Инфоурок / История / Рабочие программы / Қазақ хандығының құрылуы туралы сабақ

Қазақ хандығының құрылуы туралы сабақ



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

7-сынып. Қазақстан тарихынан

Сабақтың тақырыбы: 36. Қазақ хандығының құрылуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік. ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек сұлтандардың Жетісудің батысына көшуі, жер аумағы және этникалық құрамы , көрші елдермен қарым- қатынасы түсінік беру.

  • Дамытушылық. Қазақ хандығының құрылуы туралы аңыздармен, Керей мен Жәнібектің Жетісуға көшуі жөніндегі пікірлермен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық, есте сақтау кабілеттерін дамыту.

● Тәрбиелік.Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып,отаншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор.

  • Ел тарихын, жер тарихын, әулет тарихын білуге, құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті, сұрақ-жауап, баяндау,жұптық сайыс

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.

Көрнекілік:Карта , Қазақ хандығының плакаттары,үлестірмелер, суреттер

Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.

Ел жаңалықтарынан үзінді .......

ІI. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын «Өребәйге»жұптық сайыс (1мин әр жұпқа )негізінде сұрап шығамын .

  • Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?

  • Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?

  • Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?

  • Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?

  • Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?


ІІІ. Жан- жақты білімін тексеру

Хронологиялық диктант алу, сөзжұмбақ шешу

ІҮ. Мақсат қою.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей

2. Қазақ хандығының аумағы (8 карта )

3. Халқының этникалық құрамы

4. Көрші ердермен қарым –қатынасы

Ү. Жаңа сабақты меңгерту

1.Қазақ хандығының қалыптасуы.XV ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанның орталық өңірін Әбілхайыр хан билеп тұрды . Ол өзбек және қазақ тайпаларының басшысы болатын Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайырхандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Қатал ханның билігіне бағынғысы келмеген Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайырға қарсы шықты . Қазақ рулары мен тайпалары Керей мен Жәнібекті қолдады. Керей мен Жәнібек өз алдына жеке хандық құруды ойлап, соңына ерген халқымен оңтүстікке қарай көше бастайды.

Жетісуда билік жүргізген Есенбұға хан (1429-1462жж.) Керей мен Жәнібекке Шу мен Қозыбасы аймағынан қоныс бөліп береді. Сұлтандар төңірегіне жиналған адамдар саны екі жүз мыңға жетеді. Сөйтіп Қазақ хандығының негізі қаланады.

Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтар


Хан



Сұлтандар

Тайпа көсемі

hello_html_m22237d90.gifhello_html_38639740.gifhello_html_28e488a9.gif



Би


Батыр

Бай

hello_html_5aaba33.gifhello_html_60c19290.gif




Оқушылар 5 сыныпта алған білімдерін еске түсіре отырып, қосымша материалдар арқылы мағлұмат береді:

1.Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылар кімдер?

1-оқушы. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып,

мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді.ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде,өз мақсаттарына шебер пайдаланды.Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне,Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы жөнінде не айтасыңдар?

2-оқушы. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді.Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хандығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.

3.Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды.

3-оқушы. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға,Қараталдан Сырдарияға,Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ,жазық даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды.Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі,ділі,наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті.Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына,оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты.Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік – мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

4.Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатқан елдермен қарым-қатынасы туралы не білесіңдер?

4-оқушы. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жайа қарсы алды?ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарын мазалай бастаған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.

Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады.Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын,қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас

Қазақ хандары Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарайды.

Керей мен Жәнібек бір- біріне туысқан адамдар. Қазақтың тұңғыш ханы болып Керей сайланады.

Керейден кейін Жәнібек хан болып сайланады. Ол шамамен 1465/66-1470жылдары ел биледі .

5. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіңдер?

5-оқушы. Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік

экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.

ҮІ. Білімді меңгергендігін тексеру

  1. Алаш тайпалары кімдерден бөлініп, Шу өзені бойына көшіп барды?

2. Әбілхайыр кім?

3. Моғолстанға көшіп келген алаш көшпелілері, енді қалай атала бастады?

4. Жошы хан туралы қандай мәлімет бере аламыз? Жошы хан күмбезі

қайда орналасқан?

5. Қай жерде Әбілхайыр хандығынан бөлінген қазақ рулары ел боламыз деп, тасқа

өз руларының таңбасын қашап белгіледі?

6. Алғашқы казақ хандығы пайда болған аумақты картадан көрсетіңдер.

7. Қазақ хандығының орнығуы кай кезеңде жүзеге асты? hello_html_m546a021a.jpg

ҮІІ. Бекіту сұрақтары.

а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді? ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

д) Қазақ хандығының құрылуының қазақтар үшін маңызы?

е) Қазақ хандығы өз кезінде қандай дәрежеге жетті?

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды.Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.

Сұрақтары:  1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі. (Жалайыр). 2. Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр). 3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы). 4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу). 5. Қазақ хандарымен 30жыл соғысқан Орта Азиялық билеуші (Шайбани). 6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7.Түркі халықтарының діни орталығы саналатын қаласы (Түркістан).

Тест алу. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын қалай меңгергенін тексеру.

Қорытындылау.Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібекпен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды.

Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оның жеңісті жолдары дәлел бола алады.Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз.


Бағалау:

ҮІІІ.Үйге тапсырма.§36 окып келу. Қазақ хандығы пайда болған аумакты контур картаға түсіру. 15 тест құрастыру, «Егер мен Әбілқайыр ханның орнында болсам» -эссе жазу .





Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

  • ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек сұлтандардың Жетісудің батысына көшуі, жер аумағы  және этникалық құрамы , көрші елдермен қарым- қатынасы түсінік беҚазақ хандығының құрылуы туралы аңыздармен, Керей мен Жәнібектің Жетісуға көшуі   жөніндегі пікірлермен  таныстыра отырып, оқушылардың танымдық, есте сақтау  кабілеттерін дамыту.Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып,отаншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор.Ел тарихын, жер тарихын, әулет тарихын білуге, құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу. 

Общая информация

Номер материала: 398386

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>