Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілі,6-сынып - 5- тарау БЖБ

Қазақ тілі,6-сынып - 5- тарау БЖБ

Скачать материал
библиотека
материалов

Бөлім «Тарихи тұлғалар. Лексика»


Оқу мақсаты 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру 6.4.3.1-көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу

сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу


Бағалау критерийі Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

  • Ақпаратты өмірмен байланыстырады

  • Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратады


Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну


Орындау уақыты 15 -20 минут


1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

Қаныш Сәтбаев – 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог ғалым. Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы, ал 1945 жылы оның тұңғыш президенті болады. ХХ ғасырдың орта шенінде минерология ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған ірі кен орындарын ашады. Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болады.

Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде, Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады. Орыс ғалымдары оның жетістігіне таңдана қарайтын. Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді.

Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әртүрлі жер-су атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. Ер жеткен соң геология ғылымы саласына қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. Дегенмен өзінің топонимикаға деген қызығушылығын да жоғалтқан емес. Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. Яғни жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа ресурс көзімен қамтамасыз етеді.

Қаныш Имантайұлы Қарағанды облысында өмір сүретін ақсақалдардан топонимикалық атаулардың шығу тарихы туралы деректер іздейді. Нәтижесінде ата- бабаларымыздың мыс, қола, темір сынды пайдалы қазбаларды көне заманнан бері пайдаланғаны анықталады. Себебі бұл жер-су атаулары көне заманда қолданысқа енген. Айта кетсек, ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген.


  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

    • Қаныш Сәтбаев кім?

    • Оның жетістігінің сыры неде?

    • Ғалым жастайынан неге қызығып өсті?

    • Сәтбаевтың еңбектері неге арналған?

    • Ол қандай картаны жасауда көп еңбек етті?


  1. Мәтінге қатысты ақпаратты қазіргі өмірмен байланыстырып, жауап беріңіз.

Қ. Сәтпаевтың қазіргі қазақ ғылымында қандай үлесі бар деп ойлайсыз?







2- тапсырма


Сөйлемдерді оқы

Теріп жаз

Түрін ажырат

1

Арамызда әлі де болса қоғамдық пайдалы еңбектен бой тасалап жүрген ақсаусақтар аз емес. (С.Мұқанов)



2

- Мейлі, екі ноғайдың бірі өліп, бірі қалсын! Менің нем кетеді? – деді өзі. (І.Жансүгіров)



3

«Тентегім, сен теріс айтып жатырсың? (М.Әуезов.)



4.

Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат – отарба.









Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, ақпаратты өмірмен байланыстырады.

1

мәтін мазмұны бойынша 1- сұраққа сұрақтарға жауап береді;

1

мәтін мазмұны бойынша 2- сұраққа сұрақтарға жауап береді;

1

мәтін мазмұны бойынша 3- сұраққа сұрақтарға жауап береді;

1

мәтін мазмұны бойынша 4- сұраққа сұрақтарға жауап береді;

1

мәтін мазмұны бойынша 5- сұраққа сұрақтарға жауап береді;

1

кейіпкер туралы ойын шынайы өмірмен байланыстырады.

1

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратады


2

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді теріп жазады;

4

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді түрін ажыратады.

4

Барлығы

14 балл



  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.