнында асқабақ болса, мен тірі қалмайтын едім». Неге екен? ...............

Жауабы:

 Шынында да табиғатта үлкен тепе-теңдік бар. Әрқайсысының  өз орны бар. Әрбір нәрсе өте керемет жасалған. Және бұл табиғат заңына бағындырылған. Бұның бәрі тегіннен-тегін емес. Соны ойланған адам бар ма? ......................

 

2-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.

 

Сұрақ

Жауап

1

Мәтінде қай жыл мезгілі сипатталады?

 

2

Оқиға қай жерде болады?

 

3

Басты кейіпкері кім?

 

4

Мәтінге қандай атау бересіз?

 

5

Мәтін әдебиеттің қай жанрына сай?

 

25

 

3-тапсырма

Берілген суреттерді қатыстырып, «Ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Жастар және қарттар мәселесін көтеріңіз. Сөйлеңіз және тыңдаңыз. «Сөйлеуші →тыңдаушы» позициясын ауыстырып отырыңыз.

 

 

 

  

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды.

 

1

 

оқиғаны дамытады;

1

ойды жалғастырады;

1

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

1

Диалогке қатысушылар «сөйлеуші

→тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.

 

2

 

 

тақырыптық диалог құрастырады; 

1

суреттерді қатыстырып сөйлейді;

1

жастар және қарттар мәселесін айтады;

1

сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстырады.

1

Барлығы

 

 

7

 

 

 


 

 

 

«Жастықтың оты қайдасың?»  бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

 

            Білім алушының аты-жөні _________________________________________

 

 

Бағалау критерийі

 

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

 

Жоғары

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды.

 Мәтінді мұқият тыңдауда, оқиғаны дамытып, ойды жалғастыруда, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады.

                                                    

 Мәтінді мұқият тыңдауда, оқиғаны дамытып, ойды жалғастыруда, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қателеседі.

Мәтінді мұқият тыңдайды, оқиғаны дамытады, ойды жалғастырады, мәтін бойынша сұрақтарға толық жауап береді.

 

Диалогке қатысушылар «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.

Тақырыптық диалог құрастыру мен суреттерді қатыстырып сөйлеуде, жастар және қарттар мәселесін көтеруде, сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстыруда қиналады.

Тақырыптық диалог құрастыру мен суреттерді қатыстырып сөйлеуде, жастар және қарттар мәселесін көтеруде, сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстыруда қателіктер жібереді.

 

Тақырыптық диалог құрастырады, суреттерді қатыстырып сөйлейді, жастар және қарттар мәселесін көтереді,

сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.

 

 

 

27

 


«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері

 

бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау

7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну

7.ТБ1.7. Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады

      Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды

      Септеулік шылаулардың қызметін ажыратады

      Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады

 

Ойлау дағдыларының          Қолдану

деңгейі                                   Жоғары деңгей дағдылары

                                                          

Орындау уақыты                         15-20 минут

 

1-тапсырма

Екі мәтінді түсініп оқып, кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз. 

 

1-мәтін 

Автоматты индустрия саласында адамсыз жүретін көліктер соңғы жаңалық болды. Өзі жүретін машиналар уақыт пен отынды үнемдеп, апаттардың алдын алып, автоматтандырылған тұрмыс-тіршілікте үлкен жетістік болып саналады. Осы көлікті ойлап тапқан жетекші компаниялардың бірі  - Google. 

Компания директоры Ларри Пейдж: «Өзі жүретін автомобильдің біздің тұрмыстіршілік пен қоршаған ортаны қалай өзгертетінін елестетіп көріңіздер. Жасыл желек көбейеді, көлік қоятын орындар кемиді, жүріп-тұру оңайлайды, апат азаяды, бос уақыт та көбейеді. Бұрынғыдай кептелісте көп уақыт жоғалтпайсың. Орташа есеппен бір америкалық шамамен жұмысына жету үшін күн сайын 50 минутын шығын қылады. Енді осы уақыттың бәрін басқа іске арнауға болады. Мамандар автомат көліктердің алғашқы нұсқаларын қазірдің өзінде сынақтан өткізіп жатыр. Бірақ олар бұл көліктер жалпы жұртқа жеткенше 10 жылдай уақыт керек», - дейді.

 

2-мәтін

        «Samsung» компаниясы жақында шығарған Galaxy смартфонындағы экран бетіне қолды тигізбей-ақ басқару технологиясын одан әрі жетілдіріп келеді. «Samsung» Техас университетінің ғалымдарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға таптырмас құрал ойластыруда. Технология бас киім, Galaxy Note планшеті және арнайы қосымша көмегімен жүзеге асатын болады. Қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен плей-листтегі тректерді таңдауға болады. Жүйе мидағы бұйрықты сканерлеп, оны шын бұйрыққа айналдырады. Ғалымдардың сөзінше, технология әзірше шикі. Мысалы, арнайы бас киімді жөндеп орналастыру үшін 45 минут уақыт кетсе, электродтардың мидағы жұмысты қабылдауы үшін басқа арнайы гель жағуға тура келеді. Бірақ қазірдің өзінде жүйе 90% дәлдікпен жұмыс жасап тұр.

 

Екі мәтіннің ұқсастығы

 

 

 

Айырмашылығы

 

 

 

 

Негізгі идеясы

 

 

 

 

Мақсатты аудиториясы

 

 

 

 

 

2-тапсырма

«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» тақырыбында мәліметтер жинақтап, презентация жасаңыз. Берілген суреттерді қолданыңыз.

 

 

1-топ 

Тірек сөздер: зиян, уақыт, денсаулық, қарым-қатынас, сөздік қор, мінез-құлық, тәуелділік

 

  

2-топ 

Тірек сөздер: уақыт, байланыс, танысу, жұмыс, ойын, қарым-қатынас, мүмкіндік        

 

 

3-тапсырма

Ережені жалғастырып, септеулік шылауларды топтастырыңыз. 

1.      Септеулік шылаулар  - 

2.      Үшін, сайын, туралы, кейін, соң, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін, жөнінде   

 

Атау септікпен тіркеседі

Барыс септікпен тіркеседі

Шығыс септікпен тіркеседі

Көмектес септікпен тіркеседі

 

 

 

 

4-тапсырма

Септеулік шылаулармен сөйлемдер құрастырыңыз.

 

Шылаулар

Сөйлемдер

 

 

1

әрі отыр

 

 

 

2

менен бұрын

 

 

 

3

былтырдан бері

 

 

 

4

оқу үшін  

 

 

 

5

сен үшін  

 

 

 

6

шаруашылық туралы 

 

 

 

7

сен арқылы  

 

 

 

8

түстен кейін 

 

 

 

9

сабақтан соң

 

 

 

10

айтуы бойынша  

 

 

 

11

жыл бойына

 

 

 

12

университетке дейін

 

 

Бағалау  критерийі

№ Тапсыр ма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады.

1

мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

1

мәтіндердің негізігі идеясын ашады;

1

мәтіндердің мақсатты аудиториясын салыстырады;

1

2

тақырып бойынша мәлімет жинақтайды;

1

тақырыптық презентация дайындайды;

1

суреттер мен тірек сөздерді қолданады;

1

презентация талаптарын ескереді;

1

Септеулік шылаулардың қызметін біледі. Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.

3-4

септеулік шылаулардың ережесін біледі, түрлерін ажыратады;

1

септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.

1

1

Барлығы

 

10


«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

 

   Білім алушының аты-жөні ________________________________

 

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады

Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуда, негізігі идеясын ашу мен мақсатты аудиториясын

Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуда, негізігі идеясын ашу мен мақсатты аудиториясын салыстыруда қателіктер жібереді.

Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады, негізігі идеясын ашады, мақсатты аудиториясын салыстырады. 

салыстыруда қиналады.

 

 

Септеулік       шылаулардың

қызметін біледі

 

Септеулік шылаулардың ережесін жазу мен түрлерін ажыратуда қиналады.

Септеулік шылаулардың ережесін жазу мен түрлерін ажыратуда қателіктер жібереді.

                                                      

Септеулік шылаулардың ережесін біледі, түрлерін ажыратады. 

                                                  

Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады

 

Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда қолдануда қиналады.           

Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда қолдануда қателеседі.    

Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.

 

31

 


Теруге 29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды. 

Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т.3,36. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ СОЧ_Қазақ әдебиеті_7кл.pdf

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

7-сынып

Мазмұны

1. Тоқсандық  жиынтық бағалаудың мақсаты.................................................................................. 3

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар.......................................... 3

3. Күтілетін нәтижелер........................................................................................................................ 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі........................................................................................................ 4

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі.............................................................................................. 5

6. Модерация және балл қою.............................................................................................................. 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША  ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................. 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША  ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................... 11

3-ТОҚСАН БОЙЫНША  ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................... 15

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................ 19

 


 

1.  Тоқсандық  жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. 

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 

2.  Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар) 

3.  Күтілетін нәтижелер

1)                       әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;

2)                       ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;

3)                       әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени ісшараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;

4)                       оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің ісәрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;

5)                       көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;

6)                       оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.

4.  Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары ның деңгейі 

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Түсіну және жауап беру 

Білу және түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-                      әдебиеттің      даму    кезеңдерін,

шығармалардың мазмұнын біледі;

-                      әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі;

-                      өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі; 

-                      ұлттық            көркем            мұраның             әлемдік

мәдениеттегі мәнін түсінеді;

-                      әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді;

-                      түрі мен жанрын, шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді.

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Анализ және интерпрета ция

 

Қолдану 

 

 

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

-                      хабарлама,     баяндама,       эссе,             сұхбат дайындайды; 

-                      жазбаша әңгіме құрастырады, диалог дайындайды;

-                      кейіпкерге мінездеме береді, пікір дайындайды, мәтін құрастырады, көркем

шығармаларды бағалайды; 

-                      пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысады;

-                      білім, білік және дағдыларды қолданады;

-                      терминдер мен ұғымдарды, шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады.

Қысқа жауапты қажет ететін

ашық

сұрақтар 

 

Бағалау және салыстыру

Жоғары деңгей дағдылары

 

-                      өзінің көзқарасын    дәлелмен

тұжырымдайды;

-                      түрлі   жанрдағы       шығармаларды, тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет ерекшеліктерін салыстырады;

-                      шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің          іс-әрекетін стильдік ерекшеліктерді талдайды;

-                      әлем    әдебиеті          туындыларымен салыстырады;

-                      фактілерді,     детальдарды тарихи деректермен салыстырады; 

-                      жоспар  құруда, мәтін құрастыруда білім, білік, дағдыларын жинақтайды; 

-                      құндылықтарды басқа да халықтардың құндылықтарымен байланыстырады;

-                      композициялық, стильдік тұтастығын, тілдік ресімделуін бағалайды.

Жазбаша толық

жауапты

қажет ететін сұрақтар

 

5.    Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.   

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.   

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.  

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. 

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.  

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.  

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

 

6.    Модерация және балл қою

 

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ТОҚСАН БОЙЫНША  ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 

Жиынтық бағалауға шолу 

 

1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы 

Бөлім 

Тақырып 

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Түсіну және жауап беру

«Қыз Жібек»

жыры

 

Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін»

жыры

 

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

 

Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғаулары

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас

бөлшектерін талдау

 

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

 

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық

сұрақтар 

 

5

 

Анализ және интерпретация

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор

бейнесін анықтау

 

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық

сұрақ) қолданысын талдау

 

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Қысқа жауапты қажет ететін ашық

сұрақтар 

 

 

10

Бағалау және салыстыру

7.Б/С1.Кейіпкерлердің ісәрекеті мен автор берген  портреттік мінездемені салыстырып,  тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

 

Ұзақтығы: 40 минут  

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

Балл саны:  20

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

 

 

 

 

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі  - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тап сыр ма

Қамтылатын мақсаттар

Тап сырма лар

түрле рі

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орын дау

уақыты, мин

Балл

1-5

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Жауап нұсқала рынан бір дұры сын таңдау/ жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 

5

5

6-10

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Оқушылар      оқыған шығармалары             негізінде берілген             сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4             сөйлемнен             тұруы қажет. 

15

10

11

7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген  портреттік мінездемені салыстырып,  тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Жазба ша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Берілген тақырыпқа 100120 сөз көлемінде  өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

5

Барлығы

40 минут

20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.    «Күлтегін» жырының тақырыбын анықтаңыз.

А) әділдік

В) даналық

С) махаббат

Д) ел бірлігі

[1]

2.    Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған?Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай. Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайыңдай.

 А) Қазтуған

 В) Есім хан

 С) Жиембет Д) Күлтегін

[1]

3.    Берілген үзіндіде қазақ салт-дәстүрінің қай түрі көрініс тапқан?

- Әуелеп ұшқан алты қаз...

...Алдыңнан шығып Сансызбай, «Көкешім менің Төлеген,

Көрдің бе?» десе, не дейсің? Сауытының көзі сетіліп, Сынбай кетті дегейсің! Баратұғын жеріне,

Жетпей кетті дегейсің!

А) сыңсу

В) жоқтау

С) естірту

Д) қоштасу

[1]

4.      Берілген эпизодтағы Төлегеннің жолға шығу себебін анықтаңыз.Базарбайдың Төлеген, Ерте туған көбеген.

Сексен жігіт қосшы алып, Он бес жігіт басшы алып, Ақжайыққа жөнеген...

А) Жібекті алып келу 

В) Жар іздеу, қыз таңдау

С) Бекежаннан кек алу

Д) Ел шетіндегі жауды қайтару

[1]

5.      Өлең шумағы кімнің сөзінен алынған? Адыра қалғыр көк Жайық, Аңырап қалған қонысым! Қонысымнан ауған соң, Кетпегей еді ырысым.

А) Төлеген

В) Жиембет

С) Күлтегін

Д) Қазтуған                                                                                                                                          [1]

6.      «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?  Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).

__________________________________________________________________ 

[2]

7.      Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебі неде? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).

_____________________________________________________________________________

[2]

8.      Күлтегіннің бойынан қандай қасиеттерді көре алдыңыз? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (5-6   сөйлем). 

_____________________________________________________________________________

[2]

9.      Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебі неде? Айтқан сындарымен келісесіз бе? Ойыңызды 5-6 сөйлем арқылы жеткізіңіз. 

_____________________________________________________________________________

[2]

10.  Буыршынның жалғыз қырқар азуы,

Бөкеннің желіп өтер төрт саны,

Бұғының ауыр қара мүйізі,

Бидайықтың жалғыз соғары,

Қашағанның ұзын құрығы,

Ақ орданың тіреу сырығы...- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).

_____________________________________________________________________________

[2] 11. «Күлтегін» жырындағы «Осы бір түркі елі ел болсын деп, бастаған ісіміз еді...» деген пікірді қалай түсінесіз? Жырдан дәлелдер келтіре отырып, 100-120 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз. 

_____________________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

№ 

Жауап 

Балл

Қосымша ақпараттар

1

Д

1

 

2

С

1

3

Д

1

4

В

1

5

Д

1

6

«Қыз Жібек» жыры бойынша Жібектің  бойындағы  қасиеттерді анықтайды.  

1

 

 

Өз ойын айтады.

1

7

Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебін көрсетеді.

1

Өз ойын дәлелдеп жазады.

1

8

Күлтегін бойындағы қасиеттерді анықтайды. 

1

Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіреді.

1

9

Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебін анықтайды. Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді.

1

Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді.

1

10

Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді

1

 

 

анықтайды.

 

 

Қолданысын жеткізеді.

1

11

«Күлтегін» жырындағы «Осы бір түркі елі ел болсын деп, бастаған ісіміз еді...» деген пікірді қалай түсінетінін жазады. 

1

 

Жырдан дәлелдер келтіреді. 

1

Шығармадағы            мәселенің             өміршеңдігін сараптаңыз.

1

Өз көзқарасын айтады.

1

Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-

120 сөз).

1


 

2-ТОҚСАН БОЙЫНША  ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 

2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Түсіну және жауап беру

Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі

С.Аронұлы

«Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Жамбыл

Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 

5

Анализ және интерпретация

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Қысқа жауапты қажет ететін ашық

сұрақтар 

10

Бағалау және салыстыру

7.Б/С1.Кейіпкерлердің ісәрекеті мен автор берген  портреттік мінездемені салыстырып,  тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

Ұзақтығы: 40 минут 

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

Балл саны:  20

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі  - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапс ырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма лар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-5

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

Жауап нұсқаларынан бір дұры сын таңдау/жабық сұрақтар 

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар

оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.

5

5

6-10

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет. 

15

10

11

7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген  портреттік мінездемені салыстырып,  тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Жазба ша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Берілген тақырыпқа 100120 сөз көлемінде  өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

5

Барлығы

40 минут

20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.  Ш. Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің негізгі сарыны қандай?

А) ескілікті көксеу

В) саясатты сынға алу 

С) жаңашылдыққа ұмтылыс

Д) заман ағымына ілесуге шақыру

[1]

2.  Берілген өлең шумағы кімге тиесілі?

Боз жапалақ сен едің,

Қияқты сұңқар мен едім, Тырнағыма ілінсең,

Қалмайды желкең қиылмай!

А) Жамбыл 

В) Қатаған

С) Сүйінбай 

Д) Шортанбай

[1]

3.  Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі қай жылғы тарихи оқиғаға байланысты жазылған?

А) 1917ж. Қазан төңкерісі

В) 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс 

С) 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы

Д)  Романовтар әулетінің 300 жылдық мерейтойы

[1]

4.  Берілген өлең жолдарындағы бұйрықтың не туралы екенін анықтаңыз.

«Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.  

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген 

Суық хабар халықты бұлқындырды. 

А) еркінен тыс болыстыққа сайлау 

В) майданға ерікті жасақ құру

С) патша әскерлерін жасақтау

Д) тыл жұмысына қол жинақтау 

[1]

5.  Сүйінбай мен Қатаған  қай жылы, қай жерде айтысқан?

А) 1831 жылы, ақын Сүйінбай елінде

В) 1844 жылы, паң Нұрмағанбеттің асында

С) 1847 жылы, Орманханның шешесінің асында

Д)  1847 жылы, қырғыз манабы Қатағанның аулында

[1]

6.  Қатағанмен болған айтыс барысында Сүйінбайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).

___________________________________________________________________________[2]

7.  Мына заман, қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман...деген жолдардың мәнін ашыңыз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем)._______________________________________________________________________

[2]

8.  Өлең неліктен «Зілді бұйрық» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (5-6 сөйлем). ___________________________________________________________

[2]

9.  Көппін деп айттың Қатаған,

Көптігің сенің қайда бар,

Үш атаның ұлысың,

Қазағымды қаптатсам, Жұртта қалған күшіктей,

Айдалада ұлырсың!..деген  Сүйінбай ақынның сөзін дәлелдер келтіре отырып түсіндіріңіз (56 сөйлем). _____________________________________________________________________

[2] 10. Орыс — бүркіт, біз — түлкі,

Аламын деп талпынды... деген өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем). 

____________________________________________________________________________

[2]

11. Сүйінбайдың айтыстағы шеберлігіне қатысты айтылған «Өлеңде даналық болса, сөзде сиқыр болады деген» қанатты сөздің мәнін қалай ұғындырар едіңіз? Жырдан дәлелдер келтіре отырып,  100-120 сөз көлемінде  өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз. 

_____________________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша

ақпараттар

1

А

1

 

2

В

1

3

В

1

4

Д

1

5

С

1

6

Айтыстағы Сүйінбайдың бойынан көрініс тапқан қасиеттерді анықтайды.  

1

 

Өз ойын жеткізеді.

1

7

Берілген өлең жолының мәнін ашады.

1

Өз ойын дәлелдеп жазады.

1

8

Өлеңнің «Зілді бұйрық» деп аталу себебін айтады.

1

Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіреді.

1

9

Берілген Сүйінбай ақынның сөзіне дәлелдер келтіреді.

1

Өз ойын шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізеді.

1

10

Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды.  

1

Қолданысын жеткізеді.

1

11

Сүйінбайдың айтыстағы шеберлігіне қатысты айтылған «Өлеңде даналық болса, сөзде сыйқыр болады деген» қанатты сөздің мәнін қалай түсінетінін жазады. 

1

 

Жырдан дәлелдер келтіреді. 

1

Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз).

1

3-ТОҚСАН БОЙЫНША  ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 

3-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Түсіну және жауап беру

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

М.Әуезов

«Көксерек» әңгімесі

Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» хикаяты

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» хикаяты

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 

5

Анализ және интерпретация

7.А/И1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Қысқа жауапты қажет ететін ашық

сұрақтар 

10

Бағалау және салыстыру

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

Ұзақтығы: 40 минут 

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

Балл саны:  20

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі  - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тап сыр ма

Қамтылатын мақсаттар

Тап сырма лар

түрле рі

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орын дау

уақыты, мин

Балл

1-5

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Жауап нұсқалар ынан бір дұры сын таңдау/ж абық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар

оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.

5

5

6-10

7.А/И1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет. 

15

10

11

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу 

Жазба ша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Берілген тақырыпқа 100120 сөз көлемінде  өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

5

Барлығы

40 минут

20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.      «Батыр Баян» дастанының тақырыбын анықтап көріңіз.

А) қос ғашықтың махаббат жолындағы күресі

В) қазақи рух пен жігер, ел намысын қорғау

С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік

Д) ел бірлігін нығайту, жерді қорғау

[1]

2.      Дастандағы Ноянды сипаттаған сөз оралымы?

 А) қоңыр қаз

 В) оққа ұшпайтын марал

 С) бөрінің бөлтірігі

Д) қанды балақ

[1]

3.      «Көксерек» әңгімесінде «Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде елболмайды» деп кім айтушы еді?

A) әжесі

Ә) Қасен

Б) Бейсембай

В)үлкендер

[1] 4. «Екі бала селоның шығыс жақ шетіне екі жүз метрдей жақындап келді де, бір топ бүргеннің түбін паналап отыра кетті.» Шығармадағы бұл эпизодта Борис пен Серік ... А) немістерден қашып келеді. 

В) Серіктің әкесін іздеп жүр.

С) Иван Гаманға хат әкеле жатыр. Д) отрядты іздеп келе жатыр.

[1]

5.                  «Тәмпіш қара» повесіндегі шығарманың шешімі  А) Ертай салған суреттің «Октябрь балалары» газетіне шығуы

В) Иманбектің Шаншатайдан кешірім сұрауы

С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы

Д) Балалардың мақаланы Теке қарттың үйіне барып оқуы

[1]

6.                  Абылайдың Қанай биге «Баянсыз қанатымды қалай жаям?» деуінің себебін түсіндіріңіз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).

__________________________________________________________________

[2]

7.                  Көксеректің ауыл тұрғынына айналған кезі мен жойқын, дүлей күшке айналған бейнесін салыстырыңыз (5-6 сөйлем).

__________________________________________________________________

[2]

8.                  «Тәмпіш қара» повесінде Шаншатай бойынан қандай қасиеттерді байқай алдыңыз?Шығармадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.

__________________________________________________________________

[2]

9.                  «Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладанайырған сол қарақшы!» деген Сильвестердің ойын әрі қарай дамытып жазыңыз (5-6 сөйлем).

__________________________________________________________________

[2]

10.              Үзіндідегі көркемдегіш тәсілдердің қолданысын түсіндіріңіз (3-4 сөйлем). Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,  Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.  Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған  Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.  Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан, Ерлерді ұмытса де ел, бел ұмытпас.  Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,  Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.  Арқаның селі, желі, шөлі, белі 

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!

__________________________________________________________________

[2] 11. «Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» деген пікірді қалай түсіндіресіз? Шығармадан дәлелдер келтіре отырып эссе жазыңыз.  Сөз көлемі – 100-120 сөз.

__________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша

ақпараттар

1

В

1

 

2

С

1

3

В

1

4

С

1

5

А

1

6

«Баянсыз қанатымды қалай жаям?» Абылай сөзінің себебін айтады. 

1

 

Өз ойын 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады.

1

7

Көксеректің адамдар арасындағы өмірі мен көкжалға айналған сәтін салыстырады. 

1

5-6 сөйлеммен жазады.

1

8

Кейіпкер бойындағы қасиеттерге өз көзқарасын білдіреді. 

1

Шығармадан дәлелдер келтіреді.

1

9

Берілген ойды әрі қарай дамытып жазады (5-6 сөйлем).

1

Өз ойын шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізеді.

1

10

Шығарма үзіндісіндегі көркемдегіш тәсілдерді (ассонанс, аллитерация, қайталау түрлері: анафора, эпифора) анықтайды.  

1

Қолданысын жеткізеді.

1

11

«Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» деген пікірді қалай түсінетінін көрсетеді. 

1

 

Шығармадан дәлелдер келтіреді.

1

Батыр бойындағы ел намысын қорғау, ұлттық рух мәселесін сараптап, шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды.  

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз).

1

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу

4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы 

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Түсіну және жауап беру

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы

Медетбек

Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Т.Әбдіков

«Қонақтар» әңгімесі

А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңі

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 

5

Анализ және интерпретация

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Қысқа жауапты қажет ететін ашық

сұрақтар 

10

Бағалау және салыстыру

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

Ұзақтығы: 40 минут 

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

Балл саны:  20

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі  - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапс ырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсыр ма

лар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-5

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Жауап нұсқала рынан бір дұры сын таңдау/ жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 

5

5

6-10

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Оқушылар      оқыған шығармалары             негізінде берілген             сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4             сөйлемнен             тұруы қажет. 

15

10

11

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Жазба ша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Берілген тақырыпқа 100120 сөз көлемінде  өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

5

Барлығы

40 минут

20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.  М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді?

А) Махамбеттей батырға

            Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?! В) Кім аяққа басса заңын даланың-     Ұмытқаны қатал тарих сабағын...

С) Туған елім –арман, мұңым,

     Енді сені жетелейді жол қалай?..

Д) Мен сенемін, күні ертең

Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем...

[1]

2.  «Қонақтар» шығармасындағы басты көтерілген мәселе қандай?

А) ұлттық тілді құрмет тұту 

В) дұрыс армандай білу қажет

С) ата-ана сағынышы мен арманы Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы

[1]

3.  А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді?

А) халқының сүйікті ұлы болатынына 

В) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне

С) келешекте алып ескерткіш орнататынына 

Д) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына

[1] 4. –Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе... Берілген сөз тізбектері арқылы автор қандай мәселені алға тартып отыр?

А) балаға дұрыс білім беру

В) туған тілді құрметтемеу

С) туған баласына көңіл бөлмеу

Д) өзге тілді меңгеру қажеттігі

[1]

5.  М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің негізгі идеясы қандай?А) Елді бірлікке шақыру, тұтастыққа шақыру.

В) Жастар - тәуелсіз елдің ертеңі, ұлт болашағы.

С) Тәуелсіздік - төккен қан мен асқақ арман жемісі.

Д) Тәуелсіздік туының астына біріккен халықтың асқақ арманы.

[1]

6.  Т. Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасындағы Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілітолмады? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).

__________________________________________________________________

[2]

7.  «...Батырлығы жоқ адамнан

Үлкен ақын шыққан емес ешқашан...» Келтірілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме беріңіз. Оған Махамбеттің іс-әрекеті арқылы дәлелдеме келтіріңіз (5-6 сөйлем).

__________________________________________________________________

[2]

8.  Неліктен Т. Әбдіков шығармасы «Қонақтар» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өзкөзқарасыңызды білдіріңіз (3-4  сөйлем). 

__________________________________________________________________

[2]

9.  Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз шығармасының кейін басқа тілдерде тарайтынына кәміл сенген. Оған қырағы ақынның қай сөздері мысал бола алады? Ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізіңіз (5-6 сөйлем).

__________________________________________________________________

[2]

10.              Тәуелсізбін! – Танып тұрмын өзімді.

Ұшырамын қанат байлап сөзімді.

Ешкім енді көкірегімнен итеріп, ешкім енді шұқымайды көзімді... - деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем). 

__________________________________________________________________

[2]

11.              М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында келтірілген әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз

(100-120 сөз).

__________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша

ақпараттар

1

В

1

 

2

Д

1

3

В

1

4

В

1

5

С

1

6

Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмағанын шығармадан нақты мысалдар келтіре отырып, түсініктеме береді.

1

 

Өз ойын айтады.

1

7

Берілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме береді. 

1

Өз ойын дәлелдеп жазады.

1

8

Шығарманың неліктен «Қонақтар» деп аталу себебін көрсетеді.

1

Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіреді.

1

9

Ақын өз өлеңінің келешекте түрлі тілдерде танымал болуына сенім білдіру себебін көрсетеді.

1

Өз ойын шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізеді.

1

10

Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды.

1

Қолданысын жеткізеді.

1

11

М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасындағы әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады.

1

 

Шығармадан нақты дәлелдер келтіреді. 

1

Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз).

1



ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ


Теруге 29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды. 

Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т.2,52. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ СОЧ_Қазақ тілі және әдебиеті_7 кл.pdf

Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

7-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

 

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

 

  

             

Мазмұны

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты......................................................................................... 4

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар............................................... 4

3. Күтілетін нәтижелер............................................................................................................................. 4

4. Ойлау дағдыларының деңгейі.............................................................................................................. 5

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі.................................................................................................... 6

6. Модерация және балл қою................................................................................................................... 6

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.................................... 7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.................................... 7

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.................................. 15

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.................................. 23

 


 

1.  Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. 

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 

2.  Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы  (5-9 сыныптар) 

3.  Күтілетін нәтижелер

Тыңдалым:

білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен арнайы ақпаратты алады; терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/ басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды.

Айтылым:

талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тәсілдерін пайдаланып және мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.

Оқылым: білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және аралас мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын және астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады. Жазылым: 

білім алушы әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және оқығаны

негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; әртүрлі деректерден ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; тұтас мәтіндердің негізінде сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын пайдаланады.

4.  Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Тыңдалым

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

-                      мәтіннің негізгі мазмұнын, маңызды ақпаратты түсінеді; 

-                      мәтіннен арнайы ақпаратты алады;  -             терминдерді, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени    мәтіннің         негізгі

бөліктерін түсінеді; 

-                      фактілер мен пікірлерді ажыратады; 

-                      мәтіннің мазмұнын бағалайды; 

-                      әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын

айқындайды; 

-                      мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды анықтайды;  -мәтінді талдайды; 

-иллюстрациялар/негізгі

сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды.

Көп таңдауы бар және қысқа жауапты

қажет ететін сұрақтар

Оқылым

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

-                      тақырыптар    бойынша             мәтіндердің

мазмұнын түсінеді; 

-                      әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды;  - сөздердің астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді;  - әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; 

-                      мәтінге сыни тұрғыдан баға береді; 

-мәтіннің      мазмұнын      талдайды       және

жинақтайды; 

-                      шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын

салыстырады; 

-                      оқу стратегияларын пайдаланады.

Оқылым негізінде

көп таңдауы

бар және  қысқа

жауапты, толық

жауапты

қажет ететін сұрақтар

Жазылым

және тілдік бағдар

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

-                      тілдік құралдарды пайдаланады;

-                      әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; 

-                      ақпараттар арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндер жазады; 

-                      мәтін негізінде сызбалар, кестелер, диаграммалар жасайды; 

-                      белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; -

Жазбаша толық

жауапты

қажет ететін сұрақтар

 

 

әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және

бағалайды; 

-                      орфографиялық         және             грамматикалық

нормаларды сақтайды; 

-                      көркемдегіш-бейнелеуіш             құралдарды пайдаланады.

 

Айтылым

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

-                      талқылайды, өзінің пікірін білдіреді, 

-                      тақырыптар аясында диалогке қатысады; - мақсатты аудиторияға арнап монолог құрады; 

-                      тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; 

-                      айтылған ойды бағалайды; 

-                      сөйлеу нормаларын сақтайды, тілдің лексикалық    және    грамматикалық құралдарын пайдаланады.

Ауызша толық

жауапты

қажет ететін сұрақтар

5.    Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.   

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.   

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.  

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. 

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.  

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.  

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6.    Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 

1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым

Қазақстан

Республикасының

мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқыпүйренеміз

Үштілді білу – үлкен өнер

Уақыт – ұлы күш

Жердегі климаттық өзгерістер

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Көп таңдауы бар сұрақтар

5

Оқылым

7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

5

Жазылым

және тілдік бағдар

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу 7.ТБ1.1. Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Айтылым

 

7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап,  ету, бұйрық берудің   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

 Ұзақтығы: 40 минут 

Тыңдалым- 8 минут

Оқылым – 12 минут

Жазылым – 20 минут 

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі) Балл саны:  30   Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың  құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар,  төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған. 


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма 

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 170 өсзден тұратын тақырыпқа қатысты поэзиялық шығарманы 2 рет  тыңдайды.

(аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім өлеңді өзі 2 рет оқып береді). 

Білім алушылар өлеңді тыңдау барысында әдеби мәтіннің мазмұны мен идеясына  негізделген екі тест тапсырмасын  орындап, төрт  нұсқаның ішінен  дұрыс 1 жауапты белгілейді. Екінші тапсырмада жиі кездесетін санды анықтап жазса, үшінші тапсырмада ақпараттарды сәйкестендіреді. Білім алушылардың мәтін идеясын түсінгені бағаланады.  

8

5

5-8

7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу

Қысқа  жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 190 сөзден тұратын  мәтінді оқиды. 

Мәтін бойынша сөздердің синонимдерін табады.

Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.  

12

5

9

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісукеліспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

7.ТБ1.1. Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар берілген тақырыпқа 150 сөзден тұратын эссе  жазады. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді.  Көмекші есімдерді орынды қолданады.

20

10

10

7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап,  ету,

Толық  жауап ты қажет ететін

Тапсырма жұпта орындалады. Білім алушылар үш тақырыптың бірін таңдап, кеңес беру,

Тыңдалым

сабақтан тыс,

10

8

 

бұйрық берудің   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу

сұрақ тар

ұсыныс жасау, өтініш формаларында 2 минут диалогке түседі (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек). 

Мұғалім          оқушының     берілген             тақырыпты түсініп, ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдануын бағалайды.

қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

 

Барлығы

 

 

40 минут

30

9


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Өзіңді-өзің алдама, Уақытты салма саудаға. Жиырма төрт сағат берді Балаға, кемпір-шалға да.

Өткізе бермей жай ғана, Уақытты жарат пайдаңа. Жиырма төрт сағат – тең уақыт Берілген кедей-байға да.

Уақытты жарат пайдаңа,

Қолыңды босқа байлама.

Жиырма төрт сағат ─ сенде де, Жиырма төрт сағат ─ байда да...

Уақытың, ақшаң, табысың, Жұмсалар бәрі тән үшін. Ішесің, жейсің, кетеді,

Барлығы қарын қамы үшін.

Ойлама бәрін білем деп, Шалқып та тасып жүрем деп. Уақытың – алтын қазынаң, Жұмсауың керек үнемдеп.

Айбының асып тұрса да,

Байлығың тасып тұрса да,

Уақытың – ақшаң қолдағы, Ақшаңды босқа жұмсама.

Жас болып мәңгі жүрмейсің, Мәңгілік өмір сүрмейсің.

Үнемдеп жұмса уақытты,

Бітеді ол қашан білмейсің.

Минутты әрбір бағала, Секундты әрбір сарала. Уақытты қайда жұмсадың, Есептеп, үйрет балаңа.

Уақыт-ай, уақыт, зырлайды, Артына мойнын бұрмайды.

Кешіксең, бітті, ол сені,

Бір секунд күтіп тұрмайды.

Өмірін ойлап талайдың,

Тарихын зерттеп қараймын.

Бір күні босқа өтпепті,

Яссауи, Шоқан, Абайдың.

Өмірдің мәнін ұғып ал,

Білім ал, бәрін біліп ал.

Қадірін білген уақыттың, Қазақтан шыққан ұлылар...

Неге біз осы, неге біз,

Ұмытып кете береміз?! Денсаулық пенен уақыттың, Қадірін білмей келеміз.


1. Өлеңнің идеясын анықтаңыз.

А)  өмір құндылықтары

В)  уақыттың қадірі

С)  ұлы адамдарға еліктеу

D) мәңгілік өмір                                                                                                                                [1]

2. Автордың ойын қорытындылаңыз.   Уақыт ...

А) пайдалы

В) жай

С) жылдам

D) мәңгілік                                                                                                                                         [1]     

3.  Тыңдалым мәтінінде жиі кездесетін сан есімді сөзбен жазыңыз.

_____________________________________________________________

[1]

4.  Ақпараттарды шын/өтірік/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.

[2]

1. Мәңгілік өмір сүруге болады.

 

А) шын

2. Яссауи, Шоқан, Абай сияқты ұлылар уақытын босқа өткізбепті.

В) айтылмаған

3. Уақыт – денсаулықты жақсарту үшін беріледі.

С) өтірік

Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды  орындаңыз.

Болашақтағы климат

Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.

Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап     2  005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы   50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.

Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін  орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан  температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады. 

Инна Колтаевская (186 сөз)

1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.                                                         жаһандық - _____________________  көлемі - ________________________  жорамалы - ______________________  тапшылығы - ___________________

[2]

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз. 2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз.

_____________________________________________________________________________ [1]

                                                                                                                                                                                    

3.  «Болашақта            экстрималды табиғи             құбылыстары             көбейеді,        жаңа    табиғи аномалды құбылыстар пайда болады» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз.

_____________________________________________________________________________ [1]

4.  Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.

    Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген?

_____________________________________________________________________________ [1]  Жазылым

«Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 150 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді  орынды қолданыңыз.

_____________________________________________________________________________

    [10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға  2 минут). Ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолданыңыз.                  

 

Диалог тақырыптары

1.  Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. 

2.  Қазіргі жастар бос уақытын қалай өткізеді? 

3.  Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?                                                                    

  [10]

Балл қою кестесі Тыңдалым, оқылым

Дағды 

Жауап

Балл

 

 

Тыңдалым

1

В

1

2

С

1

3

Жиырма төрт

1

 

4

 

1  – С

2  – А

3  – В

1

1

 

 

 

 

Оқылым

1

Ғаламдық

Ауданы

Болжамы

Жетіспеушілігі 

2

2

Себебін ашып жазады.

1

3

Автор пікірімен келісу/келіспеуін жазады.

1

4

 

 

Ауаның температурасы әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылаған.

1

 

 

10 балл

Жазылым

Балл

Мазмұны

(5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5

Өте жақсы

 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

 Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

 Грамматикалық және

пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен 

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. 

Өте жақсы

 Лексикалық минимумы мол, стильдік  қолданысы  өте  дұрыс.  Орфоэпиялық  нормаларды  дұрыс қолданады.

Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. 

Жақсы

 Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. 

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

2

Төмен 

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. 

Төмен

Лексикалық минимумды  қолдануға  тырысады,  стильдік  қолданысы  орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША  ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 

2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым

Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы

Спорт және денсаулық күтімі Ұқсатым. 

Сән. Талғам

7.Т3. Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Көп таңдауы бар сұрақтар

5

Оқылым

7.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

5

Жазылым

және тілдік бағдар

7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу

7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Айтылым

 

7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап,  ету, бұйрық берудің   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

 Ұзақтығы: 40 минут  Тыңдалым - 8 минут

Оқылым – 12 минут

Жазылым – 20 минут 

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі) Балл саны:  30   Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың  құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі  - жазылым және тілдік бағдар,  төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған. 


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма 

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4

7.Т3. Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 120 сөзден тұратын спорт және денсаулық күтімі тақырыбына қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды. 

(аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім өлеңді өзі 2 рет оқып береді). 

Оқушылар мәтінді тыңдау барысында қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну үшін тест тапсырмасын орындайды, төрт нұсқаның ішінен дұрыс 1 жауапты белгілеп сөйлемді аяқтайды, спорт түрлерін табады, тыңдалымдағы дұрыс ақпаратты белгілейді және  мәтіндегі үш мәліметті сәйкестендіреді. Мұғалім оқушының тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінгенін бағалайды.

8

5

5-8

7.О3. Прозалық және поэзиялық

шығармалардағы

кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау

Қысқа  жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 182 сөзден тұратын шығарманы оқиды. Шығарма мазмұны бойынша жанрын, негігі идеясын, кейіпкердің іс-әрекетін, мінезін талдайды, берілген сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып жауап береді, ойын дәлелдейді.

Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.  

12

5

9

7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу 7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген сурет бойынша метафора, теңеу құрастырады. Берілген сұраққа 120-140 сөзден тұратын жауап  жазады. Топтау сан есімін қолданады.

Мұғалім оқушының теңеу мен метафораны,  топтау сан есімдерін қолданып жазуын бағалайды.

20

10

10

7.А3. Ауызша мәтіндер

Толық  жауап

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы екі суреттің бірін

Тыңдалым

 

16

 

құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

ты қажет

ететін сұрақ тар

таңдап, «Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалар» тақырыбына монолог құрастырады (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек). 

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын қолдануын бағалайды.

сабақтан тыс,

қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 35 минут беріледі)

10

Барлығы:

 

 

40 минут

30

17


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

        

                                                                                Спорт - денсаулық кепілі

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды және көңіл күйі көтеріңкі болады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да  енгізілген. 

Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Мен күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық - зор байлық. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу. 

(118 сөз)

1. Сөйлемді аяқтаңыз. «Спорт дегеніміз – ...» 

А) зор байлық  

B) мықты денсаулық

С) денсаулық кепілі

D) денсаулыққа байланысты                                                           

                                                                                                                                                                                                           [1]                  

2. Спорт түрлерін анықтаңыз.

А) хоккей, шаңғы тебу, көңіл күйі      

B) хоккей, телеарна, суда жүзу         

С) еңбек, шаңғы тебу, суда жүзу        

D) хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу        

                               [1]                  

3. Дұрыс ақпаратты белгілеңіз. 

А) Аптасына үш рет «самбо» спорттық секциясына барамын.

B) Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.

С) Аптасына үш рет «дзюдо» спорт үйірмесіне  барамын.         

D) Аптасына екі рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.     

[1]

 

4. Мағынасына қарай мәліметтер мен сөздерді сәйкестендіріңіз.

[2]

1. Мен күнде таңертең телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын.

 

Құрдастарым ды

2. Спортпен айналысуға шақырамын.

 

Төрт

 

3. Денсаулық мықты болу үшін мынандай шартты бұлжытпай орындау керек.

 

«Балалапан»

 

 

 

 

 

Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме жабық тұрады екен.

Бір күні қыз қарияға:

-                      Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.

-                      Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың. Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп: 

-                      Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.

-                      Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария. 

(180 сөз) Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

1. Шығарманың жанрын анықтаңыз.

А) ертегі

B) әңгіме

С) повесть

D) новелла

[1]

2. Шығарманың негізгі идеясы қандай?

А)  үлкенді құрметтеу

В)  баланы тәрбиелеу

С)  оқуға шақыру

D) туғандарын сүю

[1]

3. Мәтіннен қыздың іс-әрекетін тауып жазыңыз.

__________________________________________________________________

       [1] 4.

Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз. А) Қария ұршық пен өрмекті не үшін «жақсыларға» жатқызды?

__________________________________________________________________

[1]

В) Қария қызына кітаптың маңызын не деп түсіндірді?

__________________________________________________________________

[1]

Жазылым

1. Суреттегі Қыз бен Жігіттің сырт бейнесін теңеу мен метафораны қолдана отырып, сипаттап жазыңыз.

Қыз сипаты

Жігіт сипаты

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

2.«Сәнді киім және жарасымды киім. Қайсысын таңдаған дұрыс?» деген сұраққа 120-140 сөзден тұратын жауап жазыңыз. Топтау сан есімдерін қолданыңыз.

[10]

Айтылым

Берілген суреттердің бірін таңдап, 2 минуттық монолог құрастырыңыз.  Ауызша мәтіндер құрағанда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтыңыз. 

«Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалар»

№1

№2

[10]

Балл қою кестесі Тыңдалым, оқылым

Дағды

 

Жауап

Балл

Жалпы балл

Тыңдалым

1

С

 

1

5 балл

2

D

 

1

3

B  

 

1

4

1  - C

2  - A

3  - B

 

2

     Оқылым

1

A

1

5 балл

2

B

1

3

Ізденімпаз, шыдамды, тілалғыш, тәрбиелі / Оқушы жауабы ескеріледі.   

1

4

 Ұршық пен өрмек еңбек үшін

«жақсыларға» жатқызды / Оқушы жауабы ескеріледі.    

1

5

Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндірді қария / Оқушы жауабы ескеріледі.     

1

Жалпы

 

 

 

10 балл

Жазылым

1. Сурет бойынша теңеу мен метафораны қолдана отырып сипаттаңыз.

Қыз сипаты: Оймақ ауыз, қиғаш қас, ақша бет, аққудай, жұлдыздай жарқырайды, күлім көз, айдай сұлу, гүлдей жайнайды, гүлдей нәзік 

Жігіт сипаты: Ер тұлғалы, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, сұңғақ бойлы, ат жақты, болаттай мықты, өткір көзді, бұйра толқындай шашы, ер жүрек 2. Сұраққа жауап жазыңыз.

Балл

Мазмұны

(5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5

Өте жақсы

 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

 Грамматикалық        және пунктуациялық         тұлғаларды    өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

 Грамматикалық        және пунктуациялық         тұлғаларды             дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды    қолдануда      ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен 

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе           алмаған.             Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. 

Өте жақсы

 Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы  өте  дұрыс.  Орфоэпиялық  нормаларды  дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. 

Жақсы

 Лексикалық минимумы     жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді.         Күтпеген             сұрақтарға жауабын

ойланып         береді,            ойын             орынды жеткізеді. 

Қанағаттанарлық

Лексикалық   минимумы     жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

2

Төмен 

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. 

Төмен

Лексикалық   минимумды   қолдануға тырысады,  стильдік  қолданысы  орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық   минимумды   қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

3-ТОҚСАН БОЙЫНША  ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу

3-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы 

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым

Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет

Музыка.

Қазақтың киелі домбырасы

Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі 

Наурыз мейрамы.

Ақ мол болсын!

Ұлыс оң болсын!

7.Т3. Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Көп таңдауы бар сұрақтар

5

Оқылым

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

5

Жазылым

және тілдік бағдар

77.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс  жазу (күрделі сөздер);  оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Айтылым

 

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

 Ұзақтығы: 40 минут 

Тыңдалым- 8 минут

Оқылым – 12 минут

Жазылым – 20 минут 

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі) Балл саны:  30   Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Жиынтық бағалаудың  құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі  - жазылым және тілдік бағдар,  төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы 

*Тапсырма 

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4

 

 

 

7.Т3. Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты  қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 170 сөзден тұратын  мәтінді 2 рет  тыңдайды. 

(аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). 

Оқушылар мәтінді тыңдай отырып,  мәтіннің мазмұны мен идеясына  негізделген тест тапсырмасын  орындап, төрт  нұсқаның ішінен  дұрыс 1 жауапты белгілейді. Екінші тапсырмада сөйлемді толықтырса, үшінші тапсырмада ақпараттарды  сәйкестендіреді. Оқушының мәтіндегі тақырыптық сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінгені бағаланады.  

8

5

 

5-8

 

 

 

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Қысқа  жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 190 сөзден тұратын  мәтінді оқиды. 

Мәтін мазмұны бойынша берілген сұраққа жауап береді. Оқушының мәтіндегі мәліметтерді кесте, сызба, шартты белгілер арқылы ұсына білуі бағаланады.  

12

5

 

9

7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс  жазу

(күрделі сөздер); 

оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану  7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген пікірмен келісу/келіспеу себептерін баяндап, 150 сөзден тұратын жауап  жазады. Күрделі сөздерді дұрыс жазуы, оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоюы,  салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыра білуі бағаланады.

20

10

10

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда

Толық  жауапты

Тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар үш

Тыңдалым

 

24

 

екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

қажет ететін сұрақтар

тақырыптың бірін таңдап, 2 минут диалогке түседі (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек).  Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтуын бағалайды.

сабақтан тыс,

қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

10

Барлығы

 

 

40 минут

30

25


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани  байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. 

Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған. 

          Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б. 

(167 сөз)

1.  Мәтін не туралы?

А) күй құдіреті

В) атақты күйшілер

С) танымал күйлер D) барлық нұсқалар дұрыс

  [1]

2.  Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз. Күй - қазақ халқының ұлттық өнері. 

____________________________________________________          

 [1]

3.  Ақпараттарды дұрыс/бұрыс/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.

1. Дина 5-6  жасында қолына домбыра ұстайды.

 

А) дұрыс

2. Құрманғазының алғашқы ұстазы –  Ұзақ.

В) айтылмаған

3. Күй арқылы тазаруға, жан дүниеңді емдеуге болады.

С) бұрыс

[2]

4.  Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз. Құрманғазы күйлері 

 [1]

Оқылым Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын  орындаңыз.

Компьютерлік графика – әртүрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алатын информатиканың саласы.

Қазір кез келген мекемеде газеттер-журналға, жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырыс берсе, кейбіреулері программалық құралдарды пайдаланып, өздері жасайды.

Компьютерлік графиканың түрлері:

Ғылыми графика - Ең алғашқы графика, тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Символдық режимде басып шығаратын. 

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін, жоспарын, жетістіктерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынатын графика. Электрондық кестелер арқылы жасалады.

Конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Бұл - ЖАЖ-дың (жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі. Конструкторлық графика құралдарын пайдаланып, жазықтықтағы кескіндерді (проекция, сызба) ғана емес, кеңістіктегі үш өлшемді  де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Бұнда қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін шықты. Қазір компьютермен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығын қажет етеді.

(191 сөз)

1.    Мәтін не туралы? Бір сөйлеммен ғана жауап беріңіз.

___________________________________________________

[1]

2.    Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз.

[2]

Компьютерлік графика түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Мәтін бойынша терминдер мен олар туралы ұғымдарды сәйкестендіріңіз. Ақпаратты сызба не шартты белгілер түрінде ұсыныңыз.            

[2]

Ғылыми графика, конструкторлық графика, өнертапқыш, теледидар, жазықтықтағы кескіндер, жарнамалық роликтер, өндірістік есептер, видеодәрістер,  символдық режим,  іскерлік графика, компьютердің жады, есеп құжаттары, графикалық редакторлар, статистикалық есептер, жарнамалық графика, жұмыс істеу жылдамдығы, электрондық кестелер, мультфильмдер, инженер-конструктор,  компьютер экраны, архитектор, суреттеу графикасы.  

Үлгі:

Жазылым

«Ғаламторды дұрыс пайдалану – мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті» деген пікірмен келісесіз бе? Неге? Тақырыпқа қатысты күрделі сөздерді қолданып жазыңыз. Жазылымда ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.

[10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут). Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз. Диалог тақырыптары

1.  Біз отбасында Наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз?

2.  Төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесіз бе?

3.  Домбыра үйірмесіндегі қызықты оқиға

[10]

Балл қою кестесі Тыңдалым, оқылым

Дағды

Жауап

Балл

Жалпы балл

Тыңдалым

1

Д

1

5 балл

2

оқушы жауабы ескеріледі

1

3

1 – С, 2 – А, 3 – В

2

4

Құрманғазы күйлері: «Кішкентай», «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай».

1

 

1

Мәтін     компьютерлік      графиканың

1

 

Оқылым

 

түрлері туралы.

 

         5 балл

2

Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсына алады

2

3

Ақпаратты сызба не шартты белгілер түрінде ұсынады.  

2

 

 

 

 

 

 

 

10 балл

Жазылым

Балл

Мазмұны

(5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5

Өте жақсы

 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

 Грамматикалық        және пунктуациялық         тұлғаларды    өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

 Грамматикалық        және пунктуациялық         тұлғаларды             дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды    қолдануда      ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен 

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық   минимумды   қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе           алмаған.             Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. 

Өте жақсы

 Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы  өте  дұрыс.  Орфоэпиялық  нормаларды  дұрыс қолданады. Арасында елеусіз            қателер           жібергенімен,             ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. 

Жақсы

 Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты    және    сұрақты             жақсы түсінеді.         Күтпеген             сұрақтарға жауабын

ойланып         береді,            ойын             орынды жеткізеді. 

Қанағаттанарлық

Лексикалық   минимумы     жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

2

Төмен 

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. 

Төмен

Лексикалық   минимумды                қолдануға тырысады,  стильдік  қолданысы  орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық   минимумды   қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 

4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым

Жастықтың оты қайдасың? М.Жұмабаев  «Мен жастарға сенемін» өлеңі

Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары

Майкл

Х.Харт «100 ұлы адам» атты кiтабын «Альберт

Эйнштейн»

Батыр туса – ел ырысы.

А.      Нұршайықов

«Аңыз               бен

ақиқат» (үзінді)

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Көп таңдауы бар сұрақтар

5

Оқылым

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

5

Жазылым

және тілдік бағдар

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісукеліспеу 

себептерін айқын көрсетіп жазу

7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Айтылым

7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің  тілдік құралдарын талдау    

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Ұзақтығы: 40 минут 

Тыңдалым- 8 минут

Оқылым – 12 минут

Жазылым – 20 минут 

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі) Балл саны:  30   Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Жиынтық бағалаудың  құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі  - жазылым және тілдік бағдар,  төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 90 сөзден тұратын лирикалық поэзиялық шығармалардан үзіндіні 2 рет тыңдайды. 

(аудио құралдар болмаған жағдайда мұғалім өлеңді өзі 2 рет оқып береді). 

Оқушылар мәтінді тыңдау барысында тест тапсырмасын орындайды, төрт нұсқаның ішінен дұрыс 1 жауапты белгілеп, өлеңнің тақырыбын, негізгі идеясын, өлең жолының жалғасын табады және 

мәтінге байланысты үш ақпаратты сәйкестендіреді. Мұғалім оқушының лирикалық поэзиялық шығармалардан үзіндіні тыңдап, тақырыбы мен идеясын түсінгенін бағалайды.

8

5

5-8

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Қысқа  жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 188 сөзден тұратын шығарманы оқиды. Шығарма мазмұны бойынша

мәліметтерді шартты белгілер арқылы толықтырады, берілген сұраққа мәтіндегі деректерге негізделіп жауап береді.

Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.  

12

5

9

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Жазбаша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Тапсырмалар жеке орындалады. Бірінші тапсырмада оқушы эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісукеліспеу 

себептерін айқын көрсетіп, 120-140 сөзден тұратын эссе  жазады. 

20

10

32

10

7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің  тілдік құралдарын талдау   

Толық  жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы А.

Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» тақырыбына кейіпкерлерге автор берген мінездеменің  тілдік құралдарын талдайды (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек). 

Мұғалім оқушының шығармадағы тілдік құралдарын талдауын бағалайды.

Тыңдалым сабақтан тыс,

қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

10

Барлығы

 

 

40 минут

30

33


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Абай Құнанбаев

Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай? 

Ғылымның біліп пайдасын,  Дүниенің көркін болжамай?

Адамның тауып айласын,  Кісілікті ойламай. 

Қаруын көңіл сайласын,  Қолға ол түспес бойламай.

Махаббат, қызық кім көрер,  Оның да дәмін татпаса?  Біржола басты кім берер,  Жаныңа қайғы батпаса.

Аямай жанын дос ерер,  Жолдастықты ақтаса.  Алдыңа айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса.

Мал бақпақтық шаруа боп,  Адал тауып асықпай.  

Құр айғаймен әуре боп,  Өнердің жайын баса ұқпай.

Ендi ненi iстеймiз, 

Бәрiнен де бос қалдық?  «Ауызға келiп түс» деймiз, Қылып жүрiп құр салдық!

(82 сөз)

1. Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз.

А) табиғат құбылыстары 

B) жастар тәрбиесі

С) саясат мәселесі

D) ғашықтық

[1]

2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай?

А) өз Отанының елдігін, ерлігін мадақтау

B) табиғаттың көрінісін сүйсіне жырлау

С) ауыл адамдарының тұрмысын сипаттау  

D) білім алуға шақыру

[1]

3. Өлең жолын жалғастырыңыз. Жастықтың оты, қайдасың, А) Жүректі түртіп қозғамай?

B) Дүниенің көркін болжамай?

С) Оның да дәмін татпаса? D) Бәрiнен де бос қалдық?

[1]

4. Ақпаратты сәйкестендіріңіз.

1.   «Жастықтың оты, қайдасың?»

A. қазақ халқының ұлы ақыны

 

2.   Абай Құнанбаев -

B.  өлеңнің түрі

 

3.   Лирика -

C. Абайдың өлеңі

 

[2]

Оқ ыл ым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Үтік

1882 жылдың 16 маусымы ресми емес мереке - Үтік күні.  Осы күні американдық өнертапқыш Сэли Генри электр үтігін ойлап тапты. Үтік — киім-кешектердің мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Тігін жұмыстары кезінде ылғалды-жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет. Алайда үтіктеу бір қарағанда оңай көрінгенімен, іс жүзінде кейбір маталардың қыртысын жазуға біраз әрекеттену керек екенін байқаймыз. 

Киім қыртысын жаюдың амалдары. Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. 200 С дейін температурамен мақта, зығыр маталарын үтіктеуге болады. Екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, 130 С дейін температурамен жібек, вискоза, полиэфир, полиэстерден жасалған киімдерді үтіктейді. Ал бір нүктелі үтік белгісі сәл қыздырылған 120 С дейін температурамен нейлон, капрон, вискоза, полиакрил, полиамид, ацетатты  ұқыптап үтіктеу керек екендігін білдіреді. Үтік белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сөз. 

Үтіктеу кезінде су сепкішті пайдаланбағаныңыз жөн, кейбір кезде бұл жібек матаның бетіне дақ қалдыруы мүмкін. Үтіктің су қоймасындағы судың мөлшері мен тазалығын қадағалауды ұмытпаңыз. Тек таза суды пайдаланыңыз. 

(187 сөз) Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

1.    Мәтін бойынша берілген шартты белгілерді ашып жазыңыз.

 

 

 

 

[1]

2.    Бір нүктелі белгімен қандай мата түрін үтіктейміз?

А)  вискоза, зығыр, нейлон, капрон

В)  мақта, зығыр, полиакрил, полиамид 

С)  жібек, вискоза, полиэфир, полиэстер

D)  нейлон, капрон, вискоза, ацетат                                                                                                                                                                                                                                                                               [1]                  

3.  Үтіктеудің маңызын мәтіннен тауып, тізбектеп жазыңыз.

_____________________________________________________________                     

  [1]                  

4.  Қалай ойлайсыз, үтіктеуде шартты белгілерді білу қажет пе? Себебін жазыңыз.

______________________________________________________________       

  [1]                  

5.  Зат белгісін қай жерден табуға болады?

__________________________________________________________                                 

     [1]                  

 

Жазылым

 

1. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазыңыз. 120-140 сөз. Жазылым мәтінінде одағай сөздерді қолданыңыз. 

Тақырыбы: Роботтар адам орнын алмастырады.

[10]

Айтылым

 

Берілген тақырып бойынша 2 минуттық монолог құрастырыңыз. Кейіпкерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдап көрсетіңіз (стилі, тілі, сөздік қоры, мазмұны, грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдануы, т.б.)

 

А. Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» 

 

[10]

Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Дағды

Жауап

 

Балл

Жалпы балл

Тыңдалым

1

B

 

1

5 балл

2

D

 

1

3

А

 

1

4

1  - C

2  - A

3  - B

 

2

     Оқылым

1

 

 

1

5 балл

 

 

Жоғары температурамен (200

 

С дейін)  үтіктеу (мақта

,

зығыр)

 

 

Орташа температурамен (130

 

С дейін)  үтіктеу (жібек,

 

вискоза, полиэфир, полиэстер)

 

 

Сәл                       қыздырылған

 

 

,

,

температурамен (120 С дейін)

үтіктеу       (нейлон,       капрон

вискоза,                    полиакрил

полиамид, ацетат)

 

Үтіктеуге болмайды

2

D

 

 

3

Тігін жұмыстары кезінде ылғалдыжылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет / оқушының жауабы ескеріледі.    

 

1

4

Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады / оқушының жауабы ескеріледі.   

 

1

5

Матаның ішкі жағында орналасқан /   оқушының жауабы ескеріледі.    

 

1

 

 

 

 

10 балл

Жазылым

Балл

Мазмұны

(5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5

Өте жақсы

 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

 Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

 

 

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

 Грамматикалық және

пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

 

 

3

Қанағаттанарлық

 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

 

 

 

2

Төмен 

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

 

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

 

 

5

 

 

Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. 

 

Өте жақсы

 Лексикалық минимумы мол, стильдік  қолданысы  өте  дұрыс.  Орфоэпиялық  нормаларды  дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

 

 

4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. 

Жақсы

 Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

 

 

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. 

 

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады.

Арасында қателер жібереді.

 

2

Төмен 

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. 

Төмен

Лексикалық минимумды  қолдануға  тырысады,  стильдік  қолданысы  орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.


Теруге 29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды.  Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т.4,2. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ СОч_Қазақ тілі_5кл.pdf

«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 

5-сынып

Мазмұны

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты......................................................................... 3

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар................................ 3

3. Күтілетін нәтижелер........................................................................................................................ 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі........................................................................................................ 4

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі.............................................................................................. 5

6. Модерация және балл қою.............................................................................................................. 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.............................. 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................ 13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................ 21

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................ 29

 


 

1.  Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. 

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 

2.  Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ тілі» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы  (5- сынып) 

3.  Күтілетін нәтижелер

Тыңдалым және айтылым:

білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-

кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарымқатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогті қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін  қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Оқылым:

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-

тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.

Жазылым:

білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып,  өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдықкомпозициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

4.   Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Сипаттама

Сұрақтар түрі

Тыңдалым мен айтылым

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

-                      тақырыптық мәтіндерді түсінеді; 

-                      сөйлесу ерекшеліктерін таниды;  - ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; 

-                      тілдік құралдарды пайдаланады; 

-                      әңгімеге,  диалогке қатысады; 

-                      ақпаратты жинақтайды; 

-                      монолог құрастырады, өз пікірін  қорғайды және дәлелдейді; 

-                      сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; 

-                      мәтін мазмұнына болжау жасайды; 

-                      грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Ауызша толық

жауапты

қажет ететін сұрақтар

Оқылым

және әдеби

тіл

нормалары

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

-                      мәтіннің типін, жанры мен стилін түсінеді; - мәтіндерден ақпаратты (мәтіндік, сандық,

графикалық) анықтайды; 

-                      мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді;  - зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп, арнайы ақпарат алу үшін оқуды біледі; - оқу стратегияларын пайдаланады;  - әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; 

-                      әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және

стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады;

-                      дәлелдер мен фактілерді ажыратады;  - ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.

Жазбаша толық

жауапты

қажет ететін сұрақтар

Жазылым

және әдеби

тіл

нормалары

Білу және түсіну Қолдану 

Жоғары деңгей дағдылары

-                      ақпараттарды жинақтайды; 

-әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; 

-                      ақпаратты пайдалана отырып, мәтін құрастырады; 

-                      ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсетеді; 

-                      проблемалық сипаттағы мәтінді (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; 

-                      әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады;  - анықтамалық материалды пайдаланады;  - мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; - белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; - орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

Жазбаша толық

жауапты

қажет ететін сұрақтар

5.    Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.   

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.   

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.  

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. 

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.  

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.  

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6.    Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 

1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым және айтылым

Мәдениет: тіл және қарым-

қатынас

Киіну. Сән.Талғам

Отбасылық  дәстүрлер мен мерекелер

Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,  монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

5

Оқылым

және әдеби тіл

нормалары

О3. Хат, хабарлама,  жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

ӘТН 1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Көп таңдауы бар сұрақтар

5

5

Жазылым

және əдеби тіл

нормалары

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін  жазу

ӘТН4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында  қолдану

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут 

Жазылым – 25 минут  Балл саны:  30 Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың  құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі  - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған. 


 



 

 

 



Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі                   «Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тапсырма

      Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жанжақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

      Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

 1-мәтін

Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателер жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын  жақсы түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда  қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

3

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын   орташа түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, қателері

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде

 Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді. 

(el. kz сайтынан)

2-мәтін

Көп тіл білгеннің пайдасы

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қастерлейміз, біле жүреміз. Орыс тілін қатынас тілі ретінде қолданамыз, есте сақтаймыз. Ағылшын тілін әлемдік аренаға ену үшін енгіземіз, үйренеміз. Қазақстанда тілдердің үштұғырлығы жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Сонымен бірге, осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу шарт. Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. 

(egemen.kz сайтынан)

Балл  қою кестесі

Тыңдалым және айтылым


 

байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын   аздап түсінеді. 

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.

1

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын   өте аз түсінеді. 

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.  

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылау кезінде өте аз қатысады.

Оқылым  Тапсырма            

Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. 

А мәтіні           

І Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова – қазақстандық дизайнер, суретші, стилист. «Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры. 

ІІ. Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім. 

ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды?

- Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің «Kuralai» сән үйіме биыл жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді  аштым.

            (Сұхбаттасқан Данияр Жаныс  BusinessNews.kz сайтынан)

1. Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған?            [1] A. ақылды

B.  белсенді

C.  зерек

D.  сәнқой

2. Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған?            [1]

A.  І

B.  ІІ

C.  ІІІ

3. Сіз берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңызды жоспарлау дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3  сөйлеммен жазыңыз.            

[3]

Ә мәтіні

Хабарландыру

 2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Мерейлі отбасы» атты  байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз. 

 Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы

Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтекауданы, Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты. Басталуы:  сағат 14:00-де

Ескерту:     Байқауға     қатысушылар     жол    мен    баспана     қаражатын    өздері     көтереді.

Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне  қызықты экскурсия ұсынады. Келемін деушілерге есік ашық!

1. Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды?                                       [1]

A.  Аймақтық салт-дәстүрлерді жалғастыру үшін

B.  Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін

C.  Жанұяның әдет-ғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін D. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін

2. Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады?               [1]

A.  Аймақтық қордан

B.  Білім басқармасынан

C.  Облыс әкімдігінен

D.  Отбасы қорынан

3. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлайсыз ба? Өз пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз.               [3]

Балл  қою кестесі Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

1

В

1

2

С

1

3

Ықтимал     жауабы:    Өз     болашағыңды     жоспарлаған       дұрыс. 

Армандап, алдыңа мақсат қоя білсең, жетістікке жетесің./Оқушы жауабы ескеріледі.

3

4

С

1

5

D

1

6

Ықтимал жауабы: Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлаймын. Отбасы дәстүрлері ынтымақшыл, мерейлі болуына әсер  етеді. / Оқушы  жауабы ескеріледі.

3

Барлығы

10

Жазылым

Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.

Құрамы 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (мәтін) орындау керек.

1)      «Үш тілді меңгеру» – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі» тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз  көлемінде).

2)      Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз  көлемінде).

[10]

Балл қою кестесі

Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған.

Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді, қателерді жібермейді.

7-8

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымын сақтаған.

Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған. 

Ойын анық, әрі әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес.

Шығармашылық танытуға талпынады.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. 

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер

(мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы жүйесіз.

Шығармашылық танытуда қателеседі.

Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалды.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы  қателер

(мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді.

1-2

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы сақталмаған. Шығармашылық танытпайды.

Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынады, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын.

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

 

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы 

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым, айтылым 

және әдеби тіл

нормалары

Жануарлар

әлемі   мен өсімдіктер дүниесі

Бос          уақыт

және хобби

Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

 ӘТН 3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді   көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

5

Оқылым

және әдеби тіл

нормалары

О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,  синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Көп таңдауы бар сұрақтар

5

5

Жазылым

және əдеби тіл

нормалары

Ж4.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін  сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут 

Жазылым – 25 минут  Балл саны:  30 Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Жиынтық бағалаудың  құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: юіріншісі тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі  - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған. 


 

 

 

 

 

 



Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі                   «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тапсырма

      Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

      Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. 

 Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді. 

http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/biologia/424-zhanuarlar-lem.html сайтынан

Жануарлар туралы ертегілер

Жануарлар туралы ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әртүрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер, классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер (аполог). Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екі жүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю

— икемсіз, қарабайыр, т.б.

http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/biologia/424-zhanuarlar-lem.html сайтынан


Балл  қою кестесі Тыңдалым және айтылым

Бал 

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын  жақсы түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда  қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

3

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын   орташа түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын   аздап түсінеді. 

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.

1

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын   өте аз түсінеді. 

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.  

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылау кезінде өте аз қатысады.

Оқылым  Тапсырма 

Берілген тапсырмаларды орындаңыз.

    [10]

А мәтіні            

Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды – Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?

  Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.

  Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?

  Маған          табиғатта        суретке           түсіру қатты ұнайды,          ал        студияда          жарықтардың, көлеңкелердің  қосындысын қолдану бір керемет  әсер береді. Дегенмен де табиғаттың орны ерекше ғой!

  Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?

  Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы - суретті сапалы түрде шығару.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

1.     Тұжырымның  дұрыс нұсқасын  + белгісімен  көрсетіңіз.      [2]

 

Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1

Мәтін   кейіпкері   мектеп   қабырғасында жүргенде өз кәсібін таңдаған.

 

 

2

Б.Тұржан суретке табиғат аясында түсіргенді ұнатады.

 

 

3

Суретке түсіруші үшін маңыздысы – еңбегінің жақсы бағалануы.

 

 

 

2.     Мәтін кейіпкері сияқты сенде де нақты хобби бар ма? Ол қандай іс екенін түсіндіріп,  3 сөйлем көлемінде жазыңыз.

[3]

Ә мәтіні

Ақпараттық хабарлама 1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.

Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа  шаралар ұйымдастырылады.

Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі.

          1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

http://www.almaty.kz/ сайтынан.

Тұжырымның  дұрыс нұсқасын  + белгісімен  көрсет.                                                      [2]

                                                               Тұжырым                                              Дұрыс               Бұрыс

5                Халықаралық балаларды қорғау  күніне арналған шарада көптеген ойындар ұйымдастырылады.

6                Мерекелік бағдарламаға тек балабақшалар мен спорт мектептерінің түлектері қатысады.

7                Бұл күні  жағдайы  төмен жанұя балаларына цирк  әртістері тегін концерт  көрсетеді.

3. Мәтіндегі шаралардың барлығы кім және не үшін ұйымдастырылады деп ойлайсыз?

      Ойыңызды  3 сөйлеммен  жазыңыз.                                                                                  [3]

Балл  қою кестесі Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

1

дұрыс

2

2

дұрыс

3

бұрыс

4

Оқушы  жауабы ескеріледі.

3

5

дұрыс

2

6

бұрыс

7

дұрыс

8

Ықтимал жауабы: Мәтіндегі шаралардың  барлығы балалар үшін ұйымдастырылады деп ойлаймын. Қазақстанда  балалардың жарқын болашағына барлық жағдай жасалған. Балалар - еліміздің  болашағы, үміті./ Оқушы жауабы ескеріледі.

3

Барлығы

10

Жазылым

Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.

Құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек.

1.      Сіз «Уақыт» сөзінің  мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мәнмағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын  қалай өткізетінін сипаттап, эссе жазыңыз (120-150 сөз  көлемінде).

2.      «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз?  Жауабыңызды сипаттап жазыңыз (120-150 сөз  көлемінде).

[10]

Балл қою кестесі Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған.

Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді,қателерді жібермейді.

7-8

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған.

Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған. 

Ойын анық, әрі әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес Шығармашылық танытуға талпынады.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған 

 

 

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер

(мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы жүйесіз.

Шығармашылық танытуда қателеседі.

Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалды.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы  қателер

(мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді.

1-2

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы сақталмаған. Шығармашылық танытпайды.

Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын.

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.


 

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 3-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым және айтылым

Қиял әлемі

Көлік және жол белгілері

Адамның сырт келбеті мен мінезі.

Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,  монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Оқылым

және  әдеби тіл

нормалары

О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер  арқылы тану

ӘТН 1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,  синонимдерді   көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Көп таңдауы бар сұрақтар

10

Жазылым

және əдеби тіл

нормалары

Ж4.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды  бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны  сипаттап не суреттеп жазу

ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут  Жазылым – 25 минут  Балл саны:  30 Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың  құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі  - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған. 


 




Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі                      «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тапсырма

Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жанжақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. 

Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. 

Сөз      саптауы          дұрыс,             анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын  жақсы түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып-білудің, әрқайсысының санасезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.  

(testent.ru сайтынан) Мінез

Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарымқатысынан көрініп отырады. Күнбе күнгі тіршілікте адам, әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінездің негізіне жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.

         Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері - кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады. 

(Массагет сайтынан) Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым


3

Грамматикалық         және             лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын   орташа түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген        сұрақтарға      жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Грамматикалық         және             лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын   аздап түсінеді. 

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1

Грамматикалық         және             лексикалық құрылымдарды қолдану аясын   өте аз түсінеді. 

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.  

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылау кезінде өте аз қатысады.

Оқылым  Тапсырма   Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.            [10]

А мәтіні            

        Кішкентай Марат пен Дархан көрші тұратын достар еді. Екеуі ылғи бос уақыттарын бірге өткізетін. Бірақ Дархан денсаулығына байланысты далаға көп шықпайды. Сондықтан да  болар оның мінезі тұйық. Ал Мараттың мінезі көңілді, ақжарқын, досының қамын ойлап жүретін бала.

       Бір күні Марат орманға саяхатқа барады. Ол гүлдерді қызықтап жүріп, бір көбелекті ұстап алады да, «қолыма түстің бе, енді мен сені жібермеймін, досым Дарханға апарып беремін» - дейді. Бір кезде көбелек сөйлегендей болады, «жіберші мені, Марат, мен сенің үш тілегіңді орындаймын». Марат мәз болып, «маған велосипед керек» - дейді. Көбелек өз жөніне ұшып кетеді. 

      Кешкісін Марат үйіне келсе, әкесі оған расында да, велосипед сатып әперіпті. Ол қуанып, велосипедімен ары-бері Дархан досының терезесінің алдынан өтеді. Досының мұңлы көзін көріп, орманға келіп, маған велосипед те, қиялдағы ұялы телефон да қажет емес деп ойлайды. Ол: «Арман көбелегі, досым аяғынан тік тұрып кетсінші, сол тілегімді орындашы», - деп жалынады.

       Үйіне келсе, ата-анасы Дарханның шетелге дәрігерлерге көрінуге баратынын айтады. Марат Дарханның келуін тағатсыздана күтеді. Бір күні Марат үйінде ұйықтап жатса, өзін атап шақырған дауыстан оянып кетеді. Көзін ашса, қарсы алдында досы Дархан тұрады. Қуанып кеткен Марат, ормандағы арман көбелегіне іштей  алғысын жаудыртады. 

 (http://massaget.kz/ сайтынан, 185 сөз)

1. Қай ақпарат мәтінге сәйкес?                                                                                             [1]

1.  Марат  пен  Дархан  нағыз  тату достар.

2.  Марат табиғат аясында ойнағанды ұнатпайды.

А) тек біріншісі

В)  тек екіншісі

С) екеуі де бұрыс 

D) екеуі де дұрыс

2. Қай абзацта Мараттың арманы орындалады?                                                                   [1]

А)  І

В)  ІІ

С)  ІІІ

D) ІV

3. Мәтіндегі  Мараттың орнында сіз болсаңыз, не істер едіңіз? Ойыңызды

3 сөйлеммен жазыңыз.                                                                                                            [3]

Ә мәтіні

Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

-  Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек,— дейді.

        Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

-  Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

-  Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді.

Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:

-  Мұндай белдікті ешкім, ешқашан тағынып көрген емес,—дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:         - Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді.

Сонда кенжесі:

-  Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар,— дейді.

Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.

-  Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп, өзінің кенже ұлын мұрагер атайды.

Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.

 (http://www.balakai.kz/ertegler/ сайты)  171 сөз

4. Әкесі нені анықтағысы келді? Балаларының ...

A.   киім киісін

B.   қазына мөлшерін  

C.   өзін көрсетуін

D.   өмірге бейімділігін

5. Мәтіннің қай бөлігінде қымбат киім киген ұлы туралы айтылған?

A.      басында

B.      ортасында

C.      соңында

6. Мәтіндегі ақсақал неліктен мұрагерлігін кенжесіне тапсырады? Ойыңызды

3 сөйлеммен жазыңыз.                                                                                                [3]

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

Балл  қою кестесі Оқылым

Сұрақ

Жауап

балл

1

А

1

2

D

1

3

Ықтимал жауабы: Мараттың орнында болсам, досыма жақсылық ойлар едім. Оған әрқашан көмектесемін, өйткені досымның  көңілі жай, дені сау болғанын қалаймын. /Оқушы  жауабы ескеріледі.

3

4

D

1

5

В

1

6

Ықтимал жауабы: Мәтіндегі ақсақал мұрагерлігін кенжесіне тапсырады. Өйткені еңбек еткен адам, алдына мақсат қойып соған ұмтылады. Сондықтан қарт кенжесіне сенімділік білдірді. / Оқушы  жауабы ескеріледі.

3

Барлығы

10

Жазылым

Білім алушы екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.

Құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындау керек.

1.                Қазақстанда велосипед жүргізушілеріне бұдан былай тротуармен жүруге тыйым

салынады. Тек қана велосипед жолақшаларын не көлік жолдарын пайдалануға рұқсат беріледі.

Сауал: Сіздің ойыңызша елімізде велосипед жүргізушілері қозғалысына тротуармен жүруге тыйым салу қажет пе?

2.                Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәденитұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды.  Сауал: Сіздің ойыңызша адамның мінезі өзгере ме? 

[10]

Жазылымға арналған эссе үлгісі

Эссе құрылымы

      Кіріспе

      Негізгі бөлім

Тезис (пікір) аргумент

Тезис (пікір) аргумент

Тезис (пікір) аргумент

      Қорытынды

Елімізде велосипед жүргізушілері қозғалысына тротуармен жүруге тыйым салу қажет пе?

Еуропа            қалаларында көптеген         адамдар          велосипедпен            жүреді, өйткені           олар велосипедтің     жанар-жағармайды   үнемдейтінін және    қоршаған        ортаның ластануын азайтатынын біледі. Соған қарамастан, елімізде қала орталығында велосипедпен жүруге тыйым салу туралы шешім шығарды. Ал мен бұл шешіммен толық келісемін. Осы тұрғыдан өз көзқарасымды түсіндіріп өтсем... (өтейін, кетейін)

Менің ойымша, бұл шешім дұрыс. Біріншіден, біздің жолдарымыз Еуропадағыдай велосипедпен жүруге арналмаған, олар тым тар және велосипедтерге арналған арнайы жол жоқ. Сонымен қатар, велосипедтер бізге жол қауіпсіздігі жағдайында көмектеспейді, тіпті, кейде велосипед айдаушылар жиі жол қозғалысы ережесін бұзады және қайғылы жағдайға душар етеді. Тағы да айта кетер жайт, еліміздің солтүстік өңірінің ауа райы велосипед жүрісіне қолайлы емес. Қыста жолдарда мұз қатады, күзгі және көктемгі жолдар жауынды, сондықтан велосипед қозғалысына қиындық тудырады.

Екіншіден, кей адамдар велосипедпен жүру біздің денсаулығымызға пайдалы деп жатады. Алайда, мен бұл пікірге толықтай келісе алмаймын, себебі көптеген жол апаттарында велосипед айдаушылар жарақат алып жатады. Кей адамдар велосипед айдау экологиямызға пайдалы деп қарсыласуы мүмкін. Бірақ сіз тезірек жүретін әрі жайлы көлік түрі – автомобильге де арнайы тазарту құралын орната аласыз ғой.

Қорыта келе, бұл мәселеге түрлі пайым-көзқарастар бар. Меніңше, жолда арнайы велосипед жүру жолы болмаған жағдайда қала орталығында велосипед айдауға тыйым салынуы керек. Менің пікірімше, велосипед ауыл арасы сияқты қысқа жолдарда жүретін көлік түрі болып табылады.

Балл қою кестесі Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымын сақтаған.

Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді,қателерді жібермейді.

7-8

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымын сақтаған Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған. 

Ойын анық, әрі әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес Шығармашылық танытуға талпынады.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған 

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер

(мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы жүйесіз.

Шығармашылық танытуда қателеседі.

Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалды.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы  қателер

(мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді.

1-2

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы сақталмаған. Шығармашылық танытпайды.

Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын.

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 

4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым, айтылым

және әдеби тіл

нормалары

Аспан әлемінің құпиялары

Саяхат             және демалыс

Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

 ӘТН 3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,  синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

5

Оқылым

5.О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер  арқылы тану

ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,  синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Көп таңдауы бар сұрақтар

5

5

Жазылым

және əдеби тіл

нормалары

Ж4.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды  бөлімдерін  сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны  сипаттап не суреттеп жазу

Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу

5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут  Жазылым – 25 минут  Балл саны:  30 Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Жиынтық бағалаудың  құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі  - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған. 


 




Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тапсырма

      Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жанжақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

      Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

Астрономиялық бақылаулар

Ерте кездің өзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде-ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

       Аспан денелерінің көрінбейтін сәулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады. 

(Уикипедиядан алынған мәлімет 113 сөз)

Аспан түсінің көк болу себебі

Аспанның түсі неліктен көк? Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, көкке көз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз. Күнделікті жұтатын ауамыз көзге көрінбейтін, түссіз болғанымен аспанымыздың түсі көк. Оның сыры неде?

           Аспан барлық жерде де көкшіл түсті. Солтүстікте бозғылт, оңтүстікте қою көк, бізде ашық көк түс. Аспанның алуан түрлі ғажайып түсі қалай пайда болады?

Аспан ауаға түскен күн сәулесі әсерінен сан түрлі түске енеді екен. Күн Жерге шуақ шашады, ол Жер қабатын қоршап тұратын қалың ауа қабатына түседі екен.

Ал күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк  секілді түрлі түсті болады. Осындай алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді. Себебі, ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең қысқасы – көк түс. Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.

(Уикипедиядан алынған мәлімет 113 сөз)


Балл  қою кестесі Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

4

Грамматикалық         және             лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын  жақсы түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

3

Грамматикалық         және             лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын   орташа түсінеді. 

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген        сұрақтарға      жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Грамматикалық         және             лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын   аздап түсінеді. 

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1

Грамматикалық         және             лексикалық құрылымдарды қолдану аясын   өте аз түсінеді. 

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.  

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылау кезінде өте аз қатысады.

Оқылым  Тапсырма  Берілген тапсырмаларды орындаңыз.            [10]

А мәтіні          

      Өткен жұмада Аян деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншар орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. География сабағында мұғалім Африканы мекендейтін хайуанаттар туралы қызықты мәліметтер айтқан болатын. Аян екеуміз соны қасымыздағы балаларға  айттық.  

      Әрі            қарай жүре    берегенімізде             сусар   мен тасбақаларды көрдік.    Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандар да темір тордың ішінен орын алыпты. 

      Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайратып қойыпты. Қазақ киелі санаған құстың бұлбұлша сайрағанына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің қызықты саяхатымыз осылай аяқталды. 1. Тұжырымның  дұрыс нұсқасын  + белгісімен  көрсетіңіз.          [2]

 

Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1

Хайуанаттар  бағындағы  тасбақалар  біршама үлкен екен.

 

 

2

Сұңқар            мен бірқазандар        тордың             сыртына жайғасыпты.

 

 

3

Екі дос қарапайым  қарлығаштың  әнші құстарша сайрағанын  естіп, таңғалады.

 

 

2. Мәтіндегі екі дос өздерінің  танымдық  білімдерін  қолдана алды  ма?  Осы жайлы

ойыңызды  3 сөйлеммен  жазыңыз.                                                                                           [3]

Ә мәтіні 

Хабарландыру

Биыл Абай Құнанбаевтың мерейтойы бойынша дәстүрлі Абай оқулары Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның бұрынғы астанасы - Алматыда өткізіледі. Қала еліміздің ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. Алматы демалыс, түрлі ойын-сауық мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етеді. Абай оқуы қатысушыларына таза ауадағы табиғатымен ерекше Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғы демалыс орны мен Көктөбе таулы бағынының тамаша көріністері  және  ондағы  көрсетілетін қызметтер ұсынылады.

3.  Тұжырымның  дұрыс нұсқасын  + белгісімен  көрсет. [2]

4.  Мәтіндегі  сұлу табиғаттай сенің  өлкеңде  әсем  көрініс  табыла ма? Өз өлкеңіздің көркем

табиғатын сипаттап 3 сөйлеммен  жазыңыз.                                                                       [3]

Балл  қою кестесі Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

1

дұрыс

2

2

бұрыс

3

дұрыс

4

Ықтимал жауабы: Мәтіндегі  екі дос сабақта алған білімдерін хайуанаттар бағына барғанда  қолданды. Қандай аңның қайда мекендейтінін біледі. Сондықтан қасындағыларға қызықты ақпарат айтты./Оқушы  жауабы ескеріледі.

3

5

дұрыс

2

6

бұрыс

7

дұрыс

8

Оқушы  жауабы ескеріледі.

3

Барлығы

10

Жазылым 

Білім алушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек.

1.                  Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстарына қарап болжағаны белгілі. Ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы қандай жорамалдарын білесіз? Мәтін жазыңыз (120-150 сөз  көлемінде).

2.                  Сіз отбасыңызбен бірге аяқ астынан саяхатқа шығу керек болдыңыз. 3 күнге өз сыныпжетекшіңізден сұрануыңыз керек. Осыған байланысты өтініш (сұрану себебі, уақыты көрсетілу керек) жазыңыз (120-150 сөз  көлемінде).

[10]

Балл қою кестесі Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымын сақтаған.

Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді, қателерді жібермейді.

7-8

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымын сақтаған Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған. 

Ойын анық, әрі әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес Шығармашылық танытуға талпынады.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған 

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер

(мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)  құрылымы жүйесіз.

Шығармашылық танытуда қателеседі.

Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалды.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы  қателер

(мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді.

1-2

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы сақталмаған.

Шығармашылық танытпайды.

Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын.

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.



Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды.  Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т.4,2. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ФО_Қазақ әдебиеті_7 кл.pdf

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған  тапсырмалар жинағы

 

Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)

 

7-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті мұғалім!

 Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.  

 Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.  

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз. 

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. 

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Мазмұны

1-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар ................................. 4

Бөлім: Көне күндерден жеткен жәдігерлер ............................................................................ 4

2-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар ............................... 22

Бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл .......................................................................................... 24

3-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар ............................... 37

Бөлім: Балалар мен үлкендер ................................................................................................. 37

4-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар ............................... 56

Бөлім: Ұрпақ тәрбиесі ............................................................................................................. 56

 

             

1-тоқсан  

Бөлім Көне күндерден жеткен жәдігерлер

 

Оқылатын шығарма 

тақырыбы                                     «Қыз Жібек» жыры

             

Оқу мақсаты                                   7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас

бөлшектерін талдау

 

Бағалау критерийі                        Білім алушы

Шығарманы сюжетіне талдайды

 

Ойлау дағдыларының                 Жоғары деңгей дағдылары деңгейі                                    

                                           

 

Тапсырма

Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Мына рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін талқылаңыз. Дереккөз: Қыз Жібек. Лиро-эпостық поэма. – Алматы: Мектеп, 2006. («Жетінші сөз» сериясы)

 

1)  Талқы себепшісі – жыр бойынша (кейіпкерлері, сюжеті, қарым-қатынасы, автор позициясы, т.б. бойынша) 5 сұрақ құрастырады. 

2)  Белгілеуші – жырдың қай бөлімі ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді.

3)  Байланыстырушы – оқиғалардың бірін өмірмен байланыстырады, дәлелдейді. 4) Қорытындылаушы – көтерілген мәселені қорытындылайды.

 

Дескриптор              Білім алушы

-  рөлдік тапсырмаға қатысады;

-  шығарма сюжетін анықтайды;

-  жыр бөлімдерін талдайды.

             

Оқылатын шығарма 

тақырыбы                                        «Қыз Жібек» жыры  

             

Оқу мақсаты                                   7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін

жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

 

Бағалау критерийі                        Білім алушы

         Кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды

         Кейіпкер бейнесін талдайды

             

Ойлау дағдыларының                  Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі                                               

             

Тапсырма

Жырда Жібектің бейнесі қандай көркемдегіш тәсілдер арқылы жасалған? Жібек бейнесін талдаңыз.

 

Қыз Жібектің дидары

Наурыздың ақша қарындай. Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай. Екі беттің ажары Жазғы түскен сағымдай.

Білегінің мүсіні

Айбалтаның сабындай.

               ***

Атқан оқтай жылысып, Ор қояндай ығысып.

Қылаң етіп, қылт етіп, Сылаң етіп, сылт етіп,

Мықындары былқылдап,

Тау суындай құлтылдап,

Сүмбіледей жылтылдап,

Буындары былқылдап,

Айдынды туған Қыз Жібек Отауға қарап жөнелді.

 

Дескриптор                Білім алушы

                                             жырдағы Жібек бейнесін сипаттаудағы ерекшелікті

ажыратады;  

кейіпкерді сипаттаудағы көркемдегіш тәсілді анықтайды.

 

             

Оқылатын шығарма 

тақырыбы                                «Қыз Жібек» жыры 

             

Оқу мақсаты

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

 

Бағалау критерийі 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білім алушы

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды Көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

 

1-тапсырма

 

 

Берілген үзіндідегі символды табыңыз, анықтамасын беріңіз. 

- Асу да асу бел, – деді,

Аса бір соққан жел, - деді,

Айналайын жеңеше-ау,  Бері таман кел, -деді. Мен бір жауап айтайын, Бұл сөзімді біл, -деді.

Басыңдағы сәукеле

Алып маған бер, - деді. Ақыр ертең киемін,  Бүгін кешке киейін. Жарасар ма екен, жеңеше-ау, Өз көзіңмен көр, - деді.

             

Дескриптор         Білім алушы

-  үзіндідегі символды табады; 

-  символдың анықтамасын анықтайды.

2-тапсырма

Шығарма мазмұнына сәйкес символдың қолданылу ерекшелігін талдаңыз. 

______________________________________________________________________

 

Дескриптор              Білім алушы

-  символдың қолданылу ерекшелігін ажыратады;

-  шығарманы мазмұнына қарай талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқылатын шығарма 

тақырыбы                                         «Қыз Жібек» жыры 

             

Оқу мақсаты

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

             

Бағалау критерийі 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білім алушы

      Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

      Сыни шолу жазады

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 


 «Қыз Жібек» жырында қоштасу, жоқтау, естірту, арыздасу сияқты салт өлеңдерінің қолданылуына өзіндік бағаңызды беріңіз. Жыр көркемдігіне сыни шолу жасаңыз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

 

 

 

Дескриптор Білім алушы

-  жырдың эстетикалық құндылығын бағалайды;

-  өзіндік сыни шолу жазады.

 


 

Оқылатын шығарма 

             

Оқу мақсаты

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

 

Бағалау критерийі 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Оқиға желісін дамытып жазады

      Өзіндік көзқарасын білдіреді

 

Қолдану 

 

 

тақырыбы                                         «Қыз Жібек» жыры 


 

Тапсырма


Базарбайдың Төлегенге теріс бата беруі туралы оқиғаға өзгерістер енгізіп, қайта жазыңыз. 

   

Базарбай көп жұртына арыз қылып айтты:

– Ай, жарандар, менің мынау балам тілегімді бермей кетті, қайнына баратынын білгенің маған ұстап бер, - дейді. – Егер де біреуің қошемет қылып ерсең, мен тұзыма салып, теріс батамды беремін, - деді. 

________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

 

Дескриптор              Білім алушы

-              оқиға желісін қолданады;

-              оқиғаны дамытып жазады;

-              өзіндік көзқарасын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тақырыбы                                  Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры

 

Оқу мақсаты

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

 

Бағалау критерийі 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

 

Білім алушы

      Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

      Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

1-тапсырма

 

Күлтегін мен оның ағасының елді ел қылу үшін жасаған әрекеттерін анықтаңыз. 

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

 

Дескриптор            Білім алушы

-              Күлтегін мен оның ағасының ел үшін жасаған әрекеттерін анықтайды.

 

2-тапсырма

Күлтегіннің биік адамгершілік тұлғасын танытатын жолдарды анықтап, талдаңыз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

 

 

Дескриптор         Білім алушы

-              Күлтегіннің адамгершілік тұлғасын танытатын жолдарды анықтайды;

-              Күлтегін бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры

Оқу мақсаты

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шығарма эпизодтарын талдайды

      Кейіпкерлер бейнесін салыстырады

Қолдану

Шығармадағы эпизодтарды рет-ретімен жазып шығыңыз. Сізге қай эпизод ұнады? Неліктен? 

________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Дескриптор         Білім алушы

-              эпизодтарды ретімен жазады;

-              өзіне ұнаған эпизодты қолдана отырып, талдайды; - жырдағы Күлтегін бейнесін ажыратады.

2-тапсырма

Жырдағы Күлтегіннің 16 жастағы және 30-дан кейінгі бейнесін салыстырыңыз. Берілген үзінділерді, жыр мазмұнын қолданыңыз.

Он алтыда ағамның  Елі-жұртын көбейтті.

Алдындағы қағанның

Жерін әбден кеңейтті. Соғдыларға аттанды,

Талқандадық, мақтандық.

...Бір кезде ол қонды атқа,

Баяғыдай қайратты, Қос батырды жайратты.

Күлтегін – ел қанаты.

...Алып Шалшы боз мініп,  Жауын тоз-тоз, тоз қылып, Шабуылға жұлқынды.

 

 

Дескриптор     Білім алушы

-              Күлтегіннің 16 жастағы және 30-дан кейінгі бейнесін салыстырады.

 

 

тақырыбы                                    Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры

 

 

Оқу мақсаты

 

7.Б/С1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген 

портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру              

 

Бағалау критерийі 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген  портреттік мінездемені салыстырады

      Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді 

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

1-тапсырма

 

Берілген портреттік мінездеме арқылы кейіпкердің іс-әрекеті туралы жазып, салыстырыңыз.

Портреттік мінездеме

Кейіпкердің іс-әрекеті 

Күлтегін оттай лаулады, Елдің дауын даулады.

 

Бозын мініп Күлтегін,  Алдаспанын сілтеді. Тоғыз жауын түйреді, Біразы оның күйреді.

 

... Отызға ол толған-ды.

Салмағы да сан батпан, 

Бір кезде ол қонды атқа. Баяғыдай қайратты,

Қос батырды жайратты.

 

                                               

Дескриптор         Білім алушы

-              портреттік мінездемені кейіпкердің іс-әрекетімен салыстырады.

2-тапсырма

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы неде? Ойыңызды дәлелдермен көрсетіңіз.

 

А) Шығарманың тарихи құндылығын бағалауда берілген тірек сөздерді қолданыңыз.

Шынайы суреттелген, аса құнды, жырдастан, көне түркі, тасқа қашалған, тарихи шығарма, батырдың ерлігі, құлпытастағы жазулар.

Ә) Шығарманың көркемдік құндылығын бағалаңыз. 

(ерекше сөз оралымдары, халық, ел атаулары, көне жер атаулары, көнерген сөздер, т.б.)

 

 

 

 

 

Дескриптор              Білім алушы

-              шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды; 

-              тірек сөздерді орынды қолданады; -        өз ойын дәлелдейді, баға береді.

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры

Оқу мақсаты

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдейді

      Сыни шолу жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығармада еркіндік, бостандық, тәуелсіздік идеясы қалай көрінеді? Ойыңызды жинақтап, эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз.

________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Дескриптор               Білім алушы

-              шығарма идеясын анықтайды; -   эстетикалық құндылығын дәлелдейді; -           шағын сыни шолу жазады. тақырыбы                         Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

Оқу мақсаты                            7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,

үзінділерді  жатқа айту

Бағалау критерийі                 Білім алушы 

         Кейіпкер бейнесін ашатын үзіндіні жатқа айтады

Ойлау дағдыларының           Қолдану

деңгейі 1-тапсырма

Шығармадан Ер Есім бейнесін танытатын жолдарды табыңыз. Есім ханға тән

қасиеттерді      жазып,      шығармадан      дәлел      келтіріңіз.      Дереккөз:      http://bilim-

all.kz/olen/2032-Ensegei-boily-Er-Esim  

Кейіпкерге тән қасиеттер

Дәлеліңіз (өлең жолдары)

 

 

Дескриптор         Білім алушы

-              шығармадан ер Есім бейнесін танытатын жолдарды табады;

-              жыр жолдарынан Есім ханға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіреді.

2-тапсырма

Кейіпкер бейнесіне ене отырып, жыр шумақтарын жатқа айтыңыз.

Дескриптор            Білім алушы

-              кейіпкер бейнесін сомдайды; -     жыр үзіндісін жатқа айтады.


тақырыбы                                  Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

Оқу мақсаты                           7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Бағалау критерийі                 Білім алушы 

         Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды Кейіпкер бейнесін талдайды Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі

Тапсырма

Жыр жолдарын пайдалана отырып, кейіпкер типін жасалу тәсіліне қарай

анықтаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз. Дереккөз: http://bilim-all.kz/olen/2032-Ensegei-boilyEr-Esim

Еңсегей бойлы Ер Есім, Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім. Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін.

...Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан! Қайрылып қайыр қылуға Қылығың жоқ ұнаған.

...Әмірің қатты Есім хан, Бүлік салып, бұйырдың

Басын бер деп батырдың - Қанын ішіп қанбаққа,

Жанын отқа салмаққа. Атадан жалғыз мен емес, Хан ие, ісің жол емес.

1. Есім хан бейнесі қалай берілген?

 

2. Қандай тәсілдер арқылы жасалған?

 

Дескриптор      Білім алушы

-       кейіпкер бейнесін талдайды;

-       кейіпкерлер типін жасалу тәсіліне қарай анықтайды.

 

тақырыбы

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

Оқу мақсаты

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Қолдану

Жырдағы  автор бейнесін анықтап, талдап жазыңыз. Дереккөз: http://bilim-all.kz/ olen/2032-Ensegei-boily-Er-Esim

Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін.

Ертеңгі күн болғанда,

Елің кеңес құрғанда,

Айналып ақыл табарға

Есіктегі ебесін,

Сонда, ханым, не десін?! Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні көресің. Жиембет қайда дегенде, Не деп жауап бересің?..

Меніменен, ханым, ойнаспа, Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай.

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайыңдай. Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре менен жайындай.

Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай менен қайындай.

Көруші едім, Есім хан,

Ханымды күнім, сізді айымдай. Сырым саған түзу-ді

Садаққа салған бұлыңдай. Жұмыскерің мен едім

Сатып алған құлыңдай.

Жүруші едім араңда

Өзіңнің інің менен ұлындай...

Мен өлсем, құнсыз кетер деме сен Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай!

Дескриптор       Білім алушы


   -жырдағы автор бейнесін анықтайды;   -автор бейнесін талдайды.


Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

Оқу мақсаты

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Жыр      жолдарынан     берілген    көркемдегіш    құралдарды    табыңыз.     Дереккөз:

http://bilim-all.kz/olen/2032-Ensegei-boily-Er-Esim

Көркемдегіш құралдар

Мысалдар

Қолданылу ерекшелігі

Теңеу

 

 

Эпитет

 

 

Ассонанс

 

 

Аллитерация

 

 

Риторикалық сұрау

 

 

Дескриптор               Білім алушы

-     жырдағы көркемдегіш құралдарды табады; - көркемдегіш құралдарға мысалдар келтіреді; - қолданылу ерекшелігін талдайды.

тақырыбы

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

Оқу мақсаты

7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып,  тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырады

      Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Жырдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін теріп жазыңыз, оны автор берген портреттік мінездемемен салыстырыңыз. Дереккөз: http://bilim-all.kz/olen/2032-Ensegei-boily-Er-Esim  

Кейіпкерлердің іс-әрекеті

Автор берген портреттік мінездеме

 

 

Дескриптор                Білім алушы

-     кейіпкерлердің іс-әрекетін теріп жазады; 

-     автор берген портреттік мінездемемен салыстырады. 2-тапсырма

Жырау толғауындағы замана бейнесіне тоқталып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз. Ойыңызды дәлелдеңіз.

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Дескриптор             Білім алушы

-     шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді; - ойын  дәлелді түрде жеткізеді.

                                                                 Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

                                                         7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты

гуманистік тұрғыдан талдау

Білім алушы 

      Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

      Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Ойлау дағдыларының         Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Өлең жолдарындағы автор бейнесін анықтаңыз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз. Шығарма кейіпкерін адамгершілік тұрғысынан талдаңыз. Дереккөз: http://infoportal.kz/kk/content/kaztugannyn-konysymen-koshtasuy

________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Дескриптор             Білім алушы

-     өлең жолдарындағы автор бейнесін анықтайды;

-     мысалдар келтіріп, ойын дәлелдейді;

-     шығарма кейіпкерін адамгершілік тұрғыдан талдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы                  Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» Оқу мақсаты            7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

Бағалау критерийі                            Білім алушы

Кейіпкер бейнесіне қатысты үзіндіні жатқа айтады

Ойлау дағдыларының                     Қолдану 

деңгейі

Тапсырма

Шығармадағы Қазтуған бейнесін танытатын жолдарды анықтаңыз. Шығарма үзінділерін қолдана отырып, кейіпкер бейнесін сомдаңыз.

________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Дескриптор         Білім алушы

-     шығармадан кейіпкер бейнесін танытатын жолдарды анықтайды; - шығарма үзінділерін жатқа қолданады; -   кейіпкер бейнесін сомдайды.


          

 Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

Оқу мақсаты

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы көркемдегіш  құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты тауып, анықтамасын беріңіз.   Еділді алса –  елді алар,

Енді алмаған не қалар? Жайықты алса - жанды алар,

Жанды алған соң не қалар? Ойылды алса - ойды алар,

Ойлашы, сонда не қалар? Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар.

Жаз кіреге жақсы деп,

Дулығалы нарды алар, Қыс кіреге жақсы деп, Шудасы қалың айырды алар. Сусынына шай алар, Шайнауына май алар. Дескриптор          Білім алушы

-       шығарма үзіндісінен аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты анықтайды;

-       оларға анықтама береді.

2-тапсырма

Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонанстың, риторикалық сұрақтың қолданылу ерекшелігін, шығармадағы маңыздылығын талдаңыз. 

________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Дескриптор          Білім алушы

-       аллитерация мен ассонанстың қолданылу ерекшелігін анықтап жазады;

-       шығармадағы риторикалық сұрақтың қолданысын талдайды.

                                                           Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Білім алушы

      Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

      Сыни шолу жазады

Ойлау дағдыларының           Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Берілген үзіндіні негізге ала отырып, ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтаңыз. Ойыңызды жинақтап, сыни шолу жасаңыз.

Қазтуғанның қонысымен қоштасуы

Сыни шолу

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай,

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім

Аузы түкті кәпірдің Күшті болған салдары-ай!

Кәпірден теңдік алуға Қайта келер деймісің

Мұсылманның баяғы

Шыңғыстан туған хандары-ай?! Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Атаңа нәлет кәпірдің

Пайдасына қалмаса игі еді

Ноғайлы, қазақ жұртымның Кейінгі туған балдары-ай!

 

Дескриптор              Білім алушы 

-       шығарманы эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды; - ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтайды;  - сыни шолу жасайды.

 

2-тоқсан 

Бөлім Толғауы тоқсан қызыл тіл

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

Ш.Қанайұлы «Зар заман»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Шығарма сюжеті бойынша құрамдас бөлшектеріне талдау жасаңыз. Дереккөз:

https://surak.szh.kz/217584/  

1)   Өлеңде ақын «Сол себепті қорқамын!» деген жолды бірнеше рет қайталайды. Автор неден қорықты деп ойлайсыз?

2)   «Зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман» - деп, ақын қай заман туралы айтып отыр? Оның «зар заман» деуінің мәні неде?

3)   Шығарманың мына бөлігін талдап көріңіз. Халық қандай күй кешіп отыр деп ойлайсыз?

Байлар ұрлық қылады, 

Мал түзіне көрінбей,  Билер жейді параны  Сақтап қойған сүріндей.  Заманың сенің құбылды  Текеметтің түріндей.  Ойлағаны жамандық 

Жарадан аққан іріңдей.  Жеті жұрт кеткен қожадан Сен тұрмайсың бүлінбей.  Қазақ ұлы жиылып, 

Құдайыңа сыйынып, 

Қондыгерге хат жазып, 

Кешіктірмен дат жазып,  Өлместің де қамын қыл  Басың сотқа ілінбей.

Дескриптор                  Білім алушы

-   шығарманың негізгі ойын анықтайды; -     шығарма сюжеті бойынша өз ойын жеткізеді; -     шығарма бөлшектерін талдайды.


Ш.Қанайұлы «Зар заман»

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау Білім алушы 

      Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

      Автор бейнесін талдайды

Ойлау дағдыларының           Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтаңыз. Автор бейнесін анықтауда ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз. Дереккөз: https://surak.szh.kz/217584/

Авторға тән қасиеттер

Автор бейнесі

 

 

Дескриптор           Білім алушы

-   автор бейнесін анықтайды; 

-   өз ойын мысалдармен дәлелдейді.

Ш.Қанайұлы «Зар заман»

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді  жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы 

      Кейіпкер бейнесін таниды

      Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Қолдану

«Ішкі және сыртқы шеңберге» қатысыңыз. Жұбыңызбен бірге сұрақты талқылаңыз.

Өз ойыңызды жеткізуде берілген үзіндіні қолданыңыз (жатқа айтыңыз). 

Дереккөз: https://surak.szh.kz/217584/  

Сұрақ

Шығармадағы ел билеушілер бейнесінен нені аңғаруға болады?

Ағашты тауға үй салып,

Алды кәпір ақында,

Елді еркіне қоймады Буыршындай тақымдап.

Дуан басы, болыс тұр

Кәпірдің сөзін мақұлдап,

Бейшараның пұлы жоқ,

Қорыққаннан қақылдап. Жарысқа кірген жақсылар, Аша алмассың көзің деп.

Дескриптор                Білім алушы

-     шығармадағы ел билеушілер бейнесін ашады;

-     үзіндіні жатқа айтады;

-     өз ойын жеткізуде шығарма үзіндісін орынды қолданады.

Ш.Қанайұлы «Зар заман»

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, т.б) қолданысын талдау 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы көркемдегіш  құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Қолдану

Өлең     жолдарынан     берілген     көркемдегіш     құралдарды     табыңыз.     Дереккөз:

https://surak.szh.kz/217584/  

Мысалдар

Көркемдегіш құрал түрлері

Қолданылу ерекшелігі

Орыс - бүркіт, біз - түлкі Аламын деп талпынды.

 

 

Қайсыбірін айтайын, Қазақтың ұлы қамалды.

Қамалмай енді неғып тұр?

 

 

Азулыға бар заман, Азусызға тар заман.

 

 

Билер жейді параны Сақтап қойған сүріңдей. Заманның түрі бұзылды Текеметтің түріндей.

 

 

Дескриптор              Білім алушы

-     берілген үзінділердегі көркемдегіш құрал түрлерін анықтайды; -        көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.

Ш.Қанайұлы «Зар заман»

7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы 

      Әдеби жанр түрлерінің дамуы мен жаңашылдығын талдайды

      Әдеби жанр түрлеріне заманауи тұрғыдан баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

1.  Шортанбай заман өзгерісін қалай түсінеді және өлеңде қалай жырлайды?

________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________

2.  Заман шындығын танытатын осы сарындас өлең-жырлар қазіргі таңда кездесе ме?

________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________

3.  Осы жанр үлгісінің жаңашылдығы мен заманауилығы үлгісіндегі шығармалар легін атап, баға беріңіз. 

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Дескриптор           Білім алушы

-       «Зар заман» өлеңіндегі басты мәселені анықтайды;

-       өлең үлгісінің жаңашылдығы мен заманауилығына баға береді.


тақырыбы

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы 

      Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

      Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Өлең жолдарындағы автор бейнесіне сипаттама беріңіз. Мысалдармен ойыңызды дәлелдеңіз. Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдаңыз. Дереккөз:

http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauriz/8810/

Шығармадан үзінді

Автор бейнесін гуманистік тұрғыдан талдау

Менің түйгенім

Мен Қарасай ұлымын,

Нар келдемнің түрімін.

Айтулы ердің бірімін,

Шапырашты батыр ел, Батыр туған мен едім!

Менменсіген мықтының,

Талайын жеңген ер едім...

 

 

Көппін деп айттың Қатаған,

Көптігің сенің қайда бар,

Үш атаның ұлысың,

Қазағымды қаптатсам,

Жұртта қалған күшіктей, Айдалада ұлырсың!..

 

 

Топ бастаған бұлбұлмын,

Сөз бастаған жүйрікпін,

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған дүлділмін, Шығарма Қатаған үніңді! Есіңе сақта бүгінгі,

Қанатың сынған күніңді!

 

 

Дескриптор            Білім алушы

-       кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды;

-       мысалдар арқылы өз ойын дәлелдейді;

-       көңілге түйгенін жазып, ойын қорытындылайды.

Тапсырма

Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтаңыз. Кейіпкерлердің қандай типтік образға жататынын зерделей отырып, «1 тезис, 3 дәлел» кестелерін толтырыңыз. Жауабыңызды тезистер мен дәлелдер арқылы жеткізіңіз. Дереккөз: http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauriz/8810/

1-кесте

 

 

Сүйінбай

 

   Тезис

 

Дәлелдер

 

1- дәлел

 

2 -дәлел

3 -дәлел

 

 

 

 

 

тақырыбы

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

      Кейіпкер бейнесін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

2-кесте

 

 

 

Қатаған

 

Тезис

 

 

Дәлелдер

 

1-дәлел

 

 

2 -дәлел

3 -дәлел

 

 

 

 

 

 

Дескриптор              Білім алушы

-       Сүйінбай мен Қатаған образдарын салыстыра отырып, кестені толтырады;

-       кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайды.

тақырыбы

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаты

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығарма эпизодтарын талдайды

      Кейіпкерлер бейнесін салыстырады

Қолдану

Сүйінбай мен Қатаған образдарын айтыс эпизодтарынан дәлелдер келтіре отырып, салыстырыңыз. «Салыстырмалы картаны» толтырыңыз.

 Дереккөз: http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauriz/8810/

Сүйінбай

Қатаған

(Сүйінбай бейнесі қалай сипатталған?)

(Қатаған бейнесі қалай сипатталған?)

(айтыс эпизодтарынан дәлелдемелер)

(айтыс эпизодтарынан дәлелдемелер)

Дескриптор              Білім алушы

-       Сүйінбай мен Қатаған бейнесін салыстырады; - айтыс эпизодтарынан дәлел келтіреді;

-       шығарма эпизодтарына талдау жасайды.

тақырыбы

 С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаты

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ,т.б.) қолданысын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Шығармадағы көркемдегіш  құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Айтыстағы кейіпкерлердің тілге тиек еткен сөз түйдектерін негізге ала отырып, олардың қолданылу ерекшеліктерін кестеге түсіріңіз.  

Дереккөз: http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauriz/8810/  

Кейіпкер

Тақырып

Астарлы сөз

Көркемдегіш құрал түрі

Мәні

Сүйінбай

 

Айдап келіп берерсің, Алдыңдағы малыңды.

 

 

Он екі ата Жалайыр Аршынға қолын сермеген,

Маңына дұшпан келмеген.

 

 

Қатаған

 

Маңдайыңды қақ жарып, Қаныңды судай шашайын

 

 

Жетім құрыш қылышпын.. Хандар соққан құрышпын, Тастан неге қайтайын?!

 

 

Дескриптор        Білім алушы

-       көркемдегіш құралдардың түрлерін анықтайды; - олардың қолданылу ерекшелігін талдайды.

Тапсырма

Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар жөнінде мысалдар келтіре отырып,

«Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз (көлемі

120-140 сөз).

________________________________________________________________________________

тақырыбы

   С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаты

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

      Әдеби эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

________________________________________________________________________

Дескриптор     Білім алушы

-     шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды анықтайды;  

-     нақты мысалдар келтіріп, шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды;

-     «Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында сөз көлемін ескере отырып, әдеби эссе жазады.

Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінен берілген үзінділерді топта талдаңыз. «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Дереккөз: http://bilim-all.kz/olen/2093-Zildi-buiryq

1. «Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. 

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық, малын айтып,

«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -

Дейді де еңірейді, егіледі,

Қайғының күні-түні күйін тартып. «Верныйдың» қадам баспай қаласына, Кемпір, шал жылап жатыр баласына. Ешбір ем табылмады іздесе де Халықтың жүректегі жарасына.

Пристав келіп қалды бала сұрап,

Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап. «Қырсаң да баламызды бермейміз» деп, Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.

тақырыбы 

Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығарманы сюжетіне талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Пристав ашуланды «аламыз» деп,

Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. - Егер де бұл түріңді өзгертпесең,

Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп. Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға, Ал әлеумет, қараңдар мына жайға. Сеңдей болып соғылып толқындады, Бір сая бола ма деп шыбын жанға. Жиылды бозбалалар бір кезеңге,

Қарғалы деген тасқын бір өзенге. Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, - Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!». Бәрін де ол пристав жаттап алды,

Басшыларын қағазға хаттап алды. Аттандырып бұл елге солдаттарын, Басты-басты кісіні саптап алды.

2. Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып, Елдің бәрі жанынан түңілді енді.

Ертеңінде ел-елге әскер барды,


«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды. «Қашқандарды атады» дегеннен соң, Таудағылар кірер жер таба алмады. Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына. Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып Көксеген азаттықтың соғысында.

«Әдеби шеңбер»

1.  Баяндаушы. Өлең жолдары бойынша түсінгенін баяндау.

2.  Байланыстырушы. Тарихи оқиғамен байланыстырып талдау.

3.  Талқылаушы. Өлең жолдары бойынша сұрақтар құрастыру.

4.  Белгілеуші. Өлең жолдарынан түйінді ойды баяндап тұрған маңызды тұстарын анықтау.

Дескриптор              Білім алушы

-      өлең жолдарын талдайды;

-      шығарманы тарихи оқиғамен сабақтастырады;

-      түйінді ой айтады;

-      негізгі идеяны анықтайды.

            

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді  жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы 

Кейіпкер бейнесіне қатысты үзіндіні жатқа айтады

Қолдану

Өлең жолдарын орынды қолданып, кейіпкер бейнесін талдаңыз.

Дереккөз: http://bilim-all.kz/olen/2093-Zildi-buiryq

Кейіпкер

Кейіпкер бейнесі

Пристав

 

Халық

 

Дескриптор      Білім алушы

-      өлең жолдарындағы кейіпкер бейнесін талдайды;

-      шығарма үзінділерін жатқа айтады;

-      кейіпкер бейнесі қарастырылған өлең жолдарын орынды қолданады.

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ,

синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, т.б.) қолданысын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы көркемдегіш  құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, өлеңнің идеясын ашудағы

маңызына талдау жасаңыз. Дереккөз: http://bilim-all.kz/olen/2093-Zildi-buiryq

Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,

Не боларын бұл істің біле алмастан, Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып, Бозбаланы бітірді кек алмастан.

...Шулайды абақтыға қамалған көп,

Сырттағы жүр: «Біз енді қайтеміз?» - деп, Губернатор жандарал жауапқа алды:

«Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп. Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп,

Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.

Бекболат бола қалса ту көтерген,

Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп. Қалиқұлды бірге жазды дарасына, Байбосын қоса кетті арасында. Абақтыда қалғандар естен танды, Көзінің қамшы тиіп қарасына.

Дескриптор              Білім алушы

-       өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілдерді анықтайды; -     көркемдегіш құралдардың өлеңдегі идеясын ашады;

-       маңызына, қолданылу ерекшелігіне талдау жасайды.

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Оқиға желісін дамытып жазады

      Өзіндік көзқарасын білдіреді

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығармадағы оқиға желісін саяси тұрғыдан саралай отырып, өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазыңыз. Дереккөз: http://bilim-all.kz/olen/2093-Zildi-buiryq

«Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. 

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды. ...Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып, Елдің бәрі жанынан түңілді енді.

Ертеңінде ел-елге әскер барды,

«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды. «Қашқандарды атады» дегеннен соң, Таудағылар кірер жер таба алмады. Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына. Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып Көксеген азаттықтың соғысында.

Дескриптор      Білім алушы

- шығармадағы оқиға желісін саяси тұрғыдан саралайды; - өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.


3-тоқсан  Бөлім «Балалар мен үлкендер»

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

М.Жұмабаев «Батыр Баян»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы 

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Сізге поэманың қай бөлімі ұнады? Неліктен?

 

 

 

Ұнаған себебі...

 

 

 

Бөлімдегі оқиға желісі

 

 

 

Маған ұнаған бөлім...

2-тапсырма

Егер мен Ноянның орнында болсам... (өз ойыңызды білдіріңіз)

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Дескриптор            Білім алушы 

-            шығарма бөлімін талдайды;

-            талдау барысында өз ойын нақты жеткізеді.

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

М.Жұмабаев «Батыр Баян»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы 

      Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

      Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Баян бойындағы адамгершілік қасиеттер туралы поэмадан дәлелдер келтіре отырып, талдаңыз. 

Жаны таза

 

Батырлығы алашқа аян

 

Ханның қанаты

 

Намысшыл

 

Ұлт қаһарманы

 

Дескриптор            Білім алушы 

-            кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін таниды; - кейіпкер бейнесін талдайды.

2-тапсырма 

«Батыр Баян» поэмасындағы ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын өз көзқарасыңызбен талқылап, эссе түрінде жазыңыз (120 сөз).   

Дескриптор           Білім алушы 

-            кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдап, эссе жазады; - эссе жазуда дәлелдер келтіреді; - сөз көлемін сақтайды.

тақырыбы

М.Жұмабаев «Батыр Баян»

Оқу мақсаты

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы 

      Шығармадағы көркемдегіш  құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Көркемдегіш құралдарды сәйкестендіріңіз.

Осылай іштен күйген батыр Баян, Баянның батырлығы алашқа аян.  Баянның інісі бар он бес жаста –  Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.

 

Эпифора

Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан, Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.

Ассонанс

Адасқан аққу құстай мен бір пақыр. Арқаның аруы боп жүрсем-дағы, 

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Анафора

Жас Ноян қызды көріп от боп кетті, Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті...

Риторикалық сұрау

Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге? Тобына көк бөрідей кірдім неге? 

Синекдоха

Қалың қол ортасында Батыр Баян Баянның батырлығы алашқа аян.

Екі  көз екі қызыл шоқ боп кеткен

Аузынан көбік болып бұрқырап қан.

Эпитет

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт, Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап».

Аллитерация

Дескриптор          Білім алушы

-            көркемдегіш құралдарды ажыратады; - ұяшықтарды дұрыс сәйкестендіреді.

2-тапсырма

Поэманың     көркемдік     ерекшелігі     туралы           жазыңыз,      көркемдегіш             құралдардың қолданылу ерекшелігін талдаңыз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Дескриптор         Білім алушы

-            поэманың көркемдік ерекшелігі туралы жазады;

-            поэмадағы көркемдегіш құралдардың қолданылу  ерекшелігін талдайды.


тақырыбы            

М.Жұмабаев «Батыр Баян»

 

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

      Әдеби эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Поэмада көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды топтастырыңыз. Мысалдар арқылы дәлелдеңіз. 

Дескриптор               Білім алушы 

-            ұлттық құндылықтарды топтастырады; - мысалдар арқылы дәлелдейді. 2-тапсырма

Шығармада ел намысы мен елді жаудан қорғау мәселесі қалай көрінеді? Ерлік пен ұлттық намыс тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз (120-150 сөз).

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

Дескриптор               Білім алушы 

-            поэманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;

-            әдеби эссе жазады;

-            эссе құрылымын, сөз көлемін сақтайды.

тақырыбы     

М.Әуезов «Көксерек»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы 

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

 Шығармадағы оқиғалар тізбегін жазыңыз.  

_______________________________________________________________________________

2-тапсырма

«Ішкі және сыртқы шеңберде» жұбыңызбен талқылаңыз (барлық оқушы бір мезгілде жұптарымен әңгімелеседі). Ішкі шеңбердегілер – А; Сыртқы шеңбердегілер – Ә.

1 қадам: А Ә-ге өз ойын айтады, Ә А-ны толықтырады.

А) Шығарма сюжеті қалай басталды? Суреттелген табиғат көрінісінен нені аңғаруға болады?  

2-қадам: Ә А-ға өз пікірін білдіреді, А Ә-нің ойын толықтырады.

Ә) Оқиғаның шешімі туралы не айтар едіңіз? Мұндағы басты идея не болды? 3-қадам:

Екеуі де шығармадан түйгендерін ортаға салады.

Дескриптор           Білім алушы 

-       оқиғаның басталуы мен шешімі туралы өз ойын жеткізеді; - шығарма сюжетінің бөлшектерін талдайды.

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру Білім алушы

      Шығарма эпизодтарын талдайды

      Кейіпкерлер бейнесін салыстырады

Ойлау дағдыларының                  Қолдану

деңгейі Тапсырма

Шығарма эпизодтары мен Көксерек бейнесін салыстырып, талдаңыз.

Көксерек бастаған қасқырлардың атшаналы жалғыз жолаушыны қамаған сәті

Түйелі адаммен қақтығыста жараланған Көксеректің әрекеті мен бейнесі 

 

 

Эпизодтарды қолданып, нағыз көкжалға айналған Көксерек бейнесін талдаңыз.

 

Дескриптор      Білім алушы

-       эпизодтарды салыстырады;

-       шығарма эпизодтарын қолдана отырып талдайды; -    берілген эпизодтардағы Көксеректің әрекетін таниды; -            сипаттаулардағы бейнені салыстырады.


7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Оқиға желісін дамытып жазады

      Өзіндік көзқарасын білдіреді

Қолдану

Тапсырма

Шығармадағы Көксеректің ауыл тұтқынына айналған сәтін өз бетіңізше қайта жазып көріңіз (оқиға желісін қолдана отырып, өзгертуіңізге, өзіндік түсінігіңізбен түйін жасауыңызға болады).

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

Дескриптор         Білім алушы

-      Көксеректің ауыл тұтқынына айналған сәтін қайта жазады; - оқиға желісін қолданады; -          өз көзқарасын білдіреді.

7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру

Білім алушы 

      Әдеби жанр түрлерінің дамуы мен жаңашылдығын талдайды

      Әдеби жанр түрлеріне баға береді

Ойлау дағдыларының                  Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Тапсырма

М.Әуезов әңгіме жанрын қалай дамытты? «Көксерек» әңгімесінің жаңашылдығын неден аңғардыңыз? Шығарманың тақырыптық ерекшелігі мен проблемалық өзектілігіне баға беріңіз. 

Дескриптор            Білім алушы 

-      «Көксерек» әңгімесінің өзіне тән ерекшелігін ажыратады;  - тақырыптық ерекшелігін, проблемалық өзектілігін анықтайды; - әңгіменің жаңашылдығына баға береді.

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Білім алушы 

      Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

      Сыни шолу жазады

Ойлау дағдыларының                  Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Тапсырма

Жазушы «Көксерек» әңгімесінде табиғат пен адам арасындағы байланысты қалай көрсетті? Шығарманы эстетикалық құндылығы жағынан талдап, шағын сыни шолу жазыңыз.

Дескриптор              Білім алушы 

-      шығарманың эстетикалық құндылығын ажыратады; - талдай отырып, шағын сыни шолу жасайды.


Оқу мақсаты

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

      Кейіпкер бейнесін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Партизандар            қатарында    болған            Серіктің        өмір    соқпағы         шығармада             қалай суреттеледі? Оның тапқырлығы мен қырағылығын автор қалай көрсетті? 

Дескриптор           Білім алушы 

-      кейіпкер бейнесінің жасалу тәсілдерін анықтайды; - Серік бейнесін талдайды.

2-тапсырма

Шығармада      Анна      Ивановнаның      аналық      қамқорлығы      қалай      көрінеді?

Шығармадағы ана бейнесін талдаңыз. Дескриптор   Білім алушы 

-      Анна Ивановнаның бейнесін айқындайды;

-      ана бейнесін берудегі автордың суреткерлік шеберлігін талдайды.

7.Т/Ж4. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді  жатқа айту

Білім алушы 

      Кейіпкер бейнесін ашады

      Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Ойлау дағдыларының                  Қолдану

деңгейі Тапсырма

Шығармада сізге қай кейіпкер көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға тырысыңыз). Шығармадан өзіңізге ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа айтыңыз.

Дескриптор              Білім алушы 

-      кейіпкер бейнесін ашады;  - өзіндік көзқарасын білдіреді;

-      шығарма үзіндісін жатқа айтады.

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Шығармадағы көркемдегіш  құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Берілген үзіндіні талдаңыз. Қандай көркемдегіш құралдар қолданылған? Қолданылу ерекшелігін анықтаңыз.

... Өте жақсы балалар. Бірақ, не керек, асыр салып уайым-қайғысыз өткізетін сәби өмірлері оқ пен оттың ортасында өтіп жатыр. Қыршын жастар жасына жетпей, өмір қызығын көре алмай кетуі де мүмкін ғой. Біз болсақ елуге кеп қалдық. Жас шағымыз да жаман өткен жоқ. Жігіттік дәуірдің де қызығын көрдік. Алай-бұлай болып кетсек, өкініші де жоқ сияқты, бұларға қарағанда. Қаршадай бастарынан айдалада түнеп, бозторғайша таң сәрісінен тұрып, бұта паналап жүргендері мынау, бұлар тағдырға не жазды екен?! Бористі қойшы, оның мамасы жанында ғой. Ана Сережа бейшараны айтсаңшы! Шешесі болса жау қолынан қаза тапты. Әкесінің қайда екені, өлі-тірісі де белгісіз. Өз елінде, туғантуысқандарының арасында жүрсе тағы бір сәрі, басқа елде, басқа халықтың арасында жүр. Ол тіпті жас қой, не түсінеді? Елінің қайда екенін де білмейтін шығар. Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы! Менің Жорам да осылардай. Оның өмірі не болар екен? Бірақ ол әйтеуір әкешешесінің жанында ғой. Отрядта өзіммен бірге ғой. 

Дескриптор             Білім алушы 

-      үзіндідегі көркемдегіш  құралдарды анықтайды;

-      шығармадағы көркемдегіш  құралдардың қолданысын талдайды.


Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру Білім алушы

      Шығарма эпизодтарын талдайды

      Кейіпкерлер бейнесін салыстырады

Ойлау дағдыларының                  Қолдану

деңгейі Тапсырма

Шығармадағы Анна Ивановнаның Серікке, ал Параска апайдың Витяға көрсеткен қамқорлығы туралы эпизодтарды талдаңыз. Өзіндік пікіріңізді білдіріңіз.

Анна Ивановна

Параска апай

 

 

Дескриптор              Білім алушы 

-      шығарма эпизодтарын байланыстырады; - үлкендер тарапынан балаларға жасалған     қамқорлықты, жанашырлықты талқылайды; - кейіпкерлер бейнесіне өз пікірін білдіреді.

Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»

7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру

Білім алушы 

      Әдеби жанр түрлерінің дамуы мен жаңашылдығын талдайды

      Әдеби жанр түрлеріне баға береді

Ойлау дағдыларының                  Жоғары деңгей дағдылары 

деңгейі Тапсырма 

Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесінің тақырыптық ерекшелігі туралы пікіріңізді білдіріңіз.

«Әдебиет – халық өмірінің айнасы. Әр дәуірдің өз ойы мен өз сөзі, өз қуанышы мен өз мұңының әдеби шығармалардан көрініс тауып жатуы – өмір талабы». Ұлы Отан соғысы жылдарында көрініс тапқан ерлік пен патриоттық сезімді көрсеткен шығарманың әдебиетке қосқан үлесіне баға беріңіз.     

Дескриптор              Білім алушы 

-      повестің тақырыптық ерекшелігі туралы пікірін білдіреді; - шығармаға заманауи тұрғыдан баға береді.

                                                          Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Білім алушы 

      Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

      Сыни шолу жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма

Отан үшін от кешкен жандардың ерлігі, елге деген сүйіспеншілігі шығармада қалай суреттелді? Сыни шолу жазыңыз.

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

Дескриптор                Білім алушы 

-      шығармадағы ерлік істер мен елге деген сүйіспеншілікті анықтайды;

-      шығарманы эстетикалық құндылық жағынан талдайды; - сыни шолу жазады.

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Білім алушы 

      Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

      Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Ойлау дағдыларының                Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Тапсырма

Шаншатай    бойындағы   асыл   қасиеттер      -           әдептілік,      ұқыптылық,             тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық кімдерге ерекше әсер етті? Қалай ойлайсыз, бүгінгі жасөспірімдер үшін үлгі бола ала ма? Кейіпкер бейнесін адамгершілік тұрғысынан талдаңыз. 

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Дескриптор                 Білім алушы 

-     Шаншатай бойындағы қасиеттердің ерекшелігін  анықтайды;

-     Шаншатайдың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдайды.

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

7.Т/Ж4. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді  жатқа айту

Білім алушы 

      Кейіпкер бейнесін ашады

      Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Ойлау дағдыларының               Қолдану

деңгейі 1-тапсырма Шаншатайдың Тәмпіш қара атануының себебі неде? Шаншатай бейнесін ашып жазыңыз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Дескриптор               Білім алушы 

-     Шаншатайдың Тәмпіш қара атану себебін түсіндіреді; -      Шаншатай бейнесін ашып жазады. 2-тапсырма

Жұбыңызбен бірге балалар арасындағы диалогті жаттап, көрініс көрсетіңіз (мысалы, Шаншатай мен Ертайдың комбайн көруге бармақ болуы).

Дескриптор              Білім алушы 

-     диалог бойынша көрініске қатысады; - шығарма үзіндісін жатқа айтады.

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» 7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру Білім алушы

      Шығарма эпизодтарын талдайды

      Кейіпкерлер бейнесін  салыстырады

Ойлау дағдыларының       Қолдану деңгейі 1-тапсырма

Балалардың Шаншатаймен танысқанға дейінгі өмірлері мен танысқаннан кейінгі оқиғаларды салыстыра отырып, талдаңыз. Шығарма эпизодтарын қолданыңыз.

Дескриптор                Білім алушы 

-     шығарма эпизодтарын байланыстырады; - эпизодтарды салыстыра талдайды.

2-тапсырма

Сізге   шығарма       кейіпкерлерінің       қайсысы        көбірек          ұнады?           Неліктен?             Өзге кейіпкерлермен салыстыра талдаңыз.

Дескриптор                Білім алушы 

-     кейіпкерлер бейнесін салыстырады; - өзіндік талдау жасайды.

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Білім алушы 

      Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

      Автор бейнесін талдайды

Ойлау дағдыларының                  Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Жазушы Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысын, оның бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттерін қалай жеткізді? Оқиғаны баяндау мен кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы автор суреткерлігін талдаңыз, автор бейнесін анықтаңыз.

Дескриптор                Білім алушы 

-     автор бейнесін анықтайды;

-     шығармашылық, жазушылық тұлғасын таниды.

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

Оқу мақсаты

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы 

      Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

      Әдеби эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығармада сыпайылық, әдептілік, үлкенге деген құрмет қалай көрініс тапқан? Әдеби эссе жазуда ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдаңыз (170 сөз).

Дескриптор              Білім алушы 

-     шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды талдайды; -       өзіндік көзқарасын білдіріп, бағалайды; - әдеби эссе жазады.


4-тоқсан  

Бөлім  «Ұрпақ тәрбиесі»

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Шығарма үзінділерін оқи отырып, кейіпкердің іс-әрекетіне талдау жасаңыз.

Ойыңызды «Түйін» кестесін толтыру арқылы тұжырымдаңыз.

Дереккөз: http://kitap.kz/reader/bota_narinkumz  

а)    Әттең, біздің сор маңдайлы Жайықта,        Ерлер аз ғой бара алатын байыпқа.

       Тым кеш ұқтым,

       Махамбеттей батырға,

       Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?!.  ә)   Адам емес,

       Ең бірінші, надансың,    Ел дәстүрін,

       Ер дәстүрін қорлаған.

       Нақ мынадай қасиетсіз оқиға        Бұрын қазақ топырағында болмаған...  б)    Қараладың қасиетті мекенді,         Жараладың тұрмастай ғып әкеңді,         Мына жолмен өткен жұрттың аузынан         Махамбеттің жырын тыңдап жат енді.

        Мүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді.         Кім аяққа басса заңын даланың-         Ұмытқаны қатал тарих сабағын...

Түйін кестесі

Менің ойымша...

 

Себебін былай түсіндіремін...

 

Мына фактімен дәлелдей аламын...

 

Былай қорытамын...

 

Дескриптор                 Білім алушы 

-         шығарма үзінділеріндегі кейіпкердің іс-әрекетін талдайды;

-         өз ойларын «Түйін» кестесін толтыру арқылы  тұжырымдайды.

Оқылатын шығарма

тақырыбы

Оқу мақсаты

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

      Кейіпкер бейнесін талдайды

Қолдану

Тапсырма Шығармадағы әке мен бала образын талдаңыз. Жасалу тәсілдерін анықтаңыз.

Дереккөз: http://kitap.kz/reader/bota_narinkumz 

Дескриптор              Білім алушы 

-         шығармадағы кейіпкерлердің типін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайды;

-         шығармадан нақты дәлелдер келтіреді.

Оқылатын шығарма

тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

Оқу мақсаты

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Тапсырма

Білім алушы

      Шығармадағы көркемдегіш  құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері:

эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, т.б.) қолданысын

талдаңыз. Дереккөз: http://kitap.kz/reader/bota_narinkumz  

Дескриптор       Білім алушы

-         үзінділердегі көркемдегіш құралдарды анықтайды; -      көркемдегіш құралдарды ажыратады; - олардың қолданысын талдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

Оқу мақсаты

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы 

      Оқиға желісін дамытып жазады

      Өзіндік көзқарасын білдіреді

Қолдану

Өлең жолдарын қолданып, оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазыңыз. Дереккөз: http://kitap.kz/reader/bota_narinkumz  

Жұлдыздай боп жанар алдан

Ақындықта елден ерек басқа заң.

Батырлығы жоқ адамнан 

Үлкен ақын шыққан емес ешқашан.

Туған елім-арман, мұңым,

Енді сені жетелейді жол қалай?

Менің бассыз қалғандығым

Сенің бассыз қалғандығың болмағай!

Иә, шындықтың ащы даңқы,

Шындық үшін жалғыз түстім егеске.

Ақындықтың басты шарты-

Басты алса да, шындықты айту емес пе?

Өлімге сан жақын бардым,

Қорғансыз боп көрінсем де жай көзге. Шындықты айтқан ақындардың

Бірақ жолы болып еді қай кезде?

Дескриптор              Білім алушы 

-                берілген үзіндідегі айтылған ой мақсатын анықтайды; - оқиға желісі бойынша өз көқарасын білдіріп жазады.

Оқылатын шығарма

тақырыбы    

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

Оқу мақсаты

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы 

      Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

      Сыни шолу жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма

Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Өз ойыңызды жинақтай отырып, шағын сыни шолу жазыңыз (120-150 сөз).

Дескриптор       Білім алушы

-                шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды; -       шағын сыни шолу жазады. 

-                сөз көлемін сақтайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Оқу мақсаты

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді  жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Кейіпкер бейнесін ашады

      Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Қолдану

 

1-тапсырма

Кейіпкер бойынан асқақ рух пен өрлік аңғарыла ма? Автор тарих өткелдерін, қазақ халқының бейнесін қалай сипаттайды? Ойыңызды дәлелдер арқылы жеткізіңіз. 

Дескриптор               Білім алушы

-                өлең жолдарындағы кейіпкер бейнесін ашады;

-                дәлелдер келтіреді;

-                кейіпкер бойындағы асқақ рух пен өрлікті анықтайды.

2-тапсырма

Шығарманың өзіңізге ұнаған бөлігін жатқа айтыңыз.

Дескриптор                Білім алушы

-                шығарма үзіндісін жатқа айтады; -             мәнерлеп айтады.

Оқылатын шығарма

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

тақырыбы

Оқу мақсаты

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш  құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Шығармадағы көркемдегіш  құралдарды анықтайды

      Көркемдегіш  құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары  

Ойлау дағдыларының деңгейі

 Тапсырма

Берілген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, қолданысына талдау жасаңыз.

...Қалай жүрем

Темірден

Соғып шыдам,

Төзімді...

Көріп едім бәрін мен Ойып алды көзімді.

Қалай жүрмін - құламай!-

Қазды менің түбімді.

Сөз айтып ем -

Шыдамай!-

Қырқып алды тілімді.

Қай жерде мен тайқып ем?!- Сынап тағы бағымды - ойымды мен айтып ем, отқа салды жанымды. Кеуіп қалды таңдайым,

Көтеріп ем басымды

Қақ айырылды маңдайым!-...

Дескриптор              Білім алушы 

-         көркемдегіш құралдарды анықтайды;

-         шығармадағы қолданысына талдау жасайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Білім алушы 

      Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

      Әдеби эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

 1-тапсырма

Өлеңде қазақ ұлтына тән қандай ұлттық құндылықтар көрініс тапқан? Мысалдар келтіріңіз.

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Дескриптор         Білім алушы

-         шығармадағы қазақ ұлтына тән құндылықтарды анықтайды; -            өз ойын мысалдар келтіре отырып талдайды.

2-тапсырма

Өлеңде көрініс тапқан ұлттық құндылықтармен сабақтастыра отырып, «Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін...» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.

Дескриптор          Білім алушы 

-         тақырып бойынша әдеби эссе жазады;

-         әдеби эссе құрылымын сақтайды;

-         шығармадағы ұлттық құндылықтармен байланыстырады.

Оқылатын шығарма тақырыбы           

Оқу мақсаты

Т.Әбдіков «Қонақтар»

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

 Тапсырма

Берілген эпизодтарға талдау жасап, ондағы басты ойды анықтаңыз. Қандай өзекті мәселе алға тартылған?

1)                  – Бос сөз сөйлемеңдер! Әке жолын қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қара шаңыраққа!

2)                  – Жастардың бәрі сол, Ереке, – деді Абыл күрсініп. – Менің әлгі кішкентайым, Құдайау, немене дейді ... бірдеңе боламын дейді. «Мені бақпайсың ба?» – десем, хе-хе-хе, «Бақпаймын», – дейді. 

3)                  – Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе...

Дескриптор                 Білім алушы 

-     шығарма сюжеті бойынша басты мәселелерді анықтайды; - үзінділерді талдай отырып, өз көзқарасын білдіреді. 

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы      

Т.Әбдіков «Қонақтар»

Оқу мақсаты

7.А/И1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шығарма эпизодтарын талдайды

      Кейіпкерлер бейнесін  салыстырады

Қолдану

Шығарма эпизодтары бойынша «Үш қадам» кестесін толтырыңыз.

1-қадам

2-қадам

3-қадам

Шығарма эпизодтарында көтерілген мәселелерді анықтаңыз

Қазіргі таңда бұл мәселелер өзекті бола ала ма?

Неліктен?

Әке мен бала әңгімесінің жараспау себебі...

 

 

 

 

 

 

Дескриптор               Білім алушы 

-     шығармадағы мәселелерді анықтайды;  -         мәселелерді қазіргі күнмен салыстырады; -   кейіпкерлер бейнесін салыстырады.

Оқылатын шығарма

тақырыбы

Т.Әбдіков «Қонақтар»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

      Кейіпкер бейнесін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығарма кейіпкерлерінің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтаңыз.

Кейіпкерлер

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай топтастыру

Шығармадан дәлелдер келтіру

Ерғабыл

 

 

Сапабек

 

 

Тома

 

 

Жеңісбек

 

 

Дескриптор               Білім алушы

-     кейіпкерлер типін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайды; - әр кейіпкерге талдау жасайды;

-     шығармадан дәлелдер келтіреді.

Оқылатын шығарма

тақырыбы

Т.Әбдіков «Қонақтар»

Оқу мақсаты

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

 Тапсырма

Білім алушы 

      Оқиға желісін дамытып жазады

      Өзіндік көзқарасын білдіреді

Қолдану

«Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ-қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.» Шығармадағы Ерғабыл ақсақалдың жайы сізге қалай әсер етті? Баланың ата-ана, туған жер алдындағы азаматтық парызына не жатады? Өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, оқиға желісін өзге қырынан дамытып жазыңыз. 

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

Дескриптор                 Білім алушы 

-          оқиға желісін дамытып жазады; - өзіндік көзқарасын білдіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы

Т.Әбдіков «Қонақтар»

Оқу мақсаты

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы 

      Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

      Әдеби эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Шығарманы     ұлттық

құндылық     тұрғысынан    талдап,     «Ата-ананың      қадірі»

тақырыбында әдеби эссе жазыңыз (120-150 сөз).

Дескриптор               Білім алушы 

-          шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды; - «Ата-ананың қадірі» тақырыбында әдеби эссе жазады. - сөз көлемін сақтайды.

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

А.С.Пушкин «Ескерткіш»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

      Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Шығармада тұлғалық болмыс қалай көрінеді? Өлең жолдарынан мысалдар келтіріп,  кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдаңыз. Үзіндіні негізге алыңыз.

Халқыма сүйікті ұзақ болар жерім-

Туғыздым өлеңіммен мейірлерін, Жыр етіп тар заманда еркіндікті, Мархабат пақырларға тілегенмін.

Дескриптор       Білім алушы

-          өлеңдегі тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды.

-          автор ойы арқылы тұлғалық болмысты анықтайды; - гуманистік тұрғыдан талдайды.

Оқылатын шығарма тақырыбы

А.С.Пушкин «Ескерткіш»

Оқу мақсаты

7.А/И2. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Тапсырма

Білім алушы 

      Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

      Автор бейнесін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

«Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап», - деген жолдардағы ақынның асқақ үнінен не байқадыңыз? Автор бейнесін талдаңыз.

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Дескриптор                 Білім алушы 

-          шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

-          автор бейнесін талдауда ойын дәлелді түрде  жеткізеді.

Оқылатын шығарма

 

тақырыбы

А.С.Пушкин «Ескерткіш»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді  жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы 

      Кейіпкер бейнесін ашады

      Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Қолдану

Өлеңдегі кейіпкер бейнесін сипаттаңыз. Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтыңыз.

Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде, Шірімей, жасаңғырар денем мүлде. Бар болса жалғыз ақын ай астында, Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.

Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап,

Славян елдерінің әр ұрпағы,

Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ...

Дескриптор                Білім алушы өлеңдегі кейіпкер бейнесін сипаттайды; көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады.


Сдано в набор 29.07.2017. Подписано в печать 31.07.2017. Формат 60х84/8. Бумага офисная 80 гр/м2. Печать цифровая.  Усл. печ. л.7,56. Тираж 19 экз. Заказ № 1574 Отпечатано в типографии ЧУ «Центр педагогического мастерства» 010000. г. Астана, ул. №31, дом 37а. e-mail: info@cpm.kz

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ФО_Қазақ тілі және әдебиеті_7 кл.pdf

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)

7-сынып

Құрметті мұғалім!

 

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.  

           Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.  

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз. 

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. 

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта  құрастырылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

1-тоқсан................................................................................................................................................ 4

Бөлім  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер»...................................................................................................................................... 4

Бөлім  «Уақыт – ұлы күш»........................................................................................................... 17

Бөлім  «Жердегі климаттық өзгерістер»..................................................................................... 28

2-тоқсан.............................................................................................................................................. 38

Бөлім  «Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы»............................................ 39

Бөлім  «Спорт және денсаулық күтімі»...................................................................................... 54

Бөлім  «Ұқсатым. Сән. Талғам.».................................................................................................. 62

3-тоқсан.............................................................................................................................................. 70

Бөлім   «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»........................................................... 70

Бөлім  «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы»........................................................................... 79

Бөлім  «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»................................................ 94

4-тоқсан.............................................................................................................................................. 99

Бөлім  «Жастықтың оты қайдасың?».......................................................................................... 99

Бөлім  «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары».......................................................... 112

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

1-тоқсан

Бөлім  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер»

Оқу мақсаты                          7.Т2  Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

Бағалау критерийі                Білім алушы

Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды

Негізгі ақпаратты ажыратады

Ойлау дағдыларының       Білу және түсіну деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді  мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беріңіз.

«Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы»

Н.Ә.Назарбаев

         Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы.

         Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл - ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыстіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.

Амал не, туған тілімізде дұрыс сөйлемейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі қазақтар да таза сөйлемейді. Бүгін де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, оны дамытуға кедергі келтіреді. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қалай қадірлесек, өз ана тілімізді де солай қадірлейік, қастерлейік. Себебі, ана  тілінде сөйлемеу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.      http://www.adilet.gov.kz/kk/node/17715

Сұрақтар

-          Мәтінде не туралы айтылады?

-          М. Жұмабаевтың тіл туралы айтқан ойын өз сөзіңізбен қорытындылаңыз.

-          «Ана тілінде сөйлемеу – анаңды ұмытумен бірдей» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу/келіспеу себептерін айтыңыз.

Дескриптор               Білім алушы

-          мәтіннің мазмұнын анықтайды; - сұрақтарға толық жауап береді;

-          автордың ойын қорытындылайды;

-          пікірмен келісу/келіспеу себептерін айтады.

2-тапсырма

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз. Мәліметтерді топтастырыңыз.

Қазақ тілі қандай тіл?

Дескриптор                Білім алушы

сұраққа жауап береді; 

мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданады; мәліметтерді топтастырады.

Оқу мақсаты

7.Т5. Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Тірек сөздерді табады

      Автор көзқарасын, көңіл күйін ажыратады

      Мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Қолдану

1-тапсырма

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызбен өлеңнің тақырыбы, автордың көзқарасы туралы сөйлесіңіз. Өлең мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз.

М.Жұмабаев «Қазақ тілі» Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

Дескриптор                  Білім алушы

- өлеңнің тақырыбын ажыратады; - автордың көзқарасы туралы айтады; - тірек сөздерді анықтайды.

2-тапсырма

Төмендегі сөз тіркестері арқылы автордың не туралы айтқысы келгенін жазыңыз. Негізгі ойды жалғастырыңыз.

Сөз тіркестері

Автордың ойы

 

Күш кеміді

Қан суынған

Жауыз тағдыр

Нұрлы жұлдыз

 

 

 

Дескриптор

  Білім алушы

-                      сөз тіркестерінің мағынасын анықтайды;  - автордың ойын анықтайды;

-                      негізгі ойды жалғастырады.

 

Оқу мақсаты

7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады

      Мәтіндегі оқиғаны дамытады

 

Ойлау дағдыларының       Қолдану деңгейі

1-тапсырма

Берілген мәтін бөліктерін ретімен орналастырыңыз. Мәтіннің не туралы екенін талқылаңыз.

Мәтін бөліктері

Мәтін құрылымы

«Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір байлығым бар. Сен соны

іздеп тап, ұқыпты қолдан, қадірін біл!»

     Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден өтер алдында ұлын шақырып алып, былай депті: «Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір байлығым бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты қолдан, қадірін біл!».

     Күндердің бір күні бала әкесінің қалдырған қазынасын іздеймін деп жолға шығып, әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған байлық таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі бір данышпан қартқа барады...

Күндердің бір күні бала әкесінің қалдырған қазынасын іздеймін деп жолға шығып, әбден шаршайды.

Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден өтер алдында ұлын шақырып алып, былай депті:

Бірақ әкеден қалған байлық таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі бір данышпан қартқа барады...

Дескриптор  Білім алушы

- мәтін бөліктерін ретімен орналастырады; - мәтіннің не туралы екенін айтады. 2-тапсырма

Мәтіндегі оқиғаны әрі қарай дамытыңыз. Ойды жалғастыруда төмендегі мақалмәтелдерді қолданыңыз.

1.      Тілден қымбат қазына жоқ.

2.      Тіл – халықтың мұрасы.

Дескриптор                                               Білім алушы

- оқиғаны ретімен дамытады; - мақал-мәтелдерді орынды қолданады.

3-тапсырма

Мәтінді оқып, терминдер мен неологизмдерді анықтап, мағынасын түсіндіріңіз.

Төмендегі мақалдарды мәтін мазмұнымен байланыстырыңыз. Себебін айтыңыз.

Полиглот қыз

Ұлыбританияда тұратын Соня Янг есімді 10 жасар қыз қазақ тілін меңгерген. Жақында Соня өз еліндегі жас лингвистер байқауында жеңімпаз атанды. Соня он тілде, соның ішінде біздің ана тілімізде еркін сөйлейді. Соняның отбасы Англияға Тайвань аралынан қоныс аударыпты. Тайваньда тұрған кезінде Соня қытай, ағылшын және жапон тілдерінде сөйлеген екен. Кейін неміс, француз, испан, португал тілдерін үйренген. Ал былтырдан бері қазақ және ганда тілдерін үйрене бастапты. «Тіл үйрену маған қызық. Түк қиындығы жоқ. Ынта-ықыласың болса, кез келген тілді меңгеруге болады,» - дейді полиглот қыз. Мүмкін, қазақша білетін Соня Қазақстанға саяхаттап келуді армандап жүрген шығар? Келсе, келсін. Қуана қарсы алармыз. Тек... «Қазақша білмейтін қазақтарды көргенде, қайтер екен?» деп ойлайсың.

«Ұлан» газеті»

Мақал-мәтелдер

1.      Тіл - достықтың алтын көпірі.

2.      Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін.

Дескриптор                Білім алушы

-   мәтіндегі терминдер мен неологизмдерді табады;

-   мағынасын ашады;

-   мақалдарды мәтін мазмұнымен байланыстырады; - себебін айтады.

Оқу мақсаты

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Екпін түрлерін дұрыс қолданады

Қолдану

1-тапсырма

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз, жұпта талқылаңыз. Тірек сөздерді қолданып, диалог құрастырыңыз.

Тірек сөздер: ана тілі, мемлекеттік мәртебе, қарым-қатынас құралы, тілге деген құрмет, тіл үйрену, тілді дамыту, таза сөйлеу, заман талабы, үштілділік, т.б.   

Дескриптор                Білім алушы

-   сөз тіркестерінің мағынасын ашады; - диалог құрастырады; - тірек сөздерді қолданады.

2-тапсырма

Тірек сөздерді пайдаланып, «Тіл білу де - өнер» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз. 

Дескриптор               Білім алушы

-   ауызша мәтін құрастырады; - тірек сөздерді пайдаланады;

-   екпін түрлерін дұрыс қолданады.

Оқу мақсаты

7.О1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндегі ақпараттарды түсінеді

      Қажетті ақпаратты тиімді қолданады

Қолдану

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Берілген сан есімдер мен мәліметтерді сәйкестендіріңіз. Кестедегі сандық ақпаратты сөйлеммен ашып жазыңыз.

       Дүниежүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді.

1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен. Қазір дүниежүзінде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатындар саны 50 миллионнан асатын тілдер – 13. Ең көп тараған қытай тілінде 844 миллион адам сөйлейді екен. Егер бұл тілдерді қолданатындар санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Әлемде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. Дүниежүзіндегі барлық аударма шығармалардың 33% - ағылшын тілінен аударылса, 15 % - француз тілінен, ал 1% - неміс тілінен аударылады екен. 

Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған. 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттік тілдердің қатарына кірген.

Қазақ тілін еркін меңгерген кісіге туыстас түркі тілдерін, әсіресе, қарақалпақ, ноғай, татар және т.б. түркі халықтарының тілін меңгерген қиынға соқпайды. Сол сияқты орыс тілін жақсы білетін адамға болгар, поляк, словак тілдерін игеру жеңілдеу. Ал лингвистердің айтуынша орыс тілін, жапон тілін және қытай тілі секілді «оқшау тілдер» деп аталатын тілдерді меңгеру өте қиын. 

Сан есімдер

Сөйлемдер

1

2796

А)  Әлемдегі ресми тілдер саны.

2

50 млн.

Ә) ............ жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік тіл деген статус алған.

3

65

Б) Дүниедегі барлық аударма шығармалардың .............. ағылшын тілінен аударылады.

4

33%

В) Қолданатын адамдар саны ……… асатын тілдер – 13.

5

6000

Г) Қазір дүниежүзінде ............ түрлі тіл қолданылады.

6

6

Ғ) Қытай тілінде сөйлейтін адамдар саны.

7

844 млн.

Д) Қытай, һинді-ордо, ағылшын, испан, итальян тілдері - ........

елдің  мемлекеттік тілі.

 

Тілдер туралы мәлімет

 

 

Барлық тіл

5661

 

 

Қолданылатын тіл

2796

 

 

Қытай тілі

844 млн.

 

 

Ресми тілдер

6

 

Дескриптор                                                 Білім алушы

-  сан есімдер мен берілген мәліметтерді сәйкестендіреді;

-  кестедегі сандық ақпаратты сөйлемдермен жазады.

2-тапсырма

Мәтін бойынша берілген диаграммадағы ойды ашып айтыңыз.

Дескриптор                   Білім алушы

-  диаграммадағы ойды анықтайды;

-  қажетті ақпаратты сөйлеммен ашып айтады.

Оқу мақсаты

7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Мәтіндегі деректерді қолданады

      Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді

Қолдану

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінді оқи отырып, сөйлемдерді төмендегі шартты белгілермен белгілеңіз.

Тілді қалай үйрену керек

      Егер де шет тілді тез және сапалы меңгеру керек болса, оқу үрдісінде бірнеше пайдалы кеңеске назар аудару керек.

Қайталау

     Жаңа жаттаған сөздер мен ұғымдарды есте сақтап қалудың негізгі кепілі - қайталау. Белгілі бір уақыт өткен сайын сөздерді еске алып тұру керек. Оларды пайдаланбаса, ұмытылады. Мысалы, бүгін оқыған сөзді ертең қайталау керек. Кейін екі күн өткеннен кейін, сөйтіп қайталау аралығын ұзарта беру қажет. 

Ұйқы алдында оқыңыз

      Жаңа тілді үйрену көп көлемде жаңа ақпаратты есте сақтау мен түсінуден тұрады. Мысалы, грамматикалық ережелерді мысалдармен түсініп, оларды пайдалана алу керек.

Жаңа сөздер сабақ кезіндегіге қарағанда ұйқы алдында тез жатталады. Тек тілді ғана емес, контентті оқыңыз

     Тілді оқу барысында сол тілден пайдалы ақпараттарды оқу керек. Қызықты материалдар тілге деген қызығушылықты арттыра түседі. Зерттеу нәтижелері де осыны дәлелдейді. Бір топ студенттерге тек француз тілін оқуға берген, келесі топқа француз тілінде бірнеше пәндерді оқуға берген. Екінші топ қатысушылары мәтінде түсіну мен оқуда қаттырақ алға ілгеріліген. Жұмыс істегендіктен тілді оқуға керекті арнайы уақытта бөлу өте қиын. Егер де тілмен күнделікті айналысса, оның пайдасы жақсырақ болады. Біздің ми бір уақытта көп ақпаратты қабылдай алмайды. Сол себепті оны бөліп-бөліп берген дұрыс. Бос уақыттарда подкасттар тыңдау тілдің құрылымы мен сөйлеуді түсінуге жақсы құрал.

Ескі мен жаңаны араластырыңыз 

     Оқу керек материал көлемі өте көп. Сол себепті тілді тез оқуға тырысамыз. Осындай асығыстық кезінде ескі ақпарат ұмытылып қалып жатады. Мұны болдырмау үшін ескі өткен ақпаратты жаңа алынған біліммен араластырып отыру керек. Сонда жаңа тілді оқу үрдісі жылдамырақ жүреді. 

«Түртіп алу» тәсілі

V

+

-

?

Бұл маған таныс ақпарат

Бұл мен үшін жаңа ақпарат

Бұл пікірмен келіспеймін

Мен үшін түсініксіз ақпарат

Дескриптор                Білім алушы

-  мәтінді талдап оқиды;

-  деректерді шартты белгілермен белгілейді.

2-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілі

1.  Пікір. Мәтіндегі деректерді қолданып, өз пікіріңізді  жазыңыз.  (1 сөйлем)

2.  Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз.       (1 сөйлем)

3.  Мысал.  Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.       (1 сөйлем)

4.  Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.       (1 сөйлем)

Дескриптор                 Білім алушы

-   өз пікірін жазады;

-   деректерді қолданады;

-   ойын дәлелдейді;

-   өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді; - тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Оқу мақсаты

7.Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, презентация түрінде ұсыну

 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

  Тақырыпқа сәйкес мәліметтерді жинақтайды

  Презентация түрінде қорғайды

Жоғары деңгей дағдылары

 

Мәтінді          түсініп            оқыңыз.         Мәтіндегі      мәліметтерді             жинақтап,     негізгі қорытындылаңыз.   

ойды

«Қазақстан бүкіл әлемге халқы  

3 тілді еркін пайдалана алатын, мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс» Н.Ә Назарбаев.

 Қазіргі уақытта қазақ тілін дамыта отырып, орыс тілінің қолданылу деңгейін сақтау, ағылшын тілін үйрету тіл саласындағы жұмыстардың басым бағыты ретінде белгіленіп отыр. Өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу  -  парыз. Соңғы кездері мемлекеттік тілді үйренуге  еңкейген кәріден бастап, еңбектеген сәбидің де ынтасы зор. 

Өткен жылы әлем бойынша ағылшын тілінде 500 мың кітап жарық көрсе, қазақ тілінде 2 000 кітап қана шыққан. Сол 500 мың кітаптың ішінде ғылым-білім мен технология, медицина салаларында 30 мың материалдар жарық көрген болса, қазақ тілінде 200 мақала ғана басылған. Ал енді осыншама дүниелермен танысу, оқу, игеру үшін біз қашанғы аударып алып отырамыз? Сондықтан тікелей түпнұсқадан оқып, біліп, түсініп, жарық көріп жатқан жаңа идеялар мен технологияларды игеруіміз үшін, қазірдің өзінде балаларымыздың ағылшын тілін үйренуіне жағдай жасағанымыз абзал. Үштұғырлы тіл – жай әдемі тұжырымдама емес, өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. «Ақылды» экономиканың авторы атанған елдер күллі әлемге танылып, қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы табыстарға қол жеткізу үшін біздің ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйренуіміз қажет.

 Төмендегі пікірлермен келісу/келіспеу себебіңізді айтыңыз.

      Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, сондықтан оны дамытамыз,

      Орыс тілі – қарым-қатынас тілі, сондықтан оны қолдаймыз,

      Ағылшын тілі – жаһандық тіл, сондықтан оны үйренеміз.

Дескриптор                 Білім алушы

-  мәтіннен мәліметтерді жинақтайды;

-  негізгі ойды қорытындылайды;

-  пікірмен келісу/келіспеу себебін айтады.

2-тапсырма

Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында презентация дайындаңыз. Төмендегі презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз.

      4-5 слайдтан кем не артық болмауы тиіс;

      барлық слайдтар бірыңғай стильде құрылуы керек;

      мәліметтер жинақы, ой қысқа да нұсқа берілуі керек; презентациядағы барлық сөз саны 90-100-ден аспауы шарт.

Дескриптор                Білім алушы

-  тақырыпқа қатысты презентация дайындайды; - мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады; - презентация талаптарын сақтайды.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.1. Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

  Көмекші есімдерді ажыратады

  Көмекші есімдерді жазбаша, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады Қолдану

Кестедегі көмекші есімдерге жатыс септік жалғауын жалғап, сөз тіркестерін құрастырыңыз. Үлгі: үстелдің үстінде

Дескриптор              Білім алушы

-  көмекші есімдерді ажыратады:

-  жалғауды дұрыс жалғайды;

-  көмекші есімдермен сөз тіркестерін құрастырады.

2-тапсырма

Берілген мақал-мәтелдерді оқып, қалып қойған сөзді табыңыз. Орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасына назар аударыңыз. Мақалдарды көшіріп жазып, көмекші есімдердің астын сызыңыз.

Мақал-мәтелдер

Дұрыс жауаптар

   Өнер алды  - қызыл ....

   Таза мінсіз асыл …  су түбінде жатады,

Таза мінсіз асыл …  ой түбінде жатады. 

   Есік алды төбе болса, ерттеп қойған ..  тең.

   Балаң .... болса, жердің үсті жақсы,

Балаң .... болса, жердің асты жақсы.

(тіл – язык - language)

(тас - камень - rock )

(сөз – слово - word )

(ат – лошадь - horse )

(жақсы – хороший - good)

(жаман – плохой - bad)

Дескриптор              Білім алушы

-  мақалдардағы қалып қойған сөздерді табады;

-  сөздердің орыс, ағылшын тіліндегі аудармасын ажыратады;   -  мақалдардан көмекші есімдерді анықтайды.

Бөлім  «Уақыт – ұлы күш»

Оқу мақсаты

7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Мәтін үзінділерін дамытады

      Оқиғаның жалғасын болжайды

Қолдану

1-тапсырма

Мәтін үзіндісін тыңдаңыз. Тыңдалым тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.

   үзіндіде не туралы айтылады?

   оқиғаны дамытып, ойды әрі қарай жалғастырыңыз.

   дана құмыраны не үшін толтырды деп ойлайсыз?

   ол шәкірттеріне не туралы айтуы мүмкін?

            Бір дана бос құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап:

-   Құмыра толды ма? - деп сұрақ қояды. Шәкірттері: 

-   Иә, - деп жауап береді. Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды.

Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырады. Сонда дана: 

-   Енді толды ма? - деп сұрайды. Шәкірттері тағы да: «иә», - дейді.

Бұл жолы дана құм толы қорапты алып, құмыраға құяды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырады. 

Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алады. Сосын дана бір кесе су алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі. Сонда дана былай дейді....

          Дескриптор             Білім алушы

-   үзіндінің не туралы екенін анықтайды; - оқиғаны дамытып, ойды жалғастырады; - сұрақтарға жауап береді. 2-тапсырма

Өзіңіз болжаған оқиғаны мәтін қорытындысымен салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.

... Сонда дана былай дейді:

-   Сендерге айтайын дегенім, құмыра — біздің өміріміз. Тас — өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ - бізге қуаныш сыйлайтын, бірақ ең маңызды емес нәрселер, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б. Құм — кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, тас түгілі бұршаққа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке көп уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді.

         Дескриптор           Білім алушы

-   екі мәтін қорытындысын салыстырады;

-   ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

3-тапсырма

«Ұсақ-түйекке көп уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді» деген дана сөзімен келісесіз бе? Пікіріңізді мысалдармен дәлелдеңіз.

         Дескриптор         Білім алушы

-   келісу/келіспеу себебін айтады;

-   пікірін мысалдармен дәлелдейді.

Оқу мақсаты

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын  талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Әдеби шығармаларды тақырыбы мен идеясына талдайды

Қолдану 

Өлеңді мұқият тыңдаңыз, не туралы екенін айтыңыз. «Сағаттың өзі — ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған» деген өлең жолдарын қалай түсінесіз?

Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек»

 

Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

     Сағаттың өзі — ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Өткен өмір белгісі — осы сыбдыр, Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр. Ақыл анық байқаған қылығыңды,

Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр.

Күн жайылып ай болды, он екі ай — жыл,

Жыл жайылып, қартайтып қылғаны — бұл.

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.

Дескриптор

2-тапсырма

 Білім алушы

- шығарманың не туралы екенін, идеясын айтады; - өлең жолдарына түсінік береді.

Өлең үзінділері мен автордың ойын сәйкестендіріңіз. Себебін айтыңыз.

Өлең үзінділері

Автордың ойы

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Уақыт өте жылдам өтеді.

Күн жайылып ай болды, он екі ай - жыл, Жыл жайылып, қартайтып қылғаны - бұл.

Өткен уақыт қайта келмейді.

Дескриптор    Білім алушы

-   өлең үзінділері мен автордың ойын сәйкестендіреді; - себебін айтады.

Оқу мақсаты                         7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау

Бағалау критерийі                 Білім алушы

Автор берген мінездемені анықтайды

Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды

Ойлау дағдыларының          Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұнымен танысыңыз. Негізгі кейіпкерге автор берген мінездемені түсіндіріңіз. Бала қандай? Мінездеме беріңіз.

Ертеде бір бала өмір сүрген екен. Ол достарымен бірге доп қуалап, балалық шағын қызықты өткізеді. «Уақыты» да үнемі жанында бірге қуанып жүретін. Теледидар қарауға да, кітап оқуға да, достарымен ойнауға да уақыты жететін. Уақыт екеуінің арасында еш қиындық тумайтын.

Ол өскен соң әріптестері, қиын жұмыстары пайда бола бастайды. Бірде көлікті жөндеу үшін, енді бірде сүйіктісімен қыдыру үшін бала Уақытты аздап қысқартуды әдетке айналдырады. Ал Уақыт оның соңынан күлімсіреп ере береді.

Баланың достары оған қиындықтарын айтып, көмек сұрайтын. Ал бұл қиындықтардың әрқайсысы оның Уақытын қажет ететін. Ол уақытты өлтіргісі келмесе де, басқа адамдар үшін көп уақытын жоятын. Жездесі қалаға барып келуді өтінсе, енді бірде көршісі бірге отырып шай ішуді сұрады. Мұнымен қатар, теледидар, телефон, компьютер деген уақытты алатын нәрселер тағы бар.

Есейген шақта бала Уақытпен мүлдем қош айтысады. Күндердің бір күнінде оған баласы келіп:

-     Әке, хайуанаттар бағына немесе киноға барайықшы! – деп өтінеді. Ол:

-     Балам, кешір! Менің уақытым жоқ! – деп жауап қайтарады. Баласына есейген соң хабарласып:

-     Балам, маған неге телефон шалмай кеттің? – деп сұрайды. Сонда баласы: -  Әке, айыпқа бұйырмаңыз. Менің уақытым жоқ! – деп жауап берген екен.

Автор мінездемесі

Сіздің мінездемеңіз

Балалық шағын қызықты өткізеді.

 

Басқа адамдар үшін көп уақытын жұмсайтын.

Уақытты қысқартуды әдетке айналдырады.

Дескриптор               Білім алушы

-     автордың берген мінездемесін анықтайды; - кейіпкерге өзі мінездеме береді. 2-тапсырма

Автор қолданған сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз. Баламасын (синонимін) жазыңыз.

Автор қолданысы

Менің қолданысым

Доп қуалау

 

Қиындық тумайтын

 

Әдетке айналдырады

 

Есейген шақта

 

Жауап қайтару

 

Телефон шалу

 

Дескриптор               Білім алушы

-     автор қолданған сөз тіркестерін анықтайды;

-     мағынасын ажыратады;

-     сөздердің синонимдерін анықтайды.

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау 

Білім алушы

      Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндерді ажыратады 

      Тілдік ерекшеліктерін анықтайды

      Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерге талдау жасайды

Қолдану

Мәтінді оқыңыз. Эйнштейн және Гетенің уақыт туралы ойларымен келісесіз бе? Неге?

Уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстарды толықтырыңыз.

Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың

Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы», - деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп, бір сағаттан  кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» деген екен. Сол сияқты «Ұрланған заттың орнын басқа затпен  толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың» деген екен немістің ұлы ақыны Гете. 

Уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстар

1.      Істелуге тиісті маңызды істердің тізімін жасаңыз.

2.      Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болыңыз.

3.      Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.

4.      Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.

5.      Сіз айналысуға тиіс емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.

6.      Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алуына жол бермеңіз.

7.      Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өте қысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз.

      Дескриптор             Білім алушы

-  мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

-  уақыт туралы ойлармен келісу/келіспеу себептерін атайды; - уақытты үнемдеу туралы ұсыныстарды толықтырады. 2-тапсырма

Мәтіннен төмендегі сөздердің синонимдері мен антонимдерін тауып жазыңыз. Берілген сөздерге лексикалық және морфологиялық талдау жасаңыз.

Қызметші, ешқашан, мейірімді, әңгімені

Синоним

 сөздер

 

Антоним сөздер

демалып

 

жауыз

 

 

ашуланып

 

жомарт

 

 

ұйықтамақ болып

 

ұзақ

 

 

нәрсе

 

уәде беру

 

 

      Дескриптор             Білім алушы

-  сөздердің синонимдерін анықтайды; - сөздердің антонимдерін  анықтайды;

-                      лексикалық және морфологиялық талдау жасайды.

Оқу мақсаты

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Эссе құрылымын сақтайды

      Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Төмендегі «Пікірлер картасын» толтырыңыз. (+) Себебін айтыңыз.

Пікірлер

Толықтай келісемін

Жарты лай келісемін

Мүлдем келіспей мін

Уақытты орынды пайдалану да – өнер.

 

 

 

Мектептегі сабақтар мен үй тапсырмасына көп уақыт кетеді.

 

 

 

Қазіргі жастарда мүлдем бос уақыт жоқ.

 

 

 

Әлемде өз уақытын үнемдей алмайтын адамдар өте көп.

 

 

 

Ұялы телефонда отыру - уақытты босқа өткізу деген сөз.

 

 

 

Үлкендерге қарағанда жастар уақытын дұрыс пайдалана алмайды.

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

-                      пікірлер картасын толтырады;   -  себебін айтады.

2-тапсырма

Құрылымын сақтай отырып, «Қазіргі жастар бос уақытын тиімді пайдаланбайды» деген пікір бойынша эссе жазыңыз. Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз. 

Дескриптор                                                                                          Білім алушы

-                      көтерілген мәселені түсінеді;

-                      эссе құрылымы мен дамуын сақтайды;

-                      келісу/келіспеу себептерін көрсетіп жазады.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды ажыратады

      Шырай түрлерін жазба, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады

Қолдану

Уақыт туралы афоризмдерді түсініп оқыңыз. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз. Шырай түрлерін ажыратыңыз.

Уақыт неге зымырайды?

        Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Вальтер Скотт

        Уақыт біреуге өте ұзақ, біреуге тым қысқа болып көрінуі мүмкін. Бұл оның қандай іспен, не тірлікпен толтырылғандығына байланысты.

Самуил Маршак Уақыт біздің ойымыздан да жүйріктеу.

Анжелика Миропольцева Күндеріміз сондай ұзақ! Жылдарымыз сондай жүйрік!

Альфонс Доде Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараңдау болыңыз.

Томас Манн

        Уақыт – нағыз ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды.

Гектор Берлиоз

        Адам өмір сүру үшін уақытының өте көп бөлігін жұмыс істеуге жұмсайды. Ал қалған бос уақытта бойындағы стресстен арылуға тырысып күн кешеді.

Иоганн Вольфганг Гете

        Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасап көріпті. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріпті. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. «Яғни, уақыттың ақырын немесе тым тез өтуі тек өзіңізге байланысты», - дейді ғалым.

Дескриптор                Білім алушы

-    афоризмдерді ажыратады; -  сын есімдерді анықтайды;

-    шырай түрлерін ажыратады.

 2-тапсырма 

Шырай түрлерін қолданып, уақыт туралы мәтін құрастырыңыз.

Дескриптор                Білім алушы

-    уақыт туралы мәтін құрастырады;

-    шырай түрлерін орынды қолданады.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы  

      Одағай түрлерін ажыратады

      Мәтіннен одағайларды табады

      Одағайларды ауызша жұмыстарда қолданады

Қолдану

Кестені толтырыңыз (топтық жұмыс).

 

ОДАҒАЙ СӨЗДЕР

 

ТҮРЛЕРІ

ерекшеліктері

ЕМЛЕСІ

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

-    одағайдың түрлерін анықтайды;         - ерекшелігін атап көрсетеді;         - емлесін ажыратады.

2-тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Одағайларды теріп жазып, түрлеріне ажыратыңыз. Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарағанда, қаншама жылдарының босқа өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады. «Осы күнге дейін не бітірдім?», «Қандай мақсаттарға жеттім?»  деп өздеріне сұрақ қойып, «Қайран, алтын уақытым-ай!», «Шіркін, жастық шағым қайта айналып келсе ғой!» деп армандап не өкініп жатады. Сондықтан, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек.  

ЕЙ, УАҚЫТ!

Уақыт-ай, шіркін, халің қалай? Қоя тұршы арындамай! Онсыз да алшақ баспай, Жүресің дамылдамай.

Ұ. Сағадиев

УАҚЫТ - ҚЫЛЫШ!

Бос өткізбей сағатты бағалай біл,

Жас шақты уақытында жағалай біл. Кеш болғанда қалмасқа «әттең-ай!» деп, Есеп беріп минутты саралай жүр.

 Б. Басықара

Дескриптор           Білім алушы

-  мәтіннен одағайларды анықтайды;

-  одағайларды түрлеріне ажыратады.

Бөлім  «Жердегі климаттық өзгерістер»

Оқу мақсаты

7.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы 

      Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады

      Орынды жауап береді

Қолдану

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жауаптарды салыстырыңыз.

Климат

Ауа райының белгілі бір жерге тән, көп жылдық орташа жай-күйі климат деп аталады. «Климат» сөзi грек тiлiнен аударғанда «ылди, еңiс» мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi мен күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары болса, күн сәулесiнiң түсу бұрышы да соғұрлым үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер

бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.

Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.

Сiз бен біз қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Өсiмдiктер қыс кезiнде өсуiн тоқтатып, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, ал қалған жануарлар қысқа қорек жинайды. Ауа райы өзгереді, ал климатқа тұрақтылық тән.  

1.      Мәтінде климаттың қандай ерекшеліктері туралы айтылған?

2.      Климаттық өзгерістер жайлы тағы не білесіз?

3.      Сізге қай климат түрі ұнайды? Неліктен?

4.      Әлемдік жылыну жайлы естігеніңіз бар ма?

Дескриптор                Білім алушы

-  климаттық өзгерістер туралы пікірлеседі;

-  сұрақтарға жауап береді;

-  жауаптар мен пікірлерді салыстырады.

2-тапсырма

Сыныптастарыңызға «Қоршаған ортаны қорғау үшін не істер едіңіз?» деген сұрақ қойып, жауабын тыңдаңыз. Тыңдалған пікірлерді салыстырыңыз, өз ойыңызды ұсыныңыз.

Дескриптор

  Білім алушы

-         сұрақтарды сыныптастарымен талқылайды;

-         жауаптар мен пікірлерді салыстырады;       - өз ұсынысын айтады.

Оқу мақсаты

7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу 

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық беру формаларын ажыратады

      Ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын түрлі жағдаяттарда қолданады

Ойлау дағдыларының            Қолдану 

деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Ғаламдық жылынуды болдырмау үшін не істеуге болатыны туралы сыныптасыңызға кеңес беріңіз.

Ғаламдық климаттық өзгерістер 1. Ғаламдық жылыну — биосфераның ластануы. Ауадағы көмір қышқыл газдың (С02 ) көбеюі климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді. Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі.

2.    Ормандардың азаюы. Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі. Сондықтан ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп атайды. Соңғы 50 жылда адамдар Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігін, ал соңғы 100 жылда 40%-ын жойған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) тропикалық ормандар жойылуда. Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының егіншілік үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу.

3.    Озон қабатының бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері 0,004% болса, стратосферадағы оның қалыңдығы 2-4 мм. Озон қабаты - биосфераның жоғарғы шекарасы. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік жоқ. Озон жердегі тіршілікке қауіпті Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіреді, сондықтан оны «қорғаныш қабаты» деп атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы радиацияны 10 есеге көбейтеді. Озоносфераның бұзылуы тері ісік ауруының көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

Дескриптор

2-тапсырма

   Білім алушы

- тақырып бойынша кеңес береді;

- кеңес беруде сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

Ормандардың жойылып кетпеуін сұрап, орман шаруашылығы қызметкерлеріне өтініш айтыңыз.

Өтініш білдіру формасын анықтаңыз.

Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

Дескриптор               Білім алушы

- өтініш айту формасын ажыратады; - тақырып бойынша өтініш айтады;

- өтініш айтуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

3-тапсырма

Озон қабатының бұзылуына жол бермеу үшін не істеуге болатыны туралы ұсыныс жасаңыз.

Дескриптор               Білім алушы

- тақырып бойынша ұсыныс жасайды;

- ұсыныс жасауда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

Оқу мақсаты

7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші → тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Диалогке қатысушылар қарым-қатынас талаптарын ажыратады «Сөйлеуші → тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады

Қолдану 

1-тапсырма

«Сөйлеуші тыңдаушы» позицияларын таңдап, төмендегі сұрақтар бойынша сөйлесіңіз/тыңдаңыз. 

 Әр сұрақ сайын позицияны ауыстырып отырыңыз.

Робинзон Крузоның ақиқаты

Ағылшын жазушысы  Даниэл Дефо «Робинзон Крузо» деп аталатын  жалғыз романымен-ақ әлемге әйгілі болды. Өйткені бұл роман ұлы мұхиттың бір  түкпіріндегі бұрын-соңды адам баласы аяқ басып көрмеген аралдағы жалғыз жанның жанкешті тірлігі туралы. Робинзон Крузоның өмір сүру үшін жасаған айла-шарғысы оқушы жігерін жанып, қайратын  қайрай түседі. Романды оқыған болсаңыз «Робинзон расымен де өмірде болған ба? Болса оның аралы қайда екен?» деген ойлар пайда болады. Ендеше, шындықты бірге іздейік.

Робинзон – қиялдан туған кейіпкер емес. Даниель Дефоның шығармасы нақты фактілер бойынша жазылған. Кітапта қаһарманның фамилиясы мен аралдың аты ғана өзгертілген. Дефо табиғат сұлулығын суреттеу барысында Тринидад және Табаго аралдарының көрінісін пайдаланған. Шындығында, Чили төңірегіндегі Мас-аТьерра (испан тілінен аударғанда «жағалауға жақын») аралы – Робинзонның өмір сүрген құпия мекені болып табылады. 

   Робинзон елсіз аралға қалай тап болады?

   Робинзон өмір сүрген аралдың ауа райы қалай суреттеледі?

   Робинзон өз уақытын қалай жоспарлады?

   Жұмыс істеу, аң аулау, демалу, тамақ ішу уақыттарын қалай реттеді?

   Аралда бірнеше жыл тұрған Робинзон қандай кәсіппен айналысты?

Дескриптор              Білім алушы

                                                            -     тақырып бойынша сөйлей/тыңдай алады;

- «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады; -    шығарма мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма

«Автор орындығы» әдісі. Робинзон бейнесіндегі оқушыға сұрақтар қойып, жауабын тыңдаңыз. 

   Елсіз аралға тап болғанда қандай сезімде болдыңыз?

   Өзіңіздің қорқынышыңызды қалай жеңе білдіңіз?

   Сіздің сол ортаға бейімделуіңізге қай қасиетіңіз көмектесті?

Дескриптор           Білім алушы

-          шығарма мазмұнына байланысты сұрақтар қояды;

-          сұрақтарға жауап береді;

-          «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.

Оқу мақсаты

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады

Қолдану

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Ғалымдардың атқарған қызметі туралы мәліметті жинақтап, төмендегі кестені толтырыңыз.

 Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу зандылықтарын, климат түрлерін, антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды. Климатты географиялық жағынан зерттеу XIX ғасырда басталған. Климатология ғылымының дамуына орыс географы А. И. Воейков, неміс  зерттеушісі, географ А. Гумбольдт және орыс климатологы Ф.И. Кеппен зерттеулері негіз болды.

XX ғасырда климатты аудандастыруға Ф.И. Keппен мен орыс географы әрі биологі Л.С.Берг алғашқы қадам жасады. Ф.И.Кеппен Жер шарын ондағы температура мен ылғалға қарай 5 климаттық белдеуге бөлді. Бұл аудандастыру климаттың тек сыртқы беттерін қарастырды. Б.П.Аписов жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге жүктеген. Негізгі климаттық белдеулердің шекарасы жыл бойы басым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Мысалы, экваторлық белдеуде жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады. Ал өтпелі климаттық белдеулерде 1 жыл ішінде екі түрлі ауа массасы алмасады. Субэкваторлық белдеу қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа массаларының ықпалында болады. Тропиктік белдеу жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады, сондайақ бұлттың төмен болуына байланысты күн жылуын аса мол алады. Климаттық белдеулердің шекарасы ретінде атмосфералық негізгі (климаттық) фронттар қыс пен жазда ең шеткі орнын алады. Б.П.Аписовтың аудандастыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістері де тексерілген.

Ғалымдар

Атқарған қызметі мен зерттеулері

А. И. Воейков

 

Ф.И..Keппен

 

Б.П.Аписов

 

А. Гумбольдт

 

Дескриптор         Білім алушы

-          мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды;

-          ғалымдардың қызметі мен зерттеулерін анықтайды; - кестені толықтырады.

2-тапсырма

Климат          түрлері           мен     олардың        ерекшеліктерін        шартты         белгілер             арқылы сәйкестендіріңіз.

Климат түрлері

 

Ерекшеліктері

Экваторлық белдеу

 

1 жыл ішінде екі түрлі ауа массасы алмасады.

Субэкваторлық белдеу

 

жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады.

Өтпелі климаттық белдеу

 

бұлттың төмен болуына байланысты күн жылуын аса мол алады.

Тропиктік белдеу

 

қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа массаларының ықпалында болады.

Дескриптор           Білім алушы

-          мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды; -     климат пен оның ерекшеліктерін анықтайды;

-          мәліметтерді шартты белгілермен сәйкестендіреді.

Оқу мақсаты

7.Ж1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы 

      Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды

      Өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазады

Қолдану

Тапсырма

Өтініш құрылымымен танысыңыз. Мәтінді оқып, тақырыбын сыныптастарыңызбен талдаңыз.  Қаладағы ауаны тазартудың ең негiзгi әдiстерi саяжай, саябақ, шалғындар жасап, газондарды көгалдандыруды сұрап, қала әкіміне өтініш жазыңыз.

Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек-өтінішті білдіретін құжат.

Өтініштің деректемесі:

-          адресат;

-          құжаттың аты;

-          өтініш мәтіні;

-          күннің жады;

-          өтініш иесінің қолы, аты-жөні.

Ауаны ластанудан қорғау

Қазiргi уақытта атмосфераны завод құбырларынан, жылу электростанцияларынан, жарылғыш құбырлардан, автомобильдерден шығатын түтiннен, қаракүйеден, газ тәрiздi заттардан және шаңнан қорғау туралы мәселесi тұр. Бұл заттың барлығы ауаны бұзады, тiрi организмдердi жою қаупiн тудырады. Күйе, шаң өсiмдiктiң жапырағына жабысып, олардың фотосинтез, тыныс алу, булану процесiн бұзады. Мысалы, шегiршiн ағашы орманда өссе, 300 жыл жасайды, ал қалада орташа 45 жыл тiршiлiк етедi. Орманда жасы 400 жыл болған жөке ағашы кездеседi, ал қала көшелерiнде ол 50-80 жыл ғана өседi.

Күйе - бұл бу тәрiздi судың және түтiннiң қоспасы. Күйе ауаны тыныс алуға қажетсiз етiп, қан құрамының бұзылуына, тұншығуға әкеп соқтырады, организмнiң аураларға қарсы тұру қабiлетiн төмендетедi.

Өсiмдiктер атмосфераны көмiрқышқыл газынан тазартады, оттегiн бөледi. Ауа ластанған жерлерде, яғни қалаларда, түтiндi жақсы көтеретiн өсiмдiктердi отырғызады. Мұндай өсiмдiктерге терек, үйеңкi, жөке, бузина, емен, сары акация, түймедақ, жауқазын жатады.        

          Жер атмосферасына көмек қажет.

Дескриптор           Білім алушы

- мәтіндегі негізгі ойды түсінеді;

- сыныптастарымен талқылайды;

- тақырыпқа қатысты өтініш жазады;

- өтініштің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды.

Оқу мақсаты

7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы 

      Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді ажыратады

      Салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырады

Қолдану

Төмендегі салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратып, кестені толтырыңыз.

        Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі, адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Халқымыздың табиғатқа деген ыстық махаббаты сондай, олар ормантоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Табиғат – адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы, бірақ кейде біз оны ұмытып кетеміз. Табиғат – мол қазынаның кайнар көзі, табиғат - адам денсаулығының сенімді кепілі. Қазіргі таңда табиғаттың нашарлауы сонша, адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Қоршаған орта таза болуы шарт, дегенмен адамдар әлі де мұны ескермеуде.

Ыңғайлас салалас құрмалас

Қарсылықты  салалас құрмалас

Түсіндірмелі салалас құрмалас

 

 

 

2-тапсырма

Төмендегі мәтінді оқып, жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Жердегі климаттық өзгерістер» тақырыбында сөйлесіңіз.

         Климаттың өзгеруi - ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол - одан да алапат қауiп. Бiрақ осы өзгерiстердiң салдары қалай болатынын тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi - бұл жаңалық емес. Осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.

        Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан. Ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ  шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастады. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауы мұздықтарының жартысы ерiп кеткен. Сондай-ақ, жылдам еруге Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Эколог-климатологтардың айтуынша, ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда мұздық қалмайды. Бұл деректер «20102020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi.

Дескриптор          Білім алушы

-      құрмалас сөйлем түрлерін ажыратады;

-      жай сөйлемдерді салалас құрмаласқа айналдырады;

-      тақырып бойынша сөйлеседі;

-      салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданады.

2-тоқсан

Оқу мақсаты                          7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау

Бағалау критерийі                Білім алушы

Оқиғаның дамуын болжайды

Ойлау дағдыларының         Қолдану

деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыз. Нұсқаларды салыстырыңыз. 

Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен. 

-              Ол қандай жол болуы мүмкін?

«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған. 

-              Мәліметті Қазақстанмен байланыстырып көріңіздер. Ұлы Жібек жолының біздің жерімізбен қандай байланысы бар?

           Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

-              Сонда бұл жол қандай мақсатпен салынған?

Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қаружарақтар, киім-кешек, шабдолы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.

-              Сіздердің болжамдарыңыз дұрыс екен. Ал ендеше мына сұраққа жауап беріңіздер. Қалай ойлайсыз, қазіргі күні Ұлы Жібек жолы сақталған ба?

Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту.

Дескриптор       Білім алушы

-              оқиғаның жалғасын болжайды; - нұсқаларды салыстырады.  

2-тапсырма Сұрақтарға толық    сөйлеммен    жауап             беріңіз.           «Дұрыс,          бұрыс»             мәліметтерді анықтаңыз.

-              Жібек жолы деп кім атаған? (неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен)

-              Жібек жолы қай жерден басталады?  (Қытайдан)

-              Мәтінге қандай тақырып қоюға болады? (Ұлы Жібек жолы)

Мәлімет

Дұрыс

Бұрыс

Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қытай жерінің үстімен өтті.

 

 

«Керуен жолы» - адамзат өркениетіндегі тарихи ескерткіштердің бірі.

 

 

Алма, алмұрт сияқты жемістер сауда үшін тасымалданды.

 

 

Дескриптор       Білім алушы

-              сұрақтарға толық жауап береді;

-              дұрыс/бұрыс ақпараттарды анықтайды.

Бөлім  «Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы»

Оқу мақсаты

7.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып  жауап беру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Материал мазмұнына қатысты пікірін білдіреді

      Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мәліметтерді сәйкестендіріңіз.

Әлем қалалары

Қалалар бар әлемде, 

Таңқалдыратын халықты.  Ол қалалар әр елде  Несімен даңқты? 

ПАРИЖ – Кремлімен 

НЬЮ-ЙОРК – Ақ үйімен 

МӘСКЕУ – Қожа Ахмет кесенесімен 

ВАШИНГТОН – София мешітімен 

СТАМБУЛ – Бродвеймен 

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ – Эйфель мұнарасымен

ТҮРКІСТАН – халқының санымен 

МЕХИКО – Эрмитажымен  СОЧИ – Медеуімен 

ӨСКЕМЕН – Бәйтерегімен!  АЛМАТЫ - демалыс үйлерімен  Ал Астана ше? 

ПАРИЖ

Эйфель мұнарасымен

НЬЮ-ЙОРК

Бродвеймен

МӘСКЕУ

Кремлімен

ВАШИНГТОН

Ақ үйімен

СТАМБУЛ

София мешітімен

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ

Эрмитажымен

ТҮРКІСТАН

Қожа Ахмет кесенесімен

МЕХИКО

халқының санымен

СОЧИ

демалыс үйлерімен

ӨСКЕМЕН

спорт сарайымен

АЛМАТЫ

Медеуімен

АСТАНА

Бәйтерегімен

Дескриптор   Білім алушы

-     өлеңнің мазмұнын анықтайды;

-     қалаларды оның даңқты жерлерімен сәйкестендіреді.

2-тапсырма

Жұптық жұмыс. Өлең мазмұны негізінде диалог құрастырыңыз. «Қалалардың көрікті жерлері қандай? Неге?» деген сұраққа толық сөйлеммен жауап беріңіз. Өз пікіріңізді өзгелердің пікірімен салыстырыңыз.

Берілген тіркестерді қолданыңыз:

-     менің ойымша;

-     сіздің ойыңызша;

-     біріншіден, екіншіден;

-     мен келісемін/келіспеймін;

-     себебі, өйткені;

-     сондықтан, сол себепті.

Дескриптор   Білім алушы

-     өлең мазмұны бойынша диалог құрастырады;

-     сұраққа толық сөйлеммен жауап береді;

-     өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады; - берілген тіркестерді қолданады.

Оқу мақсаты

7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің  түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық беру формаларын ажыратады

      Ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын түрлі жағдаяттарда қолданады Қолдану

Жағдаятты мұқият оқып, топта талқылаңыз. Мақсатқа көмектесіңіз! Мәселені

шешу жолдарын айтып, Мақсатқа кеңес беріңіз. Төмендегі сөз тіркестерін қолданыңыз.

 Мақсат сыныбымен қаладағы мұрайжайға ежелгі қалалар экспонаттарын қарауға барды. Ескі экспонаттардың арасынан балалардың көзіне оттай жанып қанжар түсті. Қанжар – өте шебер жасалынған, оюланған, өзі шағын, қолға сыйымды, нағыз еркектердің қаруы. Сол себепті Мақсат шыдамай қанжарды иеленгісі келді. Көзді ала бере қанжарды қалтасына салып мұражайдан алып кетпек ой келді. Солай жасады. Ешкім байқамады. Мақсат мұражайдың шығу есігінен аттап аяқ басқан кезде, мұражай ішінде қатты дабыл қағылды. Барлық жұрт Мақсатқа қарады.  Қалай ойлайсыз, Мақсаттың әрекеті қандай болды?

Дескриптор    Білім алушы

-     жағдаятты мұқият оқып, топта талқылайды;

-     мәселені шешу жолдарын айтып, кеңес береді;

-     берілген сөз тіркестерін пайдаланады;

-     сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолданады.

2-тапсырма

Жағдаятты мұқият оқып, топта талқылаңыз. Мақсатқа көмектесіңіз! Мақсатты бір жолға кешіруді сұрап, мұражай қызметкерлеріне өтініш айтыңыз. Төмендегі сөз тіркестерін қолданыңыз.

Тірек сөздер: Сіз кешіріңіз, көмектесуге рұқсат етіңіз, әдептілік сақтаңыз, ақылды болыңыз, ұсынғалы тұрмын, сөзіме құлақ салыңыз, ренжімеңіз, қателігін түсінді, енді қайталанбайды, кешірім сұраймын, айыпқа бұйырмаңыз, т.б.

Дескриптор    Білім алушы

-     жағдаятты мұқият оқып, топта талқылайды;

-     мұражай қызметкерлеріне өтініш айтады;

-     берілген сөз тіркестерін пайдаланады;

-     сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолданады.

3-тапсырма

Жағдаятты мұқият оқып, топта талқылаңыз. Мақсатқа көмектесіңіз! Мақсаттың мұндай іс-әрекетті қайталамауын талап етіп, бұйырыңыз. Төмендегі сөз тіркестерін қолданыңыз.

Тірек сөздер: Сіз кешіріңіз, көмектесуге рұқсат етіңіз, әдептілік сақтаңыз, ақылды болыңыз, ұсынғалы тұрмын, сөзіме құлақ салыңыз, ренжімеңіз, қателігін түсінді, енді қайталанбайды, кешірім сұраймын, айыпқа бұйырмаңыз, т.б.

Дескриптор    Білім алушы

-     жағдаятты мұқият оқып, топта талқылайды;

-     аталған іс-әрекетті қайталамауды талап етіп, бұйырады; 

-     берілген сөз тіркестерін пайдаланады;

-     сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолданады.

Оқу мақсаты

7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі 

Білім алушы

      Автор берген мінездемені анықтайды

      Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды

Қолдану

1-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Автор берген кейіпкер мінездемесін табыңыз. Өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Бегабат Ұзақов 

«Жантаза» (әңгімеден үзінді)

Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесінде ел үнемі осындай мамыражай тірлік кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.

Осындай ауыр ойлар санасын сан-саққа жүгіртіп жатқан бұл жігітті бірде бетін, бірде сыртын беретін баянсыз дүние ертерек есейткен. Әйтпесе, қазір жылт еткен сезімге желігіп, өмірдің

қайталанбас көгілдір көктем шағының қызығын көретін жаста емес пе? Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман көзден бұл-бұл ұшқалы жеке бастың арман тілегі алыста қалды. Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас.         

Үлгі:

Автор мінездемесі

Менің мінездемем

әлі жиырмаға толмаған

 

бес қаруын түгел асынған

 

 

Дескриптор     Білім алушы

- мәтіннен автор берген мінездемені табады; - өз сөзімен түсіндіреді.

2-тапсырма Мінездемедегі тілдік құралдарды талдаңыз.

     ауыспалы мағынадағы сөздер;

     антонимдер;

     синонимдер;

     тұрақты тіркестер.

Ауыспалы мағынадағы сөздер

 

Антонимдер

 

Синонимдер

 

Тұрақты тіркестер

 

Дескриптор     Білім алушы

-     мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды;

-     ауыспалы мағынадағы сөздерді табады;

-     антоним сөздерді анықтайды; - синоним сөздерді ажыратады;

-     тұрақты тіркестерді анықтайды.

Оқу мақсаты

7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі 

1-тапсырма

Білім алушы

      Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндерді ажыратады

      Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерге талдау жасайды

Қолдану 

Ресми-іскерлік         салаға ажыратыңыз.

1-мәтін

қатысты     мәтіндерді     оқып     танысыңыз.      Түрлерін

Қаланың ежелгі ғимараттарын жөндеу туралы

Түркістан қаласының әкімі

А.К.Ахметов мырзаға

         Түркістан қаласының туған күні тойлануына байланысты, қала тұрғындарын және сырттан келген қонақтарын ежелгі қаланың тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен таныстыру мақсатында - Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қайта жөндеу жұмысын жүргізуге кәсіби шебер-реставраторларын жалдауға ұсыныс жасап отырмыз.

 «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің» күтуші қызметкерлері

2-мәтін

Құрметті түркістандықтар!

           «Түркістан күні - қала күні» мерекесі баршаңызға құтты болсын! Кез келген ел, кез келген ұлт өзінің Отанымен мақтанады. Сол секілді біздер де тәуелсіз еліміздің рухани астанасы қасиетті қаламызбен мақтанайық. Біз барлығымыз бірігіп қасиетті өңіріміздің болашағы үшін атсалысып, жұмыс жасап келеміз. Соның нәтижесінде қаламыз жасарып жайнап келеді. Және де біздер осы күнге жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. Сондықтан біздің алдағы жетістіктеріміз бүгінгіден де жарқын болады. Мерекелеріңізбен, түркістандықтар!

Қала әкімі Ахметов А.К.

Дескриптор              Білім алушы

                                                       -    мәтіндерді оқып, мазмұнымен танысады;

-          ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндердің түрлерін ажыратады.

2-тапсырма

Жоғарыдағы мәтіндерге талдау жасап, кестені толтырыңыз.

 

1-мәтін

2-мәтін

Түрі/жанры

 

 

Стилі

 

 

Мазмұны

 

 

Аудиториясы

 

 

Ерекшелігі

 

 

 Дескриптор          Білім алушы

-          мәтіндердің түрін ажыратады;

-            стилін анықтайды; - мазмұнын ашады;

-      аудиториясын көрсетеді; -        ерекшелігін табады.

Оқу мақсаты

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады

Қолдану 

Тапсырма

Шығармаларды түсініп оқыңыз. Екі мәтінді кесте бойынша салыстырыңыз.

1-мәтін

-      Мен перінің қызымын. Сізге сырттай ғашық болып жүргеніме көп болды. Қасыңызға жолай алмадым. Жан дүниеңіз таза болғандықтан сізді үнемі періштелер қалқалап жүреді. Жолығудың амалын таппағасын аждаһа кейпіне еніп, ауылыңа шаптым. Ескі құдықты таңдағаным... Еліңізге жаныңыз ашып, жетіп келеріңізді сезгем. Қылышыңызды көтеріп шабуға ұмтылғаныңызда жанарыңыздан шашылған отқа шыдай алмай, көзімнен жас шығып кетті. Сіз аяғандықтан өлтірмей, басыма ақ құйып жібердіңіз. Жаныңыздың тазалығын сақтап қалдыңыз, - деп, мұңайған қыз сөйлеуден тоқтап, көз жасын сүртті.

-      Енді не болмақ? – деді Жанқожа қызықсынып.

-      Енді бүкіл өміріңіз қылыш ұстап еліңіздің жауларымен айқасумен өтеді. Адалдығыңыз басым. Жау өзі килікпесе, ешкімге ұрынбайсыз. Еліңізді арманыңыздағы іргелі елге айналдырасыз.

      Жанқожа алдыңғы екі аяғын көкке көтере кісінеген атының тізгінін босатыңқырап,

«шүу» деді. Торы ат күншығысты бетке алып, жүйтки жөнелді… http://adebiportal.kz 2-мәтін

        2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалалардың бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған.

      Түркістан қаласының іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдығында каланған. Археологтар қаланың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасынан табылған тас дәуірі ескерткіштері (Шоқтас, Қошқорған) бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.

https://szh.kz/10061/qazaqstannynh-enh-koene-qalalary/

 

1-мәтін

2-мәтін

Мәтін түрі

 

 

Мәтін тақырыбы (не туралы?)

 

 

Негізгі идеясы

(не үшін жазылған?)

 

 

Мақсатты аудиториясы (кімге арналған?)

 

 

Стилі o Ауызекі сөйлеу стилі o Публицистикалық стиль o Көркем әдебиет стилі o Ғылыми стиль

o Ресми іс қағаздар стилі

 

 

Дескриптор     Білім алушы

-   мәтіндердің түрін ажыратады;

-   мәтін тақырыбын жазады;

-   негізгі идеясын анықтайды; - мақсатты аудиторияны анықтайды; - стилін көрсетеді.

Оқу мақсаты

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды

      Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе құрылымы мен дамуын сақтаңыз, көлемі 120140 сөз.

       Ұлы Жібек жолы  мәдениеттің дамуына тікелей әсер етті.

       Көне қалаларды зерттеудің қажеті жоқ.

Дескриптор          Білім алушы

                                                    -     көтерілген мәселе бойынша эссе жазады;

-  келісу/келіспеу себептерін айтады; -      эссе құрылымы мен дамуын сақтайды; -           сөз көлемін нормаға сай береді.

Оқу мақсаты

7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу  

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданады

Қолдану 

«Алтын» сөзін теңеу ретінде пайдаланып, 3 сөйлем құрастырып жазыңыз. Есте сақтаңыз!

Теңеу, эпитет  – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап» деген сөзі арқылы жасалады. 

Дескриптор    Білім алушы

-  теңеудің жасалу жолын анықтайды;

 

- алтын сөзінен теңеу жасайды;

- т

еңеулерді

қолданып, 3 сөйлем құрастырады.

2-тапсырма

Берілген теңеулер мен метафораларды ажыратыңыз. Мағынасын ашыңыз.

Әйнегі – күн, шатыры – аспан, кең дала..  Гималай – көктің кіндігі, 

Гималай – жердің түндігі.

Жатқан жері даладай,  Екі өркеші баладай,  Азу тісі қаладай...

Құлагер, әкең – тұлпар, шешең – сұңқар...

Сөз – жібек жіп, жыр – кесте...

Ұлың жаман болса, есіктегі құлмен тең, 

Қызың жаман болса, қаңтардағы мұзбен тең...

Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағадағы құрақ. Есте сақтаңыз!

Метафора – бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады.

Метафора

Теңеу

 

 

 

 

 Дескриптор    Білім алушы

-  теңеу мен  метафораны ажыратады;

-  теңеу мен  метафораның жасалуын анықтайды; - теңеу мен метафораның мағынасын ашады.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды ажыратады

      Шырай түрлерін жазба, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады

Қолдану

Төмендегі тест тапсырмаларын орындаңыз. Шырай түрлерін ажыратыңыз.

1. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.

A)  ұзындау

B)   әп-әдемі

C)   сүйкімді

D)  қысқаша

2. Салыстырмалы шырайда тұрған сын есімді табыңыз.

А) өте әдемі

В) үлкен 

С) тым биік 

D) ақылдырақ

3. Асырмалы шырайды табыңыз.

А) жасылдау, үлкендеу

В) тым үлкен, аса бай

С) әдемі, сұлу 

D) қып-қызыл, үп-үлкен

4. «Отырар – ең көне қала». Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

А) толықтауыш 

В) анықтауыш 

С) пысықтауыш

D) бастауыш

5. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу сын есімнің қай шырайының жұрнағы?

А) жай  

В) күшейтпелі

С) асырмалы

D) салыстырмалы

6. Сын есімнің неше шырайы бар?

А) 6

В) 5

С) 4

D) 3

7. Берілген сөйлемде сын есім қандай шырайда тұр?

Бұл ауылға өнерлі жастар жиналды.

А) асырмалы 

В) салыстырмалы

С) күшейтпелі

D) жай

Дескриптор     Білім алушы

-   салыстырмалы шырайды ажыратады;

-   күшейтпелі шырайды анықтайды;

-   асырмалы шырайды көрсетеді;

-   сын есімдердің сөйлемдегі қызметін көрсетеді; - тест сұрақтарына дұрыс жауап береді.

2-тапсырма

Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.

-   Сын есімнің жай шырайы қалай жасалады? 

-   Сын есімнің салыстырмалы шырайы қалай жасалады?

-   Сын есімнің күшейтпелі шырайы қалай жасалады? - Сын есімнің асырмалы шырайы қалай жасалады?

Дескриптор     Білім алушы

-   жай шырайды ажыратады;

-   салыстырмалы шырайдың жасалу жолын айтады;

-   күшейтпелі шырайдың жасалу жолын айтады;

-   асырмалы шырайдың жасалу жолын айтады;    - мысалдар келтіріп, пікірін дәлелдейді.

Бөлім  «Спорт және денсаулық күтімі»

Оқу мақсаты

7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды

Қолдану 

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз. Сұрақ құрастырыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.  

Қазақ күресі

Қазақ күресінің Олимпиада және Азия ойындарының спорт бағдарламасына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.  Алайда ол үшін қазақ күресі өз елімізде қарқынды дамуы керек. «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Жас барыс» және енді өтетін «Әлем барысы» осы бағытта жасалған жұмыстардың бір бөлшегі.

«Болашақта қазақ күресі әлемдік деңгейге көтерілетін болса, онда оның атауын бір халықпен байланыстыру – шетелде кедергілерге тап болуы мүмкін. Біздің басты мақсат қазақ күресі арқылы қазақтың болмысын көрсету. Себебі Жапонияның сумосы да Олимпиадалық спорт бағдарламасына кірмейді. Алайда спорттың осы түрі арқылы бар әлем жапониялықтарды таниды» - дейді Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.

«Қазақ күресін Олимпиадалық спорт бағдарламасына енгізу үшін көп жұмыс атқару керек. Осы уақытқа дейін де көп іс атқарылды. Біз дзюдоның олимпиадалық спорт түріне айналғанын зерттеп жатырмыз. Ең алдымен біз бұл спортты өз елімізде дамытып, насихаттау қажетпіз. Екіншіден, үлкен жарыстар арқылы оны әлемге танытып, мойындату қажет. Мысалы, қазақ күресі Азия ойындарының қатарына енуі мүмкін. Біз хат жібердік» - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев.

Дескриптор   Білім алушы

- тыңдалған мәтіннің мазмұнын баяндайды; - мәтін бойынша сұрақтар құрастырады; - сұрақтарға  дұрыс жауап береді.

2-тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Мысал келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.

1.      Елімізде қазақ күресі дамып келеді ме? Мысал келтіріңіз.

2.      Біздің қазақ күресін дамытудағы мақсатымыз не?

3.      Қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу үшін не істеуіміз керек?

Дескриптор   Білім алушы

-         мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - пікірін мысалдармен дәлелдейді;

-         ақпараттың өзектілігін анықтайды.

Оқу мақсаты

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады

Қолдану

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мазмұнын баяндап, ойды жалғастырыңыз. Қарттың не

айтуы мүмкін? Ойыңызды мәтін жалғасымен салыстырыңыз. 

Ертеде бір шаһарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Бір күні саудагерлер шаһарға темекі алып келіпті. Саудагерлер:

-         Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады! Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! – деп жар салады. Дана қарт осы өсімдікті ұнатпайды. Ол жиналған адамдарға:

-         Алыңдар! Бұл жапырақтың басқа да пайдалары бар: темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді және де ол ешқашан қартаймайды, - депті.

Саудагерлер қуанып кетіп:

-         Айтқаныңыздың бәрі рас. Жапырақтың мұндай қасиеттері бар екенін сіз қайдан біліп қойдыңыз?! – деп таң қалады.

Сонда қарт:

Жалғасы:

-         Темекі шегетін адамның үйіне ұры түспейді, өйткені ұрылар түнде тыныш болғанын жақсы көреді. Ал темекі шегетін адам түнімен жөтеліп, ұйықтамайды. Темекі шеккен адам ешқашан қартаймайды, себебі жасына жетпей, көз жұмады. Жұрт ойланып қалады...

Дескриптор         Білім алушы

- мәтінді түсініп, өз сөзімен баяндайды;

-  мәтіндегі ойды жалғастырады; - екпін түрлерін дұрыс қолданады.

2-тапсырма

Суреттерді қатыстырып, «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз.

Дескриптор         Білім алушы

-  тақырып бойынша ауызша мәтін құрастырады;

-  суреттерді қатыстырып сөйлейді;

-  айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады.

Оқу мақсаты                          7.О1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу

Бағалау критерийі                Білім алушы

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты қолданады

Ойлау дағдыларының       Қолдану деңгейі 1-тапсырма

Суреттегі шартты белгілерді пайдаланып, «Спорт түрлері» тақырыбында мәтін құрастырыңыз. 

Дескриптор    Білім алушы

-  «Спорт түрлері» тақырыбында мәтін құрастырады; - суреттегі шартты белгілерді пайдаланады.

2-тапсырма

Диаграммада            берілген         мәліметтерді             пайдаланып,             тақырып       бойынша             мәтін құрастырыңыз.

 Дескриптор    Білім алушы

-  тақырыпқа қатысты мәтін құрастырады;

-  диаграммадағы мәліметтерді қолданады.

Оқу мақсаты

7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды

      Презентация жасайды Жоғары деңгей дағдылары

Өлеңді түсініп оқыңыз. Денсаулық, спорт туралы мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.   

Денсаулық ол – шыныққан       Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің, Ешбір жерің ауырмай.

Қара айнаға, көресің

Өзіңді – адам денесін. Қол - аяғың, басың бар, Бұған кеуде қосылар - Құрылысың бұл сыртқы. Көрінбейді жүрегің,

Өкпе, миың, бүйрегің - Құрылысың бұл ішкі.

Сымбат - мүсін дегенің Бітім – көркі денеңнің. Сымбат – жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап: Көтеріп сәл кеудені, Иық жазып дұрыстап. Түзу отыр, қисаймай, Бүкіреймей, жантаймай. Күш сап бас пен арқаға, Жатып алма партаға.

Дескриптор                Білім алушы

-  өлеңді түсініп оқиды;

-  мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды; - негізгі ойды қорытындылайды. 2-тапсырма

Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Бірінші байлық – денсаулық» тақырыбына презентация дайындаңыз. Төмендегі презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз.

      4-5 слайдтан кем не артық болмауы тиіс;

      барлық слайдтар бірыңғай стильде құрылуы керек;

      мәліметтер жинақы, ой қысқа да нұсқа берілуі керек; презентациядағы барлық сөз саны  90-100-ден аспауы шарт.

      қорғалатын уақыт - 2 минут.

Дескриптор

 Білім алушы

- тақырыпқа қатысты презентация дайындайды; - мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады; - презентация талаптарын сақтайды.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Топтау сан есімдерін ажыратады

      Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады

Қолдану

1-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтіннен топтау сан есімдерін табыңыз. 

1.  Топтау сан есімі дегеніміз не?

2.  Топтау сан есімнің сұрақтарын атаңыз?

3.  Топтау сан есімдері қалай жасалады?

4.  Топтау сан есімдеріне мысалдар келтіріңіз.

«Теңге ілу» — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар екі-екіден топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.

Ойын басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарымен шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.

Дескриптор     Білім алушы

-    топтау сан есімін ажыратады; 

-    топтау сан есімнің сұрақтарын атайды;

-    топтау сан есімдерінің жасалу жолын ажыратады; -  топтау сан есімдеріне мысалдар келтіреді; -  мәтіннен топтау сан есімдерін табады.

2-тапсырма

Топтау сан есімдерін қатыстырып, «Мен сүйетін спорт түрі» тақырыбында мәтін құрастырыңыз.

Үлгі:

Күнделікті өмірде спортты сүйетін жан өте көп. Сонда спорт дегеніміз не өзі? Ол - адам денсаулығының кепілі екенін бәрі біледі. «Тәні саудың, жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінетіндер спорттың қадірін біледі. Ол - ең алдымен бәсеке. Үнемі алға ұмтылуға, үйренуге, тер төгуге баулиды. Тоқтап қалмауға, ізденуге үйретеді. Ең бастысы спорт - бейбіт бәсеке. Ол - саясат. Ол —бейбітшілік елшісі. Елдің елдігін, ердің ерлігін, рухтың биіктігімен ұлттар достастығын да анық байқататын спорт.  Ол - ғылым. Топ алдында сайысқа түсуге бел байласаң жемісті жүлдеден үміт күтесің. Ол - әрине өнер. Дене еңбегі мен ой кеңістігін қатар кажет ететін спорт биік өнердің бір түрі. Ол - тәрбие құралы. Жас ұрпақ жүрегіне отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін спорт таптырмас көмекші. 

Дескриптор     Білім алушы

-    тақырып бойынша мәтін құрастырады;

-    топтау сан есімдерін дұрыс қолданады.

Оқу мақсаты

7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді ажыратады

      Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады

Қолдану

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз. Түрлерін ажыратыңыз.

Спорт - денсаулық кепілі

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Жаны саудың – тәні сау», - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Бірінші байлық - денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін  спортпен айналысуымыз керек және күнделікті гигиеналық талаптарды сақтауымыз қажет. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны  әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді.

Дескриптор    Білім алушы

- мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді табады; - салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне ажыратады.

2-тапсырма

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қатыстырып, «Спорт және денсаулық» тақырыбына мәтін құрастырыңыз.

Дескриптор    Білім алушы

- салалас құрмалас сөйлемді түрлеріне ажыратады;

- мәтін құрауда салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады.

Бөлім  «Ұқсатым. Сән. Талғам.»

Оқу мақсаты

7.Т3. Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтайды

Қолдану

Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады. Қоғам дамыған сайын сән, талғам туралы түрлі пікірлер мен түсініктер қалыптасып, киімдік стиль түрлері пайда болды, сән дами бастады.

Сән ( франц. мoda, лат. мodus – өлшем, әрекет тәсілі) - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.

Классикалық стиль:

  Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;

  Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;

  Түстері қатты ашық емес және нәзік;

  Аксессуарлары мен әшекейлері ұстамды;

  Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер.

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.

Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.

Фольклорлық стиль  – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысы кеңінен пайдаланылады.

          Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда. Қазіргі сәнді демократияшыл десе де болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігінің көптігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішіндермен, үлгілермен, сондай-ақ алуан түстің гаммалығымен ерекшеленеді.

1.      Сән деген не? Ойыңызды айтыңыз.

2.      Қандай киім түрлері туралы айтылады?

3.      Стильдің қандай түрлері бар?

4.      Сізге қай стиль ұнайды? Неліктен?

5.      Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер қай стильге жатады?

Дескриптор     Білім алушы

- сән туралы ойын айтады;

- мәтінде айтылған киім түрлерін түсіндіреді;

-  стильдің түрлерін ажыратады;

-  стиль туралы ойын айтады;

-  мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ажыратады.

2-тапсырма 

Төмендегі сөз тіркестерін қолданып, «Менің түсінігімдегі сәнді киімдер» тақырыбына мәтін құрастырыңыз. 

Сөз тіркестері: сәнді киіну, киім кию мәдениеті, сапалы мата, ыңғайлы сезіну, заманауи сәнгерлер, таңдау идеясы, әр түрлі стильдер, қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы.

Дескриптор     Білім алушы

-  сөз тіркестерінің мағынасын ажыратады; - сөз тіркестерін орынды қолданады; - тақырыпқа сай мәтін құрастырады.

Оқу мақсаты

7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Мәтін мазмұнын дамытады

      Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолданады

Қолдану

1-тапсырма

Берілген мәтіндерді түсініп оқыңыз. Мазмұнын баяндаңыз. Мәтіндегі ойды дамытып, әрі қарай жалғастырыңыз. Берілген сөз оралымдарын қолданыңыз.

              Абай атындағы кітапханада «Қазіргі заманғы сән үлгісі» тақырыбында тұсаукесер ұйымдастырылды. Мәдени шараға қаламыздағы Сервис колледжі мен Авиценна колледжі мен түрлі оқу орындарының студенттері мен оқушылар қатысты. Шара барысында сән үлгісінің тарихы, маталардың түрлері мен киім үлгілерінің сапасы туралы «Новинка» маталар дүкенінің маманы Т.М.Безднин қатысушыларға қызықты, мол мағлұмат берді. Шараға қатысушылар қазіргі заманның сән үлгісі мен мерзімге сай киім үлгілерінің түрлері туралы өз ойларымен бөлісті. Аталған шараға мен де қатыстым. Маған бұл шара қатты ұнады. Себебі ....

Сөз оралымдары: себебі, менің ойымша, сондықтан, маған ұнағаны, ең табысты болғаны, менің ұсынысым, бір ескертетін жағдай, т.б.

  Дескриптор             Білім алушы

-                      мәтін мазмұнын баяндайды;

-                      мәтіндегі ойды жалғастырады; - берілген сөз оралымдарын қолданады. 2-тапсырма

Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, «Сәнді киіне білесіз бе?» тақырыбында диалог құрастырыңыз.

      Сыпайы киімді киіп тоздырады, сараң киімді жиып тоздырады.

      Танымаған жерде тон сыйлы, таныған жерде бой сыйлы.

      Кең киім тозбайды, кеңесші ел азбайды.

      Киім пішсең, кең піш, тарылтуың оңай.

Дескриптор  Білім алушы

    - тақырып бойынша диалогке қатысады; - мақал-мәтелдерді орынды қолданады.

 

Оқу мақсаты

7.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен образын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Өлеңді мұқият оқыңыз. Не туралы? Шығармадағы жігіттің образы қандай?

Мәтіннен мысалдар келтіре отырып, талдаңыз.

«Жігіт сипаты»

Жігіт боп гауhар тастай асыл болса,  Әлсізге жаны кілең ашыр болса. Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас, Не пайда шүберектей жасыл болса.

Көзі де, көңіл де соқыр қараңғының,

Несі адам түк білмейтін масыл болса. Наркескен қайрылмайтын қылыш болса, Мінез, ақыл, өнері дұрыс болса. Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт Жорғадай тілі майда жүріс болса. Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз, Еткені берекелі жұмыс болса.

Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма? Көріңдер миға салып бұрыс болса. Бозбала шамшырақтай фанар болса, Ішінде қалың топтың жанар болса. Ақиқат адамдықтың белгісі сол,

Су берсең, балдай көріп қанар болса. Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол, Бір сөзді екі қылып жамар болса.

Бұл саған айтқан, досым, өсиетім, Жүре бер тыңдамай - ақ залал болса.

Дескриптор      Білім алушы

-  өлең мазмұнын анықтайды;

-  мәтіннен мысалдар келтіреді;

-  өлеңдегі жігіттің образын табады; - кейіпкер бейнесін талдайды. 2-тапсырма

Кестені толтырыңыз. Жігіт сипатын ашып, өз ойыңызды жазыңыз.

Жігіт сипаты

Менің ойым

гауhар тастай асыл болса ...

 

бір сырлы, сегіз қырлы болса ...

 

жорғадай тілі майда жүріс болса ...

 

шамшырақтай фанар болса ...

 

Дескриптор      Білім алушы

- кестені толықтырады;

- шығармадағы жігіттің сипатын түсінеді; - образ туралы ойын жазады.

Оқу мақсаты

7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Күрделі сөздерді  жазады

      Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады

Қолдану

1-тапсырма

Көгершін әкелген хатты мұқият оқыңыз. Не туралы екенін айтыңыз. Оқшау сөздер мен күрделі сөздерді теріп жазыңыз.  Жазылуына мән беріңіз.

Құрметті дос!

            Сіз киім кию мәдениетін білесіз бе? Модаға сай киіну – қымбат киімдерің болсын деген сөз емес, ол – аз ғана киімнің болып, соны ұқыптылықпен, орны-орнымен, сәнмен, талғаммен киіну, яғни үстіндегісінің бәрі бір-бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз. Сондай-ақ, ішкі, рухани мәдениеті төмен адамның дұрыс, әдемі талғаммен  киіне алуы да екіталай. Тартымды имидж – адамды жақсы жағынан көрсетіп, жаман жақтарын жасырады, яғни сіздің айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуіңізді жеңілдетеді.

Дескриптор      Білім алушы

-  хат мазмұнын түсінеді, не туралы екенін айтады;

-  оқшау сөздерді теріп жазады;

-  күрделі сөздерді теріп жазады; - тыныс белгілерін ажыратады.

2-тапсырма

Хаттағы ойды жалғастырып, досыңызға «Сәнді де жарасымды киіне білу – өнер» екенін айтып, күрделі және оқшау сөздерді қолданып, хат жазыңыз. Хатта төмендегі мәселелер туралы айтыңыз:

      сыртқы келбетке сай киіну;

      киім кию мәдениетін сақтау;

      жағдайға байланысты киіну.

Дескриптор      Білім алушы

-  хаттағы ойды жалғастырады;

-  тақырыпқа сай хат жазады;

-  күрделі сөздерді дұрыс жазады; - оқшау сөздерді дұрыс жазады;

-  хатта айтылған мәселелерді қамтиды.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.5. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Шақ түрлерін ажыратады, қалау райдың қызметін ажыратады

      Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады

Қолдану

Мәтінді оқып, етістіктерді теріп, берілген кестені толтырыңыз. Мәтінді өткен шақта баяндаңыз. Мәтін бойынша келер шақта сұрақтар дайындаңыз.

          Кез келген адамның сыртқы келбеті - рухани жан дүниесінің айнасы. Сол себептен киімді аса ұқыптылықпен, талғаммен кие білген жөн. «Адам көркі – шүберек» дейміз. Бірақ киімнің түсіне қарап та адам мінезін тануға болды екен.

Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттық мінезін танытады. Көбінесе ақты жастар жақсы көреді. Олар өзгеге көмектесуге асығып тұратынын аңғартады.

Қызыл түс тасыған күшті білдіреді екен. Қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Олар - тез шешім шығаратындар, бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. 

Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. 

Алқызыл түс - нәзіктіктің белгісі. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді.

Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. 

Көк түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды. 

Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзін ғана ойлайды. 

 

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТА

РЫ

осы шақ

өткен шақ

келер шақ

 

 

 

Дескриптор      Білім алушы

-  мәтіндегі етістіктерді теріп жазады;

-  етістік шақтарын ажыратады;

-  мәтінді өткен шақта баяндайды;

-  мәтін бойынша келер шақта сұрақтар дайындайды.

2-тапсырма

Төмендегі сөз тіркестерін қалау райлы етістікке айналдырып, сөйлемдер құрастырыңыз. «Сән» тақырыбында диалог дайындап, жұбыңызбен сөйлесіңіз.

Сәнді киіну, таза ұстау, ұқыпты болу, сатып алу, киіп қарау, дүкендерді аралау, сәнмен танысу, т.б.

Дескриптор      Білім алушы

-  қалау райлы етістік жасайды;

-  сөйлемдер құрастырады;

-  тақырыпқа қатысты диалог дайындайды; - айтылымда қалау райды дұрыс қолданады.

 

3-тоқсан

Бөлім   «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»

Оқу мақсаты

Т3.  Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты  қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Тақырыптарға қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді

Білу және түсіну

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сөздермен тыңдалым мазмұнына сай сөз тіркестерін құрастырыңыз.

 XXI ғасырдың алғашқы он жылы ішінде дүние жүзіндегі Интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті. Ал ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны 750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір бұл көрсеткіш 6 миллиардқа тең.

 Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жылдың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың Интернетпен толықтай қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді, ал жылдамдық аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ, Интернет ең шалғай ауылдар мен елді-мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың қолына дәстүрлі телефоннан бұрын жетеді. Мұның барлығы әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның әлдеқайда тиімді, әрі өнімді жұмыс істеуіне, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді.

       Технологиялар мен олардың негізінде пайда болған құралдар көпшілікке қолжетімді болған сайын, олардың мүмкіндіктері де кеңейе береді. Осы саланың мамандарына жақсы таныс Годон Мур тапқан заңдылыққа сәйкес, кез келген компьютердің күшін анықтаушы процессорлардың жылдамдығы әрбір 18 ай сайын екі есе көбейіп отырады. Яғни, 2025 жылғы компьютер қазіргі супер компьютерден 64 есе жылдам болады деген сөз.

      .....    өсті

      .....    жетті

      .....    тең

      .....    дамыды

      .....    кеңейді

Дескриптор    Білім алушы

-  тыңдалым мәтінін түсінеді;

-  сөздермен сөз тіркестерін құрайды.

 2-тапсырма  

Төмендегі кестені толтырыңыз. Тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдер құраңыз.

Сөздер

Аудармасы

Синонимі

Сөз тіркестері

Сөйлем

Дүние жүзі

 

 

 

 

Пайдалану

 

 

 

 

Қолжетімді

 

 

 

 

Ең шалғай

 

 

 

 

Мүмкіндік

 

 

 

 

Дескриптор    Білім алушы

-  сөздердің аудармасын анықтайды;

-  сөздердің синонимдерін табады;

-  сөз тіркестерін жасайды;

-  тақырыптық сөйлемдер құрайды.

Оқу мақсаты

7.А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер,  суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты  сипаттау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Кесте, диаграмма, шартты белгілер,  суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты сипаттайды

Қолдану 

1-тапсырма

Берілген суреттердегі ойды қалай түсінесіз? Сипаттап беріңіз.

Дескриптор     Білім алушы

-  суреттегі негізгі ойды анықтайды; - суреттегі ойды сипаттап береді.

2-тапсырма

Диаграммадағы мәліметті өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Дескриптор     Білім алушы

-  диаграммада берілген мәліметтерді келтіреді;

-  «Ғаламтордағы ойындар» диаграммасындағы мәліметті өз    сөзімен баяндайды; 

-  «Ғаламтор қолданушыларының пайыздық көрсеткіші»        диаграммасындағы мәліметті өз сөзімен баяндайды.

 

Оқу мақсаты

7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Тақырып бойынша  деректерді қолданып, көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді

Қолдану 

1-тапсырма 

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Ғаламтор несімен зиян?

Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді. Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен.

Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен. Зерттеулерге мүлдем компьютер қоспайтын, қоғамдық желілерді бірнеше сағат және күні бойы отыратындар да қатысты. Нәтижелер қуантпады: ғаламторға тәуелді болғандардың басым бөлігі компьютердің алдында тамақ пен газдалған сусындармен отырады. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек. Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды.

Сұрақтар

   Мәтін не туралы?

   Ғалымдардың соңғы зерттеулері не дейді?

   «Қоғамдық желіге құмар жандар». Олар кімдер?

   Сонымен, ғаламтор пайдалы ма, зиян ба?

Дескриптор       Білім алушы

- мәтіннің не туралы екенін, ойын анықтайды; - ғалымдардың қорытындысын айтады;

-             қоғамдық желіге құмар жандарды ажыратады; - сұрақтарға мәтін бойынша нақты жауап береді; - көтерілген мәселені анықтайды.

2-тапсырма

Оқылым деректерін қолданып, төмендегі кестені толтырыңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.

Ғаламтор пайдалы

Ғаламтор зиян

Себебі, .....

Себебі, ...

Дескриптор       Білім алушы

-             берілген кестені толтырады; - оқылым деректерін қолданады; - ойын дәлелдеп жеткізеді.

Оқу мақсаты

7.Ж1. Мәтіндердің  жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,  өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Өтініш, түйіндеме, ресми құттықтауларды ажыратады

      Жанрлық және стильдік ерекшелігін  сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазады

Қолдану 

Төмендегі мәтіндерді жанрымен сәйкестендіріңіз. Берілген сөздерді жанрына қарай топтастырыңыз.

Мәтін

 

Жанры

Сізді Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен ұжым атынан құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз. Еліміздің елеулі азаматы болып, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете беріңіз.

 

ТҮЙІНДЕМЕ

Сізден 2012 жылдың 3 қазанынан бастап денсаулығыма байланысты қызметтік міндетімді атқарудан уақытша босатуыңызды сұраймын. Сырқаттану қағазын емделіп болғаннан кейін ұсынамын.

ҚҰТТЫҚТАУ

Ол - «Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні». Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазы. Ол -  сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз. 

 

ӨТІНІШ

Тірек сөздер:

Ақпарат, тілек, нақты мәлімет, сұраныс, еңбек өтілі, ізгі ниет, туған жері, шын жүректен, білімі – жоғары, құрметті, тегі.

      Құттықтау:

      Өтініш:

      Түйіндеме:

Дескриптор            Білім алушы

-  өтініш, түйіндеме, құттықтау стилін ажыратады;

-  мәтін мен оның жанрын сәйкестендіреді; - сөздерді жанрына қарай топтастырады. 2-тапсырма 

Стильдік ерекшелігін сақтап, «Ғаламтормен жұмыс жасау» тақырыбында  өтініш, түйіндеме, құттықтау жазыңыз.

Дескриптор            Білім алушы

-  өтініш, түйіндеме, құттықтау жазады; - жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды; - тақырыпқа қатысты жазады.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.6. Мақсат және  себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма 

Білім алушы

Мақсат және  себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады

Қолдану 

Сөйлемдерден мақсат және  себеп-салдар үстеулерін табыңыз.

      Microsoft Еxcel – әдейі ойлап табылған әдіс, электрондық кестелер бағдарламасы.

      Жастардың есіл уақытын  ғаламтор босқа ұрлап жатыр.

      Күні-түні әлеуметтік желілерде отыру - денсаулықты бекерге құрту деген сөз.

Дескриптор    Білім алушы

-   мақсат және себеп-салдар үстеулерді ажыратады; - сөйлемдегі үстеу түрлерін ажыратады.

2-тапсырма 

Суреттерге қарай отырып, «Мен және ғаламтор» тақырыбында жұбыңызбен сөйлесіңіз (диалог). Мақсат және себеп-салдар үстеулерін пайдаланыңыз.

Дескриптор    Білім алушы

-   «Мен және ғаламтор» тақырыбында диалог құрастырады; - сөйлесімде мақсат және  себеп-салдар үстеулерін қолданады.

3-тапсырма 

Жоғарыда айтылған мәліметтерді қорытындылап, «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет» тақырыбында мәтін құрастырыңыз. Мақсат және  себеп-салдар үстеулерін қолданыңыз.

Дескриптор    Білім алушы

-   айтылған мәліметтерді қорытады;

-   тақырыптық мәтін құрастырады;

-   жазылымда үстеу түрлерін орынды қолданады.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Одағай түрлерін ажыратады

      Ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады

Қолдану

Берілген одағайларды түрлеріне қарай топтастырыңыз. Әртүрлі мәндегі одағайлармен сөйлемдер құрастырыңыз.

Пәлі, пырс, түу, ойпырай, моһ –моһ, тәйт, уһ, алақай, кә-кә, жә, пай – пай, туу, уһ, әттең, құрау-құрау, аһ, шөре-шөре, көс-көс, айт.

Көңіл күй одағайлары

Жекіру одағайлары

Шақыру одағайлары

 

 

 

1.      Шаттану ....................................................................................

2.      Таңырқау ..................................................................................

3.      Сүйсіну .....................................................................................

4.      Ренжу .......................................................................................

5.      Өкіну .........................................................................................

Дескриптор     Білім алушы

-               көңіл күй одағайларын ажыратады;

-               жекіру одағайларын ажыратады;

-               шақыру одағайларын ажыратады; - одағай түрлерімен сөйлемдер құрастырады. 2-тапсырма

Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, диалог құрастырыңыз. Одағайларды қолданыңыз.

«Кітапты қайтесің, барлығы да ғаламторда тұрған жоқ па?» 

«Қазіргі компьютер заманында кітаптың орнын ғаламтор алмастыра ала ма?»

«Әлеуметтік желі арқылы әңгімелесу мен достасудың салдары қандай?»

Дескриптор     Білім алушы

-               тақырып бойынша диалог құрастырады;

-               айтылымда одағай түрлерін дұрыс қолданады.

Бөлім  «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы»

Оқу мақсаты

7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Негізгі ақпаратты анықтайды

Білу және түсіну

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.

 Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әртүрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.  Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.

Сұрақтар

   Домбыра қандай аспап?

   Домбырада күй ойнаудың қандай қағыстары аталады?

   Домбыра қандай түрлерге бөлінеді?

Дескриптор             Білім алушы

-  мәтін мазмұнын ашады;

-  мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма

Дұрыс/бұрыс/айтылмаған ақпараттарды анықтаңыз.

Ақпараттар

Дұрыс

Бұрыс

Айтылмаған

Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді.

 

 

 

Домбыра қазақ даласында кеңінен танылмаған аспап.

 

 

 

Домбыра аспабында тек халық күйлері ғана орындалады.

 

 

 

Домбыра  үрмелі аспаптар тобына жатады.

 

 

 

Батыс аймақтарда төкпе күйлер кең таралған.

 

 

 

Домбыраның «Балақай домбыра» деген түрі бар.

 

 

 

Дескриптор    Білім алушы

- дұрыс ақпараттарды анықтайды; - бұрыс ақпараттарды ажыратады;

- айтылмаған ақпараттарды табады.

Оқу мақсаты

7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Диалогке қатысушылар «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады

Қолдану

   Берілген сұрақтарды топта талқылаңыз. Кезектесе отырып жауап беріңіз. «Домбыра: не білемін? не білдім? не туралы білгім келеді деген тақырыпта сөйлесіңіз. «Сөйлеуші -- тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырыңыз.

     Домбыра қандай аспап?

     Домбыра неден жасалады?

     Домбыраның қандай түрлері бар?

     Домбыраның құрылысын атаңыз.

     Қандай күйшілерді білесіз?

Дескриптор      Білім алушы

-              берілген сұрақтарды топта талқылайды;

-              кезектесе отырып жауап береді;

-              «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырады;     - тақырыптық диалог құрастырады.

2-тапсырма

«Егер де мен күйші болсам ...» деген тақырыпта диалог құрастырыңыз.

Дескриптор      Білім алушы

-              тақырыптық диалог құрастырады;

-              кезектесе отырып жауап береді;

-              «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырады.

Оқу мақсаты

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады

Жоғары деңгей дағдылары

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Берілген үлгі бойынша мәтіндерге талдау жасаңыз.

Домбыра туралы аңыз

Ертеде жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап келе жатқан бір батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Батыр көлеңкеге отырады. Жанындағы ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тағады. Өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспаптан ешқандай дыбыс шықпайды. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағашты көреді. Шошыған батыр мұны шайтанның ісі деп ойлайды. Сонан бері, бұл ағаш “шайтан тиек” деп аталып келеді. 

Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап

Домбыра - қазақ халқының өте ертеден кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Аспап ағаштан жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі, құлағы, тиегі, шанағы болады. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ. 

Домбырада ойнау, домбыраны тыңдау ғажайып сезімге бөлейді. Домбыра туралы айтқанда қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі елестейді. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы қазақ халқының барша қасиетін түсінуге болады. 

Домбыра арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндейді. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға құштарлығы оянады, еңбек етуге құштарлығы жоғарылайды.

Екі мәтіннің ұқсастығы

 

Екі мәтіннің айырмашылығы

 

1-мәтін

2-мәтін

 

 

Идеясы

Аудиториясы

 

 

Мазмұны

 

 

Дескриптор     Білім алушы

-  мәтінді оқып, мазмұнымен танысады;

-  екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

-  негізгі идеясын салыстырады; - аудиториясын анықтайды;

-  мазмұнын қысқаша баяндайды.

Оқу мақсаты

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды

      Келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазады

Қолдану

Тапсырма

      Төмендегі жазылым тақырыптарының бірін таңдаңыз;

      Көтерілген мәселе туралы ойланыңыз; Келісу/келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз;

      Эссенің құрылымы мен дамуын сақтаңыз.

1. «Домбырада адамдарды өзіне тартатын ерекше  қасиет бар. Ол күш (энергия) жоғарғы әлемдегі (космология) ата-балалар рухынан тарайды», - деген пікірмен келісесіз бе? Себебін жазыңыз. 2.       «Қазіргі жаңа технологиялар заманында домбыраға деген көзқарас өзгерді.

Жастардың  домбыра  туралы білгісі де келмейді».

Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

Дескриптор     Білім алушы

- көтерілген мәселе туралы ойланады; - келісу/келіспеу себептерін көрсетіп жазады; - эссенің құрылымы мен дамуын сақтайды.

Оқу мақсаты

7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданады

Қолдану 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі ойды дамытып, жалғастырып жазыңыз.

Жазылымда теңеу мен метафораны қолданыңыз.   

 Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнау, домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғалғанда көңілде қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың  барша қасиетін түсінуге болады.   Домбыра үні арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндей алады. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, мәдени ойөрісі жоғарылап, білімге, еңбек етуге деген құштарлығы арта түседі.   

 Дескриптор            Білім алушы

-  мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды;

-  мәтіндегі ойды жалғастырып жазады; - жазылымда теңеуді қолданады;

-  жазылымда метафораны қолданады.   

 

Оқу мақсаты

7.ТБ1.5. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ,  мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Шақ түрлерін ажыратады, қалау райдың қызметін ажыратады

      Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады

Қолдану

Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларын орындаңыз:

      Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, шағын (өткен шақ, келер шақ) анықтаңыз.

      Мәтіннен қалау райлы етістіктерді табыңыз; Мәтін мазмұнын өз сөзіңізбен келер шақта баяндаңыз.

Домбыра Party

– Домбыра Party туралы ең алғаш Facebook әлеуметтік желісінен естідім. Суреттер мен пікірлерді көріп, бұл жобаға қызыға бастадым. Біраз уақыттан кейін Нұрғиса ағамыздың жазған постын оқыдым. Ол жерде бұл кісі Лондонға келетінін және Домбыра Party ұйымдастыратынын жазып, осы жерде жүрген қазақтардың хабарласуын сұрапты. Мен де бұл мәселе қашан шешіледі екен, болатын уақыты мен жері қашан анықталады екен деп біраз уақыт күттім. Сүйінші хабарды желі бойынша жан-жаққа тараттық. 

 Әрине, басында «Лондондағы Домбыра Pаrty-ге аз адам келіп, ұят болып қалмағай» деп те уайымдадық. Себебі жанымда жүрген қазақ студенттерінің көбісінің оқуы аяқталып, елге кеткен болатын. 6 шілде – Астанамыздың туған күнінде «University College London» атты оқу ордасында өткен шараға қырыққа жуық қазақ жиналды. Жиналып қана қоймай, Нұрғиса ағамызды қолдап, өздері де қолдарына домбыраны алып, өнерлерін көрсетті. Көшеде серуендеп жүріп, бізді кездестіріп қуанған қазақтар да болды. Домбыраның үнін естіп, арамызға келіп қосылып жатты. Біраз қазақ бауырларымыз шетелде жүріп, өз елін сағынғаны байқалды. Осы Домбыра Party арқылы шетелде жүрген қазақтар өздерін Қазақстанда болып қайтқандай сезінген шығар. Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе берсе екен деп тілеймін. Мен де Домбыра Party-дің Лондонда жалғасын табуын қадағалап, көмегімді тигізуге әзір екенімді айтқым келеді.

Іңкәр ОСПАНБЕК, Лондон қаласы. www.aikyn.kz/news/view/26245

Дескриптор      Білім алушы

- мәтіндегі етістіктерді теріп жазады; - етістіктердің шағын анықтайды;

- мәтіннен қалау райлы етістіктерді табады; - мәтін мазмұнын келер шақта баяндайды.

Бөлім  «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»

 

Оқу мақсаты

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Әдеби шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. 4 түлік малдың төлдерін сәйкестендіріңіз.

Малдың баласын сүюі

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, «Ештеңені білмейтін момыным!» деп. Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, «Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп. Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп. Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.

Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп, «Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.

4 түлік

 

Төлі

жылқы

лақ

түйе

бұзау

сиыр

құлын

қой

бота

ешкі

қозы

Дескриптор          Білім алушы

-  өлең мазмұнын анықтайды;

-  төрт түлік малды төлдерімен сәйкестендіреді.

2-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріп, тыңдалым мазмұны бойынша кестені  толықтырыңыз.

      Өлең не туралы?

      «Боташым», «құлыным» деген сөздерді тағы кімнен естідіңіз?

      4 түлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?

4 түлік

 

Төлі

 

Қандай?

жылқы

лақ

тұлпар

түйе

бұзау

қорқақ

сиыр

құлын

момын

қой

бота

шұнақ

ешкі

қозы

көзі

жаудыраған

Дескриптор         Білім алушы

- төрт түлік малдың төлдерін ажыратады; - өлең мазмұны бойынша кестені толықтырады; - өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Оқу мақсаты

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және

 

сөйлем ішінде орынды қолданып айту

 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

 

Тапсырма

Білім алушы

Екпін түрлерін дұрыс қолданады

Қолдану

Жазғы демалыста бауырыңмен бірге жайлаудағы/ауылдағы ата-әжеңе қыдырып бардыңыз. Ол жерде қызықты оқиғалар болды. Төмендегі суреттермен сұрақтарды қатыстырып,  әңгіме құрастырыңыз. Ауызша мәтіндерде екпін түрлерін дұрыс қолданып айтыңыз.

      пойыздан қашан түстіңіз, неше сағат жүрдіңіз, пойызда  немен айналыстыңыз?

      жайлауда қайда тұрдыңыз?

      ол жердің табиғаты, ауа райы қандай болды?

      әжеңіз қандай тағамдар дайындады?

      олар қайдан алынады, қалай жасалады?

      қайда серуендеп бардыңыз?

      қызықты оқиғаны баяндаңыз.

      жайлауда қандай мал көрдің?

      олардың пайдасы қандай?

 Дескриптор               Білім алушы

- жағдаятты дамытады;

- суреттер бойынша әңгіме құрастырады;

-  сұрақтарға жауап береді;

-  айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады.

Оқу мақсаты

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады

Қолдану 

1-тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңыз.

Төрт түліктің пайдасы

Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі. Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол шөлге шыдамды, көшкенде - көлік, жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім, шапан не тек жамылғы көрпелер жасаған, аяққа басуға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасын, сүтін емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.

Сиыр үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп  есептелген. Ертеде сиырдың терісінен ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.

Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, сүті майлы әрі жұғымды, қонақ асы. Қой мен ешкінің иленген терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады. Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. 

 Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт орамалдар тоқиды. 

 Жылқы - қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал, оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні тоңдырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазықарта, жал-жая жасайды.

Төрт түлік

Пайдасы

Еті мен сүтінен ...

жасалады

Жүні мен терісінен

...

жасалады

Түйе

 

 

 

Жылқы

 

 

 

Сиыр

 

 

 

Қой

 

 

 

Ешкі

 

 

 

Дескриптор   Білім алушы

-    қажетті мәліметтерді жинақтайды;

-    мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, кестені толтырады.

2-тапсырма

Төрт түлік қасиетін топтастырыңыз. Қандай? деген сұраққа жауап беріңіз.

Дескриптор   Білім алушы

-    төрт түлікті топтастырады;    -  сұраққа жауап береді.

Оқу мақсаты

7.Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, презентация түрінде ұсыну

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды

      Презентация жасайды Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Мәтінді оқып, презентацияға қажетті мәліметтерді белгілеңіз. Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жинақтаңыз.

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде атабабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп-қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе - асы, кисе - кисе киімі, мінсе көлігі, жапанда серігі - болған. Ата-бабаларымыз «мал-жан аман ба?» деп амандасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, оларды бағып, күтіп, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдың пірлері бар.

Түйе пірі - Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Пайғамбар дәуірінде өмір сүрген өмірін түйе бағумен өткізген. Ол өз елінің түйелерін бағып өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған.       

 Сиыр пірі - Зеңгі баба. Бұл да өмірде болған адам. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, түркілер арасында пір болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде. 

         Жылқы атасы - Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар.           

 Жылқы атасы - Қамбар ата. Кейбіреулер оны «Қамбар батыр» жырының кейіпкері дейді. Ол атқа мініп жауға шапқан нағыз батыр адам. Сондықтан халық елін жаудан қорғаған ерін, пір тұтады.

 Қой атасы - Шопан ата. Ол - ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген аңыздық тұлға. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз-әңгімелер көп.     

Ешкі пірі - Сексек ата. Дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында жерленген Исмайыл атаның баласы. Бірақ аз зерттелген.

Үлгі:

      Ат – ер қанаты

      Қой сүті – қорғасын

      Тай - атқа жеткізер, ат - мұратқа жеткізер

Дескриптор    Білім алушы

- мәтіннен презентацияға қажетті мәліметтерді белгілейді; - тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер табады; - нақыл сөздер жинайды.

2-тапсырма

Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Төрт түлігім - ырысым» тақырыбында презентация дайындаңыз.

Төмендегі презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз.

      4-5 слайдтан кем не артық болмауы тиіс;

      барлық слайдтар бірыңғай стильде құрылуы керек;

      мәліметтер жинақы, ой қысқа да нұсқа берілуі керек; презентациядағы барлық сөз саны  90-100-ден аспауы шарт.

Дескриптор               Білім алушы

-  тақырыпқа қатысты презентация дайындайды; - мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады; - презентация талаптарын сақтайды.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Топтау сан есімдерін ажыратады

      Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады

Қолдану

Мақалдардағы сан есімдерді тауып, топтау сан есімдеріне айналдырып жазыңыз.

      Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар.

      Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер.

      Бір түлікке бай болғанша, әр түлікке сай бол.

      Қой анасы - оннан, жылқы анасы - бестен.

      Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.

Дескриптор   Білім алушы

-  мақалдардан сан есімдерді табады;

-  топтау сан есімдерінің жасалу жолын анықтайды; - есептік сан есімдерді топтау сан есімдеріне айналдырады.

2-тапсырма

Төмендегі топтау сан есімдерімен сөз тіркесі, сөйлем құраңыз. Топтау сан есімдерін қолданып, «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі» тақырыбында диалог құрастырыңыз. 

Топтау сан есімдері

Сөз тіркесі

Сөйлем

жүз-жүзден

 

 

он-оннан

 

 

екі-үштен

 

 

елуден

 

 

мың-мыңнан

 

 

жиырмадан

 

 

 Дескриптор   Білім алушы

-  топтау сан есімдерімен сөз тіркесін құрастырады;

-  топтау сан есімдерімен сөйлем құрайды;

-  диалогте топтау сан есімдерін орынды қолданады.

Бөлім  «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»

Оқу мақсаты

7.Т5. Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Тірек сөздерді табады

      Негізгі ойды анықтайды

Білу және түсіну

1-тапсырма

Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтар дайындап, жауап беріңіз. Мәтінге тірек болатын етістіктерді теріп жазыңыз.

 22 наурыз - Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды. Бұл күн қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бірбірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Ренжіскен адамдар татуласады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Осы күні адамдар арам пиғыл, жаман ниеттен тазарады. 

 Алтыбақан басында ән айтылып, би биленеді, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы — тазаланған арықтарға су жібереді, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін жасайды. Наурыздан кейінгі 2-күні жұрт жаппай көктемгі егіске кіріседі. 

Үлгі: аралайды, киеді, құшақтасады, татуласады, тазарады, т.б.

Дескриптор       Білім алушы

-  мәтінді мұқият тыңдайды;

-  сұрақтар дайындайды/жауап береді;

-  мәтінге тірек болатын етістіктерді жазады;

2-тапсырма

Тірек сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз. Сөз тіркестерін пайдаланып, негізгі ойды баяндаңыз.

      Қыдыр ата ….

      Ер адамдар  …

      Әйел адамдар ...

      Көршілер …

      Жастар …

Дескриптор       Білім алушы

-  тірек сөздермен сөз тіркестерін жасайды;

-  тірек сөздерді пайдаланып, негізгі ойды баяндайды.   

Оқу мақсаты

7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

      Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық беру формаларын ажыратады

      Ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын түрлі жағдаяттарға сай қолданады

Қолдану

Тапсырма

Сіз ата-анаңызбен бірге Наурыз мерекесін тамашалауға алаңға шықтыңыз. Алаңда не көрдіңіз? Суреттерді пайдаланып, көрген қызықты оқиғаларды досыңызға баяндаңыз.

Дескриптор     Білім алушы

-  жағдаят бойынша сөйлейді;

-  суреттерді қатыстырып айтады;

-  сұрақтарды қамтиды;

-  айтылымда ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.


7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндерді ажыратады

      Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерга талдау жасайды

Қолдану 

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіннің стилін анықтаңыз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.

Құрметті ата мен әже!  Аташым, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Ғұмырың ұзақ болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!

 Ақ Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, бізге берер өнегең таусылмасын! Наурыз мерекесі сізге дүниенің бар жақсылығын әкелсін!

Саялы алақаныңыздан жылу кетпесін!  Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз сіздерге көктем күнінің күшін әкелсін! 

 Шаңырағымызға береке, ырыс кірсін!

Игі тілекпен, немереңіз Сәбит

Дескриптор      Білім алушы

-             мәтіннің стилін анықтайды;

-             пікірін мысалдармен дәлелдейді. 2-тапсырма

Мектепте Наурыз мерекесін тойлау, ұйымдастыру жолдары туралы ұсыныс жасаңыз. 

Дескриптор      Білім алушы

-             ұсыныстың  стилін ажыратады;

-             наурыз мерекесін тойлау туралы ұсыныс жасайды.

 

 

Оқу мақсаты

7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс  жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Күрделі сөздерді дұрыс жазады

      Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады

Қолдану

Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен күрделі сөздерді табыңыз, түрін анықтаңыз.

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. 

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақстан Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді.

Дескриптор   Білім алушы

-   мәтіннен күрделі сөздерді табады; - күрделі сөз түрлерін ажыратады.

2-тапсырма

Төмендегі ойды жалғастырып жазыңыз. Оқшау сөздерді қолданыңыз, тыныс белгілерін ескеріңіз.

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. 

Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, жақсы тілектер айтады…

Дескриптор   Білім алушы

-   берілген ойды жалғастырып жазады; - күрделі сөздерді дұрыс жазады; - оқшау сөздерді  қолданады.

-   оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.

7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді ажыратады

      Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады

Қолдану 

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратыңыз. Кестені толтырыңыз.

      Наурыз күні әр жерге үлкен от жағады, отқа май құяды.

      Ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады: бұл - тоқшылықтың белгісі.

      Жаңа шыққан жеті дәнге қарап болашақты болжайды және жеті ақ кесемен наурыз көже ұсынады;

      Наурыз мейрамы – өте ертеден келе жатқан көне мейрам, бірақ діни мереке емес.

Ыңғайлас салалас

Қарсылықты  салалас

Түсіндірмелі  салалас

 

 

 

Дескриптор   Білім алушы

-                      ыңғайлас салаласты анықтайды;

-                      қарсылықты салаласты ажыратады;

-                      түсіндірмелі салаласты табады;  - кестені дұрыс толтырады.

2-тапсырма

«Наурыз мейрамы – бақыттың бастауы» тақырыбында мәтін құрастырыңыз. Жазылымда салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданыңыз.

Дескриптор   Білім алушы

-                      тақырып бойынша мәтін жазады;

-                      жазылымда салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданады.

4-тоқсан

Бөлім  «Жастықтың оты қайдасың?»

Оқу мақсаты                                    7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау

Бағалау критерийі                        Білім алушы

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды

Ойлау дағдыларының                  Қолдану

деңгейі 1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Бір қалада әйгілі ұстаз өмір сүріпті, оның шәкірттері көп болған екен. Бір күні сол шәкірттердің бірі: «Осы біздің ұстазымыздың жауап бере алмайтын сұрағы бар ма екен?» деп ойланып қалды. Ол гүлденіп тұрған шалғынға барды, ең әдемі көбелекті ұстап алды және оны екі алақанының арасына тығып ұстады. Ол ұстазға келді де, сұрады: - Менің қолымда қандай  көбелек бар, ол тірі ме әлде өлі ме екенін айтыңызшы? Ол көбелекті жұмылған алақандарында қысып ұстап тұрды. Өзінің шындығы үшін көбелекті кез келген уақытта қысып жіберуге дайын болды. Ұстаз оқушының қолына қарамай-ақ жауап берді. 

.................

Ø Үзінді не туралы екенін болжаңыз.

Ø Шәкірт не себепті ұстазын сынамақ болды деп ойлайсыз?

Ø Оқиғаны дамытып, ойды жалғастырыңыз.

Ø Ұстаз шәкіртіне қандай жауап қайтаруы мүмкін?

Ұстаз оқушының қолына қарамай-ақ жауап берді: - Бәрі өзіңнің қолында, бәріне өзің иесің, барлығын да білесің!

Дескриптор       Білім алушы

-  мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - оқиғаны дамытып, ойды жалғастырады. 2-тапсырма 

Өзіңіз болжаған оқиғаны мәтін қорытындысымен салыстырыңыз. Пікіріңізді айтыңыз. «Өз бақытың - өз қолыңда» деген дана сөзімен келісесіз бе? Ойыңызды мысалмен дәлелдеңіз.

Дескриптор       Білім алушы

-  екі мәтін қорытындысын салыстырады;

-  пікірін білдіреді; 

-  келісу/келіспеу себебін айтады; - ойын мысалмен дәлелдейді.

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

Әдеби шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Екі үзіндіні салыстырып, талдаңыз.

Жастықтың оты, қайдасың?

Абай Құнанбаев

Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай?

Адамның тауып айласын, Кісілікті ойламай.

Қаруын көңіл сайласын,

Қолға ол түспес бойламай.

«Мен жастарға сенемін»

Мағжан Жұмабаев

Арыстандай айбатты, 

Жолбарыстай қайратты, 

Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін! 

Көздерінде от ойнар, 

Сөздерінде жалын бар. 

Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!

Кестені толтырыңыз.

 

1-шығарма

2-шығарма

Тақырыбы

 

 

Идеясы

 

 

Мазмұны

 

 

Түйін

 

 

Дескриптор       Білім алушы

-  үзінділерді салыстырады;

-  тақырыбын анықтайды;

-  идеясын көрсетеді; - мазмұнын жазады; - түйін жасайды.


7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық беру формаларын ажыратады

      Ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын түрлі жағдаяттарға сай қолданады

Қолдану

Аяқталмаған тезисті аяқтауға көмектесіңіз. 

(Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Сиқырлы қобдишадан қағазды суырып, аяқталмаған тезисті жалғастырады).

Егер мен сиқыршы болсам, онда мен ..........................................................

Егер адамның кемшіліктерін байқасаң, онда ...............................................

Мен өзімнің досымның жағымсыз істер жасап жатқанын көрсем................

Жақсы өмір дегеніміз – бұл……………………………..................................... Адам болу дегеніміз – бұл………………………………………….....................

Өмірдегі ең басты нәрсе – бұл ………………………………………………….

Досың көп болу үшін …………………………………………………..................

Адам бақытты болу үшін……………………………………………………...…..

Мен сыпайы адамды кездестірген сайын…….......... ………… деп ойлаймын.

Мен өзімді ……………………....................…кездерде аса бақытты сезінемін.

Меніңше жақсылық пен жамандық .................................................................… Неге барлық адамдар ................................... болмайды екен?

Дескриптор        Білім алушы

- тезисті өз ойымен жалғастырады; - тақырыптық сөйлем құрастырады.

2-тапсырма

«Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек» тақырыбында жұбыңызбен сұхбаттасыңыз. Сөз әдебін қолданып, этикет формаларын сақтаңыз.

Амандасу, кешірім сұрау, ризашылық білдіру, алғыс айту, жұбату, рақмет айту, қоштасу.

Дескриптор        Білім алушы

- тақырып бойынша диалог құрастырады;

- сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Диалогке қатысушылар «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.

Қолдану

Тапсырма

Төмендегі сұрақтардың     біреуіне өзара           диалог            құрастырыңыз.       «Сөйлеуші    - тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырыңыз.

3-ке бөлініңіз: репортер, респондент, хатшы.

Рөлдер

Репортер төмендегі сұрақтар бойынша сұхбат алады.

Респондент жауап береді. 

Хатшы жазып отырады және бағалайды. 

Сұрақтар

1.      Қазіргі жастардың қызығушылығы неде?

2.      Қазіргі жастар тым талапшыл ма?

3.      Қазіргі жастар үшін ең басты құндылық қандай?

4.      Қазіргі жастар неге ұялы телефонға тәуелді?

Орындау шарты

      Сұраққа жауаптар  нақты, түсінікті болу керек.

      Әр мәтінге үш сұрақтан құру керек (екі жеңіл, бір талқылау сұрағы).

      Сұрақ жауаптары бөлек параққа жазылу қажет.

      Қорғау уақыты - 2 минут

Дескриптор    Білім алушы

-   тақырыптық диалогке қатысады;

-   сұраққа жауап береді; 

-   диалогті бағалайды;

-   уақытпен жұмыс істейді;

-   «сөйлеуші - тыңдаушы» позицияларын ауыстырады.

7.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен образын талдайды

Қолдану

Мәтінді мұқият оқыңыз, мазмұнын баяндап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды. Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, өнерлі, әнші, математикадан нашар болғанмен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін», -  дейді баласын мақтап.

Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін біледі.

Шамасы балам болашақта үлкен бизнесмен болады-ау», -  деп мақтанады.

Үшінші ана үндемей тұрып қалады.

Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалған үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.

Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді.

Қай баладан болашақта не күтуге болады?

Сұрақтар

      Үш ананың әңгімесі не туралы?

      Қария балаға неліктен алғыс айтты?

      Әңгімеге қандай тақырып қоюға болады?

Дескриптор     Білім алушы

-  сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма

Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен образын талдаңыз.

 

Бірінші бала

Екінші бала

Үшінші бала

Кейіпкердің суреттелуі

 

 

 

Кейпкерлердің  іс-әрекеті

 

 

 

Қоршаған ортаға әсері

 

 

 

Кейіпкерлердің адами ұнамды қасиеттері

 

 

 

Дескриптор     Білім алушы

-  шығармадағы кейіпкерлерді суреттейді; - іс-әрекетіне баға береді; - образын талдайды.


7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

Білім алушы

      Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады

Ойлау дағдыларының                Қолдану

деңгейі 1-тапсырма

Сұхбатты оқыңыз. Төмендегі үлгі бойынша мәтіндегі сөйлемдерді, ойларды шартты белгілермен белгілеңіз.

ХХІ ғасыр және бүгінгі ұрпақ

ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа  бақыт сыйлаған кезең деп санаймыз. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Білімді, сауатты азаматтар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ — бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс…», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.

Кез келген азаматтың өмірге қойған айқын мақсаты мен арманы болады. Себебі арман мен мақсат болашаққа жетелейді. Ата-бабаларымыздың аңсап, тәуелсіздік жолында күрескен арманы орындалды-ау.

Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де өміріні қиған. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

V

+

-

?

Бұл маған белгілі ақпарат

Мен үшін жаңа ақпарат

Бұл менің ойыммен сәйкес емес

Мен үшін  жұмбақ нәрсе

Дескриптор     Білім алушы

-  мәтінді талдап оқиды;

-  мәліметтерді жинақтайды;

-  шартты белгілермен белгілейді.

2-тапсырма

Мәтіндегі негізгі мәліметтерді анықтап, кесте не сызба түрінде ұсыныңыз.

Дескриптор     Білім алушы

-  мәтіндегі негізгі мәліметтерді анықтайды; - кесте не сызба түрінде ұсынады.

Оқу мақсаты

7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданады

Қолдану

Тапсырма

«Қазіргі жастардың бойында ұлттық құндылықтар бар ма, бар болса қандай?» деген сұраққа жауап жазыңыз. Берілген теңеу мен метафораларды қолданыңыз. Сөз көлемі - 100-120 сөз.

Теңеулер: арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, сүттей ақ, судай таза, жанған жұлдыздай, батырдай мықты, қазақ атамыздай, таудай талапты, т.б.

Метафоралар: көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, арманы асқақ, жүрегі – от, ойы – аспан, қайраты тасқан, жұмсақ мінез, алтын бесігім, жылы ұям, т.б. ПОПС әдісін қолданыңыз.

1.  Менің ойымша ...

2.  Мен мұны былай дәлелдеймін ...

3.  Мен бұған мынандай мысалдар келтіремін ... 4. Мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...

Дескриптор     Білім алушы

-   сұраққа жауап жазады;

-   жазылымда теңеуді қолданады;

-   жазылымда метафораны қолданады; - ПОПС әдісімен жазады; - сөз көлемін сақтайды.

7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану Білім алушы

Топтау сан есімдерін ажыратады

Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының              Қолдану

деңгейі 1-тапсырма

Кестені толтырыңыз, топтау сан есімдерінің жасалу жолын көрсетіп, мысалдар келтіріңіз.

ТОПТАУ САН ЕСІМ

Ережесі

 

Жасалу жолы

 

Мысалдар

 

Дескриптор             Білім алушы

-                    топтау сан есімінің ережесін жазады; - жасалу жолын көрсетеді;

-                    мысалдармен дәлелдейді. 2-тапсырма

Сөйлемдерді мұқият тыңдап, сауатты жазыңыз. Сан есімдерді тауып, топтау сан есімдеріне айналдырыңыз. Бір-біріңізді тексеріңіз! 

      Біздің сыныпта жиырма бес оқушы бар.

      Озат оқушы саны – жетеу.

      Елу үшке бөлінбейді.

      Біз бес топқа бөліндік.

      Мен жетінші сыныпта оқимын.

Дескриптор             Білім алушы

- сөйлемдерді қатесіз жазады;

-                 сан есімдерді табады;

-                 топтау сан есіміне айналдырады; - бір-бірін тексереді. 3-тапсырма

Топтау сан есімдерін қолданып, «Жастар ұнататын ойындар» тақырыбында сөйлесіңіз.

Дескриптор              Білім алушы

- тақырып бойынша сөйлеседі;

- топтау сан есімдерін қолданады.

Бөлім  «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары»

Оқу мақсаты

7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Негізгі ақпаратты анықтайды

Қолдану

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Ұялы телефон

Ұялы телефонның тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы телефонды ойлап тапқан Motorola компаниясының қызметкері Мартин Купер болды. Өнертапқыш адам баласы телефонды өзімен бірге алып жүру идеясын жүзеге асырды. Әлемдегі алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болса, өлшемдері  22,5х12,5х3,75 см-ге тең еді. Жарық диодты дисплей теріп жатқан телефон нөмірін көрсету функциясын атқарды. Аккумулятордың сыйымдылығы жарты сағат сөйлесуге жетсе, зарядтау процесі 10 сағатты талап ететін. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

Сұрақтар

Жауаптар

1

Ұялы телефондардың тарихы қай уақыттан басталады?

 

2

Ұялы телефонды алғаш рет ойлап тапқан кім?

 

3

Өнертапқыш адам үшін қандай телефонды ойластырды?

 

4

Қазіргі телефондардың қолдану аясы қандай?

 

Дескриптор     Білім алушы

-  мәтін мазмұнын анықтайды;

-  сұрақтарға толық жауап береді.

2-тапсырма

Төмендегі ұялы телефондарды сипаттаңыз, ерекшеліктерін айтыңыз. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы диалог құрастырыңыз. 

Дескриптор     Білім алушы

-  ұялы телефондарды сипаттайды;

-  телефондардың ерекшелігін салыстырады; - телефонның пайдасы туралы айтады;

-  телефонның  зияны туралы айтады.        

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

Білім алушы

Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының       Қолдану деңгейі

1-тапсырма

Мәтіннің қиындыларын біріктіріп, реті бойынша орналастырыңыз. Екпін түрлерін айтыңыз. Екпінді дұрыс қойып, оқып беріңіз.

Қиындылар

Мәтін

Кәсіби әңгімешілер аптасына 10 мыңға жуық адаммен сөйлеседі екен. Ал, Жапонияда жазушылардың беделі басым. Өздерін райтер деп атайтын бұлардың қарапайым жазушыдан айырмашылығы – олар SMS-хаттар дайындайды.

Интернет басылымдары әлемдегі ең қызық мамандықтардың тізімін жасапты. Токиода бір мамандық түрі пайда болыпты. Ол – қарапайым әңгімелесуші. Миллиондаған халқы бар үлкен қалада жалғызсырап жүрген кез келген адам әңгімелесушінің көмегіне  ж ү г і н е  а л а д ы .  Б ұ л  ү ш і н  к і с і 

к ө п шоғырланған  көшелерде  арнайы дүңгіршектер орнатылған. Кәсіби әңгімешілер аптасына 10 мыңға жуық адаммен сөйлеседі екен Ал, Жапонияда жазушылардың беделі басым. Өздерін райтер деп атайтын бұлардың қарапайым жазушыдан айырмашылығы

–      олар      SMS-хаттар       дайындайды.

Операторлардың айтуынша, жапондықтар күніне бір-біріне 2 млрдқа жуық хабарлама жібереді екен. Ал жазғыштар ерекше хат үшін 1 цент «қаламақы» алады. Қытайдың кез келген қаласынан қоғамдық дәретханалар гидін кездестіруге болады. Бірақ гидтің жол нұсқағаны үшін 4 цент төлейсіз. Әрбір ағылшын өмірінің бір жылын кезекке тұрумен өткізеді екен. Енді олардың 40 доллар төлеп, алтын уақытын тиімді жұмсауға мүмкіндігі бар. Британияда ашылған жаңа мекеме кезекке тұрумен айналысады.

Бірақ гидтің жол нұсқағаны үшін 4 цент төлейсіз. Әрбір ағылшын өмірінің бір жылын кезекке тұрумен өткізеді екен. Енді олардың 40 доллар төлеп, алтын уақытын тиімді жұмсауға мүмкіндігі бар. Британияда ашылған жаңа мекеме кезекке тұрумен айналысады.

Интернет басылымдары әлемдегі ең қызық мамандықтардың тізімін жасапты. Токиода бір мамандық түрі пайда болыпты. Ол – қарапайым әңгімелесуші.

Операторлардың айтуынша, жапондықтар күніне бір-біріне 2 млрд-қа жуық хабарлама жібереді екен. Ал, жазғыштар ерекше хат үшін 1 цент «қаламақы» алады. Қытайдың кез келген қаласынан қоғамдық дәретханалар гидін кездестіруге болады.

Миллиондаған халқы бар үлкен қалада жалғызсырап жүрген кез келген адам әңгімелесушінің көмегіне  жүгіне  алады. Бұл  үшін кісі көп  шоғырланған  көшелерде арнайы дүңгіршектер орнатылған.

Дескриптор              Білім алушы

- мәтін қиындыларын  ретімен орналастырады,

-  толық мәтін нұсқасын оқиды;

-  екпін түрлерін сөз  ішінде орынды қолданады;

-  екпін түрлерін сөйлем ішінде орынды қолданады.

2-тапсырма

Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын кезектесе отырып баяндаңыз. Екпін түрлерін дұрыс айтыңыз. 

Дескриптор              Білім алушы

-  мәтінге жоспар құрады;

-  мазмұнын кезектесе баяндайды;

-  сөз екпінін дұрыс айтады;

-  тіркес екпінін дұрыс айтады; - ой екпінін дұрыс қояды.


Оқу мақсаты

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады

Жоғары деңгей дағдылары

Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақ дайындаңыз.

1-мәтін

Әлемдегі лабороторияда жасалған тұңғыш бургер ет 2013 жылы елге таныстырылды. Құны 332 мың долларға айналған бұл бургерді Голландияның лабороториясында сиырдың өзекті жасушаларынан жасап шыққан. Зертхана мамандары тамыз айында Лондонда өткен баспасөз мәслихатында жасанды бургерді жалпыға таныстырып тұрып жеп көрсетті. Тағамның дәмін көрген екі кісінің бірі – ас-ауқат туралы жазушы публицист Джош Сконвальд «дәмі өзгешелеу» деді.  Ол: «Тіске басқанда ет сияқты дәм сезіледі. Тек аздап майдың ғана дәмі жетпей тұр. Бірақ сонда да дәмі кәдімгі гамбургер» деді.

Ғалымдар лабораторияда өзекті жасушалардан өсірілетін жасанды ет «жайылым мен қорға көп орын кететін, әрі жем-шөбі мен қиы климаттың күрт жылынуына сеп болып жатқан» мал шаруашылығына балама ретінде таптырмас таза экологиялық һәм қуатты тағамға айналады деп сенеді.

2-мәтін

Жер бетінен жойылып кеткен жануарларды қайтадан қалпына келтіруге болады деген идея  2013 жылы тіркелді. Мамонттардың жүнінен генетикалық кодтарын оқи бастаған кейбір ғалымдар егер тірі жасушалары табылса оларды клондап шығаруға болады деп ойлайды.

Ресейлік ғалымдар шамамен кем дегенде 10 мың жыл бұрын өлген ұрғашы мамонттың өте жақсы сақталған қаңқасын тауып алған соң мамыр айында мамонтты тірілтуге жақын қалдық деген. Ғалымдар мамонттың қан дақтарымен бірге сақталған қаңқасын Мұзды мұхиттағы Ляховский аралынан тауып алған еді. Семен Григорьевтің айтуынша, мамонттың қаңқасы, тіпті кейбір жерінің еті бүлінбей өте жақсы сақталған. Себебі қаңқаның төменгі жағы мәңгі мұз қабатында сіресіп қатып жатқан.

Григорьев қызмет ететін Якутскідегі Федералдық Қиыр Шығыс университеті 2005 жылы бірінші рет итті клондап шығарған оңтүстік кореялық Хуанг Ву Сукпен мамонтты тірілту тәжірибесіне қатысты келісімге қол қойды.

Сұрақтар

      Мәтіндер не туралы?

      Қандай тақырып қоюға болады?

      Қандай қызықты мәлімет бар?

Дескриптор       Білім алушы

-  мәтіндердің не туралы екенін айтады; - тақырыбын анықтайды;

-  сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма

Мәтіндерді кесте бойынша салыстырыңыз.

 

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы

 

 

Мазмұны

 

 

Идеясы

 

 

Мақсатты аудиториясы

 

 

Дескриптор       Білім алушы

-  мәтіндерді салыстырады;

-  тақырыбын анықтайды;

-  мазмұнын қысқаша жазады;

- идеясын көрсетеді,

- мақсатты аудиторияны анықтайды.

Бөлім  «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары»

Оқу мақсаты

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды

      Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазады

Жоғары деңгей дағдылары

«Адамдардың өмірін 150 жасқа дейін ұзартуға болады» деген пікірмен келісесіз бе? Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз. Көлемі - 100-120 сөз. Эссе жазу барысында ұсыныстарды ескеріңіз!

      Алдымен тақырыпқа топтастыру жасап алыңыз.

      Тақырыптан ауытқымас үшін жүйелі жоспар құрыңыз.

      Сөз санын да жоспарлаңыз.

      Нақты аргументтер келтіріңіз.

      Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз.

      Эссе шаблонын сақтап, сауатты жазыңыз.

 Дескриптор        Білім алушы

-   тақырып бойынша эссе жазады; 

-   келісу-келіспеу себептерін көрсетеді;

-   жүйелі, байланыстыра баяндайды;

-   эссе құрылымын сақтайды; - сөздік қоры жеткілікті; - сөз саны нормаға сай.

Оқу мақсаты

7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

      Күрделі сөздерді жазады

      Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады

Қолдану

«Мен ғылымның ең қажетті соңғы жетістігімін. Адамдарға ең қажеттісі - менмін» тақырыбында 60-80 сөзден тұратын хат жазыңыз. Хатта берілген оқшау сөздерді қолданыңыз.  

РАФТ тәсілі

Р - рөлі – ұялы телефон

А – аудиториясы - адамзат 

Ф - формасы - хат

Т - тақырыбы - Мен ең қажетті ғылымның соңғы жетістігімін. Адамдарға ең қажетті менмін ...

Оқшау сөздер

Біріншіден, екіншіден, менің ойымша, қысқасы, тіпті, сонымен қатар, т.б.

Дескриптор   Білім алушы

-   берілген тақырып бойынша хат жазады;  

-   күрделі сөздерді дұрыс жазады;

-   оқшау сөздерді қолданады;

-   оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды; - хаттағы сөз саны нормаға сай.

Оқу мақсаты

7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Мәтіндегі одағай түрлерін ажыратады

      Ауызша жұмыстарда орынды қолданады

Қолдану

1-тапсырма

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Одағайларды тауып, түрлерін  ажыратыңыз.

Әже

Бала кезімде екеуміз жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ айтып отыратынбыз. Мен бәрін әжемнің өзінен үйреніп алып, өзіне айтатынмын. Әжем таба алмаған болып ұзақ ойланады.

“Иір қобыз, жарық жұлдыз” деймін. Әжем әрнені бір айтып, жауабын бере алмайды. 

Мен: «Соны да білмейсің бе?» деймін. Әжем мәз болады. Содан соң:

-   Үйір-үйір жылқың болса, қалай шақырар едің? - дейді маған.

-   «Құрау-құрау!» деп шақырамын, - деймін.

-   Отар-отар қойың мен ешкің болса ше?

-   «Құрай-құрай!». Саулықтарды ұстап қосақтарға «қосақ-қосақ» дейміз. Ал ешкіге «шөрешөре» дейміз.

Әжем жымиды. Өйткені бұл да - өз сөзі. Сөйтеді де, сөзімді өзі түзейді.

-   Қойды «құриялап» қайырады, «пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Мақұл, табын-табын сиырың болады дейік?

-   «Аухау-аухау» деп!

-   Ал келе-келе түйең болса ше? - Келе-келе, көс-көс!

Әңгіме үстінде байқаймын, әжем менің төрт түлігі түгел, бай болғанымды ұнатады. Дескриптор    Білім алушы

-   мәтінді мәнерлеп оқиды;

-   одағайлардың түрлерін ажыратады.

2-тапсырма

Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті одағайларды қойып оқыңыз. Түрлерін ажыратыңыз.

а) ……., тісім ауырып тұр, қабылдай ма?

b)   …….! Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.

c)   …….. Сонда қалай болды?

d)   ……., ішім ауырып тұр!

e)   …….. Достар түгел жиналыпты.

Керекті сөздер: ой, бәрекелді, ай, пай-пай, ойпырмай

Дескриптор    Білім алушы

-             көп нүктенің орнына тиісті одағайларды қояды; - одағай түрлерін ажыратады.

3-тапсырма

Одағай сөздерді қолданып, «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» тақырыбында диалог құрастырыңыз.

Дескриптор    Білім алушы

-             тақырып бойынша диалог құрастырады; - одағайларды орынды қолданады.

Бөлім  «Батыр туса – ел ырысы»

Оқу мақсаты

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

Әдеби шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұнын жұпта, топта талқылаңыз. «Қос жазба күнделігін» толтырыңыз.  

Әзілхан Нұршайықов

«Ақиқат пен аңыз» роман-диалог (үзінді)

Сүйікті оқушым!

 Осы кеше ғана Бауыржанды тағы да көрдім. Қолтығына қалың папка қысып, Коммунистік проспектімен аяңдап, жоғары, Алатауға қарай өрлеп келеді екен. Оң қолындағы кавказ таяғын сүйену үшін емес, сән үшін сілтейтін тәрізді. Әскери қалыптан шыққан құрыш денесін тік ұстап, маңғаз адымдайды. Алыстан қарағанда адамдардың шынары сияқтанып көрінеді. Жанына жақындап, сәлем бердім. Әңгімелесіп, Жазушылар одағына дейін бірге келдік. 

Автор. Халіңіз қалай, Бауке? 

Бауыржан. Жақсы, қарағым. 

Автор. Көңіл күйіңіз? Бауыржан тротуарда тоқтай қалып, оң қолындағы таяғымен сол жақ қолтығындағы қалың папканы нұсқады. 

Бауыржан. Мінеки, көңіл күйі! «Солдаттың соңғы күнінің» соңғы нұсқасын аяқтап, одаққа әкеле жатырмын. Роман бітірген жазушының көңіл күйі қандай болатынын білесің ғой, қарағым! 

Автор. Құттықтаймын, Бауке! 

Бауыржан. Рақмет. 

Автор. Енді қандай ойларыңыз бар? 

Бауыржан. Мен тек солдаттардың ортасында ғана емес, ағалардың да арасында өмір сүрдім. Ойлап қарасам, оларға да шаш етектен қарыздар екенмін. Енді соларға арнап, ардагер елу азамат туралы естелік-эсселер жазып жүрмін. Олардың ішінде өзім алғаш көрген сонау Нығмет Сырғабеков, Ораз Жандосов, Қайсар Тәиггитов, одан кейінгі Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, тағы басқалары бар. Ілияс Омаров, Мәлік Ғабдуллин, Дмитрий Снегин, Күләш Байсейітова сияқты іні, қарындастарымды да ұмытпақ емеспін. Қазір соның отыз шақтысын жазып қойдым. Осы менің әзірге бітіріп жатқаным. Өзің ше? 

Автор. Мен міне, «Ақиқат пен аңызды» баспаға әкеле жатырмын. 

Бауыржан. Құтты болсын. Маған қоятын сұрақтарың жоқ па? 

Автор. Жоқ, Бауке.

Бауыржан. Ендеше сау бол, шырағым. Мені жігіттер күтіп отыр. 

Автор. 14 сентябрь 1977 ж. Алматы.

 «Қос жазба күнделігі»

Дәйексөз (цитата)

Түсіндірме (комментарий)

 

 

Дескриптор   Білім алушы

-                  шығарманың мазмұнын анықтайды; - мазмұнын жұпта, топта талқылайды; - қос жазба күнделігін толтырады.

2-тапсырма

Шығарманың тақырыбы мен идеясын талдап жазыңыз.

Тақырып – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жағдайлардың бағыт-бағдары.

Идея жазушының осы өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасын білдіреді.

Шығарма тақырыбы

Идеясы

 

 

Дескриптор   Білім алушы

-                  шығарманың тақырыбын анықтайды; -  шығарманың идеясын жазады.


 

7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Автор берген мінездемені анықтайды

      Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Кейіпкерге автор берген мінездемені тауып оқыңыз. Өз сөзіңізбен түсіндіріп, кестені толтырыңыз.

Әзілхан Нұршайықов

«Ақиқат пен аңыз» роман-диалог (үзінді)

Ертеңінде белгіленген сағатта Бауыржан Қарағандының офицерлер үйіне келді. Атақты Момышұлын көру үшін қала офицерлері әйелдерімен, бала-шағаларымен жиналған екен. Блоха да сол жерден кездесті. Ине шаншар жер жоқ, иін тірескен жұрттың алдында Бауыржанға сөз берілді. Сөз берілерден бұрын Момышұлының Ұлы Отан соғысының каһарманы, бүкіл дүние жүзіне белгілі әдеби герой, атақты жазушы екені айтылды. - Жолдастар, - деді Бауыржан орнынан тұрып, дүниежүзіне аты жайылған атақты Момышұлы мен емес. 

Жұрт демін ішіне тартып, үндемей қалды. Осы кезде Бауыржан сөзін қайтадан жалғады. - Бірақ ол осында отыр. - Жұрт одан сайын аң-таң бола бастады. Осы кезде Бауыржан президиум үстелінің басында отырған өзгелерден бітімі бөлек, балуан денелі адамды нұсқады. - Міне, ол мына кісі. Осыдан 18 жыл бұрын бұл кісі мені ажалдан алып қалды. Мені ажалдан арашалап алып, жаңа айтылғанындай, бүкіл дүниежүзіне паш еткен адам бұрынғы пулеметшім Блохамен мен кеше ғана табыстым. Сіздердің алдарыңызда осы адамды құшақтап, үш рет бетінен сүюіме рұқсат етіңіздер. Жұрт ду қол шапалақтап, орындарынан түрегелісті. Бауыржан мен Блоха екеуі сүйісіп болғанша алақан шартылы басылмады.... Кездесуден кейін Бауыржан Блоханың үйіне қонаққа барды.

-  Батя, есінде бар ма? - деді Блоха Бауыржан кетерде. - Санбатта дәрігер арқанды ұстараның жүзімен тіліп, әрең алған оқты маған беріп едің ғой. Мен соны ескерткіш үшін жоғалтпай сақтап жүрдім. Соғыстан қайтып келе жатқанда зат қапшығыммен бірге жоғалтып алдым. Қазір саған не сыйларымды білмей отырмын. - Маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ, - деді Бауыржан. - Сен менің өз өмірімді өзіме сыйлаған кісісің. Одан артық ешқандай сыйлық болмайды. - Сонда да, - деді Блоха шалбарының қалтасына қолын сұғып, - мына Волоколамск тас жолымен немістердің танктері бізге қарап қаптап келе жатқанда, оларды лайықты қарсы алар алдында менің темекі тұтатқан шақпағым еді. Осы үйдегі соғыстан калған жалғыз белгі осы ғана. Осыны саған сыйлағым келеді. - Бұл сыйлығыңды қабыл аламын, - деді Бауыржан винтовка гильзасынан жасалған шакпақты алып жатып. - Бұл - баға жетпес ескерткіш... 

Автор мінездемесі

Менің мінездемем

Ұлы Отан соғысының каһарманы

 

бүкіл дүниежүзіне белгілі әдеби герой

 

атақты жазушы

 

маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ

 

бұл сыйлығыңды қабыл аламын

 

Дескриптор   Білім алушы

-  мәтін мазмұнын баяндайды; - автор мінездемесін тауып оқиды;

-  автор мінездемесін өз сөзімен айтады.

2-тапсырма

Мына сөздерге түсінік беріңіз.

Автор түсінігі

Менің түсінігім

Ине шаншар жер жоқ

 

Балуан денелі

 

Мені ажалдан алып қалды

 

Бүкіл дүниежүзіне паш еткен адам

 

Баға жетпес ескерткіш

 

Көркемдегіш            құралдарды пайдаланып,             берілген         сұрақтарды жұбыңызбен талқылаңыз.

      «Мінез - адам көрсеткіші» деген пікірмен келісесіз бе? Неге?

      Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

Дескриптор   Білім алушы

-  мінездеменің тілдік құралдарын талдайды;

-  автор сөзіне өз түсінігін береді;

-  сұрақтарды жұбымен талқылайды;

-  сұрақтарға толық жауап береді;

-  көркемдегіш құралдарды пайдаланады. 

7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндерді ажыратады

      Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерга талдау жасайды

Қолдану 

1-тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Түрлерін ажыратып, ерекшеліктерін айтыңыз. Үлгісі бойынша ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндер жазыңыз.

Қостанай қаласындағы

№3 орта мектебінің директоры А.С.Қаппаровқа 7 «А» сынып оқушысы

А.М. Оспановадан

           ӨТІНІШ

           Мені 2016-2017 оқу жылында мектептегі «Алтынай» би үйірмесінен домбыра үйірмесіне ауыстыруыңызды өтінемін.

27.05.2016 ж.

қолы________________А.М.Оспанова

ӨМІРБАЯН

         Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Қостанай обылысы, Қостанай қаласында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Қостанай каласындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім. 2004 жылы Қостанай мемлекеттік университетінің 1 курсына оқуға түстім.

         Ата-анам бар; әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков театрда жұмыс істейді. Анам — Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.

         Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу. 

Мекенжайым: Қостанай қаласы 7-ықшам ауданы, 26-үй, 48-пәтер, үй телефоны 29-48-

56.

Дескриптор      Білім алушы

- мәтіндердің түрлерін ажыратады;

-              тілдік ерекшелігін талдайды; - үлгі бойынша мәтіндер құрастырады. 2-тапсырма

Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдаңыз. Керек жауапты белгілеп, түсіндіріңіз.

 

1-мәтін

2-мәтін

Стилі:

o   Көркем әдебиет o Ресми o Ғылыми

o   Публицистикалық o Ауызекі сөйлеу

 

 

Қолданысы:

o Жазбаша o Ауызша

 

 

Мақсаты:

o   Жеке өмірі туралы ақпарат беру

o   Жұмысқа орналасу o Қарым-қатынас жасау

o   Мақала жазу

o   Өтініш білдіру, тілеу o Бұйрық беру o Арыз жасау

 

 

Кездескен термин сөздер:

 

 

  Дескриптор      Білім алушы

-              ресми-іскерлік салаға қатысты мәтін түрлерін ажыратады;

- мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдайды, 

- мәтіндердің ерекшеліктерін ажыратады; - мәтіндердің стилін ажыратады; - мақсатын анықтайды.

7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

1-тапсырма

Білім алушы

      Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды

      Презентация жасайды Жоғары деңгей дағдылары

«Батыр, ер жігіт» сөздерімен «Бес жолды өлең» құрастырыңыз.

1.  зат есім

2.  сын есім, сын есім

3.  етістік, етістік, етістік

4.  сөйлем

5.  синонимМысалы:

Батыр 

Батыл да  жүректі; 

Көмектеседі, мақтанады, сүйеді. Батыр туса - ел ырысы.  Қаһарман.

Дескриптор

2-тапсырма

 Білім алушы

- берілген сөздермен «Бес жолды өлең» құрастырады;  - сөздердің синонимін ажыратады; - сөйлем құрайды.

«Қазақ батырының бейнесі» тақырыбына постер құрастырыңыз. Топ алдында қорғап, ойыңызды дәлелдеңіз.

Дескриптор                   Білім алушы

- постер тақырыбын толық ашады;   - топпен бірге постер құрастырады;

- сынып алдында қорғайды; - ойларын дәлелдейді. 3-тапсырма

Айтылған мәліметтерді жинақтап, қосымша мәліметтер іздеп, «Батыр туса – ел ырысы»             тақырыбына            презентация дайындаңыз.            Презентацияға         қойылатын талаптарды ескеріңіз.

o Тақырыбы мен мақсаты o Суреті мен сипаттамасы o Тарихи маңыздылығы o Қорытындысы мақал-мәтелдер o Барлық сөз саны 100-ден артық емес o 5 слайдтан кем не артық емес

Дескриптор         Білім алушы

- тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды; - тақырыптық презентация жасайды; - презентация талаптарын ескереді.

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу 

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды

      Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

«Бүгінгі күннің батырлары – тілі мен ділін білетін, елі мен жерін сүйетін жастар» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазыңыз. Эссе құрылымы мен дамуын сақтаңыз. Көлемі - 100-120 сөз. Эссе жазу барысында ұсыныстарды ескеріңіз!

      Алдымен тақырыпқа топтастыру жасап алыңыз.

      Тақырыптан ауытқымас үшін жүйелі жоспар құрыңыз;

      Сөз санын да жоспарлаңыз;

      Нақты аргументтер келтіріңіз;

      Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз; Эссе шаблонын сақтап, сауатты жазыңыз!

Дескриптор      Білім алушы

-  эссе тақырыбын анықтайды;

-  эссе құрылымын сақтайды;

-  көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін жазады; - эсседегі сөз саны нормаға сай.

Оқу мақсаты                                 7.ТБ1.7. Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі                       Білім алушы

      Септеулік шылаулардың қызметін анықтайды

      Септеулік       шылауларды ауызша           және    жазба жұмыстарда орынды қолданады

Ойлау дағдыларының                Қолдану

деңгейі

1-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.  Септеулік шылау дегеніміз не?

2.  Септеуліктер сөйлемде қандай қызмет атқарады?

3.  Атау септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.

4.  Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.

5.  Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.

6.  Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.

Дескриптор    Білім алушы

-                  септеулік шылауларды ажыратады:

-                  септеулік шылаулардың қызметін анықтайды;

-                  атау септікпен тіркесетін шылауларды атайды;

-                  барыс септікпен тіркесетін шылауларды көрсетеді;

-                  шығыс септікпен тіркесетін шылауларды айтады;     - көмектес септікпен тіркесетін шылауларды ажыратады. 2-тапсырма

Кестедегі септеуліктерді тіркесетін септігімен сәйкестендіріңіз. Мақалдардағы көп нүктенің орнына қажетті септеуліктерді қойып жазыңыз.

1

Атау септік

 

A

бірге, қабат, қатар

2

Барыс септік

 

B

кейін, соң, әрі, гөрі, бері, бұрын

3

Шығыс

септік

 

C

дейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық, салым

4

Көмектес септік

 

D

туралы, арқылы,  жайлы, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын, жайында

1.  Ер жігіт ел ... туады,Ел ... өледі.

2.  Еріншек түске ... ұйықтайды,Кешке ... есінейді.


3.  Құс балапаны ... торға түседі, Ата баласы ...  азапқа түседі.

4.  Жаманның ақылы

Түстен ... кіреді.

5.  Отан ... отқа түс, күймейсің.

Керекті септеуліктер: дейін, үшін, кейін

Дескриптор    Білім алушы

-  септеуліктерді септігімен дұрыс сәйкестендіреді;

-  көп нүктенің орнына септеуліктерді дұрыс қояды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ФО_Қазақ тілі_5кл.pdf

 

             

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған  тапсырмалар жинағы

 

Қазақ тілі 

(оқыту қазақ тілінде)

 

5-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті мұғалім!

 Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.  

 Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.  

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз. 

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. 

 Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

1-тоқсан................................................................................................................................................ 4

Бөлім  «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас».............................................................................. 4

Бөлім  «Киім. Сән.Талғам»........................................................................................................... 10

Бөлім «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер»....................................................................... 13

2-тоқсан.............................................................................................................................................. 19

Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі».................................................................... 19

Бөлім «Бос уақыт және хобби».................................................................................................... 26

3-тоқсан.............................................................................................................................................. 33

Бөлім «Қиял әлемі»....................................................................................................................... 33

Бөлім  «Көлік және жол белгілері»............................................................................................. 41

Бөлім  «Адамның сырт келбеті мен мінезі»............................................................................... 47

4-тоқсан.............................................................................................................................................. 52

Бөлім  «Аспан әлемінің құпиялары»........................................................................................... 52

Бөлім  «Саяхат және демалыс».................................................................................................... 58

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тоқсан

Бөлім  «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»

Оқу мақсаты                                     5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени,

тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі   (ән мәтіні, хабарлама,  жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

Бағалау критерийі                           Білім алушы

      Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды

      Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі      Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.

«Тілдарын» мектепішілік байқауы

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында «Тiлдарын» байқауы өткiзілді. Байқаудың өткiзiлу мақсаты – үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау болатын.

Байқауға оқу тіліне қарамастан 7-11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Байқау:

1.              Өзін-өзі таныстыру. «Тұсаукесерін»  өткiзу;

2.              «Үш тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;

3.              «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру;

4.              «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.

Жеңімпаздарды анықтау барысында оқушылардың тiлдердi меңгеру деңгейiне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбыстауына, жауаптың орамдылығы мен сапасына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелiгіне назар аударылды. Байқау жеңiмпаздары түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Әрине, тілді білу – халықты, тарихты білу. Тілді неғұрлым көп білсең, өмір жолың ашық, жарқын болмақ. 

Дескриптор              Білім алушы

-  көтерілген басты мәселені анықтайды;

-  негізгі  мәселеге қатысты өз ойын айтады.

Оқу мақсаты

5.Т/А1. Тірек сөздер  мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы  тақырыпты  болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген        тірек   сөздер             арқылы         тақырыпқа   болжам          жасаңыз.       Жасаған болжамыңыздың себебін түсіндіріңіз.

     Қонаққа бару, ерекше қасиет, сыйластық, құрмет, достық ықылас, сыйлық, дастарқан басында, өнеге, ортақ әңгіме, қонақ шақыру, дастарқан мәзірі, үй иесінің жайдары қабағы, рұқсат сұрау, қоштасу.

Дескриптор                     Білім алушы

-  тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; - болжамының себебін түсіндіреді.

Оқу мақсаты

5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Білу және түсіну

Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.

     Сырым  жиырма  алты  жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.

-  Балалар, аман ба? - депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сонда Сырым жолдасына дауыстап:

-  Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! - дейді.

Малайсары жалт қарап:

-  «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без», - деген, сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? - дейді.

-  Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,- дейді Сырым.

-  Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,- деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырып алған екен.

Шешендік сөз (90 сөз)

Дескриптор                       Білім алушы

- мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды; - қосымша ақпаратты ажыратады.

Оқу мақсаты

5.О3. Хат, хабарлама,  жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіннің түрін ажыратады

      Мәтіннің құрылымын, рәсімделуін түсіндіру арқылы жанрлық ерекшелігін көрсетеді

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің түрін анықтап, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратыңыз.

Хабарландыру

     2016 жылдың  21 қыркүйегінде  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін 7-11-сынып оқушылары  арасында «Тілдарын» мектепішілік  байқау өткізіледі. 

Сайыстың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Байқау төмендегідей  кезеңнен тұрады:

1.              Өзін-өзі таныстыру «Тұсаукесерін»  өткiзу;

2.              «Үштұғырлы тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;

3.              «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру;

4.              «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

Өтетін орны:  Шымкент қаласы, физика-математика бағыты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мәжіліс залы.

Басталуы:  сағат 15:30-да

Келемін деушілерге есік ашық!

Мәтіннің түрі

 

Мәтіннің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімі)

Мәтіннің рәсімделуі

(сайыстың мақсаты, өтетін орны, уақыты)

 

 

Дескриптор           Білім алушы

- мәтіннің түрін ажыратады; - мәтіннің құрылымын анықтайды; - мәтіннің рәсімделуін көрсетеді.

Оқу мақсаты                                     5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

Бағалау критерийі                           Білім алушы

      Мәтін құрылымын сақтайды

      Құрылымына сәйкес  жоспар құрады

Ойлау дағдыларының                    Қолдану

деңгейі Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз.

Қонаққа бару мәдениеті

      Қонақжайлылық -  қазақ халқының бет-бейнесін  ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру - қонақжайлылықтың белгісі.

      «Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару - мәдениеттіліктің белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады.

     Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн.

(142 сөз)

Жоспар

Кіріспе бөлім ____________________________ Негізгі бөлім ____________________________ а)

ә)

Қорытынды  бөлім ________________________

Дескриптор         Білім алушы

-  мәтін құрылымын сақтайды;

-  мәтін бойынша жоспар құрады.

Оқу мақсаты

5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

       Берілген сөздер негізінде мәтін құрастырады

       Үндестік заңын, дыбыстардың жүйесін, емлені ескереді

       Орфографиялық норманы сақтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Сандықшадағы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Дыбыстар жүйесіне, емлеге, үндестік заңына назар аударыңыз (60-70 сөз).

 

Сандық ішіндегі сөздер

Сәлемдесу, сыйластық, қонақжайлылық, отбасы құндылықтары, отбасындағы тәрбие, үлкенді сыйлау, туыстық қарымқатынас, қонақ күту, адамгершілік қасиет.

Дескриптор                        Білім алушы

-   берілген сөздерді қатыстырып, мәтін құрастырады;

-   ережелерді ескереді;

-   орфографиялық норманы сақтайды.

Бөлім  «Киім. Сән.Талғам»

Оқу мақсаты

5.Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар  арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар  арқылы негізгі ойды анықтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Тірек сөздер арқылы суретке қарап, өз ойыңызды білдіріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Тірек сөздер: Ұлттық нақыш, сән әлемі, фестиваль, дизайнер, сәнгер

1.      Әйелдің бас киімі, оның  отбасы жағдайына тигізетін әсері туралы не білесіз?

2.      Киімде бүкіл ұлттың, халықтың болмысы жатады деген ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз?

3.      Ақ түстің қазақ халқы үшін қандай қасиеті барын білесіз бе?

Дескриптор                        Білім алушы

- тірек сөздерді орынды қолданады; - сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Оқу мақсаты

5.О2. Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы  тану

Бағалау критерийі 

Білім алушы

Мәтіндегі  ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз. 

Жәудір:  Назым, кешегі газетті оқыдыңыз ба? Бота:   Не  боп қапты,  Жәудір?

Жәудір:  Газеттің төртінші бетін  ашыңызшы.

Бота:  Иә, аштым.

Жәудір: Қай жарнамаға көзіңіз түсті? 

Бота:   Мына бір ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым. Қара, қара, көйлектерге жеңілдіктер  бар  екен! 

Жәудір:  Қойшы, рас па? Онда неғып отырмыз? Әдемі көйлектерден құр қалып қоймайық! 

Бота: Жоқ. Бүгін бара алмайм.

Жәудір: Мен бүгін бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.

Мәтін

Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер

 

Не  боп қапты, .... бара алмайм ….

Дескриптор      Білім алушы

-  мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне  тән сөз тіркестерін теріп жазады;

-  жұбының жұмысымен салыстырады;

-  қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.

Оқу мақсаты

5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу  

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді

      Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Жоғары деңгей дағдылары

Сіз - ұлттық  нақыштағы заманауи сәнді киім үлгілерін  тігетін  жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға сән үйіңіздің ерекше қызметтері  туралы  жарнама мәтінін жазыңыз (60-80 сөз).

Дескриптор              Білім алушы

-  жарнама жанрының талаптарын еске түсіреді; 

-  жарнама мәтінінде сән үйінің атауы, ондағы қызмет түрлері туралы ақпарат береді;

-  мәтін мазмұнында оқырманның назарын аударатын лепті сөйлемдерді қолданады.

Оқу мақсаты

5.ӘТН 4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында  қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

       Мәтіндегі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтайды

       Ауызша және жазбаша жұмыста қолданады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Жұпта «Сән үйінде» тақырыбында тілші мен сәнгер арасында сұхбат дайындаңыз. Сұхбат барысында төменде ұсынылған туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданыңыз. 

Ұсынылатын сөздер:  сән әлемі, ұлттық нақыш, заманауи үлгі, озық технология, заман талабы, әуесқойлық, кәсіпкерлік, көрікті 

Дескриптор              Білім алушы

-  сұхбат жанрының талаптарын еске түсіреді; 

-  жұбымен ақылдаса отырып, тақырыпқа сай сұхбат мазмұнын дайындайды;

-  сұхбат дайындауда ұсынылған туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданады;

-сұхбатты сынып алдында көрсетеді.

Бөлім «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер»

Оқу мақсаты

5.Т/А1.Тірек сөздер  мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы  тақырыпты болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтайды

      Тірек сөздер мен суреттер бойынша тақырыпқа болжам жасайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Әр суретке қатысты бірнеше тірек сөздер жазыңыз. Тірек сөздер мен суреттерге ортақ тақырып қойыңыз.

 

Тірек сөздер

 

 

 

 

Ортақ тақырып

Дескриптор                 Білім алушы

-  әр суретке қатысты 3 тірек сөз жазады; - барлық суреттерге ортақ тақырып ұсынады; - тақырыпты сөз тіркесімен береді.

Оқу мақсаты

5.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің  мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, стилін анықтайды

      Айырмашылығын табады

      Тілдік құралдарға салыстыру жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Жоғары деңгей дағдылары

Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз (70-80 сөз).

1-мәтін 

-  Сәлеметсіз бе?

-  Аманбысың, келе ғой.

-  Сіз Оразәлі ата емессіз бе?

-  Иә. Сен әкеңнің кенжесісің ғой.

-  Жоқ, Нұрай -  кенже, ал мен қара шаңырақ иесімін.

-  Атаң бар ма?

-  Атам бар, ол кісі жетпіс жаста.

-  Кімнің баласысың?

-  Атамның баласымын. Ес білгелі өзімді атамның баласымын деп білемін.

-  Ақылыңнан айналайын!

-  Атам да солай айтады.

-  Бауырларың бар ма?

-  Бір ағам бар. Кеше ол маған әдейілеп «сен атаңның баласы емессің» дегенде, кәдімгідей намыстанып қалдым. 

-  Қайтесің, үлкен ағаңа өкпелеме, ойнап айтқаны ғой.

2-мәтін

   Астана         қаласындағы АХАЖ            отбасылық     тәрбиелеу       жөніндегі       психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесті. Психолог кездесуге келген жас жұбайлардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады. 

Жастардың жауабы:

Динара: «Отбасы бұл – ең жақын, ең қымбат адамдарың. Мен, әрине, тек ана ғана жалғыз өзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, өйткені отбасы – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік қана отбасында жылылық, жайлылық және амандық жасайды». Асқар: «Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды  шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын».

Мәтіндерді салыстыру

1 -мәтін

2- мәтін

Тақырыбы

 

 

Мазмұны

 

 

          Тілдік құрал ( ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)

 

 

Дескриптор                 Білім алушы

-   әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;

-   әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді;

-   мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.


5. Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Суреттерді әңгіме желісі бойынша орналастырады

      Суреттер ретімен тақырыпқа сай әңгіме құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырыңыз.

Дескриптор                Білім алушы

-  суреттерді ретімен орналастырады;

-  әңгімеге ат қояды;

-  реттілігі бойынша әңгіме құрастырады.

Оқу мақсаты

5. Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін  жазу

Бағалау критерийі

 Білім алушы

      Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды

      Ақпараттарды қолданып, мәтінді өз сөзімен баяндайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Жоғары деңгей дағдылары

 Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз

(60-70 сөз).

Мәтін

Жинақы мәтін

 Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. 

 

Дескриптор              Білім алушы

-  мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады;

-  іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады.

5.ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгілерін қояды

      Төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

 Мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгісін қойып, төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз. 

Итаяқ

     Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқаннан аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып Балам, мына істеп жатқаның не? деп сұрайды.

  Бұл – итаяқ дейді бала.

  Оны не істейсің?

  Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.

( М.Тоқашбаев)  Дескриптор   Білім алушы

-   мәтіндегі тыныс белгісі қойылмаған 3 төл сөзді анықтайды;

-   анықталған сөйлемдердегі төл сөздердің тыныс белгілерін қояды; - тыныс белгілердің қойылуын дұрыс нұсқасымен тексереді; - анықталған төл сөздерді төлеу сөзге айналдырады.

2-тоқсан

Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі»

Оқу мақсаты

5. Т/А1. Тірек сөздер  мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы  тақырыпты болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтайды

      Суреттерге ортақ тақырып ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Берілген суреттердің әрқайсысына тірек сөздер ұсыныңыз. Суреттерге ортақ тақырып беріңіз.

-  әр сурет бойынша 2 тірек сөз ұсынады;

-  суреттерге ортақ тақырып ойластырады.

5. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

Қыстырма, қаратпа сөздерді қолдану ақылы диалогке дайындықсыз қатысады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді тыңдап, 2 ашық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ мазмұнында қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына өз пікіріңізді білдіре отырып, жауап беріңіз.

 «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. Екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. «Қызыл кітаптың» үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. Оның өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың 1 түрі берілген.

  «Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

Дескриптор              Білім алушы

-      мәтін бойынша 2  ашық сұрақ құрастырады;

-      сұрақ мазмұнында ойдың кімнен шыққандығын білдіретін  қыстырма сөздерді қолданады;

-      күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды жауап береді.


5.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

Бағалау критерийі               Білім алушы

      Мәтіндегі ауызекі стиль элементтерін анықтайды

      Тілдік құралдарды салыстырады

Ойлау дағдыларының       Жоғары деңгей дағдылары деңгейі Тапсырма

Мәтіндегі ауызекі стиль элементтерін анықтау арқылы тілдік құралдарды талдаңыз

(70-80 сөз). 

Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жиналып, Жыл басы болуға таласыпты.

Жылқы айтыпты: - Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылымнан арқан жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын.

Сонда түйе оған: Сен адамның жұмысын қылсаң, құлқының үшін құл болдың. Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын. Аш болдым деп сен сияқты арпа, сұлы сұрамаймын. Көде, жусан жеп табылса су ішіп, табылмаса шөлге де шыдап жүре беремін. Жыл басы болуға мен лайықтымын!- деді.

Барыс: - Тоқта, тоқта кербез түйе! Сен бойыңа сенсең мен күшіме сенемін, ендеше неге мен жыл басы болмаймын? 

Сиыр тұрып: - Адам егін ексе, жер жыртса мен керекпін. Олар сүтімді ішеді, құрт, майымды жейді, Жыл басы болуға мен лайықпын.

Ит тұрып: - Мен болмасам сендердің барлықтарыңды қасқыр жеп қояр еді, мен бақташымын.

Ұлу: - Неге күштілер жыл басы болу керек. Жыл басы болу үшін ақыл мен ой керек.

Әтеш: - Мен жыл басымын, ерте тұрып, таң атты деп хабар беремін.

Қой: - Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімнен киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалырағың жоқ, жыл басы мен боламын.

Тышқан: - Таласқаннан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық, кім бірінші күннің көзін көрсе сол жыл басы болмақ.

Аңдар жиналып бір ойын ойнайды. Ал түйе болса ойнағысы келмей, аулақтау жерге барып ұйықтайды.

Дескриптор                   Білім алушы

-      мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;

-      тілдік құралдарды анықтайды.

5. О5. Мәтін  мазмұнын түсінуге,  нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

Бағалау критерийі     

Білім алушы

Мәтідегі нақты ақпараттарды анықтайды

 

 

Анықталған     ақпараттарға қатысты құрастырады

сұрақтар

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

 

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтап алыңыз. Анықталған ақпараттар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызға жұбыңыздан жауап алыңыз.

Жануарлар мен өсімдіктер

 Жануарлар дүниесі алуан болып келеді. Бізге белгілі жануарлардың түрлері жылдан жылға көбеюде. Жәндіктердің қазір 1,5 млн түрі анықталып зерттелінді, бірақ жыл сайын 2 мыңға жуық жаңа түрлері қосылуда. Жалпы жануарлардың 2 млн түрі зерттелінді. Жануарлар суда, құрлықта, топырақта, ауада және өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың денесінде тіршілік етеді. Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор. Олардан әртүрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа, уылдырық, бал) және өнеркәсіп шикізаттарын (жүн, тері, құстың жүні, былғары, талшық) алады. Құстар өсімдіктердің тұқымдарын, саңырауқұлақтардың тұқымдарын жан-жаққа тасымалдаушы. Ал бал арасы гүлдерді тозаңданырады. Бүркіт пен үкі сияқты жыртқыш құстар, жыландар егіншілік алқабының зиянкесі тышқан тұқымдас кемірушілермен қоректенеді.

 Өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің  ең үлкен маңызының бірі - барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер  ауаны әр түрлі шаң-тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.      Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді.

Дескриптор             Білім алушы

-       мәтіндегі 3 нақты ақпараттарды анықтайды;

-       анықталған ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады.

5. Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу 

Бағалау критерийі                          Білім алушы

      Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді

      Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі           Қолдану

Тапсырма

Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, бір дәрілік өсімдіктің шипалық қасиетін насихаттап, жарнама мәтінін құрастырыңыз.

Емдік қасиет, мәдени өсімдіктер, дәрілік қасиет, дәруменге бай, ыстықты қайтарады.

Дескриптор                Білім алушы

- жарнама жанрының талаптарын еске түсіреді; - жарнама мәтінінде сөз тіркестерін қолданады; - дәрілік өсімдіктерді насихаттайды.


Оқу мақсаты

5.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіндегі орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды

      Анықталған қателерді сөздіктерге сүйеніп, түзетеді

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтаңыз. Қателерді сөздіктерге сүйеніп, орфографиялық нормаға сай  түзетіңіз. 

        Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000 дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен Россйя, Орта Азиа, Капказ елдерімен  салыстырғанда бұл онша көп емес. Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрлері «Қызыл кітапқа» енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды.

       Қазақстандағы қазырғы өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, саксауіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, суптробиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді.

       Қазақстанның жануарлар дүниясі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогиографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылғұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпағдала, Сарысу, Сырдариа жағалауы  жатады.

Дескриптор           Білім алушы

-  мәтіннен орфографиялық нормаға сай емес сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

-  қате жазылған сөздер мен сөз тіркестерін сөздіктерге сүйеніп түзетеді.

5. ӘТН3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,  синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Сөздер мен сөз тіркестерінің синоним, омоним, антонимдерін анықтайды

      Тақырыпқа қатысты мәтін құрастырады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Төмендегі берілген сөздер мен сөз тіркестерінен синоним мен антонимдерді жіктеңіз.  Антоним, синонимдер: жүйрік, шабан жүйрік, шипалы, емдік қасиеті, киелі, қасиетті, тұнық, мөлдір. 

 «Жылқы - қасиетті жануар»  тақырыбында мәтін құрастырыңыз.

Дескриптор           Білім алушы

-  сөздер мен сөз тіркестері антоним, синонимдерге  жіктейді; - тақырып бойынша  мәтін құрастырады;

-  мәтін құрамында антоним, синонимдерді орынды қолданады.

Бөлім «Бос уақыт және хобби»

Оқу мақсаты

5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,  монологтердегі   (ән мәтіні, хабарлама,  жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды

      Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі  көтерілген мәселені анықтап, жұбыңызға 6 сөйлеммен түсіндіріңіз.

Уақыт алтыннан да қымбат

     Жаздың жарқыраған күні. Дала ерекше әдемі. Онда ақ, сары, қызыл, көк гүлдер құлпырып өсіп тұр. Алыстан дала гүлдері көз тартады. Жайқалған гүлдердің үстінде аралар ұшып жүр.

     Бір кезде ара мен көбелек өте жақын кездесіп қалды. Сол кезде ақшыл көбелек араға тіл қатты:

— Сен, ара, ана гүлден мына гүлге ұшып-қонып не іздеп жүрсің?

— Ә, мен жұмысшы арамын ғой. Мен жаз шыға сала алғашқы гүлдердің шырынын сорып, гүл тозаңын жинап омартаға тасимын. Біз тасыған гүл шырыны мен тозаңы — аралардың өскелең ұрпағы және ұрпақ өрбітетін аналықтар үшін нағыз керек тамақ. Біз, жұмысшы аралар, аналықтарды, аталықтарды асырап отырмыз. «Қыстың қамын жаз ойла» деген даналық сөздер дәл біз үшін айтылғандай. Біз жаз бойы еңбек етеміз. Гүл шырынын, тозаңын іздеп бармайтын даламыз жоқ. Жұмысшы аралардың әкелген шырындары мен гүл тозаңдарынан тәтті бал пайда болады. Біз күн суыта ұямыздың тесіктерін жел, суық кірмес үшін тығындап, бекітеміз де, қаһарлы қыстың суығында бал жеп қыстан шығамыз, - деді жұмысшы ара.

— Ал мен болсам көбелекпін. Мен орамжапырақ және сол тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарына жұмыртқа саламын. Менің жұмыртқаларымнан шыққан құрттарым орамжапырақтың жапырақтарын жеп адамға залалын тигізеді. Ал сен ара, керісінше адамға пайдаңды тигізеді екенсің. Сенің балың — адамға дәрі, - деді көбелек.

— Рақмет, көбелек, уақыт тығыз, мен басқа гүлдерден шырын соруға кеттім. Уақыт — алтыннан да қымбат. Сау бол! - деді ара.

— Сау бол, ара, нағыз еңбексүйгіш екенсің!

Дескриптор                    Білім алушы

-           мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды; -             мәселені 6 сөйлеммен түсіндіреді.

5. Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді

      Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

 Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ  қойыңыз. Мәтіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ойыңызды дәлелдермен келтіріңіз.

     Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» - деген екен. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», - деген екен немістің ұлы ақыны Гете. Бұл жөнінде еңбекқор қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген нақыл сөз бар. Рас, біле білгенге уақыт – мүмкіндік. Ал сол мүмкіндікті кім қалай пайдаланып жүр?!

Дескриптор                Білім алушы

-   мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырады;

-   дайындаған сұрақтарын жұбына қояды;

-   жұбының сұрағына жауап береді;

-   өз ойына дәлелдер келтіріп, жауап береді.

Оқу мақсаты

5. О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын анықтайды

      Тілдік құралдарға салыстыру жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Әр мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз.

1-мәтін

     Ұлтының қамын ойлаған әрбір азаматтың елі үшін жасаған өзіндік бір үлесі болады.  Олардың ішінде әйелдердің де қосар үлесі мол. Соның бір айғағына айналған «Aіqul Lіne» компаниясы ежелгі қазақы салтымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды қайта көркейтіп келеді.  

    Біз компания басшысы Айгүл Жексенбайқызына жолығып, сұхбаттасқан едік.

            Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді? – Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі – атам ауыл-аймақта беделді адам болған деседі. Аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып,  әнге салатын сәттері  әлі күнге дейін көз алдымда.  – Бала күнгі арманыңыз қандай керемет еді… Әр бастау жолдың өзіндік ауыртпалығы болады емес пе? Бизнес жолыңызда қандай қиындықтардан өттіңіз? «Aіqul Lіne» тарихына тоқталсаңыз.  

            Әрине. Қиындықсыз ешбір адам бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігінің қадірін түсінбейді. Бірде табысты болсаң, бірде күрмеліп қаласың, келесі бір мәселе шешілмей жатады. Әйел заты болғандықтан, осы кәсіпке табандылықпен кірісуіме себепкер болған анам еді. Қыз баласы үшін ананың ақылы, дұрыс жол нұсқап, қолдауы ауадай қажет. 

2-мәтін

Хобби (әңгімеден үзінді)

 Сөйтіп жүргенде, мүйізі қарағайдай бір газеттен ауылға тілші келіпті. Жеке шаруашылықтың жұмысын көріп, іс-тәжірибесін басқаларға үлгі етіп жарияламақ. Кезінде Шамшархан бұл қожалықты Машрап теледидар көріп отырғанда, «бас иеміз ғой» деп отағасының атына жаздырған еді. Тілші келіп, Машраптың денсаулығын, халжағдайын сұрады.

            Жұмыс барысында жараландыңыз ба? – деген сұраққа Машрап быдыңдап, сасып, не айтарын білмей:

            А, жо-о-ғә, не ғып... әлгі... ы-ы-һі, – деп жөткірініп алып, – Төлек, бері келші, жұмыстың жағдайын түсіндірші, – деді терге түсіп. Төлек байыппен барлық сұрақтарға жауап беріп отыр. Сол кезде сырттағы шаруаны жайғап, Шамшархан келе қалды.Тілші: – Апай, жұмыстарыңыздың жемісті болып жатқанын естіп, сіздер туралы жазғалы келіп жатырмыз. Хоббиларыңыз не? – деді. Шамшархан тосылып қалды.

            Ешқандай қобдиымыз жоқ, – деді абдырап. Тілші күліп жіберді. – Апай! – деді күлкісін тоқтатып, езуін әрең дегенде жиып. – «Хобби» деген адамның сүйікті ісі, көңілі қалаған жұмысы дегендей, – деді жайғап.

Жанар Әбдішова


Мәтіндерді салыстыру

1 -мәтін

2- мәтін

Тақырыбы

 

 

Мазмұны

 

 

Тілдік құрал ( ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)

 

 

Дескриптор              Білім алушы

-  әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;

-  әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді; - мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.

Мәтінді оқып,  мазмұны бойынша төмендегі тапсырманы орындаңыз.

Кез келген елдің экономикасы қарыштап дамыған сайын, ұлттық құндылықтары мен ерекшелігі, ұлттық мәдениеті айшықтала түсуі керек. Ұлттық өнім демекші бізде қазақты әлемге әйгілі еткен қандай ұлттық бренд бар? Мәселен, Германия мен Жапония жалпақ жұртқа көліктерімен танымал, Франция иіссуымен мақтанады, Голландия хош иісті гүлдерімен әйгілі, Үндістан шәйімен, Швейцария сағатымен мәлім. Корея озық технология мен электроника өндірісі арқылы әлемді мойындатса, Қытай көшірмемен әйгілі. Қазақ халқында да өзге халықта жоқ көп нәрсе бар. Ұлттық дәстүрге жанашыр болып жүрген жандардың бірі – Толғанай  Елекбаева көптен бері көкейінде жүрген игілікті істі  қолына алып, көздің жауын алатын, қанық түске малынған алуан түрлі қазақ оюларымен көмкерілген кілемдер өндіруге кірісті. 

Толғанай Елекбаева, кәсіпкер

Таза жүннен өндірілген қазақ оюлы кілемдер – қазақ халқының мақтанышына айналатын ұлттық өнім болу керек деген ойдың жемісі. Бұрындары таныстарыма қазақы нақыштағы бұйымдар өндіру жөнінде ұсыныс айтып жүрдім. 90-жылдардың басында  Қазақстанда ою-өрнекті кілем, сырмақ, текеметтер жасайтын цех ашу туралы ой келді. Қандай өнім өндірсек те ұлттық бояуы бар өнім өндіреміз деп бекіндік. Кандидаттық диссертация қорғауыма байланысты ғылымға бет бұрдым, уақыт сырғып өтіп жатты.

Оқу мақсаты

5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды

      Оқылым стратегияларын қолданады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Жүннен тоқылған кілемнің пайдасы неде?

Жүн – серпімді, икемді, берік материал. Оның талшықтары иілгіш болып келеді. Серпімді болуының арқасында жүннен жасалған бұйымдар бүктелмейді және сыртқы түрі мен түсі ұзақ уақытқа дейін сақталады. Қалыпты жағдайда пайдаланса, жүн көп электрленбейді және шаң жинамайды. Жүн су мен басқа сұйықтықтарды сіңірмейді. Жүннің талшықтары синтетикалық талшықтардан әлдеқайда пайдалы. Ол жаңартылған табиғи ресурс болып табылады.

Мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты кластерге түсіріңіз.

Дескриптор                   Білім алушы

-  мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты анықтайды;

-  анықталған ақпараттарды кластерге түсіреді.

Оқу мақсаты

5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды  бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны  сипаттап не суреттеп жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Тақырыпқа сай оқиғаны сипаттап жазады

      Эссе құрылымын сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Жоғары деңгей дағдылары

Берілген суретті пайдалана отырып, ең жақын құрбыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап жазыңыз (100-120 сөз).

Дескриптор            Білім алушы

-  берілген суреттен тақырыпқа қатысты хобби түрлерін іріктейді;

-  іріктелген хобби түрлерін қатыстыра отырып, оқиға құрастырады;

-  кіріспе бөлімінде хобби сөзіне түсініктеме береді (25 сөз); - негізгі бөлімінде құрбысының хоббилері және бос уақытын қалай өткізетіні туралы жазады (70 сөз);

-  қорытынды бөлімінде бос уақытта хоббимен айналысуға кеңес береді (25 сөз).


5. ӘТН 2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Сөздер мен сөз тіркестеріндегі сингармонизм заңдылықтарын ауызша мәтін құрауда қолданады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген сөздер мен сөз тіркестеріндегі сингармонизм заңдылығын ескере отырып, оларды ауызша мәтін құрауда қолданыңыз. «Менің бос уақытым» тақырыбында ауызша мәтін құраңыз.

Қолөнер, гүл егу, әдеби кітаптар, жұмсақ ойыншықтар, ермек іс, әуесқойлық, құнды зат.

Дескриптор         Білім алушы

-  сөздер мен сөз тіркестерінің арасындағы ілгерінді және кейінді ықпалдарды анықтайды;

-  берілген сөздерді ауызша мәтін құрауда қолданады; - сингармонизм заңдылықтарына сай айтады.

3-тоқсан

Бөлім «Қиял әлемі»

Оқу мақсаты                                     5. Т/А2 Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени,

тақырыптарға байланысты диалог,  монологтердегі   (ән мәтіні, хабарлама,  жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

Бағалау критерийі                           Білім алушы

      Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды

      Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі      Қолдану

Тапсырма

Мәтінді  мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.

Қиялмен көмкерілген шындық

   Көркем әдебиеттегі автордың қалауына сәйкес өмірлік шындықты соны тәсілдермен жаңғыртатын «магикалық кристалл» туралы Пушкин заманынан бері айтылып келеді. Өмірде болмаған, болмайтын жайларды көркем образдар арқылы жаңаша бейнелеп, дүние бейнесін қайта құрып, оған төтенше, оқырманға таныс емес түр беретін әдеби амал – көркемдік ойдан шығарудың бір түрі. Жалпы, көркемдік қиял, ойдан шығару – әдебиеттің ажырағысыз белгілерінің бірі десек, әдеттегіден бөлекше бейнелеу – осы көркемдік ойлаудың, көркем шарттылықтың ең жоғары сатысы, яғни «шындыққа сәйкеспейтін» құбылыстардың поэтикалық шындыққа айналуы. Қиял – шығармашылық еркіндік көрінісі – негізінен романтикалық ирония бастауларының бірі болып табылады. Онда, көбінесе, дүние қияли сипат алып, автордың қалауымен һәм қиялымен жаңа қырынан көрінеді, «екіге жарылып», «өңі айналдырылып»  фантастикаға ұласып отырады, мұнда оқиғақұбылыстар «қияли көрінеді, қандай да бір нақтылықтан адаланады, …онда көптеген ғажайыптар орын алады».

Қабылов А.Д.

Дескриптор              Білім алушы

-  көтерілген басты мәселені анықтайды;

-  негізгі мәселеге қатысты өз ойын айтады.

5.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша  ақпаратты анықтау

Білім алушы

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды іріктейді

Ойлау дағдыларының       Қолдану деңгейі Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз. 


  Қамбар екі апта жол жүріп Айлаққа жетеді. Ертеңінде оянса, бір үйде ұйықтап жатыр екен. Үйден шықса, бұл қалаға келген адамдардың барлығы осында екен. Ол қуанып бәрімен амандасып, мән-жайды сұрастыра бастайды. Сол кезде бір қарт адам: «Балам-ау, отырып, дем ал, сол кезде не екенін айтамыз», - дейді. Бәрі тамақтанып отырады. Тамақтары біздің қазақ елінде жоқ, тіпті бүкіл жер шарында жоқ тамақтар екен. Тамақтары аузына сала бергенде, еріп кететін жақсы екен, дәмі де тіл үйірерлік. Тамсана жеп отырады. Сол кезде жаңағы қарт адам әңгімесін бастайды. Бұл жер әрине әдемі, жақсы және ең маңыздысы бұл жерде тұратын адамдар ешқашан қартаймайды, - дейді. Бірақ, ең жаманы бұл жерден бізге шығуға болмайды, - дейді. Сонда Қамбар: «Сіз бұл жерде не бар екенін айтыңызшы, бұл жердегі белгісіз жан адам ба, не?» - деп сұрайды. Сол кезде әлгі адам: «Бұл жердегі жан адам емес, бір құбыжық. Бірақ өте мейірімді құбыжық. Бұл жерде тірі жан болмағанын біліп, осында адамдар қоныстансын деген оймен біздің ғаламшарымызға келген екен», - дейді. Сонда Қамбар: «Онда неге біз бұл арадан шығып адамдарды шақырмаймыз?» дегенде, әлгі құбыжық келіп: «Мен сендерді жіберсем, сендер басқа адамдарды шақырасыңдар, ал олар бұл жерге қызығып осында келгісі келеді», - депті. Қамбар: «Келсе не болыпты, оның зияны жоқ қой, саған керегі де сол ғой», - депті. Сонда құбыжық: «Адамдардың бәрі осында келеді де, адам саны көбейіп, бұл Айлаққа сыймай кетеді, ақсүйектер қарапайым адамдарды бұл жерден қуа бастайды», - деп жауап қайтарады. Сонда Қамбар ауылына қайтып, осы жерде не болып жатқанын айтып, ауылға көшуі керек екенін айтып, жіберуін өтінеді. Бірақ  құбыжық жібермеймін деп қоймайды. Сонда Қамбар қашып құтылмақшы болады. Бірақ қолынан түк келмейді. Егер қашса, онда отбасына кесірі тиетіні ескертіледі. Қамбар жарайды деп осында қалады. Ақжүніс Қамбар енді қайтпайды деп үмітін үзеді. Сол кезде ауылдағы адамдардың бұл отбасына жаны ашып, ауылға тұрғызады. Олар рақметін айтып, сол жақта тұра береді. Ақжүніс бір бай адамның үйінде аспазшы болып істеп. ақша табады. Ал Қамбар сол қалпы Айлақта тұра береді. Біраз жыл өткеннен кейін құбыжық: «Енді мен өз ғаламшарыма қайтайын, бұл жерде барлығы сол қалпы қалады, тек адамдар қартаяды», - деп өз ғаламшарына ұшып кетеді.

Ақпараттар

 

Дұрыс

 

Бұрыс

Қамбар екі ай  жол жүріп Айлаққа жетеді.

 

 

-

 

Тамақтары біздің елде жоқ, тіпті бүкіл жер шарында жоқ тамақтар екен.

+

 

 

 

Қамбар Айлақта тұрмайтынын айтты.

 

 

-

 

Бұл жерде ешкімнің  болмағанын біліп, осында адамдар қоныстансын деген оймен біздің ғаламшарымызға келген екен.

+

 

 

 

Ақжүніс ауқатты адамның үйінде аспазшы

+

 

 

 

болып істеп ақша табады.

 

 

 

 

Мәтіннен 2 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

 

 

Дескриптор         Білім алушы

-      тыңдау барысында кестедегі ақпараттың дұрыс-бұрыстығын белгілейді. 

-      мәтіннен 2 негізгі және 2 қосымша ақпаратты табады.

5.О2. Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер  арқылы  тану

Білім алушы

Мәтіндегі  ауызекі сөйлеу және жазба стиліне тән белгілерді анықтайды

Ойлау дағдыларының         Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Берілген        мәтінді           мұқият           оқып, ауызекі          сөйлеу            мен     жазба стильдік айырмашылықтарына сараптама жасаңыз.

-  Мама, бүгін бес алдым, барлық сабақтан!..

     Қырмызы өзінен бірер жас кіші сіңлісін ертіп, анасының берген байғазы ақшасына дәріханадан гематоген сатып алады. Дүкендегі кәмпиттерден гөрі осы қызыл-қоңыр тәттіні ерекше ұнататын-ды. Әпкесінің «Бестік» алған күндері кішкентай сіңлісі үшін де бір мереке еді... 

    Басына байлаған ақ бантиктері желкілдеп, өмірдің әр қалт еткен көрінісінен қуаныш көріп жүретін ол бір ғажап күндер еді-ау!.. Қырмызы әжесінің баласы еді. Ол кісінің сөз саптауы мен ой-пайымын бала Қырмызы аудыртпай қағып алатын-ды. Әжесінің әр сөзі оған саф алтындай қымбат және әр уақытта орынды болып саналатын. 

-  Менің шешем өте көрікті кісі болған еді... Сен соған тартқансың. 

    Балапаным-ай, кейде осы көркіңнен де қорқам...

-  Неге, әже? Сұлу болған жаман ба?

-  Жарқыным-ай, жақсы ғой, тек... жамандығы да бар.

-  Неге?..

-  Болды, қазымыр болма, ол баланың ойыны емес!

-  Айтшы, әже, сұлу болған неге жаман? Ұлдар бұрымыңнан көп тартқаны үшін бе? - Е, жалған-ай... Сенің екеу болғаныңды көріп, маңдайларыңнан сүйіп барып өлсем - арманым болмас еді...

-  Әже, сіз ешқашан да өлмейсіз, егер өлсеңіз сізді мен жүрегіме салып ап ешкімге көрсетпей, өзіміз ғана өмір сүреміз.

-  Балапаным менің, кішкентай ақымағым... Е, Аллам, тіл-көзден аман ете гөр, бұлардың көз-жасын көрсетпе маған...

Мәтін

Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-      мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне  тән сөз тіркестерін теріп жазады;

-      жұбының жұмысымен салыстырады;

-      қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.


5.О3. Хат, хабарлама,  жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату 

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіннің түрін ажыратады

      Мәтіннің құрылымын, рәсімделуін түсіндіру арқылы жанрлық ерекшелігін көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Өзіңізге ұнаған кейіпкерге хат дайындаңыз. Құрылымы мен рәсімделуіне көңіл бөліңіз. 

          Ертеде бір бес ағайынды жігіт бір байтеректің қасына жарты жер салған екен. Егіні піскен кезде түнде келіп, біреу жеп кетеді екен. Сонан соң олар егінін күзетіпті. Әуелі үлкен ағасы күзетіпті, бірақ ешкімді көрмепті. Солайша төрт ағасы - төрт күн күзетіпті. Бесінші күні ең кішісі күзетіпті, аты Қарағылыш екен, Қарағылыш күзеткен күні көктен бір қара бие келіпті, егінді жеп жатқанда Қарағылыш оны ұстап алыпты. Сонда әлгі қара бие айтыпты: - Ей бала, мені жібер, менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін - деді. Қарағылыш оны қоя берді. Сонан соң қара бие құлындарын алып келіп, ең кішісін Қарағылышқа берді, бөтен төртеуін төрт ағасына берді. Сонда бәрі жарысқанда Қарағылыш озады екен. Бір күні Қарағылыш жұлындай жерден түтін көріпті, барса - бір жалмауыз кемпірдің үйі екен. Ол кемпірдің бес қызы бар екен; қыздарының ойнайтын, жататын, тамақ ішетін үйлері бөлек-бөлек екен. Сонда Қарағылыш қыздардың ойнайтын үйіне барып, кілемнің астына жатыпты. Қыздар келе бергенде кілемді көтеріп қалыпты. Кемпір Қарағылышқа: - Қыздарымды ертең ұзатайын, бүгін өзің қон! -депті. Сонан соң Қарағылыш қыздарын өзіне беріп, өзі қоныпты. Қарағылыш үйге келіп ұйықтамай жатыпты. Сонан соң кемпір қыздарын ырғап-жырғап ұзатыпты. 

https://www.zharar.com/kz/ertegi/1432-karlygash.html#read

Дескриптор           Білім алушы

-  мәтіннің түрін ажыратады;

-  кейіпкерге хат дайындайды; - құрылымы мен рәсімделуін сақтайды; - жанрлық ерекшелігін ескереді.

5.Ж1.  Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

 Білім алушы

Мәтінге қарапайым жоспар құрайды

Ойлау дағдыларының         Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Мәтіннің оқиға желісі бойынша кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз.

Ертегі десе әдетте  әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятынын, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай  алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па? 

Жоспар

Кіріспе бөлім ____________________________

Негізгі бөлім ____________________________

Қорытынды  бөлім ________________________

Дескриптор       Білім алушы

- мазмұны бойынша жоспар құрайды.

5.Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

 Білім алушы

Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады

Ойлау дағдыларының         Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Тапсырма

Суреттерді қатыстыра отырып,  қиял-ғажайып ертегісін  құрастырыңыз.

Дескриптор              Білім алушы

-      ертегіге ат қояды;

-      суреттерді оқиға желісімен орналастырады;

-      барлық суреттерді қатыстыра отырып, қиял-ғажайып ертегісін құрайды;

-      мазмұны тақырыпқа сай, қызықты, әсерлі жазады.

5. ӘТН 4.3.  Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

 Білім алушы

      Сын есімдерді мағынасына қарай ажыратады

      Сын есімдерді шырай түрінде қолданады

Ойлау дағдыларының         Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Мәтіннен  сын есімдерді тауып,  шырай түріне қойып  қолданыңыз.

      Бір бай ұлын шақырып алып: - Ұлым, мен көз жұмған соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке: - Неғып отырсың? - дейді. Жігіт: - Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал: - Шыныңды айт! - деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал: - Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт: - Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал: - Қандай өсиет айтып еді? - дейді. Жігіт: - Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке: - Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті. https://www.zharar.com/kz/ertegi/7736-osiet.html#read

Сын есімдер

Шырай түрі

 

 

Дескриптор       Білім алушы

-  мәтіннен  4 сын есімдерді анықтайды;

-  әр сын есімдердің шырай түрін көрсетеді.


Бөлім  «Көлік және жол белгілері»

Оқу мақсаты                             5. Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар  арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі                   Білім алушы

Негізгі ойды тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы анықтайды

Ойлау дағдыларының            Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтаңыз.

 Жол белгілері. Жаңа ережелер. Жол қауіпсіздігі. Ескерту белгілері. Басымдылық белгілері.  Тыйым салу белгілері. Міндеттеу белгілері. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері.  Қызмет көрсету белгілері.  Қосымша тақтайшалар.

Дескриптор           Білім алушы

-   тірек сөздерді ажыратады;

-   тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды.

5.         Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша  өз ойын білдіру

Бағалау критерийі                Білім алушы

      Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді

      Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен жеткізеді

Ойлау дағдыларының         Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Өзекті мәселе бойынша өз ойыңызды айтып талқылаңыз немесе дәлелдеңіз.

Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер.

 Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында теміржол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электрондық есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.

 Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күймемен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.  а)

1.    Көшенің тәртібін кімдер қадағалайды?

2.    Алғашқы бағдаршам қашан және қай жерде пайда болған?

3.    Электрлі бағдаршам қайда пайда болған?

4.    Ал бүгінгі таңда бағдаршам қалай жүзеге асырылған?

ә) Бүгінгі күні Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдер өте көп. Осы автомбильдердің адам өміріне келтіретін зияны мен пайдасы жайлы ойыңызды айтыңыз.

Дескриптор             Білім алушы

-       қойылған сұрақтарға жауап береді;

-       өзекті мәселе бойынша өз ойын айтып талқылайды немесе дәлелдейді.

5. О5. Мәтін  мазмұнын түсінуге,  нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

Бағалау критерийі     

Білім алушы

       Негізгі ақпараттарды анықтайды

       Ақпараттарға бағытталған  сұрақтар құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің негізгі ақпараттарын анықтауға бағытталған

сұрақтар құрастырыңыз (3 сұрақ).

 

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгіншілерге арналған жолдармен, ал

олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

 

 Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен

қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

 

 Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан,

мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының

бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

 

Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына

көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес,

қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл

жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну

жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.

 

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ

болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ересектердің

бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

 

 Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның

ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар

мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

 

Дескриптор              Білім алушы

-     нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады (3 сұрақ).

5. О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газетжурналдардан қажетті ақпаратты ала білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ақпарат көздерінен қажетті материалдарды таңдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген ақпарат көздерінен жол белгілеріне қатысты ақпаратты таңдап алыңыз.

Жол көлік апатының алдын алу бойынша ұсыныс білдіріңіз.

1.      https://kk.wikipedia.org/wiki

2.      https://www.youtube.com/watch?v=ncvVLSvBpyo

3.      https://kk.wikipedia.org/wiki/%

4.      https://www.youtube.com/watch?v=1KvUWfBNnFI

Дескриптор             Білім алушы

-  қажетті  ақпаратты табады;

-  тақырыпқа сәйкестігін көрсетеді;

-  жол көлік апатын болдырмау жолдарын болжайды, түсіндіреді, ұсынады;

-  сілтемені (дереккөз) көрсетеді.

Оқу мақсаты

5. Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды  бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны  сипаттап не суреттеп жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Болған оқиғаны сипаттап жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

«Жол апатының алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады?» тақырыбына кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, белгілі бір мекенде болған оқиғаны сипаттап, эссе жазыңыз.     Дескриптор        Білім алушы

-эссе тақырыбына қатысты өз ойын білдіреді;

-  эссе құрылымын сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды);

-  бір мекенде болған оқиғаны сипаттап жазады; - эссе көлемін сақтайды. 

5. ӘТН 1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі                Білім алушы

Сөздердің емлелік нормаларын сақтайды

Ойлау дағдыларының       Қолдану деңгейі

Тапсырма

Суреттерді пайдаланып, үндестік заңын және орфографиялық нормаларды ескеріп, «Жаяу жүргіншіге 7 кеңес» құрастырып жазыңыз (50 сөз).

Дескриптор                     Білім алушы

- үндестік заңын және орфографиялық нормаларды сақтайды; - «Жаяу жүргіншіге 7 кеңес» құрастырып жазады. 

5. Т/А1. Тірек сөздер  мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы  тақырыпты болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Тақырыпты тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суретке қарап, тақырыпқа болжам жасаңыз. Суретте берілген кейіпкерлер туралы өз ойыңызды айту үшін жоспар құрыңыз. 

Төмендегі сұрақтарды басшылыққа алыңыз:

Бұл кім? 

Қандай қызметпен айналысады? 

Бұлардың мінезі қандай болуы мүмкін? 

Сырт келбетіне қарап мінезі туралы не айтасыз? 

-сурет  арқылы тақырыпты болжайды; -өз ойын жоспар бойынша білдіреді.


Бөлім  «Адамның сырт келбеті мен мінезі»

Оқу мақсаты                                    5. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру  

Бағалау критерийі                          Білім алушы

Жағдаятқа сай пікірі мен көзқарасын дәлелмен жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі     Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мәтін бойынша эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысыңыз, өз пікіріңізді  білдіріңіз.

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып-білудің, әрқайсысының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.  

Дескриптор              Білім алушы

-эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданады;

- диалогке даярлықсыз түседі, өз пікірін білдіреді.

5. О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды

      Оқылым стратегияларын қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Мәтінді мұқият оқыңыз, мәтіннің мазмұнына талдау жасай отырып, идеяны анықтаңыз.

  Адам тану - даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын. 

    Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан дүниесінің айнасы.

Дескриптор           Білім алушы

- мәтіннің негізгі идеясын анықтайды.

Оқу мақсаты

5.Ж5 . Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін  жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Негізгі ақпараттарды сақтайды

      Жинақы мәтін жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.

Мәтін

Жинақы мәтін

Мінез – әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттердің бірлігі, түрлі ерекшеліктердің қосындысы, жеке тұлғаны әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез - өте кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтығы – оның негізгі сапалары болып есептеледі. Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл күйіне, зеректігіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінезқұлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Адамдарға деген қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. 

 

Дескриптор                Білім алушы

-  жинақы мәтін құрастыруда негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді;

-  мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, жинақы мәтін жазады.


Оқу мақсаты

5. ӘТН 3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді   көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіндегі омоним, антоним, синонимдердің баламасын ажыратады.

      Көп мағыналы сөздерді табады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Синонимдердің  баламасын тауып, сәйкестендіріңіз. Көп мағыналы сөздерді табыңыз.

      Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар әртүрлi жағдайларда көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер және түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай әрекетке келетiнiн жаңылмай, дәл айтуға болады.

1) жеке

А) сергек

2) барша

Ә) баяу

3) көңілді

 Б) дәл

Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бәрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мәндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезiм, ниет, әрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы әртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тәуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мәндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң әсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейiн арттыра түседi.

а)   Берілген сөздерге синонимдік қатар жасаңыз.

 

сөздер

синонимі

1

дәреже

 

2

әрекет

 

3

қасиет

 

ә)  Берілген синонимдерді сәйкестендіріп, сызықша арқылы көрсетіңіз.

4) сылбыр

 В) барлық

5) нақты

 Д) қажетті

6) тиісті

Е) дара

б) Мәтіннен  көп мағыналы сөздерді тауып, теріп жазыңыз. Дескриптор Білім алушы

-   синонимдік қатар жасайды;

-   синонимдерді сәйкестендіреді;

-   көп мағыналы сөздерді тауып, теріп жазады.

4-тоқсан

Бөлім  «Аспан әлемінің құпиялары»

Оқу мақсаты

5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,  монологтердегі   (ән мәтіні, хабарлама,  жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіндегі мәселені анықтайды

      Мәселеге өз көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Көтерілген мәселені анықтап, халықтың ауа райын болжауына  өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Есте жоқ ерте замандардан бері адамзат баласы ауа райын үздіксіз бақылап келеді. Өйткені, олардың көшпелі өмірі ауа райымен тығыз байланысты әрі соған тәуелді еді. Олар жан-жануарлардың қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың сипатын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы, ауа райын дәл айта білу де - кез келгеннің басына беріле бермейтін қасиет. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды «жұлдызшылар» деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары түрлі ырымдарды да ауа райын болжауда кеңінен пайдаланды. Осы орайда назарларыңызға қарапайым кәсіпті серік еткен (балықшылар, егіншілер т.б) атабабаларымыздың ауа райы хақындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз. 

Шағала суға қонса, күн райының жақсы болатындығын білдіреді. Ал егер құмдақтың бетінде жүруін тоқтатпаса, қамдана бер деген сөз екен. Егер аспан күн ұясына қонып жатқанда алтын және қарақошқыл түсті болса, ал күншығыс бет қарауытып, қызғылт түске еніп тұрса, жаздыгүні ашық, жылы, тыныш күн, қыстыгүні желсіз, бірқалыпты аяз болады деген белгі. Бұлттар ауа райын болжауда үлкен рөл атқарады. Яғни, ертедегі адамдар олардың сыртқы көрінісіне, пішініне, қозғалысына қарап, күннің жағдайын біліп отырған деседі. Мәселен, егер бұлттардың долбары сирек болса, дауылды қарсы алуға дайын бол. Егер олар бір-бірінен алшақ әрі жеңіл көрінсе, желдің жолы әлі алыс дегені. Егер бұлттар бір жерге топырлап, тез қозғалып бара жатса, бір сұмдықтың болары анық. Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа райы бұзылады.

Дескриптор             Білім алушы

-  мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

-  мәселеге өз көзқарасы бойынша жауап береді.


5.Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар  арқылы негізгі ойды анықтау Білім алушы

Мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды

Білу және түсіну

 

Тапсырма

 Мәтінді мұқият тыңдаңыз, жұпта мәтіннің мазмұнын талдай отырып, балық қаңқасын  толтырыңыз.

Үстіңгі қаңқаға – мәтіннің негізгі тірек сөздерін немесе сөз тіркестерін, басына – мәтіннің негізгі ойын, астыңғы қаңқасына – мәселені жазыңыз. 

  Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан  1,3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемінің шағын ғана бөлігі - Галактиканың бір шетіндегі екінші шетіне жарық жұлдыз мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы Галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады. Адам ерте кезден-ақ ғарыш денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ол әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.

Дескриптор         Білім алушы

-  қаңқаның басына мәтіннің негізгі ойын анықтап жазады;

-  үстіңгі қаңқаға тірек сөздер мен сөз тіркестерін мәтіннен іріктейді; - төменгі қаңқаларға іріктелген мәселелерді орналастырады.

5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Мәтін мазмұнындағы  негізгі және қосымша ақпараттарды іріктейді

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

 Мәтінді мұқият оқып, Жер мен Айдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз. Негізгі ой мен қосымша ойды анықтаңыз. 

Жұлдыздар жерден өте көп қашықтықта орналасқан. Жерді қозғалмайды деп ойлаудан және аспан денелерінің тепе-тең шеңберлік қозғалысының Пифагорлық принципінен көрінетін планеталардың жұлдыздар арасындағы ілмек тәрізді қозғалысын түсінуге тырысу ежелгі грек ойшылдарын әлем жүйесін таза геометриялық әдістермен қарастыруға себеп болды. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген. Ай - Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 км. Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу жазықтығының арасындағы бұрыш 50 градусқа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте 13 оське жуық жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады.

Осыған сәйкес Ай фазасы ауысады.

Жердің қасиеттері

Ұқсастықтары

Айдың қасиеттері

 

 

 

Дескриптор         Білім алушы

-  жер мен айдың қасиеттерін салыстырады;

-  мәтіндегі негізгі және қосымша ойды ажыратады.

5.О2. Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер  арқылы тану

Білім алушы

Мәтіндегі  ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтайды

Қолдану

 

Тапсырма

Берілген мәтінді мұқият  оқып, ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтаңыз.

-    Олжас, аспанның түсі неліктен көк екенін білесің бе?

-    Жоооқ. Шынында да, не себепті олай?

-    Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, көкке көз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз.

-    Бекбау, оның сыры неде екен, ә?

-    Күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк секілді түрлі түсті болады. Осындай алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда, ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді, себебі ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең қысқасы – көк түс. Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.

Мәтін

Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер

 

 

Дескриптор      Білім алушы

-  мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне  тән сөз тіркестерін теріп жазады;

-  жұбының жұмысымен салыстырады;

-  қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.


5.Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

Білім алушы

Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады

Қолдану

 

Тапсырма

Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша  әңгіме құрастырыңыз

Тірек сөздер: аспан, жұлдыздар, ғарыш, күн, жылу, жер, глобус, жер серігі, арман, қиялда, үшінші аспанның  құпиясы,  капитан, ғарыш әлемінде, аспан денесі.

Дескриптор             Білім алушы

-  тірек сөздерді орынды қолданады;

-  әңгімеге ат қояды;

-  сурет  бойынша әңгіме құрастырады.

5.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау

Білім алушы

Орфографиялық нормаға сәйкес  мәтінді түзетіп, редакциялайды

Қолдану

 

Тапсырма

Мәтіннен қате жазылған сөздерді табыңыз. Қате жазылған сөздерді қандай ережеге сәйкес дұрыс жазуға болатынын  анықтап, мәтінді ІІІ жақта жазыңыз.

Аспан әлемі, яғни сансыз планеталар мен жымыңдаған жұлдыздар бір-бірімен

қақтығыспай өте жіңішке есеппен, өте керемет жүйемен миллиардтаған жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бір-бірімен қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып тұрған күш қандай күш? «Тартылыс» күші делік. Тартылыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тылсым күш қандай құдірет? Егер бір планетанын тұрақты тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан боларын бір сәт ойландыңыз ба? Барлық планеталар мен жұлдұздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-бірінің ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес, арнайы бір Ұлы құдіреттің жаратқанын меңзейді. Дескриптор     Білім алушы

-  қате жазылған сөздерді анықтайды;

-  дұрыс сөзбен салыстырады; - ережемен сәйкестендіреді; - мәтінді ІІІ жақта жазады. 

Оқу мақсаты

5.ӘТН 1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Дыбыстар жүйесін орфографиялық нормаға сай, үндестік заңына сәйкес қолданады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Аспан әлемі құпияларын зерттейтін кейіпкерге хат жазыңыз. Хат мазмұнында  дыбыстар жүйесін, тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс қолданыңыз.       

Дескриптор           Білім алушы

-  кейіпкерге хат жазады;

-  хат құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды)  сақтайды; 

-  хат мазмұнында  тәуелдік және жіктік жалғауларын  қолданады; - сөйлемнің айтылу мақсатына қарай лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді қолданады.

Бөлім  «Саяхат және демалыс»

Оқу мақсаты

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша  өз ойын білдіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді

      Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ қойыңыз. Мәтіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ойыңызды  дәлелдермен келтіріңіз.

     Қайрат жазғы демалыста ауылға барды. Атасына шөп орысып жүрді. Бірде қамыс арасындағы соқпақпен үйіне қайтып келе жатты. Күн ыстық. Алдыңғы жақтан пыр етіп  қырғауыл ұшты да, қайта қонды. Қайрат тұра жүгірді. Қуалап жүріп ұстап алды.

- Ата, қандай әдемі!.. - деді жотасынан сипап, енді мұны асыраймын. 

         Атасы қырғауылды қолына  алып қарады, аяғы  сынған екен. Қалтасынан қол  орамалын алып жыртты да, қырғауылдың аяғын таңып, ұшырып жіберді. 

Дескриптор           Білім алушы

-  мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырады;

-  дайындаған сұрақтарын жұбына қояды;

-  жұбының сұрағына жауап береді;

     -өз ойын дәлелдер келтіріп, жауап береді.


5.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру   

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар құрайды

      Сұрақтар құрастыруда қыстырма, қаратпа сөздерді қолданады

      Сұрақтарға жауап беру арқылы диалогке дайындықсыз қатысады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді тыңдап, 2 ашық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ мазмұнында қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына өз пікіріңізді білдіре отырып, жауап беріңіз.

Отбасымның демалысы

    Мен өз отбасымды өте жақсы көремін. Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз. Әр жексенбі сайын саябаққа, қала сыртындағы демалыс орындарына барамыз. Жаздыгүні балық аулаймыз, күнге қыздырынамыз, саңырауқұлақ, гүл тереміз, суға шомыламыз.      Біз отбасымызбен жылда демалысқа шығамыз. Биыл жазда отбасымызбен Бурабайға барамыз. Демалыс күні жақсы өтеді деп ойлаймын.

Дескриптор          Білім алушы

-  мәтін бойынша 2  ашық сұрақ құрастырады;

-  сұрақ мазмұнында ойдың кімнен шыққандығын білдіретін  қыстырма сөздерді қолданады;

-  күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды жауап береді.

5.О3. Хат, хабарлама,  жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Мәтіннің түрін анықтайды

      Жанрлық ерекшелігін ажыратады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшелігін анықтаңыз.

Саяхат ережесі

Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жер аралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек.

-                      Ойын-сауық орталықтарына бар. Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің. 

-                      Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады.  - Жалғыз саяхатта. Топ болып жүретін болсаң, өз тіліңде сөйлеуді жалғастыра бересің және жаңа орындарға емес, айналаңдағы жолдастарыңның әңгімелеріне көп назар аударасың. - Салыстырма. Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. 

-                      Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма.  Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды. 

-                      Тым көп сауда жасама. Анда-мұнда тасып әуре болмайтын заттарға ақша жұмсамағаның жөн. Мәселен, театр билеттері, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтарына барып көр. Мұнда бәрін көру керек! 

Дескриптор           Білім алушы

-  мәтіннің түрін ажыратады;

-  мәтіннің құрылымын анықтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім);

-  құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшелігін анықтайды.

5.О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газетжурналдардан қажетті ақпаратты ала білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Дереккөздерден қажетті ақпараттарды  іріктейді

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

«Уикипедия»  ашық энциклопедиясынан Қазақстанның көрікті жерлері туралы 6 ақпарат алыңыз.

Дескриптор

Білім алушы

-          энциклопедия арқылы Қазақстанның көрікті жерлерімен танысады;

-          мәтіннен  қажетті 6 ақпаратты іріктейді.

Оқу мақсаты

5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу  

Бағалау критерийі                      Білім алушы

      Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді

      Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды

Ойлау дағдыларының               Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Басқа қалада тұратын досыңызға өз басыңыздан өткен демалыс оқиғасы туралы хат жазыңыз (100-120 сөз).

Дескриптор         Білім алушы

-   хаттың кіріспе бөлімінде досымен амандық-саулық сұрасады;

-   негізгі бөлімде демалыс күніндегі оқиғаны әңгімелейді;

-   қорытынды бөлімде демалыс күнін босқа өткізбеуге  кеңес береді және  қоштасады;

-   хат соңында есімін және мерзімін көрсетеді.

5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды  бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны  сипаттап не суреттеп жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Тақырыпқа сай оқиғаны сипаттап жазады

      Эссе құрылымын сақтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

 Сіз отбасыңызбен бірге саяхатқа шығып келдіңіз. Саяхат барысындағы бір күніңізде болған  оқиғаны сипаттап жазыңыз (100-120 сөз).

Дескриптор         Білім алушы

-   саяхатқа шыққан жерін  қатыстыра отырып, оқиға құрастырады;

-   кіріспе бөлімінде  отбасыңызбен қай жерге саяхатқа     шыққандығы  туралы жазады (25 сөз);

-   негізгі бөлімінде  саяхаттағы бір күнінде болған оқиғаны    сипаттап  жазады (70 сөз);

-   қорытынды бөлімінде  саяхаттан алған  әсерімен бөліседі (25 сөз).

5.ӘТН 3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,  синонимдерді   көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойын жеткізуде синонимдік  қатарды өзгертіп қолданады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Мәтінді оқыңыз. Синонимдік қатарларды орынды қолданып, көрікті жерге саяхат жасауға шақыру мақсатында жарнама  жасаңыз (100-120 сөз).

Көлсай көлдері

    «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылы 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайыңды көліне дейін автокөлікпен баруға болады. Сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған Алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.

Дескриптор         Білім алушы

-    мәтіннен  синонимдік қатарды  іріктейді;

-    іріктелген синоним сөздерді өзгерте отырып, жарнама құрастырады;

-    кіріспе бөлімінде  көрікті жер туралы түсініктеме береді (25 сөз); - негізгі бөлімінде  көрікті жер туралы ақпарат беріп, ерекшелігін жазады (70 сөз); 

-    қорытынды бөлімінде демалыс орнының мекенжайын көрсетіп,  демалушылардың назарын аударады (25 сөз). 


Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды. 

Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. 

Шартты б. т.6,72. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2017 56389
    • ZIP 13.5 мбайт
    • 1186 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жуланова Салтанат Каиргельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 100652
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе