Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Қазақ"- жауынгерлік ұғым" атты дөңгелек үстел жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

"Қазақ"- жауынгерлік ұғым" атты дөңгелек үстел жоспары

библиотека
материалов

hello_html_m1046ddc9.gifДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ


Күні: 25.09.2015 жыл

Тақырыбы: «Қазақ» - жауынгерлік ұғым»

Мақсаты:

  • Оқушыларға «қазақ», «сақ» ұғымдарына қатысты толық мағыналы мәлімет беру. Қазақ хандығының негізін қалаған халық туралы танымдарын кеңейту;

  • Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

  • Отансүйгіштікке, ержүректілікке, ұлтжандылыққа, тәртіптілікке, сыйластыққа тәрбиелеу, болашақта елін қадірлейтін азамат қалыптастыру.

Күн тәртібінде: (Регламент: 5-7 минут)

1. Спикердің алғы сөзі. Тарих пәнінің мұғалімі Мирас Кожабеков.

2. «Сақ» деген халық болған ба? – сөз сөйлейтін Тлегенова Аяжан.

3. «Қазақ» сөзі – жауынгерлік ұғым. Биттитай Нәзкен.

4. Қазақшылық құрудың тарихы. Қанатай Кәмиля.

5. «Қазақ» сөзі туралы қазақ деректерінен. Рүстем Аңсар.

6. «Казак-орыстың» пайда болу тарихы. Жангожин Ыбырайдың баяндамасы

7. Қазақ хандығы дәуіріндегі «қазақ» сөзінің мағынасы. Қалкенова Меруерт.

8. Көрермендердің қатысуы (өз еркімен сөз сөйлейтіндер, сұрақ қоятындар болса)

9. Қорытынды сөз.


1. Спикер:

Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай елімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын білеміз. Аталмыш жылдың 9 қазанында Тараз қаласында осы ұлы мерейтойды қорытындылайтын кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылайын деп жоспарланып отыр. Атаулы мерейтойдың қатарынан бізде қалыспай, Қазақ хандығы тарихында түбегейлі болып табылатын - қазақ халқының қалыптасу мәселесі жайлы ой қозғамақпыз. Осыған орай мектебімізде, тарих пәнінің мұғалімі Кожабеков Мирас Дюсембековичтің атсалысуымен, дөңгелек үстел ұйымдастырылып отыр.









«Сақ» деген халық болған ба?


«Сақ» деген атау қайдан шықты, не мағына береді? - деп іздеп көрелікші. «Сақтар» жайлы негізгі деректер, б.з.б. 522 – 486 ж. өмір сүрген парсы патшасы І Дарийдің бұйрығымен жазылған, Бехистун жартасындағы бедерлерде кездеседі. Бұл деректерде, Ксеркс, Дарий, Кир атты парсы патшаларының жорықтары дәріптеліп, ал қарсыласы - көшпелілерді кемсіту үшін «сақ» сөзін пайдаланған екен.

«Сақ» сөзі парсыша «ит» деген мағына береді екен. Яғни, көшпелілерді, мал соңында жүретін ит сияқты, деп кемсіткен.

Яғни, «сақ» сөзі б.з.б. VІ-ІV ғасырлардағы парсы патшаларының көшпелілерге қойған кемсіту атауы. Бірақ парсы халқы «көшпелілерді» «тур» деп атапты. Сол заманадағы парсылардың «Заратуштра» дінінің «Авеста» атты кітабына қарасақ, онда Орта Азиялық көшпелілерді «сақ» демеген, «турлар», «жүйрік атты турлар» деп жазған. Яғни, парсы патшалары «сақ» деп кемсіткен көшпелілерді діндарлары «тур» депті.

Ежелгі мал өсіруші тур тайпасынан «турлар елі» деген мағына беретін «Тұран» сөзі пайда болған.

Тур (яки, тұр), Тұран, Түрік деген атаулар сабақтастығына қарасақ «Авеста» кітабында көшпелі елді «тур» деп халықтың төл атауымен жазғанына көз жеткіземіз. Дегенмен, б.з.б. V-ІV-ғасырларда айбыны асып тұрған парсы патшасының көшпелілерге қойған кемсіту атауы да ізсіз кетпесе керек. Аталған көшпелілердің парсыларға етене жақын оңтүстік бөлігіндегілерге «сақ» атауы, шамада б.з.б.ІІ-ғасырға дейін жапсырма, қосалқы атауға айналған сияқты.

Тарихтың атасы – Геродот (б.з.д. 484 – 425 жж.) сақтар туралы сөз еткенде, көшпелі скифтерді, парсылар «сақтар» деп атайды, деп жазған.

Қытай тарихшылары дерегінде, шамада б.з.д.ІІ-І-ғасырларда, Орта Азияда түркітілді «ғұн», «қаңлы», «үйсін», «нүкіс» (яки «нүтша», яки «иозы») елдері жайлағанын және «сака» елі олардан жеңіліп, билеуші тайпасының ығысып оңтүстіктегі Памир тауынан әрі босып кеткені, бүгінгі Ауған, Тәжік жеріне ауып барғаны жайлы жазылған. Қытай деректеріне сенсек, бүгінгі тәжік пен ауған халқының үлкен бөлігі - «сакалардан» тараған тұқым. Ең қызығы, ауған мен тәжіктер, өздерінің арғы аталарының Орта Азиядан ауып келген көшпелілер екенін мойындағанымен «сақтың» ұрпағымыз демейді. Қытай тарихшылары дерегі бойынша, қазақ халқы – бұл, «ғұн», «үйсін», «қаңлы» тайпаларының тұқымы екен. Яғни, «сақ» атты тайпа болған күнде оның қазаққа қатысы мүлде болымсыз болмақ.

«Сақ» атауы б.з.д. І-ғасырдан кейінгі тарихи деректерде мүлдем жоқ. Бұл түріктердің өркендеуі кезеңі еді. Яғни, алдымен Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері дәуірлесе, кейін батысы Каспий мен Қара теңізге дейін, ал шығысы Қытай мен Корей түбегіне дейін созылған Ұлы Түрік қағанатын құруға бет алған кез. Ендеше, оларды «көшпенді сақ(ит)» деп кемсітуге парсылардың дәті бармаса керек.

Парсы тілінде «сақ» пен «қазақ» сөздері мүлдем бөлек ұғымдар екен. Яғни, «сақ» сөзі - «ит», ал «қазақ» сөзі - «батыр», «жауынгер» деген ұғымда.

Парсылар, ХХ ғасырдың 20-жылдары ағылшын отаршыларына қарсы көтеріліс жасаған әскерлерін қазақтар деп атағандығы туралы «Иран тарихы» деген кітапта талай деректер келтірілген. Ирандықтар әскери казарманы әлі күнге дейін «қазақхана» дейді.

Яғни, парсылардың өз батырларын «қас-сақ» («сақ»-«ит») демейтіні, керісінше «қазақ» - жауынгер деп отырғаны түсінікті болар.

Жоғарыдағы деректер, біріншіден, «сақ» деген халықтың болмағанын; екіншіден, «қазақ» сөзінің «сақ» сөзіне еш қатысы жоқ жауынгерлік ұғым екенін көрсетеді. Ендеше, оның қандай жауынгерлік ұғым екенін ашып көрейік.

























«Қазақ» сөзі – жауынгерлік ұғым.


«Қазақ тарихын зерттеу - «қазақ» сөзінің мағынасын білуден басталады. Қазақ халқының қайдан пайда болғаны, қандай рухани құндылықтан құрылғаны жайлы жауапты осы сөздің мағынасын білгенде ғана айтуға болады. Қазіргі тарихшылар бұл сөздің не мағына беретінін дәл таба алмай сан-саққа апарып, қисынсыз болжауда. Мысалға, тарихшылардың бір тобы «қаз-ақ», яғни «ақ-қаз» деген болжауды ұсынса, екінші бір топ тарихшылар «қазғыш-добытчик» деп айтса, үшіншілері «қай-сақ», «қас-сақ», яғни түбірі «сақ» тайпасының атауы деп, үйлестірмек болады. Осындағы «қас - сақ» деген пайымдауды көптеген қазақстандық тарихшылар дұрыс деп санап, «Қазақстан тарихы» оқулықтарына ендірген.

Қазақта қаза деген қастерлі сөз бар. Өлімнің бәрін «қаза» демейді. Мәселен, майданға қатыспай өз үйінде жатып көз жұмған кісіні «қаза тапты» деп айтпайды: «қайтыс болды», «бақилық болды», «дәм-тұзы таусылды» дегендей басқа сөздермен сипаттайды. «Қаза» - бұл, дәрежесі өзге өлімнен биік тұратын, батырлықтың дәлелі болатын сөз. Қаза болған кісіні ел-жұрты батыр деп дәріптеп, жоқтап аза тұтқан. Яғни, қаза табу - жауынгердің ғана маңдайына жазылған ақ өлім.

«Қаза» сөзіне «ақ» дегенді жалғасақ «қазақ» сөзі шығады. Біріншіден, «қаза» мен «қаза-ақ» деген дыбыстық үйлесімі, екіншіден, екеуінің де жауынгерлік ұғым болуы кездейсоқ сәйкестік емес. Бұл сәйкестікті қазбалай түссек, онда «қаза» сөзінен «қазақ» сөзінің қалай туындағанын пайымдай аламыз.

Қазақта «Ердің орыны елдің шетінде, жаудың өтінде жүру!» дейтін нақыл бар. Яғни, ерлер елдің шетіне шығып, иен далада әскери қосындар құрып ел қорғаған, және аңшылық жасап, жау елдерге шапқыншылық жасап өзінше күн көрген. Бұл түркі жұртының көнеден келе жатқан дәстүрі. Жаугершілік шерулер, майдан даласы дегенің қазасыз болмайды ғой. Яғни, иен далаға кетіп, жауынгерлікті кәсіп қылудың ұраны: «Мен ел үшін қаза-ақ болуға бекіндім!» дейтін өлімге бас тігу антымен басталса керек. Әлбетте, қаза-ақ болуға бекініп, ел шетіне шыққан әскери қауымды қазақшылық құрушылар, яки қазақтар деп атаған. Оларға, жауынгерлік тіршілік - кәсіп, соғыс - олжа көзі болған. Жауынгерлікті кәсіп ету нағыз ердің ісі саналған. Кәсіпқой жауынгер болу үшін бойында күші тасыған алып және ержүрек болуы керек. Денсаулығы мықты, өзіне сенімді ерлер ғана қазақшылық құра алған. Жігіт-желең кезінде қазақшылық құрып, ауырғанда және қартайғанда ел жұртқа барып бейбіт тірлік кешкен ерлер де аз болмаса керек. Бірақ, атышулы батырлар бүкіл өмірін қазақшылыққа арнап, үйлі-жайлы күйінде, әйел-баласымен де қазақшылық құрып жүре берген. Осындай батырлардың бастамасымен бүкіл отбасы, әулеті, тіпті ру-тайпасымен қазақшылық құрушы көшпелі тайпалар пайда болған. Отырықшы тайпаның қазақшылық құруы, әлбетте, мүмкін емес. Яғни, қазақшылық құрушылар көшпелі тайпалар болған. Қазақ хандығы құрылмай тұрып-ақ, қазақ аталған көшпелі әскери тайпалар болғанын түрлі тарихи деректерден кезіктіреміз.

«Қазақ» аталатын тайпалар ешкімге тәуелсіз, ерікті, еркін тіршілік кешкен. Сахараның о шеті мен бұ шетіне дейін кезіп, шерулетіп жүре берген. «Кімсіңдер, қайда барасыңдар?» – дегендерге: «қазақпыз!» деген жалғыз сөзбен-ақ еркінше шерулетіп жүргенін түсіндіре алса керек. 1245 жылы Мәмлүктер билеген Мысыр мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде, «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе адам» деген мән берілген екен. Жаугершілік заманда «еркін, кезбе адам» болып жүру жауынгердің ғана қолынан келгені анық. «Қазақ» дегеннің әскери қауым екенін айғақтайтын деректер де жеткілікті. Мысалы, парсы тарихшысы Шарафуддин Иааздидің «Зафарнама» атты еңбегінде: Дешті Қыпшақты әскери түрде күзетіп отырған елді - Өлейіт чатур қазақ, деп атаған.

Одан беріде, Шағатай ұлысында «қазақ» аталатын әскери тайпаның болғаны (көтеріліс жасағаны) жайлы, сондай-ақ, Ноғайханның да, әйгілі Ақсақ Темірдің де қарамағында қазақы әскері болғаны жайлы деректер бар. Сондай-ақ, «қазақы соғыс өнері» деген терминді тарихи деректерден кезіктіреміз. Әйгілі Ақсақ Темір «қазақы соғыс өнерінің білгірі болған» дейтін деректер бар.

Сонымен қатар, батырлар жырына (Алпамыс, Қобланды, т.б.) қарасақ, онда 10-20 жігіт-желеңнің жиылып, елден жеке шығып, шағын әскери қосындар құрғанын, яғни қазақшылық құруын көре аламыз. Жыр-дастандардағы баяндауларға қарасақ, жас жігіттер ата-анасынан рұқсат батасын алып, сосын жалғыз атқа мініп, қарудан басқа ештеңе алмай әскери сапарларға шығады. «Ер азығы мен бөрі азығы – жолда!» деп азықсыз да жүре береді. Яғни, қазақшылық құруға желең шыққан жігітте далада тігетін киіз үйі де болмаған. Парсы тарихшыларының жазбаларындағы «үйлі қазақ», «үйсіз қазақ» дейтін сөздері осыдан шықса керек. Мұндай шағын топтар көп жортуылдап, өзге елдерге, саудагерлерге тонаушылық шабуылдар да жасаса керек. Орыс, парсы, үнді т.б. елдердің тілінде қазақ сөзіне «қарақшы» дегенді қосақтайтын тіркестер кездеседі. Мысалы, «казаки-разбойники». Мұны олар, түркі қазақтарының шапқыншылығына жиі ұшырау себебінен айтқан деп түсіну керек. Түркі халықтары тілінде «қазақ» пен «қарақшы» сөздерінің тіркесуі кездеспейді.»







Қазақшылық құрудың тарихы.


«Халық аңызына сенсек, қазақшылықтың бастауы Алашаханмен байланысты. Яғни, бір патшаның баласы денесінде ала дақтарымен туылыпты («Ақтаңдақ» болса керек). Патша баласын жұртқа көрсетуден ұялып, бірнеше нөкерімен бірге иен далаға апарып тастапты. Бала далада ер жетіп, батыр болып, қасына көп нөкер жиыпты. Нөкері көбейгесін Алашахан атаныпты. Алашаханның әскери күші әкесінің елінен басым болса да әкесіне қарсы соғыс ашпапты, қайта патша әкесінің елін сыртынан қорғаштап иен далада жүре беріпті. Әкесі қартайып қайтыс болғанда ғана әке тағына отырыпты, дейді халық аңызы.

Алашаханның қай заманда тіршілік еткенін нақты айту қиын. Бір аңызда Алашаханның әкесі Абдолла хан, екіншісінде Қызыл Арыстан, үшіншісінде Абдул-Азис деп кете береді.

«Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінде»: Нұхтың баласы Яфет (оны Абылжа хан дейді), одан Түрік, одан Түтік, одан Елшехан, одан Диб Бануй, одан Алашахан, ал одан екі ұл – Татар мен Моңғол тарайды деп көрсетілген.

Құрбанғали Халид болса «Тауарих хамса» кітабында «Алаша хан – жалпы хұндардың бабасы, моңғол-татардың атасы» деп жазған.

Яғни, Алаша атын түрлі дәуірлерге қатысты шежірелерден көріп қаламыз.

ХV-ХVІ ғасырларда Ұлытауда Қасымхан Алаша-ханға кесене салдырған. Мұнда, қазақ қауымының ішіне кірген әр текті рулар Алаша баласы болып, бірі ағалық, бірі інілік жолмен туыстық жүйе құрады. Алаша ұғымы содан бері қазақтан ажыраған жоқ.»

Касалар (қазалар) деген аттылылар жөніндегі деректер қытай тарихшыларының І-ІІІ ғасырлардағы жазбасында кездеседі екен. Сонымен, жоғарыдағы деректер бойынша, қазақшылық құрып жүретін ерлер І-ІІІ ғасырлардағы түркі тектес Ғұн, Үйсін, Қаңлы елдерінде де болған, яғни Алашахан сол замандағы тұлға, деуге де болады. Сонымен, қазақшылық өте көне заманадан басталған дәстүр.»











«Қазақ» сөзі туралы қазақ деректерінен.


««Қазақ» сөзін зерттеген Сәкен Сейфуллин атамыз «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» атты еңбегінде, қазақ зиялысы Мұхамеджан Тынышбаевтың еңбегіне сүйене отырып, ойын былай өрбітеді:

1. Наков деген орыс шежірешісі: «1223 жылы Шыңғыс әскері Кавказ тауынан асып келіп, «қазақ»(касах) жерін басып, қыпшақтарды қиратып, сонан соң орыстарды қиратқан» деп жазған.

2. Атақты Ноғай ханның заманында, Кавказдан черкестерді шақырып келіп, Рыльск деген қаланың маңына орнатқан. Сол черкестер өздерін өздері «қазақпыз» деген.

3. 1397 жыл мен 1410 жылдарда Қырым татарларының біразы Литва еліне ауып барған. Литва королінің хат тасушысы қызметінде болған татарлар «қазақ» атанған. Ол кезде орыстың «казак-орыс» дегендері шықпаған кез еді.

4. Күншығыс жақта 1456 жылы Жәнібекті хан көтерген ноғайлар – қазақ атана бастап Қазақ хандығын құрғанда, 1474 жылы Қырым ханы Меңлікерей, ІІІ Иван атты орыс кінәзіне жазған хатында: «Сенің жеріңді тартып алуға мен ұландарымды, мырзаларымды - қазақтарымды жібермеймін» - деген.

5. 1523 жылы Морозов деген орыс Түрік сұлтанына айтқан сөзінде: «сенің қазақтарың бізге тие береді» деген.

Бұл мағлұматтардан көретін нәрсе мынау: көп елінен оқшауланып шығып, жауынгерлік кәсібінде болғандарды «қазақ» деген!»- депті Сәкең.

Қазақтың атақты зерттеуші-ғалымы Шоқан Уәлихановтың айтуынша: «қазақ сөзінің арғы мәні – жан мен тәннің еркіндігі мен биік рухын білдіретін, европалық серілікке – рыцарствоға тән!», - екен.

Бүгінгі Ресейдегі құмық және ноғай халықтарының тілінде «қазақ» сөзі әлі күнге дейін «жауынгер» деген мағынасын жоғалтпапты.

Орыстың әйгілі тарихшылары Н.М.Карамзин, В.В.Бартольд, В.Даль, В.В.Радлов, П.Бутков, Г.Ф.Благова және тағы басқалары, «қазақ» атауын зерттеп, оның әскери термин екенін және көне түркілерден шыққан әскери дәстүрдің атауы екенін атап өткен. Әйгілі «Тихий Дон» романының авторы, жазушы М.Шолохов: «На Дону я – казак, на Урале – казах», - деп, «орыс-казак» дегеннің түбі түркі, өздері текті халық екенін меңзеген.»







«Казак-орыстың» пайда болу тарихы.


«ХХ ғасырдың басында Ресейде, қазақтар (киргиз-кайсактар) мен казактардың шығу тегі бір екені жайлы пікір, әсіресе, казактан шыққан тарихшылар мен этнографтар арасында кең таралды. Мәселен, Дон казактары тарихының білгірі, генерал-майор И.Ф.Быкадоров (1882-1957 ж. «Қазан төңкерісінен» кейін шет елге кетіп, Францияда қайтыс болған) және Запорожье казактары тарихының білгірі Д.И.Эварницкий (яғни Яворницкий, 1855-1940 жылдары өмір сүрген, Украина ғылым академиясының академигі, археолог, этнограф, тарихшы, филолог) сияқты тарихшылар «қырғыз-қайсақтар» бүкіл казактармен тектік байланыста деп айтқан.

Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнің тарихшысы Е.Б.Савельев «казачествоның ежелгі, орта және жаңа тарихы» деген монографияларын жазып, онда, казактар – бұл Орда ыдыраған кездегі өз қандастары құрған жаңа хандыққа қосылмай қалғандар, деп ашық айтқан.

Иоганн Миллер (яғни Иван Егорович Миллер, Ресей ғылым академиясының мүшесі), «казак» сөзі «киргиз-кайсак» деген түркі халқының төл атауынан шыққан деген.

Г.Н.Ахмаров (1864-1911ж.) «О языке и народности мищарей» деген зерттеуінде, Мещер татарлары мен қазақтардың ортақ ұқсастықтарын атап өткен. Мещера – бұл Мәскеу маңайындағы, Москва, Клязма, Ока, Судога өзендері аралығындағы мекен. Мещер татарлары ертеректе «Мещер казактары» деп аталған. (В.Н.Татищев былай деп жазған: «начало сих казаков из двух мест: одни жили в Мещере по городкам, и главный их город был на Дону, называемый Донской, где ныне монастырь Донской».) Г.Н.Ахмаровтың байқауынша, Мещер татарларының әдет-ғұрпында және сөздік қорында Қазан татарларында жоқ, тек қазақтарда кездесетін сөздер көп екен. Мещер татары мен қазақтың ұқсастығын сипаттаған жазбасынан үзінді келтірейік: «/у мещерских татар/ в лексиконе – большом пласте древнекипчакских слов, отсутствующих в языке казанских татар. Это такие слова, как байтал (кобыла), бильбау (пояс), елкы мае (конское сало), казы (конская колбаса), каны (давай), карагат (черная смородина), кузы (ягненок), куй (овца), кура (жердь), куцкар (баран), куцук (собака), карсак (низкорослый), ялцы(наемный работник), и др.»

Енді, «казак-орыстың» шығу тегі жайлы өздеріміз ой толғайық. Біріншіден, Шыңғысхан заманына дейінгі найман мен керей елдерінде мемлекеттік дін – несториандық бағыттағы христиан діні болған. Олар Шыңғысханға бағынышты болғаннан кейін де өздерінің діни наным-сенімдерінде қала берген. Шыңғысхан Орта Азияны жаулау жорығына бүкіл елінен қол жиғанда оның ішінде аталған христиандар да болған. Яғни, христиан найман-керейлер Шыңғысханмен бірге Орта Азияға келгені анық.

Екіншіден, моңғол шапқыншылығына дейін, Қыпшақ елінің солтүстігінде христиан дініндегі аз-маз халық болған.

Аталған екеуі де Жошы ұлысында болған. Жошы ұрпақтары Бату хан мен Ноғай хандар және Сүбедейдей баһадүрлер бастаған, бүкіл моңғол ұлыстарынан жиналған, қол батысқа бағытталған жорықты жалғастырған. Олар Қара теңіз бен Азов теңізі алқабына, Ресей мен Бұлғар, Польша мен Венгрия, Чехия жерлеріне жетіп, аз қолмен темір құрсанған көп жауды жеңген, өз Ордасын кеңейткен. Жеңілген елді танып-біліп барып, одан сәйкесінше алым-салық алу керек қой. Яғни, моңғол қолындағы несториан христиандары (найман-керейлер) мен оларға бодан болған аталған елдердің христиан халқы, әлбетте, сұхбаттасқан. Олардың сұхбаты дін, наным-сенім тақырыбына келгенде қандай нәтиже шығуы мүмкін еді? Діни сенім-түсініктері бір жерден шыққанына қуанып, өзара рухани байланыстарын сезініп, көңілдері қосылған деп болжауға болады.

Кейін, Өзбек ханның тұсында (1312 – 1342 жж.) Ислам діні мемлекеттік дінге айналды, ислам дініне басымдықтар берілді. Жоғарыда аталған «несториан-христиан» дініндегі найман-керейлердің көпшілігі исламды қабылдады. Ал мұсылмандықты қабылдамағандары: тәңіршіл-пұтшылдар мен христиан найман-керейлер, қалмақтар және тағы басқалары «кәпір» атанды. Өзбек ханнан соң «Алтын Орданың» бағы тайып, одан «Қырым хандығы», «Ноғай ордасы», «Сібір хандығы» бөлініп жатты. Осы кезеңде, жоғарыда аталған «кәпірлері» бөлектеніп, қазақшылық құрып өз еркінше жүруге көшкен және көршілері - теріскей мен батыстағы христиан елдерімен одақтаса бастаған.

Дерек бойынша, ХІV-ХV ғасырларда, Ақ, Қара, Азов (Азау) теңіздері бойында, Қобан мен Дон (Тон) өзендері алқабында қазақшылық құрып өз еркінше жүретін тәңіршіл-пұтшыл және христиан дініндегі, түркі тілді (найман, керей, қыпшақ, т.б.) әскери қауымдар көбейген. Олардың көбі Мәскеу кінәздігімен діни байланысқа түскен, діни хаттар(грамоталар) алмасып тұрған, сосын әскери одақтастық келісімдер жасаған. Мәселен, христиан-казактар 1380 жылы Дмитрий Донскойға «икона Донской Божематерий» тапсырып, «Мәскеу елімен» Мамайға қарсы одақ жасасқан. Әйгілі Куликова шайқасында орманға жасырынып тұрып, Мамай әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, күйрете соққы берген 20 мың атты әскер - аталған христиан-казактар болған. Мәскеу елі, ол жорықтан түскен олжалардың басым бөлігін казактарға берген. Куликовадағы шайқастан бастап Мәскеу кінәздігінің барлық әскери жорықтарына, Қырым мен Қазанды жаулау жорығына да казактардың атты әскері қатысқан. Осылайша, біртіндеп орыс еліне қарасты «ерікті әскер» болып казак-орыс атанған, яғни орыстанған. Дегенмен ХVІІІ-ХІХ ғасырларға дейінгі казактар өздерін «орыс емеспіз, казакпыз» деп бөлек ұлт санаған. Орыстың помещиктерінен қашып келген мұжықтарын өздеріне тең санамаған, әскери сапына қоспаған. Ондайларды егін егу, ұсталық жасау сияқты жұмыстарына жалшылыққа салған.

Казактарда түркі тілінен шыққан сөздер әлі күнге сақталған. Мәселен, қазақ – казак, қазақшылық құру – казачество, жасауыл – есаул, қарауыл – караул, атаман – атаман, т.б. Сондай-ақ, түркі тілінен шыққаны айқын көрініп тұратын казак есімдері де көп: Назар, Ермак (Ермек), атаман – Сары Азман, Касымовские казаки, т.с.с. Түркі есімді казак-орыстардың христиан діні ықпалымен, біртіндеп, өз есімдерін Петр, Василий, Сергей деп өзгерткен.

Қорыта айтқанда, Ресей тарихшылары «қазақ» пен «казактың» тегі бір екенін тарихи деректермен дәлелдеп кеткен.

Казак-орыс әскерінің күшіне сүйеніп Ресей империясы құрылған. Енді одан кейінгі жағдайға келейік. Ресей империясы (ХVІІІ-ғ) «Қазақ хандықтарының» бодандығын қабылдаған тұста, «қазақ» пен «казактың» туыстығын атынан-ақ білсе керекті, бірақ, оларды ажырату, яғни бөлектеу үшін, қазақтарды «кайсак», «киргиз-кайсак», «косог» деп әдейі бұрмалап атаған. Ең өкініштісі, бүгінгі тарихшыларымыз сол бұрмаланған атауларға еліктеп, қазақ сөзін қай-сақ, қас-сақ дегендей түбірден іздеп адасуында.

Негізі «қазақ» сөзін орысшаласа «казах» емес, «казак» болады. Кеңес өкіметі кезінде қазақты орыс-казактан «ажырату» үшін «казах» деп атаған. Сол бұрмалаудан әлі құтыла алмай казах аталып жүрміз.»



















Қазақ хандығы дәуіріндегі «қазақ» сөзінің мағынасы.


«ХІV-ХV ғасырларда, Алтын Орда ыдырап, «Ақ орда», «Көк орда», «Қырым хандығы», «Қазан хандығы», «Ноғайлы» дегендей көптеген хандықтар бөлініп шыға бастаған. Осы кезде Орда қалдығы саналатын «Өзбек хандығынан» Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақшылық құруға шығып, Шу маңына келіп, Қозыбасы тауында ту тіккені және өздерін «өзбек-қазақтар» деп атағаны мәлім. Ол кезде сахараны шерулетіп жүрген қазақ батырлары мен қазақ тайпалары көп болған. Орда хандары үшін қазақы тайпалардың көбеюі тиімсіз еді. Өйткені қазақтар салық төлемейтін және жарлықтың бәріне бағына да бермейтін. Сондықтан ол кезде Орда хандары қазақы тайпаларға жиі шабуылдап, жарлықтарына бағындыруға, тіпті салық төлетуге тырысатын. Осылайша, қазақшылық құрушылар санын азайтқысы келетін. Дегенмен, төре тұқымы қазақшылық құрып шықса, оған ешбір қысым жасалмайтын. Сонымен, Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақшылық құруға шыққанда, оларға еш тосқауыл, еш қысым болған жоқ. Олармен бірге қазақшылық құрғысы келетін қазақтар да оңай табыла кетті. Яғни, Өзбек Ордасынан шыққан кездің өзінде олардың саны 20 мыңға шамалас болған көрінеді. 20 мың қазақы әскер кез-келген елді қорқытатын еді. Сондықтан олармен одақтасқысы келіп, Моғолстан ханы Есен-Бұға Шу өзені маңайын жер береді. Шуға ту тіккен соң оларға жан-жақтан түркі тілдес тайпалар ағылып келіп, нәтижесінде саны 100-ден 200 мыңға дейін тартатын қалың әскери қолға айналады. Негізінде теріскейдегі «кәпір казактар» ғана оларға қосылмай өздігінше «қазақшылық» құрушылар болып қалса керек. Керей мен Жәнібек сұлтандар оларды күшпен қосып алуға шешім қабылдайды. Өзбек хандары да аталған кәпірлерге жорық жасауларын қолдайды. Сонымен, Шудағы қалың қазақы қол теріскей - батысқа, кейін Жайық пен Еділге дейін шерулетіп барады. Теріскейдегі башқұрттарды тықсырып, иеліктерін кеңейтеді және казактарды бағындырып қолына қосып алады. Өзбек хандары, бастапқыда, Керей мен Жәнібек қолының «өзбек-қазақтар» деп аталғанына мәз болып, олардың жеңісін өз жеңісіне балаған. Бірақ, аталған жорықтардан Өзбек хандары ешбір пайда көрмейді, салық және тарту-таралғы алмайды. Сондықтан арадағы қатынас суыйды, қақтығыстар басталады. Өзбек пен қазақ соғысы бітіспес ұзын сонар жаугершіліктерге ұласады. Өзбек ханы Мұхаммед Шайбани қалың қол жиып қазақтарға қарсы жорыққа шығады. Оны Қасым ханның жауынгерлері күтіп алып тұзаққа түсіріп, қырғынға ұшыратады. Бұл шайқастан Мұхаммед Шайбанидің өзі жан сауғалап, әзер дегенде аман шығады. Осыдан кейін, Қасым ханның басшылығымен Ұлытауда Алашаханға кесене салынып, әрқайсысы бөлек-бөлек ру-тайпа болып жүрген қазақтар бірігіп, бір ел болуға ант берісіп, мемлекеттік құрылыстың негізін қалайды.»

Қорытынды сөз.


Қорыта айтатыным, «қазақ» сөзінің түп мағынасы еркіндікті, кезбелікті, жауынгерлікті білдіретін ұғым және де бұл атау Қазақ хандығының құрылуына дейін пайда болған. Кем дегенде екі мың жылдай «қазақшылық құру» дегендей түркі халықтарының әскери дәстүрі болған. 1991 жылы осындай ұғымдағы дәстүрді өзімізге қайтарып алып, бақытқа кеңелдік. Ендігі өскелең ұрпақ сол аманаттан айырылмауы үшін, елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын деп, халқымыз өз тарихын естен шығармай, біліп жүрсін деген оймен түйіндемекпін.









































СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АЙЫРТАУ АУДАНЫ

КММ «ЕГІНДІ-АҒАШ ОРТАЛАУ МЕКТЕБІ»










ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚ» - ЖАУЫНГЕРЛІК ҰҒЫМ»











Өткізген: Кожабеков Мирас

тарих пәнінің мұғалімі







2015 жыл

Хабарландыру!

Құрметті ұстаздар! 25.09.2015 ж. 15.00-де Қазақ хандығының - 550 жылдығына арналған «Қазақ» - жауынгерлік ұғым» атты оқушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі.

Қатысуларыңызды сұраймыз.


Автор
Дата добавления 03.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров226
Номер материала ДВ-304198
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх