Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыҚазақ ауыз әдебиетіндегі мифологиялық аттар бейнесі. Мақала.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі мифологиялық аттар бейнесі. Мақала.

Скачать материал

  Халық ауыз әдебиетіндегі көшпелі халық түсінігіндегі мифологиялық аттар бейнесі.

    Даниярова Салтанат Әбілғапарқызы- қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, бірінші санатты, Красный Яр №2 орта мектебі

                                 Аннотация

  Бұл мақалада халық ауыз әдебиетіндегі көшпелі халықтың түсінігіндегі мифологиялық аттар бейнесінің адам өміріндегі орны көрсетіледі. Қазақ халқының нанымдық түсінігі бойынша, ат –ер қанаты есептеліп, тіршілігінде және о дүниеге аттанғанда жан серігі болған.

                                  Annotation

This article shows the important of the meaning of tulpar in everyday life of nomads through oral folk creations. According to the beliefs of the people, winged tulpar accompany the young, brave Kazakh boys throughout their lives, and into the afterlife.

  Мал бағып, жылқы өсірген, өмірінің көп уақыты ат үстінде өткен көшпелі халықтардың мәдениетінде жылқы малының алған орны ерекше.Адамның бұл дүниедегі жан серігі болған аттар оған о дүниеде қызмет ету үшін иесімен бірге жерленетін.Археологиялық қазбаларда табылған материалдар өте ертеден көшпелі халықтарда мініс пен сойысқа арналған табындық жылқылармен бірге жүйріктігімен ерекшеленетін асыл тұқым сәйгүліктерді де өсіргенін көрсетеді. Бұл сәйгүліктерді әулетті адамдар, ру басылары, батырлар ұстаған. Олардың ер- тұрмандары сәнді жасалып, түрлі символдық бейнелермен әсемделеді.Көшпелі халықтар өздерінің жан серігі аттарының ер-тұрмандарын түрлі мифологиялық бейнелермен әшекейлеп қана қоймай, құстай ұшқыр бұл сәйгүліктердің өз суретінде қасиетті бейне ретінде өздері тұтынған түрлі заттарға , тастарға салған.

Көне өнер ескерткіштерінде жиі кездесетін осындай жылқы бейнелер- аттар суреттері. Шығыстан батысқа дейін созылған ұлы даланы мекен еткен, әр заманда өмір сүрген көшпелі халықтардың көне өнерінле қанатты ат бейнесінің біркелкілігі, оның ертеде қалыптасқан, бұл халықтардың бәріне ортақ, олардың өз ортасында пайда болған, тұрақты мифтік бейне екенін дәлелдейді. Жылқы өсірген көшпелі халықтардың көне мифологиясында жылқының мифтік бейнеге айналмауы мүмкін емес еді.

    Қанатты аттар бейнесі- қазақтың ауыз әдебиетінде жиі кездесетін мифтік бейне. Қазақтың мифтік сипаттағы ертегілерінде осындай ұшатын аттар, қанатты тұлпарлар айтылады.

«Керқұла ат құстай ұшып, құйғытып барады, айлық жерді алты- ақ аттайды.»

                                                                      ( «Керқұла атты Кендебай» ертегісі)

Эпостық қаһармандардың да тұлпарлары осындай қанатты аттар:

                                          Қамбар айтты тұлпарға-

                                          «Қанатты туған пырағым,

                                          Аға-іні сен едің,

                                          Тар жерде жолдас шырағым.» («Қамбар батыр»)

Қазақтардың   ескі нанымы бойынша мұндай тұлпарлардың қолтығының астында адамдардың көзіне көрінбейтін қанаты болды- мыс.

     «Ақан сері» романында Құлагердің ақырғы шабысының алдында жиылған жұрт аттың жүйріктігіне тамсанады: «Қанаты бар екен жануардың. Мынау жай мал емес, пырақ екен! Құлагерде бір қабырға артық, міне, қанат деген сол қабырға.»

Немесе:     Айналайын, Шұбарат,

                  Қолтығыңда бар қанат. («Алпамыс батыр»)

  Сондықтан тұлпар құлын туард ақазақтар нәзік қанаты сөгіліп, жыртылып кетпес үшін , құлынды енесінің ішінен жарып алу керек деп санаған.

Халық ауыз әдебиетінде, яғни жырларда, ертегілерінде тұлпардың осылай туатыны айтылады. Кейін қанаты қатайып, бабына келген тұлпар биік аспанға ұшатын ,

 құстан ұшқыр , жүйрік болып шығады.

«Қобыланды батыр эпосында» қанатты тұлпар Тайбурылды осылай енесінің ішінен жарып алады.Тұлпарлардың  , құстардың қанатындай қанаты бролуы- көне мифологиялық түсінік бойынша оның жоғары дүние өкілі екнін көрсетеді. Кейбір ертегілерде қанатты тұлпардың перілермен байланысты болуы да осыған дәлел.Көне мифологиялық түсініктер бойынша алтын түс аспан әлемімен , күнмен байланысты екенін ескертеді.Сондық тан, сақ-скиф ескерткіштерінде алтынмен  жасалған аттар кездеседі.

   Басқа дүние өкілі ретінде қанатты тұлпарлар түрлі қасиеттрге ие , адамша сөйлей алады, құйрығының немесе жалының бір талын тұтатса, көзді ашып- жұмғанша, үстіндегі сауыт- сайманымен бөктерілген күйінде адамның алдында пайда болады.

Мысалы, «Керқұла атты Кендебайда» :

 ...Бір жерге келгенде Керқұла атқа тіл бітеді: «Әзірге саған менің де , құралдың да керегі жоқ.Егер керек бола қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат, сонда мен дайын боламын.»

   Мифтік тұлпарлар басқа дүниеге (ғылыми тілмен –біздің дүниемізге параллель дүниеге) өтіп кете алатындақтан, лезде көзге көрінбей жоқ болады.

  Мифтік ертегілерде  батырлар осы қанатты тұлпарларды мініп, жеті қабат аспанға көтеріліп, жеті қабат жер астына түседі.

   Яғни, адамдар бұл аттарымен космостық әлемнің әр дүниесіне еркін , әп сәтте ауысы алады.

  Қанатты тұлпарлардың көріпкелдік қасиеті бар, қауіп- қатерді , жамандықты алдын ала болжайды. Жоғарғы дүние  өкілі ретінде қанатты тұлпарлар адамға жақсылық жасайды, батырларға ақылшы, көмекші болады, оларды түрлі өнерге үйретіп, түрлі қауіптен құтқарады.(«Ер Төстік» ертегісі)

     Қазақтар болашақ батыр туғанда , оның тұлпары бірге туады деп санаған, яғни мифтік қаһарманға оның қанатты  тұлпары аспан әлемінен келген о дүниеге батырмен бірге қайтуы тиіс.

  Қазақтардың да батыр немесе ат иесі өлгенде, мініп жүрген атын тұлдап, кейін асына союы да осы ежелгі түсініктің қалдығы.

  «Абай жолы» романында Бөжей қайтыс болғанда , аттары тұлданғанын үзіндіден қарауға болады:

-Жануар-ай, иең кетіп, тұл қалдың ғой, сен бейбақ!- деп , жақындап келді де күрең аттың кекілін шорт кесті.Содан құйрығынан алып , уыстап тұрып, дәл тірсегінен жоғары келтіре , қалың құйрығын да борт- борт кесіп алды.Қара көк атқа соны істеп, тұлдаған екі атты барлық осы өңірдің өзге жылқысынан бөлек түске кіргізіп, қоя берді.Қара тіккен жерде ас берудің серті айтылды. Мынау тұлданған екі ат келесі жылға дейін мінілмейді.Қол тимей семіріп барып, жыл асқан соң иесінің асына сойылады.

   Қанатты аттардың аспан әлемімен байланысы қазақтардың космонологиялық мифтерінде де көрініс тапқан.Аспандағы жұлдыздар бейнесіндегі Темірқазыққа екі қанатты Ақ боз ат, Көк боз ат байлаулы тұрады-мыс; оларды Жеті Қарақшы ұрлап алу үшін сол Темірқазықты айналып жүреді екен. Сонымен, қанатты аттар көшпелі халықтың көне мифологиясындағы 3 мың жылдай бұрын пайда болған, аспан дүниесін мекен ететін ,адамға, мифтік қаһарманға көмекші рух түрінде түсіріледі деп саналатын көне мифтік бейне.

    Қанатты ат суреті киелі мифтік бейне ретінде көне замандарда заттың бетіне, киім әшекейлеріне салынған. Оның тұрақты сыртқы сипаты, ішкі мәні сол көне заманда қалыптасқан дәстүрлі дүниетанымда, мифтік сипаттағы ертегілерде , қаһармандық эпосында көмекші рухтары-қанатты аттар бейнесі ХХ ғасырда дейін сақталып келеді.

 

Қолданылған әдебиет:

1.Ж.Аупбаев «Ер қанаты»,  «Қайнар»,1987

2.Қ.Ахметжан «Бейнелеу өнері мен фольклорлық деректер бойынша», «Егемен Қазақстан», 2004 жыл 28 шілде

3.М.Әуезов «Абай жолы», «Шытырманда» бөлімі

4.С.Жүнісов «Ақан сері» романы

                                                    

    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ ауыз әдебиетіндегі мифологиялық аттар бейнесі. Мақала."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Мал бағып, жылқы өсірген, өмірінің көп уақыты ат үстінде өткен көшпелі халықтардың мәдениетінде жылқы малының алған орны ерекше.Адамның бұл дүниедегі жан серігі болған аттар оған о дүниеде қызмет ету үшін иесімен бірге жерленетін.Археологиялық қазбаларда табылған материалдар өте ертеден көшпелі халықтарда мініс пен сойысқа арналған табындық жылқылармен бірге жүйріктігімен ерекшеленетін асыл тұқым сәйгүліктерді де өсіргенін көрсетеді. Бұл сәйгүліктерді әулетті адамдар, ру басылары, батырлар ұстаған. Олардың ер- тұрмандары сәнді жасалып, түрлі символдық бейнелермен әсемделеді.Көшпелі халықтар өздерінің жан серігі аттарының ер-тұрмандарын түрлі мифологиялық бейнелермен әшекейлеп қана қоймай, құстай ұшқыр бұл сәйгүліктердің өз суретінде қасиетті бейне ретінде өздері тұтынған түрлі заттарға , тастарға салған.     Қазақтар болашақ батыр туғанда , оның тұлпары бірге туады деп санаған, яғни мифтік қаһарманға оның қанатты  тұлпары аспан әлемінен келген о дүниеге батырмен бірге қайтуы тиіс.

  Қазақтардың да батыр немесе ат иесі өлгенде, мініп жүрген атын тұлдап, кейін асына союы да осы ежелгі түсініктің қалдығы.

  «Абай жолы» романында Бөжей қайтыс болғанда , аттары тұлданғанын үзіндіден қарауға болады:

-Жануар-ай, иең кетіп, тұл қалдың ғой, сен бейбақ!- деп , жақындап келді де күрең аттың кекілін шорт кесті.Содан құйрығынан алып , уыстап тұрып, дәл тірсегінен жоғары келтіре , қалың құйрығын да борт- борт кесіп алды.Қара көк атқа соны істеп, тұлдаған екі атты барлық осы өңірдің өзге жылқысынан бөлек түске кіргізіп, қоя берді.Қара тіккен жерде ас берудің серті айтылды. Мынау тұлданған екі ат келесі жылға дейін мінілмейді.Қол тимей семіріп барып, жыл асқан соң иесінің асына сойылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 668 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2015 2580
    • DOCX 36.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даниярова Салтанат Абулгапаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36973
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 054 человека

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель английского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1545 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 469 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек