Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Қазақ әдебиеты сабағы 7 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақ әдебиеты сабағы 7 сынып

библиотека
материалов

5 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер.Ә.Тәжібаев. «Толағай» ертегісі

Білімділік: Ертегінің әдеби ертегіден айырмасын түсіндіру, Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, «Толағай» ертегісін оқып, басты кейіпкерлерді білу, ертегінің мазмұнын айта білу.

Тәрбиелік: Ертегінің мазмұны арқылы ерлікке, адамгершілікке, достыққа, Отанын сүюге, елін қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ертегінің мазмұнын әңгімелеу, сурет, мақал – мәтелдер арқылы ауыз екі сөйлеу, тілдерін дамыту дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, кәртішкелер, Ә.Тәжібаевтың портреті.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, аударма, әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, жаттығу орындау, көрнекілік, салыстыру.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,сыныпты түгендеу.

ІІ.Өткенді қайталау: «Кім жылдам ?» ойыны арқылы тексеру:

  1. Ертегі дегеніміз не ?

  2. Ертегінің қандай түрлері бар ?

  3. «Алтын сақа» ертегісі қандай ертегіге жатады ?

  4. Бала ауылға не үшін оралды ?

  5. Жалмауыз кемпір қайда отырды ?

  6. Бала сақаны қалай алды ?

  7. Жалмауыз кемпір баланы қалай қуды ?

  8. Тұлпар аттың қандай қасиеттері болды ?

  9. Нелер жалмауыз кемпірді алдады ?

  10. Баланы нелер құтқарды ?

ІІІ.Өткенді бекіту:

1 . 13 беттегі сурет бойынша ертегі мәтінінен бейнеленген көріністерді оқу.

2. Өткен сабақтағы кестені қолданып, «Алтын сақа» ертегісінің жағымды, жағымсыз кейіпкерлеріне сипаттама беру(кесте).

3. «Алтын сақа» ертегісі қалай басталып,қалай аяқталады (мәтінді қолданып жауап береді)

IV. Жаңа сабаққа дайындық :

  1. А.С.Пушкиннің «Балықшы мен алтын балық» туралы ертегісін оқыдың ба ?

  2. Жазушылар ертегі жаза ма ?

V. Жаңа сабақ. 1. Жаңа сөздер 15-21 беттер.

2. Әдеби ертегілер туралы мәлімет беру,әдеби ертегілердің кәдімгі ертегілерден айырмашылығын түсіндіру.

3. Ә.Тәжібаевтың өмірдеректерімен , шығармаларымен таныстыру, берілген кестені толтыру.






Жазушы туралы мәлімет

Еңбектері

Еңбектерінің тақырыбы:

Ә.Тәжібаев 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.6 жасында әкесінен жетім қалып, анасы - Айманкүл мен нағашы атасының бауырында өседі. Ол – жазушы, ақын, ғалым, драмматург. 1995 жылы қайтыс болған.

«Толағай», Пушкиннің, Г.Гейненің, Г.Шевченконың жырларын қазақ тіліне аударған.

Ерлік, Отан сүйгіштік, батылдық, туған жерін қорғау.


4. «Толағай» ертегісін оқып, аудару, талдау.

А) ертегінің түрі, авторы : әдеби ертегі, Ә.Тәжібаев.

Б) Ертегінің негізгі идеясы: Толағайдың ерлігі арқылы батылдыққа, ерлікке баулу, еліне, жеріне жаңбыр жауғызып, тауды көтеріп, құрғақшылықтан сақтап қалуы.

В) Ертегінің негізгі кейіпкерлері : Толағай, Толағайдың әкесі - Саржан, Тау, жұрт.

VІ. Жаңа сабақты бекіту

    1. Топтау стратегиясы - Толағайға сипаттама беру

hello_html_m125d21c.gif











2) Ә.Тәжібаев Толағайды неге «Отаны үшін өлді бала» деген ? ( өз ойыңды түсіндір)

3) Сен Толағайдай батыр болу үшін не істеуің керек ?

4) Сен өмірде ерлік көрсетіп ата – анаңды қуантуға тырысасың ба ?

VII.Қорытындылап, бекіту. Толағайдай батыр,ер болып,сабақты жақсы оқиық.

VIII. Үйге тапсырма: 15- 21 беттегі мәтіндерді,ерлік туралы аңызды оқып,аудару. Ә.Тәжібаев туралы қосымша материалдар, Толағай ертегісінен үзінді жаттау (19 бет, 2,3 шұмақ).III-тапсырманы жазбаша орындау.


6- сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Мақал – мәтелдер –халық даналығы».

Білімділік: Мақал – мәтелдер туралы мәліметтер беру, мақал – мәтедердің тақырыптарын түсіндіру, айту.

Тәрбиелік: Мақал-мәтелдің мазмұны арқылы ерлікке, адамгершілікке, достыққа, Отанын сүюге, елін қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мақал – мәтелдер жаттау арқылы ауыз екі сөйлеу, тіл байлықтарын дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, кәртішкелер.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, аударма, әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, жаттығу орындау, көрнекілік, салыстыру.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,тілдік ортаға бейімдеу.

ІІ.Өткенді қайталау:Сұрақ - жауап:

  1. Әдеби ертегі дегеніміз не?

  2. Әдеби ертегінің кәдімгі ертегіден ерекшелігі неде?

  3. Әдеби ертегілердің қандай авторларын білесің ?

  4. Ә.Тәжібаев кім, қай жерде дүниеге келген ?

  5. Ол кімдердің шығармаларын аударған ?

  6. «Толағай» ертегісі қандай ертегіге жатады ?

  7. «Толағай» ертегісінің негізгі кейіпкерлері кімдер ?

  8. Толағай қандай ерлік жасайды ?

ІІІ.Өткенді бекіту:

1 . кесте бойынша әдеби және кәдімгі ертегілердің ерекшелігін түсіндіру.

Әдеби ертегілер

Халық ертегілері

  1. Ертегілердің белгілі авторы болады.

  2. Белгілі автор өзі жазып, өңдейді.


3) Тақырыптары әр түрлі.

Авторлары - халық.


Ауыздан ауызға ауызша таралып, бір баспа жазып шығарады.


Тақырыптары әр түрлі.

.

2. Жоспар бойынша «Толағай» ертегісін сипаттау.

IV. Жаңа сабаққа дайындық :

  1. Халық ауыз - әдебиетінің қандай түрлерін білеміз ?

  2. «Кітап - білім бұлағы, білім өмір шырағы» бұл не ?

V. Жаңа сабақ. 1. Жаңа сөздер 22-24 беттер оқулық, 30-41 бет хрестоматия.

2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік беру.

3. Әр түрлі тақырыптағы мақал – мәтелдерді оқып, аудару, мазмұнын түсіну.

4. Кестені толтыру.

Ауыз әдебиетінің түрі

Мақалдың тақырыптары

Мысалдар

Мақал – мәтелдердің маңызы.

Мақал – мәтелдер – фольклордың жанрлық түрі, ауызша тараған. Көлемі шағын, мағынасы терең .

Отан

Білім

Еңбек

Туған жер

Достық

Тіл

Отан – оттан да ыстық.

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Еңбек ер атандырады.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

Өнер алды - қызыл тіл.

Шешен, дұрыс, мәдениетті сөйлеуге, аз сөзбен көп мағынаны жеткізеді.


VІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. «Иә, жоқ» ойыны арқылы білімдерін бекіту.

  1. Мақал – мәтелдер фольклордың жанрлық түрі ме ? Иә

  2. Мақал – мәтел жазбаша тараған ба ? Жоқ

  3. Мақал – мәтелді келесі ұрпаққа жазушылар жеткізген бе ? Жоқ

  4. Мақал – мәтелдердің көлемі үлкен, мағынасы түсініксіз бола ма? Жоқ

  5. Сөздің көркі - мақал ма? Иә

  6. Мақал – мәтелді аяқта. Ашу - ... (дұшпан), ақыл - ... (дос). Дұрыс па? Иә

  1. Топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс: Мақал – мәтелдердің маңызы, неге шақыратынын білу.

hello_html_m73c5b8f5.gif

VII.Қорытындылап, бекіту. Мақал – мәтелдер – халық даналығы.

VIII. Үйге: 22- 24 беттердегі мақал-мәтелдерді оқып,аудару.мағынасын түсіну, әр тақырыпқа 2 мақал – мәтелдер жаттау, оқулықта жоқ 5 мақал – мәтел жазу, мағынасын түсіндіру.





Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер.Ә.Тәжібаев. «Толағай» ертегісі

Білімділік: Ертегінің әдеби ертегіден айырмасын түсіндіру, Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, «Толағай» ертегісін оқып, басты кейіпкерлерді білу, ертегінің  мазмұнын айта білу.

Тәрбиелік: Ертегінің мазмұны арқылы ерлікке, адамгершілікке, достыққа, Отанын сүюге, елін қорғауға  тәрбиелеу. 

Дамытушылық: Ертегінің мазмұнын  әңгімелеу,  сурет, мақал – мәтелдер арқылы ауыз екі сөйлеу, тілдерін дамыту дағдыларын  қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, кәртішкелер, Ә.Тәжібаевтың портреті.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, аударма, әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, жаттығу орындау, көрнекілік, салыстыру.

 

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.  Сәлемдесу,сыныпты түгендеу.  

Автор
Дата добавления 27.01.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров377
Номер материала 342631
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх