Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Қазақ тілінен "Талдау түрлері"

Қазақ тілінен "Талдау түрлері"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:













«Қазақ тіліндегі талдау

түрлерін меңгерту әдістері»



5-9 сыныптар үшін

факультативтік курс

























Түсінік хат 


5-9 сынып оқушыларына арналған факультатив сабағының бағдарламасы мемлекеттік білім стандарты негізінде жасалды. Оқушылардың бағдарлы оқу ерекшеліктеріне сәйкес олардың танымдық тақырыптарды грамматикалық тақырыптармен бірлікте алып жүруі ескерілді. 
Сөздердің мағынасын түсініп, күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білу, сөздегі дыбыстарды қатесіз жазу, сөздердің жасалу ерекшелігін, сөздерді, сөйлем құрылымын жете түсіну өте маңызды, сондықтан фонетика саласынан бастап жүйелі қайталату мақсатын ұстандым. 
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтап, есте сақтау қабілеттерін шыңдауға болады. 
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынандай мақсаттар негізінде құрылды: 
- Сабақтарда үйренгендерін күнделікті өмірде қолданып, сауатты сөйлей білу; 
- Күнделікті өмірде, қоғамдық ортада өтілген тақырыптарға байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті туралы қазақ тілінде әңгімелесе білу; 
- Тілдегі сөз құрылымын, сөздердің мағыналарын, сөздердің тіркесуін, сөйлем құрылымын тану, ерекшеліктеріне мән беру; 
Оқушылар тіл білімінің барлық салалары бойынша толық қайталап, әр тақырыптан соң талдау түрлеріне жаттығады. 
Лексикалық тақырыптарды оқи отырып, сөздік қорларын байытады. 
10-сыныпта қазақ хандары, билері, батырлары, салт-дәстүрі туралы танымдық тақырыптар қамтылса, 11-сыныпта ұлттық ойын түрлері, ұлттық киімдер, саз аспаптары, Ұлы есімдер тақырыптары қамтылды.Бағдарламаға кіргізілген лексикалық тақырыптар оқулықтағы мәтіндердің мазмұнын толықтыру және оқушыға жан-жақты білім берумақсатында таңдалынды. 
Бағдарламаны дайындау барысында оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетінше білім алуға деген талпынысты ояту, нәтижеге бағдарланған білім беру ұстанымы басты бағыт болды. 
6-7-сыныптарда аптасына 1 сағат, барлығы - 34 сағат; 
8-9-сыныптарда аптасына 1 сағат, барлығы - 34 сағат; 






6-7-сынып жоспары

 

1


4

Дауыссыз дыбыстар.Дауыссыз дыбыстардың жасалуы, түрлері, дауыссыз дыбыстарды талдау

1


5

Лексикалық тақырыптар:Төле би, «Жеті жетім» 

1


6

Буын. Тасымал. Екпін.Буын және оның түрлері, буынға бөлінбейтін сөздер, тасымал туралы, тасымалданбайтын сөздер, екпіннің түрлері, екпін түспейтін қосымшалар. Лексикалық тақырыптар:Қазыбек би, Әйтеке би 

5


7

Үндестік заңы. Буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ықпалдың түрлері Лексикалық тақырыптар:Қазақ батырлары, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Райымбек батыр 

2



Лексика

18


8

Сөз және оның мағыналары

7


9

Лексикалық тақырыптар:Бұқар жырау, Бұқар мен Абылай, Киіз үй. 

1


10

Қолданылу аясы шектеулі сөздер

9


11

Лексикалық тақырыптар:Қазақ елін танытатын мәтіндер. 

1








8-9-сынып  жоспары

 

5





4

Сөз таптары. Сөз таптарына жеке-жеке тоқталып, өзіндік ерекшелігін таныту 
Лексикалық тақырыптар:Ұлы есімдер 
Синтаксис

8


5

Сөз тіркесі. Сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.Сөйлем мүшелері. Сөздердің байланысу түрлері, тәсілдері. Құрмалас сөйлем. 
Лексикалық тақырыптар: Түркілер тарихындағы әйгілі адамдар 

8





ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

Оқушылардың бағдарлы оқу ерекшеліктеріне сәйкес олардың танымдық тақырыптарды грамматикалық тақырыптармен бірлікте алып жүруі ескерілді.
Сөздердің мағынасын түсініп, күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білу, сөздегі дыбыстарды қатесіз жазу, сөздердің жасалу ерекшелігін, сөздерді, сөйлем құрылымын жете түсіну өте маңызды, сондықтан фонетика саласынан бастап жүйелі қайталату мақсатын ұстандым.
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтап, есте сақтау қабілеттерін шыңдауға болады.
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынандай мақсаттар негізінде құрылды:
- Сабақтарда үйренгендерін күнделікті өмірде қолданып, сауатты сөйлей білу;
- Күнделікті өмірде, қоғамдық ортада өтілген тақырыптарға байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті туралы қазақ тілінде әңгімелесе білу;
- Тілдегі сөз құрылымын, сөздердің мағыналарын, сөздердің тіркесуін, сөйлем құрылымын тану, ерекшеліктеріне мән беру;
Оқушылар тіл білімінің барлық салалары бойынша толық қайталап, әр тақырыптан соң талдау түрлеріне жаттығады.
Лексикалық тақырыптарды оқи отырып, сөздік қорларын байытады.

1.Тіл туралы мақал-мәтелдер

1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың - өлшемі.

13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 

14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды тіл тындырады.

21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.



Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Ашық, қысаң дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ашық, қысаң дауыстылар туралы түсінік беру. Айтылу ерекшеліктерін ұғындыру. Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін таныстыру.
Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, оқушының тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік: тіл қадірін сезіне білуге, сөз мағынасын терең түсінуге, дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
 Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі:   тірек сызбалар, таблицалар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.  Қайталау –  оқу анасы. (үй тапсырмасын сұрау)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
4. Қазақтың төл дыбыстарын ата.
5. “Әліп би” сөзінің мағынасы қандай?
6. Дауысты дыбыстар  қалай жасалады?
7. Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ. (тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.)
Дыбыстар: дауысты, дауыссыз
Дауысты дыбыстыр: тілдің қатысына қарай:
1) жуан: а, о, ы, ұ, у
2) жіңішке: ә, ө, і, ү, е, э, и, у
Жақтың қатысына қарай:
1) ашық: а, ә ,о, ө, е, э
2) қысаң: ы, і, и, у, ұ, ү
Ерін мен езудің қатысына қарай:
1) еріндік: о, ө, ұ, ү, у
2) езулік: ә, е, і, а, и, э, ы
ІУ. Кітап-  досың , ақылшың. (оқулықпен жұмыс)
244 – жаттығу. Мәтінді оқып, ашық дауысты дыбыстарды табыңдар.
245 – жаттығу.  Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?
246 – жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек,
қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
У. Мақал – сөздің мәйегі. 1. Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын мақалдар айтыңдар.
2. Жалғасын тап.
Көп жасаған білмейді, ……………. көп көрген біледі
Біреуге ор қазба, ………………..өзің түсетсің
Кітап — ………………………білім бұлағы
Отан үшін отқа……………….түс, күймейсің
УІ. Адасқан әріптер
і, м, б, л, і             білім
к, р, е, м, т, е,е,     керемет
к, т, е, м, е, т, е       текемет
с, ұ, з, а, т         ұстаз
ғ, м, л, ы, а          ғалым
ә, і, п, р          әріп
о, у, ш, қ, ы     оқушы
УІІ. Біліміңді байқап көр. Шығармашылық жұмыс. «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына эссе жазу. (видео көрсетіледі)
УІІІ. Білімді мыңды жығар. Фонетикалық талдау.
Мыс: Оқжетпес – Көкшетаудағы ең әдемі тау
ІХ. «Жүйріктен жүйрік озар…» үш қатарға тапсырмалар беріледі.
1 қатар: Ассонансқа мысал кетіріңдер
2қатар: Метаграмма құрастырыңдар
3 қатар. Сөзден сөз тудырыңдар
Х. Жаңылдырсаң да жаңылмаймын. «Домино» ойыны арқылы жаңылтпаш беріледі. Дұрыс құрастыру керек. «Есет атам ет асатар, ет асатса бес
асатар.»
ХІ. Тест тапсырмасы
1. Қазіргі әліпбиімізде қанша әріп бар?
А) 10   Ә) 41   Б) 42
2. Қазақ әліпбиіне тән дыбыстардың саны қанша?
А) 7   Ә) 12   Б) 9
3. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
А) синтаксис    Ә) фонетика    Б) лексика
4. Дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ә, ө, о    Ә) б, ж, л, р     Б) қ, ғ, м, н, ң
5. Жуан дауысты дыбыстарды ажырат
А) а, ә, б, в, ң        Ә) й, п, а, о, м, л      Б) а, о, ұ, ы
6. Ашық дауысты дыбысты тап.
А) а, ө, у, ү, ұ          Ә) а, ә, о, ө, е, э    Б) ұ, ү, ы, і, и
7. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ө, у, ү, ұ   Ә) а, ә, о, ө, е, э     Б) і, и, е, э, ү
8. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсет.
А) о, ө, ұ, ү   Ә) ы, і, и, у, ұ     Б) қ, к, с, з, д
9. Қосарлы дыбыстар қандай дыбыстар?
А) а, ө, у, ү, ұ      Ә) а, ә, о, ө, е, э      Б) ұ, э, я
10. Қазақ тілінде дыбыс саны қанша?
А) 32     Ә)28    Б)37
ХІІ.  Семантикалық карта. 12 дауысты дыбысты өз тобына орналастыру керек.

ХІІІ. Үйге тапсырма.
1.    ереже жаттау.
2.    өтірік өлеңдер табу немесе шығару және солардан ашық, қысаң дауыстыларды тауып келу.

Фонетикалық талдау



Қазақ тілінде
42 әріп, 37 дыбыс бар.

Дауысты дыбыстар: (Гласные звуки в казахском языке)


Дауыссыз дыбыстар: (Согласные звуки в казахском языке)
Итого в казахском языке:
  • букв - 42, из них 15 гласных и 25 согласных + Ъ и Ь.

  • звуков - 37, из них 12 гласных и 25 согласных.

Буындар:

1. Ашық: A, BA
2.
Тұйық: AB
3.
Бітеу: BAB, где

A - дауысты (гласный звук)
B - дауыссыз (согласный звук)

Пример фонетического разбора (Мысал):

Сөз: Отбасы

Отбасы1 - 3 буын, от - тұйық; ба, сы - ашық.
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
т - дауыссыз, қатаң;
б - дауыссыз, ұяң;
а - дауысты, жуан, ашық, езулік;
с - дауыссыз, қатаң;
ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік.



Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы

Мақсаты: қазақ халқының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Абылай хан жайлы жүйелі білім беру, Абылайдың Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін ашып көрсету; оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру; оқушылар бойында қазақтың ұлы ханы Абылай тұлғасына , оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезім қалыптастыру; отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, слайд, тірек схемалар, карточкалар, бейнефильм

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Тақырыпты меңгеру

/Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. /

Абылай ханды 18 ғасырда әлемдік тарих сахнасында елеулі рөл атқарған тарихи тұлға екенін қазақтар ғана емес, әлем ғалымдары мойындаған. Олар адамзат тарихында ерекше еңбек сінірген тарихи тұлғаларды «Адамзат күнтізбесі» кітабына енгізген. Осы құнды кітапта екі-ақ қазақ туралы мәлімет бар. Олар кімдер деп ойлайсыздар? Бірі Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев болса, екіншісі-Абылай хан. Бұл Абылай ханның әлем тарихында берік орын алғанының куәсі.

Патшалық Ресей заманында Абылай бейнесі тұмшаланып және сыңаржақ берілді. Оны «айлакер, залым, екіжүзді саясаткер» ретінде көрсетті. Ал кеңестік заманда Абылай есімін мектептің тарих оқулығынан алып тастады, оны ұмыттыруға тырысты, оның атын атап, еңбегін зерттегендер «ұлтшыл», «байшыл» деген атаққа ілінді. Қазақ хандары «жауыз, оңбаған, еңбекші халықтың жауы» ретінде түсіндірілді. Бірақ отаршылдар қанша тырысқанымен Абылай есімін қазақ халқының жадынан өшіре алмады

Абылайдың билікке келген кезі қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған заман болды. Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: «артында –ор, алдында-көр, жан-жағы-жау» деген қилы заман болды. Осынау тарихи жағдайды бірауыз өлеңмен былай бедерлеген:

Былай барсаң-Қоқан бар,

Қоқандаған әкең бар.

Былай басаң-Қалмақ бар,

Күшіңді еппен алмақ бар,

Былай барсаң-Қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң-орыс бар,

Балаңды берсең қоныс бар.

Бір шұмақтан Қазақ хандығының сыртқы жағдайының күрделі екенін байқауға болады.

/картадан оқушылар көрсетіп дәлелдейді/

слайдтар көрсетіледі

Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.

/балалық шағынан үзінді келтіру/

Абылайдың азан айтып қойылған аты -Әбілмансұр. Ол мұсылманша жақсы білім алады. Шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған 20-дан астам күйі бар: «Ақ толқын», «Шаңды жорық», « Сары бура», « Дүние қалды»...Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене қатысты.

Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпадай, дене күші зор еді. Замандастары оны батылдығы , ержүректігі және әбжілдігі үшін қатты құрметтейтін. Ол өз ғұмырының ең соңғы күндеріне дейін жауынгерлерімен бірге болды. Соғыста қолға түскен барлық олжаны бөлісті. Жаумен шайқастар кезінде бірнеше рет жаралы да болды.

Абылай Орта жүздің сұлтаны болады. Ал Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң, 1771 жылы 3 жүздің өкілдері қасиетті Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп хан сайлайды.

Тәуке хан

«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды

Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды

Хан мен билер ғана соттық сансапты атқаруға тиіс болды

Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды

Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.



Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.



Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы түсінік беру. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс жүргізуін, сөздік қорларын, сөйлеу мәнерін дамыту.

3. Тәрбиелігі: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғатқа қамқорлыққа, еңбекке, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Табиғат көрінісі бейнеленген мазмұнды сурет, суреттер, кестелер, дидактикалық, үлестірмелі тапсырмалар.

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.

Түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Өткенді пысықтау. Өткен сабақ «я» және «ю» әріптерінің жазылуы бойынша сұрақтар қою, ережелерді қайталау.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы білу.

ІІ. Жаңа сабақ. Сызба бойынша жұмыс.

Оқушылардың дыбыстар бойынша білетіндерін қайталап еске түсіру.

Дыбыс деген не? Әріп деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Балалар, қазір сендер мына бір ертегіні тыңдап көріңдерші.

Ертеде әріптердің барлығы бірге өмір сүріпті. Олардың барлығы бір түсті болыпты. Олар тату- тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан- жаққа шашырап ұшыпты. Бірнеше әріптер күнге қонып, күйіп қып- қызыл болып кетіпті. Бұлар қандай дыбыстар? (Дауысты дыбыстар)

Ал, енді біреулері бұлтқа қонып үнді болып қалыпты. Енді біреулері ағашқа қонып ұяң болып қалыпты. Ал кейбіреулері ағаштың діңіне қонып қатаң болып қалыпты. Олар күні бойы жылап, қайғырыпты. Бұларды төбелерінен көріп тұрған дауысты дыбыстар бір шешімге келіп бұларды біріктіру керек депті. Сөйтіп олар сендерге хат жолдапты.

Хат.

Құрметті, балалар! Сендерден күнделікті сабаққа тиянақты дайындалып, кітапты жақсы оқып, дәптерлеріңе көркем, сауатты жазып жүрсеңдер екен- деп, өтінеміз. Ал, қазір ол дыбыстарды аттарымен атап шақырса, олар өз мекендеріне оралады.

(«Алфавит» плакат бойынша түсіндіріп өту. )

Дауыссыз дыбыстардың түрлері:

Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, (у)

- Балалар, біздер әріптерді біріктірдік, енді оларды қалай атаймыз? (Дауыссыз дыбыстар)

-Олай болса балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің ретін жазайық.

ІІІ. Көркем жазу минуты

Ана әке бала ата апа әпке сіңлі аға қарындас

ІV. Оқулықпен жұмыс.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін. (Мағжан Жұмабаев)

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. Шешуі: Қолшатыр

Менде әдемі қолшатыр бар. Далада жаңбыр жауып тұрғанда қолшатыр ұстаймын.

Әр оқушыға өзінің құраған сөйлемін оқыту.

V. Сергіту жаттығуы.

Бойды бекем тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Оң қолыңды оң жаққа

Сол қолыңды сол жаққа,

Жайғын енді тұрмағын.

Шеңбер жасап бұлғағын.

VІ. Суретпен жұмыс. Суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Доп, шар, алма.

Үлгі: д- дауыссыз, ұяң

о- дауысты, жуан

п- дауыссыз, қатаң

VІІ. Өзіндік жұмыс. 1-тапсырма. Балалар, кімнің аты ұяң, қатаң, үнді дауыссыздан басталып айтылады?

Балалардың жауабы: Дарина, Дамир, Бақытбек, Бақтыбек, Бағжан, Гауһар- ұяң дауыссыздан басталып айтылады.

Мирас, Мадияр, Назерке, Расул- үнді дауыссыздан басталып айтылады.

Саян, Сана, Сабина- қатаң дауыссыздан басталып айтылады.

2-тапсырма. «Қарлығаш» сөзіндегі дауыссыз дыбыс әріптерінен басталып жазылатын жаңа сөздер тауып жаз. (Қар, қарға, қара, лақ, ғарыш)

VІІІ. Қорыту. Өткен сабақ бойынша сұрақтар қойып, сабақты қорыту.

- Қандай дыбыстар туралы білдік?

- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

ІХ. Оқушылардың білімдерін бағалау. Сабақ бойы жақсы жауап беріп, белсенділік танытып отырған оқушылардың білімдерін бағалау.



Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

 Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады.Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын бірікгіріп, оларды жоңгар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістаңды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хаңдығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын кұру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.

 

Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікгі Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жібере отырып, ол Ресей қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26 қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін кұптай отырып, екі ел арасындаіы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.

 

Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғысгары кезеңінде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын куғын-сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай жөне Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын кұрып, азаттық жолында күрес жүргізді.

 

Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкенттте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.

3. Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.

Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.

Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.

Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.

Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.



Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[ Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.



Балалық шағы

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі Айтық.

Ел басқарушы би

Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.

Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.

Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

Кіші жүз биі

Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.

Жеті жарғы

"Жеті жарғыда" Әйтеке үсынған баптардың ішінде — "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.[



Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.

Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:

Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.

Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.

Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.

Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.

Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.

8. Сөз және оның мағынасы
Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы — түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат.

Парта — ағаштан жасалган оқушьшың мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай ұғымы оның мағынасы делінеді.
Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына.
Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман — ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып түр. Бұл — сол сөздердің грамматикалық мағынасы. Егер бұларға грамматикалық талдау (грамматикалық тұлғалары мен атқаратын қызметтеріне қарай) жасасақ, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұрғанын байқаған болар едік. Мысалы: тау және тасты деген сөздер әркайсысы белгілі бір ұғымды білдірсе (бұл — лексикалық мағынасы), оның үстіне бұл екі сөз де жалпьг жансыз зат атауы және табыс септік жалғауы арқылы бұзу қимылының тура объектісі мәнін (нені бұзар?) білдіріп тұр. Сондай-ақ жел — әрі жалпы жансыз зат атауы, әрі қимылды атқарушы (бастауыш)— не бұзар? Бұзар — жалпы қимылды білдіреді және -ар қосымшасы арқылы шақтық (болжалды келер шақ), 3-жақта түруы арқылы жақтық, баяндауыштық мәнде тұр. Бұлардың барлығы — грамматикалық мағыналар. Сондықтан сөзде бір лексикалық және бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз.
Создер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Жұмыстан кейін киноға бардым десек, сөйлемдегі жұмы-стан, киноға, бардым дегендер — толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз. Асқар келгенде, Ботагөз ұйықтап қалып еді деген сөйлемде Асқар келгенде, Ботагөз, уйықтап негізгі толық мағынаны, ал қалып еді сөздері көмекші мағынаны білдіріп тұр. Калып еді етістіктері өздігінен толық мағынаны білдіре алмай, ұйықтап көсемшесіне тіркесіп барып бір істі, әрекетті (бір мағынаны) білдіреді.





9. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер



10. Сабақтың тақырыбы: «Жаңа сөздер»

Сабақтың мақсаты: а)  Оқушылардан өтілген тақырыптарды

сұрай отырып, жаңа сөздермен

таныстыру.

б)  Мәтіндерден көнерген сөздер мен

жаңа сөздерді тапқыза отырып, ой-

өрісін  дамыту.

в) Сын тұрғысынан ойлау

стратегиясының әдіс-тәсілдерін

қолдана отырып, сауаттылыққа,

шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: Топтастыру, жарыс сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой шақыру, іздену, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейне суреттер,

семантикалық карта.

|Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу.

Топқа бөлу.

         ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 160,161,162-жаттығу жұмыстарын тексеру.

  2. Қызығушылығын ояту. «Сандар сыр шертеді»

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Қорытындылау. Бағалау.

  1. Үйге тапсырма.

«Сандар сыр шертеді»

  1. Лексика дегеніміз не?

  2. Лексика нені зерттейді?

  3. Қолдану аясы шектеулі сөздерге қандай сөздер жатады?

  4. Көнерген сөздер дегеніміз не?

  5. Көнерген сөздер қанша түрге бөлінеді?

  6. Тарихи сөздер дегеніміз не?

  7. Тарихи сөздерге қандай сөздер жатады?

  8. Архаизмдер дегеніміз не?

  9. Архаизмдерге қандай сөздер жатады?

 Жаңа сөздер

 Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа сөз болады. Кейір тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, космос, космонавт,спутник деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш,ғарышкер,жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп,жаңа сөздер болып есептеліп жүр.



Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.

О, тәңірім танып білмей бізді жұрт,
Әр түрлі атпен өздерінше атаған.
Скифтер деп Геродот бізге ат берді,
Ал парсылар – өз тілінше Сақ деді.

Иә, рас, бізді бар жұрт Сақ деді,
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді.
Шеттегі жұрт не десе де шындығы,
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.

Түркі әрпімен жазуы бар басында,
Билік құрған сонау 6 - ғасырда.
Қазақ деген анық түскен жазу тұр
Жыр жазылған Күлтегіннің тасында.



8-9 сынып қосымшасы

1.Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.

Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды

1.2. Морфология – дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы — морфема. 
Морфологиялық талдау сызбасы:
Сөз таптары

  1. Бастапқы формасы
    Тұрақты белгілер
    Тұрақсыз белгілер

  2. Синтаксистік рөлі

Мысалы :
Ертең оқушы3 мектепке барады3.
Оқушы
3зат есім. Кім барады? Оқушы.

  1. Бастапқы формасы: оқушы.
    Тұрақты белгілер:
    дара, туынды, жалпы, жанды, деректі;
    Тұрақсыз белгілер:
    жекеше, атау септік.

  2. Кім барады? Оқушы (бастауыш).

  1. Барады3етістік. Оқушы (не істейді?) барады.

  2. Бастапқы формасы: бар.
    Тұрақты белгілер:
    дара, туынды, болымды, салт;
    Тұрақсыз белгілер:
    ауыспалы келер шақ.

  3. Оқушы (не істейді?) барады (баяндауыш).

2. Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады

2.1. Сөз құрамына қарай талдау үлгісі:
Колхозшылар орден (ді) алды.
колхозшылар - деректі, күрделі, жалпы зат есім колхоз – күрделі қысқарған түбір (сложное существительное, состоит из двух основ)
шы – зат есімнен зат есім тудырып тұрған жұрнақ
орден (ді) – деректі, жалпы, жалаң зат есім, -ді- деген табыс септік жалғауы түсіп қалған

алды – болымды, сабақты, негізгі етістік ал – түбір
ды – жедел өткен шақ жұрнағы
 
Сөйлемге кешендік талдау
1.
Сөйлемнің түрі
2. Құрмалас болса, сол құрмаластың қандай түріне жатады
3. ҚС-нің құрамында қандай жай сөйлемдер бар
4. Жай сөйлемнің түрілері
5. Жай сөйлемді құрап тұрған сөз тіркестері
6. Сөз тіркестерінің түрлерін нақтыла
7. Сөйлем мүшелеріне талда

8. Морфологиялық талдау жаса. Мұнда жеке сөз бен сөз тіркестерінің қай сөз табына жататынын,
сол сөз табының қай түрлері екенін анықтау. 
Мысалы: Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді, ұзамай қар жапалақтай бастады.
Жалғаулықсыз ыңғайлас сөйлем, СҚС, хабарлы, екі жай сөйлемнен тұрады.
Бірінші жай сөйлем – Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді.
Екінші жай сөйлем – Ұзамай қар жапалақтай бастады.
Күн кешкіре бұлыңғырланып тұр еді. – жай сөйлем, жақты, жайылма,толымды.
Күн бұлыңғырланып тұр еді – күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы сыңары – бұлыңғырланып тұр еді, бағыныңқы – күн, байланысу формасы –қиысу.
Кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді – күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы –бұлыңғырланып тұр еді, бағыныңқы – кешкіре келе, мезгілдік қатынастағы сөз тіркесі, байланысу формасы – жанасу.
Ұзамай қар жапалақтай бастады. –жай сөйлем, жайылма, жақты, толымды.
Қар жапалақтай бастады – күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы – жапалақтай бастады, бағыныңқы – қар, байланысу – қиысу.
Ұзамай жапалақтай бастады – күрд.етістікті сөз тіркесі,басыңқы – жапалақтай бастады, бағыныңқы – ұзамай, мезгілдік қатынаста, байланысы – жанасу.
Күн кешкіре бұлыңғырланып түр.
Күн – баст, дара, зат есім, жалпы, жекеше түрі.
Бұлыңғырланып тұр еді – күрделі етістік, баяндауыш, 3-ші жақ, өткен шақ.
Кешкіре келе – көсемшелердің тіркесінен жасалған күрделі мезгіл пысықтауыш.
Ұзамай қар жапалақтай бастады.
Қар – дара зат есім, жалпы, бастауыш.
Жапалақтай бастады – күрделі етістік, күрделі баяндауыш, өткен шақ.
Ұзамай – дара етістіктің ауыспалы шақ түріндегі дара көсемше, мезгіл пысықтауыш.

Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз.

Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б.

Күрделі сөз екі немесе одан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, алқаракөк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.

Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.

Кіріккен сөз – сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы, қол+қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып+бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы+тас = ашудас, жаздың+күні = жаздыгүні, Орнын+басар = Орынбасар, Өмірі+ұзақ = Өмірзақ, солай+етіп = сөйтіп, т.б.

Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.

Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

hello_html_m44557759.jpg

Түбір мен қосымша
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердің түбірлері — жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол — із немесе сапар, сау — сүт алу, мектеп — оқитын орын, көр — көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық деген сөзде) -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -діқ (мектептердің деген сөзде) -ін, -ген (көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады.
 
Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын т. б. дегендерде ешбір мән жоқ. Түбірге қосылғанда, оған бүтіндей жаңа мағына қосады, мысалы, жол — із я сапар болса, жолдас — жолға бірге шығатын адам я серік; не қосымша мән үстейді: мектеп — оқу оқитын орын болса, -тер деген қосымша сол мектептің біреу емес көп екенін ғана білдіреді. Сөйтіп, қосымша түбірсіз қолданылмайды және оның мәні тек түбір арқылы айқындалады.
Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді немесе жаңа мағына тудырады. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады. Жұрнақтын өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, жаңа мағына үстейтін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. -ын және -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр. Жол деген із немесе сапар мәнін беретін сөз болса, оған -дас қосылып, жолдас — серік мәніндегі адам, оған -тық қосылып, жолдастық — адамдар арасында болатын қарым-қатынас, сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын қосылып, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғым, оған -шы қосылып саууды іске асыратын адам, сондай мамандықтың иесі сияқты жаңа мағыналарды беріп тұр. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген сөздер — негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер — туынды түбірлер.
Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты : 1) Жұрнақ пен жалғау туралы түсінігін,білімдерін кеңейту, жұрнақ пен жалғауды ажыратуға, мағынасын ажырата білуге үйрету ;

2) Ой өрісін кеңейту, сөздік қорын, сауаттылығын,жазу дағдыларын дамыту,шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып оқу әдістерін түрлендіру,сөздердің қосымшаларын өз бетінше ажырата білуге,сөз бен сөзді байланыстырып дұрыс сөйлеуге машықтандыра отырып сабаққа деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру;

3)Сөздерді байланыстырып сөйлей білуге,сауатты,көркем жазуға,білімді,талапты,ақылды,еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі : Дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың түрі : Жарыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау,танымдық,салыстыру,табу,іздеу,ойлау бағыттары,ойын,шығармашылық,өз бетінше,т.б.

Сабақтың көрнекілігі : Оқулық,кесте сөздер,сөз құрамы кестесі,көркем суреттер, мақал-мәтел,т.б.

Сабақтың барысы

Сынып үш топқа бөлінген, «Түбір», «Жұрнақ», «Жалғау»,әр топта эмблеме,әр топтың ұраны болады.

Жалғау: - Достықты ақтаймыз. Жұрнақ: -Түбірге жақын жүреміз,

Ауызбіршілікті сақтаймыз. Мағынаны бірден өзгертеміз.

Сөз бен сөздің арасын Кей-кейде әр сөзіңді

Байланыстырып жатқан біз. Түрлендіріп те жібереміз.

Түбір: -

2.Жарыс белгілі кезең бойынша жүреді.

1.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылардың психологиялық дайындығы;

-Тақтада күн реті жазылған,көрнекі-құралдар өз орнында;

-Дәптер алдарында,оқу құралдары дайын;

- Сергіту кезеңі ( амандасады,тілек айтады).

2.Жарыстың дайындық кезеңі

-Өткенді еске түсіру,сабақтың мақсатымен таныстыру,хабарлау;

-Бүгінгі сабағымыз қазақ тілі. Өткен тақырыбымыз сөз құрамы, жұрнақ пен жалғау. Бүгінгі сабағымызда жұрнақ пен жалғаудың қызметін байқап,ажыратып,сөздер құрап,қосымшаларды салыстырып,дәлелдеп көреміз.

Сабағымыз қызықты болу үшін сабағымыздың түрін жарыс сабағы деп алып отырмыз.Әдеттегідей сыныбымыз 3 топқа бөлініп отыр.Әр топтың өзінің аты бар.

«Түбір», «Жұрнақ», «Жалғау» топтары. Ендеше , іске сәт,сабағымыз қызықты да көңілді,жылдам да тез болсын деймін. Жарыстың ұран сөздерін ұмытпайық, «Жылдам,тез,бәрекелде,тезірек,т.б.

3.Ұрандарын таныстырады.

4.Жарыстың кезеңдерімен таныстыру:

1. «Ағаш сандық» 2.Күміс сандық 3.Алтын сандық

4. «Гауһар сандық » 5. «Ақыл сандық»

3. « Ағаш сандық» тапсырмасын орындаудан бастаймыз.

1.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береміз.Үй тапсырмасы төрт түлік малдар туралы біліп келу ,сөйлем құрау,мәтін құрау болатын.

1топ.Төрт түлік малдарды ата; 2топ. Малдан алынатын қандай өнімдер?

3 топ.Малдар туралы мақал-мәтел айтамыз,Малдың пірлерін ата:

2-тапсырма .Мына сөздерге қосымша жалға.Бала,жылқы,аспан.

Ағаш сандықтан алынған тапсырмаларды орындап болдық. Келесі тапсырмаға көшеміз.

2.«Күміс сандық» тапсырмасын орындап көрейік.

1.Сөз құрамы деген не? –С өз құрамы екіге бөлінеді. Түбір сөз,қосымша деп.

2.Түбір сөз дегеніміз не? – Сөздің ары қарай бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз.

3.Түбір сөздерді ата: гүл,күн,түн,мұрын,құлақ,қоян,т.б.

4.Қосымша деген не ? – Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.Қосымшалар екіге бөлінеді,жұрнақ және жалғау болып.

5.Жұрнақ дегеніміз не? –Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.Мысалы: суретші,биші,ақылды,т.б.

6.Жалғау деген не? – Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді,мысалы: баланың,гүлдің қалада,сенімен,Айгүлдің.

7.Мына сөздердің қосымшасын табыңдар: алманың,қалаға,орманда,домбырашы,мұнайшы,ақылды. (Ауызша)

Жаңбырда,қойшы,гүлдің,өнерлі,парталар Динаға ( жұрнақ пен жалғауды белгілейді,дәлелдейді).

3.Соныменен «Күміс сандық » тапсырмасын орындап болдық,келесі тапсырма « Алтын сандық» тапсырмасы, бұл тапсырмалар тікелей оқулықпен байланысты екен, алдымен таза жазу сәтіне тездетіп 2 сөйлем жазамыз.

Балалар сабақтан қайтып келеді. Аяз сықырлап тұр. Боран қатты соқты.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықты ашып,берілгенін оқимыз. 335. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жалғауларды тап.

Бүгін Әнуар мен Нұржан ерте тұрды. Олар қардың қалың жауғанын көрді. Екеуі есік алдындағы қарды күреді. Әнуар әжесіне құдықтан су әкеләп берді. Нұржан тауықтарға жем шашты.

Мәтін не туралы? Мәтінді көшіріп жазамыз. (өз беттерінше көшіреді,тақтаға әр топтан 1 оқушыдан шығады,қосымша жалғауды табады,белгілеп сызады,дайын кестеге жазады)

Дәлелдеу. Әже –сіне, құдық- тан, тауық-тарға

Не байқадық? Мағына өзгерген жоқ,ендеше жалғаудың өзі болды.

Келесі тапсырма 336. Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жаз.

Түбір сөздердің мағыналары жұрнақ жалғанғанда қалай өзгергенін айту,дәлелдеу.

  1. Би,қобыз,көп,сауық / -шы,-ші,-шіл,-шыл. ( оқиды,ауызша айтады,тақтада жазады,өз бетінше дәптерге жазады).

  2. Іс,орын,талап,көл / -дық,-кер,-шік.

  3. Қыс,арба,түн,жаз -гі,-лы,-қы,-ғы.

Не байқадық? Жұрнақ жалғанғанда қандай өзгерісті байқадық?

Сөздің мағынасын өзгертті,жаңа сөздер жасалды.

-Жарайсыңдар,бәрекелді! Енді сергіп,жаттығу жасап алайық.

Сергіту сәті.

  1. Енді келесі кезеңге келіп жеттік,нағыз асыл,әрбір адамның қолы жете бермейтін « Гауһар сандыққа» келіп жеттік.Тапсырмалары қымбаттау,ойлауды қажет ететін сияқты.

337.Сөздерге жалғанған қосымшаның жұрнақ екенін дәлелде.

Әнші, батырлық, талапты, жұмыскер.

Берілген кестеден жұрнақ пен жалғауды белгілейді.

2.Ой дамыту кезеңі

1т.Әнші,2т. Батырлық, 3т. Талапты сөзіне сөйлем құрап жазады. ( оқыту)

3.Дыбыстық талдау

Әнші,батырлық,талапты.

4.Қандай батырларды білеміз? Талапты болсаң неге жетесің? Әншілік неге жатады?

-Жарадыңдар! Бәрекелді! Бұл бір қызық жарыс болды.

5.Жұмбақ шешу кезеңі

Жалт-жұлт етеді, Сұлуға оны балайды,

Жалмай-жалмай жұтады. ( От) Киелі деп санайды. ( Аққу)

Бір нәрсе қанаты бар ұша білмес,

Ұшқанда жердің көзін басып жүрмес.

Соңынан қанша қалмай қусадағы,

Ұстауға қол мен санның ебі келмес. (Балық)

6.338. Ребусты шеш.Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Берілген кесте сурет.

От , аққу, балық – Оқулық. Оқулық туралы не айтамыз,сөйлесіп,тіл сындырайық.

Оқулықты қалай күтеміз? Оқулықтар қандай болады? Оқулықты кімдер жазады?Оқулықсыз сабаққа келуге бола ма ? Саған қандай оқулығың ұнайды? Оқулық туралы өлең оқу.

Н.Айтов « Оқулық»

Саған білім жемісін Оқулықты құрметте,

Оқулығың береді. Күтіп ұста,кірлетпе.

Талай адам сол үшін Кішілерге табыс ет,

Маңдай терін төгеді. Дақ түсірмей бір бетке

7. Сөздік диктант ( Сурет бойынша заттардың атын жазады,жұрнақ пен жалғауды белгілейді)

-Жарайсыңдар! Бар күшімізді салдық,жарыстық,тартыстық,соңғы мәреге келіп жеттік.

5.« Ақыл сандық » Сандықтарды ашып тапсырмалар тізбегін орындадық.Енді соңғы сандыққа біз не саламыз? Өзімізге не алдық? Нені білдік?Нені есте сақтаймыз? Нені үйренеміз?

-Жұрнақтың атқаратын қызметі не болды?

-Сөздің мағынасын өзгертіп жаңа сөздер жасайды.

-Жалғаудың қызметі не болды?

-Сөз бен сөзді байланыстырады. ( Ережені бекіту)

Тірек сөз көрсету .Қазақ тілінде не көп? –Жұрнақ. Сөздерді сөйлегенде жалғауды дұрыс қолданбасақ не болады? – Сөздеріміз дұрыс байланыспайды , мағынасы түсініксіз болады.Олай болса сөзімізді дұрыс сөйлеп,қосымшаларды дұрыс пайдаланайық.Ақылды,еңбекқор,білімді болуларыңа тілектеспін.

Барлық жарысқа қатысқан оқушыларға рахмет,өте жақсы қатыстыңдар,жарысымыз қызықты болған сияқты. Ақыл сандығынан үйге тапсырма алайық.

3.2. Қазақтың ұлттық ойындары

Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде, баулып тәрбиелеуде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады. Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педагогикасы деп атаймыз. Халық педогогикасының бір саласы-ұлт ойындары. Қазақ халқының ұлт ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол, ол тек көңіл аулап, қызық қуып, уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір білімділік, тәрбиелік мақсат көздейтінінде.

Қазақ халқының ұлт ойындары негізінен үш саладан тұрады.

1)Ойын- сауық ойындары.

2)Оймен келетін ойындар

3)Дене шынықтыру спорт ойындары.

Сондай-ақ халық ойындары оқушылардың денелерін шыңдап оларды икемділікке, төзімділік пен шапшаңдыққа, тапқырлық пен алғырлыққа, дәлдік пен ептілікке баулыйтынын айтады. Дене шынықтыру сабағы жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеудің белсенді құралы ретінде мектепте берілетін барлық білім негіздерімен астасып,жалпыға бірдей орта білім беру идеяларын іске асырып соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы мен отан қорғау ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін қүрайды.
Қазақтың ұлттық ойын түрлері

Аламан бәйге, бәйге,жорға жарыс, жамбы ату, күміс алу, көкпар,қыз қуу, аударыспақ, түйе жарыс, қазақша күрес, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ақсүйек, бес тас, асық ойыны, көрші-көрші, айгөлек, орамал тастау, ұшты-ұшты, алтыбақан, сақина салу, соқыр теке, жасырынбақ т.б.

Қазіргі компьютер заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл-күйіне психологиялық жағынан барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап етеді.

Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі – асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты – асық ұтып алу.

Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:

Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:

  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Етістік

  6. Үстеу

  7. Еліктеу сөздер

  8. Шылау

  9. Одағай

Еліктеу сөздер қазақ тілінде бөлек сөз табы болса, орыс тілінде одағайлардың құрамына кіреді. Қазақ тілінде предлог жоқ, союз, частицы орыс тілінде бөлек сөз таптары, ал қазақ тілінде олар шылау сөзтабына біріктіріледі.

Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес

  1. Ұлы есімдер:

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды

5. Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.[1]

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:

  1. Қайрат баяндады;

  2. балаларға баяндады;

  3. Досанмен болған;

  4. болған әңгіменің;

  5. әңгіменің мән-жайын;

  6. мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға екі немесе бір неше сөзден

тұратын сөз тіркесінің беретін мағыналарының түсіндіре отырып, тиянақты білім беру білімдерін тереңдету, еске сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарың дамыту, сабаққа қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттырумен, адамгершілікке, ұйымшылдыққа алғыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар бүгін біздің сабағымызда қонақтар келіп отыр.

Біз қазақпыз қонақжай елміз. Бүгін бестік баға алып қонақтарымызды қуантайық.

Амансың ба, алтын күн.

Амансың ба, көк аспан.

Амансың ба, достарым.

Амансың ба, қоңағым.

Сендерді көріп қуанам.

ІІ Психологиялық дайындық

- Бүгін сабағымыздың мақсатымен міндеті:

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы

«5» қолды жеткізу.

- Қазақ тілі сабағымыздың тақырыбы: Сөз тіркесі.

Қазақ тілі сабағынан өз білімдерінді көрсетесіндер.

Дәптерлерінді ашып, бүгінгі күн реті жазып, және тақырыпты жазасындар.

а) көркем жазу

Жұмбақ: Туған айға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (С )

б) сөздік диктант: Сауысқан, сиыр, сауысақ, сабақ,сабын, сыпайы...

Сөз – адам күшінің қол басшысы.

в) Сұрақ – жауап

- сөз неден құралады?

- сөздің құрамына не жатады?

- сөз не үшін қажет?

ІІІ Жаңа сабақ

- Балалар, біз сөз сөздің түрлері туралы түсінік алғаңбыз.

- Бүгін сөз тіркесі болатын сөздер мен және олардың беретін мағыналары мен танысып, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындаймыз.

- Сөз тіркесі дегеніміз не? (мысал келтіріндер)

1 – тапсырма:

Терең көл, түскі мезгіл, егің жинау, ашық аспан, хат жазу.

- Сөз тіркестерінің қандай сөз таптарынан жасалғаның анықта?

IV Оқулықпен жұмыс: 38 бет 123 жаттығу.

Өлеңді оқу сөз тіркестерін көшіріп жазу, сөз таптарына талда.

- Абай туралы не білеміз?

- Абай атамыздың қандай өлеңдерін білеміз?

- Абай тек ақың ба?

Аудармашы

Сазгер

Абай Ақындардың пайғамбары

Данышпан

Философ

- Абайдың айтқан бес асыл іс?

- Жатқа жазу: 124 жаттығу

- (сөз тіркестерін анықтап сызба арқылы көрсету)

V Теріп жазу:

Азынаған суық жел,

Екпінен танбапты,

Ағарандап құба бел,

Жердің бетін қар жапты,

(сөз тіркестерін сөз таптарына талда)

VI Сергіту сәті:

VII Өткенді қайталау:

Сөз құрамына талда, сөз тіркестерін теріп жаз.

VIII Шығармашылық диктант:

- Жасыл өсімд..к, тірі та..иғат, т..ған жер, қ..зыл көйлек,

IX Бекіту кезеңі: Тест жұмысы.

1) Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан көп сөздер тобын .................. дейміз.

а) сөйлем мүшесі

ә) сөз тіркесі

б) күрделі сөз

2) Сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын сызба түрінде көрсет

а) сыныптың тазалығы жақсы

ә) жетінші пәтерде тұрады

3) Берілген сөз тіркесін толыққанды етуге жетпей тұрған граматтикалық тәсілді тауып, сөз тіркесін толықтыр.

Жақсы.... сөзі, ғалым... хаты, жүн.... тоқу.

X Cабақтың қортындысы.

Сонымен балалар, біз бүгін сабақта не үйрендік? Не білдік?

XI Үй жұмысы 126 жаттығу 39 бет

Сабағымызды осы өлең жолдарымен аяқтайық.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл – қызың мәнгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Қазақ тілімізді құрметтейік, қастерлейік, таза сөйлейік.

Бағалау: Сабақта белсенді танытқан оқушыларға алғысымды білдіремін.

Сөз тіркесі
Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.
 
Мысалы: самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған — бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт — басыңкы сыңарлар. Мысалы, ағаш үй, алтын сағат, темір күрек, ойлап сөйлеу, ақырын жүру дегендер — жай тіркес те, ақ боз ат, ойға беріліп кетпеу, жүз шақты кісі, теңіз жағасында жүру, сары ала тон дегендер — күрделі тіркестер. Өйткені бұл тіркестер сөз бен күрделі сөздердің өзара бірі екіншісіне бағына байланысуы арқылы жасалған. Сөздер бір-бірімен тіркескенде, кейбірі есім сөздің, кейбірі етістіктің айналасына топталады. Осыған сәйкес сөз тіркесі есімді сөз тіркестері және етістік сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса байланысқан есім сөз тіркестерінің құрамы былай болады.
1. Зат есімді тіркестер: алтын қасық, темір балға.
2. Сын есім мен зат есім тіркесі: ақ құба жігіт, боз інген, сұлу қыз.
3. Сан есім мен зат есім тіркесі: бес ешкі, алты комбинат.
4. Есімше мен зат есім тіркесі: жаңарған дала, дамыған ел.
5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі: сол сәт, бұл фабрика.
Матаса байланысқан есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары ілік
септігіндегі зат есім немесе заттанған сөздер, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауындағы зат есім немесе заттанған сөздер болады. Алматы — Отанымыздың жүрегі. Осы сөйлемдегі Отанымыз-дың ілік септігіндегі зат есім жүрегі деген тәуелдік жалғаулы зат есіммен матаса байланысып тұр. Ал жақсының ісі, аттың жүйрігі, білгеннің сөзі, баланың жақсысы т. б. дегенде бірде ілік септіктегі сөз, тәуелдік жалғаулы сөз заттанып тұр. Кейбір сын есімдер септік жалғаулары арқылы зат есімді меңгеріп тұрады. Малға бай, сөзге жүйрік.
Етістікті тіркестердің сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Үстеу мен етістіктен құралған сөз тіркесі жанаса байланысады: биыл бітіреді, кеше келді т. б. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері төмендегідей түрге бөлінеді:
1. Үстеу мен етістік тіркестері: төмен түсті, тез жүгірді.
2. Еліктеуіш сөзді етістік тіркестері: жылт-жылт көрінді, сырт-сырт соғады.
3. Көсемшелік етістік тіркестері: сөйлей кірді, жүре сөйледі.
4. Сын есімді етістік тіркестері: жақсы сөйледі, әдемі жазды.
5. Сан есімді етістік тіркестері: екі келіп, екі кетті.
6. Сан есім мен зат есімнен тіркескен тізбектер орын тәртібі арқылы етістікпен қабыса байланысады: екі рет айтты, бес метр өлшеді. Меңгере байланысқан етістікті тіркестердің басыңқы сыңары салт және сабақты етістіктер болады да, бағыныңқы сыңары шылау тіркескен сөздерден немесе барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерден құралады: шығысқа қарай ауысты, темірден жасалды, хатыңды оқыды.
Сөз тіркесі кем дегенде екі толық мағыналы сөзден құралатындықтан және олар бір-бірімен сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысатындықтан, онда сөз байланысының матасу, меңгеру, қабысу түрлері болады да, қиысу болмайды. Өйткені қиысу — бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланыс түрі, сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды
.















Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты 
2.Қазақ тілі баршаға.Ш.Бектуров 
Алматы «Атамұра» 2004 ж 
3.Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш 
К.Рысбаева Алматы 2004 ж 
4.Қазақ тілінен тест жинағы 
5.Н.Оразахынова «Сатылай кешенді талдау» 
6.Қазіргі қазақ тілі. Оқулық Тәрбие.орг сайтынан 10,11-сынып, факультатив сабағының авторлық бағдарламасыАвторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 06.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров28
Номер материала ДБ-326478
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх