Инфоурок Другое Тесты"ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ"

"ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ"

Скачать материал

Тест сұрақтары

1.Мәндес сөздер қатарын табыңыз.

А)азаю,ұлғаю

В)арту,кему

С)азаю,кему

Д)үлкею,кішірею

 

2. Мәндес сөздер қатарын табыңыз.

А)ата,әже

В)адам,кісі

С)бала,қыз

Д)апа,көке

 

3. «Балапандай баптау» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

А)күту,аялау

В)аңқау,аңғал

С)баптау,құшақтау

Д)мінезі бала сияқты

 

4. «Жүрегі су ету» тіркесінің беретін мағынасын көрсетіңіз.

А)қуану

В)толқу

С)қорқу

Д)шаттану

 

5.Етістіктен жасалған зат есімдерді белгілеңіз.

А)айтыс

В)қасық

С)жады

Д)қалам

 

6. «-н» жұрнағы жалғанатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

А)шық,би

В)сүз,біл

С)бұр,тоқта

Д)толқы, бора

 

7.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Сабақ ......... телефонды сөндіріп қою керек.

А)үстінде

В)астында

С)қасында

Д)жанында

 

8.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол ..... болып жатқан жағдайларды еске алды.

А)түбінде

В)тысында

С)сыртында

Д)айналасында

 

9.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі ...........

А)Ахметтікі

В)Абайдікі

С)Ыбырайдікі

Д)Мұқағалидікі

 

10.Құрамында меншіктік мәнді білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А)Бұл мәшине көршімдікі.

В)Көршілерге кіріп шықтым.

С)Көршімен бірге бардым.

Д)Көршілерді көшеден көрдім.

 

11. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Кездесу туралы   ......... келіп тұр.

А)қуануға

В)көрсетуге

С)хабарлауға

Д)көмектесуге

 

12. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Адам сөйлеп жатқанда сөзін .......... болмайды.

А)алуға

В)бөлуге

С)беруге

Д)көруге

 

13. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол тәтті .................. көп жемейді.

А)тағамды

В)тағамға

С)тағамның

Д)тағаммен

 

14. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Олар Орталық мұражайдағы «Алтын адам» ........... тамашалады.

А)суретін

В)бейнесін

С)естелігін

Д)ескерткішін

 

15. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Жас әнші тамаша ............. тамсандырды.

А)дауысқа

В)киімімен

С)тамағымен

Д)даусымен

 

16. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Қазақстан мұнай ............ мақтана алады.

А)жерімен

В)орнымен

С)қорымен

Д)бұйымымен

 

17. Көп нүктенің орнына қажетті  атауды қойыңыз.

Ағасы Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі  ......... бөлім бастығы болып тағайындалды.

А)сотының

В)агенттіктің

С)орталығының

Д)министрлігінің

 

18. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым .................. жолдамасы бойынша жұмысқа келіпті.

А)министрлігін

В)министрлігіне

С)министрлігінің

Д)министрлігімен

 

19. Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.

Оның бес баласының үшеуі мектепке, ал ........... балабақшаға барады.

А)екеуі

В)төртеуі

С)үшеуі

Д)бесеуі

 

20. Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.

Олардың арасынан батыл ....... шығып,  өз ұсынысын айтты.

А)біреуі

В)екеуі

С)төртінші

Д)бес-алтыдай

 

21. Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.

Емтиханда оқушылар ...... отырып, есеп шығаруда.

А)бір-бір

В)бір-бірден

С)бір-бірлеп

Д)бір-бірдей

 

22.Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.

Саяхатшылар ....... екі топқа бөлінді.

А)он-ондай

В)екі-үшке

С)он-оннан

Д)бес-алтауы

 

23.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мерекелік шеруге ..... адам қатысты.

А)үш мыңдап

В)бес мыңдай

С)он мыңнан

Д)жүз мыңның жартысы

 

24. Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.

Әкесі таңертең сағат ...... үйден шығып кетті.

А)жетілеп

В)жетінші

С)жетілерде

Д)жетілердей

 

25.Мақалды толықтырыңыз.

Оқусыз білім жоқ, .....  күнің жоқ.

А)сусыз

В)білімсіз

С)көліксіз

Д)ақылсыз

 

26. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Қаланың ....... көрінісі адамды қиялға жетелейді.

А)ішкі

В)түскі

С)түнгі

Д)сыртқы

 

27. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Әріптесім «....... достар»  бағдарламасын жүргізеді.

А)өткір

В)ұтқыр

С)алғыр

Д)тапқыр

 

28. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Кәсіпкерлік жұмыс ................ мамандарды талап етеді.

А)іскер

В)ұшқыр

С)санаулы

Д)жарамды

 

29.Сөйлемді толықтырыңыз.

Театрдағы басты рөлді ойнағандардың ............- танымал актерлер.

А)тегісі

В)күллі

С)барша

Д)барлығы

 

30. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Кездесуге курстастарым  ...........келді.

А)бүкіл

В)түгел

С)барша

Д)барлық

 

31.Сөйлемді толықтырыңыз.

Қазақстанда өсімдіктердің ...... түрі бар.

А)қайбір

В)әлдене

С)бірнеше

Д)әрқалай

 

32. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

......... адамдар сағат жинауды ұнатады.

А)бүкіл

В)кейбір

С)әркім

Д)бірдеңе

 

33. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Үйінде ........ домбыра тартпаса да, Асқар домбыраға үйір болды.

А)түк

В)ешбір

С)ешкім

Д)ештеме

 

34.Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.

................ өтірік айтушы болма!

А)ешқайда

В)әрқашан

С)ешқайсы

Д)ешқашан

 

35. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол құжаттарын қабылдау комиссиясына .................

А)алыпты

В)қалыпты

С)қатысыпты

Д)тапсырыпты

 

36.Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.

Жапондық азамат жеке іс парағын қазақ тілінде ................

А)орнатыпты

В)толтырыпты

С)қолданыпты

Д)пайдаланыпты

 

37. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны  қойыңыз.

Апам дәрігерлік тексеруден  ...............

А)өтіп жатыр

В)бітіп жатыр

С)шығып отырмыз

Д)келіп жатырсың

 

38. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны  қойыңыз.

Мен кәсіпорынға бухгалтер қызметіне ..............

А)кіріп жатыр

В)өтіп жатырмыз

С)тұрып жатырсың

Д)орналасып жатырмын

 

39.Іс-әрекеттің орйындалмайтынын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

А)Науқасқа дәрілік шөптер жазып берді.

В)Ауру адам өз бетінше ем қабылдауға болмайды.

С)Алма қан құрамындағы холестеринді төмендетеді.

Д)Тұмаудың алғашқы белгілері білінісімен емделу қажет.

 

40. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді  қойыңыз.

Қаланың тазалығын ойламасқа .......................

А)білмейді

В)жүрмейді

С)болмайды

Д)қорғамайды

 

41.Іс-әрекеттің мақсатын білдіріп тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А)Ол кеше жұмыста болды.

В)Мүмкін,жақсы жұмыс табар.

С)Ертең жаңа жұмысқа шығады.

Д)Жұмысты жарнама арқылы іздемек.

 

42. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ана тілі жоқ халық ел ................... емес.

А)болмақ

В)жасамақ

С)сөйлемек

Д)үйренбек

 

43. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны  қойыңыз.

Ол радиодан үнемі «Қазақ елі» бағдарламасын ..................

А)көретін

В)ұнататын

С)білетін

Д)тыңдайтын

 

44. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Журналистердің таным деңгейі жоғары ...............

А)өтпейтін

В)болатын

С)жеткізетін

Д)алынатын

 

45. Диалогті толықтырыңыз.

-Үлкен көл қайда?

-Ауылдың ...................

А)төмен

В)ішкері

С)шетінде

Д)тысқары

 

46.Диалогті толықтырыңыз.

-Абай даңғылына қалай барсам болады?

-................... жүрсеңіз Абай даңғылына шығасыз.

А)іште

В)сыртта

С)жоғары

Д)тысқары

 

47. Көп нүктенің орнына қажетті  сөзді қойыңыз.

Қазақ қонақжайлық қасиеті ................... әлемге танылған ел.

А)түгіл

В)тәрізді

С)сияқты

Д)арқылы

 

48. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.

Күн ...... анасы бауырсақ пісіреді.

А)бойы

В)үшін

С)сайын

Д)жуық

 

49. Көп нүктенің орнына қажетті  сөзді қойыңыз.

Қала шетінен күзге .......... үй салып алды.

А)астам

В)дейін

С)төмен

Д)сәйкес

 

50. Көп нүктенің орнына қажетті  сөзді қойыңыз.

Ғалымдар қатерлі ауруға ........... дәрі ойлап тапты.

А)жуық

В)салым

С)қарсы

Д)артық

 

51. Көп нүктенің орнына қажетті  сөзді қойыңыз.

Қонақтар астан .......... бата қайырды.

А)әрі

В)гөрі

С)соң

Д)бетер

 

52. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.

Сырыңды досыңнан ......................... айта да алмайсың.

А)гөрі

В)астам

С)өзгеше

Д)басқаға

 

53. Көп нүктенің орнына қажетті  сөзді қойыңыз.

Көрмеге шетелдік өнімдермен .................. қазақстандық тауарлар да қойылған.

А)қарай

В)қатар

С)сәйкес

Д)бұрын

 

54. Көп нүктенің орнына қажетті  сөзді қойыңыз.

Айнұр дастарханға тәтті тоқашпен ............. ыстық бауырсақ та әкеліп салды.

А)бірге

В)бетер

С)қарай

Д)сәйкес

 

55. Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.

Саған босағаны  керуге болмайды деп айтты ...............

А)ақ

В)ма

С)тек

Д)ғой

 

56. Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.

Бастық іссапарға кетті -...... деймін?

А)ай

В)ақ

С)ау

Д)да

 

57. Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.

Келген қонақты төрге шығару керек, ...........  қонақпен бірге құт келеді.

А)бірақ

В)себебі

С)әйтсе де

Д)сол себепті

 

58.Диалогті толықтырыңыз.

-Өкшесі биік аяқкиім алмайсыз ба?

-.......................................................

А)Алмаймын, себебі аяғым ауырады.

В)Не үшін аяғым қақсайтынын білмеймін.

С)Сондықтан жай табан аяқ киімді таңдаймын.

Д)Егер де аяқ киіміңіз тар болса, ауыстырып берейін.

 

59. Сөйлемді толықтырыңыз.

Менің білікті маман болғым келеді, ..................... жоғарғы оқу орнына түсуім керек.

А)сонда да

В)дегенмен

С)әйткенмен

Д)сондықтан

 

60. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.

Дәрігер сізге көп қимылдауға болмайды деді, ....... көп жүрмеңіз.

А)әйтпесе

В)не үшін

С)неге десең

Д)сол себепті

 

61.Қомсыну мәнін беретін нұсқаны көрсетіңіз.

А)Жә, күй тартсаңдаршы,төгілтіп!

В)Кеше ғана домбыра үйірмесіне жазылды.

С)Ендеше,домбырамен тағы бір өлең айтып берейін.

Д)Қобыз тұрмақ, домбыраны көрмегендер де бар екен.

 

62.Шектеу мәнінде қолданылатын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А)Осымен сөзді тоқтатайық.

В)Ойпыр-ай, енді не болар екен?!

С)Оның бір өзі-ақ бітіретін шаруа еді.

Д)Құдай-ау, қайда сол жылдар.....

 

63.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ауылдағы көк төбет ............... етеді.

А)арс-арс

В)шақ-шұқ

С)шыр-шыр

Д)қыңқ-қыңқ

 

64. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Қасымдағы достарым түнімен әңгіме айтып, ................ күліп ұйықтатпады.

А)шап-шұп

В)сылқ-сылқ

С)қалт-құлт

Д)бүлк-бүлк

 

65. Сөйлемді толықтырыңыз.

Жас бала найзағайдың жарқылынан .............. ете түсті.

А)қалт

В)селк

С)жалт

Д)желп

 

66. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мәшинемен ............ етіп айтқан жерге лезде жетіп келді.

А)зу-зу

В)дір-дір

С)селк-селк

Д)тарс-тұрс

 

67.Асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

Сап-сап көңілім, сап көңілім!

А)көңілін жұбату

В)көңілін көтеру

С)көңілін қалдыру

Д)көңілін тыныштандыру

 

68.Сәбиге арнай айтылатын сөзді белгілеңіз.

Құлыным, ............... баса ғой.

А)беу

В)құп

С)тәй-тәй

Д)әне-міне

 

69. Адамның көңіл-күйіне қатысты нұсқаны көрсетіңіз.

А)Қысқасы, біздің мүмкіндігіміз  шектеулі.

В)Біріншіден,асқынбай тұрып келу керек.

С)Кім біледі, мүмкін сауығып кететін шығар.

Д)Япыр-ай,қолыңыздан келгені осы болды ма?

 

70.Айтылған ойдың ретін білдіретін нұсқаны көрсетіңіз.

А)Сірә,осы қызметкер жасаған  болу керек.

В)Айтпақшы,кеше сені теледидардан көрсетті.

С)Қорыта келгенде,қызметкер жан-жақты маман болу керек.

Д)Біріншіден, мен жұмысшы алып қойдым, екіншіден, өзің келем деп уақытында келмедің.

Тест жауабы.

1

С

36

В

2

В

37

А

3

А

38

Д

4

С

39

В

5

А

40

С

6

Д

41

Д

7

А

42

А

8

Д

43

Д

9

В

44

В

10

А

45

С

11

С

46

Д

12

В

47

С

13

А

48

С

14

В

49

В

15

Д

50

С

16

С

51

С

17

В

52

Д

18

С

53

В

19

А

54

А

20

А

55

Д

21

В

56

С

22

С

57

В

23

В

58

А

24

С

59

Д

25

В

60

Д

26

Д

61

Д

27

С

62

С

28

А

63

А

29

Д

64

В

30

В

65

В

31

С

66

С

32

В

67

Д

33

С

68

Д

34

Д

69

Д

35

Д

70

Д

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2017 3743
    • DOCX 22.4 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ақбанова Перизат Куанышпаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ақбанова Перизат Куанышпаевна
    Ақбанова Перизат Куанышпаевна
    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28665
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции