Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Презентации / Қазақ халқының Наурыз мейрамы.5- класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақ халқының Наурыз мейрамы.5- класс

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ╨Я╙Щ╨╜╤Ц.doc╤Н╨+╤М╨+╨╕╤А╨▌.doc

библиотека
материалов

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 5 сынып

Пән мүғалімі:Уресова Э.С.

Мектебі: М.С.Бабажанов ЖОББМ.

Мекен-жай: Бөкей орда ауданы,Сайқын ауылы.

Тақырыбы: §39 Наурыз мейрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлтық мерекелер, ойындар және тағамдары туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.

Дамытушылық: Ұлтық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өмірдегі алатын орнын анықтау арқылы оларға шыны көзбен қарауға дағдысын

қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылы сезімдерін ояту, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, жетон, кестелер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезені.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1Ислам дініне дейінгі,әр түрлі ғұрыптар мен салттар.

2Ғарыштық түсініктер.

3Мал шаруашылығына байланысты түсініктер.

4Еңбек бөлінісі мен әлеуметтік – экономикалық жіктелуіне байланысты

Жаңа сабақтың жоспары.

1.Қазақтың ұлттық мейрамдары.

2.Наурыз мейрамы.

3.Қазақтың ұлттық ойындары.

4.Қазақтың ұлттық тағамдары

1.Қазақтың ұлттық мейрамдары.

Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениеті болады. Қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлерінің ішінде қонақ жайлық ас беру түрлі той-думандар өткізудің маңызы жоғары болған. Халық арасында сәбидің жаңа туған кезінен бастап атап өтетін түрлі мерекелер қалыптасқан.

Олар:Бесік той.

Шілдехана.

Тұсаукесер.

Сүндет той.

Үйлену той.

Қыз ұзату.

Қазақтың ұлттық мейрамдарының ішінде 4мезгілге байланысты жазда. Қымызмұрындық.

Күзде. Сабан той.

Қыста. Соғымбасы.

Көктемде. Наурыз мейрамы тойланған.

Қымызмұрындық-мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той осы кезде отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып ағайын-жекжаттар бірін-бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын-сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады.

Сабантой-күз айында диқандармен бағбандардың құрметіне арналған той бұл тойдада ойын-сауықтар да өткізіледі.

Соғымбасы-алғаш қар жауып, аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақталған малдарын сойып бірін-бірі қонаққа шақырады. Қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса ертегі, айтып жұртты қызыққа батырады.

Наурыз мейрамы-көктем айында тойланады.

Наурыз-көне иран сөзі, қазақша мағынасы"жаңа күн дегенді білдіреді.

Наурыздың 22-сі қазақтарүшін жыл басы-жаңа жыл. Күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойы-ұлыстың ұлы күні деп атаған. "Ұлыс" деген сөз мемлекет ел деген мағынаны білдіреді.

Жер беті бусанып, қардың еріп, көктің шыға бастайтын бұл уақытты "жуаның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер" шақ деп текке айтпаған. Мал төлдеп, қыстан қиналып шыққан халықтың аузы аққа тиіп, бір жасап қалады.

Наурыз күнін жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Бір-біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Наурыз күні Орта Азия билеушілер зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. "Самарқанның көк тасы да жібиді " деген сөз содан қалған. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурызкөжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Ойын-сауық ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізеледі.

Қазақстан КСРО-құрамында болған кезде наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ғана бұл мерекені тойлауға қол жеткізген.


ІІІ.Қазақтың ұлттық ойындары.

Қазақ қалқында той ұлттық ойынсыз, сайыстарсыз өтпейді.

Оның түрлері:Бәйге, күрес, көкпар, айгөлек, ақсүйек, аударыспақ, алтыбақан, асық ойнау, жілік сындыру, қыз қуу, жамбы ату, күміс алу. т.б. ойындары бар жасырынбақ.

Балалардың ең көп тарағаны ойыны-айгөлек. Көкпар-ер адамдардың кеңінен тараған ойыны. Екі жаңтақ ат-тұрман сайлы, мыңты, епті жігіттер шығады ел ішінде тақымы берік айтулы көкпаршылар болған.

Күміс алу. Әбжілдік пен төзімділікке тәрбиелейтін ойыншының бірі оны ер жігіттер ойнайды. Ат үстінде шауып келі жаттық жердей күміс алу.

Қазақша күрес-балуандардың жас мөлшерінде, салмағына да шек қойылмайды. Халық өзінің балуандарын төбесіне көтеріп, құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Қажымұхан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ сияқты балуандар көп болған.

ІҮ. Қазақтың ұлттық тағамдары

Наурыз көже,бауырсақ, нан, қазы - қарта, жал - жая, құрт ірімшік, сүзбе, сары май, қымыз, шұбат, айран.

18 ғасырда белгілі орыс зерттеушілері сөзімен айтқанда "Қазақтар экологиялық таза тағам түрлерін ішіп келген. Олардың сүйікті сусыны қымыз, шұбат болған. Олардың арасында көптеген адамдар 100 жасқа дейін тіпті, одан да көп жасаған". "Қазақта қайратты " деген сөз тегіннен айта салмаған.

Сергіту сәті.

Сөзжұмбақ шешу.




Н






А









У









Р









Ы








З



1. Ең үлкен тағам. (нан)

2. Балалар ойыны. (айгөлек)

3. Төлдің алғашқы ауызданатын сүті. ( уыз)

4. Қазақша жыл басы. (наурыз)

5. Қойдың сүйегімен ойналатын ойын. (асық)

6. Жылқы сүтінен жасалған сусын. (қымыз)


Бекіту. "Алтын сақа" ойыны

Әр асыққа сандар жазып жерге тастаймын. 7 - асыққа жеті тапсырма.

1. Қазақтың бидай ұнынан жасалған тағамдар. (нан, бауырсақ, шелпек, кеспе, көже)

2. Оны отбасына бір адам қосылғанда жасайды. Жаңа келген адамға кәмпит, құрт шашады. Оны өзгелерден бөлек ұстайды. Ел тамақ жеп болған соң, біреу оны өзгелермен таныстырады.Ол төмен қарап, тыңдап иіледі. Бұл қандай той, ол кім? (беташар тойы, келін)

3. Мұны ер жігіттер ойнайды. Ол үшін жүйрік ат, ептілік және шапшаңдық керек. Қажет заттың тек ұшы ғана көрінеді. Оған қолы жеткен жігіт оны ұнатқан адамына сыйлайды. Бұл қандай ойын, ол не? (теңге ілу ойыны, түйіншек.)

4. Жылқы, сиыр, қой және түйе сүтінен жасалған тағамдар? ( қымыз, шұбат, айран, ірімшік, құрт, сүзбе)

5. Ол тойларда беріледі. Көп адам бір затқа таласады. Оған жүйрік атта, білек күші де керек. Оны жеке - жеке немесе топқа бөлініп те жүргізуге болады. Бұл не? (Көкпар)

6. Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балаларда қатысады. Ол үшін ала жіп , қайшы керек. Бұл не? (Тұсаукесер)

7. Көпшілікке арналған мерекелік тағам мереке кезінде әр түрлі дәмнен дайындайды. (Наурызкөже)


2. Шығармашылық тапсырма. Оқушылар өз бетімен "Наурыз мейрамы" туралы шығарма жазу.

3. "Қыз қуу" ойыны - Тақтаға 1- қыз, 1- бала шығарып тест беремін. Тестіге кім тез жауап берсе, соған бір ұпай беріледі.

Тест

1. Сәбидің дүниеге келу құрметіне жасалатын той?

а)қалжа

ә)шілдехана

б) сүйінші

2.Қыздың ауылында болатын той

а)қыз ұзату

ә)беташар

б)келін түсіру

3. "Ұлыстың ұлы күні" деп қандай күнді атайды?

а) 16 желтоқсан

ә) 1 мамыр

б) 22 наурыз

4. "Ұлыс"

деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

а) мемлекет ел

ә) жаңа күн

б) мейрам

5. Суырып салма ақындардың өлең түріндегі сөз жарысы

а) айтыс

ә)жарапазан

б)жар - жар

6. Наурызкөже қанша тағамнан жасалады?

а) төрт

ә) бес

б)жеті

7. Соғымбасы жылдың қай мезгілінде жайланады?

а) күзде

ә)жазда

б)қыста

8. Қымызмұрындық мейрамы мезгілде тойланады?

а) жазда

ә) күзде

б) көктемде

9. Сабантой кімдердің құрметіне арналған той?

а) дихандар мен бағбандардың

ә)жаңа туған балаға

б)тек қана жастарға арналған

10. Қазақ халқының ұлттық ойыны

а)Бәйге

ә)Айтыс

б)Тұсаукесер

ІҮ. Қорытынды. Өз ойларын айту

НЕ білдім? Не таңғалдырды? Не үйрендім?

Үйге тапсырма. 39. Наурыз мейрамын оқып келу.

Бағалау



Краткое описание документа:

Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлтық мерекелер, ойындар және тағамдары туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.Ұлтық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өмірдегі алатын орнын анықтау арқылы оларға шыны көзбен қарауға дағдысын қалыптастыру.Оқушыларға рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылы сезімдерін ояту, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.Жаңа сабақ жоспары:

1.Қазақтың ұлттық мейрамдары.

2.Наурыз мейрамы.

3.Қазақтың ұлттық ойындары.

4.Қазақтың ұлттық тағамдарынан құралған.Мен бұл сабақта ойын элементтерін қолдана отырып сабақты қызықты етіп өткіздім. Оқушылар толықтай сабаққа қатысты. Алға қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Автор
Дата добавления 25.02.2015
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров1556
Номер материала 409885
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх