Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Қазақ тілінен тест. №1. 4 сынып.

Қазақ тілінен тест. №1. 4 сынып.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілінен тест. №1. 4 сынып. МАБ-қа дайындық.

1. Қай сөзге жұрнақ жалғанған?

А)кітаптар Ә)кітабымен Б)кітапхана В)кітаптың

2. Атау септігінде тұрған сөзді көрсет.

А) дәптерде Ә)дәптер Б)дәптерді В)дәптердің

3. Біріккен сөзді тап.

А)ел-жұрт Ә)ана тілі Б)Астана В)Екібастұз

4.Қайталама қос сөз қайсы?

А)үлкен кісі Ә)айта-айта Б)дос-жаран В)қап-қара

5.Күрделі сан есімді тап.

А) тоқсан Ә)бес жүз елу Б)миллион В)сегіз

6. Тәуелдеулі сөзді белгіле.

А) кітабың Ә) кітапты Б)кітапқа В)кітаптың

7. Ілік септіктегі сөзді тап.

А)әжеге Ә)әжені Б)әжемен В)әженің

8. ІІІ жақта жіктелген сөз қайсы?

А)әдептімін Ә)әдепті Б)әдептісің В)әдептісіз

9.Тасымалдауға болмайтын сөзді белгіле.

А)әке Ә)ертең Б) аңшы В)сары

10. Негізгі зат есімді тап.

А)биші Ә) дәрігер Б)күй В)кітапхана

11. Сын есімді тап.

А)он бес Ә)оқушы Б) көркем В)кетті

12. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз тобы.

А) сан есім Ә)зат есім Б) сын есім В)етістік

13. Құрмалас сөйлемді анықта.

А)Мен мектепке бардым. Ә)Аспанды бұлт басып, қар жауды. Б)Сабақ басталды. В)Жаңбыр жауды.

14.Табыс септігінің сұрағын тап.

А)кімді? нені? Ә)кім? не? Б)кіммен? немен? В)кімде? неде? қайда?

15. Қарсы мәндес сөзді тап.

А)ержүрек, батыр Ә)үлкен-кіші Б)жылы үй В)тап-таза

16. Жалқы есімді белгіле.

А)Айқын,бала, Алматы Ә)Қандыағаш,кітап, оқушы Б)Ертөстік, Қарағанды, Дина В)кітапхана, ит

17. Жалаң сөйлемді тап.

А)Күн күркіреді.Ә)Күн күркіреп, жаңбыр жауды.Б)Қуанғаннан айқайлап жіберді.В)түнімен әңгімелестік.

18.Бірыңғай мүшелерді тап.

А)ақ көйлек Ә)дәптер, қалам, кітап Б)оқушы, алма В) досым келді

19. Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем?

А) Хабарлы сөйлем Ә)Сұраулы сөйлем Б) лепті сөйлем В)жалаң сөйлем

20.Рреттік сан есімді тап.

А)екінші, бесінші Ә)алпыс, отыз Б)он мың,миллион В) жеті жүз қырық бес

21. "Қанағаттанарлық" сөзінде неше буын бар?

А) 5 Ә)8 Б) 6 В)4

22. Негізгі етістікті тап.

А)оқы Ә) жүгірді Б) айтасыз В)келеді

23. Болымсыз етістікті тап.

А)бар Ә) әкел Б)айтпа В)барды

24. Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем.

А)хабарлы Ә) сұраулы Б) лепті В)жайылма

25.Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылатын сөйлем?

А) жалқы есім Ә)жай сөйлем Б) хабарлы В)сұраулы




Қазақ тілінен тест сұрақтары. №2. МАБ-қа дайындық. 4 сынып.

1. Туынды зат есімді белгіле.

А) күйші Ә)ән Б)бала В)жуды

2. Қосымша жалғанған сөзді белгіле.

А)өмір Ә)өгіз Б)көңілді В)дала

3. Күрделі зат есімді белгіле.

А) шаңғышы Ә) Абай Құнанбаев Б)бапкер В)суретші

4. І жақта тәуелдеулі зат есімді белгіле.

А)түймені Ә)інім Б)айтқанды В)балықтың

5.Зат есімнің жіктеулі түрін белгіле

А)ініммен Ә)көмекшімін Б) тапсырма В)онымен

6. Екінші жақта жіктелген етістікті белгіле.

А)келді Ә)келдім Б)келдің В)барды

7. Екі жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?

А) құрмалас Ә)жай сөйлем Б)жайылма В)жалаң

8. Сөйлем мүшелерінің байланысын не арқылы анықтаймыз?

А)тыныс белгісі Ә)сұрақ қою арқылы Б)орын тәртәбә арқылы В)сөз арқылы

9. Сөз тіркесін белгілі.

А) орманда Ә) ағаштар Б)суық жел В)гүл өсті

10. Бірыңғай мүшелерді белгіле.

А)түрлі ағаштар Ә)орманда ағаштар Б) қайың, терек, емен В)күн күркіреді

11. Қыстырма сөзі бар сөйлем?

А)Сабақтан келдім. Ә)Қысқасы, сабаққа барамын. Б)Жаңбыр жауды. В)Мен гүл теремін.

12. Жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді тап.

А) шөптер Ә)құстар Б)бәйтерек В)өсімдік

13. Күрделі етістікті тап.

А) оқушы Ә) күндіз Б)жазды В)жазып отыр едім

14.Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан сөзді не дейміз?

А) сөз тіркесі Ә)сөйлем Б)сөз В)зат есім

15. Сын есім+зат есімнен жасалып тұрған сөз тіркесін тап.

А)бес алма Ә)әдемі көрпе Б) оқушы оқыды В)жеті қазына

16. Жалаң сөйлемді тап.

А)Құлын кісінеді. Ә)темір күрек Б)екі бала ойнады В)қайтып келді

17. Жатыс септігінде тұрған сөзді көрсет.

А)кітапта Ә)Абайдың Б) әлдекім В)дәптерді

18. Тәуелділік жалғау жалғанған сөзді тап.

А)үйіңіз Ә)сағаттың Б)шалқыма В)үй

19. Буын үндестігіне бағынып тұрған сөз.

А)гүлдың Ә)гүлды Б)гүлдер В)балалер

20. Өткен шақ етістікті белгіле.

А) барды Ә) баратын Б) барады В)көңілді

21."Керуеншілер" сөзі қандай сөзге жатады?

А)түбір сөз Ә)қосымшалы сөз Б) сын есім В)сөз тіркесі

22. Көмектес септікте тұрған сөз.

А)әжемен Ә)әжеге Б) әженің В)әжені

23. Шығыс септіктегі сөзді тап.

А)анадан Ә)анаға Б) анамен В)ананың

24. Күрделі мүшесі бар сөйлем?

А)Бала ойнады. Ә)Қызыл ала гүл өсті. Б)Орман іші тыныш. В)Балалар суға түсті.

25. Әже сөзін септе.

Атау Жатыс

Ілік Шығыс

Барыс Көмектес

Табыс






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров144
Номер материала ДВ-504262
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх