Инфоурок Биология Рабочие программыҚазақ тілі. Тақырыбы "Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем" 9-cынып.

Қазақ тілі. Тақырыбы "Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем" 9-cынып.

Скачать материал

                                           

Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер.

                                      Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. 9-cынып.

 

Сабақтың мақсаты: «Шешендік өнер» модулі бойынша алған білімдерін нәтижелеу, жүйелеу.

 

Сабақтың міндеттері:

 

1.     Білімділік: Шешендік өнер туралы алған білім-дағдыларын бекіту, ойларын ортаға салып қорытындылау.

2.     Дамытушылық: Шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру.

3.     Тәрбиелік: Шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және туған елінің тарихын, әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: қорытынды

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.

 

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, би-шешендердің суреттері, тест, сөзжұмбақ,

слайдтар.

 

Техникалық құралдар:  дербес компьютер,проектор.

 

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

 

Сабақтың барысы:

 

I.                  Ұйымдастыру кезеңі:

1.     Оқушылармен амандасу.

2.     Сабаққа дайындығын тексеру.

3.     Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-         Амансыңдар ма, балалар, отырыңдар. Бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр.

     4. Кезекшімен сөйлесу:

- Бүгін топта кім кезекші?

- Бүгін топта кім жоқ?

- Бүгін ақпанның нешесі?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

 

II.               Негізгі бөлім.

1.     Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі.

-         Балалар, бүгінгі сабағымызда «Шешендік өнер. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем» модулі бойынша алған білімдерімізді тиянақтаймыз, ойларымызды ортаға салып қорытындылаймыз.

-         Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазып қояйық.

2.     Орындалатын тапсырмалар түрлері:

А) Тірек-сызба бойынша әңгімелеу.

 

Шешендік өнер

 

Шешендік                                   Шешендік                              Шешендік

өнердің                                       сөздердің                               сөздер

ерекшеліктері                             түрлері

 

Арнау                                         Толғау                                    Дау

 


Сәлем, сын, әзіл,                         Нақыл, мақал,                        Заттық, рухани,

бата                                             мысал, жұмбақ                       әдет заңы

 

1-оқушы: Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика дейді. Шешендік  өнер – халық  даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірі, арманы мен қиялын көрсетеді. Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Шешендік сөздер 3 түрге бөлінеді. Олар: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Қазақ шешендік өнерінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

 

2-оқушы: Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы -  шешендік сөздер. Шешендік сөздер дауларға байланысты туған. Шешендік сөздерді айтушылар – билер, шешендер. Шешендік сөздер бата-тілек, нақыл сөздер түрінде де айтылған. Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке, татулыққа, сыйластыққа шақырады.

 

3-оқушы: Шешендік сөздер үш түрге бөлінеді. Олар: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.

 

4-оқушы: Қазақтың шешендік өнерінің ерекшеліктері туралы.

 

ә) Әңгімелесу (мұғалім-оқушы).

- Қазақтың қандай би-шешендерін білесіңдер?

- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,Малайсары би,Жиренше шешен, Сырым батыр.

- Төле би қай жүздің биі?

- Төле би қашан және қай жерде дүниеге келген?

- Төле би қандай адам болған?

- Төле бидің қандай шешендік сөздерін білесіңдер?

 

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

                                                    (Төле би)

 

 

 

-         Қазыбек би қай жүздің биі?

-         Қазыбек биге елшілер қайдан келіп қайтқан?

-         Қазыбек бидің қандай шешендік сөздерін білесіңдер?

 

Тату болса – ағайын жақын,

Ақылды болса – апайың жақын.

                                      (Қазыбек би)

 

-         Әйтеке би қай жүздің биі?

-         Ол қай ханның кеңесшісі, көмекшісі болған?

-         Әйтеке би не істеді?

-         Әйтеке бидің қандай шешендік сөздерін білесіңдер?

 

Дұрыс сөзге тоқтай білген,

Басқаны сөзіне тоқтата білген – жігіттің жақсысы.

                                      (Әйтеке би)

б) Оқулықпен жұмыс. 101-бет, 1 тапсырма бойынша сұрақтар құрастыру.

в) « Есіңе сақта » ( аудирование)

Мәтінді тыңдай отырып, «Шешендік өнер» тақырыбына кластер жасаңдар.

 

 

г) Сөзжұмбақты шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш

О

Л

О

Х

О

В

 

 

 

 

 

Ә

У

Е

З

О

В

 

 

 

 

 

 

М

О

М

Ы

Ш

Ұ

Л

Ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Е

Л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

У

Ш

И

Н

С

К

И

Й

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д

А

У

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә

З

І

Л

 

 

 

 

 

Л

А

Р

О

Ш

Ф

У

К

О

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ө

Н

Е

Р

 

 

 

 

 

 

Л

О

М

О

Н

О

С

О

В

 

 

 

 

 

 

 

 

Р

Е

Н

А

Н

 

 

 

 

 

 

 

 

Г

О

Р

Ь

К

И

Й

 

 

 

1.     «... Сөз өнері, сөз жоқ, ардың ісі» - деп айтқан кім? (М.А.Шолохов)

2.     «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» деген кім? (М.О.Әуезов)

3.     «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі...» деген кім? (Б.Момышұлы).

4.     Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса не жетім? (ел)

5.     «Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды» деп кім айтқан? (К.Д.Ушинский)

6.     Шешендік сөздің бір түрі (дау)

7.     «ШУТКА» сөзін аудар (әзіл)

8.     «Не қажет болса, соның бәрін айту, артық сөз айтпау – нағыз шешендік деген сол» деген кім? (Ф.Ларошфуко)

9.     «ИСКУССТВО» сөзін аудар (өнер)

10. Ресейдегі шешендік өнердің негізін салған атақты орыс ғалымы (М.В.Ломоносов)

11. «Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз» (Э.Ренан)

12. «Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, соғұрлым жақсы ұғына аласың» деген кім? (М.Горький)

 

ғ) « Сөз құпиясы»

Сөздікпен жұмыс жасау. Х тарауда өткен кейбір сөздерге жалпы шолу жасау. Тақтада орысша сөздер берілген, оқушылар дәптерлеріне тек қазақшасын жазу керек. Соңында сол сөздер дәптер алмастырылып тексеріледі.

        

         1. СПОР                                          - ОЙ

         2. РАЗМЫШЛЕНИЕ                       - НАҚЫЛ

         3. ПОСВЯЩЕНИЕ                          - ДАУ

         4. ОБЩЕСТВО                               - ТОЛҒАУ

         5. МЫСЛЬ                                       - ТАПҚЫРЛЫҚ

         6. НАХОДЧИВОСТЬ                      - АРНАУ

         7. ИЗРЕЧЕНИЕ, НАЗИДАНИЕ      - ҚОҒАМ

8. КРИТИКА                                    - ҚҰНДЫЛЫҚ

9. ЦЕННОСТЬ                                 - ҚАЙРАТКЕР

10. ДЕЯТЕЛЬ                                   - СЫН

         

          1. СПОР                                           - ДАУ

         2. РАЗМЫШЛЕНИЕ                       - ТОЛҒАУ

         3. ПОСВЯЩЕНИЕ                          - АРНАУ

         4. ОБЩЕСТВО                               - ҚОҒАМ

         5. МЫСЛЬ                                       - ОЙ 

         6. НАХОДЧИВОСТЬ                      - ТАПҚЫРЛЫҚ

         7. ИЗРЕЧЕНИЕ, НАЗИДАНИЕ      - НАҚЫЛ

8. КРИТИКА                                    - СЫН

9. ЦЕННОСТЬ                                 - ҚҰНДЫЛЫҚ

10. ДЕЯТЕЛЬ                                   - ҚАЙРАТКЕР

 

           Бағалау шкаласы:

         «5» - 9-10

         «4» - 6-8

         «3» - 5-3

 

д) Грамматикалық тапсырма.

- Балалар, біз қандай грамматикалық тақырыпты өттік?

         Сабақтас құрмалас сөйлемге жалпы шолу жасалып, ережелері сұралады.

1.     Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?

2.     Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұрады?

3.     Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?

4.     Олар қандай?

 

 

 

                                 Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

                                                                            

шартты            қарсылықты         мезгіл          себеп   қимыл-сын           мақсат

бағыныңқы       бағыныңқы      бағыныңқы  бағыныңқы  бағыныңқы   бағыныңқы

5.     Біз сабақтастың қай түрімен толығырақ таныстық?

6.     Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

 

е) Тақтамен жұмыс.

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасау керек.

Жаңбыр жаумаса,жер жетім.

 

Өз бетінше жұмыс.

Басшысы болмаса,ел жетім.

 

 

III.             Үйге тапсырма: 107-беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру.

 

IV.            Сабақты қорытындылау.

Оқушылар тест сұрақтарын жазбаша шешеді, болған соң  берілген кілт бойынша тексеріп бағалайды.

 

         Тест.

1.     «Краткое руководство к красноречию» еңбегінің авторы кім?

а) М.А.Шолохов               ә) М.В.Ломоносов                 б) М.Горький

2. Шешендік сөздердің түрлерін тап.

а) арнау, толғау, дау

ә) жуан, жіңішке, ашық, қысаң

б) аралас, сабақтас, салалас

3. Риторика дегеніміз не?

а) мақал-мәтелдер             ә) сабақтас           б) шешендік өнер

4. Кіші жүздің биі кім?

а) Әйтеке би                      ә) Қазыбек би               б) Төле би

5. Шешендік арнау дегеніміз не?

а) бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата

ә) заттық мәселелерді реттейтін әдет заңы

б) шешендік мақал, нақыл, мысал, жұмбақ

6. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі жұрнақтар.

а) –у, үшін, -мақ

ә) –ып, -іп, -п, -а, -е, -й

б) –са, -се

7. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деген не?

а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі.

ә) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтастың түрі.

б) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіреді.

8. Шешендік толғау –

а) шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап

ә) сәлем, сын, әзіл, бата

б) заттық,рухани мәселелерді реттеу

9. «Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды» -

а) М.Әуезов             ә) К.Д.Ушинский          б) М.А.Шолохов

10. Мына ұлағатты сөзді аяқтаңдар: «Жақсы сөйлеу - ...»

а) ардың ісі              ә) жақсы ойлау деген сөз    б) ұлт қасиетінің негізгі белгісі

     ТЕСТ КІЛТІ:

1.Ә                  3. Б             5.А             7.Ә             9.Ә

2.А                  4.А             6.Б              8.А             10.Ә

 

«5» - 1

«4» - 2- 3

«3» - 4- 5

«2» - 6

 

V.               Бағалау.

а) Оқушылардың берген жауаптарына қарай, сабақта белсенділік танытқанына қарай бағалау.

       ә) Тест бойынша

 

VI.            Рефлексия.

- Нені білемін?

- Нені білгім келеді?

 

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар, балалар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі. Тақырыбы "Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем" 9-cынып."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: «Шешендік өнер» модулі бойынша алған білімдерін нәтижелеу, жүйелеу.

 Сабақтың міндеттері:

 1.     Білімділік: Шешендік өнер туралы алған білім-дағдыларын бекіту, ойларын ортаға салып қорытындылау.

2.     Дамытушылық: Шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру.

3.     Тәрбиелік: Шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және туған елінің тарихын, әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: қорытынды

 Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.

 Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, би-шешендердің суреттері, тест, сөзжұмбақ,

слайдтар.

 Техникалық құралдар:  дербес компьютер,проектор.

 Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2015 2948
    • DOCX 76 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
    МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15791
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 41 региона

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 35 регионов

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 12 регионов