Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар" (7-сынып)

"Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар" (7-сынып)

Скачать материал

 

 

KATEV                  Халықаралық қоғамдық қоры

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

Орал ҚТЛ

Құжаттың коды:K-KTL-FR-031-KZ

Рев. № / Күні:24.09.2014

Басылым күні: 01.09.2006

Бет №:1/4

 

Сыныбы:

7 «а,в,с»

Пәні:

Қазақ тілі

Сағат саны:

1

Тақырыбы:

Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар

Мақсаты:

а) білімділік:

 

 

ә) дамытушылық:

 

б) тәрбиелік:

 

 

Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік бере отырып, жасалу ерекшелігін, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлтық аспап туралы білімдерін жетілдіру;

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;

Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:

 

Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру,кубизм

Пәнаралақ байланыс:

 

Қазақ тілі, ән-күй

Көрнекілігі:

Слайд, топшама, домбыра

Ұйымдастыру бөлімі:

-         Оқушыларды түгендеймін;

-         Сабаққа дайындығын тексеремін.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардан 116-беттегі 3-тапсырманы тексеремін, тақырып негізінде қосымша сұрақтар қоямын.

Өткен тақырыпты бекіту:

Өткен тақырыпты сөзжұмбақ арқылы бекітіп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Сұрақ-жауап.

1.     Қазақ халқының ұлттық аспаптарына қандай аспаптар жатады?

2.     Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшыларынан кімдерді білесіздер?

3.     Күй дегеніміз не?

4.     Қандай күйлерді білесіздер?

     Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады. Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.

 

Аспаптар

Анықтамасы

Описание: http://ts4.mm.bing.net/th?id=H.5051131826536507&w=146&h=146&c=7&rs=1&pid=1.7

 

Саз сырнай – саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптың бірі.

Описание: http://images.kz.prom.st/1362544_w640_h640_dombra.jpg

 

Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында маңызды, өзіндік сипаты бар аспап.

Описание: http://ts2.mm.bing.net/th?id=H.4548315760561025&w=232&h=136&c=7&rs=1&pid=1.7

 

Шертер – ежелгі ішекті аспап. Шертердің көлемі домбырадан кіші, бірақ пішіні қобызға ұқсайды.

Описание: http://ts3.mm.bing.net/th?id=H.5013722663880786&w=102&h=151&c=7&rs=1&pid=1.7

 

Қобыз – екі ішекті, қырыққа тарта аттың қылы керілген ысқышы бар аспап.

Описание: http://ts3.mm.bing.net/th?id=H.5025409246496350&w=221&h=155&c=7&rs=1&pid=1.7

 

Даңғара – үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған.

Описание: http://ts3.mm.bing.net/th?id=H.4939771952038218&w=220&h=130&c=7&rs=1&pid=1.7

 

Асатаяқ – абыздар мен бақсылардың қолданған аспаптарының бірі болған.

       Музыкалық аспаптардың үлгілерін Қ.Қасымов, А.Ермеков, О.Бейсенбаев секілді шеберлер жасап шығарды. Бұл аспаптар қазіргі күнде Мәскеу, Алматы, Семей қалаларының мұражайларында сақтаулы тұр.

Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшылары:

Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы, Кенен Әзірбаев, «Ұлытау» тобы, Асылбек Енсепов, Ақерке Тәжібаева т.б.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындатамын.

Тапсырма №1 (125-бет, ауызша)

Мәтінді оқып, мазмұнын айту, мәтінеге байланысты сұрақтарға жауап беру.

       Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады.

       Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.

Сұрақтар:

1.     Қалықтың музыкалық аспаптары қандай болады.

2.     Ертеде аспаптарды неден жасаған?

3.     Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?

4.     Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім ұсынды?

Тапсырма №2

Мәтін ішіндегі берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

 

Қобызшылар тобы

Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпаақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.

Қазақтың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім

музыкалық – дара, туынды, қатыстық сын есім

аспаптары – дара, негізгі, жалпы,  -тар – көптік жалғау, -ы – т.ж.ІІІ жағы

ғасырлар – дара, негізгі, жалпы, -лар – көптік жалғаулы зат есім

бойы – дара, негізгі, жалпы, -ы – т.ж.ІІІ жағы, зат есім

ұрпақтан – дара, негізгі, жалпы, шығыс септік тұлғалы зат есім

ұрпаққа – дара, негізгі, жалпы, барыс септік тұлғалы зат есім

ауысып – болымды, салт, -ып – көсемше тұлғалы етістік

келе – болымды, салт, -е – көсемше тұлғалы етістік

жатқан – болымды, салт, -қан – есімше тұлғалы етістік

мәдени - дара, негізгі, сапалық сын есім

мұра – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

 

Күйшілер тобы

Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.

Қазақтың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім

халық –  дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

аспаптар – дара, негізгі, жалпы,  -тар – көптік жалғаулы зат есім

оркестріне – дара, негізгі, жалпы, -і – т.ж.ІІІ жағы, -не – барыс септігі

домбыра – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

мен – жалғаулық шылау

қобыздың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім

алғашқы – мезгіл үстеу

үлгілерін – дара, негізгі, жалпы, -лар – көптік жалғау, -ін – табыс септігі

ұсынған – болымды, салт, -ған – есімше тұлғалы етістік

профессор – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

А.Жұбанов – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

болды – болымды, -ды – жедел өткен шақ

 

Сергіту сәті. Оқушыларға Құрманғазының «Адай» күйін тыңдатамын.

Тапсырма №3

Берілген сызбаны дұрыс орналастырыңыз.

 

Жетіген - ...                             өте нәзік, құлаққа жағымды.

 

Аспап ағаштан                       қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан, жеті

                                                ішекті шертпелі музыкалы аспабы.

 

 


Аспаптың үні                         көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен

                                                насихатталып келеді.

 

Жетіген аспабы                      құрастырылып жасалады. 

 

Тапсырма №4

Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңыз.

Дина Нұрпейісова (1861 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді) –

    домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.

♫ 8-9 жасында домбыраны тартуды үйренген.

♫ 1870 жылы Құрманғазымен кездескен.

♫ Динаның күйлері – «Байжұма», «Бұлбұл» т.б.

♫ 1937 жылы Халық өнерпаздарының байқауында 1-жүлдеге ие болған.

♫ Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

♫ 31.01.1955 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті.

 


Жаңа сабақты бекіту:

Жаңа сабақты кубизм әдісі арқылы бекітемін.

1.     Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз.

(домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т.б. )

2.     Қазақтың әйгілі күйшілері мен қобызшыларын атаңыз. (Қорқыт, Құрманғазы, Дина, Махамбет, Кенен)

3.     Домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор. (Ахмет Жұбанов)

4.     Домбыра қандай аспап? (екі ішекті аспап)

5.     Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді: үрмелі, ішекті, ұрмалы)

6.     Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? (домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз).

 

Үйге тапсырма:

Деңгейлік тапсырма

ІІІ деңгей

Сызба бойынша «Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбына сөйлем құраңыздар.

ІІ деңгей

Тірек сызбалар негізінде әңгіме құрыңыздар.

І деңгей

1.     Ұнататын музыкалық аспаптарын жөнінде әңгімелеңдер.

2.     Лицейдегі өнер мектебі (мәтін құру).

Бағалау:

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар" (7-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

7-сыныпқа "Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар" атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік бере отырып, жасалу ерекшелігін, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлтық аспап туралы білімдерін жетілдіру, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту, қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру. Сабақ өткізу барысында сыни тұрғысынан ойлау, түсіндіру, кубизм әдістері тиімді қолданылды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2015 6632
    • DOCX 1.4 мбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайыргалиева Жулдыз Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23418
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе