- 31.01.2015
- 9252
- 10
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
№6 сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері».
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген обьективті көзқарасын қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлерін ортаға сала отырып, сыни тұрғысынан көзқарастарын одан әрі дамыту.
б) тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу арқылы, жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО жобасымен.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның саяси картасы,мультимедиялық тақта, суреттерт.б.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
II. Мағына тану.
III. Толғаныс.
Сабақтың жоспары:
1.Отбасыға байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.
2. Ұлттық ойындар.
3. Шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.
4.Діни наным-сенімдер.
I.Қызығушылықты ояту.
а) Жуан-жіңішке сұрақтар:
Оқушыларды екі топқа бөліп топтың атын қойып, топ басшысын тағайындау.Топ басшылары үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереді:
1-ші топ «Шаңырақ»
2-ші топ « Мұрагер»
«Шаңырақ» топ басшысының 2-ші топқа сұрақтары:
1.Таң патшалығының көрнекті ақыны Бэй Жуші өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қай тайпаның қыздарының билерін суреттейді? (Қаңлы).
2. Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай деген сөзді айтқан кім?
(Г.Н.Потанин).
3. «Қазақ халқының 100 әні» кітабының авторы кім? (А.В.Затаевич).
4. Елге жау шапқанда хабар беретін музыкалық аспап? (Керней).
2-ші «Мұрагер» топ басшысының «Шаңырақ» тобына сұрақтары:
1. Бақсы-балгер зікір салғанда пайдаланылатын аспап? (Асатаяқ).
2. Қазақ ұлтың әлемге танытқан аспап (Домбыра).
3. Балшықтан, қамыстан,мүйізден жасалатын аспап?(Сазсырнай)
4. Соқпалы музыкалық аспаптар?(Даңғыра, дабыл,шыңдауыл,астаяқ)
1-ші топ басшысына сұрақ:
Ұлттық аспаптар неше түрге бөлінеді? (үрмелі,ұрмалы,ішекті).
Үрмелі аспаптарды ассоциала.
2-ші топ басшысына сұрақ:
Қазақ өнерінің түрлерін ата?
(Қолданблы өнер,сурет,би,ән-жыр,айтыс,терме т.б).
Ішекті аспаптарды ассоциала.
Оқушылар сендердің өткен тапсырманы жақсы меңгергендерін өз жауаптарынан белгілі болды. Енді мультимедиалық экранға көңіл аударыңдар. Тақтадан қандай суреттер көріп тұрсыздар? Суретке қарап жаңа сабақтың тақырыбын қалай қоясыздар? (оқушылардың жауабы).
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері».
Қазақ ұлты сонау ғасырлар тереңінен ру-тайпалық дәрежеден бастап
XIV-XV ғасырлар тұтас халықтық дәрежеге жеткенше салт-дәстүріміз
этникалық үдерістерге байланысты өзгерістерге ұшырап отырды.
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей бізге жеткен тәрбиелік мәні
зор бүгінгі ұлттық салт-дәстүрлер халқымыздың ең қымбат қазынасы.
Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамының негізгі арқауы болған қаңлы,үйсін, керей,найман т.б ру-тайпаларының рухани мәдениеті дамып,
жалғасын тауып бізге жетіп отыр.
II.Мағына тану.
а) Мәтінмен танысуға 5минут уақыт беріледі.
ә) Кластер 5 минут уақыт беріледі(ватман,маркермен жұмыс)
1.«Шаңырақ» тобына «Отбасына байланысты әдет-ғұрып»
2. «Мұрагер» тобына «Ұлттық ойындар»(мәтіндерімен жұмыс жасайды)
6 663 264 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Амангалиева Агжан Хамитқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72/108/144 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.