Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілінен "тапқыр достар" сайысы

Қазақ тілінен "тапқыр достар" сайысы

Скачать материал

                 Тілдер апталығына арналған «Тапқыр достар» сайысы

Мақсаты: а) Оқушыларды ата-дәстүрін ардақтау,ұрпақтың ана тілін терең меңгеруге құштарлығын ояту, түсініктерін кеңейту, салт дәстүрді, мәдениетін сыйлауға дәріптеу. Бұрынғы өткен ата-бабалардың, би- шешендеріміздің, ақылгөй-көсемдеріміздің ұлағатты сөздерін жаттап, олардың мән-мағынасы жете түсіндіру.

ә) Тапқыр да, жүйелі сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу, тіл байлығын, сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) Тілді құрметтеуге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге, елін, жерін, Отанын сүйетін патриот тұлға тәрбиелеу. Ұлыларымыздың ұлағатты сөздерінен үлгі алуға баулу.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, мақал-мәтел, би-шешендердің портреттері, ақын-жазушылардың айтқан қанатты сөздері, шешендік кітаптар көрмесі.

Сайыс барысы:

Жүргізуші – Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Бүгінгі «Тапқыр достар» атты 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін тіл  сайысын бастаймыз. Алдарынызға осы сайысқа қатысатын, әр сыныптан   жиналған сайыскерлерімізді шақырамыз. 8-11 сынып оқушыларын таныстыру.8- сынып оқушысы Жакишева Айкүміс, 9- сынып оқушысы Тасбулатова Айгерім, 10сынып оқушылары Майленова Аягоз, Рамазанова Мадина ,Шаймерден Карина және 11- сынып оқушысы Григорян Юлия. Сайыскерлер өздеріне нөмір таңдап алады. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

Жүргізуші: – « Өнер алды –қызыл тіл»,- деген қазақ халқы. Мұны қазақ сөз қадірін  білгендіктен айтқан. Сөз өнері қиялға, көңілге байланысты болады. Ақыл ісі- аңдау. Қиял ісі- меңзеу. Көңіл ісі- тую. Тілдің міндеті- ақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін айтуға жарау. Тілмен айтып, білдіруге көп шеберлік керек... Ендеше, Қазақ- «сөз қадірін өз қадырым» деп білген халық. Қазақ тарихында сөздің алатын орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі да, шешімі де сөз болған.  Сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ. Ендеше, бүгінгі  сайысқа келген сайыпқыран сайыскерлерімізге сөз кезегін берсек. Осы сайысқа келгендегі мақсатыңыз не? Сол жөнін де айта кетсеніз.

8-сынып оқушысы: –Өсірген ой, білімді

                                    Сүйем туған тілімді.

                                    Мақсат етем әр сөздің,

                                    Мәнің терең білуді.- дегендей, сайысқа келгендігімнің өзі туған тілімнің ойын, мақсатын жеткізу арқылы білімімді шындау үшін келіп отырмын.

9-сынып оқушысы:  –Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

                                       Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар, -деп, салт-дәстүрімізді сақтап, ана тілімізді құрметтеу мақсатында осы сайысқа келдім.

 

10-сынып оқушысы: –Естіген, тура сөз.

                                         Шыңға тіккен тумен тең.

                                        Езге атқан тура сөз,

                                         Құмға сіңген сумен тең,-дегендей, сөйлейін деген сөзімізді, ойлаған ойларымызды, ақылға қозғау салып, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтырытын білгір-білімді сөзімізді ортаға салу да- менің рйымда. Олай болса, білгенімді ортаға салайын,  білгенімді ойыма алайын деп осы сайысқа келіп тұрмын.

10- сынып оқушысы :– Асан Қайғы, Жиренше

                                           Сөйлеп өткен қазақ тіл,

                                          Жәнібек пен Қойлыбай

                                          Сыйлап өткен  ғажап тіл,-деп, ата-бабаларымыз айтқандай, қазақ тіліні көркейтуге, болашақ иелері- біздер мен сіздерді шақыруға келгенмін.

10-сынып оқушысы: – Адамның сәні- өнер, білім, ақылы,

                                        Жердің сәні- жеміс, өнім, дақылы,

                                         Сөздің сәні- өнегесі, нақылы,

                                          Пікірдің сәні- ең пайдалысы, мақұлы,- деп ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді бойымызға сіңіріп, білімді, ақылды, парасатты, елімізді сүйетін ұрпақ болып өсуге, туған тілімізді – ана тілін құрметтеуге замандастарымды шақыруға келгенмін.

11-сынып оқушысы:  –Ей, Достым, білім ізде осы тұста,

                                         Әрдайым біліп сөйле қақтығыста,- демекші, сөзге шешен- ұлы бабалар  мұрасының ұлағатты сөздерін көрермен сіздерге жеткізу үшін келген едім.

Жүргізуші: - Бәрекелді, оқушыларымыз ана тіліміздің жанашыры екенің таныта білді. Ендеше, біз сайысымызды бастайық. Сайысқа төрелік ететін қазылар алқасын тағайындап алайық.Сайыстың төрешілері: Терещенко О.М., Нұқжарова А.Ж., Жақсағұлова Б.Б.

Қазылар айтады енді әділікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Бүгінгі «Тапқыр достар» сайысында

Жеңіске жетер дейміз сөзі мықты.

Жүргізуші: Сайысымыздың ережесімен таныс бола отырыныздар. Олай болатын болса, сайысымыз 5 айналымнан тұрады.  Жауап беруге дайын оқушы қолыңдағы жұлдызшаны көтереді. Бірінші болып жұлдызшаны көтерген оқушы бірінші болып жауап береді. Бұл сайыста оқушылардың жылдамдығы мен қатар тапқырлығы, ойының ұшқырлығы, шығармашылығы да сынға түседі.

Жүргізуші: Сайыстың бірінші айналымында оқушылар тек мақал-мәтелдердегі сөздердің тіркесін тауып, мағынасын түсіндіріп айтады.

Кім бірінші таяқшасын көтерсе сол оқушы бірінші болып жауп береді.Бірінші сайыс «Кім жылдам?»деп аталады.

Жүргізуші: Екінші сайыс «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. Бұл сайыста тұрақты тіркестер құрастырып, мағынасын айту керек. Әр сайыскер өз нөміріне сәйкес сөз тіркесін құрастырады.

Жүргізуші: Үшінші сайыс «Білгенге маржан»  деп аталады. Бұл сайыста сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын бөліп жазу керек.

Жүргізуші: Төртінші сайыс «Әрі оқу, әрі ойын» деп аталады. Бұл сайыста біз сайыскерлеріміздің сөздік қорының деңгейін тексереміз.

Жүргізуші: Бесінші сайыс «Болмасаң да ұқсап бақ» деп аталады. Сіздер қазір ақын ретінде қысқа өлең құрастырып көресіздер.

Сайыскерлер тапсырмаларын орындағанша біз көрермендермен викторина өткіземіз. Кім дұрыс жауап берсе, тәтті сыйлыққа ие болады.

Жүргізуші: Мінеки, сайыстың алтыншы айналымына да келіп жеттік. Бұл сайс «Даналар елінде» деп аталады. Әр сайыскерге мәтін беріледі. Мәтін мазмұнын оқып, қай ұлы тұлға екендігін тауып, сол адам туралы білгенін айту керек.

Жүргізуші: Сайыстың соңғы мәресі де аяқталды. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

(Әділқазылар сөз сөйлейді)

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, мың тірілді елім,

Арманым мен арымды қатар қойып,

Тілді қорғау –парызым бүгін менің – деген өлең жолдарымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Сайысқа қатысқан оқушыларға алғысымызды айтамыз Бүгін олар өздерінің білімін әрі тапқырлықтарын көрсетіп, қазақ тіліне деген құрметтерін көрсетті.

 

 

 

 

 

Фразеологизмдер:

Бөспелікке салыну- мақтану

Көзді ашып-жұмғанша- тез

Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу

Кірпігінен қырау тамған –қаһарлы

Асығы алшысынан түсті – жолы болды

 Сөз байлау – уәделесу

Орақ ауыз- өткір тілді

 Місе тұту – қанағат ету

 Мінезі ауыр – салмақты

 Қолы ашық – жомарт

Мақал-мәтелдер:

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп.

Елін сүйген ер болар.

Талаптыға нұр жауар.

Бірлігі күшті ел озады,

Бірлігі жоқ ел тозады.

 Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық.

Сөздің мәні айта білсе ашылар.

Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

Анаңның қарызынан Меккеге үш арқалап апарсаң да құтылмайсың.

Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

 

 

 

                                 Ұйқасын құрастыр

1. Аю отыр партада,

  ------------------------.

  «Р» десең «Л» дейді,

 -------------------------.

2.Бала, бала, балақан,

-------------------------

 

  Саусақтарың әйбәт,

 

3.Оң қолымда бес саусақ,

------------------------------

Қосып едім екеуін,

 

4.Топ бала, топ бала,

 

Зымырап допты ала.

 

5.Жазым келді жарқылдап,

-----------------------------------

Гүлге қонды көбелек.

6.Берекесін сыйлауға,

 

Жемістерін жинауға

---------------------------

 

              Сөздік ойын

1. Все – бәрі,

   Лекарство -....

2. Врач –дәрігер,

   Ювелир –....

3.Бумага – қағаз,

   Мебель –....

4.Недостача –кем,

  Лечение -....

5.  Ломать –бұзу,

     Температура -...

6. Ясень - шетен,

    Чужой -...

7.Приказ –бұйрық,

   Подарок -...

8.Локоть –білек,

    Пожелание -...

9.Ленивый –жалқау,

    Окнчание -....

10.Ухо – құлақ,

     Родник - ...

   Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жаз                                                                            

Сөздер

Тура мағыналы

Ауыспалы мағыналы

терең көл

 

 

 

терең ой

 

 

 

Ашық  терезе

 

 

 

          ашық мінез

 

 

 

Өткір қайшы

 

 

 

өткір көз

 

 

 

Домбыра шерту

 

 

 

сыр шерту

 

 

 

Майлы төстік

 

 

 

майлы дастарқан

 

 

 

Қара тас

 

 

 

тас жүрек

 

 

 

Ат сату

 

 

 

             ат салысу

 

 

 

          Ақ қар

 

 

 

          құрғақ сөз

 

 

 

           Суық сөз

 

 

 

суық хабар

 

 

 

 

Сайыстың бөлімдері:

«Кім жылдам, кім тапқыр?»

«Тапқыр болсаң, тауып көр»

«Білгенге маржан...»

«Әрі оқу, әрі ойын»

«Болмасаң да ұқсап бақ»

«Даналар елінде»                      

 

 

Викториналық сұрақтар:

1.Астана қаласы бұрын қалай аталған?   Ақмола

2.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?  түркі

3.Жазба әдебиетінің негізін салушы кім?  Абай

4.»Қазақ» газетін шығарған кім?  А.Байтұрсынов

5.Тұңғыш қазақ академигі? Қ.Сатбаев

6.Қ.Р. мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл –1992жыл

7.Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл?-1989

8.Қазақ тілі тарихында неше алфавит болды? -3

9.Көне түркі жазуы қалай аталады?  Орхон-Енисей

10.Қазақ фольклорын зерттеген орыс ғалымы?  Радлов

«Даналар елінде» тапсырмалар

1.1845 жылы бұрынғы Семей облысының Шыңғыстау бөктерінде қазақ даласына байлығымен де, билігімен де танымал болған атақты отбасында дүниеге келген адам. Оны әжесі Зере мен анасы Ұлжан тәрбиелеген.

2.Өлең сөздің дүлділі ,ақындық, жыраулық, айтыскерлік өнерді биікке көтерген  ұлы  тұлға. Атақты Сүінбайдың шәкірті.

3.Қасиетті Қостанай жерінің тумасы, «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы, қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан ұлы адам.

4.Небәрі 35 жыл өмір сүріп, «Құйрықты жұлдыздай ағып өткен», қазақтың тұңғыш географ ғалымы, этнограф, суретші, тұңғыш саяхатшы.

 

5.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне  аударып, «40 мысал» атты кітап шығараған, «Қазақ» газетін шығарған филолог ғалым, қоғам қайраткері.6.«Ғасыр адамы» атағын алған, қасиетті Қарасаз топырағында дүниеге келген, өзі туралы «Жазылар мен туралы естеліктер» деп көрегенділікпен айтып кеткен қазақ елінің ақиық ақыны.

 

 


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен "тапқыр достар" сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2016 1819
    • DOCX 23.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмагамбетова Асылша Куанышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 111030
    • Всего материалов: 42

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе