Инфоурок Русский язык Другие методич. материалыҚазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу, поэзиясына құрмет көрсету мақсатында өтетін «Елінің еңлік гүлі» атты әдеби-танымдық поэзия кеші

Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу, поэзиясына құрмет көрсету мақсатында өтетін «Елінің еңлік гүлі» атты әдеби-танымдық поэзия кеші

Скачать материал

Орал гуманитарлық-техникалық

колледжінің директордың

тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары М.С. Нұрмұқашева

_____________________________


Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу, поэзиясына құрмет көрсету мақсатында өтетін «Елінің еңлік гүлі» атты әдеби-танымдық поэзия кешінің сценариі

(Май шаммен бір топ студент шығып, өлең оқиды)

Жүргізуші: Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын – алланың айрықша мейір-шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаңына жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қылып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі – жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарынөз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген, оқырманына ғұмырлық мұра сыйлаған Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет громаталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық ақыны Фариза Оңғарсынова. Поэзия әлемінде түлеп ұшып қанаттанған, сан оқырман кітабын құштарлана парақтаған, сағынышқа толы өлеңі ән ақтарған ақын апамыз о дүниелік болды. Ақын апамызға арналған видеороликке көз жүгіртелік.

(видеоролик жүреді)


Жүргізуші:

Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,

Қайратыңнан қайысып, налып қалма,

Сені іздейтін аға бар тарыққанда,

Інілер бар демберержабыққанға.

Бірақиқат – бәрібіржоғалмайсың,

Жоғалмайтынжоқтаушыхалық барда, – дейді ақын өз жыр жолдарында. Дүниеде теңіз терең емес, адам жанының терең екендігін дәлелдеумен өткен осы бір заңғар алып тұлғаның өзгелерден қашанда оқ бойы озық тұруы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік саңлағына айналуы біздіңше табиғи заңдылық. Уақыт өтіп, замана көші үздіксіз алға жылжығанымен елімізде Фаризаны апамызды еске алып, мәңгілік мұрасын жаңғырту, атағын аспандату мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Солардың бір парасы бүгінгі «» атты әдеби-танымдық еске алу, әрі поэзия кеші болмақ. Олай болса Қазақ жырының Фаризасына, Қазақ поэзиясының падишасына айналған апамызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(Бір минут үнсіздік жарияланады)


Жүргізуші:

Мен даланың қызы едім,

Жазығында жатпайтын көз ілер қара.

Жазира менің жанымның өзі де дара.

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді.Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, –  деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь, әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ , ақынның биік арманы анық көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. Ендеше, ақын апамыз жайлы естеліктер айту үшін алғысөзді, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ң оқытушысы, филолог, ф.ғ.кандидаты Серікқалиев Ғабдешұлына сөз кезегін береміз.

(Ағайға сөз беріледі.)



Жүргізуші:О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен, – немесе: "Сені қалай сүю керектігін мен ешқандай кітаптан оқымадым", –  деп, туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін жырғып шынайы суреттейді. Ақын поэзиясының тақырыбы әр алуан. Адам жанының айнасы, жан жанашыры. Ақын шығармашылығынан мәнерлеп оқуға сөз берсек.

(Бір топ көркемсөз оқушыларды ортаға шақырамыз. Фон қосылады)


Оқылатын өлеңдер:

«О, туған жер» - Қайырғалиева Айбота

«Мұқтаждық немесе жетімнің монологі» - Хабиева Гүлфара

«Бақыттының монологі немесе ақымақтарға айтылған ақыл» - Досқалиева Шынар

«Оюлар» - Бисекешева Зулфаиида

«Өмір» - Әміров Ислам

«Өлең көп деп біреулер жазғырар ма?» - Маренова Айым


Жүргізуші: Жұлдызы жанып, бақыты ашылса, ажарлы ән сөз асылын тудырады; ал жарқыраған жақұт жыр тамылжыған әсем ән дүниеге алып келеді. Фариза Оңғарсынованың ән текстісіне айналған өлең-жырларының қай-қайсысы да серпінді, серіппелі, адам жанын бірден үйіріп әкететін иірімі мол...

Ақын жырына жазылған әуен-әндер де аз емес екен: сүйікті Отан, туған жер, атамекен; көңіл күй, жастық шақ. Бүгінде ақын апамыздың сөзіне жазылған біраз әндер шырқалып жүр. Атап айтсақ: «Өмір сүру шын бақыт», «Бал сезім», «Айша Бибі», «Махаббат сезім», «Достар», «Анама», «Қыз махаббаты» т.б. Осынау сыршыл әндерінен сыр шерту үшін, ортаға «Мен саған ғашық емес ем» әнімен Дүйсенбаев Рафхатты шақырамыз.

(«Мен саған ғашық емес ем» әні орындалады)


Жүргізуші: Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.  Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия болды. 

Көңілді, жайлы күнімді,

Азапты қайғы мұңымды

Өзімменен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О, баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! -  деп толғайды.

"Асау толқын" атты өлеңінде:

Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа

Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім

Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан – бар үміт сенде.

О, асау толқыным менің! –  деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық байқалады.  Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі заман талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры.  Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: "Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы", – дей келе: 


Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,

Жүректен жас ағады тарамданып.

Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,

Ақтарыларалдыңдасағанбарып.

Жасқағанатоладыжанарналып,

Мен үшінтұрдүниеқараңқалып, – деп, әйелдіңмұң-қайғысын сыр ғыпшертеді.Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты болсандықты жан-жүрегімен жек көретін ақын.

(Ақын лирикасын мәнерлеп оқитындар ортаға шығады. Фон қосылады.)

Оқылатын өлеңде:

«Фаризаға» (М.Мақатаев) - Сырымов Меңдібек

«Жаппай жұрттың бәріне ұнау қиын» - Рахымова Айкөркем

«Мен тағы да ғашықпын» - Ізбасар Дулат

«Мол арман» - Бақытжанова Гүлжайна

«Самалетте барамын» - Елемесов Данияр

«Атын жазбаған студенттің хаты»- студент: Халидуллиева Айсауле, ақын: Наурызова Гүлжамал


Жүргізуші:

Еңіреп елің… еңіреп жерің жылады,
Бұл жалған емес адамның мәнгі тұрағы.
Жарқырап жанып көгімде жанған жұлдызым,
Қара жерімнің қойнына қайтып, құлады.

Алланың бұлда, Алланың бір сынағы,
Өмір кезек, талай жұлдызым тұр әлі.
Сәтімен бәрі, соныңнан ерер еріксіз,
Ешкімнің емес мәнгілік бұл жер тұрағы.

(Арнау. Тельман Наурыз, Халидуллиева Айсауле)

Жүргізуші: ақынның сөзіне жазылған «Білмеймін» әні. Орындайтындар: Қауаов Нұршат, Маренова Айым.





Қорытынды.

Фариза!

Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз...

Иә, ол рас... Өмірде ақындар ғана емес, дәл осындай жан тебірентер әсем ән де жалғыз. Бұл өлеңге композитор Әбиірбек Тінәлив ән жазған. Ән болып шырқалмағанда Мұқағали Мақатевтың көп өлеңдерінің бірі болып қана қалар ма еді?..

Ән тарихына үңілсек, «Фариза» 1987 жылы туған екен. М. Мақатаевтың өмірінің соңғы кезеңіне арналған пьеса жазуға Жамбыл облыстық театрынан Шәмші Қалдаяқов мен Оразхан Бодықовқа тапсырыс берілген. Сол кезде Оразхан Бодықов «Жан азабы» деген пьеса жазып әкеледі. Пьеса барлығына ұнайды. Режиссер Шәмшіге «Енді осыған музыканы өзіңіз жазыңыз» дейді. Мұқали өлеңдерінің өзінің вальсіне келмейтіндігін айтып, Шәмші жас композитор іздейді. Сол кезде режиссер Әбиірбек ағаның атын атайды. Шәмші жас композиторға батасын беріп, әнді сол жазсын деп тапсырады. Бұл үлкен жауапкершілікті сезінген Әбиірбек аға сол қойылымға 8 ән жазып шығады. Жамбыл театрының бас режиссері Қуандық Қасымов Мұқағалидың бейнесін сомдап, ол бір өлең оқыған сайын, келесі шумағын әнге айналдырып отырған. Сондай тәсілмен 8 ән айтылып, Әбиірбек ағаны да кейіпкер ретінде кіргізеді. Бір бұрышта Мұқағали образы өлең оқып, ол ән айтып тұрады. Сол жерде орындалған әндердің ішінде «Дәуір үнінің» кіріспесі де болған. Бірақ «Дәуір үні» әнінің кірсіпесі басқа әнге сұранып  тұрғанын сезген. 1987 жылы 1-15 маусым аралығында олар «Жан азабы» деген қойылыммен Нарынқол ауданына жол тартқан. Куандық Қасымовтың 16 күн бойы «Фаризаны» 32 рет оқығанын тыңдап, өлең құлағына әбден сіңіп қалады. Ән 16 маусымда дүниеге келген. Сол күні Қуандық Қасымовтың туған күні екен. Композитор аға оған телефон шалып, әнді туған күніне сыйлық еткенін айтып құттықтаған. Сыйлығын өзіне тарту етіп, әнді де орындап берген.

Әннің тұсауы ең алғаш рет Республика сарайында өткен Халықаралық ақындар айтысында кесілген. Әнді естіген әлеумет бұл туындыны аса зор ықыласпен қабылдап, артынша-ақ ән жұртқа жайыла бастайды.

Ал әнді Фариза апамыз қалай қабылдады дейсіз бе? Оған біреулер осы жаңалықты хабардар етіпті. Бірақ ақын апамыз, өзі естімейінше таңданыс білдіре қоймаған. Кейін ән тұсауы кесілген айтысты теледидардан тамашалаған Фариза ақын Әбиірбек ағаға алғысын айтқан. Бірде осы әнді үйінде орындап беріпті. Сонда көзінен тамшы жасы үзіліп тебіреніп тыңдап отырған ақын апамызды оператор анық түсіріп алған екен.

Міне, аңызға айналған ақиық ақынның сырласу жырына Әбиірбек ағамыз осылайша ән жазып әр берген. Қазірдің өзінде көптің аузынан түспейтін бұл ән өз дәрежесінде шырқалып жүр.  

(Ән: Фариза қыз., Орындайтын: Наутбай Гүлдана)

Жүргізуші: Табиғат берген талантты өшіру бар да, өсіру бар – бұл сәтте ақынға риза боласың. Жырқұмар жандар сүйікті қаламгердің қолтаңбасын жазбай тануы да, сол іздемпаздықтан, дара дарыннан болса керек. Шындықты шымқайлап, ақиқатты айшықтап айтар уақыт жетті: қазір қазақ поэзиясының жасыл орманында Фариза ақынның жырлары құлпырып тұр.

Поэзия ақын сыры, ақын сыйы. Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді, - деп Қадырдың ақын айтқандай, поэзия алқабында ақын мен оқушысының жүрегі әлі талай табысып, әлі талай сыр шертісері хақ.



Келесі кездескенше күн нұрлы болсын арда қазақтың игі жақсылары!
















































Орал гуманитарлық-техникалық колледжі







Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



ЕЛІНІҢ ЕҢЛІК ГҮЛІ

(Ф. Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кештің сценарийі)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу, поэзиясына құрмет көрсету мақсатында өтетін «Елінің еңлік гүлі» атты әдеби-танымдық поэзия кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Орал гуманитарлық-техникалық

колледжінің директордың

тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары М.С. Нұрмұқашева

Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу, поэзиясына құрмет көрсету мақсатында өтетін «Елінің еңлік гүлі» атты әдеби-танымдық поэзия кешінің сценариі

(Май шаммен бір топ студент шығып, өлең оқиды)

Жүргізуші: Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын – алланың айрықша мейір-шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаңына жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қылып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі – жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарынөз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген, оқырманына ғұмырлық мұра сыйлаған Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет громаталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық ақыны Фариза Оңғарсынова. Поэзия әлемінде түлеп ұшып қанаттанған, сан оқырман кітабын құштарлана парақтаған, сағынышқа толы өлеңі ән ақтарған ақын апамыз о дүниелік болды. Ақын апамызға арналған видеороликке көз жүгіртелік.

(видеоролик жүреді)

Жүргізуші:

Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,

Қайратыңнан қайысып, налып қалма,

Сені іздейтін аға бар тарыққанда,

Інілер бар демберержабыққанға.

Бірақиқат – бәрібіржоғалмайсың,

Жоғалмайтынжоқтаушыхалық барда, – дейді ақын өз жыр жолдарында. Дүниеде теңіз терең емес, адам жанының терең екендігін дәлелдеумен өткен осы бір заңғар алып тұлғаның өзгелерден қашанда оқ бойы озық тұруы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік саңлағына айналуы біздіңше табиғи заңдылық. Уақыт өтіп, замана көші үздіксіз алға жылжығанымен елімізде Фаризаны апамызды еске алып, мәңгілік мұрасын жаңғырту, атағын аспандату мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Солардың бір парасы бүгінгі «» атты әдеби-танымдық еске алу, әрі поэзия кеші болмақ. Олай болса Қазақ жырының Фаризасына, Қазақ поэзиясының падишасына айналған апамызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(Бір минут үнсіздік жарияланады)

Жүргізуші:

Мен даланың қызы едім,

Жазығында жатпайтын көз ілер қара.

Жазира менің жанымның өзі де дара.

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді.Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, – деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь, әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ , ақынның биік арманы анық көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. Ендеше, ақын апамыз жайлы естеліктер айту үшін алғысөзді, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ң оқытушысы, филолог, ф.ғ.кандидаты Серікқалиев Ғабдешұлына сөз кезегін береміз.

(Ағайға сөз беріледі.)



Жүргізуші:О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен, – немесе: "Сені қалай сүю керектігін мен ешқандай кітаптан оқымадым", – деп, туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін жырғып шынайы суреттейді. Ақын поэзиясының тақырыбы әр алуан. Адам жанының айнасы, жан жанашыры. Ақын шығармашылығынан мәнерлеп оқуға сөз берсек.

(Бір топ көркемсөз оқушыларды ортаға шақырамыз. Фон қосылады)

Оқылатын өлеңдер:

«О, туған жер» - Қайырғалиева Айбота

«Мұқтаждық немесе жетімнің монологі» - Хабиева Гүлфара

«Бақыттының монологі немесе ақымақтарға айтылған ақыл» - Досқалиева Шынар

«Оюлар» - Бисекешева Зулфаиида

«Өмір» - Әміров Ислам

«Өлең көп деп біреулер жазғырар ма?» - Маренова Айым

Жүргізуші: Жұлдызы жанып, бақыты ашылса, ажарлы ән сөз асылын тудырады; ал жарқыраған жақұт жыр тамылжыған әсем ән дүниеге алып келеді. Фариза Оңғарсынованың ән текстісіне айналған өлең-жырларының қай-қайсысы да серпінді, серіппелі, адам жанын бірден үйіріп әкететін иірімі мол...

Ақын жырына жазылған әуен-әндер де аз емес екен: сүйікті Отан, туған жер, атамекен; көңіл күй, жастық шақ. Бүгінде ақын апамыздың сөзіне жазылған біраз әндер шырқалып жүр. Атап айтсақ: «Өмір сүру шын бақыт», «Бал сезім», «Айша Бибі», «Махаббат сезім», «Достар», «Анама», «Қыз махаббаты» т.б. Осынау сыршыл әндерінен сыр шерту үшін, ортаға «Мен саған ғашық емес ем» әнімен Дүйсенбаев Рафхатты шақырамыз.

(«Мен саған ғашық емес ем» әні орындалады)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2015 3027
    • DOCX 27.9 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таскалиева Гулсезим Нурбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51354
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

72/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 314 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка и культуры речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе