Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыттары.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыттары.

библиотека
материалов

Қазақстан тарихы 10-сынып

37-сабақ 28.01.14ж.

Сабақ тақырыбы: § 20. Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыттары.

Сабақтың мақсаты:

- Қазақ хандығының жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, білімдерін тереңдету;

- Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

- Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:

  • карта

  • Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары.

  • 2. Қазақ хандығының құрылуы.

  • 3. Саяси тарихы.

  • III. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қасым хан саясаты.

  2. Хакназар хан саясаты.

  3. Шыгай мен Тәуекел хандар саясаты.

  4. Есім хан саясаты.

  5. Жәнгір ханы саясаты.

  6. Тәуке хан саясаты.

  1. Қасым хан (1511-1518 жылдар)- Әз Жәнібектің ұлы. Қазақ хандығы ең жоғары қуаттылығына XVI ғ. бірінші ширегінде, Қасым хан тұсында жетті.

Аумағы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі, Шу, Талас, Қаратал,мІле өзендері. Астанасы: Сығанақ, кейін-Түркістан болды. Өмірінің соңғы жылдары Сарайшықта отырып, билік жүргізді.

Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу.

Соғыс жорықтары:

1503, 1505, 1506 жылдары- Шайбани хан қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады.

1509 жыл- Қараталға шабуылдап, тонады. 1510 жыл- Мұхаммед Шайбани (Әбілхайыр ханнның немересі) Сығанаққа шабуыл жасап, жеңіліп Самарқанға қашты. 1510 жыл аяғы- М.Шайбани Мерв түбіндегі Хорасанда Иран шахымен болған шайқаста қаза тапты.

1513 жыл- Қасым хан Сайрамды алды. 1513 жыл- Бабырдың ізбасары Қаттабекпен одақ жасасып, Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға соғыс ашты.

1513 жыл- Моғолстан ханы Сұлтан Саидпен одақтас болып, Ташкентке бірігіп жорық жасауға келісті. 1514 жыл- Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығайды.

- Қазақ хандығындағы халық саны 1 млн-ға жетті.

- Алғаш рет орыс мемлекетімен, ІІІ Иван тұсында дипломатиялық қатынас орнатты.

Қасым хан әдеп-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы-«Қасым ханның қасқа жолын» шығарды. Заң бес бөлімнен тұрады:

  1. Мал-мүлік және жерге байланысты қатынастар;

  2. Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар;

  3. Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар;

  4. Елшілік қатынастарды реттеу;

  5. Халықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі (ас беру, той думандарды өткізу т.б.).

1518 жыл- Қасым хан Сарайшық қаласында қайтыс болды.

XVI ғ. 20-жылдары Қасым ханнан кейінгі Жошы ұрпағының өзара тартысы Қазақ хандығын әлсіретті. Қасым ханның мұрагері Мамаш (Қамаш) өзара тартыс барысында қаза тауып, хан тағын Қасымның немере інісі Тахир (Тақыр) (1523-1532 жж) иеленді. Бұйдаш хан (1532-1537жж.)- Тахирдің інісі.

  1. Хақназар (Ақназар) (1538-1580 жж.)- Қасым ханның баласы.

Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру.

Ау мағы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.

1550-1560 жж.-Моғол ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді алу мақсатымен шабуылдады.

Деректерде Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды.

1570 жылдың аяғы – Жетісудың батысы, Шу, Талас өңірі оның билігінде болды.

Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. Орыс елшілері:

1569 ж.- Семен Мальцев;

1573 жыл- Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер қалдырды (IV Иван тұсында).

Қазақ хандығы мен Ресей арасында қарым қатынастың орнау себептері:

- Каспий маңайына Строгановтар әулетінің келіп орнау себептері;

- Иван Грозный Строгановтарға қазақтармен баж салығынсыз сауда жасауды бұйырған.

ІІ Абдаллах пен Хақназар арасында бейбіт қатынаста болу туралы шарт жасалды. Бұл қатынас нәтижесі:

- Соғыс қақтығыстары уақытша тоқтатылды.

- Орта Азия халқымен сауда қатынасы жақсарды.

- Хан өкіметі нығайды.

1579 жыл- өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды.

- Абдаллах хан Түркістан өңіріндегі қалаларды Қазақ хандығына берді.

- Баба сұлтан Йассы, Сауранды Хақназарға сыйлады.

1579 жылдың ІІ жартысы- қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екенін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның балалары мен Хақназардың екі баласын өлтірді.

1580 жыл- Баба сұлтанның тыңшысы Хақназарды және туыстарын түгел өлтірді.

Хақназар хан саясатының маңызы:

  1. Хандықтың аумағының кеңеюі.

  2. Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы.

  3. Хан билігінің күшеюі.

  4. Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.

Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.

  1. Шығай (1580-1582 жж.) мен Тәуекел (1582-1598 жж.)

XVI ғ. соңында хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, 80 жастағы Шығай отырды.

1582 жылғы маусым- Тәуекелдің Йассы маңында Баба сұлтанмен соғысы.

Баба сұлтанды өлтіріп, сұлтанның балаларын, әмірлерін тұтқындады. Өзбек ханы Тәуекелге Самарқан аймағындағы Африкент уәлаятын сыйға тартады.

Шығай қайтыс болған соң хан тағына баласы Тәуекел отырды.

1583 жыл- Тәуекел хан Өзбек ханымен жасасқан шартты бұзды.

1586 жыл- Тәуекел Түркістанды, Сауранды, Отырарды, Сайрамды басып алып, Ташкентке қауіп төндірді.

1588 жыл- Абдаллах ханға қарсы халық көтерілісі болды.

1597-1598 жж.- Тәуекел хан Ташкент түбінде Абдаллах ханның әскерін жеңді.

1598 ж- Орта Азияға жаңа жорық басталды. Тәуекел хан Ақши, Исқандер, Мүнши, Ташкент, Самарқанды жаулады. Самарқанда 20 мың әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырды. Өзі 70-80 мың әскермен Бұхараны 20 күн қоршады. Бұхар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

Ресеймен қатынасы.

1594 жыл- Тәуекел хан Мәскеуге, Федор патшаға Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді. Мақсаты:

- Өзбек ханымен күресу үшін әскери одақ құру.

- 1580 ж. Сібір ханы Көшіммен соғыста қолға түскен Ораз-Мұхаммедті (Тәуекелдің жиені) орыс тұтқынынан босату.

- Өзін қамқорлыққа алуды өтінді.

1595 жыл- Мәскеуден Тәуекел ханға тілмәш Вельямин Степанов елшілігі жіберілді.

XVI ғ. соңы (1598 ж.)- Көшім хан билеген Сібір хандығы жойылды.

Тәуекел өзін қазақ пен қалмақтың ханы деп санаған.

  1. Есім хан саясаты (1598-1628 жж.)- Шығайдың баласы.

Саясатының ерекшелігі:

- Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.

- Осы кезден бастап Ташкент 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды.

- Сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.

- «Есім ханның ескі жолы» атты әдет ғұрып ережелері жинағын шығарды.

Заңда:

- Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті.

- Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.

- Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.

XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:

Ташкентте- Келді Мұхаммед сұлтан;

Әндіжанда- Абылай сұлтан;

Тұрфанда- Әбд ар Рахым хан;

Жаркентте- Абақ хан билік жүргізді.

Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады:

Есім хандығы, астанасы- Түркістан; Тұрсын Мұхаммед хандығы(1613/1614-1627 жж.), ордасы- Ташкент.

1603-1624 жылдар- қазақ-бұхар соғысы.

1603 жыл- Айғыржар (Самарқан маңы) жеріндегі шайқаста қазақтар жеңді.

1611 жыл- Ташкент түбіндегі шайқаста Бұхар ханы жеңіліп, келісімге келді.

1613 жыл- Есім хан Самарқанға басып кіріп, Бұхар хандығының әскерін жеңді.

1620-1621 жылдар- төртінші, бесінші, алтыншы соғыста Тұрсын хан бастаған қазақтар толық жеңіске жетті.

1627 жыл- ең соңғы жетінші шайқаста Есім хан әскері жеңді.

1627 жыл- Тұрсын ханның бүлігі «Қатаған қырғыны» деп аталды. Есім хан Тұрсынды жазалады.

1628 жыл- Есім хан қайтыс болды. Ахмед Йассауи кесенесіне жерленді.

  1. Жәңгір хан саясаты (1628-1652 жж).

Жәңгір (Есімнің ұлы) («Салқам Жәңгір», «Айбатты») сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңді хан тағына отырды.

1643 жыл- Орбұдақ шайқасы (Жаркент маңындағы Қосқолаң тауы).

Жәңгір хан Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара, Жаркент хандықтармен, қырғыздармен одақтасты.

1652 жыл- Ресейден зеңбіректер сатып алып, қаруланған жоңғарлар Қазақ жеріне қайта шабуылдады. Қазақ әскерін ойсырата жеңді. Жәңгір хан қанды майданда қайтыс болды.

  1. Тәуке хан саясаты (1680-1715 жж).

Тәуке (Жәңгірдің ұлы) билігінің ерекшелігі:

- Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды.

- Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.

- «Жеті Жарғы» заңын жасады.

- Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.

Тәуке хан ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ұлы жүзде- Төле би, Орта жүзде- Қазыбек би, Кіші жүзде- Әйтеке бидің беделі ерекше болды.

Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөл атқарды. «Билер кеңесі» жергілікті атқарушы өкіметке айналды.

Тәуке хан саясатының басты бағыттары:

  1. Қоғамдағы саяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық өкіметті орталықтандыру ұмтылды.

  2. Хандық кеңес пен билік кеңестің рөлін арттырды.

  3. Орта Азиямен сауданы дамытты (1687-1688 жж.).

  4. Бұхар хандығымен бейбіт қатынаста болды.

  5. Қырғыз бен қарақалпақтардың бір бөлігін алды.

  6. Қырғыздарды би Қоқым Қарашор арқылы,

  7. Қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарды.

  8. Орыс-қазақ қатынастарын нығайтты.

Тәуке хан 1686-1693 жылдары Сібірге бес рет елшілік жіберіп, орыс-қазақ байланысын дамытты.

Түркістан қаласын астана етті.

1680 жыл- жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға жорығы кезінде Түркістанды ала алмады.

1681-1685 жылдар- жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға бірнеше реет шабуыл жасады. Сайрамды қиратты, Сарысу өзеніне жетті, Орта жүздің солтүстік шығысына басып кірді.

1710 жыл- үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында Қарақұм жиынын өткізді.

1715 жыл- үш жүзді билеген Тәуке ханның қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады.

XVII ғ. аяғы-XVIII ғ. басында «Жеті Жарғы» заңдар жинағы шығарылды. «Жарғы» сөзі әділдік ұғымын білдірген.

«Жеті Жарғыда» қарастырылған мәселелер:

  1. Жер дауы.

  2. Үй іші мен бала тәрбиелеу.

  3. Ұрлық қарлық, барымта.

  4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.

  5. Ұлтын жаудан қорғау.

  6. Құн дауы.

  7. Жесір дауы.

Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді. Құн төлеу- адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.

«Жеті жарғы»:

  1. Әкімшілік- құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы.

  2. Отбасы- неке құқығы. Мұра алу.

  3. Сот ісі.

  4. Ханның құқығы мен міндеттері.

«Жеті Жарғы» заңының маңызы:

  1. Қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады;

  2. Ру мен тайпа арасындағы алауыздықтар, үш жүздің арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді;

  3. Хандық биліктің заң негізінде күшеюі ел бірлігін сақтауға өз үлесін қосты.

Тәуке хан халық алдында үлкен беделге ие болып, «әз Тәуке» атанған. Тарихшылар «Қазақ Ордасының Ликургі» деп жоғары бағалайды.

IV. Сабақты бекіту:

  1. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?

  2. Хакназар ханды тарихшылар қалай атайды?

  3. Шыгай мен Тәуекел хандар тұсында мемлекетте қандай өзгерістер болды?

  4. Есім хан саясатының ереушеліктері?

  5. Жәнгір ханның ерлігіне халық риза болып, қалай атаған?

6. Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» маңызы?

V. Үйге тапсырма беру: & 20.

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті Жарғы» тақырыптарға реферат жазып келу.






Краткое описание документа:

Қазақстантарихы                        10-сынып             

 37-сабақ                                        

Сабақ тақырыбы: § 20. Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыттары.

Сабақтың мақсаты:

- Қазақ хандығының жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, білімдерін тереңдету;

- Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

- Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:

                     карта

                     Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

 Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

                    Оқу құралын тексеріп түгелдеу

                    Оқушылар зейінін сабаққа аудару

                    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

         1. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары.

         2. Қазақ хандығының құрылуы.

         3. Саяси тарихы.

                    III. Жаңа сабақтың жоспары:

1.     Қасым хан саясаты.

2.     Хакназар хан саясаты.

3.     Шыгай мен Тәуекел хандар саясаты.

4.     Есім хан саясаты.

5.     Жәнгір ханы саясаты.

6.     Тәуке хан саясаты.

1.     Қасым хан (1511-1518 жылдар)- Әз Жәнібектің ұлы. Қазақ хандығы ең жоғары қуаттылығына XVI ғ. бірінші ширегінде, Қасым хан тұсында жетті.

Аумағы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі, Шу, Талас, Қаратал,мІле өзендері.  Астанасы: Сығанақ, кейін-Түркістан болды. Өмірінің соңғы жылдары Сарайшықта отырып, билік жүргізді.

Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу.

Соғыс жорықтары:

1503, 1505, 1506 жылдары- Шайбани хан қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады.

1509 жыл- Қараталға шабуылдап, тонады. 1510 жыл- Мұхаммед Шайбани (Әбілхайыр ханнның немересі) Сығанаққа шабуыл жасап, жеңіліп Самарқанға қашты. 1510 жыл аяғы-  М.Шайбани Мерв түбіндегі Хорасанда Иран шахымен болған шайқаста қаза тапты.

1513 жыл- Қасым хан Сайрамды алды. 1513 жыл- Бабырдың ізбасары Қаттабекпен одақ жасасып, Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға соғыс ашты.

1513 жыл- Моғолстан ханы Сұлтан Саидпен одақтас болып, Ташкентке бірігіп жорық жасауға келісті. 1514 жыл- Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығайды.

- Қазақ хандығындағы халық саны 1 млн-ға жетті.

- Алғаш рет орыс мемлекетімен, ІІІ Иван тұсында дипломатиялық қатынас орнатты.

Қасым хан әдеп-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы-«Қасым ханның қасқа жолын» шығарды. Заң бес бөлімнен тұрады:

1.      Мал-мүлік және жерге байланысты қатынастар;

2.      Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар;

3.      Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар;

4.      Елшілік қатынастарды реттеу;

5.      Халықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі (ас беру, той думандарды өткізу т.б.).

1518 жыл- Қасым хан Сарайшық қаласында қайтыс болды.

XVI ғ. 20-жылдары Қасым ханнан кейінгі Жошы ұрпағының өзара тартысы Қазақ хандығын әлсіретті. Қасым ханның мұрагері Мамаш (Қамаш) өзара тартыс барысында қаза тауып, хан тағын Қасымның немере інісі Тахир (Тақыр) (1523-1532 жж) иеленді. Бұйдаш хан (1532-1537жж.)- Тахирдің інісі.

2.     Хақназар (Ақназар) (1538-1580 жж.)- Қасым ханның баласы.

Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру.

Ау мағы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.

1550-1560 жж.-Моғол ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді алу мақсатымен шабуылдады.

Деректерде Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды.

1570 жылдың аяғы – Жетісудың батысы, Шу, Талас өңірі оның билігінде болды.

Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. Орыс елшілері:

1569 ж.- Семен Мальцев;

1573 жыл- Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер қалдырды (IV Иван тұсында).

Қазақ хандығы мен Ресей арасында қарым қатынастың орнау себептері:

- Каспий маңайына Строгановтар әулетінің келіп орнау себептері;

- Иван Грозный Строгановтарға қазақтармен баж салығынсыз сауда жасауды бұйырған.

ІІ Абдаллах пен Хақназар арасында бейбіт қатынаста болу туралы шарт жасалды. Бұл қатынас нәтижесі:

- Соғыс қақтығыстары уақытша тоқтатылды.

- Орта Азия халқымен сауда қатынасы жақсарды.

- Хан өкіметі нығайды.

1579 жыл- өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды.

- Абдаллах хан Түркістан өңіріндегі қалаларды Қазақ хандығына берді.

- Баба сұлтан Йассы, Сауранды Хақназарға сыйлады.

 1579 жылдың ІІ жартысы- қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екенін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның балалары мен Хақназардың екі баласын өлтірді.

1580 жыл- Баба сұлтанның тыңшысы Хақназарды және туыстарын түгел өлтірді.

Хақназар хан саясатының маңызы:

1.      Хандықтың аумағының кеңеюі.

2.      Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы.

3.      Хан билігінің күшеюі.

4.      Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.

Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.

3.     Шығай (1580-1582 жж.) мен Тәуекел (1582-1598 жж.)

XVI ғ. соңында хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, 80 жастағы Шығай отырды.

1582 жылғы маусым- Тәуекелдің Йассы маңында Баба сұлтанмен соғысы.

Баба сұлтанды өлтіріп, сұлтанның балаларын, әмірлерін тұтқындады. Өзбек ханы Тәуекелге Самарқан аймағындағы Африкент уәлаятын сыйға тартады.

Шығай қайтыс болған соң хан тағына баласы Тәуекел отырды.

1583 жыл- Тәуекел хан Өзбек ханымен жасасқан шартты бұзды.

1586 жыл- Тәуекел Түркістанды, Сауранды, Отырарды, Сайрамды басып алып, Ташкентке қауіп төндірді.

1588 жыл-  Абдаллах ханға қарсы халық көтерілісі болды.

1597-1598 жж.- Тәуекел хан Ташкент түбінде Абдаллах ханның әскерін жеңді.

1598 ж- Орта Азияға жаңа жорық басталды. Тәуекел хан Ақши, Исқандер, Мүнши, Ташкент, Самарқанды жаулады. Самарқанда 20 мың әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырды. Өзі 70-80 мың әскермен Бұхараны 20 күн қоршады. Бұхар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

Ресеймен қатынасы.

1594 жыл- Тәуекел хан Мәскеуге, Федор патшаға Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді. Мақсаты:

- Өзбек ханымен күресу үшін әскери одақ құру.

- 1580 ж. Сібір ханы Көшіммен соғыста қолға түскен Ораз-Мұхаммедті (Тәуекелдің жиені) орыс тұтқынынан босату.

- Өзін қамқорлыққа алуды өтінді.

1595 жыл- Мәскеуден Тәуекел ханға тілмәш Вельямин Степанов елшілігі жіберілді.

XVI ғ. соңы (1598 ж.)- Көшім хан билеген Сібір хандығы жойылды.

Тәуекел өзін қазақ пен қалмақтың ханы деп санаған.

4.     Есім хан саясаты (1598-1628 жж.)- Шығайдың баласы.

Саясатының ерекшелігі:

- Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.

- Осы кезден бастап Ташкент 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды.

- Сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.

- «Есім ханның ескі жолы»  атты әдет ғұрып ережелері жинағын шығарды.

Заңда:

- Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті.

- Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.

- Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.

XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:

Ташкентте- Келді Мұхаммед сұлтан;

Әндіжанда- Абылай сұлтан;

Тұрфанда- Әбд ар Рахым хан;

Жаркентте- Абақ хан билік жүргізді.

Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады:

Есім хандығы, астанасы- Түркістан; Тұрсын Мұхаммед хандығы(1613/1614-1627 жж.), ордасы- Ташкент.

1603-1624 жылдар- қазақ-бұхар соғысы.

1603 жыл- Айғыржар (Самарқан маңы) жеріндегі шайқаста қазақтар жеңді.

1611 жыл- Ташкент түбіндегі шайқаста Бұхар ханы жеңіліп, келісімге келді.

1613 жыл- Есім хан Самарқанға басып кіріп, Бұхар хандығының әскерін жеңді.

1620-1621 жылдар- төртінші, бесінші, алтыншы соғыста Тұрсын хан бастаған қазақтар толық жеңіске жетті.

1627 жыл- ең соңғы жетінші шайқаста Есім хан әскері жеңді.

1627 жыл- Тұрсын ханның бүлігі «Қатаған қырғыны» деп аталды. Есім хан Тұрсынды жазалады.

1628 жыл- Есім хан қайтыс болды. Ахмед Йассауи кесенесіне жерленді.

5.     Жәңгір хан саясаты (1628-1652 жж).

Жәңгір (Есімнің ұлы) («Салқам Жәңгір», «Айбатты») сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңді хан тағына отырды.

1643 жыл- Орбұдақ шайқасы (Жаркент  маңындағы Қосқолаң тауы).

Жәңгір хан Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара, Жаркент хандықтармен, қырғыздармен одақтасты.

1652 жыл- Ресейден зеңбіректер сатып алып, қаруланған жоңғарлар Қазақ жеріне қайта шабуылдады. Қазақ әскерін ойсырата жеңді. Жәңгір хан қанды майданда қайтыс болды.

6.     Тәуке хан саясаты (1680-1715 жж).

Тәуке (Жәңгірдің ұлы) билігінің ерекшелігі:

- Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды.

- Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.

- «Жеті Жарғы» заңын жасады.

- Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.

Тәуке хан ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ұлы жүзде- Төле би, Орта жүзде- Қазыбек би, Кіші жүзде- Әйтеке бидің беделі ерекше болды.

Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөл атқарды. «Билер кеңесі» жергілікті атқарушы өкіметке айналды.

Тәуке хан саясатының басты бағыттары:

1.      Қоғамдағы саяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық өкіметті орталықтандыру ұмтылды.

2.      Хандық кеңес пен билік кеңестің рөлін арттырды.

3.      Орта Азиямен сауданы дамытты (1687-1688 жж.).

4.      Бұхар хандығымен бейбіт қатынаста болды.

5.      Қырғыз бен қарақалпақтардың бір бөлігін алды.

6.      Қырғыздарды би Қоқым Қарашор арқылы,

7.      Қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарды.

8.      Орыс-қазақ қатынастарын нығайтты.

Тәуке хан 1686-1693 жылдары Сібірге бес рет елшілік жіберіп, орыс-қазақ байланысын дамытты.

Түркістан қаласын астана етті.

1680 жыл- жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға жорығы кезінде Түркістанды ала алмады.

1681-1685 жылдар- жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға бірнеше реет шабуыл жасады. Сайрамды қиратты, Сарысу өзеніне жетті, Орта жүздің солтүстік шығысына басып кірді.

1710 жыл- үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында Қарақұм жиынын өткізді.

1715 жыл- үш жүзді билеген Тәуке ханның қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады.

XVII ғ. аяғы-XVIII ғ. басында «Жеті Жарғы» заңдар жинағы шығарылды. «Жарғы» сөзі әділдік ұғымын білдірген.

«Жеті Жарғыда» қарастырылған мәселелер:

1.      Жер дауы.

2.      Үй іші мен бала тәрбиелеу.

3.      Ұрлық қарлық, барымта.

4.      Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.

5.      Ұлтын жаудан қорғау.

6.      Құн дауы.

7.      Жесір дауы.

Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді. Құн төлеу- адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.

«Жеті жарғы»:

1.      Әкімшілік- құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы.

2.      Отбасы- неке құқығы. Мұра алу.

3.      Сот ісі.

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров3433
Номер материала 385927
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх